Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі.docx
Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
- Елдердің дамуын талдауы көрсетіп отырғандай, әлемдік шаруашылықта басты ел тобына дамыған елдер кіреді, оларға әлемдік ЖІӨ-ң, әлемдік сауданың және капиталдың халықаралық қозғалысының көпшілік бөлігі келеді. Әлемдік экономикалық дамудың жетекшісі АҚШ болып табылады. АҚШ-ғы дағдарыс экономиканың терең құрылымдық қиындықтарынан туындады, АҚШ-ң өнеркәсіптік секторындағы жұмысбастылық Қытайдан импорттың қысымынан және жұмыс орындарының дамушы елдерге алмасуынан төмендейді. Және «қызметтердің» жаңа экономикасы тең келетін жұмыс орындарын ұсына алатыны, сонымен қатар, экспорт көлемін арттыра алатыны екіталай. АҚШ экономикасының тиімділігінің маңызды себептерінің бірі – бұл Пентагонның қомақты әскери шығындары, соның ішінде Ирактағы, Ауғанстандағы соғысқа шығындары, бұл салық төлеушілердің ақшасын белсенді «жейді» және азаматтық сектордан қаражаттың ағып кетуіне септігін тигізеді. Басқа себеп – «коттеджді» Америка моделінің құрамдастары – жанармай мен жылыту шығындарының артуы есебінен халықтың тұтынушылық шығындарын азайтатын мұнай бағасының өсуі. Бірақ ең бастысы – экономикада құрылымдық өзгерістердің болмауы, экономиканы ақша шығару арқылы жалған ынталандыру, бюджеттің асқынған дефициті және мемлекеттік қарыздың өсуі. Қазіргі кезде АҚШ үлесіне барлық әлемдік өндірістің 21% келеді, алайда ол бұдан көп тұтынады – шамамен 35%. Доллардың мықтылығы ұзақ уақыт бойы 2006ж. мәліметтері бойынша ЖІӨ-ң 66% құрайтын сыртқы федералды қарыздың өсуі есебінен ішкі тұтынудың артуына (шамамен 13 және 8,7 трлн. долл. сәйкесінше) «кепіл» болды. Бұл бюджеттің елеулі дефицитін құрады – 2006ж. 239,6 млрд. долл. дейін – ЖІӨ-ң 1,8%, және АҚШ-ғы үй шаруашылықтарының ішкі қарыздарының үлкен сомасын өсірді – 12,8 трлн. долл. немесе шамамен адам басына шаққанда 42,6 тыс. долл. Бұндағы үкіметтің, корпорациялардың, азаматтардың жалпы сыртқы қарызы 50 трлн. долларды құрайды. Нәтижесінде 2006 жылы 850 млрд. долл. немесе ЖІӨ-ң 6,2% құраған ағымдағы төлем дефициті көрсеткіші бойынша АҚШ экономикасы өте тиімсіз және сыртқы несие берушілер есебінен өзінің қарыздарын қайта қаржыландыру үшін көптеп қор талап ететін «қара тесікке» ұқсас болды. 2009 ж. басына қарай нақты ЖІӨ қысқарды.
- Жалпы алғанда, дамыған экономикалы елдердің көпшілігі 2008 жылдың ортасынан бастап нақты ЖІӨ-ң күрт қысқаруын, тұтынушы бағаларының және жұмыссыздық деңгейінің өсуін бастан кешірді (5 кесте).
- Экономикасы дамыған басқа елдер сауданың жағымсыз жағдайларымен байланысты қиындықтарды кешірді. АҚШ пен Азиядағы сұраныстың күрт төмендеуі және биржалық тауарлардың төмендеуі Канада, Австарлия мен Жаңа Зеландияда экономикалық белсенділікке жағымсыз әсер етті. Халық сонымен қатар, акция нарығындағы құлдыраумен байланысты және азырақ шамада, жылдам қымбаттаудан кейін үй бағасының төмендеуімен байланысты 2007 жылға дейін әл-ауқаттың төмендеуін бастан кешіреді.
- 2008 жылдың қыркүйегінен бастап дағдарыс Азия елдеріне тарады және олардың экономикасына елеулі ықпал етті. Жапония экономикасы төртінші ширекте 12%-ға қысқарды. Азияның жаңа өнеркәсіптік елдерінде (Гонконг, Корея, Сингапур мен Тайвань) ол 10–25 % қысқарды.
- 5 кесте – Дамыған елдердегі өндіріс көлемі, тұтынушы бағалары және жұмыссыздық (жылдық %-қ өзгеріс және жұмыс күшінің %-қ үлесі)
Нақты ЖІӨ |
Тұтынушы бағалары |
Жұмыссыздық | |||||||
2007 |
2008 |
2009 |
2007 |
2008 |
2009 |
2007 |
2008 |
2009 | |
Дамыған экономикалы елдер |
2,7 |
0,9 |
-3,8 |
2,2 |
3,4 |
-0,2 |
5,4 |
5,8 |
8,1 |
Соның ішінде АҚШ |
2,0 |
1,1 |
-2,8 |
2,9 |
3,8 |
- 0,9 |
4,6 |
5,8 |
8,9 |
Германия |
2,5 |
1,3 |
-5,6 |
2,3 |
2,8 |
0,1 |
8,4 |
7,3 |
9,0 |
Ұлыбритания |
3,0 |
0,7 |
-4,1 |
2,3 |
3,6 |
1,5 |
5,4 |
5,5 |
7,4 |
- Қалыптасып жатқан нарықтары бар Оңтүстік-Шығыс А
зия елдері де ауыр соққыға жығылды. Бұл қысқару негізінен дамыған экономикалы елдерде (Азиядан тыс) ұзақ қолданыстағы тұтынушы тауарларына сұраныстың төмендеуімен және азырақ шамада ғаламдық қаржылық жағдайлардың нашарлауымен байланысты болды. Үндістан мен Қытай экономикасына экспор т секторының қысқаруы да әсер етті, бірақ бұл елдерде экономикалық өсу экономикада сауданың аз үлесінің және экономикалық саясаттың шараларының көмегімен ішкі белсенділікті қолдаудың арқасында жалғаса берді. - ЕО кірген және өзінің экономикалық тәуелсіздігі мәселесін сұрақ белгісінің астына қойған кішігірім мемлекеттерге барлық мәселелер бойынша Қытай қарама-қарсы болып келеді. Бұл серпінді дамып отырған мемлекет, әлемде ЖІӨ көлемі бойынша екінші орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құруға ықпал ете алатын, ғаламдық экономикалық және саяси күшінің деңгейіне шығуға талпынады.
- Соңғы бесжылдықта Қытайда экономикалық өсудің қарқынының жылдамдауы байқалды. Нарықтық ғаламдану жағдайында өсу факторлары ретінде, бір жағынан, Қытайдың әлемдік экономикаға бірігуі, екінші жағынан – жеке бизнестің қауіпсіздігіне кепіл болу табылады. Әлемдік нарыққа бірігу Қытайға экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді, 2001-2007 ж. әлемдік ЖІӨ өсімі шамамен 15% құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін келесідей мәселелрге көңіл бөлу қажет:
1. Елдің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру және ұлттық
Өткен онжылдықта
қазақстандық экономиканың жай-күйі көбінесе
энергия ресурстары мен минералдық
шикізаттың басқа да түрлеріне сыртқы
конъюнктурамен айқындалды. 2000 – 2007 жылдары
тауарлар экспорты орташа есеппен жалпы
ішкі өнімнің (ЖІӨ) 45 %-ын құрады. 2008 жылы
мұнай бағасы рекордтық тарихи деңгейде
бір баррель үшін 147 АҚШ долларына
дейін жеткен кезде, экспорт ЖІӨ-ге
қарағанда 53,9 %-ға дейін өсті. Жаһандық
экономикалық дағдарыс салдарынан энергия
ресурстарының әлемдік
2008 жылы басталған
әлемдік экономиканың тежелуі,
ресурстарды пайдаланудың
2009 жылы Қазақстан
экономикасының дамуы терең
Ағымдағы жылдың басынан бастап экономика салаларында оң серпін байқалды, бұл белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканың жандануына негізделді.
Бағалау бойынша нақты ЖІӨ 2009 қарағанда 2010 жылы 7,0 %-ға ұлғайды.
Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның жақсаруы аясында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылда 10,0 %-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда өсім есебінен – 5,3 %-ға, өңдеу өнеркәсібінде 18,4 %-ға өсу есебінен ұлғайды.
Тауарлар
өндіру мен қызмет көрсету көлемінің
ұлғаюымен сипатталатын экономика
салаларының дамуы жұмыспен қамтудың
өсуіне ықпал етті. Жұмыссыздық деңгейі
2010 жылғы желтоқсанда экономикалық
белсенді халық санының 5,5 %-ын құрады,
бұл 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда
Сонымен қатар
әлемдік экономиканың қалпына келуі
мен әлемдік тауар
Отандық экономика жай-күйінің сыртқы бағалар факторларынан тәуелділігі оған тән құрылымдық поляризация салдарынан сақталып отыр. Бір полюсте – бұл тез дамитын табыстылығы жоғары шикізаттық салалар және табыстары әлемдік экономиканың жай-күйі мен сыртқы нарықтардағы кононъюнктураға толығымен тәуелді, толығымен әлемдік нарыққа жұмыс істейтін металлургия салалары. Мұнда ауыл шаруашылығын да жатқызуға болады. Екінші полюсте – рентабельділігі мен қосылған құны төмен басымды түрде ішкі нарыққа бағдарланған өңдеу секторының салалары.
Осылайша, экономиканың жай-күйі көбінесе шикізаттық экспортқа бағдарланған салалардың дамуымен айқындалады. Экономиканың мұндай құрылымы оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан экономиканың тұрақты өсу қарқындары болашақта басымды түрде шикізаттық емес секторды дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлікті қолдаудың, сауданы дамытудың қаржылық және қаржылық емес саясатын қайта қарау қажет. Бизнес-орта ұлттық экономиканы дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын арттыруға қатты ықпал етеді.
ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграция процестерін мазмұнды пысықтау және тиісінше үйлестіру Қазақстан Республикасының интеграциялық бастамаларын тиімді іске асыруға қол жеткізудегі ұлттық мүдделерін кешенді ескеруді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-
- Нәтижелі мемлекеттік секторды құру
Қолданыстағы
мемлекеттік басқару жүйесі халықтың
мемлекеттік қызметтерге
Осыған байланысты, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру және оларды көрсету процестерін жетілдіру талап етіледі, нәтижесінде бұл сапалы қызметтер алуға азаматтардың өзінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа
мемлекеттік қызметтерді
Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарына сәйкес 2011 жылдан бастап
тұрақты түрде мемлекеттік
Қазіргі заманғы Қазақстанның жылдам өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мемлекеттік билік органдарының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды, осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесі басқарудың үйреншікті, дәстүрлі әдістерін ғана қайта қарауға мәжбүр болып қана қоймай, өз қызметінің тиімділігін тұрақты арттырып отыруы тиіс.
«Орталық
мемлекеттік және облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдары қызметінің тиімділігін
жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 19 наурызда қабылданған Жарлығының
міндеті мемлекеттік басқарудың
тиімділігін арттыру болып
Осыған байланысты 2011 жылдан бастап жүйелі негізде 26 орталық мемлекеттік орган және 16 жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жоспарлау
Бұдан басқа,
Министрлік жұмылдыру дайындығы
саласындағы уәкілетті орган
ретінде мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын
орындауға дайындығын арттыруға
бағытталған жұмысты
Тәуекелдерді басқару
Ықтимал тәуекелдің атауы |
Тәуекелдерді басқару |
Тәуекелдерді басқару |
1 |
2 |
3 | |
Сыртқы тәуекелдер | |||
Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдiк бағалардың тұрақсыздығы |
Бағалардың өсуi кезiнде: 1. Мұнайдың әлемдiк бағаларының өсуi нәтижесiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың өсуi 2. Мұнай экспорты көлемдерiнiң ұлғаюы нәтижесiнде iшкi нарықта мұнай мен мұнай өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi 3. Экономиканың шикiзаттық
бағыттылығының және оның 4. Инфляция деңгейiнiң өсуi 5. Энергия ресурстарына
бағалардың өсуiнен |
1.
Елдегі және әлемдегі болып
жатқан экономикалық 2. Елдегі және әлемдегі
болып жатқан экономикалық | |
Бағалардың төмендеуi кезiнде: | |||
Ауыл шаруашылығы шикiзатына әлемдiк бағалардың тұрақсыздығы |
Бағалардың өсуi кезiнде: 1. Iшкi нарықта азық-түлiк бағаларының өсуi 2. Iшкi нарықта азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi 3. Инфляция деңгейiнiң өсуi |
1.
Елдегі және әлемдегі болып
жатқан экономикалық 2. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру бойынша ақпараттық-талдамалық жүйені пайдаланумен әлемдік және отандық экономикалар дамуындағы әлеуетті теріс тенденцияларды анықтау және Үкіметке тиісті ұсыныстарды жіберу | |
Бағалардың төмендеуi кезiнде: 1. Ауыл шаруашылығы саласында
кiрiстiлiктiң және ауыл 2. Мемлекеттiк бюджетке
түсетiн түсiмдер көлемiнiң | |||
Әлемдік экономи-каның өсу қарқынының тежелуі |
1. ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі 2. Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің қысқаруы |
Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басымды емес шығындарды қысқарту, бюджет тапшылығының мөлшерін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу | |
Екі жақты келіссөздерге «ұйқыдағы» елдің немесе Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмыс тобының жаңа мүшесінің бастамашылық етуі |
Екіжақты деңгейде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер процесі аяқталуының созылуы |
Тиісті келіссөздерді жүргізу,
қажет болған жағдайда саяси деңгейде
уағдаластыққа қол жеткізу | |
2010 жылға дейінгі ЕурАзЭҚ |
Кеден одағы қалыптасуының созылуы |
Кеден одағының қалыптасу процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу | |
2010 – 2011 жылдарға арналған Бірыңғай
экономикалық кеңістікті қалып- |
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастырудың созылуы |
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыру процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу | |
Шетелдік мемле-кеттің Қазақстанға қатысты ішкі нарықтағы жағ-дайды айтарлықтай нашарлататын сауда шараларын қолда-нуы |
Бағалардың тұрақсыздануы, тұтынушылардың және отандық өндірушілер жағдайының нашарлауы |
Сауда шараларын қолданған Тараппен келіссөздер жүргізу, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу | |
Нарықтардың жабылуы немесе қазақстандық компаниялар үшін шетелдерде жағдайдың айтар-лықтай нашарлауы |
Халықаралық ықпалдың және Қазақстан имиджінің төмендеуі |
Саяси деңгейде келіссөздер жүргізу | |
Экспорттық тауар-лар |
Төлемдік және сыртқы сауда теңгерімінің нашарлауы, тауар экспортынан түсетін валюталық түсімдердің қысқаруы |
Экспорт құрылымын әртараптандыру, әлемдік тауар нарықтарының мониторингі | |
Ішкі тәуекелдер | |||
Ресурстардың экономиканың салалары арасында бiрдей бөлiнбеуiнiң салдарынан экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiнiң күшеюi |
Елде «голланд ауруының» дамуы |
1. Қорларды құру және қайта
өндірудің оңтайлы 2. Құрылымдық және инвестициялық
саясат шараларымен | |
ЕДБ-нің «Бизнестің жол картасы
– 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік
субъектілерінің жобаларын |
1.
Халықтың әлеуметтік 2. Экономиканың жекелеген
салаларындағы шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілері 2. Бюджеттік қаражаттарды игермеу 3. Қаржылық ұйымдарға
халық тарапынан сенімнің |
Саяси деңгейде келіссөздер жүргізу | |
Концессиялық жобаларға қатысу үшін жеке және халықаралық капиталды тарту мүмкінсіздігі |
1. Жобаларды іске асырмау 2. Концессионерді тартпау |
1. Хеджирлеу 2. Мемлекет пен концессионер арасында тәуекелдерді бөлу 3. Концессия бойынша келісімдер мониторингі | |
Бюджеттік бағдарламалар
2011 – 2013 жылдарға арналып
қалыптастырылған стратегиялық
бағыттарға, мақсаттар мен міндеттерге
қол жеткізу үшін олардың сан,
сапа, нәтиже мен бюджет
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық өсуді қамтамасыз
ету барлық қажетті элементтерді
жаңа технологиялық тізбектің тұтас
өндірістік даму контурына біріктіруге,
экономиканы жаңарту және оның тиімділігін
жоғарылату үшін жағдайлар жасауға
ықпал ететін технологиялық, институционалдық
және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру
міндетін үйлесімді шешуді қажет
етеді. Инвестициялық және инновациялық
белсенділікті жоғарылату үшін қолайлы
макроэкономикалық орта және микродеңгейде
кәсіпкерлікті дамытудың
Сыртқы даму жағдайларының
әсерін есепке ала отырып, 2010 – 2013 жылдары
экономика: мұнай және табиғи газ
өндіру салаларында, экономиканың мемлекеттік
секторында экономикалық белсенділіктің
сақталуы және 2010 жылдан бастап ірі
инвестициялық жобаларды
Әдебиеттер:
- «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124-III Қазақстан Республикасының Заңы
- ҚР Азаматтық кодекс (жалпы бөлімі 27.12.1994 жылы қабылданған, іс-әрекетке 01.03.1995 жылы кірген, ерекше бөлім 01.07.1999 жылы қабылданған)
- «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі
- Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции.
- Қ.Р Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы,2008 жыл
- Бизнестің жол картасы – 2020
- Егемен Қазақстан газеті №11, (21.02.2011)
- www.stat.kz
- ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы

- Ұлыбритания
- Ұлыбританияның білім беру жүйесі
- Ұлыбританияның конституциялық кұқығы
- Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша әлемде жетінші орында
- Ұлыбританияя
- Ұлы Гаусс математикасы
- Ұлы географиялық ашулар
- Ұлттық тәрбиенің міндеті
- Ұлттық шаруашылық экономикалық оқу қарқынымен циклдік даму
- Ұлттық эконеомика
- Ұлттық эконеомика
- Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы
- ұлттық экономиканың нақты секторын дамыту - елдің экономикалық қауіпсіздігінің негізі
- Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі