Мемлекеттік бюджет. 3
Мемлекеттік
бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт
кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары.
Онда мемлекеттік кірістердің түсетін
көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары
мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік
бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің
атқарылуы барысында оның ішінара қайта
қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық
мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің
бірі болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі
Уикипедия жобасынан
Жалпы қоғамдық өнімді
құндық бөлудің айрықша саласын
мемлекеттің шаруашылық жүргізуші
субъектілермен және халықпен қалыптасатын
каржылық қатынастары құрады. Бұл
қатынастарға олардың мемлекет бірден
бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік
үдерісте пайда болатыны және қоғамдық
қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған
қорын қалыптастырумен және пайдаланумен
байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып
келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік
бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын
құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты
және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің
көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарды
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде
орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі
ретінде мемлекеттік бюджет аирықшалықты арналымды
орындайды - жалпы коғамдық қажеттіліктерді
канағаттандыруға қызмет етеді.Объективтік үдайы өндірістік қатынастардың
өмір сүруінің экономикалық нысаны бола
отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды
орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық
қосалқы категория ретінде болады.
Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы
ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен
оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын
өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың
ұдайыөндірістік сипаты бар, әркашан ақшалай
нысанда жүзеге асырылады, мақсатты ақиіалай
қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен
косарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік
қатынастарга белгілі бір өзіндік ерекшелік
тән, алайда ол қаржымен ортак өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің
айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен
сипатталады:
- мемлекеттен жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумактар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдың- заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде коғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көріні- сін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты құн қозғалысының үдерісін білдіреді.
Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысуиіылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік
бюджет тұтас алғанда
мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес
функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын
қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың
шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың
іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік
қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен
айқындалды. Сонымен бірге қаржының және
мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде
мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция
шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру
(ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру
қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз
етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы
маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық
категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қоры ретінде ғана
емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары,
әлеуметтік-экономикалық үдерістерді
реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде
қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте
коғамдағы барлық экономикалық үдерістер
бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық
негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары,
мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін
табатындықтан бюджет мемлереттің негізгі
қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда
бюджеттің экономикалық мазмұны
негізгі қаржы жоспарының кірістері мен
шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің
ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қорын қалыптастырудың көздері мен қорды
пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің
негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы
қызметінің жемісі болып табылады; онда
қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін
бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі
білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір
қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1
каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады)
бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған
қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің
козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық
бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға
жатады.
Мемлекеттік
бюджет - ұлттық
экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің
бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі,
оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде
пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнелене
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың
жиынтығы ретінде қараған жөн (14.1)
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.
Букіл улттық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы ретінде бола отырығі, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады. Бюджеттік қаражаттар қорлардық дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде) толық айналымында да, сондай-ак олардың коғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында) толық айналымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсіпорындарда қорлардың уздіксіздігі мен бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналы- мына қосылуына жағдай жасайды. Бюджеттік қаржыландыру материалды0 емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарынын негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуга және денсаулықты сактауға, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруга, ғылымға, мәдениет пен өнерге жумсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік аумактың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдық емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тутыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.
Бюджет жүйесі дегеніміз
экономикалық қатынастар мен заңды
нормаларға негізделген бюджеттердің
барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан
Республикасының Бюджеттік
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін
құрудың кағидаттары, оның буындарының
өзара байланысының ұйымдық нысандары.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік
құрылымымен анықталады. Мемлекеттің
федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік
мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан
тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық
бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері
(АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - прови
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі
бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық
бюджет; республикалық маңызы бар қала,
астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады
және дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны
қараңыз).
Қазақстан Республикасында талдамалық
ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын мемлекеттік және
шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті
жасалады. Мемлекеттік
бюджет өз араларында
өзара өтелетін операциялар ескерілместен,
республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қоры болып табылады.
Бюджеттік практикада «шоғырландырылған
бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған
бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар
ескерілместен, республикалық бюджетті,
облыстардың, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттерін және Қазақстан
Республикасының Ұлттық
қорына бағытталатын
түсімдерді біріктіретін мемлекеттің
ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қоры болып табылады. Шоғырландырылған
бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық
ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден
құралған бюджет болып табылады. Облыс
бюджеті - өз араларында өзара өтелетін
операциялар ескерілместен, облыстық
бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры.
Қазақстан Республикасында төтенше немесе
соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы
мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық
және жергілікті бюджеттер негізінде
қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында
төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі
және осы мерзім ішінде қолданыста болады.
Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны
туралы Қазақстан
Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік
төтенше бюджеггің
қолданылу уақытында республикалық бюджет
туралы заңның және барлық деңгейлердегі
жергілікті орғандардың бюджеттері туралы
мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы
токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше
бюджеттің қолданылуы токтатылысымен
Республикалық және жергілікті бюджеттерді
нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет
жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан
Республикасының Ұлттық
қоры оқулықтың
16 тарауында қаралған.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті
(муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа
мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады.
Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік
бюджеті, басқа одактас республикалардың
мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді,
онда ел аумағының барлық бюджеттері,
соның ішінде ауылдық және поселкелік
бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол
одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың
мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактанд
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты
экономикалық және саяси сфералардағы
өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық
заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық
орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет
жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы заңын
дайындауға себегі болды. Заңца бюджет
жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті
жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың
және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді.
Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер,
мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз
алу және борыш, үкіметтін және жергілікті
атқарушы орғандардын резервтері сиякты
жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің
кірістері жалпы мемлекеттік салықтар,
алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар
мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап
Ұлттық банктен тура қарыз алу токтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа
бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің
шығыстарын багдарламалардың орындалуымен
өзара үйлесуіне жағдай жасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет
жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды.
Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін
қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер
үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді
және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың
механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері
бойынша респүбликалық және жергілікті
бюджеттердің арасында кіріс бөлігін
бөлу жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен
жәнежергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
мемлекеттің функциялары шектелінді.
Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер
арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері
негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі
жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік
бюджетте мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.
2002 жылы Стратегиялық
жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін,
Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігін Қаржы министрлігін қайта
ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформапауда
маңызды кадам болды. Соньшбн бірге бюджетті
жоспарлау мен оның атқарылу функциялары
бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден
түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық
қорға бағытталатын
болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға
жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық
емес бөлігінен республикалық бюджетке
аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады,
ал дамудың бюджеттік бағдарламапарына
жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есе
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік
кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін
жаңғыртуга мүмкіндікберді.Оның негізінде
бюджетті күдерістегі стратегиялықжәнебагдарламалық
құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған
бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік
багдарламаларды қалыптастыру, қызмет
нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін
арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік
қаржылық бақылауды жандандыру сиякты
шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет
жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы
бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық
операцияларды - стратегиялық бағыттар
мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді
қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік
орған қызметінің нәтижелерін кешенді
бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді.
Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер
көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік
кодекстін нормалары
бюджеттік қаражаттармен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін артғыруға
мүмкіндік туғызуға жетелейді.
Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық
қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің,
бюджеттік қаражаттардың құралуы мен
пайдаланылуының негізгі кағидапарын,
қағидаттары мен механизмдерін, сонымен
бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын
белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі
бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды
жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық
және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан
Республикасының бюджет
жүйесі мына кағидаттарға
негізделеді.
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикапық
орталықтандырудың дэрежесін білдіреді.
Бірлік кағидаты бүрынғы КСРО-ның бюджет
жүйесінде негұрлым толық көрінді. Қазіргі
кезде биліктің жергілікті орғандарының
дербестік алуымен және оларға қаржылық
ресурстарды иелену жөніндегі құқықтардың
берілуімен байланысты Бұл кағидат біршама
әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай
қаржылық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған
және ең алдымен Қазақстан Республикасы
егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші
кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық
деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-эрекетіне,
төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі
үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ
ішінара қайта белудің мақсатты және аумақтық
бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің
бірыңғай кағидаттарын қолданумен,бірынғай
бюджеттік сыныптаманы және бюджеттік
үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен
камтамасыз етіледі. Бюджет
жүйесінің бірлігі
салықтық саясатты коса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық
саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін
құрудың маңызды қағидаты болып отырған
оның жеке буындарының дербестігін жокка
шығармайды. Бюджеттің дербестік қағидаты
- түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында
түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу
және Бюджеттік кодекске сәйкес олардың
жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік
үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы,жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша
алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер
қаражатының калдықтарын жоғарғы бюджеттерг^алып
коюға жол берілмеуі төменгі бюджеттерге
оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар
жүктеуге жол берілмеуі.
Бюджеттің толымдылығы кагидаты Қазақстан
Республикасы заңнамаларында көзделген
барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте
және Қазақстан
Республикасының Ұлттық
қорында көрсетуді,
бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып,
өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол
сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша
талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді
білдіреді. Сөйтіп ол мемлекеттік билік
пен басқару орғандарының барлық кірістері
мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың
объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді.
Осыған байланысты барлық ақшалай түсімдерді,
сондай-ак бюджет шығыстарының көлемі
мен нактылы бағыттарын айқындау қажет.
Әлемдік практикада бұл кағидат оны дэл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес
көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге
болатын аса кеп шығыстарды жүктейтіндіктен
казіргі кезде орынды деп есептелмейді.
Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды
қалыптастырудың орталықтандырылған
әдісі кабылданған, сондықтан 1998 жылдан
бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен
тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік
сактандыру, жол, халықтың жұмыспен камтылуына
жәрдемдесу және т.б. қорлардың қаражаттары
кіріктірілген.
Реалистік қағидаты - бекітілген (нақтыланған,
түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің әлеуметтік-
Сабақтастық қағидаты - өткен кезендерде
бекітілген әлеуметтік-эконо-микалық
даму мен бюджеттік параметрлер, базапық
шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг
қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға
негізделген республикалық және жергілікті
бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты
- бюджет жобасына кандай да болсын түсімдерді
немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін
айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің
және басқа құжаттардың негізінде бюджетті
жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты
- бюджеттке түсетін барлық түсімдерді
бірыңғай казынашылық шотқа есептеу және
бірыңғай казынашылық шоттан барлық көзделген
шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру.
Уақтылық қиғидаты - республикалық
және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан
Республикасы Ұлттық
қорының колма-қол
ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу
және оларды Ұлттық
банктегі Үкімет
шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
дара жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердік мінде
Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың
бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік
тура нәтижелерге кол жеткізу қажеттігін
негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу
және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың
аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге кол
жеткізу.
Жауапкершілік қағидаты - тура және
түпкілікті нәтижелерге колжетімділікке
және бюджеттік бағдарламапар әкімшілері
мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан
Республикасы заңнамасына
сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны
үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге
бағытталған қажетті әкімшілік және басқару
шешімдерінін қабылдануы.
Бюджеттік қаражаттардың
атаулық және нысаналық
сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінін Қазақстан Республикасы
заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды
мемлекеттік орғандардың стратегиялық
жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне
кол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары
өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып
отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджеттік кодексте,«Жергілікті
өкілді және атқарушы
орғандар туралы», «Қазақстан
Республикасының жергілікті
мемлекеттік басқару
туралы» арнайы заңдарында және басқа
заңнамалық актілерінде көрсетілген.
Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан
жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің
бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені
көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар
пайда болады. Реалистік
кағидаты да өзінің
маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен
тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы
мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға
ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс
көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік
бюджет қорларын құру, оларды ішінара
қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық
деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне
негізделген.
2005 жылы бюджетті
қалыптастырудан бастап, оны атқарумен
және бақылаумен аяқтаудың
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды
үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған
салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын
құжат - орта мерзімді фискалдық саясат
әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу
үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді,
бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары
енгізілді.
Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір
деңгейдің кала мен аудан бюджетіне дейінгі
шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді
әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып
койылды.
Заңнамада бюджеттердіңтек
екі деңгейі - республикалық және облыстық
денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері
«ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты
қамтамасыз ету және олардың қызметіне
бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті
нормалар енгізілді.
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың
үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау
болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі
бір, қатаң жүйеленілген және орнықты
шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік
кодексте мемлекеттік
басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған.
Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген
багдарламалармен аудандық бюджетге бекітілетін
болды, олардың әкімшілері ауылдың және
поселкелердің экімдері болады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді
ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді:
ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып
алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың
функциялары Республикалық бюджеттің
атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен
мэслихаттардың ревизиялық
комиссияларында калды.Бюджетті
Қазақстан
Республикасының Ұлттық
қорына қаражаттарды
аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық
қордың койылған міндеттерін тиімді іске
асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік
тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған
бюджеттік әдіс әзірленді. Қазақстан Республикасындағы
баланстандырылған бюджеттік әдіс сызба
түрінде 14.3 сызбада көрсетілген.[1]
Бюджет пайдасы / бюджет профициті — бюджет кірісінің оның шығысынан асып түсуі, яғни бюджетке түсімдердің жалпы сомасының шығыс және қайтарымды негізде берілетін несие көлемінен асып түсуі.
Қазақстанның республикалық бюджетінің бекітілетін пайдасының мөлшері үлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққандағы пайыз есебімен көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы. Бюджет тапшылығының тұжырымдамалары
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Бюджет тапшылығы
инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының
шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет
тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс,
жұмыссыздық сияқты «жағымсыз
экономикалық категориялар» деп аталатындарға
жатады, алайда олар экономикалық жүйенің
ажырағысыз элементтері болып табылады.
Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе
мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының
балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады.
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін
теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.
Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан
асып түсуі бюджет артығын - профицитті,
ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік
бюджеттің тапшылығын құрайды.
Қазақстанда
Бюджеттік кодекске сәйкес,
бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген:
бекітілген, нактыланған және түзетілген
республикалық және жергілікті бюджеттердің
тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі
сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы
қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен
алынған шама республикалық және жергілікті
бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған
шама - профициті болып табылады.
Бекітілген, нактыланған және түзетілген
республикалық бюджеттің мұнайлық емес
тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен
басқа республикалық бюджет шығыстарын
шегеріп тастағандағы республикалық бюджет
түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық
кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы
кепілдік берілген трансферт мөлшерін
алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы
түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық
қордың орташа жылдық өсімінен аспауға
тиіс. Профициттің сомасы мемлекеттік
борышты өтеуге бағытталады немесе республикалық
және жергілікті бюджеттердегі қаражаттардың
бос қалдықтарын құрауы мүмкін.
Уақытша бос бюджеттік ақша - белгілі бір
уақыт кезең ішінде пайдаланылмаған, бірыңғай
қазынашылық шотта жатқан бюджеттік қаражаттар.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің
уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті орған
Ұлттық банктегі депозиттерге орналастыра
алады. Уақытша бос бюджеттік ақшаны депозитке
орналастыру тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тапшылықтың едэуір әрі тұрақты болуы
қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің
жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері
саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік
қарыздар шығарудың немесе кағаз ақшалар
эмиссиясының көмегімен біршама женіл
жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және
созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар
мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды,
олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының
қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның
дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына,
ақшаның құнсыздануына, нактылы табыстардың
және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне
апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін
бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына
себептерге байланысты:
- елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
- қоғамдық өндіріс шығындарынық өсуі;
- айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
- бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
- әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауга жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудын комақты ауқымы;
- «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
- ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Ақша
эмиссиясы есебінен
бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі
нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік
қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды
пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны
жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының
қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша
(қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға
мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту
пайдаланылады. Қорғалған баптардың құрамын
республика Парламенті мен биліктің жергілікті
орғандары анықтайды.
Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай
әдістері болады:
- шығыстар тұракты, кірістер өседі;
- кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
- кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырак төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру
- оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
- Ақша белгілерін
шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық
салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша
эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін
тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік
бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық
банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы
мүмкін, коммерциялық
банктер өзінің
резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арка
сында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді. - Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
- Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қорық басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
- Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Мемлекет жүргізетін қаржылық (фискалдық) саясаттың тұрпатына қарай бюджет тапшылықтарының сыныптамасын бірқатар америкалық экономистер (Р. Кэмбелл, Макконелл, Стенли Л. Брю, Э.Дж.Доллон, С. Фишер, Р. Домбуш және басқалары)
ұсынған болатын.
Бюджет тапшылығының
өзінің сапасы әр түрлі болуы мүмкін және
оны пайда болуының саналуан себептеріне
қарай сыныптайды. Елдің бюджет құрылысына
қарай республикалың (өңірлік) және жергілікті
бюджеттердің тапшылықтарын ажыратады.
Биліктің жергілікті орғандары үшін бұл
проблеманың маңызы зор, өйткені орталық үкіметкеқарағанда оны шешу үшін олардың
қаржылық ресурстары шектеулі болады.
Бюджет тапшылығының пайда болу себептері
заңды түрде төтенше тапшылықты, дағдарыска
қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі
тапшылықты бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді.
Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде
төтенше жағдайлар (соғыстар, дүлей апаттар
және т.б.) жатыр, олардан сактану қиын
әрі мүмкін емес. Бұл жағдайда мемлекеттің
кәдуілгі резервтері көтірілген зиянның
салдарларын жоюга жетпейді, сондықтан
ерекше көздерге жүгіруге тура келеді.
