Малазия



 

                                Мазмұны

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

        Мемлекеттік құрылымы

        Халқы

        Малазия экономикасы

        Сыртқы саясат және қауіпсіздігі

        Тарихи шолу

        Малазия мен Қазақстан

        Пайдаланылған әдебиеттер

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

                                           

                                                Кіріспе

Менің таңдаған мемлекетім қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет яғни, Малазия мемлекеті. Мұнда қарастыратын мәселелерім Малазия мемлекетінің экономикасы, сыртқы саясаты, тарихы, халқының жағдайы жалпы саны,  және Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы. 14 ғасырға дейін Шривиджая империясының құрамына кірген 7 ғасырда пайда болған индуистік мемлекет. Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда. Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда. Малайзияның шетелде жалпы саны 105 болатын дипломатиялық өкілеттіліктері бар. . Ел басшысы – Жоғарғы басшы – Янг ди-Пертуан Агонг. Малазия мемлекеті халқының көпшілігі ислам дінін ұстанады. Сонымен, 2006 жылдан бері Сыртқы істер министрлігі «Cordoba Initiative» (АҚШ) ықпалды халықаралық үкіметтік емес ұйыммен жыл сайын мұсылман әлемі мен Батыс өзара әрекеттері сауалдарына арналған конференциялар жүргізуде. Бұл форум азаматтық қоғам, дін өкілдері, ғылым, мәдениет, БАҚ өкілдерінің қатысуымен халықаралық конфессиялық және халықаралық өркениет үшін маңызды қадам болып табылады. Мультимедиялық суперкоридор (МСК) шұғыл жобасы Малайзияны жаңа технологиялық, ақпараттық-коммуникациялық, мультимедиялық инновациялар мен телекоммуникациялық қызмет ағымдарының аймақтық орталығына айналдыруды мақсат етіп отыр. (МСК) жобасын жүзеге асыру үшін Мультимедиялық даму корпорациясы құрылды. Бұл корпорация 10 жылға дейінгі мерзімде корпоративті салықтан босататын «МСК статус» компанияларға хай-тэк белгілеуге және беруге құқылы, ақпарат пен телекоммуникацияға, бизнеске қажетті жабдықтарды салықсыз кіргізуге құқылы. Малайзияның ғылыми-техникалық және кластерлық жаңа бағыттары биотехнологиялар болып табылады.

                             

 

 

 

 

 

 

                           Мемлекеттік құрылым

Билік нысаны – конституциялық манархия. Елдің негізгі заңы – 1957 жылғы Федералдық Конституция. Ел басшысы – Жоғарғы басшы – Янг ди-Пертуан Агонг. Жоғарғы басшы штаттарды басқарушы 9 сұлтанның қатарынан басшылар Кеңесімен кезектесіп 5 жылға сайланады. 4 штаттың Губернаторлары сайлауға қатыспайды. Ел басшысы конституциялық монархқа тән дәстүрлі артықшылықтарды қолданады. Оның Парламентті шақыруға және таратуға құқығы бар (Министрлер кабинетінің ұсынысы бойынша). Сонымен қатар патша қабылданатын заңдарға тыйым салу құқығына ие және де Парламент алдында жыл сайын жолдаумен сөз сөйлейді. 2006 жылдың желтоқсанынан бері Малайзияның Жоғарғы басшысы Янг ди-Пертуан Агонг ХІІІ Мизан Зайнал Абидин Ибни Әлмархум Сұлтан Махмұд әл-Мұқтафи Биллах Шах. Малайзияның Праламенті екі палатадан тұрады – Сенат және Өкілдер палатасы. Сенат 70 адамнан тұрады. Оның ішінде 44 сенатор Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы басшымен тағайындалады, ал қалған 26 сенатор штаттардың заң шығарушы ассамблеяларымен жіберіледі (әр штаттан 2 адам). Тағайындалған сенаторлар жеті жыл бойы қызмет атқарады. 2009 жылдың 7 шілдесінде Сенаттың Президенті болып Дато Вон Фун Менг сайланды. Өкілдер палатасы кеңірек өкілеттіктерге иеленіп 219 депутаттан тұрады. Депутаттар жалпы сайлау құқықтың негізінде бірмандатты өңірлерде 5 жылға сайланады. 2008 жылдың 28 сәуірде Өкілдер палатасының төрағасы болып Тан Сри Пандикар Амин Мулия сайланды. Жалпы сайлау нәтижесінде Өкілдер палатасында басым орын алған партияның жетекшісі Премьер-министр лауазымына тағайындалып Министрлер кабинетін басқарады. 2008 жылдың наурыз айынан бері Малайзияның Премьер-министрі «Біріккен малай ұлттық ұйымы» (БМҰҰ) саяси партиясының төрағасы Наджиб Тун Разак. Малайзияның үкіметінде 33 федералды министрлік бар. Сонымен қатар Премьер-министрдің департаментінде портфельсіз 6 министр қызмет атқарып жүр. Үкімет Премьер-министрден, оның бір орынбасарынан, министрлер мен олардың орынбасарларынан және парламенттік хатшылардан (70 адамнан астам) тұрады. Барлықтар Жоғарғы басшымен тағайындалады.Конституцияға сәйкес Кабинеттің мүшесі Парламенттің депутаты болуы қажет.

                                     Халқы

2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия -көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонмен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.

                             Малайзия экономикасы

Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2008 жылдың Малайзияның ІЖӨ 5,1%-ға өсті, сөйтіп 214,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ІЖӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2008 жылы 104,4 млрд. АҚШ долл.құрады (әлемдегі 14 орын). Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.).

Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында. Кен өнеркәсібі көмірсутек шикізаты Теренггану және Саравак штаттарының континенталді шельфінде өндіріледі (Солтүстік Калимантан). 2008 жылы мұнай өндірісі күніне 753,7 мың. барр.құрады. Мұнайдың артық қоры 4 млрд. барр.құрайды (2008 ж.) және 15-20 жылға дейін пайдалануға жеткілікті деп саналуда. Табиғи газ өңдеуі 2008 жылы 4,5 млрд. куб. м.құрады. Табылған газ қорының көлемі 2,35 трлн. куб. м құрайды (40—50 жыл қолдануға болады). Табиғи шикізат өңдіруді «Петронас» мемлекеттік компаниясы жүзеге асырады. Компания шетелдегі мұнайгаз жобаларына белсенді қатысады: әсіресе Иранда, Мьянмада, Суданда, Вьетнаммен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда. «Петронас» ТМД-ның Ортаазиялық аймақтарына аса белсенділік танытуда. Мұнай көздерін зерттеу және өндіру бойынша Өзбекстанмен және Түркменістанмен бірқатар келісімдерге қол қойылған. Ауыл шаруашылығы техникалық тұқымдарды өндіруге бағытталған. Малайзия пальма майының әлемдік өндірісінің 50% пайызын қамтамасыз етеді (11,8 млн. т.), шынайы каучук шығару бойынша әлемде үшінші орынға ие (580 мың. т.). Азық-түлік өндірісі төменгі деңгейде қалып отыр, негізінен жартыаралдық Малайзияның солтүстік штаттарында табылады. Ел дамуының негізгі алғышарттары қызмет көрсету саласы болып табылады. Туристік, қаржылық, үстемелі және бөлшектеп сату саудасы, салаларының қарқынды дамуына байланысты ІЖӨ-ғы рынок үлесі 45,7%. Пайызды құрауда. Құрылысқа 3% ІЖӨ тиесілі. Қызмет көрсеті саласы және туризм маңызды рөл атқаруда. Жыл сайын елге 20 млн. турист келеді. Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алдыңғы сауда державаларының бірі. Жыл сайынғы ІЖӨ-нің халықаралық сауда перспективалары туралы есебі бойынша 2008 жылы Малайзия әлемдегі жетекші экспортерлар арасында 21-шы орынды иеленді. 2008 жылы елдің экспорттық кірістері 195,7 млрд. долл.,құрады. импорт - 156,2 млрд. долл. (ФОБ индексі бойынша). Экспорттың негізгі бағыттары – электрондық бөлшектер, электротехникалық тауарлар, шикі мұнай, сұйылтылған табиғи газ, ағаш, пальма майф, каучук, текстильді және химиялық өнім болып табылады. Машина және жабдықтар, өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдары, мұнай өнімдері, пластик, темір рудасы және метал бұйымдары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік. Басты сыртқы сауда әріптестері: АҚШ (15,6%), Сингапур (14,6%), Жапония (9,1%), Қытай (8,8%), Таиланд (5%), Гонконг (4,6%). Сыртқы сауда тасымалының төрттен үші Сингапур порты арқылы жүзеге асырылады. Кланг порты арқылы шығару талпыныстары жүк рәсімделуінің аса үлкен шығындарының себебінен қолайсыз болып табылады. Халықаралық компаниялар әлі де Малайзияны ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы мемлекет деп есептеуде. Олай есептеулерінің себебі қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік климаттың, жақсарған экономикалық жағдайдың, сондай-ақ инвестициялар мен жоғарытехнологиялық трансұлттық корпорацияларды тартуға қажетті құқықтық негіздердің қамтамасыз етілуі. Бүгінгі таңда Малайзияда интеллектуалды меншік саласында халықаралық стандарттарға сай және қажетті құқықтық база құрылған. Сонымен, Малайзия Интеллектуалды меншіктің бүкіләлемдік ұйымының мүшесі болып табылады, интеллектуалды меншік құқықтарын реттеуші Париждік және Берн Конвенцияларына, сондай-ақ интеллектуалды меншіктің сауда аспектілері бойынша ІЖӨ келісіміне қол қойған. Шетелдік компаниялар тарапынан танылатын қызығушылық та бәсеке қабілеттіліктің және инвестициялық климаттың қолайлы болу себептерінен туындап отыр. Бүкіләлемдік банктің жыл сайынғы мәліметтеріне қарағанда «2008 жылғы бизнесті енгізу туралы» (Doing Business 2008) Малайзия бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша әлемнің 178 елдері арасында 24 орынды иеленіп отыр. Әсіресе «Кредит алу» (3 орын) және «Инвесторларды қорғау» (4 орын) бойынша. Әлсіз жағы ретінде «Лицензия алу» (105 место) атап өтсек болады. Малайзияның аса инвестициялық артықшылықтары – саяси тұрақтылық, анық іскерлік климат (деловой климат), Малайзияға аудару мүмкіншілігі, қажеттілік жағдайында Қытайдан қаржы жасау және ел халқының арасында ағылшын тілі меңгерілуінің жоғары дәрежеде болуы. Сонымен, Халықаралық Standard & Poor's рейтинг агенттігі шетелдік капиталдың орналасуы үшін нақты жер есебінде Малайзияға келесі баға берді: «Малайзияда ашық, дивеpсификациланға, мықты еңбек рыногына сүйенетін бәсеке қабілетті экономикасы, айтарлықтай деңгейде дамыған инфpақұрылымы, өнеркәсіп дамуы үшін қанағаттанарлықтай жағдайлары, сондай-ақ жоғары көлемде қорлары бар ел.

Малайзия үкіметі арнайы жұмыс топтарын құру арқылы аса қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жалғастыруда. Басты мақсаттар мен міндеттер являются эмигранттар жалдауға қойылатын шектеулерді азайту, жер беру және басқа да бірқатар процесстер мерзімін қысқарту. Үкімет аса көп шетелдік инвесторларды тарту үшін 2010 жылға дейін бизнес жүргізуге аса қолайлы 10 әлем елдерінің қатарына кіруді өз алдына мақсат қойды. Малайзия экономикасы әлеуметтік-экономикалық дамудың бесжылдық жоспарларын қабылдау негізіндегі басқару төтенше жоспарлау моделіне сүйенеді. 2006-2011 жж. Елдің экономикалық дамуының негізгі бағдарламалық әлеуметтік-экономикалық құжатта – Тоғызыншы Малайзиялық жоспар (9МЖ) құрылған. Бесжылдық Жоспардың дайындалуын және атқарылуына жауапты Үкіметтік орган – Премьер-министр кеңсесі жанындағы экономикалық жоспарлау бөлімі болып табылады (Economic Planning Unit – ЕРU). Бұл жүйе 1997 жылы құрылды және 2020 жылдарда дамыған ел мәртебесіне жету мақсатында атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жасау, үкімет үшін орта және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеу және ең бастысы экономикалық сауалдар бойынша үкіметке ақыл-кеңес пен рекомендациялар беру сияқты түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы қол жететін әлеуметтік-экономикалық дамуға жауапты болып табылады. Малайзия экономикасына инновациялар енгізу бойынша Приоритетті сала есебінде ақпараттық-байланыс технологияларын дамыту саласы болып табылады(АБТ). Экономиканы өндіріс пен саудада жаңа технологияларды пайдалану арқылы ақпараттандыру болашақ өнеркәсіп өндірісі дамуының негізі деп қаралады. Мультимедиялық суперкоридор (МСК) шұғыл жобасы Малайзияны жаңа технологиялық, ақпараттық-коммуникациялық, мультимедиялық инновациялар мен телекоммуникациялық қызмет ағымдарының аймақтық орталығына айналдыруды мақсат етіп отыр. (МСК) жобасын жүзеге асыру үшін Мультимедиялық даму корпорациясы құрылды. Бұл корпорация 10 жылға дейінгі мерзімде корпоративті салықтан босататын «МСК статус» компанияларға хай-тэк белгілеуге және беруге құқылы, ақпарат пен телекоммуникацияға, бизнеске қажетті жабдықтарды салықсыз кіргізуге құқылы. Малайзияның ғылыми-техникалық және кластерлық жаңа бағыттары биотехнологиялар болып табылады. Малайзия үкіметі елдің биотехнологиялық секторын жақын 10 жылда Азия-Тынықмұхиты аймағында бірінші орындарға шығаруды мақсат тұтып отыр. Бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық биотехнологиялық саясат іс жүзіне асуда. Айтылған доктринаның басты бағыттары ауыл шаруашылық саласына жетік технологияларды енгізу, табиғи ресурстарды унемді пайдалану, өндіріліп жатқан биоөнімнің қосымша құнын өсіру және елдің и азық-түлік қаіпсіздігін н

Малайзияның 2009 жылы Forbes Global 2000 тізіміне 18 компаниясы енген.

Әлемдік рейтингісі

Компания

Өндіріс саласы

Табысы
(billion $)

Кіріс
(billion $)

Assets
(billion $)

Market Value
(billion $)

493

CIMB Group Holdings

Banking

4.24

0.82

70.14

14.05

599

Sime Darby

Conglomerates

8.82

0.65

9.92

15.27

642

Public Bank

Banking

2.75

0.74

63.27

11.52

706

Maybank

Banking

4.63

0.20

87.98

14.70

709

Tenaga Nasional

Utilities

8.17

0.26

20.26

10.21

904

Axiata Group

Telecommunications Services

3.83

0.48

10.80

9.71

907

MISC

Transportation

4.33

0.39

10.08

10.66

1179

Genting

Hotels, Restaurants & Leisure

2.60

0.31

12.68

6.81

1192

RHB Capital

Banking

1.57

0.35

33.49

3.49

1205

Maxis

Telecommunications Services

2.22

0.46

5.17

12.08

1224

IOI Group

Food, Drink & Tobacco

4.15

0.28

4.53

10.78

1292

AMMB Holdings

Banking

1.45

0.24

24.56

4.42

1485

PPB Group

Food, Drink & Tobacco

0.57

0.46

3.82

5.60

1501

YTL

Utilities

2.53

0.24

12.92

4.16

1613

Hong Leong Financial Group

Banking

1.08

0.18

24.54

2.39

1643

PLUS Expressways

Transportation

0.93

0.35

5.36

5.11

1755

Petronas Gas

Oil & Gas Operations

0.94

0.25

2.76

5.70

1987

Petronas Dagangan

Oil & Gas Operations

60.69

11

1.81

2.63

 

    

