Әлеуметтану ғылым ретінде

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Әлеуметтанудың  құрылымы мен білім деңгейлері

Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың  арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.

Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен  «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.

Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және  әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді  жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының  айырмашылығы  олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі  арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану  барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың  ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік  зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс  пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.   

Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылыққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.

Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы  әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі  теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

Бұрынғы КСРО-да әлеумет тануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм - бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстратылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада:  жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т.б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.

Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

1. Қоғам  біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.

2. Қоғамның  жеке салаларының дамуын, атқаратын  қызметі туралы түсініктердің  байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның  әлеуметтік құрылымы немесе жалпы  әлеуметтік құрылым туралы білімді  қалыптастыру үшін әлеуметтік  топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесіндк  алатын орны мен байланысы  туралы білімдер болуы керек.  Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.

4. Саяси  әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі  алатын орны;

ә) қоғам  субъектілерінің әлеуметтік – саяси  құқық және бостандықты, тәуелсіздікті  алудың жолдары мен тәсілдері  туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі  және функциясы туралы;

5. Әлеуметтік  институттардың (мемлекет, құқық, ғылым,  мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қортындылар;

6. Қоғамның  жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді терең талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар:

              а) жалпы әлеуметтану теориясы;

              ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;

              б) орта деңгей теориялар.

Осыларға  сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық  және эмпирикалық зерттеулер деп екіге бөледі.

Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері 

          Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

 Жалпы,  О.Конттың тұжырымдамасы бойынша,  әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы  идея басқарады деген идеалистік  ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін  философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы  мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

О.Конттың  пікірінше, ғылым позитивтік сипатта  болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.

 Ғылымдардың  дамуы, бір кезеңнен екінші  кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ,  ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

Әлеуметтанудың  шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.

О.Конттың  әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген  бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика  қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О.Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды.

  Әлеуметтік  фактыларды ғылыми бақылау мен  топтастырып жіктеудің алғашқы  әрекетгері біз үшін Платонның  "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың  бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

         "Әлеуметтану"  сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Пла­тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

            Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы­лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.

            Конттан кейін әлеуметтану негізіен  ғылыми ой барысын күрт өзгерткен  ілімнің бүкіл қуатын әбден  сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеу-меттік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндәк, өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру болып табылады.

Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану, биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.

Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің "Саясатынан" бастап Боден, Монтескье және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың, этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған емес. Борк өзінің саяси шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады.

Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік

Егес әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет  А. Смиттің «Табиғат туралы және халықтардың  байюы себептері» еңбегінде қарастырылған  болатын. Саяси экономика классигі пікірінше, егес негізін қоғамды таптарға бөлу (капиталистер, жер иеленушілері және жалдамалы жұмысшылар) және олардың арасындағы экономикалық бәсекелестік құрайды дейді.

 Ал әлеуметтік теорияда егес негізін түсінуге арналған екі негізгі бағыт ажыратылады: функционалызм және конфликтология.

Функционализмнің  негізін салған Г. Спенсер еді. Оның идеялары органистикалық мектептің  қуатты стимулы болды. Органицизмде әлеуметтік жүйенің функционалды бірлігі мен оның құрылымды бөліктерінің бүтінге тәуелділігі туралы идеяларымен қатар, егес теориясы да кең етек жаяды. Бұл бағыттың өкілдері ең алдымен қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарына, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің қиылысуына және күресіне назар аударады.

Э. Дюркгейм, әлеуметтану ғылымына биоорганикалық бағыттың тұрақты әсеріне қарамастан, «ұжымдылық» идеясын насихаттады: «Жеке егестер қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы қалай тежелсе, нитерәлеуметтік егестер де бір ғана қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы тежеледі» Жеке эгоизмді шекті қалпында ұстап тұра алатын жалғыз күш – бұл топ күші; ал топтың эгоизмін бір қалыпта ұстап тұратын жалғыз күш – бұл оларды өзінің құрамына кіргізетін басқа бір топ күші болып табылады.

 Қазіргі  замандағы функционалитер - Т. Парсон, Р. Мертон және т.б. Спенсер  мен Дюркгейм ойын жалғастырушылар  ретінде көрінеді. Парсон «Әлеуметтік тәртіпті қалай орнатуға болады?» деген сұраққа жауап беруге тырысады. Оның концепциясының негізін жүйенің тепе-теңдікті сақтауға тырысуы құрайды. Парсонс үшін егес құрылымсыз, функционалсыз және жоюшы болып көрінеді. Ол егесті әлеуметтік ағзаның ауруының «эндемикалық» формасы деп қарастырады.

Осы бағыттағы  социологтар тәртіпті, «тепе-теңдікті», «ынтымақтастықты» қалыптастыру,ға ниеттенген болатын. Егесті анализдеу кейіннен психикалық бейімсізділікпен тиімсіз іс -әрекетті зерттеумен алмаса бастайды. 

 Әлеуметтану ғылымында егес моделін жан-жақты суреттеген К. Маркс еді.

 К. Маркс әлеуметтік егестердің негізгі себептерін қоғамның антагоникалық таптарға бөлінуінде көреді. Егесті маркстік анализдеу түбегейлі қарама-қайшылықтармен байланысты макроәлеуметтік деңгейде жүргізіледі. Бұл концепция шеңберінде егесті шешу – қарама-қайшы жақтардың біреуін жоққа шығару, сол жүйені өзгертуге тырысу. К. Маркс саяси үрдістің негізі ретінде егестің рөлін арттыра отырып, егес пен консенсусті бір-біріне балама деп есептейді. Ол әлеуметтік революцияны коммунизм құрылымының пайда болуының аса қажетті шарты деп қарастырылды. Ол таптар және таптық айырмашылықтардың жоқтығымен ерекшеленеді. К. Маркс ешқашан «таптық күрестің» алғашқы өкілі рөліне тырыспаса да, оның зерттеулерінің толықтығы мен тереңдігі оны осы мәселе бойынша әлемдік беделді тұлға қатарына қосқан екен. Н. Смелзер айтқандай, егес теориясы Карл Маркс еңбектері негізінде қалыптасқан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар:

  1. Әлеуметтану ғылым  ретінде
  2. XIX ғасырдағы әлеуметтану
    • Огюст Конт
    • А.Смит
    • Г.Спенсер
    • Э.Дюркгейм
    • Карл Маркс
Әлеуметтану ғылым ретінде