Дағдарысқа қарсы тапшылық экономика
дамуына ірі мемлекеттік жұмсалымдарды
жүзеге асыру қажеттігімен байланысты,
ол экономиканы мемлекеттік реттеу үдерістерін,
қоғамдықөндіріс құрылымында прогресті
байланыстарды қамтамасыз етуге ұмтылысты
бейнелеп көрсетеді. Дағдарыстан кейінгі
татиылық экономикадағы дағдарыстық құрылымдарды,
олардың қаржяИіық жағдайатты күйреуін, қаржы-кредиттікбайла
Пайда болу сипаты бойынша бюджеттің кездейсоқтық
(кассалық) және ақіщаттық (бюджет) тапшылығын
бөліп көрсетуге болады. Бюджеттің кездейсок
тапшылығы, басқаша кассалық деп аталатын
қаражаттардың түсімдері мен жұмсалымдағы
кассалық (уақытша) алшактықтан пайда
болады. Әдеттегідей, кассалық тапшылықтарга
кірістің бір көзіне жоғары тәуелдігі
немесе түсімдер көздерінің маусымдық
сипаты бар (мысалы, жер салығынан, жеке
адамдардың мүлкіне салынатын салықтан
және бірқатар басқа салықтар мен алымдардан
түсетін түсімдер) бюджеттер ұшырайды.
Мұндай бюджеттерге әдеттегідей жергілікті
бюджеттер жатады.
Нақты немесе бюджет татиылығының бұл
сөздің шын мағынасында пайда болуы бюджетке
кірістер түсуінің кездейсок уақтытша
кірістерінен және шығыстардын озық графитінен
( кірістер мен шығыстардың токсан сайынғы
тізімдемесі) емес бюджет шығыстарының
өсуімен және олардан кірістердің тым
қалып коюына байланысты. Мұндай тапшылық
әдетте Республикалық бюджет туралы заңда шекті мөлшер
ретінде белгіленеді, бірак бюджеттің
атқарылуы барысында одан не төмен, не
жоғары болуы мүмкін.
Жоспарға қатысы бойынша бюджет тапшылығын
Республикалық бюджет турапы заңға күні
бұрын салынған (жоспарлы) және жоспардан
тыс (кездейсоқтық, бірак әрдайым кассалық
емес) тапшылық ретінде сипаттауға болады.
Жоспардан тыс тапшылық кірістердін мөлшерін
онда болмаған қысқартудан, есепті жылы
шығыстардың көбеюінен пайда болады. Егер
әр түрлі резервтік, сақтық, бюджеттен
тыс арнаулы қорлардың қаражаттарын пайдалы
және басқа жедел шараларды жүргізу есебінен
жағдаятты қорғауга болмаса жоспардан
тыс тапшылық әлеуметтік- экономикалық
бағдарламалардың орындалу барысына өте
жағымсыз әсер етуі мүмкін. Жоспардан
тыс тапшылықты жою мақсатында бюджеттің
атқарылу барысында оның шығыстарын секвестрлеу
өте-мөте теріс болып табылады.
Ұзактығы бойынша бюджет тапшылығын созылмалы
(жүйелі) және уақытиіа (дүркін-дүркін)
тапшылықка бөлуге болады. Созылмалы тапшылық
ұзак уақыт бойы жылдан жылға пайда болуы
және аса «жазылуы
аса қиын ауру» болып табылады. Оның
болуының негізгі себегітері болып экономикалық
дағдарыстың ұзақ циклі ( бірінші кезекте
жауапсыздық, олак экономикалық саясат
тудырған және т.б.), ұзақ соғыстар және
бейбіт кезде әскери максаттарға жұмсалатын
шамадан тыс шығыстар («қырғи қабак соғыс»
кезінде), төтенше оқиғалар, өтелімділіктің
белгілі бір мерзімсіз ондаған жылдарға
созылған қымбат тұратын инвестициялық
бағдарламалар қызмет атқарады.
Ұзактығы бірнеше айға, жылға тең болатын
немесе қатарынан 3-5 жыл бойы қайталанатын
бюджеттің уақытша (дүркіндік) тапшылық
сондайлық келеңсіз әрі жабуға қиын болмайды,
себебі онын негізінде жатқан экономикадағы
дағдарысты құбылыстар емес, керісінше
бірқатар объективтік (дүлей апаттар және
басқадайы) және субъективтік (жоспарлау
мен болжаудағы кателер, әлемдік тауар
және қор рыноктарындағы багалардың ауыткуы
және басқалары) себептер жатыр.
Қаражаттарды пайдалану бағыттарына (немесе
бюджет сапасына) қарай ағымдағы бюджет
тапшылығын (ағымдағы тапшылық) және даму
бюджетінің тапшылығын (инвестициялық
тапшылық,) бөлуге болады. Қазақстанда,
дүние жүзінің көптеген елдерінде сиякты,
тапшылықтын бүкіл көлемін немесе оның
үлкен бөлігін ағымдағы бюджеттен даму
бюджетіне көшірудің заңнамалық негізі
каланған. Даму бюджетініңтапшылығын
жою шығыстарды секвестрлеу жолымен, сонымен
бірге мемлекеттік қарыздар шығару немесе
кредиттік ресурстарды пайдалану есебінен
жүзеге асыру қарастырылған. Әлемдік тарихтың
барысы бюджет тапшылығы жалпыға ортак
құбылыс екенін дәлелдейді. Онымен іс
жүзінде барлық мемлекеттер кақтығысады.
Дамыған елдерде бюджеттерде тапшылық
30-жылдардан бастап жоспарлана бастады.
Сонымен бірге тапшылықты қаржыландыруға
ұдайы өндіріс үдерістерін реттеудің
белсенді тетігінің мәртебесі берілді,
бұл салада белгілі бір ережелер мен тапшылықты
басқару механизмдерін жасауға мүмкіндік
берген ғылыми-практикалық зерттемелер
жүргізілді.
Бюджет тапшылығын жою салықтық және салықтық
емес кірістердің көлемін көбейту, со-
нымен бірге инфляциялық емес және эмиссиялық
емес көздер есебінен, соның ішінде халықтың
бос ақшаларын тарту жолымен (банк жүйесі
арқылы, ұзак мерзімді мемлекеттік багалы
қағаздарды орнапастыру арқылы және т.б.)
жүзеге асырылуы тиіс. Түрлі деңгейлер
бюджеттерін баланстаудың ішкі резервтерін
толық пайдалану сыртқы рынокта қарыз
қаражаттарының көлемін, мемлекеттік
борышты және қызмет көрсету шығыстарын
қысқартуға мумкіндік туғызады. Әлемдік
тәжірибеде тап өңірлік және жергілікті
деңгейдегі балансталынған бюджет макроэкономикалық
тұрактылықтың шешуші факторы болып табылады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту
бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі
емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және
шығыстарын қысқартуға, бюджеттапшылығын
реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа
қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы
басқаруга бағытталған шараларды әзірлеу
және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы
жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды,
оның әлеуметтік-экономикалық дамуына
жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық
саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
- Жыл сайын баланстандырылатын бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай- күйі фискалдық саясаттыңтұрактандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады. Бюджетті баланстау саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін кебейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. Бұл жағдайлардың кез келгенінде инфляция күшейеді.
- Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдын. барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі ерлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
- Қаржының функциялық тұжырымдамасының максаты макроэкономикалық тұрактылыққа, инфляциялық емес толық камтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпыэкономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтариА мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бүдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және
функциялық қаржы тұжырымдамасында
теңгерілетін бюджеттің түжырымдамасына
бағдарланған фискалдық саясат ақша
айналысының жай-күйін есепке алатын,
бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарын
Бюджет
тапшылығын қаржыландыру - қарыз қаражатын
Бюджет шығысы :
- 1) экономикалық мазмұны бойынша - жария билік субъектілеріне заңи және жеке тұлғалармен арада және билік субъектілері арасында түрлі деңгейдегі бюджеттікқорларды атқарымдық, салалалык және нысаналы мақсат бойынша бөлумен және пайдалануымен байланысты туындайтын ақша қатынастары. Бұл қатынастар шығыстыңнақты түрлері арқылы көрініс табады;
- 2) материалдық-заттық көрініс бойынша - мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың міндеттері мен атқарымдарын орындауын қаржы жағынан қамтамасыз етуге бөлінетін ақшалай каражат. Бұл анықтамалардың алғашқысы
Бюджет шығысының сапалық сипаттамасын беруге, шығыстың әрбір түрінің экономикалық рөлі мен қоғамдық мәнін ашуға, екіншісі шығыстың шамасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Бюджет шығысының алуан түрлері бар, олар факторларға:
- мемлекеттің табиғаты мен атқарымына,
- елдің әлеуметтік- экономикалық дамуының деңгейіне,
- бюджеттің шаруашылықпен байланысына,
- уақыттың әрбір тарихи үзігінде шешілетін міндеттерге,
- бюджеттік қаражатты беру нысандарына байланысты.
Барлық деңгейдегі
бюджеттерде атқарымдық, эконом

- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет статистикасы
- Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
- Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы
- Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
- Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеудің бірлігі мен айырмашылығы
- Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы
- Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі
- Мемлекеттік билік жүйесіндегі Парламент
- Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері