Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары
Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары
Мақал - мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы, болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді.
Уақыт озған сайын мақал-мәтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап жатады. Ақын-жазушылардың мағынасы терең көркем сөздері, нақылдары, шешендік сөздер, жұмбақтар, өсиет сөздер және тағы басқалары мақал-мәтелдердің қорын көбейтіп отырады.
Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кәсібі – аңшылық болған. Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық – жастарды еңбекке, ерлікке, әртүрлі ойын-сауықты, спорттың түрлерін үйренуге баулиды. Осыған байланысты бір тақырыбы – еңбек пен кәсіпке арналған.
Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруда мақал-мәтелдердің маңызы зор.
Мақал-мәтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, әсіресе 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы:
Бір мылтықтың аузына,
Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық мөлшерін білдіріп тұр, бірақ мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Мақал-мәтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады:
- Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.
- Мақал-мәтелдердегі септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан есімдер.
- Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-мәтелдер.
Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары және соларға байланысты ырымдар жатады. Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген. Бір жетіде 7 күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде әр күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық істерін сәрсенбіден бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларын істеуге) сәрсенбі күні шығады. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген.
Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын ерекше құрмет тұтқан. Аяғы ауыр әйел нәрестені 9 ай 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға 9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған.
Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, әрі қарайғы мүшелі 12 жылдың қосылуы арқылы болып отырады. Мүшелді – қатерлі жыл деп атаған. Өлең жолдары, мақал-мәтелдер, жырлардан 12 санын ерекше қасиет тұтып отырғандықтарын байқаймыз.
Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын береді. Бұлар – ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер.
Мақал-мәтелдерде киелі сандар әртүрлі тұрғыда, көбінесе сан есімнің алты түрінің бірі – есептік сан есім ретінде жиі кездеседі. Есептік сан есімдер неше, қанша деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сандық мөлшерін білдіреді. Олар бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бірнеше жікке бөлінеді.
Есептік сан есімдерде -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жинақтық сан есімдер жасалады. Мысалы: Айла – алтау, ақыл – жетеу. Адам баласы қанша жерден айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл бөлдіртіп, ақылды болуға шақырады. Бұның тәрбиелік мәнінің зор екендігі аңғарылады.
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.
Ажал ақымақ үшін алтау,
Ақылды үшін біреу.
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
Жетеумін деме, сегізге жолығасың, - деп ақылдандырады.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді, - деп ауызбіршілікке шақырады.
Төмендегі мақал-мәтелдердегі бір саны сандық мәнін жоғалтып, белгісіз есімдік (біреу) ретінде қолданылып тұр.
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.
Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Біреуге пышақ оқтама,
Қара пышақ қарыс ұзарады, - деп болатын әртүрлі жамандықтардан, қауіп-қатерден сақ болу керек екендігін ескертеді. Бұндай ақыл-кеңестер есте сақталып қалады, балаларды тәрбиелеуге септігі тиеді.
Есептік сан есім тұрғысындағы киелі сандарға байланысты мақал-мәтелдер:
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада.
Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол нұсқайды.
Он екі мүшең сау болса,
Жаралымын деме,
Он саусағың сау болса,
Дәулет емей немене, - деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге, байлыққа, биік шыңдарға тек қана денсаулықтың, адал еңбек етудің арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету, шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады.
Лиро – эпостарда 12 киелі санына байланысты кездесетін жолдар:
Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай (Қамбар батыр).
Орай да орай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан!(Қобыланды батыр).
Он екі айдың жартысы жаз болады,
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады. (Қозы Көрпеш – Баян сұлу).
Сондай-ақ, 12 санына байланысты тағы да: «он екі мүшең сау болсын», «Он екіде бір нұсқасы жоқ», «он екіде бір гүлі ашылмаған» деген де сөз бар.
Реттік сан есімдер заттардың саналу ретін білдіріп, нешінші, қаншасыншы деген сұрақтарға жауап береді де, - ыншы, - інші, жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады:
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Қашан да адам баласы үшін денсаулық – байлықтың ең негізгісі екенін, денсаулықсыз ешқандай ісіміздің алға баспайтынын айтса, үйдің ішіндегі құт-береке әйелге байланысты болатындығына мән бере келе, қойды төрт түліктің алды деп санғандығын көрсетеді.
Еңбек - адамның екінші анасы. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етуге баулиды, еңбекті екінші анаға теңейді.
Мақал-мәтелдердегі сан есімдер жалғаудың түрлерін (септік, жіктік, тәуелдік) қабылдайды:
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Елу - ердің жасы,
Алпыста ел ағасы, - дейді халық. Елу-алпыста ақыл тоқтатып, еліңнің, халқыңның қамын, жағдайын, болашағын ойлайтын уақытың, шынығып, қайрат-күшіңнің шыңдалатыны уақыты. Ата-бабамыз көшіп-қонып жүрген, сол көшпенділіктің өзі қазақ халқын шыңдаған, күш-қуатын жетілдіре түскен.
Отызыңда орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспассың.
Қырықта – қылаң, елуде – елес.
Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.
Бір ақымақтан – мыңға зиян,
Мың ақымақтан – он мыңға.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді, мың адамды бүлдіреді деген ойдың мәнісі осында.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Сексеніміз жиылып,
Серке жыққан батырмыз.
Сегізбін деме, - тоғызға жолығарсың,
Тоғызбын деме - доңызға жолығарсың, - дейді.
Күйеу жүз жылдық,
Құда мың жылдық.
Қазақ халқы ағайын, туған-туысқанын сыйлап, дәріптеп келген. Құда-жекжаттың, күйеу, жиен, нағашылардың алатын орындары ерекше. Бұл мақал арқылы үрім-бұтақтың, құда-жекжаттың бір-бірімен тығыз байланысты болып, бірін-бірі сыйлап өткендігін көрсетеді.
Халық даналығы, байлығы – мақал-мәтелдердің еліміздің болашағы - жастарды тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор. Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа ағымдарға байланысты мақал-мәтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді.
Әдебиеттер
- Болдырев Н.И Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, «Мектеп», 1987.-230б.
- Выготский А.С. Воображение и творчество в детском возрасте. Психологический очерк. 2-ое изд. – М.: Просвещение, 1968.-422с.
- Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан. 1991. – 173б.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда гуманитарлық университеті
«Тарих және жаратылыстану пәндері» кафедрасы
Тақырыбы: Болашақ мұғалімдерді экологиялық іс - әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге даярлаудың теориялық негіздері
Баяндамашы: г.ғ.к., аға оқытушы Рахымжанова М.А.
Қызылорда – 2008ж
Болашақ мұғалімдерді экологиялық іс - әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге даярлаудың теориялық негіздері
Қазіргі қоғамымыздағы әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер адамгершілік құндылықтарды түбегейлі қайта қарастыруды керек етеді. Адамгершілік қасиеттеріне ақиқатқа сай жаңа көзқарастықалыптастыру міндеті білім мен тәрбие саласына, әсіресе мектепке жүктелетіндіктен, мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі адамгершілік тәрбиесінің салмағы арта түседі. Осыған байланысты бүгінгі мектеп мұғалімінің алдына оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің жа бүгінгі мектеп мұғалімінің алдына оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздестіріп, іс жүзіне асыру міндеті қойылады. Ал оны шешудің маңызды педагогикалық құралы – оқушылардың экологиялық іс - әрекеті, өйткені экологиялық іс - әрекетте оқушы жеке тұлғасының табиғатқа ғана емес, өзіне, өзгелерге, қоғамға адамгершілік қатынасы қалыптасады.
Мектептегі педагогикалық процестің тиімділігі мұғалімнің теориялық және практикалық әзірлігімен, жеке басының адамгершілік сапаларымен, рухани келбетімен, әлеуметтік белсенділігімен анықталатындықтан, педагогтардың кәсіби даярлығын ғылыми негізде үздіксіз жетілдіруқажеттілігі туындайды. Сондықтан экологиялық іс - әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.
Бүгінгі күнде Республикамызда адамгершілік тәрбиесі мен экологиялық тәрбиені үйлесімді бірлікте дамытудың құқықтық негіздері қалыптасқан: Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Білім беру туралы» заңында, «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы мен «Экологиялық білім бағдарламасында» білім мазмұнының гуманизациясы және экологиялық бағыттылығы мемлекетіміздің білім беру саласындағы саясатының негізгі ұстанымдары ретінде анықталады.
Мектеп оқушыларының адамгершілік тәрбиесі мәселелері белгілі педагог ғалымдар Н.И.Болдырев, З.И.Васильева, А.И.Дулов, И.С.Марьенко, И.Ф.Свадковский, В.А.Сухомлинский, И.Ф.Харламов және тағы басқаларының еңбектерінде кеңінен көрініс тапты.
Адамгершілік тәрбиесінің теориясы бойынша жүргізілген зерттеулердің бірнеше бағытын ажыратып көрсетуге болады: адамгершілікке тәрбиелеу процесі оқушылардың адамгершілік қатынастарын педагогикалық басқару ретінде қарастырылды (О.С.Богданова, С.В.Черенкова); оқушы жеке тұлғасының моральдық санасы мен мінез – құлқын қалыптастырудағы адамгершілікке тәрбиелеу процесінің маңызы көрсетілді (В.И.Петрова, В.Е.Гурин, Е.В.Бондаревская); оқушы жеке тұлғасының адамгершілік сенімдерін қалыптастыру (А.В.Иващенко, Р.В.Максина); адамгершілік тәрбиесін оқушылардың жеке тұлға аралық қатынастарын жетілдіру арқылы сараптау (Н.И.Болдырев, Б.И.Ким, Л.Ю.Гордин, И.С.Марьенко, Н.Е.Щуркова); жеке тұлғаның адамгершілік белсенділігін қалыптастыру процесі оның қоршаған дүниедегі ақиқатқа қатынасын дамыту түрінде қарастырылды (Л.И.Рувинский, А.В.Зосимовский, М.Г.Тайчинов); адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын, түрлері мен әдістерін жетілдіру негізінде жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру (В.А.Ким, В.М.Коротов, И.Ф.Харламов); адамгершілікке тәрбиелеу процесі оқушы жеке тұлғасының және оқушылар ұжымының қалыптасуын басқару тұрғысынан қарастырылды (А.В.Мудрик).
Аталмыш еңбектердің талдауы адамгершілік тәрбиесі теориясында бірнеше бағыттың айқындалғанын көрсетеді, ал бұл мұғалімнің педагогтік қызметінің көп қырлығын мензейді. Мектеп оқушылардың адамгершілік тәрбиесі мәселелеріне арналған әртүрлі бағыттағы зерттеулер бір – біріне қарама – қайшы келмей, керісінше, мұғалімнің педагогтік қызметінің саналуан қырларын ашуға мүмкіндік береді, сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіру проблемасын жасақтауда осы зерттеулер негіз етіледі.
Болашақ мұғалімдерді мектептегі педагогикалық процесті жүзеге асыруға кәсіби даярлау жүйесі педагогика ғылымының осы саладағы жетістіктеріне негізделеді. Демек, мұғалімнің кәсіби даярлығының мазмұнын анықтауда педагогикалық ғылымда жинақталған теориялық мәліметтерді мектеп практикасындағы нақты жағдай мен салыстыру қажеттігі туындайды. Мұндай салыстырулар болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің жетекші бағыттарын анықтауға негіз болады.
Зерттеуіміз болашақ мұғалімді экологиялық іс - әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге дарялау мәселесіне арналатындықтан, педагогтың мұндай әзірлігі «жеке тұлғаның адамгершілігі», «экологиялық іс - әрекет», «болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы» ұғымдарымен тығыз тәуелділікте болады. Мектептегі біртұтас педагогикалық процесте оқушылардың адамгершілік – экологиялық тәрбиесін жүзеге асыру үшін мұғалім осы ұғымдардың мәнін, құрылымын және мазмұнын, өзара байланыстарын меңгеруі керек. Осыған орай, ең алдымен, адамгершілік тәрбиесінің әлеуметтік және педагогикалық мәнін ашып, экологиялық іс - әрекеттің ерекшеліктерін қарастыру қажет, экологиялық іс - әрекеттің оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі өзіндік орнын талдап, психологиялық – педагогикалық ғылыми әдебиеттерде болашақ мұғалімнің жалпы кәсіби даярлығы және адамгершілік – экологиялық тәрбиесіне арнайы даярлығы проблемасының зерттелу дәрежесін анықтау қажет.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметке жоғары оқу орнындағы даярлығы – күрделі жүйе, біз бұл жүйенің құрам бөліктері ретінде студенттердің қоғамдық пәндер, психологиялық – педагогикалық пәндер, арнаулы пәндер бойынша білім, іскерлік, дағдыларын және мектептегі педагогикалық практикадан жинақтаған алғашқы жеке тәжірибесін қарастырамыз. Осы құрам бөліктердің бірлігі болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке әзірлігін, оның ішінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушының адамгершілігін қалыптастыруға әзірлігін қамтамасыз етеді.
Болашақ мұғалімдердің экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге даярлығы жүйесінің әдіснаманлық негізін жоғары оқу орнында оқытылатын қоғамдық пәндер құрайды. Бүгінгі қоғамымыздағы өзгерістер жоғары оқу орынындағы білім мазмұнына, әсіресе қоғамдық пәндерге жаңа талаптар қояды. Қазіргі кезде педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орнында қоғамдық пәндерден «Философия», «Қазақстан тарихы», «Экономикалық теория негіздері», «Саясаттану», «Әлеуметтану» курстары, сонымен қтар студенттердің арнайы экологиялық білімін қалыптастыратын пән – «Қоршаған ортаны қорғау» курсы оқытылады.
Философияның оқытылуы студенттердің адамгершілік санасын, жалпы және дүниетанымдық мәдениетін және ойлау стилін қалыптастыруға жол ашады. Бұл сапаларды дамытуда «Философиядағы сана мәселесі», «Философиядағы адам мәселесі», «Мәдениеттің қалыптасу мәселелері» тақырыптарының мағызы зор. «Қоғам және табиғат», «Қазіргі ауқымды мәселелер» тақырыптары табиғаттың біртұтастығы жөніндегі экологиялық идеяны ұсынуға бағытталған, табиғат құбылыстарының диалектикалық өзара байланысы мен тәуелділігін түсінуге, табиғат пен қоғам дамуының бірлігі туралы және табиғат заңдары мен өндірістік мүмкіндіктері үйлестіру жөнінде ғылыми түсінікті қалыптастыруға жол ашады. Сонымен бірге бұл тақырыптар бойынша, философиялық білімдерді меңгеру барысында студенттер адам мен оны қоршаған табиғи орта арасындағы қатынастарға әлеуметтік факторлардың – білім мен тәрбие, саясат, құқық, экономика, мораль, дін әсер ететінін ұғынады, мұндай білім қоршаған табиғи ортаның жағдайы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Болашақ мұғалімдердің даярлығында Қазақстан тарихи курсы үлкен орын алады. Тарихилық принципіне сәйкес бұл пән қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін оқып, білу арқылы оның табиғатқа қатынасының дамуын және қазақ қауымында адамгершіліктің, моральдің шығу тегін, қалыптасуын, әртүрлі қалыптасқан тәрбиелік, тұрмыстық, мәдени - әлеуметтік дәстүрлерін оқып, білу арқылы қазақ халқының шаруашылық қызметін (мал шаруашылығы, ішінара егіншілік пен аңшылық, балықшылық) таңдауы табиғи жағдайларға тікелей тәуелді екенін түсінеді.
«Экономикалық теория негіздері» курсынын да болашақ мұғалім даярлығы жүйесінде өзіндік орны бар. «Экология» және «экономика» терминдері түбірінің бір болуы – «oikos» грек тілінде – үй, шаруашылық дегенді білдіреді – адам мен табиғат арасындағы өзара әсерлесу мәселелерінің экономикалық теория үшін маңыздылығын көрсетеді. Экономикалық теория негіздері курсының мазмұнын қарастырғанда, студенттердің көңілін мына мәселелерге аудару керек: экономикалық проблемаларды шешуде экологиялық жағдайды ескеру, табиғи ресурстарды пайаланудың тиімді жолдарын анықтау, табиғи ресурстарды қорғаудың экономикалық тиімділігі, қоршаған орта ластануының әлеуметтік – экономикалық зардаптары, табиғи ресурстарды пайдаланудың әлеуметтік еспектісі. Сонымен бірге экономикалық теория негіздерін оқу арқылы студенттер кез – келген қоғамдық – экономикалық құрылыста «табиғат - қоғам» жүйесінде қарама – қайшылықтар жойылмайтынын, оларды елемеудің келеңсіз экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салдары болатынын түсінуі керек.
Табиғат байлықтарын пайдалануда тиімді экономикалық саясаттын болмауы, басқаша айтқанда материалдық өндіріс саласында әр мемлекеттің өзіндік, көбіне қате түсінілетін мүдделерін көздеуі әлемдік көшкен экологиялық дағдарысқа әкеп соқтырды. Сондықтан студенттердің көңілін аударатын маңызды мәселе – табиғат байлықтарының сарқылмастығы туралы концепцияның қисынсыздығын түсіндіріп, табиғи ресурстар қорының қалыпқа келу мүмкіндіктері шектеулі екендігі туралы тұжырымды ұғындыру қажет. Экологиялық проблеманың экономикалық жағын талдай келе, студенттерді «өзінің техникалық және өндірістік қуатын арттыра отырып, адам үнемі «қарапайым» арифметикалық есепті шешуі тиіс: табиғаттан қанша алып, қанша қайтару керек, яғни қандай да болмасын экономикалық өзгеріс әкелетін жоба міндетті түрде сандық – сапалық талдаулардан, есептеулерден өтуі тиіс» деген философиялық тұжырымға жеткізу керек.
«Саясаттану» («Құқық негіздері») курсында адамның табиғаттағы қылығы мен іс - әрекетін құқықтық тұрғыда реттеу мәселесінің қарастырылуы – студенттердің кәсіби – экологиялық дайындығының маңызды бөлігі. Бұл мақсатта пәннің оқытылуы барысында табиғи ресрустарды қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі заң актілері сарапталады. Біздің елімізде қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарына көңіл бөлініп, Ата Заң тұжырымдаының «Қоршаған отаны қорғау туралы» заңында толығынан ашып көрсетілетіні сөз етіледі.
Бүгінгі қоғамдағы дағдарыс, соның ішінде «табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі қатынастардың күрт шиеленісуі әлеуметік саланың дамуындағы кшеуілдеуді, әлеуметтік саясаттағы кемшіліктерді және әлеуметтік сауатсыздықтың орын алуын көрсетеді. Мұның өзі адамзат тіршілігінің барлық салаларында, әсіресе мамандар даярлау ісінде әлеуметтік мақсаттардың бірінші кезекке қойылуын талап етеді.
Әдебиеттер
- Экологиялық білім бағдарламасы – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясының Респ. Баспа каб., 1999-65 б.
- Марьенко И.С. Нравственное становление личности школьника. – М.: Педагогика, 1985 – 104 с.
- Шукурова Н.Е. Система воспитания нравственных отношений современного школьника: Автореф. дис. ... доктора пед.наук. – М., 1988-38 с.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда гуманитарлық университеті
«Тарих және жаратылыстану пәндері» кафедрасы
Тақырыбы: Халықтық педагогиканың тағылымдары
арқылы ұлттық тәлім-тәрбие
қалыптастырудың ғылыми негіздері
Баяндамашы: п.ғ.к., аға оқытушы Биманова Г.Е.
Қызылорда – 200__ж
Халықтық педагогиканың тағылымдары арқылы ұлттық тәлім-тәрбие қалыптастырудың ғылыми негіздері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени даму тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз, ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық, моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларын, ұлттық мәдениеттердің қазыналары мен дербестігін мойындау», - деп атап көрсетілген.
Еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасындағы бұл бағыттың халықтық педагогикаға негізделуі кездейсоқтық емес. Себебі, қазіргі тәрбие жұмыстарында жалпы халық болып шешілетін мәселелер баршылық. Халықтық педагогиканың тағылымдары арқылы ұлттық тәрбие қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтауда қазақтың белгілі тарихшы, этнограф, философ және этнопсихолог, этнопедагог ғалымдары өз еңбектерінде жан-жақты мазмұндық талдау жасады. Атап айтқанда тарихшылар: Л.Н.Гумилев, В.Радлов, А.Диваев, М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев т.б; этнографтар: Х.Арғынбаев, С.Қасиманов т.б; этномәдениеттанушылар: М.Тәжин, М.Тәтімов т.б., этнофилософтар: К.Бейсембиев, Н.Сәрсенбаев, Ә.Нысанбаев т.б.; фольклористер мен әдебиетшілер: М.Әуезов, Ғ.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, т.б.; этнопсихологтар: Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б.; этнопедагогтар: Т.Тәжібаев, С.Қалиев, К.Қожахметова т.б. Сондай-ақ аталған ғалымдар халық педагогикасының этнологиялық бағыттарын белгілеп, мән-мазмұнына тоқталды.
