Мемлекеттік билік жүйесіндегі Парламент
Алматы энергетика және байланыс университеті
Жылуэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Саясаттану пәні бойынша
№2 семестрлік жұмысы
Тақырыбы: Мемлекеттік билік жүйесіндегі Парламент
Орындаған: ТЭСк 10-1 тобының
студенті Өміржан М.Е.
Тексерген: Иманбаева С.Ж.
Алматы, 2012
Жоспар
І. Кіріспе.......................
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Қазақстан Республикасының
Парламенті....................
2. Қазақстан Парламентінің
Сенаты........................
3. Қазақстан Парламентінің
Мәжілісі......................
4. Қазақстандағы парламентаризмнің
даму тарихы........................
ІІІ.Қорытынды.................
IV.Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қабылданған
заңдардың тиімділігі артып,
Қазақстанның нарықтық қайта құрулар жолындағы бүгіндері қол жеткізген табыстары, экономикалық ілгерілеу және халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі баршаға мәлім, оны дүниежүзілік қоғамдастық та мойындап отыр. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, қоғамды демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда.
Көптеген мемлекетпен салыстырғанда біздің Парламентіміз үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан бозбала секілді. Алайда, сол жастығымызды біздің игілігіміз деп білгеніміз жөн. Біздің жастығымыз – ғұмырлы да жарқын болашағымыздың кепілі. Біз – келешегі зор, әрі жас, әрі жігерлі мемлекеттің заң шығарушы органымыз.
Сонымен менің семестрлік жұмысымның мақсаты екі палатлы парламенттік жүйе қалыптасқалы 17 жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталып, қазіргі күнгі мен өткенді салыстырып өту.
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
- 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың
бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат
пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн
қабылдайды. Республика Заңдары Президент
қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент
пен оның палаталарының заң актiлерi, егер
Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар
депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен
қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша
әр Палата депутаттарының жалпы санының
кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен
қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк
бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi та
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пенМәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi. Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары:
- Ө.Байгелдi (1995 — 99)
- О.Әбдiкәрiмов (1999 жылдан)
- Н. Әбіқаев
Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары: М.Оспанов (1995 — 99), жылы Тұяқбай (1999-2004), 2004 жылдан Орал Мұхамеджанов.
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты - әрбiр облыстан, республикалық мәндегi қаладан және ҚР астанасынан екi адамнан, тиiстi облыстағы, республикалық мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкiлеттi органдар депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады.
Сенаттың жетi депутатын Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Қазақстан Республикасының кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге Сенат депутаты бола алады.
Сенат депутаттарын сайлау — мәслихат депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi.
Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттiң ұсынысы бойынша Жоғары сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттiң Бас прокурорды және Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын тағайындауына келiсiм беру; Бас прокурорды, Жоғары сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергiлiктi өкiлеттi органдардың өкiлдiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; Президенттi қызметтен кетiру туралы Мәжiлiс көтерген мәселенi қарау, т.б.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы
сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді.
Еліміздің осы Негізгі заңына
сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
мемлекеттік биліктің жоғары органы
болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы
Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ
КСР Конституциясымен Қазақ КСР
жүргізуіне жатқызылған мәселелердің
барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы
Кеңестің жұмыс органы – Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің
1990 жылғы наурызда он
екінші сайланған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің сайлауы
Он екінші сайланған Жоғарғы
Кеңес Қазақстан
«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен
желтоқсандағы оқиғалар –
Он екінші сайланған Жоғарғы
Кеңес ымыраға келу жөніндегі
екі жылдық ізденістерден кейін
1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің
қалыптасуын заң жүзінде
1993 жылғы Конституция,
бір партиялық саяси
Әлеуметтік бағдарланған
нарықтық экономикаға көшудің өтпелі
кезеңінде Негізгі Заң
Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай,
Жоғарғы Кеңеске өте көп
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.
1994 жылғы 7 наурызда өткен
сайлау республикада көп
Уақытша регламентке сәйкес
партиялар өкілдіктері
1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық
парламентаризмнің
Алайда он үшінші сайланған
Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте
қиындау болып шықты. Ол өз құқығына
билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық
тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген,
биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік
жүйесі нақты мазмұнмен
Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын мойындаған жөн. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр».
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.
Ескі және жаңа саяси құрылыстың
өзіндік тұрғыда ымыраға
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген
референдумның нәтижесінде
Жаңа Конституцияның жобасы
жұртшылық арасында кеңінен талқыланды.
Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар
енгізді, ал Қазақстан Республикасы
Президентінің басшылығымен құрылған
арнаулы сарапшылық-
1995 жылғы 30 тамызда референдумға
қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа
Негізгі Заңды қабылдауды
Республика Конституциясы
заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарының тұрақтылығын, тиімді
жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын
қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін
жай ғана жариялап қойған жоқ –
онда тежемелілік пен тепе-
Мемлекеттік билікті бөлудің
принциптері оның бірлігіне қайшы
келмейді, оның тармақтарының келісілген
өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің
олардың біреуінде толық
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
1995 жылғы Қазақстан
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық
маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
1995 жылғы 30 тамызда жалпы
халықтық референдумда
БІРІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1996-1999 жылдар
Бірінші сайланған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы желтоқсанда өтті.
Сенатқа 40 депутат – 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі-екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады.
Депутаттардың көпшілігі
сайланғанға дейін басшы
Депутаттық корпустың құрамында 4 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Көптеген депутаттар бұрын заң шығарушы органдарға сайланған еді, олардың арасында Қазақ КСР, КСРО халық депутаттары, кәсіби заң шығару қызметінде тәжірибесі бар, он екінші және он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болды.
1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан
Республикасы Парламенті
Қазақстан Республикасы Конституциясының
44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» Конституциялық заңның
69-бабына сәйкес және екі жылға сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары
Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Ақмола қаласы бойынша депутаттарды сайлау өтті. Сенат құрамына екі депутат сайланды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. 67 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауының нәтижелері бойынша ерлер басым-58, әйелдер-9 депутат болды. Палатаның барлық депутаттары жоғары білімді, оның ішінде 7-і ғылым докторы, 10-ы ғылым кандидаты.
Сайланған депутаттардың
арасында жергілікті атқару органдарының
және мәслихаттың басшылары мен
қызметкерлері көбірек болды - олар
19 адам. Әрбір бесінші депутат
кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың,
қордың және басқа құрылымдардың
басшылары болып жұмыс істеген.
9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары
қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір
оныншы депутат Президент
1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып Марат Тұрдыбекұлы ОСПАНОВ сайланды.

- Мемлекеттік биліктің негізгі белгілері
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет
- Мемлекеттік бюджет статистикасы
- Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен мәні
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен мәні
- Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы
- Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
- Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеудің бірлігі мен айырмашылығы
- Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы
- Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі