Мемлекет шығыстары

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  министрлігі

«Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» МКҚК 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 

Тақырыбы: ________

_____________

                   

                                                            

                                                             Орындаған:Сембаева Ф. 523-топ

                                                             Тексерген: Туркпеналина А. А. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақтөбе  қаласы – 2008 

Жоспар 
 

      1. Мемлекет шығыстары туралы жалпы  түсінік.

      2. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру және ондағы қағидаттар.

      3. Мемлекет шығыстарының сыныптамасы.

     4. Экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар.

     5. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар.

     6. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары.

     7. Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар.

     8. Қолданылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Мемлекет шығыстары туралы жалпы түсінік. 
 

     Мемлекет  шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығыстар. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

     Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырымаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттің сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

     Мемлекет  шығыстарының құрамына:  мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

     Мемлекеттік сектордыың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

     1) өндірістік, шаруашылық пайдалану  қызметімен байланысты шығындар;

     2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске ( негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

     3) бюджетке және бюджеттен тыс  қорларға төленетін төлемдер;

     4) көтермелеу және ынталандыру  қорларына аударылатын аударымдар;

     Шығындардың бірінші  тобы қорлардың (капиталдырдың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорыдар бойынша мемлекеттік шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

     Мемлекет  өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады. Сонымен қатар өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. «Мемлекет шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды. 
 
 
 

     Мемлект шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер  көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды: әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнім мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлар мен қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

     Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетте орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылатын күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекет  шығыстарын ұйымдастыру  және ондағы қағидаттар. 
 

     Мемлекет  шығыстарын ұйымдастыруға  оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаржыландыруды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекет шығыстарын

ұйымдастыру қағидаттарының бірі – жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеумік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аударымдар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.мемлекет шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі – баланстық әдіс болып табылады.

     Мелекттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылық және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаражаттардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік  проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

     Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды ( кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістермен қатар қолданылады (мысалы, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры).

     Даму  жоспарларының ( болжамдарының) орындалуына  қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда  және шаралады экономикалық әлеуметтік  дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді. Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау – мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты. Ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдеріне мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды пайдалануға бағытталаған.

     Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті  қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесімі болып табылады. 
 
 
 
 

     Мемлекет  шығыстарының сыныптамасы. 
 

     Мелекеттің шығыстары экономикалық  мазмұны бойынша 3 негізгі топқа бөлінеді:

     1) Материалдық өндіріспен тікелей  байланысты және өндірістік сфераға  жататын шығыстар;

     2) Қызметтің өндірістік емес сферасындағы  шығыстар;

     3) Мемлекеттік резервтерді жасау  шығыстары;

     Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табыстыжасаумен байланысты;

     Мелекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераларға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу, ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

     Шығыстардың үшінші тобы – мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде өндірістік, сондай-ақ өнірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауармен қамтамасыз етуге арналған.

     Предметтік ( мақсатты) белгісі  бойынша мемлекет шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығындар болып бөлінеді.

     Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.

      Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектіңнысаны – бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары бар:

  • Демеу қаржылары;
  • субвенциялар;
  • субсидиялар;
 
 
 
 
 
 

    Демеу қаржылары кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен

бюджет пен  бюджет қорларынан кәсіпорындар мен  ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді.

      Субвенциялар – халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражатты қайтаруға жатады.

      Субсидиялар – үлестік негізде белгілі бір шаралары қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша немесе заттай нысандағы жәрдемақылар.

      Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған  жағдайда) трансферттік қаржыландырудың  түрін қабылдайды.

      Трансферттер  – бюджеттек және бюджеттек тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусызберу.Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Экономиканы қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар. 
 

      Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар – бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.

      Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды күрделі жұмсалымдар – материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.

      Күрделі жұмсалымдардың құрамына:

      1) Құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;

      2) Жабдық, сайман, аспап сатып алу  шығындары;

     3) Өзге күрделі жұмыстар мен  шығындар

     4) Жаңа салынып жатқан кәсіпорындар  үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын  шығындар кіреді.

     Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:

     1) Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  меншікті қаражаттары;

     2) Банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;

     3) Халықтың жинақ ақшасы ( тұрғын  үй құрылысына)

     4) Бюджеттен қаржы бөлу.

     Жөндеуге  жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындары кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің өзіндік құнына

нормативтер бойынша  қоса отырып жасалынады.

      Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың қажетті шарты болып табылады.

      Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары  есебінен жасалынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар. 

      Мемлекет  шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға – оқу ағартуға, ақпарттық қызмет көрсетуге ( баспасөз, радио хабарын таратуға және теледидар), мәдениетке, өерге, денсаулық сақтатуға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) Білім беру және кадрларды  кәсіпке даярлау;

     2) Мәдениет, өнер, спот және бұқаралық ақпарат құралдары;

     3) Денсаулық сақтау;

     4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандару  және әлеуметтік көмек.

     Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарына, кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді.

     Мәдениет  пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филиалдарды, сазгерлік ұйымдарды, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады.

     Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.

     Дене  шынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, кәіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаражаттар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары 

     Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алады.

     Әлеуметтік  қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы  жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты  тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру  механизмдерінің жүйесін айтады.

     Әлеуметтік  мұқтаждықтарды қаражаттандыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың 3 әдісін бөліп көруге болады.

     1) Сақтық әдіс  әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді..

     2) Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымемлекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатыныңмақсаттарымен анықталатын деңгейде беріледі.

     3) Қайырымдылық жарналары ( қайыр көрсету) әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.

     Әлеуметтік  сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.

     Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандыруға құқы бар азаматтар заңнамады көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі орталыөтан, Жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

     Еңбекке уақытша жарамсыздық  бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты ( жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға т.б.) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.

     Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектік жөніндегі, асыраушысынан айырылғандығы және жас мөлшері бойынша оларды алуға мұқтаж және толық мемлекет есебінен қамтылған азаматтарға ақша қаражаттарын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады. 
 
 
 
 
 

  

 Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар 

     Әрбір мемлекет өзінің қорғаныс қабілетін  сақтап отыруы тиіс, ол аса маңызды мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады. Өзінің жерін, елін сыртықы күштердер қорғай алатын мемлекетті ғана тәуелсіз деп тануға болады, осының өзі Қазақстанның төл армиясының құрылуына ұйытқы болды, соған сәйкес әскери доктарина қабылданып, өзінің қалыптасу кезеңінен өтті. Қарулы күштер дербес мемлекет құрылымының міндетті элементі болып табылады.

      Басшылық  пен басқаруды ҚР-ның Қорғаныс министрлігінде орталықтандыру қорғанысқа бағытталған қаржы ресурстарын тиісінше орталықтандыруды талап етеді. Сондықтан қорғанысқа жұмсалатын шығыстар көбінесе республикалық бюджеттен (80% жуығы) қаржыландырылады. Қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету мыналарды кіріктіреді:

  • қарулы күштерді қаржыландыру;
  • қару-жарақтарды, соғыс техникасын, өндірістік-техникалық

арналардың өнімдерін әзірлеуге, өндеруге және сатып алуға

жұмсалатын шығындар;

  • ғыми зерттеулер;
  • әскери объектілердің ( аэродромдардың, баздардың және т.б.) күрделі

құрылысы;

  • әскери қызметшілердің жеке басын мідетті мемлекеттік сақтандыру.

    Қорғанысқа  жұмсалатын шығыстарды үкімет республикалық бюджет

құрамында қарайды, ал Парламент тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заң  қабылдайды, оған қорғанысқа жұмсалатын шығыстар жеке функциялық топпен бекітіледі.

      Мемлекет  шығыстарының құрылымында шаруашылық құрылыста, әлеуметтік және экономикалық саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын басқарудың мемлекеттік аппаратына жұмсалатын шығыстар шамалы орын алады. Басқару органдарының көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылық және мәдени өміріне басшылықты жүзеге асырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер. 

    «Қаржы» кітабы.

Мемлекет шығыстары