Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу
Жоспар:
- Әлеуметтік психологияға қысқаша шолу
- Тренинг дегеніміз не?
Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренингтің мақсаты
Тренингтің сипаттамасы
- Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерге қатысуы
Әлеуметтік-психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған
қарым-қатынас формасы ретінде.
Әлеуметтік психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасыны
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
- әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
- тұлға психологиясы;
- ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
- түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Әлеуметтік психология өзге
ғылымдармен — социологиямен, п
Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтікпсихология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.
Әлеуметтік психологияның филос
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік
психология АҚШ, Англия, Германия, Франция
Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.
Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Күннен-күнге қарым қатынас пен өмір, ойын тәрізді қарастырылады. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді басекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау ьолып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған үлгі - өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының барлық білім беру буынында шешімін күткен келелі мәселелер тұр.
Бүгінгі таңда қарым-қатынастың
мазмұнды дамуы әлеуметтік-
Тренинг дегеніміз не?
Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.
Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.
Бүгінде топта әрекет ету
қабілеттілігі қажетті кәсіби және
жеке қасиеттердің бірі болып табылады.
Психологиялық ойындар мен
Жалпы білім беретін мектептер
тәжірибесінде лекция-семинар
Тренинг оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады. Психологиялық тренинг – басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін басқалардың қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін көруге, өзіндік санасын санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Тренинг терминін ғылыми пайдалануды кезінде ГДР-да М.Форверг енгізген. Ол алғаш оқытудың бұл формасын ерлі-зайыптылар арасындағы қарыс-қатынаста, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетуде пайдаланған.
Тренингтік топ жұмысының принциптері
Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескертіп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:
- Өзара әсер диалогизациясы принципі
- Тұрақты кері байланыс принципі
- Өзін-өзі диагностикалау принципі
- Интелектілі және эмоциялы аумақтар үйлесімділігі принципі
- Дамытуды ыңғайландыру принципі
- Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен принципі
- Топтың тұрақты құрамын сақтау принципі
- Ену принципі
- Бөлектену принципі
- Еркін кеңістік принципі
Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласуы мен бір-біріне деген толық сеніміне толық негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да монологқа айналады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді.
Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы ақпаратты барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылыадам келесі қадамдарына түзету (коррекция) жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушыларды басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту нәтижесін береді.
Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі толық ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтық әр мүшесінің белгілі бір шешім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.
Интеллектілі және эмациялы аумақтар үйлесімділігі принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал, екінші жағынан болған жағдайларды талқылау-аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы-барлық тренинг бойы қолданылатын топтық пікірталас (дискуссия).
Дамытуды ыңғайланыру принциті, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің біліктілік тұрғыдан констатациясы, яғни анықтау жұмысы сонымен қатар шарттарды ыңғайлы ету мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатсулардың зіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруіне табиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның жағымды (позитивті) өзгерістері мәжбүр ету арқылы пайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.
Топтың тұрақты құрамына сақтау принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты болып, жаңа адамдар қосылап отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, трнеинг топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептелген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін, жүргізуші тренингтен кейін писихологиялық көмек пен жүріс-тұрысына түзеті жасау, мақсаттарында қатысушылармен байланыс (контакт) жасауға мүмкіндіге болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіндікке ие. Өзіндік тренингпн алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен (10-12 адам) жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақталған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.
Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс барысында айқындалуы керек. Оларды жұргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қортындыға дәйек береді: өте ауқымды эффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына бұл қатысушыларды «елітуге», олардың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты патасына кем дегенде 1 рет өткізген жөн.
Бөлектену принцпі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен болігі осы материалдармен кейінрек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.
Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Трениниг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекеленген түрде сөйлеседі. Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:
Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершігі.
Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.
Топтың тұйықтылығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпайы қажет.
Ашықтық пен адалдық.
