Мангыстауское отделение

Маңғыстау  облысының   мемлекеттік мұрағатының директоры  Өтебаева М. М. «Маңғыстау облысының  электрондық мұрағаты» өңірлік  бағдарламасының шеңберінде автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысы тәжірибесімен  алмасты, оны іске асыруға 44 млн. теңге  бөлінді. 
 
 
 

«Аргентиум» ЖШС  өкілі Емельянова М. К. құжаттық тарихи-мәдени мұраның сақталуы мен ұзақ пайдаланылуын  қамтамасыз ететін инновациялық технологияларға арналған заманауи жабдықтарды көрсетті – жылжымалы стеллаждар, үстелшелер, жәшіктер, құжаттар мен карточкаларды сақтауға арналған сөрелер, құжаттарды жаңғыртуға арналған вакуумдық үстел, орамалы ультродыбысты ламинатор, планшеттерді, карталарды, калькадағы схемаларды сканерлеуге арналған планшетті сканер, ол бір мезгілде шағынфильм де жасайды. 
 
 
 

ШҚО Мұрағаттар және құжаттама басқармасы бөлімінің  бастығы Сүлейменова А. А. «ШҚО электрондық  мұрағаты» шеңберінде 2008 жылдан бері мұрағат саласына ақпараттық технологияларды  енгізу жөнінде баяндама жасады, оны  іске асыруға 54,3 млн. теңге бөлінді. «ШҚО электрондық мұрағаты» мемлекеттік  мұрағаттармен және ШҚО-ның басқа  электрондық бағдарламаларымен  ықпалдастырылған. Қарағанды облысының әкімі С. Ахметов Президентке өңірдің экономикалық жағдайы мен әлеуметтік саладағы дамуы туралы баяндады. 20 жыл ішінде облыстағы жалпы өңірлік өнім 2 млрд. теңгеден 2 трлн. теңгеге дейін ұлғайған. Бүгінде облыс жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша 3 орын алады. Соңғы 10 жылда өнеркәсіп өндірісі нақты түрде 3,8 есеге өсті. 

Тәуелсіздік жылдарында өңірде 4 млн. шаршы метрден астам  тұрғын үй, 38 білім беру мекемесі пайдалануға  берілді. Тек соңғы бірнеше жылда  ғана 18 жаңа аурухана, емхана, дәрігерлік амбулатория, бірегей қан орталығы салынды. Биылғы жылы ең заманауи стандарттармен жарақтандырылған облыстық кардиохиругиялық орталықтың хирургиялық корпусы  мен Қарағандыда емхана ашылатын болады. 

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан  жалпы сомасы 272,8 млрд. теңгені құрайтын, 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын, 42 инвестициялық жоба енгізілді. Бүгінгі  күннің өзінде 18 жоба іске асырылды. 

Жетістіктер көрмесі  кезінде Маңғыстау облысының  әкімі Қ. Көшербаев Мемлекет басшысына  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы  туралы хабарлады. Облыста жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім ең жоғарғы көрсеткіштің бірі. Ол 2010 жылдың қорытындысы бойынша 19 мыңнан астам  долларды құрады. 

Егер 1993 жылы өңір республиканың  өнеркәсіп өндірісінің 4,5 пайызын  қамтамасыз етсе, ал бүгінде Маңғыстау  облысының үлесіне 16,5 пайызы тиесілі. Облыс жан басына шаққанда инвестиция тарту көлемі бойынша елімізде екінші орынға ие. 

Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 3 миллион шаршы метрге ұлғайды. 20 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерде тұрып жатыр. Облыстың әр ауылында газ, су, жарық, байланыс, Интернет және телевидение  бар. 20 жылда Маңғыстауда 160 балабақша  мен жалпы білім беретін мектеп, соның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана»  және «Балапан» бағдарламалары аясында  ашылды. Аурухана мен емхана саны екі  есеге артты. 

Көлік инфрақұрылымы  дамуда. Республикадағы алғашқы концессиондық  жоба -  Ақтау халықаралақ әуежайы  ашылды. Өңірді сумен жабдықтауды  едәуір жақсартатын «Астрахань-Маңғышлақ» су таратқышының құрылысы басталды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 

«БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН  БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» атты 

Қазақстан халқына  Жолдауынан 

«ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Қ. ҚАБЫЛДИН: 

«Тәуелсіз елдің  өркендеуіне үлес қосамыз» 
 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы  Жарлығына сәйкес Қазақстан мұнайшылары  өздерінің төл мерекелерін ресми  түрде қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде  атап өтеді. Мұнай саласы – ел экономикасын дамытудың өзегі. Қара алтынды өндіру бойынша 112 жылдық тарихын артқа  тастаған Қазақстан әлемдік нарықта  көмірсутектің стратегиялық қорына бай мемлекеттердің қатарына енеді. Болашақта Қазақстан әлемнің ең ірі мұнай өндіруші елдерінің ондығына кіретін болады. 

Қазақстан Республикасының  мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында тәуелсіз еліміздің  болашағы үшін аса маңызды осы  саланы дамытуда ерекше орын алатын «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин мырзамен сұхбаттасқан едік. 

- Қайыргелді Мақсұтұлы,  Қазақстан Республикасының мұнай-газ  кешені қызметкерлерінің кәсіби  мерекесін биыл қандай жетістіктермен  қарсы аласыздар? 

- Биыл мұнайшылар  үшін мерейлі жыл. Өйткені,  әйгілі Доссор кен орнының  100 жылдығы, Маңғыстау мұнайының  50 жылдығы, Құмкөл кен орнының  25 жылдығы ел тәуелсіздігінің  20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс  келді. Ұлттық компания өзінің  кәсіби мерекесін осындай мерейтойлармен  қатар, жақсы нәтижелермен қарсы  алып отыр. 

2011 жылдың басынан  бері мұнай және газ конденсатын  өндіру 10,67 млн. тоннаны құрады, ал  табиғи газ өндіру 1,4 млн. тонна  болды, бұл өткен жылдың көрсеткішімен  салыстырғанда 2% артық. Еліміздің  үш мұнай өңдеу зауытында шоғырландырылған  мұнай өңдеу көлемі 5,3 млн. тонна  шамасында. 

Ұлттық компанияның  өндірістік қызметінің қорытындысы  оның қаржылық нәтижелеріне де оң әсер етті. Жалпы ҚМГ бойынша, алдын-ала  мәліметтерге қарағанда, 2011 жылдың қаңтар-шілде  айларында үлестік әдіс бойынша  шоғырландыру қағидатымен есептегенде  ҚР бюджетіне 251,7 млн.теңге салық  және басқа міндетті төлемдер төленді, мұның өзі өткен жылдың осы  мерзіміндегі көрсеткіштен 16% артық. 

Жалпы, елімізде «қара  алтын» өндіру 20 жылдың ішінде жылдық мөлшерін төрт есеге көбейтті. «Қара  алтынды» өндіру мен экспорттаудың  әлемдік деңгейдегі жаңа орталығын  Қазақстан дәйекті түрде қалыптастырып  келеді. Ауыз толтырып айтарлықтай  ауқымды шараға «Қазмұнайгаз» АҚ-ның  қосып отырған үлесі қомақты. 

Біздің болжам бойынша, 2020 жылға дейін «ҚазМұнайГаздың» мұнай өндіру деңгейі 2 есеге дерлік ұлғаяды. 

Алдағы 5 жыл ішінде шоғырландырып өндіру көлемі, компанияның  бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесін ескергенде, негізінен «ескі» кен орындарындағы өндіру есебінен жылына 22-23 млн. тонна деңгейінде болады деп ойлаймыз. Ал өңделіп жатқан кен орындарындағы өндіру үлесі 2011-2015 жылдары 95 пайызды құрайды. 

