Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
Жоспар
Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
1. «Қоғам» туралы түсінік.
2. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
3. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
4. Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі.
5. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
Әлемдік әлеуметтанулық ойлардың даму тарихынан
1. Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
2. Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
3. Әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық кезең.
а). Огюст Конт – әлеуметтану ғылымының негізін салушы.
ә). Герберт Спенсердің әлеуметтану ғылымына қосқан үлесі.
б). К.Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімдері.
в). Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтанулық тұжырымдары.
«Қоғам» туралы түсінік.
1.
Әлеуметтік өзара
Қоғам – адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен, өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамада бірнеше принципті мәселелер бар. Олар - қоғамның тарихи құбылыс екендігі, адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын қауымдастығы, белгілі әлеуметтік нормалар мен ережелер негізінде өзара байланыс, қарым-қатынасқа түсетіндігі, қоғамның өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратындығы және бұл адамдардың ынтымақты, еркін бірлестігі екендігі. Бұл қоғам туралы түсінікті баянды ете түседі.
Қоғам әлеуметтік философия, тарих, антропология, этнография, әлеуметтану, саясаттану, дінтану, демография және т.б. қоғамдық ғылымдардың барлығының зерттеу объектісі болып табылады. Ал қоғамдық ғылымдардың зерттелетін объектісінің объективті ерекшеліктері, белгілері мен үдерістері және солардың кешенді ойластырылуының диалектикалық бірлігі оның пәнін айқындайды. Мысалы, әлеуметтік философия әлеуметтік құрылым мен дамудың жалпы теориясын зерттейтін болса, әлеуметтану осы дамудың нақты көріністерін зерттейді. Саяси экономика қоғамның бір саласын – экономикалық қатынастарының жүйесін, психология – психологиялық құбылыстарды, құқықтану - заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның бір ерекше қасиетін - әлеуметтілігін зерттейді. Тарих адамзат қоғамының өткен оқиғаларын зерттесе, саясаттану саяси үдерістер мен құбылыстарды, демография – халық санағының негізгі тенденцияларын, яғни туылым мен өлім-жітімнің сандық көрсеткіштерін зерттейді.
Күнделікті өмірде «қоғамдық» және «әлеуметтік» ұғымдарды қатар немесе бірінің орнына бірін пайдалану бар. Ғылыми тұрғыда бұлай ету дұрыс болмайды, өйткені бұл екі ұғым бірдей емес, өзіндік ерекшеліктері бар. Әлеуметтік - бұл жеке адамдар немесе әлеуметтік топтар арасындағы өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен үдерістер. Ал «қоғамдық» кеңірек ұғым, бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, мәдени, идеологиялық және т.б. салаларындағы қатынастарды қамтиды.
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2. Әлеуметтану ғылымының зерттейтін объектісі мен пәнін айқындамай, оны толық танып, білу мүмкін емес. Бұл екі ұғым бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі жоқ, дегенмен олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындай отырып қана оларды бірін бірінен ажыратуға болады. Әлеуметтанудың обьектісі дегеніміз - бізді қоршаған объективті нақты өмір, ол адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар, т.б.) мен барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінез-құлқы т.б.
Жалпы ғылымның пәні не
Әлеуметтанудың пәні туралы
Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
3. Енді "Әлеуметтану" ұғымының шығу төркініне зер салайық. Ол латын тілінің "Soсіеtаs" қоғам және гректің 1оgоs — ілім, ұғым деген сөздерінің қосындысы «Социологиядан» шыққан. Бұл ұғымды XIX гасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Осы жерде «Социология» сөзіне қарағанда «Әлеуметтану» ұғымының өз пәніне әлде қайда жақын екенін, қазақтың «әлеумет» деген сөзі қашаннан ел, жұрт, халық деген мағыналарды білдіретінін ескерте кеткен артық болмас. Бұлай деуіміздің себебі осы кезге дейін қазақша қолданыста «Социология» дегеннен арыла алмай келеміз.
Әлеуметтану ғылымында "
Сонымен әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс-әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т. с. с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әртүрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, ол қазақ, ол астана тұрғыны т. б.
Әлеуметтану ғылымының негізін салушы Огюст Конт тұңғыш рет қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара тәуелділігін атап көрсете отырып, әлеуметтік жүйенің кез келген сан алуан бөліктерінің бір-біріне үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.
Енді қоғамның әлеуметтік жүйесінің элеметтеріне арнайы көңіл бөле кетелік. Мұны білу - маңызды мәселе. Әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер, әлеуметтік нормалар мен ережелер, оларға негізделген өзара байланыстар мен қарым-қатынастар, өзара ықпалдасу. Бұларды жете ұғынбай, жалпы әлеуметтану ғылымын терең түсінуге болмайды.
Әлеуметтанушылардың әлеуметтік жүйе адамдардан тұрмайды, олардың қарым-қатынастарынан тұрады дегенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік жүйенің маңызды деген жеке компонеттеріне арнайы тоқтай кеткен жөн.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта пен кеңістікте бірлесе қызмет етуді білдірсе, әлеуметтік қарым-қатынастар деп адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстарды айтамыз. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы байланыс, қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбыларымен - достық, жолдастық, өндірісте — еңбек; билік орындарымен - саяси қарым-қатынас болады. Ал әлеуметтік өзара ықпалдасу жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал ету болып табылады. Саналы адам бір-бірімен байланыс, қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта әлеуметтік жүйенің аса маңызды компоненттері – әлеуметтік нормалар мен ережелер, яғни конституцияға, заңдарға, қаулы-қарарларға, әдет-ғұрыптарға т.б. сүйенбей отыра алмайды.
Әлеуметтік жүйенің маңызды компоненттерін, әсіресе практикалық сабақтарда нақты мысалдар келтіре отырып, жан-жақты түсіндірген орынды.
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі.
4.Әлеуметтанудың ғылыми пән ретіндегі қалыптасуында оның категориялары шешуші рөл атқарады. Категориялар, яғни, жалпы ұғымдар әлеуметтік өмірдің нақты шыңдығын, әлеуметтік құрылымдардың дамуындағы қатынастарды, байланыстарды және өзара ықпалдастықты бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің өзара іс-қимылын, әрекетін көрсетеді.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста болады. Олар әлеуметтік әрекеттің, яғни объектінің мәнді жақтарын, өзіндік белгілері мен қасиеттерінің бәрін қамтиды: "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік байланыс", "әлеуметтік қатынас", "әлеуметтік үдеріс", "әлеуметтік тұлға", "әлеуметтік бірлік", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік ұйым", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік бақылау", "әлеуметтік басқару"; "әлеуметтік ережелер" (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); "әлеуметтік стратификация", "әлеуметтік рөл", "әлеуметтік мәртебе", "әлеуметтік тәртіп", "әлеуметтік сана", "әлеуметтік талап-тілек", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік", т.б. Осылардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні айқындалады.
Әлеуметтану
басқа қоғамдық ғылымдардың
Категориялар әлеуметтанудың заңдарына қызмет етеді де, соларды қалыптастырады. Әлеуметтануда әлеуметтік жүйенің іс-әрекетінің, қарым-қатынастарының мән-мағынасын, белгілі бағыт-бағдарын көрсететін бес негізгі заңы тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың
2. Әлеуметтік құбылыстардың
3. Әлеуметтік құбылыстардың даму
тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын
заң. Мысалы, өндіргіш күштердің
өзгеруі өндірістік
4. Әлеуметтік құбылыстардың
5. Әлеуметтік құбылыстардың арасында болуы мүмкін ықтимал байланыстар мен қатынастарды анықтайтын заңдар. Мысалы, атомның бөлшектелуі туралы заңның адамзат баласына келтірер пайдасы мен зияны туралы пікірлер.
. Қазіргі әлеуметтану әлеуметтік құрылымның әртүрлі фрагменттерінің (тұтас қоғамнан бастап топтар мен ұйымдарға дейін) қарым-қатынастарын зерттеу үшін танымның толып жатқан әдіс-тәсілдерін пайдаланатын теориялық және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Теориялық әлеуметтану
Теориялық әлеуметтанудың зерттелетін объектінің көлеміне қарай үш деңгейі бар:
- іргелі, жалпы әлеуметтанулық теория болмаса макроәлеуметтану;
- орта деңгейдегі теория, яғни әлеуметтанудың салалары (отбасы, білім, дін, мәдениет т.б, әлеуметтануы);
- микродеңгейдегі әлеуметтану болмаса микроәлеуметтану (кіші топтардың, топтық қатынастардың, жеке тұлғалардың әлеуметтанулық теориясы).
Қолданбалы, яғни эмперикалық әлеуметтану
тікелей нақты әлеуметтік
Әлеуметтану ғылымының маңызы оның функцияларымен айқындалады. Басқа ғылымдар сияқты, ол да ең алдымен танымдық қызмет атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта әлеуметтік шындық туралы жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, қоғамның, оның құрылымының фактылары мен дамуының, қызметі мен өзгерістерінің заңдылықтарын танытады.
Әлеуметтану
әлеуметтік құбылыстар мен
Әлеуметтану әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен құбылыстардың даму болашағын, бағытын анықтайды, яғни ғылымға негізделген болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін оң және кері құбылыстарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор. Мысалы, нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігінің ауқымы, әлеуметтік құбылыс пен үдерістердің дамуындағы баламалы түрлер, оң және теріс жақтарының арасалмағы мен арақатынастары және т.б.
Әлеуметтану қоғамның
Әлеуметтану әрбір әлеуметтік
объектілерді басқару
Әлеуметтану қоғамда тәрбиелік - идеологиялық функция да атқарады. Ол адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында әлеуметтік-саяси, адамгершілік, діни сипаттағы әртүрлі идеяларды насихаттайды, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.
Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
5. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда, олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын – экономикалық жүйесін, саясаттану - қоғамның саяси қатынастарын, психология – психологиялық құбылыстарды, құқықтану - заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану – қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.
Қоғамды
бір тұтас жүйе ретінде алып
қарайтын ғылымдар жалпы
Әлемдік әлеуметтанулық ойлардың даму тарихынан
Антикалық
және Ортағасыр дәуіріндегі
1. Қандай ғылым болса да қоғамдық қажеттіліктен туатыны белгілі. Әлеуметтанудың да пайда болуының, дамуының, қалыптасуының өзіндік алғышарттары тікелей қоғам туралы ой-тұжырымдармен байланысты болды.
Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру көбіне мифтік сипатта болды да, әлеуметтік қатынастарды философиялық тәсілдермен талдаудың алғашқы элементтері Ежелгі Египетте, Қытайда, Индияда, антикалық Грекияда және т.б. ертедегі мемлекеттерде басталды.
Ғылымдар атасы философия тарихында әлеуметтанудың бастауын танытатын толып жатқан әлеуметтанулық ойлар дүниеге келді. Оларды дамытуға елеулі үлес қосқан сол кездің Конфуций, Сократ, Платон, Аристотель сияқты ғалымдардың әлеуметтік философиясы туралы ойлары теориялық әлеуметтанудың тууына алғышарт дайындады.
Қытайдың ұлы фиолсофы және алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуцийше (б.з.б.552 – 479 ж.), мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның «Мемлекет» және Аристотельдің «Саясат», кейін Гоббстің «Левиафан», Монтескьенің «Заңдар рухы» және Гегельдің «Құқық фиолософия» сияқты еңбектерінде әлеуметтік құрылым, азаматтық қоғам, мемлекет пен құқық, басқару формалары, жеке меншік, өндіріс пен сауда, құқық пен тұлғалардың типтері туралы мәселелер және т.б. күн тәртібіне қойылып, белгілі шешімдерін тауып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, адамдардың өзара карым-қатынастары зерттеліп, олар қорытылып, қоғамды (мемлекет ретінде түсінді), оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасалды. Шындығына келгенде осылар кейін теориялық әлеуметтанудың негізгі мәселелері болды.
Платонның «Мемлекет туралы» еңбегінде «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етті. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел» деді. Оның ойынша, адамдар бірігіп қана өз қажеттіліктерін өтей алады. Бұл үшін олардың біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Платон мемлекет адамдардың бәріне әділ болуы керек деп көрсетті.
Ал Аристотель
мемлекетті - қауымның дамыған түрі,
ал кауымды — отбасының
Орта ғасырда әлеуметтанулық
ойлар дінмен тығыз байланыста,
өзара әрекеттістікте дамыды. Сондықтан
әлеуметтік өмір діни
Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
2. Әлеуметтану ғылымының алғышарттары ретінде адамзат өркениеті дамуының бет бұрыс кезеңі феодализмнің ыдырауы және жаңа буржуазиялық қарым-қатынастың дамуы болды. Бұл кезең әлеуметтік тұжырымдардың жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. 1651 жылы жарық көрген өзінің «Левиафан...» атты кітабында белгілі ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) «қоғамдық келісім» тұжырымдамасын баяндайды. Бұған байланысты мемлекет құдайдың құдіреті емес, адамдардың (қоғамның) туындысы. Қоғам бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы адамдардың өзара келісімінің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қоғам мен мемлекет ұғымдарының ара жігін ашуға алғашқы қадам жасалды.
Әлеуметтанулық ойлардың дами
түсуінде Ағартушылар заманы
мен Ұлы француз
Француздың атақты ғалымы Шарль
Луи Монтескьенің де қоғам
туралы ойларының жаңа
Әлеуметтанулық ой-пікір ары қарай Ф.Бэкон,Ж.-Ж. Руссо, А.Гельвеций, Э. Кант, Сен-Симон және т.б. еңбектерінде дами түсті. Мысалы, Сен-Симон (1760-1825) өзінің ғылыми еңбектерінде өнеркәсіп өндірісі мен қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Ол саясат – физика сияқты позитивті ғылым, сондықтан оны табиғи және ғылыми әдістермен зерттеуге болады. Сен-Симон пікірінше, халықтың ахуалы саяси тәртіппен қатар меншіктің нысанына, өндіріс тәсілі мен қоғамның (таптық құрлымына) жағдайына қатысты.
Әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық кезең.
3. Әлеуметтану әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 30-40-жылдары бөлініп шықты. Ол теориялық жағынан толысып, тәжірибелік жағынан ілгері дамыды. Сөйтіп әлеуметтану ғылымының дамуында клссикалық кезең басталды.
Бұл кезеңнің ірі өкілі, әлеуметтану ғылымының негізін салған атақты француз философы Огюст Конт болды. Ол өзінің ұстазы Сен-Симонмен бірге «Қоғамды қайта құру үшін қажетті ғылыми жұмыстар жоспарын» жасай отырып, объективті бақылаулар мен жаратылыстану ғылымының, оның ішінде физиканың әдістеріне негізделген қоғам туралы жаңа ғылым жасауды мақсат етті. Конт қоғам туралы ғылым жаратылыс ғылымдары сияқты позитивті фактыларға негізделуі керек, ал механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеді. Ол жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты еңбектің ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел ететінін туралы жазды. Ол термин «Социология» (Әлеуметтану) деген атқа ие болады.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.
О. Конт пікірінше, жалпы адамзат танымы өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді. Мұны ол адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының дамуының теологиялық, метафизикалық (ойлау әдісі, құбылыстарды өзгермейді, бірі-бірімен байланысы жоқ деп есептейді) және позитивистік (оң, жағымды) кезеңдерін тұжырымдаумен түсіндіреді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол "абсолюттік білімге ұмтылады".
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын, қалыптасуының басты амалдарын абстракциялар жолымен түсіндіруге тырысты. Сөйтіп бұл үшінші кезеңді (1800 жылдан бастап), адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивистік кезеңді дайындады. Ал үшінші кезеңнің негізгі белгісі - мұнда ақыл-ой заңдарды қарапайым зерттеуге жүгінеді.
О.Конт қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр деп санады. Сондай-ақ ол ақыл-ойдың дамуы – адамзаттың дамуының басты принципі деп есептеді.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілік сипат береді. Оның еңбектерінде "бақылау" сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада ("жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау, тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып есептеледі.
Конттың ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын, «қоғамның түрлі жүйелерінің шынайы сабақтастығын" анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық салыстыру бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғүрлым қарапайым және әмбебап зандарын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Екіншісі - жер шарының әртүрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс қазіргі халықтар арасындағы неғүрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, "адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе-теңдігін" негіздейді. Конт салыстырудың үшінші түрін "адамзаттың әртүрлі жүйелік жай-күйін тарихи салыстыру" немесе "тарихи әдіс" деп атаған. Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әртүрлі жай-күйіне дәйекті баға беруінде жатыр.

- Әлеуметтану ғылымның негізгі тарихи даму кезеңдері
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылым ретінде
- Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
- Әлеуметтану девидианттық әрекеттер
- Әлем экологиялық проблеммалары
- әлеуметік құрылым
- Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде
- әлеуметтану
- Әлеуметтану
- Әлеуметтану
- Әлеуметтану