Қазақ халқының педагогикасын тереңірек талдап, топтастырып, оқу үрдісіне ендіру үшін аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. Қазақ халық педагогикасының қалыптасып дамып отыруына бірнеше факторлардың әсер еткені айқындалды:
- Әлеуметтік – экономикалық: мал, егін шаруашылығы, қолөнер т.б;
- Табиғат: дала, табиғат құпиялары, жан-жануарлар, аң-құстар т.б.;
- Халықтың рухани өмірі: наным-сенімі, ән-күй, шешендік өнері т.б.:
Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің мазмұндық
ерекшеліктері:
Этнограф – ғалым Әбубәкір Диваев қазақтың тұрмыс халінен, әдет – салтынан, тарихы мен күнкөріс кәсібінен мағлұматтар беруде үлкен еңбек сіңірген қайраткер. Ол бір сөзге түсінік бергенде, оның төркінін халықтың тұрмысынан іздеу қажет деген пікір ұсынады. Ол «айналайын», «садағаң кетейін» деген сөздердің шығуын әдетке байланысты қарастырады, ауру адамның басынан айналдырып әкелетін малды не затты садақа етіп берудің болғанын атап өтеді. Ер кісіге тән әйелдер есіміне де талдау жасап, Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен т.б. аттардың қойылу себебін ашады. Ғалымның еңбектерінде қазақ халқының кейбір ырымдарының түрі көрініс тапқан.
Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттың арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. «Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге шалынады. Алайда басқа халықтың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық жеке рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады», - дейді С.Н.Артановский. яғни, белгілі бір ұлтта бар тәлім-тәрбие үлгілері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшеліктерімен көрініс береді.
М.Жұмабаев «Халықтың тәлім - тәрбиесі, дәстүрі, әдет-ғұрып, тұрмыс салтынан жүйелі түрде білім берілмейтін болса, онда ол ұлттық мектеп болмайтыны хақ» - деп жазған.
Ә.Марғұлан мыс, темір дәуіріндегі құйма өнерінің түрлерін терең археологиялық зерттеулерден өткізіп, «Ғұн дәуіріндегі тасқа салынған суреттер көшпенділердің графикасы», - деген пікір айтқан.
Педагог – ғалым Қ.Жарықбаев әдет–ғұрыпты салт-дәстүрдің синонимі деп қарастырады.
Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін тәнті еткені тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдық-этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, ауылдағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық таным, наным, сенім, ұғым, әдет-ғұрпы, ұстамды да қайырымды мінезі мен құлқы туралы жүзден астам рулардан бірігіп қалыптасқанына қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы туралы, осынау кең ұлы далада көшпенді өмір сүргеніне қарамастан біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таңқаларлық үлгілері туралы айтып, баяндайды. Мұның барлығы қазақ халқының қазіргі моральдық–психологиялық, мәдени-әлеуметтік ахуалының түп тамыры екендігін тарих, философия, филология, психология, педагогика, этнопсихология ғылымының зиялы ғалымдары дәлелдеді. Халық педагогикасы – табиғи педагогика. Түптеп келгенде, осы айтылғанның бәрі халық педагогикасының тәлім-тәрбие қағидаларын былайша жүйелеуге мүмкіндік берді:
- халық педагогикасы – ақиқатты шындық – аксиома;
- халық педагогикасы – халық тәрбиесі;
- халық педагогикасы халықтың тарихи өмірін, ұлттық санасын қорғайды;
- халықтың тарихи жадынсыз дәстүр жоқ, дәстүрсіз мәдениет жоқ, руханиятсыз жеке тұлға жасалмайды, жеке тұлғасыз халық қалыптаспайды (Г.Н.Волков);
- халық педагогикасы заман талабына сай ізгілікті тұлға тәрбиелеуді көздейді;
- халық педагогикасының тәлім-тәрбие беру әдістері жаңаланып отырады;
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психология: табиғат факторы, нәсілдік фактор, адамның психикалық қасиеттерін бір арнаға тоғыстырады. Қазақ халқының адами қасиеттері: имандылық, мәрттік, қонақжайлық, батылдық, төзімділік қасиеттері тарих парақтарымен дәлелденді.
Халықтық педагогиканың этнологиялық бағыттары: әдеби фольклор, музыкалық фольклор, таным ұғымдары, салттар, дәстүрлер, ата кәсіп, мал шаруашылығы салаларына бөлінеді. Зерттеу барысында ғалым Ә.Садуақасовтың этнологиялық бағыттарды жіктеген кестесі басшылыққа алынды.

- Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні
- Мал азаған жақсарту жолдары
- Малазия
- Малайзия
- Малайцы
- Малахитовая шкатулка П.П. Бажова
- Малая Азия и Закавказье в Древности
- Максистская социлогия: Г. В. Плеханов и В. И. Ленин
- Максім Адамавіч Багдановіч
- Макс Карл Эрнст Людвиг Планк
- Макс Планк
- Макс Планк (1858 - 1947)
- Макс Планк. Биография
- Макушинский район