2016 жылдан бастап  жаңа кен орындарының енгізілуі  есебінен «ҚазМұнайГаздың» мұнайды  шоғырландырып өндіруін жыл сайын  ұлғайтып отыру жоспарлануда, бұл  ретте 2020 жылға дейін ол жылына 33,7 млн. тонна болады. азақстан Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Қазақстан" қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, "Ел" (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармаластық бірлестіктері жұмыс істейді. "Мезгіл", "Бар мен жоқ", "Қатардағы жауынгер", "Ақжүніс" топтама хабарлары беріледі. Екі тілде "Достық" тележурналы шығып тұрады. "МИР" телеарнасының тапсырмасы бойынша "Достастық жаңалықтары" беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре алады.[1] 

Мемлекеттік ақпарат  саясатының ең ықпалды ресурстарының  бірі саналатын Республикалық «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы АҚ құрамында  «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары  бар. Бұған қоса кең-байтақ еліміздің  түкпір-түкпірінде он төрт облыстық филиалы  жұмыс істейтін мекеме былтырдан  бері өрісін кеңейтіп, балаларға арналған «Балапан» арнасын іске қосты. Отандық  телевизияның алғашқы қарлығашы  ретінде ірге көтеріп, бүгінгі таңда  Республика көрермендерінің 100 пайызын  дерлік қамтитын Бірінші «Қазақстан»  Ұлттық арнасы көршілес Ресей Федерациясы  аумағына, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратады. 

Мемлекет атын иеленген Бірінші арнаның жаңа заманғы  ең үздік құрылғылары техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды  жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып  келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген  телекөпірлері немесе әскери парадтар, кейінгі НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді. 

Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әртүрлі жастағы  көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық  және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік  тілді дамытуға негізделген жобалар  көптеп саналады. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне  елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде  жариялап отыруға мүмкіндік тұғызады. Бұл бағытта Ұлттық арнаның таңертеңгілік ақпараттық-сазды «Таңшолпан» бағдарламасының алар орны айрықша. Сол секілді миллиондаған спорт жанкүйерлері де «УЕФА чемпиондар лигасы», «УЕФА Еуропа кубогі» сынды тартыстарды тамашалап, жерлес сайыпқырандар қатысатын өзге де көптеген ірі спорттық жарыстарды осы Бірінші Ұлттық арна арқылы көріп жүргені анық. Әсіресе, «Қазақстан» Ұлттық арнасы кейінгі Қысқы Азиада ойындарып жан-жақты көрсеткені мәлім. 

2011 жылдың қыркүйектің  1нен бастап Қазақстан ұлттық  арнасы тек қана мемлекеттік  тілде жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

Күнде буырқанып, күнде  өзгеріп жататын алмағайып дүниеде  осындай дүбірлі спорттық бағдарламалармен қатар көңіл серпілтетін ойын-сауық  хабарларына да ден қоятын Бірінші  Мемлекеттік арна «Екі жұлдыз», «Кеш жарық» сияқты музыкалық шоуларын да мейлінше жаңа форматта шығарып, көрермен көзқуанышына айналдырды. Әлемдік кеңістікке көз тігумен қатар ежелгі ұттық  құндылықтарға да дендеп бет бұрған бұқара көпшіліктің көңілінен шыққан бағдарламалардың қатарынан «Сен сұлу»  хабарының алатын орны ерекше. Өз көрерметін тапқан айрықша бағдарламалардың бірі - әуелден рухани өмірі аса бай, эстетикалық құндылықтары айрықша  тартымды халқымыздың қолданыстан  шығып қалған көне сөздерін тірілтуге  бағытталған «Сөз мерген» екені  даусыз. Сән-сымбаты жарасып, әуелетіп ән салғанда асқақ даусы алты қырдан асатын қазақтың жезтаңдай әншілері дәстүрін үндейтін «Сегіз қырлы» да таңдаушысын  бей-жай қалдырмайды. Сондай-ақ, ұрпақты  ұлттық мәдени құндылықтардың бағасын  білуге баулып, бүлдіршіндер арасынан сол лайықты дәстүрді жалғастыратын  болашақ өнер жұлдыздарын іріктеуге  негізделген «Айгөлек» бағдарламасы да халық сүйіспеншілігіне бөленгелі  көп болды. Ал отбасылық-ойын-сауықтық «Толағай» хабары болса халықты  салауатты өмір салтын уағыздап, қымбат уақыттың қадірін білуге, сергектік, сымбаттылық сырын ұғуға үндейді. 

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетілімдерінің елеулі үлесі  көркем фильмдер мен сериалдардың трансляциясына беріледі. Телеарна эфирі барлық фильм  жанрларын ұсынып отырады - әлемдік  классика, детектив, комедия, арт-хаус, триллерлер және экшн-фильмдер. Қазір  қазақ елі көрермендеріне үздік  түрік және корей сериалдары көрсетіліп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ал негізгі орын отандық «Қазақфильм» киностудиясының «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», сондай-ақ, соңғы  жылдардағы «Қызжылаған», «Көшпенділер», «Біржан сал» сияқты туындаларына беріліп  жүр. Ұлттық арна түрлі жанрлардағы  бағдарламалар шығарумен қоса көркемсуретті  фильмдер жасаумен де айналасып келеді. Оған мысал ретінде жаңа заманғы  көпшілік-ситком жанрында түсірілген «Айналайын», «Астанаға көктем кеш  келеді» сияқты дүниелерді атауға болады. 

Қазір жобалар өндірісінде  телехабарлар таратудың виртуалды  студиясы сияқты ең соңғы жетістіктері кеңінен қолданыла бастады. Графикалық технологияның дамуына байланысты жарық қою құпияларын жіті пайдалану  арқылы жүзеге асатын виртуалды декорациялар жасау мүмкіндігі пайда болды. Телеарна жуырда өндірістің, сондай-ақ бейнеконтентті өңдеу мен сақтаудың сандық технологиясына көшті. Бұл жүйені іске асыру оперативтілікті  көтерумен бірге телеарна шығармашылық бірлестіктерінің еңбек өнімділігін арттыруға зор мүмкіндік туғызады. Бүгінде белгілі бір оқиғаны жан-жақты қамтып көрсете алатын «Қазақстан» арнасындағыдай он екі камералық жылжымалы телевизия құрылғысы ТМД елдері телевизиясының көпшілігінде жоқ. Бұл техниканың ең соңғы буыны саналады. 

«Қазақстан» - бүгінде  телевизиялық танымдық-тағылымдық, көңілашар-ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде  көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстінде  келе жатқан үздік телеарналардың біріЕл тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына орай Ақтау қаласында 1-3 қараша күндері Маңғыстау аймақтық «Мұнай, газ және инфрақұрылым» атты үлкен шара өткізілуде. «Гранд Нұр Плаза» қонақ үйінде ұйымдастырылған бейіндік аймақтық шара аясында мұнай-газ техникалық конференциясы үшінші рет, ал аймақтық көрме алтыншы рет өтіп отыр.  

Конференцияға ҚР Индустрия  және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚазМұнайГаз» БӨ»  АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Владимир Мирошников, Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше  және өкілетті елшісі Дэвид Моран  бастаған жүзге тарта делегаттар қатысып, олар технологиялық және экологиялық  проблемаларды шешу стратегияларын, инфрақұрылымды дамыту, инвестициялау  мүмкіндіктерін, транспорт желілері мен энергияның балама көздерін дамыту мәселелерін талқылады. 

Ал, техникалық көрменің ашылу салтанатына облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев қатысты. Көрмеге  қатысқан Германия, Қазақстан, Қытай, БАӘ  және Ресейдің 70-тен аса мұнай-газ  секторындағы компаниялары осы саладағы сервистік қызметтерін, мұнай-газ  жабдықтарын таныстырды. Ұлыбритания  мен Ресейдегі халықаралық серіктестермен бірлестікте қазақстандық «Iteca»  көрмелер компаниясы ұйымдастырған  шараның жоғары деңгейде өткізілуіне  ҚР Мұнай және газ министрлігі, Маңғыстау  облыстық және Ақтау қалалық әкімдіктері, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ тікелей  қолдау көрсеткен. Өз кезегінде облыс  әкімі Қ.Көшербаев мұнай-газ секторындағы компаниялардың елдің экономикасын арттыруға септігін тигізетініне сенім  білдіретінін айтты. 

- Елбасымыз Н.Назарбаев  дағдарыстың алдын алу мақсатында  қазақстандық мұнай өндіру көлемін  арттыруды, елді индустриалды-инновациялық  дамытуды тапсырып отыр. Облысымыздың  инвестициялық ахуалы жоғары  бағаланады, инвестиция тарту жөнінен  16 облыс ішінде екінші орындамыз.  Ішкі өнімнің көлемі 19 мың 700 АҚШ  доллары, бұл республикалық орта  көрсеткіштен екі жарым есе  өсті. Облыстың потенициалы жоғары  болғандықтан, біз отандық және  шетелдік ірі компаниялармен  бірлесіп, жаңа технологиялар мен  әлеуметтік–экономикалық даму жобаларын  жүзеге асырып келеміз. Облыс  экономикасының негізін мұнай-газ  секторы құрайтындықтан, аймақта  «Қашаған» жобасы, «Н» блогы секілді  ірі жобалары іске асырылуда.  Маңғыстауда мұндай көрмені өткізу  дәстүрге айналды. Облыста ірі  мұнай-газ компаниялары өз жұмыстарын  жасап келеді, - деді Қырымбек  Елеуұлы. Ал, еліміздің Индустрия  және жаңа технологиялар вице-министрі  облыста атқарылған істерге көңілі  толатынын жеткізді. «Біздің басты  мақсатымыз – экономиканының  бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  Біздің министрлік көтерген бастамаларға  әсіресе Маңғыстау облыстық әкімдігі  белсенді қатысады. Мұнда шағын  және орта бизнесті дамыту  жолында көптеген жұмыстар қолға алынған», - дейді Н.Сауранбаев. Қала басшысы Оспан Қазақбаевтың төрағалығымен, қала әкімінің орынбасары Р.Елтизаров және қала прокуроры Т.Әлібаев, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қамалов пен қаладағы ұлттық этно-мәдени орталық өкілдері, Ақтау қаласы ІІБ-ның қызметкерлері мен Ақтау қалалық мешітінің бас имамы І. Мизамұлы, «НұрОтан» ХДП Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Қорғанбекова мен бөлім басшыларының қатысуымен кезекті жиын өтті. Онда ұлтаралық келісім және Маңғыстау облысындағы Қазақстан халық ассамблеясының 20 жыл ішіндегі жетістіктері мен ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының орындалуы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес шаралар алу мен діни экстремизмді насихаттайтын табыну орындарына талдау жүргізу, заңға сәйкес шаралар қолдану мәселелері қаралып, «Ақтау-есірткісіз қала» аймақтық бағдарламасының жобасы талқыланды. 

Жиында сөз алған  Маңғыстау облысы Қазақстан халқы  ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Мұқанжан Қамалов ұлттық-мәдени отаулардың тыныс-тіршілігімен, жалпы ассамблея  жұмысымен таныстырды. 

– 26 қараша күні Ақтау  қаласындағы №23 мектепте «Біз –  Қазақстандық балалармыз» атты фестиваль  өтеді. Ал, 30 қарашада этно-бірлестіктер арасында байқау ұйымдастырылады. Бұл  байқау ұлттық мәдени бірлестіктердің  салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, ұлттық киімдерін дәріптейді. Желтоқсанның 1 мен 4 күндері аралығында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай спорттық шаралар  да өткізіледі,– деді өз сөзінде  М. Қамалов. 

Қала басшысы О. Дәденұлы ұлттық-мәдени отаулардың жұмысы мен олардың 20 жылда тәуелсіз елге қосқан үлесі жайында баспасөз беттерінде жиі көрсетіп тұрса деген ұсынысын жеткізді. 

Сондай-ақ, жиында ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты туралы» Заңының  орындалуы жайында баяндама жасаған  қала прокуроры Т. Әлібаев жастар саясатын жүзеге асыруға 2 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, оның қандай бағыттарға жұмсалатынына тоқталды. Оның айтуынша, Ақтау қаласы бойынша 14-29 жас аралығында жалпы жастар саны – 51 839 құрайды. Бүгінгі таңда  қала аумағында 4 351 азамат жас отбасы ретінде тіркелген. Жалпы қаланың 14 772 жастары әкімшілік жауапкершілікке  және 1000-нан астам жас қылмыстық  жауапкершілікке тартылған. Сонымен  қатар, жыл басынан бері қалада 6 мүгедек жас жұмыссыздар қатарына есепке алынып, екі мүгедек жас  жастар тәжірибесі аясында, үш жас тұрақты  жұмыспен және бір жас қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген. 

Қала әкімі өз сөзінде 32 «б» шағынауданда жастар ғимаратының салынатын жеткізді. Бүгінде жер аумағы белгіленген. Шаһардың бас прокуроры Т. Әлібаев  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес шаралар алу  мен діни экстремизмді насихаттайтын  табыну орындарына талдау жүргізу бойынша  дайындалған баяндамасында «Жаңа  заңнаманың мақсаты – діни қызмет пен діни бірлестіктердің жұмысын реттеу және жүйеге салу. Ақтау қаласы аумағында 13 діни бірлестік тіркелген, оның 4-уі – діни бірлестіктердің аймақтағы филиалы. Діни ахуалға қатаң бақылау және мемлекеттік реттеу саясаты болуы керек. Қазіргі таңда тұрғындардың діни бағыттағы құқықбұзушылықтармен күресу белсенділігі төмендеп отыр. Бұрынғы құқыққорғау органдары мен тұрғындар арасындағы жан-жақты байланыс жоқтың қасы. Бұл ҚР-ның «Азаматтардың қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастырудағы қатынасы» туралы Заңының 2004 жылы қабылданса да, жеткілікті деңгейде қолданылмай отырғанын білдереді»,– деп атап өтті Т.Әлібаев. 

Сондай-ақ, прокурор қала мектептерінің ғаламторға қосылғанын айта келіп, білім алып жатқан жеткіншектердің  ғаламтормен жұмыс жасауына бақылау  қойып, ғаламтордағы жасөспірімдердің психикасы мен дамуына кері әсерін тигізетін сайттарға мониторинг жүргізілуі керектігіне тоқталды. Мұны қала басшысы О.Қазақбаев та құптап, қала әкімінің орынбасары Р.Елтизаровқа  осы бағытта жұмыс жасауға  тапсырма берді. 

Жиында сөз алған  Кәріс ұлттық мәдени орталығының  төрайымы Райса Маденова-Хван базар  аумақтарында сатылатын насыбайға  тыйым салуға ұсыныс жасады. «Жастарды  нашақорлық пен темекіден шеттенкенімізбен, олар әр көшенің қиылысында, базар  аумағында арзан бағамен сатылатын  насыбайды сатып алып, пайдалануға  құмар. Осы тұрғыдан құқық қорғау органдары қатаң айналысып, тиісті шараларды қолданса деймін. Мектеп, жоғары оқу орындарындағы жастардың  киім үлгісін де қадағалап, жөнге  салатын кез келген сияқты», –  дейді Райса Маденова-Хван. 

Мұнан кейін қалалық  ішкі істер басқармасы қауіпсіздік  бөлімінің бастығы Самат Нысан  Ақтаудағы ахуалға назар аударды. Оның айутынша, жыл басынан бері облыс көлемінде сегіз дерек  тіркеліп, әкімшілік материал жинақталып, сот шешімімен айыппұл салынған. Сонымен қатар, 258 діни кітаптар мен  журналдар және 23 дана дискі тәркіленіп алынып, деректер бойынша теологиялық  экспертиза тағайындалғанына тоқталды. «Осы орайда айта кететін мәселе –  облысымызта, тіпті еліміздің батыс  өңірінде теолог маманын жоқ. Теолог маманының жоқтығы – дәстүрсіз  діни ағымдардың мүшелерінен алынған  діни кітаптар бойынша тез арада  заңды шешім қабылдауға кедергі  болуда. Сондықтан басқа аймақтардан  келген азаматтардан алынған, дәстүрсіз  дінді уағыздайтын діни кітаптарды теологиялық сараптамадан 2-3 ай мерзімінде өткізуге мәжбүр», – дейді С.Нысан. 

«Ақтау – есірткісіз қала» аймақтық бағдарламасын жасақтау туралы баяндамасында «Ақтау қалалық  ішкі саясат» бөлімінің бастығы  Асхат Исаев бағдарламаның тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, бағдарламаның  орындалуы үш жылға созылған. Бағдарлама үш бағыт бойынша, яғни нашақорлықтың  алдын-алу, нашақорлықты емдеу, сауықтыру  және есірткі бизнесіне қарсы  күрестері бойынша жұмыс жасайды  екен. Аталмыш бағдарлама еліміздің  тоғыз өңірінде қабылданып, жүзеге асқан. 

–     Енді осы бағдарламаны Ақтау қаласында  жүзеге асырсақ деген ойдамын. Бұл  бағдарлама Ақтау қаласында құқық  қорғау органдары мен мемлекеттік  мекемелер, денсаулық сақтау басқармаларымен  бірлесе жүзеге асырылады. Егер аталған  құзырлы органдар тарапынан қолдау тауып жатса, 2012 жылдың бюджеттік  ұсынымына енгізуді жоспарлап отырмыз, – дейді А.Исаев. 

Ал, жиын соңында «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ю.Шахшаев Ақтау қаласында «Достық үйін» ашу жөнінде ұсыныс айтты. Маңғыстау облысында жеделдете индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды 
 

20 қаңтарда Маңғыстау  облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың  төрағалығымен 2010-2014  жылдарға  арналған индустриялық-инновациялық даму мем лекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс тобын басқарған  ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиевтің қатысуымен индустриялық даму аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті 

 Отырысқа жұмыс  тобының мүшелері - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның, «Kaznex Invest» ұлттық экспорт және инвестицяиалр агенттігі» АҚ-ның, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның өкілдері қатысты. 

 Отырысқа қатысушылар  облыста 2010 жылы жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы қорытындыларын талқылады. Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына 17 инвестициялық жоба енгізілген болатын. Оның ішінде - республикалық Индустрияландыру картасына енгізлген жалпы сметалық құны 501,8 млрд. теңгенің 8 жобасы бар, оны жүзеге асыруда 22 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. Аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген құны 33,2 млрд. теңгенің 9 жобасы арқасында 33 мың жұмыс орны ашылады. 

2010 жылы экономиканың  шикізаттық емес секторында 9 нысан  іске қосылды, оның нәтижесінде  1 193 жаңа жұмыс орындары ашылды. Нысандардың жалпы сметалық құны 37,1 млрд. теңгені құрайды. 

 Ақтау қаласының  аумағында Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі алғашқы тақтайтас  зауыты, халықаралық терминал мен  ұшу-қондыру желектерін қайта құрастыру жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталды. 

 Тағы бір ірі жоба - «Диірмен кешені мен  құрама жем зауытын қоса алғандағы элеваторлық кешеннің құрылысы» Бейнеу ауданында жүзеге асырылып отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын 3,5 мың тонна ұн шығарады. Қоймада жүзеге асырылуға дайын 1 000 тонна ұн сақталуда, 700 тонна құрама жем өндірілген. 

 Биылғы жылы  жалпы сомасы 83 миллиард теңгені  құрайтын 7 нысан пайдалануға берлімек. Сол арқылы жаңадан 2,8 мың жұмыс орны құрылады деп көзделуде. 

 Отырыс барысында  өңдеуші өнеркәсіптің жаңа жобалары, атап айтқанда жасанды тастар шығаратын зауыт, жаңа нан зауыты мен бекіре балық фермасының таныстырылымы болды. Аймақтық деңгейде келісілген соң олар Индустрияландыру картасына енгізілу үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынылатын болады. 

2010-2014 жылдарға арналған  мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысты өткен кеңестен соң ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев бастаған жұмыс тобының мүшелері облыстағы кәсіпкерлердің сұрақтарына кеңінен тоқталып, жауап берді. 

 Сонымен қатар  кеңесте жергілікті өндірушілердің  жағдайын барынша пайдаланып, мұнай-газ  саласында жүзеге асырылатын  инвестициялық жобалардағы қазақстандық  үлестің қамтамасыз етілу мәселелерін,  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының  жүзеге асырылуын талқыға салынды. 

 Сол күні жұмыс  тобының мүшелері бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарында болып, аймақта инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысты. 

Мангыстауское отделение