«Тоқта» ережесі. Ойынға қатысқысы
немесе қандайда бір жауап бергісі,
шынын айтқысы келмейтін
- Өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін табу;
- Ойлаудың икемділігін, тапқырлығынталап ету, өзгешелігін дамыту;
- Ойлаудың дәлдігі менжаттықтыру
- Қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
- Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі қрметтеу;
- Коммуникативтік, дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс тәсілдертін меңгеру;
- Өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
- Көңіл күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Басқаларды қабылдау, олармен
әртүрлі қатынастар жасау кезінде
адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі
не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз
(антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас
орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік,
ұжымдық, рөлдік қатынастарға өз әсерін
тигізеді. Мұндай жағдайда мәдени аралық
өзара тренинг жаттығу
Тренингтің мақсаты
- Сипаттау. Есім және ән.тренинг мүшелері келесідей тұрғыда өздерін таныстырулары тиіс: әркім өзінің есімі, тегін атайды, содан соң өлең айтады. Ол өлең сол адамның мінезімен көңіл – күйін толығырақ бейнелейтін болуы керек.
- Мақсаты. Тренингтің барлық мүшелері берілген тренингке қатысу мақсатын және одан не күтетінін дауыстап айтады. Тренинг соңында олармен тағы әңгімелесіп, мақсаты мен күтулерін салыстыруды, не нәрсеге қол жеткізгендерін сұрау керек.
- Жұмыс тәртібі. Тренинг мүшелері «ми шабуылы» әдісі көмегімен тренинг барысында топтағы жұмыс тәртібі мен ережелерінің нұсқаларын айтды, оны ватманға жазып отыру керекю Бұл топтағы жұмыс өнімді, жайлы болуы үшін жасалады.
- Энерджайзер. Тренингке қатысушыларды жұмысқа бағыттап ыңғайлау үшін, қозғалыс жаттығулары (разминка) жүргізіледі. Егер де топтағыларбір-бірін жақсы білсе, онда энерджайзер өткізбеседе болады. Немесе «Сыйлық» деген тренинг жүргізсе болады. Яғни, тренингке қатысушылар шеңбер бойына тұрады да, бір-біріне кезекпен кез-келген сыйлық сыйлайды, әрі бұны сөзсіз, вербальды емес түрде, ым-ишарамен білдіреді, бірде-бір сөз айтпайды. Ал сыйлық адам не сыйлық алғанын көрсетуі тиіс. Себебі кейбіреулер қандай сыйлық екенін түсінбей қалуы мүмкін.
- Тренингті талқылау және нәтижелерді қорытындылау. Барлық қатысушылар шеңбер бойына тізіліп өз пікірлерін келесі тұрғыда айтып шығады.
- Жаңа не нәрсені білдіңіз;
- Жаңа материал қаншалықты меңгерілді;
- Қатысушылардың мақсаты мен не күткендігі ақталдыма;
- Тренингтер алған әсері;
- Алған ақпаратты өмірде қолдануға болады ма.
- Тренинг мүшелерінің барлығына тілек және қоштасу. Барлық қатысушылар кезектен бір-біріне бақыт, сәттілік, денсаулық, тілейді, жағымды эжмоциялармен қуаттандырады да, шеңбер бойымен жүреді. Әрбір адамның қасында тоқтап, оның көзіне қарап тұрып, қолынан ұстап, өз тілектерін айтады. Осылайша қоштасса да болады.
- Өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін табу;
- Ойлаудың икемділігін, тапқырлығынталап ету, өзгешелігін дамыту;
- Ойлаудың дәлдігі менжаттықтыру
- Қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
- Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі қрметтеу;
- Коммуникативтік, дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс тәсілдертін меңгеру;
- Өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
- Көңіл күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Басқаларды қабылдау, олармен
әртүрлі қатынастар жасау кезінде
адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі
не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз
(антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас
орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік,
ұжымдық, рөлдік қатынастарға өз әсерін
тигізеді. Мұндай жағдайда мәдени аралық
өзара тренинг жаттығу
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың әлеуметтік-
тренингтерге қатысуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даяр болуы қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-қатынас формасының қалыптасуымен тікелей байланысты. Алайда психолог ғалым Х.Т. Шерьязданова зерттеулері 5-6 жастағы балалардың бірқатарында М.И. Лисина тағайндаған жағдайдан тыс жеке бастық қарым-қатынас формасының кейбір параметрлерінің толық қалыптасып қоймайтындығын көрсетеді. Ол 3-5 жастағы балалардың қарым-қатынас формасында ересектер мен және басқа балалармен өзара әрекеттестік және ақпарат алмасатындығын айтады. Осы арнадағы және өз зерттеу тәжірибемізде баланың жасына лайықты қарым-қатынас формасының қалыптасуына отбасы, балабақша мектеп жасына дейінгі даярлықтың әсер ету мүмкіндігі ерекше болатыны белгілі болды.
Сондықтан 5-6 жастағы балалардың
ересек адаммен, басқа балалармен қарым-қатынас
формасының жасына сәйкес параметрлерінің
қалыптасып, дамуы мақсат-бағдарлы,
жедел ұйымдастырылатын коррекциялық-дамытушы
әдіс-құралдардың жүйесін
Тренингтік сабақтарды ұйымдастырып
өткізудің жалпы шарттарын
Тренинг сабақтардың басты принциптері:
- сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында жүргізілуі тиіс;
- сабақты тиімді өткізу үшін бөлмедегі заттарды ыңғайластыру;
Тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады. Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа «тойынып қалу» феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды. Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді. Ең соңында, балалардың тренинг жүргізушіде бауыр басып қалып, өздерінің бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекетттерінен, педагогтарынан аулақтап кетуден сақтайды.
«Біз де» қазақ балаларының
ежелден ойнайтын ойыны. Балалардың
ақыл ой лабильдігін, яғни үйренуге дағдылануға
қабілетін зерттеудегі
Зерттеу балалар тобымен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші балаларға қарсы қарап отырып бір әңгіме бастайды. Әңгіме желісі бойынша балалар қосылатын кез болса, олар «біз де» деп қол көтереді.
Балалардың қосылуы ыңғайсыз сәтке дәл келіп қалса, олардың «біз де» деп қалуы қате болып саналады. Бұл ойыннан үзінді. Ойынға 30 минут бөлінеді. Сол аралықта үзінді әрбір баланың жіберілген қате жауаптары ескеріліп, жағары лабильділік үйренуге, дағдылануға өте қабілеттілік, орта лабильділік, төменгі лабильділік үйренуге , дағдылануға ниет қоймаушылық, қандай іс-әрекетте де болымсыз ғана жетістікке ие болу деңгейлері тағайындалады.
Тренинг сабақтарды жалпы топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін және олардың арасындағы жиі кездесетін қақтығысуларды зерттеп болғаннан кейін жалпы жұмыс жоспарын құруға болады. Жұмыс жоспарын кезеңдерге бөліп қарастырған ыңғайлы.
1. Диагностикалық – түзету кезеңі.
2. Диагностикалық-аналитикалық кезеңі.
Бұл әдістеменің негізінде
тренингтік сабақтарды өткізу
жолдары мен мазмұнына даралау,
Тренингтік сабақтардың
мазмұндық аспектісін
1. Блок. Балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға,өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін қателіктерді талдауға негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылады.Ойындар вербалды және вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.
Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бұл ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын мақсатқа бағытталды.Сергіту ойындары әр сабақтың алдында және соңында 13-15 минуттан өткізіледі.балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері- жаңылтпаштар. Сонымен қатар, сергіту эффектісі үшін қазақтыың ұлттық ойындары: «Тауқырайдан», «Бұғнай», «сыйқырлы таяқ», «Жаңылма», «Тақыл-тұқыл», «Мысық пен тышқан », «Қас-қағым», «Сұрақ- жауаптар», «Қостаймын, қарсымын, толықтырамын» қолданылады.
Ойындардың өту барысы: «Тауқырайдан» - балалар бірінің қолы, бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Тренинг жүргізушіден басқасы жалаң бас болуы керек.Тренинг ждүргізуші:
«Тауқырайдан, тауқырайдан»- деп , айта түседі де өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінң басына кигізе қояды. Көрші де сол сөзді қайталап оң жағындағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мезетте тренинг жүргізуші көзін жұмып отырады да : «Тау-тау»-деп басын өз қолымен баса қояды. Әркім тақияны өз басында қалдырмауға тырысуы керек.Ойын барлық бала басына тақия киіліп өткенінше жалғасады. Ойын аяқталған соң, балалардықң талқылауы үшін мына сұрақтар беріледі:
-тақия басыңа киілгенде не ойлай қалдың?
- тақияны басқаның басына кигізген соң өзің не ойладың?
«Бұғнай»- тренинг жүргізуші ер балаларды малдасын құрғысып , қыздарды бір тізерлеп отырғызады да, өзі барлық балалардан 1-ші бұғнай, 2-ші бұғнай, 3-ші бұғнай т.с.с. санап шығады да , кенеттен «пәленше бұғнай» деп шақыра қалады.Аты аталған «бұғнай» орныныан атып тұрады да бірден келесі біреуін шақырады.Әдетте кейбір балалар тұра алмай, ал сақ отырған балалар аты аталмай тұрып кететін жағдайлар болады. Ойын әрбір «бұғнай» шақырылғанша ойналады. Бұл ойынның қыздыру эффектісімен қоса диагностикалық, социометриялық мәні бар. Тренинг жүргізуші, біздің жұмыста ассистент рөліндегі студент, аты аталынған, аталынбай қалған , бірнеше рет аталған балаларды тіркеп отырады. Содан кейін балалар өздері де ойын барысында қандай ой, сезім болғанын ортаға салып талдайды.
«Сыйқырлы таяқ»-балалар қол ұстасып, дөңгелене тұрады.Тренинг жүргізуші қолына таяқ ұстап шеңбердің ортасына шығады да, ойынның тәртібін түсіндіреді. Балалар бір балаладан бастап тізбектеле қатардағы санын айтады. Тренинг жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап ұстап, кез келген қатардағы санды айтады да таяқты қоя біледі. Аты аталған қатардағы бала өз санын ести сала жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстап үлгеруі керек. Таяқты құлатпай ұстаған бала ойынды жүргізіп, жалғастыра береді. Алдыңғы ойын сияқты мұның да социометриялық мәні бар. Хаттамаға ойын жағдайы тіркеліп отырады. Ойын аяқталғаннан кейін балалар ойын барысындағы өздерінің ой-сезімдерімен бөліседі.
Рөлдік- сюжеттік ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті.Мұндай ойындар біздің зерттеуде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді.біз гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттік.
Рөлдік-сюжеттік ойындардың психологиялық әсері мен балада:
- өз-өзіне деген сенімінің бекуі;
- этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
- қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.
Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау екі бағытта жүргізіледі:
1) Қарым-қатынас жағыдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінуін қамтамасыз ету;
2) Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.
Біз рөлдік ойындардың екі түрін – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдандық.Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынды. Ал басты назар әрбәр баланың импровизациялауға қабілетін яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылды. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталынуы. Алдыңғы диагностикалық ойындар нәтижесінде импровизациялық ойын мазмұны құрастырылады. Біз «Айжан бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келеген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Гүлнәр мен Эльвира ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с. балалардың жас ерекшеліктеріне қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды.

- Әлеуметтік психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- Әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салық
- Әлеуметтік салық және оның төлеу мерзімі
- Әлеуметтік салық және оның төлеу мерзімі
- Әлеуметтік салықты төлеушілер
- Әлеуметтік саясат
- Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- Әлеуметтік өзгерістер
- Әлеуметтік өндірістің дамуының болжамы
- Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу
- Әлеуметтік педагогика методологиясы
- Әлеуметтік проблемалар