Ирина Эланс
Мемлекет ұғымы мен түрлері
Жоспары:
I. |
Кіріспе |
3 | |
II. |
Негізгі бөлім |
||
2.1 |
Мемлекет ұғымы мен түрлері |
5 | |
2.2 |
Мемлекеттің басқару нысаны |
11 | |
2.3 |
Мемлекет құрылымы нысаны |
13 | |
2.4 |
Саяси тәртіп (режим) |
15 | |
III. |
Қорытынды |
21 | |
IV. |
Пайдаланылған әдебиеттер |
22 | |
Кіріспе
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі
құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік
биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады.
Мемлекеттің үш жағы
бар: басқару түрі, саяси тәртібі,
мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жоғарғы
өкімет билігі кімнің қолында екендігін
көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің
жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің
қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде
қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік,
конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік
монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей,
тұтас, формальді түрде де шектелместен
бір адамның қолында тұрған құрылысты
айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар
әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі
жоқ.
Конституциялық монархияда
монархтың билігі белгілі дәрежеде заң
шығаратын билік парламентпен шектеледі.
Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания,
Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко,
Жапонияда сақталған.
Республика деп – мемлекеттік
биліктің барлық жоғары органдары белгілі
бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік
мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік
басқарудың түрін айтады. Республика президенттік
және парламенттік болып бөлінеді.
Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.
Парламент екі палатадан тұрады.
Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі
палата жалпыға бірдей тікелей сайлау
арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық
және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай
елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда
бірпартиялық парламент қызмет етеді.
Дамыған елдерде екіпартиялық парламент
жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық
және демократиялық партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі
атайды:
АҚШ, Филиппинде – конгресс; Польша, Финляндияда – Сейлі; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.
Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді.
Унитарлық – құрылыста саяси
билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің
ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға
жол бермейді. Оның жері, конституциясы
бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы
органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы:
Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.
Федерация – деп белгілі бір
саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік
құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір
мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік
конституция барлық міндеттерді реттейді.
Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары
болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады.
Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.
Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.
Негізгі бөлім
2.1 Мемлекет ұғымы мен түрлері
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке — “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды. Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті. Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткенімізді ойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі. Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.Конфуцийдің ойынша, б.з.д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі — қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі «Аспан ұлы»– адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады. Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім – халықтың ой-арманымен, бақытты болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет – халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.
Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б.з.д. IX – VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) менГераклиттің (б.з.д. 544-483 жж.) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: «өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай күресу керек» — деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады. Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып – дамуы мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды. Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны –жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы. Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды. Оның тарихы: патшалық (б.з.д. 754-510 жж.), республикалық (б.з.д. 509-28 жж.) және императорлық (б.з.д. 27 – б.з. 476 жж.) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б.з.д. 99-55 жж.) шығармалары, әсіресе оның “Табиғат заттары туралы” поэмасы. Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып “Мемлекет туралы” және “Заңдар туралы” деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді.
Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы – заңның үстемдігі. Оның “Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз”, — деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.
Мемлекет туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы” деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. “Мемлекет, — 59деп көрсетеді ойшыл, — адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым”. Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: “Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет — өз міндетін атқара алады”. Ойшылдың осы пікірі «қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек» деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды. Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. «Мемлекет» және «қоғам» деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н.Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін “stato” деген термин енгізді. Стато – қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.
Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады.
1948 жылы БҰҰ қабылдаған
“Адам құқықтарының жалпыға бірдей
Декларациясында” «адам құқықтары
мен бостандықтары әркімге тумысынан
берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет
өз заңдарына енгізуге тиісті»
— деп жариялады.
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.
Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі — Қазақстан Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсаты болып табылады.
Мемлекет түрлеріне төмендегілер жатады.
Ассоциацияланған мемлекет
Ассоциацияланған мемлекет — мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.
Буферлік мемлекет
Буферлік мемлекет — екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.
Көпұлттық мемлекет
Көпұлттық мемлекет — территориясында әртүрлі этностар — ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.
Ұлттық мемлекет
Ұлттық мемлекет — белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.
Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқау болуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет теболмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның 66 үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп санаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзініңКонституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзіндемократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі – заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуыкерек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты ажырамас құқықтары бекітілуі қажет. Құқық – мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық адамның табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. Жоғарыда аталған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген.
Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі бостандық өлшемі құқылық формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәрінебірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15-бабында көрсетілгендей, «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюғахақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес.
Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын жоққа шығарып, біреулердің ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады. Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді.
Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі – мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып, мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.
Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне, осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным бойынша бірде-бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді, әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін қажет.
Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп, қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен)ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым-қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік беретін халық. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап отыратын мемлекеттік биліктің тармағы – сот билігі. Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси сапасы жағынан жетілген түрі – құқықтық мемлекет, яғни демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, заңның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығын жан-жақты қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару.
Қорыта келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті—қоғамда тұрақтылық орнатып, азаматтарының қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет туралы тақырыпты талдаған кездегі жиі кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді болып табылады?» деген сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың қысқаша жауабы: «Ең жақсы мемлекет—ол өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін мемлекет» — деген қағида.
Әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет — әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.
2.2 Мемлекеттің басқару нысаны
Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі.
Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.
Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.
Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауыншы дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франсия осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық монархия дейді.
Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапон мемлекеттерін айтуға болады.
Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктару мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикадық режімдер жағдайынды ұшыраса береді.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
- жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
- жоғарғы мемлекеттік
органдардың ұйымдастыру қызметі
азаматтардың құқығы мен бостандығын
қамтамасыз етуге қандай деңгейде
мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының
Президенті — мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық
қатынастарда Қазақстанның атынан
өкілдік ететін ең жоғары лауазымды
тұлға.
2. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.
Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. «Азаматтық қоғам» түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, «өндірістік қатынастар» ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде «азаматтық қоғам» – бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді
Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады.

- Мемлекет шығыстары
- Мемлекет шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы
- Мемлекттің пайда болу теориялары
- Мемлкеттік, құқықтық органдар
- Меморандум о конфиденциальности
- Мемориально-ордерная форма бухгалтерского учета
- Мемориально-ордерная форма бухгалтерского учета
- Мемлекеттің экономикалық қызметі
- Мемлекетті реттеу теориясы
- Мемлекетті реттеу теориясы
- Мемлекетті реттеу теориясы
- Мемлекет түсінігі
- Мемлекеттык кызмет
- Мемлекет ұғымы