                    Сыртқы саясат және қауіпсіздігі


Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда. Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда. Малайзияның шетелде жалпы саны 105 болатын дипломатиялық өкілеттіліктері бар. Малайзия – негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі: БҰҰ және оның арнайы органдарының (1998-2000 жж. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болды),ӘСҰ, ӘВФ және Әлемдік Банк, Британ Достығы, дамушы елдер бірлестігінің қатысушысы, (Қосылмаушылар қозғалысы, Топ-77, ИКҰ) және аймақтық ұйымдар (АСЕАН, РФА, АТЭС, ВАС). Малайзия Движения неприсоединения төрағасы болды (2003-2006 жж.), ОИК (2003-2008 жж.), АСЕАН (2005-2006 жж.). 2008 жылдың мамыр айында Малайзия Британ Достастығының «Хараре Декларациясының» (CMAG) міндеттемелерін орындау бойынша Министрлік тобының төрағасы орнына сайланды. Бұл шешім 12 мамырда Лондонда 29-шы Топтың отырысы қарсаңында бір дауыспен қабылданды. Малайзия сыртқы саясатының маңыздысы болып асеандық бағыт қалуда. 2020 жылдарға таяу АСЕАН қауымдастығын құру жоспарлануда, сондайа-ақ бщества, «АСЕАН + 3» форматындағы ынтымақтамтық дамуы қаралуда(Қытай,Жапония, Корея). 2008 жылы Малайзия Парламенті 2007 жылы 20 қарашада қол қойылған АСЕАН Жарғысын ратификациялады. Малайзия XIII саммит қарсаңында АСЕАН Сингапурдағы «ондық» көшбасына кіреді. Оның қабылдануы халықаралық құқықсубъектілігі бар АСЕАН эволюциясының, толық аймақтық ұйымға айналуының жаңа кезеңінің бастамасы болып табылады. АСЕАН Жарғысы ресми түрде 2008 жылдың 15 желтоқсанындағы заң күшіне енді. 2009 жылы Малайзияның Сыртқы істер министрлігі жергілікті құқыққорғаушының, Әлемнің Нобель премиясының лауреаты Аун Сан Су Чжидің Мьянмада тұтқындалуына қарсы наразылық білдірді және бұл әрекеттерді елдің демократизациясы бойынша «жол картасы» ұлттық бейбітшілік процессінің үзілуі дет атады. Малайзия инициативасы]] бойынша бұл мәселе 2009 жылдың 19-20 мамырында в Пхукетте (Таиланд) өткен АСЕАН мүше-мемлекеттерінің Үлкен лауазымды тұлғалары отырысының күн тәртібіне енгізілді, Маңызды приоритет батыс жетекші мемлекеттерімен әріптестік қатынастардың дамуы болып табылады – АҚШ және Евроодақ. Мұндай саясаттың жүргізілуіне сауда-экономикалық және әскери-саяси ынтымақтастықтың жоғары деңгейде болуы ықпал етеді. Сонымен, Америка Құрама Штаттары Малайзияның үлкен сауда әріптесі болып табылады, ал Малайзия АҚШ-тың сыртқы экономикалық байланыстарында 10 орында тұр. 2008 жылы екі ел арасындағы тауарайналымы 43,703 млрд. АҚШ долларын құрады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нәтижелі болуының бір көрсеткіші АҚШ пен Малайзияның Еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға мүдделлі болуы, бұл жөніндегі келіссөздер 2006 жылдың маусымынан бері жүргізілуде. Бұл бағыттағы белсенділікті күшейту мақсатында 2009 жылдың 14-15 мамырында Малайзия сыртқы істер министрі Датук Анифах Аман АҚШ-қа іссапармен барды. Іссапар кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен және АҚШ Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төраға орынбасары Ричард Лугармен кездесулер жүргізілді.

Малайзияның сыртқы саясатындағы маңызды сектор Қытаймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл бағыттағы маңызды оқиға 2009 жылдың 2-5 маусымында Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разактың ҚХР-на ресми іссапары облды. Бұл іссапар барысында ҚХР Президенті Ху Цзиньтао мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаомен кездесулер өтті. Тараптар «Қытай-малайзиялық шұғыл ынтымақтастық бойынша біріккен әрекеттер жоспарына», қызметтік және дипломатиялық паспорттармен визасыз бара алу туралы келісімдерге қол қойды. Келісімдер нәтижесі бойынша Малайзия үкіметіның басшысы Н.Разак екі елдің өзара сауда тәжірибесінде толықтай американдық доллардан бас тартып тек қытай юандары мен малайзиялық ринггиттерді пайдалана отырып есептесу туралы жариялады. Малайзияның мұсылман қауымдастығындағы ықпалы күшеюде. Ислам әлемінде ИКҰ төрағасы (2003-2008 жж.) есебінде басқару орындарында болған кезеңдерінде Куала-Лумпур өзін беделді және экономикалық дамыған ислам мемлекеті ретінде көрсете білді. Малайзия палестиндік мәселені реттеу сауалдарында жоғары саяси белсенділік танытуда. Бұл үрдістің соңғы көрінісі ретінде ел үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бұрын болмаған арыздары, Израильдің Палестинаға қарсы агрессиясын сынға алатын резолюция қабылдау ультиматумымен шығуы және Израильдің Газа секторына басып кіруін талқылау үшін БҰҰ шұғыл сессиясын шақыруын айтуымызға болады. Малайзия, сондай-ақ БҰҰ арқылы халықаралық бақылаушылар топтарын Газа секторына бағыттау және БҰҰ мирасқорлық күштерін Палестина территориясына енгізу инициаторы болып табылады. Халықаралық өркениет диалогы мен әріптестігінен туындаған сауалдар аса көңіл аударуды талап етіп отыр. Сонымен, 2006 жылдан бері Сыртқы істер министрлігі «Cordoba Initiative» (АҚШ) ықпалды халықаралық үкіметтік емес ұйыммен жыл сайын мұсылман әлемі мен Батыс өзара әрекеттері сауалдарына арналған конференциялар жүргізуде. Бұл форум азаматтық қоғам, дін өкілдері, ғылым, мәдениет, БАҚ өкілдерінің қатысуымен халықаралық конфессиялық және халықаралық өркениет үшін маңызды қадам болып табылады.

Малайзия 1996 жылы Бангкокта құрылған Азия мен Еуропа арасында саясат, экономика, мәдениет және әлеуметтік сала мәселелері бойынша диалогты дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға белсенділік танытуда.( «Азия – Европа»саммиті). Малайзиялық дипломатияның обьективті жетістіктеріне қарамастан, соңғы бірнеше жыл сыртқы саясатта кейбір қолайсыз мәселелер туындап отырды. Мәселен, 2008 жылы Малайзия Гаагадағы Халықаралық Сотта Сингапурмен аймақтық мәселе бойынша дауда халық мүдделерін қорғай алмады. Сот дауласуы нәтижесі бойынша Куала-Лумпур Оңтүстік-Қытай теңізіндегі шұғыл маңызды арал Педра Бранкадағы бақылау құқығын жоғалтты. Даулы жердің Малайзии штаты – Джохор маңайында және Малайзия аймақтық суларында болғанына қарамастан. Вердикт қабылдауда судьялар Сингапурдың 130 жыл бойы Малайзия тарапынан наразылықсыз аралдағы теңіз маягын пайдаланғанына сүйенді. Ал Малайзия 100 жылдан астам уақыт бойы Педра Бранкада ешқандай шаруашылық қызметін жүргізуге ынта білдірмеген. АҚШ Мемлекеттік департменті есебінде «2009 жыл бойынша Адам саудасы жөнінде», Малайзия ең төмен, тізімдегі үшінші деңгейдегі назарда болды (2007 ж. Малайзия 2-ші деңгейде болды). Елдер 2000 жылы «Адам саудасының құрбандарын қорғау туралы»(TVPA) АҚШ Заңымен бекітілген стандарттар бойынша жүргізіледі. Минималды стандарттарды сақтау үшін аса күш білдірмеген елдер 3-ші деңгейге жатады. Мұндай баға Америка Құрама Штаттарын бұл мемлекеттерге гуманитарлық және сауда мәселелерінен басқа сауалдарда көмегін тоқтатуға итермелеуі мүмкін. «2-ші деңгейдегі бақылау тізімі» үкіметтері TVPA минималды стандарттарын толықтай сақтамаған, бірақ бұл мәселеге аса күш жұмсайтын елдер үшін арналған. Малайзиялық сыртқы саясатының қосымша қоздырғышы жыл сайынғы 2008 жыл бойынша Малайзиядағы саяси жағдай туралы Халықаралық құқыққорғаушы «Freedom House» ұйымының есебі және демократия, рыногтық экономика және саяси жүйенің дамуы жөніндегі «Bertelsmann-Stiftung» (Германия) фондының мәлімдемесі болып отыр. Жоғарыда айтылған мәлімдемеге сәкес, елдегі саяси реформалар жеткіліксіз, қоғамның этно-діни құрылымымен байланысты мәселелері бар, билік жүйесіндегі коррупцияның болуы аса қауіп туғызуда. 2009 жылы «Freedom House» анықтамасы бойынша «Әлемдегі еркіндік жағдайы - 2008» (Freedom in the World) рейтингіне сәйкес, Малайзия «толықтай емес еркін мемлекеттер» категориясына енді (салыстырмалы түрде, Индонезия «Еркін мемлекеттер» тобына кірді). 2009 жылдың қаңтарынан бастап Малайзия СІМ шұғыл стратегиялық жоспарлау жүйесі енгізілді. 2009-2015 жж. аралығына бекітілген бұл жүйе, институциялық потенциал және сыртқы саяси мекемесінің адамзат қорының дамуы мен нығаюына бағытталған. Аталған мақсаттар қызметкерлерді қазіргі дипломатиядағы тиісті білім мен тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, атап айтқанда – саяси және экономикалық анализ, кризис басқаруы, экономикалық дипломатия және стратегиялық жоспралау амалдарын зерттеуді қамтиды. Шетел тілдерін меңгеру және келіссөздер жүргізу тәжірибесін арттыру мәселесіне аса назар аударылады. 2009 жылдың сәуір айында Малайзияның Сыртқы істер министрі болып [[[Датук Анифах Аман]] тағайындалды.

 

                    

 

                                           Тарихи шолу

14 ғасырға дейін Шривиджая империясының құрамына кірген 7 ғасырда пайда болған индуистік мемлекет. 1403 жылы Малайзияның барлық жерлерін біріктірген Малакка корольдігі құрылды. 1511 жылы Малакка Альфонсо де Альбукерктің басшылығындағы португалдық әскермен басып алынды. 1641 жылы португалдықтарды голланддықтар ал 1824 жылы голланддықтарды ағылшындар алмастырды. 1914 жылы бүкіл Малайзия Ұлыбританияның қол астында болды. 1941-1945 жылдары Жапониямен жаулап алынған болатын, бірақ соғыстан кейін қайтадан Ұлыбритания протекторатының астына өтті. 1948 жылы құрылған Малайлық Федерация 1956 жылы автономияға және 1957 жылы Ұлыбритания Достастығының құрамында тәуелсіздікке ие болды. 1963 жылы Малайя, Сингапур, Саравак және Сабахтан тұратын Малайзия Федерациясы құрылды. 1965 жылы саяси және экономикалық келіспеушіліктердің салдарынан Сингапур Федерация] құрамынан шықты.

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

                         

                          

 

 

 

 

                            Малазия мен Қазақстан

Қазақстанның Малайзиядағы елшісі Бейбіт Атамқұлов.

Қазақстанмен қарым-қатынасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда Малайзияның Қазақстанның тәуелсіздігін мойындағаннан бері басталды. 1992 жылғы 16 наурызда Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық қатынастар орнықты. 1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның және Алматыда Малайзия елшіліктері ашылды. 2006 жылдың 25-29 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болды, сапар барысында сауда ынтымақтастығы жөніндегі келісімге, инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімге, экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. 1996 жылы Қазақстанға ресми сапармен Малайзияның премьер-министрі М.Мохамад, 2003 жылы Малайзияның Жоғарғы билеушісі С.Сираджуддин және 2011 жылы Малайзияның премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак келді. 2010 жылдың мамыр айында Қазақстанға дипломатиялық қатынас тарихында алғаш рет Малайзияның сыртқы істер министрі Анифа Аман, маусымда Малайзияның премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак және бұрынғы премьер-министрі А.Бадауи келіп кетті. Аталған сапар барысында Малайзияның премьер-министрі Н.Разак Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысты. Туризмді дамыту мақсатында Малайзия Қазақстан азаматтарына біржақты негізде 30 күнге дейін визасыз режим енгізді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы мен Куала-Лумпур арасында аптасына тікелей үш рейс ұшады.

Малайзияда 2 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда (2011). Оның көпшілігі экономика және ақпараттық-технологиялар мамандықтары бойынша оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

                     

                             Қорытынды

Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал. Малазия мемлекетінің экономикасы жақсы дамыған. Бұл мемлекет шетелдіктерге демалуға қолайлы әрі тиімді болып келеді.

 

Пайдаланған әдебиет

1.      ↑ Malaysian Flag and Crest. myGovernment. Extracted September.

2.      ↑ Қазақ энциклопедиясы 6 том

3.      ↑ Қазақстанға ұқсас қуатты ел

                          

 

 



Малазия