Мемлекет түсінігі
КІРІСПЕ
Мемлекет түсінігі. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі». Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
- мемлекеттің орталық
және жергілікті билік
- мемлекеттің тұрғындары
әкімшілік-аумақтық
- мемлекеттің шекарасы
анық белгіленген аумағы
- мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
- мемлекет әскерді
полицияны, сотты, басқа мемлекеттік
мекемелерде қызмет істейтін
шенеуніктерді ұстау үшін
- мемлекет заңдар
және басқа нормативтік-
Мемлекеттің типтері.
Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап – құлдар болды Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттің қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағанын айтады.
Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Алғашқы индустриалдық мемлекеттер санатында XVI ғасырдан бастап буржуазия билікке қол жеткізген Нидерландыны, XVII ғасырдағы революциядан кейінгі Англияны, XVIII ғасырда мемлекеттік құрылымның жаңаша дамуы жолына .
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз монархия.
Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 20-жыл уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің анықтамасына жан-жақты тоқталып оның белгілерін ашып көрсету. Осы мақсатуқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- мемлекеттің түсінігін анықтау;
- мемлекеттің түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық негіздерді зерттеу;
- мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функцияларына тоқталу;
- мемлекеттің әлеуметтік мақсатын қарастыру;
- мемлекет функцияларын анықтау;
- басқару нысанына тоқталу;
- мемлекет механизмін қарастыру.
- МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет – адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым – қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:
- Кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді;
- Тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімен», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді.Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады.Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.
Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы.Ол-керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ.Ол құлиеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар.Олардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
Теологиялық теория.Оның негізін салушы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
Патриархтық теория.Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда боуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.Осыған ұқсас идеяны Аристотельде айтқан болатын.
Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций,Ж.Ж.Руссо) егеменді әміршісі мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
«Зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг,Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекетпайда болды деп пайымдады.
Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын асу үшін деп санайды.Ф.Энгельс мемлекет әрдайым «ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып аладыжәне осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие бола алады» деп жазды. (К.Маркс пен Ф.Энгельс.Шығармалар, 21-том, 171-бет)
Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі.Оған барлық халықтың,ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым,құрал ретінде қарайды.Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды оларды саяси жолмен шешу үшін мелекет негізгі әлеуметтәк топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болу керек дейді.
Сонымен мемлекет деп белгілібір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
2. МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мемлекеттің қоғамнан және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын білуге көмектесетін, өзіне тән белгілері болады.
Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді. Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына айналады. Қандай мемлекет болмасын өзінің аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және шешеді. Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді. Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институт ерекшеленеді.
Екіншіден, мемлекеттің қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға құрылып, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық қоғамда өкімет халықпен бірге болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын құрғанда тікелей қатынасып, бөліктерінің қызметіне бақылау жүргізеді. Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін, саяси өкімет, заңдар қабылдайды және басқа да бәріне бірдей шешімдер шығарады. Құқықтық заңдар, ел азаматтарының қолдауына ие болып, мемлекет жағынан заңды қимыл жасамай – ақ ерікті түрде іске асырылады. Өкімет өзін азаматтық қоғамға қарсы қоймайды және оның мүддесін қамтамасыз етуге, экономикасының дамуына барынша материалдық жағдайлар жасап, қажетті өмір сүру деңгейіне жеткізуді көздейді.
Үшіншіден, тек мемлекет ғана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік өкімет- жоғарғы, тәуелсіз және бөлінбейді. Оның жоғарылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы, партияларға не болмаса басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық қана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды. Халық референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар. Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әртүрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие болғандығы.
Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана, бәрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық халықты біріктреді және оның атынан шығады. Оның шешімінің, барлық азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.
Бесіншіден, тек мемлекет қана, әлеуметтік қажеттілікке, отан қорғауға, мемлекеттік аппаратты ұстауға, өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан алым – салық жинайды.
Мемлекеттің белгілері
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жата
ды;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекет түрлері
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақ
стан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ,Алмания, Мал
айзия, т.б. жатады.
Мемлекет басқаруы бойынша
Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия
— мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
Республикалық басқару — парламенттік және пр
езиденттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.
Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жа
лғыз ресми өкілі ретінде халық ты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын
шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қы
змет ететін адамдарды қаржылан дыратын арнаулы материалдық қо р болады, ондай қор жасау үшін алым-салы қ белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынаст
арды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын
мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады.
Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне
қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуа
Даму сатылары
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);
бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің
құлиеленушілік,
феодалдық және
буржуазиялық түрлері анықталған.
Құлиеленуші мемлекетте үстемдік құрушы
тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен
өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдар қандай да бір саяси,
заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа
ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге,
азаптап қинауға болады. Мемлекет осы
жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің
мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік
құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға
жерді пайдалануға беріп, одан түскен
пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды.
Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте
шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне
иелік етеді. Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының
индустриалды кезеңінде пайда болады.
Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының
теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар
жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды
жалдауға немесе жалдануға құқық береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет әрдайым даму үрдісінде болатын, тек өзіне ғана тән қызметтерді, әсер ету нысандары мен әдістері болатын айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз. Сонымен, мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік жалғасы болып табылады. Мемлекет – басқару қызметін орындай алатын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Ол өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық жіне жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет – қоғамның саяси билігінің ерекше ұйымы. Оның ортақ істерді басқаруға бағытталған арнаулы аппараты болады. Ең алдымен мемлекет өз билігі таратылатын белгілі бір аумақпен байланысты болады. Мемлекет түсінігі және түрлеріне қатысты мәселелер адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын өз көкейкестілігін жоғалтқан емес. Өзіміз байқап отырғандай, азаматтардың барлық саналы өмірі өзі өмір сүріп отырған мемлекетпен тікелей байланысты болғандықтан, ол өз мемлекетінің көркейіп, гүлдене беруіне барлық күшсжігерін жұмсауы қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сапаргалиев
Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және
құқық теориясы: Оқулық.- Астана: Фолиант,
2007.-336 б.
2. Ибраева А.С. Теория государства
и права: Учебн. Пособие. 2-е изд. с доп. и
изм. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 424 с.
3. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері.
2-бас., толықтырылған. – Алматы: Жеті жарғы,
2007. - 304 бет.
4. Баянов Е. Қазақстан Республикасының
мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық.
Алматы, 2009 ж.
5. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет
және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,
2006 ж.
6. Өміржанов Е.Т. Құқық негіздері.
Оқу құралы. - Алматы, 2010 ж.
7. Жоламанов Қ.Т. Мемлекет және
құқық теориясы. Алматы, 1998 ж.
8. Малько А.В. Теория госдарства
иправа. Учебник. М, 1999 г.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ…….....................
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ………...................
2. МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................
ҚОРЫТЫНДЫ…....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……......................

- Мемлекеттык кызмет
- Мемлекет ұғымы
- Мемлекет ұғымы мен түрлері
- Мемлекет шығыстары
- Мемлекет шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы
- Мемлекттің пайда болу теориялары
- Мемлкеттік, құқықтық органдар
- Мемлекеттің типтері мен функциялары
- Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты
- Мемлекеттің шығу тегі мен мәні
- Мемлекеттің экономикалық қызметі
- Мемлекетті реттеу теориясы
- Мемлекетті реттеу теориясы
- Мемлекетті реттеу теориясы