Логикалык ойлау

Логикалык ойлау.

Когнитивтік психологияның  көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено  университетінің профессоры, осы  саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект  жайлы ғылыми теориялық талдауларын  бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді. 
Ойлау процесі шығармашылық пен интеллектінің міндетті шешуімен байланысты зерттеліп, шығармашылық процеске және жасанды интеллектіге талдау жасалынады. 
Өткен ғасырдың елуінші жылдары негізгі мәні бихевиоризмді информациялық бағыттың құлауы болып табылатын революция жасалды. Алайда бұл революцияның ойлауды зерттеу меселелерінде осыншалық к ешіккені таңғаларлық. Дегенмен де ойлау психологиясын түсінуде айтарлықтай өсу жүзеге асырылды… және болашақтағы көрнекі жетістіктердің айқын алғышарттары байқалды.

Джонсон–Лэард және Возон (1977).

“Адамдар – нағыз  логикаға ие емес тірі жандар” 
Спок.

Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі  ойлауды талдаудың қажеттілігін, соның ішінде “іс-әрекет”, “психикалық бейне”, (ұғынылған, ұғынылмаған) “тұлға”, “қарым–қатынас” категорияларын анықтайды. Ойлау кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия, формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары зерттейді. 
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының бара–барлығын зерттейді. 
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған “Әлем бейнесінің” интегралды құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты, жеке түрде шартталады. 
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының (дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді. 
Берілген жинақта XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағы және шетел психологтарының ойлау психологиясындағы классикалық еңбектерінен үзінділер ұсынамыз. 
Ойлауды шынайы психологиялық зерттеу тек қана оның басқа танымдық процестер мен субъектінің қажеттілік–мотивациялық саласының өзара байланыстылығы мүмкін және “интуиция”, “шығармашылық”, “өнімді ойлау” терминдерінің жалпылауынан тұратын шынайылықты ашып көрсетуге бағытталуы тиіс. 
Ойлау психологиясы–психологияның қызықты, сонымен қатар күрделі салаларының бірі. Бұл пәннің күрделілігімен және оның теориялық және практикалық аспектілерін зерттеудің көпқырлылығымен байланысты. 
Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана)  табиғаты оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі болып табылады. 
Ойлауде зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Мұнда кез келген ой процестерін бөлінген формада сипаттауға мүмкіндік беретін формалды логиканың негізгі түсініктері туралы айтылады. 
Логикалық ғылымның дамуындағы сәттіліктерге байланыссыз ойлауға деген логистикалық ықпал, әсіресе ойлаудың өзіне тән ережелерін түсіндірудің ерекшеліктері психология үшін жағымсыз мәнде болады. Ойлаудың шынайы процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы зерттелмеді деп те айтуға болады. 
Ең алдымен, Вюрцберг мектебінде жүргізілген эксперименттік зерттеулерді атауға болады. Мұнда зерттеу пәні ретінде ойлаудың тек қана бір түрі–сөздік–логикалық ойлау, ал зерттеу әдісі ретінде тек интроспекция әдісі болғанына қарамастан, Вюрцберг мектебінің өкілдері ойлау процесінің біраз маңызды заңдылықтарын ашты. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б. мәселелер еді. Ойлауды эксперименттік зерттеу гештальт психология мектебінде сәтті жалғастырылды, мұнда творчетсволық ойлау, сонымен қатар жаңа әдістемелік тәсілдер жасалды. 
Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында психологиялық әдебиеттерде әр түрлі практикалық іс-әрекеттер барысындағы ой актілерінің жүруі туралы мәліметтер көптен шыққан. “Таза” ойлауды зерттеудегі артефактілер, атап айтқанда, ойлаудың мотивациялық сферамен байланысы психологиялық талдаудың пәні болды. Маңызды қосымша материалдар клиникалық бақылаулардың негізінде алынды. 
Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді. 
Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды. 
Осылайша, қазіргі уақытта ойлау психологиясы өзі зерттейтін салаға әр түрлі критерийлер бойынша енетін феномендер мен процестерді қарастырады. 
Қазіргі жаңа танымдық процестерді зерттеу ерекшелігіне қарай ойлауды тар және кең мағынада қарастырамыз. Кең мағынадағы адамның ойлуы, оның белсенді танымдық іс-әрекеті, сонымен қатар ішкі іс-әрекеті жоспарлау мен реттеу процесі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан біздің қалай ойлайтындығымыз туралы мәселе өзімізді қоршаған әлемді және өзімізді қалай түсінеміз, қалай елестетеміз, осы білімдерді өз мінез–құлқымызды басқаруда қалай пайдаланамыз дегенді білдіреді. 
Ойлау тар мағынасында эксперименттік психологиялық зерттеулерде пайдаланылады. Ол ойлау процесінің айрықша ерекшеліктерін түсініктердің қарапайым жүруімен салыстыруға деген талпыныстан көрінеді. Осылайша, ойлау тар мағынасында шығармашылық міндеттерді шешу процесі ретінд түсіндіріледі. 
С.Л. Рубинштейн философия, психология, педагогикадағы іс-әрекеттік тәсіл тұжырымдамасын ұсынған. Оның ұйғаруы бойынша: “Адам және оның психологиясы” практикалық іс-әрекетінің көрінісін ала отырып, қалыптасады және сондықтан да олардың көрініс табуы арқылы іс-әрекеттің негізгі түрлерінде, яғни еңбекте, танымда, оқуда, ойында зерттелуі қажет. Тұлғаға психологиялық сипаттама бере отырып, С.Л. Рубинштейн кез келген психологиялық құбылысты түсіндіруде барлық сыртқы әсердің өзгеруі арқылы тұлғаның ішкі жағдайдың тұтас жүйесі ретінде көрінетіндігін айтады. 
Көптеген жылдар бойы О.К. Тихомиров “Жалпы психология” негізгі курсы бойынша дәрістер оқыған, бірқатар арнайы курстарды дайындаған және оқыған, үлкен әдістемелік жұмыс жүргізген, үш оқу құралы мен оқулық жазған. Ол үнемі студенттер мен аспиранттардың ортасында болған, олардың курстық, дипломдық жұмыстарына және диисертациялық зерттеулеріне жетекші болған. 
О.К. Тихомиров 200–ден астам ғылыми еңбек жариялаған. Оның көптеген жұмыстары  шетел тілдеріне аударылған, бірнеше рет халықаралық конгрестер мен конференцияларда баяндалған. Ол шетелге де әйгілі отандық психологтардың бірі болған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол Мәскеу Мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша маманданған кеңестердің төрағасы және мүшесі, психологиялық журналдардың редакциялық алқасының құрамында болған. 
Оның көптеген жылдар бойғы теориялық және эксперименттік зерттеулерінің нәтижесі “адамның ойлау іс-әрекетінің құрылымы” (“Структура мыслительной деятельности человека”, 1969); “Эмоциялар мен ойлау” (“Эмоции и мышление”; бірлескен–ұжымдық монография, 1980); “Шығармашылық іс-әрекетті зерттеу психологиясы” (“Психология исследования творческой деятельности”, 1975); “Мақсат қалыптастырудың психологиялық механизмдері” (“Психологические механизмы ценообразования”, 1977); “Интеллектуалды іс-әрекетті психологиялық зерттеу” (“Психологические исследования интеллектуальной деятельности”, 1977) атты жұмыстарда негізінен қалыптастырылған ойлау теориясын қалыптастыруы болып табылады. Ол ағылшын тіліне аударылған, жалпы психология курсы бойынша негізгі оқулықтардың бірі болып табылатын “Ойлау психологиясы” (1984) атты оқулықтың авторы. 
Тихомиров психология ғылымында жаңа бағытты–компьютерлеу психологиясын дамытты. 
А.В Брушлинский (1933-2002)–Ресей психологы, Ресей Білім Академиясының корреспондент–мүшесі, С.Л. Рубинштейннің жақын оқушыларының және ізбасарларының бірі. Субъектілі іс — әрекет бағытының ұстанымынан психология ғылымының негізін, субъект психологиясының табиғатын, ойлау заңдылықтарын, XX ғасырдағы психология ғылымының үрдістерін зерттеді. Адамның психикасын зерттеуде континуалды– генетикалық әдісті жасаған. Ойлау теориясын алғашқы белгісіз есепті шығаруда субъектіні болжаудың үздіксіз процесі ретінде ұсынды; ойлаудың тұлғалық және процесуалды аспектілерінің арақатынасын ашты. 
Адам психикасын зерттеудің әлеуметтік–тарихи бағыты кеңес психологиялық ғылымында ерте бекітілді. Тағы да 20–30 жылдары шетелде- әсіресе Л.С. Выготский еңбектерінде–адам психикасының әлеуметтік табиғатын жүйелі зерттеу басталды. 30–шы жылдары–С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, А.А. Смирнова, Б.М. Теплова, Д.Н. Узнадзе және тағы басқалардың зерттеулерінде–адам іс-әрекетін психологиялық зерттеу оның әлеуметтік–тарихи шарттануымен басталды. Осы және басқа да зерттеулердің барысында психология ғылымдарының құрылуы шындығында диалектикалық материализм негізінде жүзеге асты. 
Осы уақытқа дейін кеңестік психологияда адам психикасының әлеуметтік –тарихи табиғаты Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі және жан–жақты зерттелді. Бұл екі зерттеуші де көшбасшы және атақты кеңес психологтарының қатарына жатады. Олар спихология ғылымында өз мектептерін және бағыттарын құрды. Олардың бір–бірімен психикалық тұжырымдамаларын салыстыруы және талдауы тек психология үшін ғана емес, сонымен қатар философия, логика және әлеуметтану үшін де өзекті. Біз осы еңбегімізде осындай философиялық–психологиялық талдауды жүзеге асыруды мақсат еттік. Л.С. Выготскийдің теориясындай С.Л. Рубинштейннің теориясы да ойлау психологиясының бай эксперименталды материалында жан–жақты мұқият қарастырылған. Бұл аспектіде біз көбінесе екі тұжырымдаманы да қарастырамыз. 
Майкл Коул және Сильвия Скрибнердің “Мәдениет және ойлау” атты еңбектерінде мәдениетті өмір сүретін халықтардың танымдық іс — әрекетін зерттеуде тест әдісін қолдануға қатты сыни көзбен қарайды. М. Коул және С. Cкрибнер бұл әдістің толығымен ғылымға сай келмейтіндігін және оның көмегімен сенімді мәліметтер алуға қабілетсіздігін ашып көрсетеді. М. Коул және С. Скрибнер өз еңбектерінің соңғы бөлімінде кеңестік психологияның позициясына, оның ішінде Л.С. Выготскийдің теориялық көзқарасына сүйенеді. 
М. Коул оның әріптестерінің зерттеу жолы қоғам дамуының түрлі деңгейінде өзгеретін, адамдардың шынайы қоғамдық практикасындағы кез келген танымдық іс-әрекет негізі деп саналатын тарихи материализмнің даму бейнесі дегеннен шықпайды. Осының барлығының кітаптың авторлары дұрыс логикалық жолда келе жатыр деген дерек туындайды; бұл олардың зерттеу бағыты жоғары бағалатынлығына және олардың еңбектері отандық оқырмандар назарынан тыс қалмайтындығына сенім туғызады. 
К. Дункер шығармашылық ойлауды эксперименталды зерттеуде оның жалпы  кезеңдерін бөліп шығару мен “іштен сөйлеу” әдісін енгізуді дамытуды, проблемалы жағдайларды эксперименттік өңдеуді өз еңбегінде көрсетеді. 
Гештальт психологияның өкілі К. Дункердің еңбегін де Ж. Пиаже мектебіндегі ойлаудың дамуын зерттеу мен шығармашылық тапсырмаларды шешу процесін зерттеуді қарастырады. 
О. Кюльпе–ойлау психологиясының Вюрцберг мектебінің негізін салушы. Ол Вундтың идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып, жоғары психикалық функцияларды–ойлау және ерік–күшін зерттеу үшін инстроспекция әдісін пайдалана бастады. Оның зерттеулерінің пәні “эмпириялық ойлау” аталған және “таза ойлауды, нақты ойлауды өзінді жүзеге асыратын  психологиялық акті мен жай–күйлер болды. Кюльпеннің атауы бойынша, психикалық актіні бақылау “жүйелік инстроспекцияның” көмегімен орындалады. 
О. Зельцтің ғылыми жұмысының басы Вюрцберг мектебі шегінде ойлаудың эксперименталды зерттеулерімен, оның әдістері мен көріністерін дамытуымен байланысты. Ол ассоциативтік тұжырымдамалардың сынаушы талдауы негізінде “спецификалық реакциялар” мен “комплекс теориясында” сипатталған және кең атақ аталған репродуктивті міндеттердің шешу процесінің жалпы принциптерін ұсынды. Зельц міндеттерді шешу әдісі сияқты, ойлау операцияларын анық жіктеді. Содан соң ол ойлау іс- әрекетінің жалпы заңдылықтарын ерекшелей отырып, өз теориясын өнімді ойлауға таратты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру және спорт  туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы

 

МАЗМҰНЫ

Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) дене шынықтыру және  спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк басқару мен үйлестiру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

2) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, қоғам адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;

3) спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

4) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;

5) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргiзуiн талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

6) кәсiпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi;

7) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн белгiлейтiн спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi;

8) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;

9) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;

10) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;

11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;

12) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткiзуге арналған объектiлер;

13) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;

14) спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристiк мақсаттағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;

15) аккредиттеу - уәкiлеттi органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкiлеттiгiн ресми тануы;

16) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;  
17) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

19) халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.  
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471 Заңымен, 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

2-бап. Дене шынықтыру  және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi

Қазақстан Республикасында  дене шынықтыру және спорт саласындағы  мемлекеттiк саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және:

1) барлық азаматтар үшiн  дене шынықтырумен және спортпен  айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;

2) халықтың әртүрлi жас  топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;

3) дене шынықтырумен және  спортпен айналысудың ерiктiлiгi;

4) дене шынықтыру-спорт  шараларының сауықтыру бағыты;

5) дене шынықтыру мен  спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;

6) дене шынықтырумен жаппай  айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық  спортқа тең құрмет көрсету;

7) халықаралық жарыстарда  Қазақстан Республикасының намысын  қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;

8) дене шынықтыру мен  спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

9) дене шынықтыру-сауықтыру,  спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;

10) халық ойындары мен  спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;

11) дене шынықтыру-спорт  қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;

12) спорттың техникалық  және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3-бап. Қазақстан  Республикасының дене шынықтыружәне  спорт саласындағы заңдары

Дене шынықтыру және спорт  саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына  негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық  актiлерiнен тұрады.  
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

4-бап. Дене шынықтыру  мен спортты дамытудымемлекеттiк қолдау

1. Мемлекет дене шынықтыру  мен спорт саласындағы қатынастарды  мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты  дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.

2. Мемлекет барлық үлгiдегi  және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң  спорт мектептерiнiң, азаматтардың  тұрғылықты жерi бойынша спорт  және балалар клубтарының, балалар  мен жастарға арналған сауықтыру  лагерьлерiнiң, мамандандырылған  топтардың және мүгедектерге  арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене  шынықтыру диспансерлерiнiң санын  көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт  ұйымдары сыртқы байланыстарының  дамытылуына, Қазақстан Республикасындағы  дене шынықтыру қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға қолдау көрсетедi.

4. Мемлекет халықаралық  стандарттарға сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

5-бап. Қазақстан  Республикасында дене шынықтыру  менспортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы

1. Қазақстан Республикасында  дене шынықтыру мен спортты  дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын  Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

2. Мемлекеттiк бағдарламада  халықтың денсаулығын нығайтуды  ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене  тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.

6-бап. Азаматтардың  дене шынықтыру мен спортсаласындағы  құқықтары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасы  азаматтарының:  
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;  
спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға;  
дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;   
мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының  спортпен айналысатын азаматтары:   
салауатты өмiр салтын насихаттауға;   
жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;   
гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi.

3. Ата-аналар, қамқоршылар,  қорғаншылар немесе олардың орнындағы  адамдар отбасындағы кәмелетке  толмаған балалардың дене бiтiмiн  дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.

7-бап. <*>  
Ескерту. 7-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471 Заңымен.

8-бап. Дене шынықтыру  мен спортты насихаттау

1. Дене шынықтыру және  спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене  шынықтыру-сауықтыру және спорт  бағытындағы қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады.

2. Спортта қатыгездiк пен  зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.

3. Журналистердiң және  бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерiнiң спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның iшiнде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсiру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  
Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткiзу кезеңiнде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жарнамалау Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметi субъектiлерiнiң арасындағы шарт негiзiнде жүзеге асырылады. <*>  
Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471 Заңымен, 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

2-тарау. Дене тәрбиесiнiң жүйесi

9-бап. Мектепке  дейiнгi балалар мекемелерiндегi,жалпы  бiлiм беретiн мектептердегi және  басқаоқу орындарындағы дене тәрбиесi

1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн  және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу  орындары студенттерiнiң дене  тәрбиесi оқу және ұзартылған  күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк  бағдарламаларына және санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.   
Денсаулығы нашар оқушылар мен студенттер арнаулы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында шұғылданады.

2. Сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшiн спорт клубтары мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың құрамына балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық әзiрлiгiне бағытталған басқа да ұйымдар кiредi.

3. Мектепке дейiнгi балалар  мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.  
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

10-бап. Еңбек  ұжымдарындағы дене шынықтыру  мен спорт

1. Меншiк нысандарына қарамастан  кәсiпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды  дамыту үшiн қаражат көздеуге  және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске  асыруына жағдай жасауға мiндеттi.

2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.

11-бап. Тұрғылықты  жердегi және халықтың жаппай демалысорындарындағы дене шынықтыру мен спорт

1. Азаматтардың тұрғылықты жерiндегi және халықтың жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасау қалалардың, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың (селолардың), кенттердiң әкiмдерiне, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарына жүктеледi, олар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қажеттi үй-жайлар, мәдениет және демалыс парктерiнде сабақтар өткiзуге арналған орындар бөлуге спорт ғимараттарын беруге жәрдемдеседi.

2. Санаторий-курорт ұйымдарында,  пансионаттарда, демалыс үйлерiнде,  туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады.   
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

12-бап. Мүгедектерге  арналған дене шынықтыру мен  спорт

1. Дене шынықтыру мен  спорт мүгедектердi дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.

3. Ақыл-есi кем және дене кемiстiгi бар мүгедектердi үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектердiң дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi.

4. Дене шынықтыру және  спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектердiң  дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен  бiрлесе отырып, республикалық жарыстар  өткiзудi, мүгедектер арасындағы  спорт түрлерi бойынша ұлттық  құрама командаларының халықаралық  жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.  
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.  
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

13-бап. Әскери  қызметшiлер мен құқық қорғау органдарыадам құрамының дене шынықтыру даярлығы

1. Әскери қызметшiлер мен  құқық қорғау органдары адам  құрамының дене шынықтыру даярлығы  қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.

2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды.

3. Әскери бөлiмшелердiң,  сондай-ақ құқық қорғау органдары  бөлiмшелерiнiң командирлерi мен  бастықтары әскери қызметшiлер  мен құқық қорғау органдары  адам құрамының дене бiтiмiн  жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар  жасауға мiндеттi.

4. Қазақстан Республикасы  құрама спорт командаларының  мерзiмдi әскери қызметке шақырылған  мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн  шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары  бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкiндiк берiледi.

14-бап. Мемлекеттiк  денсаулық сақтау органдары менмекемелерiнiң  дене шынықтыру мен спорттыдамытуға қатысуы

Мемлекеттiк денсаулық  сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:  
дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;  
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;   
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;   
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;   
спорт медицинасы мен емдiк дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;   
қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;   
халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;   
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.   
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

15-бап. Дене шынықтыру  мен спорт сабақтарын, спортжарыстары  мен бұқаралық спорт шараларынөткiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн  
сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау

1. Дене шынықтыру және  спорт қызметкерлерi дене шынықтыру  мен спорт сабақтарын өткiзу  кезiнде дене шынықтыру және  спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Дене шынықтыру-сауықтыру  және спорт ғимараттары ұйымдарының  әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар  өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк  техникасының ережелерiне және  санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

3. Дене шынықтыру мен  спорт сабақтарын, спорт жарыстары  мен бұқаралық спорт шараларын  өткiзуге арналған объектiлер  мен ғимараттар санитариялық-гигиеналық нормаларға сай болуға тиiс.

4. Дене шынықтыру мен  спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.

15-1-бап. Дене  шынықтыру және спорт саласындағымемлекеттiк мекемелер

Дене шынықтыру және спорт  саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер өздерiнiң  негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтер  көрсетуге құқылы, оларға төленетiн  ақы мiндеттi сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың ойлау қабілетін  дамытуға арналған логикалық ойындар

Кіріспе: 

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.  

 Ойын – баланың  қажетті әрекетінің бірі ойынды  кіші жастағы балалардың табиғаты  керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын  арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі  іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында  баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы  балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау  қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман  талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың  танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың  жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек  қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты, 
Алтын  сәуле  таратты. 
Жарқырайды  күніміз, 
Жарқырайды даламыз. 
Қайырлы  күн  балалар! 
Қайырлы күн  қонақтар!

Жобаның мақсаты:

•         Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жобаның тапсырмалары:

Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар

Сабақтың түрлері    

Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында        

Саяхат  сабақ - танымдық қабілетін дамыту        

Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету         

Логикалык ойлау