Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауыерекше экономикалықнысандар ө бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттер өтеу,мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар,бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік – экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1.кірістер:
Салықтық түсімдер;
Салықтық емес түсімдер;
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
Ресми трансферттер түсімдері;
2.шығындар;
3.операциялық сальдо;
4.таза бюджеттік кредит беру:
Бюджеттік кредиттер;
Бюджеттік кредиттерді өтеу;
5.қаржы активтерімен жасалатын операцияларбойынша сальдо:
Қаржы активтерін сатып алу;
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6.бюджет тапшылығы (профициті) ;
7.бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
Қарыздар түсімі;
Қарыздарды өтеу;
Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материялдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материялдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады .
Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттікң бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бұрыңғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде . Республикалық деңгейдегі білім беруді , денсаулық сақтауды , әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр . Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың : басқаруға , армияға , құқық қорғау органдарына , үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге , дипломатиялық мекемелерді ұстауға , дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде . Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 жұмсалады .
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған)өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заң тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Мемлекеттік кірістер мен шығыстар
29.01.2012 Oppa4ki
Жоспар
1. Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі
3. Мемлекеттік шығындардың әлеуметтік –экономикалық мәні
4. Мемлекеттік шығындардың құрамы және жіктелуі
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың экономикалық мазмұнын ашу, олардың қоғамдағы атқаратын ролін анықтау
Лекцияның мазмұны
1. Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
Мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі үрдіс пайда болады:
§ Мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру
§ Әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану
Бірінші үрдіс — мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.
Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория.
Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың бастапқы кірістері қалыптасады.
Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік кірістер» мен «мемлекеттік бюдеттік кірістері» түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді, ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады:
- ішкі
- сыртқы
Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.
2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
Мемлекеттік кірістердің жіктелуі олардың экономикалық мағынасын, құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері
3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері
4) Халықтың салықтық төлемдері
5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салықтық түсімдерінен.
Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.
Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:
1) Салықтық
2) Салықтық емес.
Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанында болады. Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және эмиссиялар жатады.Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін әртүлі болып отыр және олар қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен және шаруашылық жағдаймен анықталады.
Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі басты орынды салықтар алады. Олар бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар (займдар) болып табылады. Ол бюджет тапшылығын жабуға емес, соныменбірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе, экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайданылады.Қарыздар мемлекет қаржыларының әр түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттік тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Қарыздар соынымен қатар мемлекеттің бюджетінің тапшылығын жабуда қолданылады. Сонымен қатар қаржылық нарықтың қалыптасуы, қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қарыздарды жабудың қаржылық базасына салықтар пайдаланылады.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісіне эмиссия – қағаз ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы жатады. Эмиссияны мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы нарығында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдай туындағанда қолданады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, несие эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымының қажеттілігіне баййланысты болмай, бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестепрдің күшеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекеттер несие эмиссиясын қолданбастан бұрын, оны қарызбен алмастыруды жиі қолданады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қорлар салықтар мен салықтық емес түсімдер негізінде қолданылады, ал эмиссия бұл жерде қолданылмайды.
3.Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні
Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен байланысты ақшалай шығындарды айтамыз. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар – бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын тікелей шығындардан тұрады.
Шығындар ұғымы жоғарыда келтірілген «кірістер» түсінігіндегі жіктелуге өте ұқсас. Сонымен қатар «шығындар» ұғымының екі мағынасы бар:
1) Ақша қаражаттарын олардың мақсатты бағытталуы юойынша пайдалану, яғни ақша қаржаттарын айырбас процесінде тікелей қолдану. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкіліктітабыстардың есебінен жүзеге асырлатын өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, және халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына қорлану және тұтыну қорына бөлінеді.
2) Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлістірілетін шығыстарды ажырата білу қажет, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын масатты бағытталу бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлқ шаруашылық жүргізуші субъектлердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізгі болып табылады. Бұл екі аспект <шығыстар> ұғымының оның <шығындар> ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделіліктің туындауына әкеледі: егер <шығыстар > соңғы тұтынуды білдіретін болса, <шығындар> келешекте табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі –жоспарлылық болып табылады.
Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті айқындайтын неғұрлым дамыған және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді.
5. Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі
Мемлекеттік шығындардың кейбір түрлері экономикалық мәні мен мазмұны бойынша біркелкі емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді:
1) Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар
2) Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар
3) Мемлекеттің резервтерді жасауға жұмсайтын шығыстары
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты жасаумен байланысты
Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.
Мемлекеттік шығыстардың үшінші тобы мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығындар қаражатарды максималды түрде тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік шығыстардың айрықша түрлеріне қызмет істеп тұрған немесе қайта қалыптасатын кәсіпорынға инвестиция бөлуге жұмсалатын шығындар жатады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметін атқарумен байланысты шығындары біртіндеп артып отырады. Осының нәтижемінде халықтың нақты табыстары мен материалдық және мәдени шараларға жұмсайтын шығындары артады.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әр түрі нысанда — өзін-өзі қаржыландыру, бюджеттік қаржыландыру және несиемен қамтамасыз ету нысанында орын алады.
Өзін-өзі қаржыландыру мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабуда өздерінің меншікті қаражаттарын қолдануды айтамыз.
Бюджеттік қаржыландыру жалпы мемлекеттік мәні бар шығындарды жабу үшін қолданылады.
Несиемен қамтамасыз ету ағымдық және инвестициялық шығындарды жабу мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың банктік ссудаларды алуда қолданылады. Сонымен қатар несиемен қамтамасыз ету қаржы нарығында мемлекеттік несиені түріндегі ақшалай қаражаттарды пайдаланатын мемлекеттік басқару құрылымының әр түрлі деңгейінде пайдаланылады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың аталып өткен нысандарындағы мақсатты өзара байланыстық қатынас экономикалық қатынасқа қатынасушылардың арасындағы тепе-теңдік байланысты айқындайды.
Бюджеттік қаржыландырудың жиі қолданылатын келесідей нысандарын атап кетуге болады:
1) Дотация – мемлекеттік бюджеттен және бюджеттік емес қорлардан қайтарымсыз нысанда кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын және бюджеттің теңгерімділігін жабу мақсатында бөлінетін ақшалай қаражаттар.
2)Субвенция – халықты әлеуметтік қорғау және тағы басқа мақсаттарға жүзеге асырылатын бағдарламалар мен іс- шараларды қаржыландыруға жұсалынатын мемлекеттік ақшалай көмек. Қаржының мақсатсыз негізде жұмсалғаны анықталған жағдайда қаражаттар қайтарылады.
3) Субсидия – бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.
Бақылау сұрақтары
1. Мемлекеттік кірістер дегеніміз не?
2. Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні неде?
3. Орталықтандырылған категорияға кіретін мемлекеттік кірістер түрлерін ата
4. Мемлекеттік кірістер қалай құралады
5. Қандай кірістер бастапқы деп аталады
6. Мемлекеттік кірістің көздерін ата
7. Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне нелер жатады
8. Мемлекеттік кірістердің сыртқы көздеріне нелер жатады
9. Мемлекеттік кірістердің жіктелуін ата
10. Меншік нысанының ұйымдық –құқықтық нысандарына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
11. Қалыптасу аясына байланысты мемлекеттік кірістер қалай жіктеледі
12. Қаржылық мазмұнынына байланысты мемлекеттік кірістер қалай бөлінеді
13. Қоғамның таза кірістері дегеніміз не?
14. Мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың қандай негізгі әдістері бар. Оларға сипаттама беріңіз
15. Мемлекеттік шығындар дегеніміз не?
16. «Шығындар” дегеніміз не?
17. Мемлекеттік шығындар жүйесі дегеніміз не?
18. Экономикалық мазмұнына сәйкес мемлекеттік шығындар қалай жіктеледі
19. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың нысандарына сипаттама беріңіз
20. Бюджеттік қаржыландырудың нысандарына сипаттама беріңіз
Әдебиеттер тізімі
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2. Мельников В.Д. Основы финансов: учебник – Алматы: издательство ЛЕМ, 2005г.
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г.
4. Финансы: учебник для вузов / под ред. М.В.Романовского – М.: изд. «Перспектива», 2000 г.
5. История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г.
6. Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.: Финансы и статистика, 1996
7. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета учеб. пособие
- Алматы: Экономика, 2003.-290с.:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ.
1.1. Жалпы нұсқаулар.....................
1.2. Бюджеттің кассалық орындалуы туралы айлық есебі.........................
1.3. Қазынашылық органның Басқармасы мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын тексерудің үлгі бағдарламасы..................
1.4. Жыл аяқталғаннан кейінгі бюджеттік несиелерді жабу тәртібі және шоттар қорытындылары.................
1.5. Республикалық несие бойынша несие ашушылар......................
II. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС БӨЛІГІНІҢ КАССАЛЫҚ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ.
2.1. Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы........................
2.2. Салықтар мен табыстарды жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлу
түсім бойынша бюджеттің атқарылуы.....................
2.3. Қолма-қол ақша түрінде есептелетін төлемдерді алу және есептеу...............19
2.4. Бюджетке төлемдерді қабылдау және есеп бойынша операциялар...............22
2.5. Республикалық бюджеттен қаражат беру..........................
2.6. Мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы туралы
басқа да сұрақтары.....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Мемлекеттік бюджет». Бұл тақырыпты таңдаған себебім, республикамыздағы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің кассалық орындалуының есебін жан-жақты қарастырып, есеп жүргізу тәсілдерін зерттеп осы бағыттағы өз білімімді тереңдету болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік – экономикалық үрдістерді басқарудағы мемлекеттің ролі мен маңызы өзгереді. Әкімшіл - әміршіл жүйенің әдістерімен салыстырғанда нарықтық жағдайда мемлекеттің экономикаға араласуы шектелген түрде болуы керек және ең алдымен жалпы нарықтық механизмның кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, өндірістік күштерді дамытуға, мемлекеттің қорғаныш қабілеттлігін күшейтуге бағыттауы керек, сонымен қатар қоғамның аз қорғалған топтарын мемлекеттің ұлттық табысы мен жиынтық қоғамдық өнімнің рационалды бөлінуі мен қайта бөлінуі арқылы экономикалық қолдау және әлеуметтік қорғау керек. Ал мемлекеттің нарықтық экономика жағдайында экономикалық процестерді реттеуінің, әлеуметтік, саяси, өндірістік, экологиялық проблемеларды шешудегі ең басты құралы бюджеттік механизм болып табылады.
Бұл уақытта жалпы бюджеттің орындалуы туралы есептің құрылу тәртібі де маңызды блады, сондықтан мен осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді атқардым:
- Бюджеттің кассалық орындалуы туралы айлық есебі;
- Ұлттық Банк ұйымдарының мемлекеттік бюджеттік кассалық орындалуын
тексерудің үлгі бағдарламасы;
- Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы;
- Салықтар мен табыстарды жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлу;
- Қолма-қол ақша түрінде есептелетін төлемдерді алу және есептеу;
- Бюджетке төлемдерді қабылдау және есеп бойынша операциялар;
- Республикалық бюджеттен қаражат беру;
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және қосымшадан тұрады.
Жазылған курстық жұмыста нұсқаулар, ережелер, кітаптар және бюджет кодексі қолданылды.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:
- кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
- шығындар;
- таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
- қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
- бюджет тапшылығы (профициті);
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (14.1 кесте). (2009 жылғы бұл мәліметтерді қосымшадан қараңыз).
Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар:
- қаржылық активтерді сатып алуды;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.
Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.
Үкімет пен жергілікті атқарушы орғандардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.
Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған резервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.[1]

- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- Мемлекеттік бюджеттің қабылдану мен атқарылу тәртібі
- Мемлекеттік бюджеттің мәні
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мағынасы
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
- Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
- Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет статистикасы
- Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.