Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі

Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі 

  Басқару ұлттық қажетті ресурс болып табылады.Мемлекеттік басқару термині шетел және отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар барлық елдердің заңдарында. Барлық қызмет шешім қабылдаудан, оның жүзеге асырылуынан және бақылаудан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың екі түсінігі қалыптасқан: кең көлемдегі мемлекеттік басқару және тар көлемдегі мемлекеттік басқару. Басқару әр түрлі негізге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық өмір сүру сферасына байланысты басқару: қоғамды жалпы басқару, саяси басқару, идеологиялық басқару  және т.б.  болып бөлінеді. Басқа негіз бойынша – басқарудың көлемі  мен мінез – құлқына байланысты басқару: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, салаларды басқару, мекемелерді, ұйымдарды, ұжымдарды басқару және т.б. болып бөлінеді.

Барлық  басқару салалары ішінде «мемлекеттік басқару» ерекше орын алады, оның себебі мемлекеттік басқару жеке өзіне  тән ерекшеліктерге ие. Ең бірінші, осы басқару түрінің мақсатқа бағытталған, ұйымдастырушылық, бақылауға  әсер ететін оның субъектісі мемлекет. Барлық ғалымдар мемлекетте күшті биліктің бар екенін мойындайды. Мысалға, М. Вебер: «Мемлекет …..адамдардың  легитимді  түрде басқа адамдарды басқаруы»  деген пікір айтады. Билікті күштеп жүргізу арқылы адамдардың жүріс  – тұрысын қадағалау  мемлекет туралы сөз қозғаудың классикалық  түрі болып табылады. Қазіргі жаңа «Қысқаша философиялық энциклопедияда»  адамдардың біріге жұмыс жасау негізінде  қоғамдық әрекеттерді реттейтін  билік құрылымы  ретінде түсіндіріледі.

  Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес, мемлекеттік басқару қоғамдық  жүйеге мемлекет тарапынан әсер  ету. Мемлекет – бұл бір  механизм, бүтін құрылым, сондықтан  мемлекеттік басқару біркелкі  түсінік. Ең жоғарғы деңгейдегі  абстракті - бұл мемлекеттік билікті  қоғамда жүзеге асыру мемлекеттік  басқару болып табылады.

  Мемлекеттің мемлекеттілігі, оның басқа қоғам құрылымдарынан айырмашылығы, онда қоғамдағы жүргізілетін өмір сүріп жатқан адамдарға жүргізілетін мемлекеттік биліктің шоғырлануы. Ал, билік дегеніміз – адамдардың әр түрлі себептерге байланысты материалдық, әлеуметтік, интелектуалды, ақпараттық және  басқа да өз еркімен, біле тұрып немесе күштеу арқылы басқа адамдардың мақсатты, нормативті тұрақты негізделген билігін  мойындауы және осыған байланысты бір немесе басқа  әрекеттер жасап, өз өмір сүруін құруы. Дәстүрлі қалыптасқан белгілі билік – жанұяда, адамдар топтарында, ұйымдарда, мекемелерде болады. Бірақ, биліктің барлық түрлері, мемлекеттік билікпен салыстыруға келмейді. Сондықтан мемлекеттік басқаруда оның басқару механизмдері мемлекеттік билікке жүгінеді, сол билікпен қамтамасыздандырылады. Осы айтылғандар тек тілектер, жәй айтулар, жақсы ойлар ғана емес, алға қойған мақсатқа жетудегі ұйымдастыру импульстері, бекітілген бақылау нормаларының міндетті түрде іс жүзіне асырылуы, орындалуы. Осыдан кейін, адамзат баласының барлық цивилизация кезеңінде күресіп келе жатқан  қандай мемлекет, оның мақсаты, мақсатты қалай жүзеге асыру  және т.б. негізгі проблемалары туындайды.

  Мемлекеттік басқару республиканың әлеуметтік – экономикалық, саяси приоритетті міндеттемелерді қоғамдық процесстерге сәйкес мақсатты бағытталған, билік – басқару ретінде жүзеге асыруға әсер арқылы анықтауға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты мемлекеттік билік біркелкі, Конституция негізінде  және үш билік түрі бір – бірімен өзара әрекеттесу тепе – теңдік негізінде жүзеге асырылады [3].

  Мемлекеттік басқару әртараптандырылған түсінік бойынша  мемлекеттің барлық қасиеттеріне ие. Мемлекеттік басқаруда  мемлекеттің  әлеуметтік міндетін, қызметтерін және әдістерін қамтиды. Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөледі, мемлекеттің бақылау, ұйымдастыру, әсері арқылы реттеу, сақтау, құру адамдардың қоғамда өмір сүруі  мемлекеттік билікке жүгінеді.

  Мемлекеттік басқарудың ерекше қасиеті, оның бүкіл қоғамға таралуы, мемлекеттік саясаттың жүргізіліп жатқан басқа да қоғам шеңберіне таралуы. Көбінесе осы айтылған тезис басқару құбылыстарында қате түсініктер болып жатады, мысалы мемлекет адамдардың барлық іс – қимыл әрекеттеріне, қарым – қатынастарына араласып жататындай. Тек қана тоталитарлық, диктаторлық режимдегі мемлекет осындай іс - әрекеттерді енгізуге талпынады, бірақ оның өзі бүкіл қоғамдық іс - әрекетке араласуды бақылаудың мүмкін еместігін мойындады. Мұнда аз болса да еркіндік қалады. Мемлекет тек қоғамның дұрыс арақатынасы, адамдардың қоғамдық өмір сүруін кең көлемде еркіндікпен, тәуелсіздікпен  және өзін - өзі басқарумен ұштасады.

  Мемлекет заң шығару құқығымен қоғамда адамдардың өмір сүруінің жалпы ережелерін белгілейді және өзінің билік ережелерін бегілейді, билік күшінің орындалуын қадағалайды. Айта келе, үлкен әлемдік тарихи тәжірибеге сүйене отырып, әділ  заңға негізделген қоғамға сүйенеді. Адамның құқықтық еркіндігі мемлекетте қабылданған заңдардың жүзеге асырылуынан басталады. Сондықтан қоғамға, адамға мемлекетте қарсы емес, керісінше оның негізін қалау арқылы қол жеткізілуі керек.

  Мемлекеттің негізі қоғаммен әрекеттесу арқылы ашылады және жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттің «функциялары» арқылы жүзеге асырылады. Функция арқылы мемлекет өзінің мәнін, күшін, потенциалын қоғамға көрсетеді. Осы ретте, мемемлекет пен қоғамның өзара әрекетінсіз мемлекеттің функциялары жүзеге асырылмайды. Мемлекеттің қоғамдық функцияларын талдау мемлекеттің нақты болмысын айқындайды.

  Мемлекет әр түрлі функцияларды жүзеге асырады, соның барлығы басқарумен байланысты және басқару аппараты негізінде жүзеге асырылады. Басқару функциялары мемлекеттің барлық функцияларын қамтиды. Сондықтан, мемлекеттің функциялары және мемлекеттің басқару функциялары біркелкі түсінік болып табылады. Мемлекеттің көптеген функциялары оның табиғатына байланыссыз (сыртқы қауіптен қорғану, күштеу және т.б.). Басқа бірқатар мемлекеттің басқару функцияларының негізі болып мемлекеттің әлеуметтік мәні, оның мақсатты көзқарастары болып табылады. Мемлекеттің мақсаты өзгерсе, кейбір функцияларға деген қажеттіліктер төмендейді, кейбіреулеріне деген қажеттіліктер артады, ал үшіншілері өзгертілмеген қалпында қалады және жаңа мақсаттар мен мағыналармен толықтырылады.

  Қазіргі заман ағымына сәйкес, мемлекеттің бірнеше қоғамдық функцияларын ерекше айтуға болады. Ең бірінші, қоғамның тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функция. Бұл функция түрін мемлекеттің саяси функциясы, себебі саясаттың соңғы мақсаты қоғамның тыныш, гармониялы дамуына жағдай жасау. Мемлекет өз кезеңінде қоғамдағы күресті, құлдырауды, қарама – қайшылықтарды жеңу мақсатында құрылған. Мемлекет бүкіл қоғамның тірегі, сондықтан ол бір адамдардың қызығушылықтарын қолдап, екінші адамдардың қызығушылықтарын қорғамауға құқы жоқ.

  Мемлекеттің күштеу құрамына айналуы, қоғамның бір бөлігінің екінші бөлігіне үстемдік жүргізуі мемлекетті әлсіретеді, қоғаммен байланысын үзеді, мемлекеттің құлдырауына әкеліп соғады. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамның жақсы кезеңі онда бейбітшіліктің, тыныштықтың, бірлесудің орын алуы. Егер, мемлекет қоғамның осы кезеңін қолдамаса, саяси күштердің конфликтісіне, тыныштықты бұзуға жол берсе, әрине мемлекет өзінің ең алғашқы қоғамдық функцияларын орындамағандығы, өзінің өмір сүруін ақтамағандығы. Бұл жағдайда мемлекеттік  басқару туралы сөз қозғау қиын [4].

  Басқару процессі бір сәттілік емес,  барлық жүйеге әртүрлі мақсаттармен, принциптермен, бағдарламалар мен актілер әсер етеді, сондықтан басқару функцияларын көптеген функция астарлары (подфункция) бөлуге болады және оның әрқайсысы басқаруға әсер ететін тіреуіш болып табылады. Басқару функцияларының негізін мақсаттар, тапсырмалар, ұйымдастырулар, жоспарлау, бақылау, реттеу және т. б  функциялары жатады. Барлық бөлімшелердің қызметін  келістіретін, координация қызметін жасайтын, қабылданған нормативтік актілерді, бұйрықтарды, нұсқауларды реттейтін бағыну құрылымдары бар. Осының барлығы соңында ақпаратттандыру негізінде жүзеге асырылады.    

  Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда барлық басқару функцияларының активизациялануын, ерекше болжау, жоспарлау және бақылау функцияларына мән берілу керек. Мемлекеттік басқару функцияларының ішінде бүкіл территория көлемінде әрбір адамның құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беретін мемлекеттің әлеуметтік функциясын айтуға болады. Ия, дәл осы үшін адамдар мемлекет құрып, оны материалды және ішкі – жан дүниесімен қолдайды. Әлеуметтік – экономикалық болжам қоғамның дамуына болжам жасау болашақты жобалау болып табылады.        

Шын мәнінде, бұл ғылыми болашақтың дамуын зерттеу. Егер, ғылыми – техникалық дамудың  және басқа да жағдайларды ескерсе  болашақ анық болады. Болжам жасау  мақсатты айқындамайды, қандай жағдайда мақсатқа жететін  мүмкін болатын нәтижелерді, дұрыс және бұрыс тенденцияларды айқындайды [4].

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі, рационалдылығы, мақсаттылығы,  нәтижелілігі ретінде  қоғамдық қажеттіліктер мен күтілімдерден, адамдардың болмысы факторларымен  анықталады. Егер, мемлекеттік басқару  қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыздандырумен, мемлекеттің механизмінің күштілігіне  қарамастан, бұл мекеменің қоғамға  демократия, гумманизм, гармония әкеледі  деп сенудің қажеті шамалы. Ғылыми әдебиеттерді талдау негізіне сүйене отырып, тарихи тәжірибеге және әлеуметтік прогресстің тенденцияларында (социализм, капитализм және аралас формада) мақсатқа жетудің бірнеше бағыттары көрсетілген. Барлық мемлекеттерде басқару субъектілері арасында ашық, белсенді, тікелей қатынастарға ерекше мән беріледі. Мемлекеттің  мағынасы (сущность государства) –  оның жүргізетін саясатының мақсатына, тапсырысына және оны жүзеге асыру  құрамдарына байланысты. Мемлекеттік  саясаттың мәні көбінесе мемлекеттік  басқарудың мағынасы мен технологиясына байланысты. Дегенмен, мемлекеттік  саясатқа қоғам мен мемлекет ара  қатынасына байланысты  әр түрлі  түсінік беріледі. «Басқару» түсінігі мемлекеттік қызметті қоса  функциялардың  кең көлемді спектрін қамтиды. Мемлекет ішінде ұлттық тәуелсіздікті және ұлттық қызығушылықтарды қамтамасыздандырумен бірге, әлемдік аренада экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық дамуға жағдай жасайды. Ағылшын әдебиеттерінде бұл  «Public administration» түсінігімен қалыптасқан [6].

  Саяси басқару бұл мемлекеттің лауазымды қызметкерлердің мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуын, оның жүзеге асырылуына жағдай жасайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалардың қабылдануы. Осы контексте мемлекет бүкіл қоғамның жұмысын саяси басқару туралы сөз болады. Мемлекет адамдар өмір сүруінің негізгі сфераларының дамуын, инфрақұрылымдарды құру, қолдау және т.б. жасауға міндетті. Мемлекеттің  және қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарын басқару, атқарушы аппараттың негізгі функциясы болып табылады.   

  Бұл процессте мемлекеттік биліктің басқа да субъектілері белсенді қатысады және бұл жағдайда заңдарды тек қабылдау ғана емес, оны іс жүзіне асыру, яғни заңда көрсетілген заңды - билік міндеттемелерін орындау. Бұл орындау процессі. Әрине, заң шығарушы қабылданған заңның орындалуын бақылайтын әрекеттер жасайды. Бірақ заң шығарушы осы функцияны толық көлемде орындай алмайды. Заң шығарушыға заңның орындалуын жүзеге асыру дұрыс емес. Сондықтан, арнайы мемлекеттік аппараттың басқару звеносының атқарушы – реттеуші ретінде құрылуы қажет. Осыдан келе, атқару, мемлекеттік – басқару қызметі, яғни басқару және атқару толық бір – біріне сәйкес келеді. Осы жағдайда, шешім қабылдаудың субъектісі кім болатыны. Заң шығарушы, әлде атқарушы орган екендігі? Мемлекет, өзінің органдар жүйесі, аппарат қызметкерлері, басқару процесстерінің мүшелері, лауазымды қызметкерлер негізінде біріншіден, бүкілхалықтық, ұжымдық және жеке, жалпы  және арнайы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, тарихи және нақты халықтың мүдделерін, екіншіден, объективті жағымды және жылдам қоғам субъектілерінің мүдделерін қолдайды.Үшіншіден, мемлекет өзінің ресурстарын мүмкіншіліктерімен, тәжірибе жүзінде қызығушылықтарын практикада жүзеге асыру күшімен, қоғам субъектілерінің сұраныстарын қанағаттандырады. Мемлекет тек қоғамның ара қатынасын талдауда әлеуметтік – кластық және ұлттық құрылымы өркендеу үстінде, елде белсенді миграциялық процесстер, халықтың жынысы және жас мөлшері, демографиялық жағдайдың өзгергенін ескеруі қажет. Сондықтан мемлекет пен қоғам қатынасының тепе – теңдігі тұрақты болмайды, ол үнемі өзгереді және қайта құрылып отырады. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтілігі күшті дамыған қоғамды танитын механизмдерге байланысты. Қоғамның жоғары қажеттіліктері мемлекетті басқарудың демократияландыруды талап етеді. Демократияландыру екі аспектіні қамтиды: біріншіден, халықтың мемлекеттік – басқаруға, шешім қабылдауға, оны жүзеге асыруға қатысуы; екіншіден мемлекеттік басқару шешімдерінің іс жүзіне асырылуына кепілдік беретін басқару билікпен байланысты [7].

    Мемлекеттік басқару сонымен қатар, қоғамдық талаптың технократиялық әдістің тиімсіздігіне негізделген. Мың жылдар бойы қалыптасқан жағдай мемлекеттік басқаруының методологиясы мен философиясын өзгертуді талап етеді.

  Адамзаттың дамуына оның өзін - өзі қорғауға мемлекеттік басқаруда қолданылатын жаңа технологиялар,еңбек ресурстары, шикізат пен материалдарды қолдануы, өнімнің сапасын, өмір сүру түрін және басқа да жағдайларды мемлекеттік басқаруда басшылыққа алу қажет. Әрине, қоғам мемлекеттік басқарудың тиімді болғанын қалайды. Қоғам мемлекетті дамыған, экономиканы прогностикалық болжам жасайтын, әлеуметтік – экономикалық артта қалмаған мемлекетті қалайды. Ғылыми тұжырымға, объективті заңдылықтарға негізделген басқару қоғамдық проблемаларды белсенді шешетін прогрессивті қоғамның дамуын қамтамасыз етеді.

  Демократиялық мемлекетте, саяси басқарудың субъектісі болып мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымды қызметкерлер, ең бірінші Президент немесе Премьер – Министр (саяси режимге байланысты) және жалпы және құпия дауыс берумен сайланатын Парламент, сонымен қатар мемлекеттің саяси стратегиясын жүзеге асыруға жауапты Үкімет. Саяси шешімдер саяси процесстердің субъектілерімен қабылданады. Бұл субъектілердің қызметі қоғам өмірінің нақты заңдарына сүйенеді. Олардың қызметі, әдістері мен тәсілдері, басқару формасы, саяси жүйеде қалыптасқан заңдармен айқындалады.  

  Мемлекеттік билік қоғамда ашық билікті жүзеге асырады және бір жүйені құрайтын бір – бірімен тығыз байланыста болатын  институттардан,  органдардан құралған. Бұл жүйе конституцияға және басқа да заңдарға негізделіп, мемлекетке жүктелген негізгі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мемлекеттік механизмнің негізгі бөлігі мемлекеттік аппарат болып табылады. Мемлекеттік аппарат көптеген органдардан, оның әр қайсысының жеке құрылымы бар және қоғамның  нақты сферасын басқаруға заңдық құқықтарға ие.

  Адамзат дамуының барлық кезеңі тарихында адамзат қоғамның дұрыс қалыптасуын қамтамасыздандыратын мемлекеттік органдар құрды. Соның ең тиімдісі қоғамды басқару мен оның қажеттіліктерін, мүдделерін қорғайтын мемлекеттік басқару органдары мен мекемелерден тұратын механизм болды. Осы органдар бір – бірімен тығыз байланыста және қоғамды басқаруда  бір – бірімен толықтырылып отырады. Олардың басты мақсаты басқару функциясын атқарудағы барлық азаматтардың қызығушылықтарын, құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беру. Сондықтан, бұл процессте негізгі орын мемлекеттік органдар қызметкерлерінде [8].

  Мемлекет қоғамға негізделе отырып, оның саяси, экономикалық жағдайын  және бірлікті қамтамасыз етеді. Ол қоғамның  және экономикалық өмірдің негізгі басқару қызметін атқарады. Басқару шешімдері ерекше мемлекеттік механизммен жүзеге асырылады. Мемлекет құқықтық  және нормативтік актілерді қабылдай отырып, саяси партиялардың, ұйымдардың, қозғалыстардың  қызметін қысқартады, шектейді немесе қолдайды.

  Қазіргі заман мемлекетінің ерекшелілігі саяси биліктің күшті әскер мен жоғары сапалы басқару механизмерімен жабдықталған саяси билікті бір қолға шоғырландырған мемлекеттің болуы.

  Мемлекеттің басқа әлеуметтік ұйымдар  формасынан айырмашылығы, ол басты және жалғыз мемлекеттің билікті жүзеге асырушы қызметі бүкіл азаматтарға  және бүкіл территория көлеміне өкілеті тарайтыны. Мемлекет және билік саяси әлемді біріктіретін негізгі элементтер. Осы көзқарас бойынша мемлекет заң күштейтін монополияға ие.

  Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары: Президент, оның аппараты, үкімет, парламент және  сот органдары біріге басқару жүйесін құрайды. Жоғарыда айтылған саяси субъектілер бүкіл халықтық маңызды мәнге ие шешім қабылдайды, мемлекеттік аппараттың барлық звенолары мен барлық азаматтарыдың орындалуы міндетті шешімдер қабылдайды. Осы ретте әр бір субъект басқару жүйесінің жеке жүйесі болып табылады [9].

  Саяси, әлеуметтік  және экономикалық институттардың тиімділік көрсеткіші  азаматтардың сенім дәрежесі болып табылады. Азаматтрадың сеніміне әлеуметтік  және экономикалық институттардың жетістігі  байланысты.

  Әлсіз билік жүйесі мемлекеттік органдар мен лауазымды қызметкерлердің мардымсыз болуына, жемқорлықтың белең алуына  алып келеді. Бүкіләлемдік Банктің 1997 ж. баяндамасында айтылғандай, тиімді мемлекет әлеуметтік  - экономикалық дамудың кепілі. Осы баяндамада 94 елдің мәліметтерін талдау негізінде соңғы үш онжылдықта, экономикалық жетістіктер жүргізілген экономикалық саясатпен емес, институционалдық жүйенің сапасымен анықталған. Осы тұжырымның ерекшелігі, институционалды инфрақұрылым деңгейі нарықтың дамуына әсер етеді. Мамандардың пікірі бойынша, жаңа индустриалды елдерде  экономикалық таңғажайыптың болуына ең бірінші саясаттың әсерінен болғанын мойындайды. Қазіргі заман мамандары осы елдердің басшыларын қатаң сөгіске алады, оның себебін бүгінгі таңдағы экономикалық тоқырау мемлекеттің  қоғамның экономикалық өміріне араласуы және мемлекеттің ірі корпорациялармен тығыз байланысуынан деп түсіндіреді. Биліктің вертикалды тұрақтылығы мен тиімділігі барлық жағдайда өте маңызды, бірақ әлеуметтік – саяси және экономикалық қайта құрылым үлкен мәнге ие. Авторитарлы және диктаторлық әдістер мемлекеттің күші емес, биліктің әлсіздігін көрсетеді. Мұндай әдістер, қысқа мерзімді жағымды нәтижелер бергенмен, ұзақ мерзімді болашақта сәтсіздікке әкеледі [10].

  Жаңа индустриалды елдердің тәжірибесі  бұл мағлұматтарды дәлелдегендей,  нарықтық экономиканың институттары  мен принциптрі демократияландыру   мен либеризациялау жолына салуға  мәжбүр болған.

  Мемлекет ішінде болып жатқан  барлық оқиғалар  мен процесстер, азаматтардың қызметі, субъектілерінің  қызметі құқық қабылданған нормалармен,  заңдармен шектеледі.Осы қатынаста  мемлекет, әсіресе демократиялық,  құқықты мемлекет, қоғамда пайда  болған проблемаларды шешуде  арбитр ролін  атқарады. Мемлекеттік  билік құқыққа негізделген және  сол заңдардың негізінде мемлекет  өзінің ішкі және сыртқы саясатын  жүргізеді. Міне, сондықтан құқық,  мемлекет, саясат бір – бірімен  тығыз байланысты. Мемлекетті биліксіз  көз алдымызға елестету мүмкін  емес. «Билік» сөзінің өзі кең  мағынада қолданылады. Кез келген  қоғамды да биліксіз қалыптастыру  мүмкін емес. Осы феноменды біз  күнделікті өмірде жиі кездестіреміз.  Көптеген, мамандардың пікірінше  тек мемлекет жүргізетін билік,  оның институттары мен лауазымды  қызметкерлердің мемлекет атынан  жүргізетін билігі саяси билік  деп аталады. Осы түсінікте  мемлекеттің ерекшелігі басқа   қоғамдық ұйымдардан азаматар  мен қоғамның   мемлекетпен  ара қатынасы жасайтын саяси  билікті бірден – бір жүргізуші  болуы. Саяси билік өзінің нақты  көрінісін мемлекеттік биліктен  алады. Осы тұжырымда, мемлекет  билік прерогативасын ұстанған  саяси ұйым ретінде болады. Сондықтан,  мемлекеттік немесе саяси билікті  кей жағдайда ашық (публичный)  билік деп атайды. Себебі, бұл  билік түрі барлық қоғамның  атынан және осы қоғамның мүддесін  қорғайды. Мемлекеттік билік қоғамда  жоғары дәрежеге ие, бұл ұлттық  – мемлекеттік тәуелсіздікте  көрсетілген [11].

  Мемлекеттік басқару теориясы келесідегідей тиімділікті анықтау критерилерінен тұрады:

  • Мемлекеттік басқару құрылымдары қызметінің өз міндеттемелерін сапалы орындау дәрежесі;
  • Лауазымды қызметкерлердің құқықтық және басқа міндетті нормалардан ауытқымау дәрежесі;
  • Басқару объектісінің жағымды не жағымсыз жаққа өзгеру дәрежесі;
  • Басқару қызметіне салынатын ресурстардың басқару шығындарын өтеу дәрежесі;
  • Басқару құрылымдары шешім қабылдау мен іс - әрекеттерінің белсенділікке ие болу дәрежесі [12].

   Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда көптеген авторлар адам факторына мән береді, әсірісе саясаткерлер мен мемлекеттік органдар қоғамның тарапынан шешім қабылдауға белсенді араластыру бойынша үнемі қысымдарға тап болады. Осы аспектіде азаматтар тарапынан саясаткерлерді таңдаудың құралы сайлау басты рөл атқарады. Қайта сайлау  немесе мүлде дауыс бермеу лауазымды қызметкерлердің халық алдындағы жұмысына баға беруді білдіреді. Қоғам, азаматтар тарапынан қолдауға ие болу лауазымды қызметкерге өте маңызды. Себебі, азаматтар билікті таңдауға шақыруды басқару процессіне қатысумен тең деп санайды.

  Әрине, мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігін арттыруда материалдық түрде ынталандыру маңызды рөл атқарады. Осы проблеманы айта келе, Дж.Габрис жұмысшыларды қаржылық ынталандыру тиімді әдіс екенін дәлелдеген. Осы дәлелдің негізгі аргументі: жұмысшы ең бірінші материалды жағдайға үлкен мән береді. Жұмысшылардың айтуынша жалақы мөлшерінің тепе – теңсіздігі олардың  қанағатсыздық сенімін тудырады.

  Осы проблеманы шешудің оптималды жолы мемлекеттік мекемелерде тұрақты және үздіксіз жалақы төлеу жүйесін құру. XXI ғасырдың мемлекеттік басқаруы мемлекеттік мақсаттары мен функцияларын іске асыруда  адамның дамуын интелектуалды ресурс ретінде қарастыратын әлеуметтік  менеджмент; Өмір сапасының стандарттары мемлекеттік әлеуметтік  - экономикалық дамуын бағалайтын негізгі критерилер болып табылады, сондықтан мемлекеттік құрылымдар халыққа сапалы қызмет көрсетуге міндетті;  Әкімшілік институттар даму процессінде меншік сектордың тәжірибесіне сүйеніп, олардың әдіс – тәсілдерін қолданады.  

  

III Мемлекеттік басқаруды нормативтік  – құқықтық қамтамасыз ету

3.1.Мемлекеттік басқару органдары  қызметін құқықтық қамтамасыздандыру

 

   Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және бiр рет не өзгеше шектеулi түрде қолдануға есептеледі; заңдарда регламенттелген жағдай шеңберiнде белгiлi бiр тұлғаға не өзге де белгiлi бiр тұлғалар тобына қолданылады;  белгiлi бiр тұлғаның немесе тұлғалардың өзге шектеулi тобының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi, өзгертедi, тоқтатады немесе тоқтата тұрады. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

  Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс: 1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiне қайшы келмеуге тиiс; 2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң бiркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс;

3) құқықтық  актiде белгiленiп отырған шаралардың  мазмұны анық баяндалуға, құқықтық  актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде  iске асыру үшiн жауапты адамдар  тобы айқын белгiленуге тиiс;  
4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бiр мемлекеттiк органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс [3].

   Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актiлерi қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс.  
Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттiк органның құқықтық актiсi қолданылады.

  Бiр деңгейдегi мемлекеттiк органдар  қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне  қайшы келген жағдайда осы  шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн  органның құқықтық актiсi қолданылады.  Мүдделi тұлғаның арызы бойынша  бiр құқықтық актiнiң басқа құқықтық  актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттiк орган  немесе сот қабылдайды.

  Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсiнде, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс: 
құқықтық актінiң атауы; сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып; актiнің қабылданған орны мен күнi; тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары); органның мөрi.

  Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс. Бақылау былайша бөлiнедi: 1) құқықтық актiлердiң (орындалуы құқықтық актiлерде көзделген шаралардың) орындалуын бақылау. Бұл жағдайда орындалуға тиiс шараларды қамтитын барлық құқықтық актiлер бақылауға алынады; 2)мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды адамдарының қызметтiк сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау;3) iшкi (тиiстi мемлекеттiк органның шегiнде) және сыртқы (өзге мемлекеттiк органдардың қызметiн) бақылау. Бұл орайда сыртқы бақылауды жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар не осындай бақылауға арнайы уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.Бақылау қажетті ақпаратты талап ету; орындау туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау; ревизиялар және құжаттық тексерудiң өзге де нысандары; жергiлiктi жерге барып тексеру жолымен; заңдарға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен жүргізiледi. Бақылау мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi; орындаудың уақтылы және толымды болуы; орындау кезiнде заңдар талаптарының сақталу өлшемдерi бойынша жүргiзiледi [3]. 
 Бiр мәселе бойынша әртүрлi орындардың қатар тексерулер жүргiзуiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген қайталап тексерулер жүргiзуге жол берiлмейдi. Халықтың тәуелсіздігі, мемлекеттік билікті халықтың мемлекеттік органдарға беруі қоғамның мүддесін қорғауды, елдің стратегиялық реформасының стратегиялық тапсырмаларын шешу, билік құрылымдарының келіспеушіліктері биліктің бір қолда немесе бір мемлекеттік орган құзырында болуды талап етеді. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзу мiндеттi. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртібi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi [21].

  Қазақстан Республикасының Президентi мына жағдайларда: Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-Министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермегенде, Парламенттiң Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттiк өкiметтiң басқа тармақтары арасындағы еңсерiлмейтiн келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламенттi тарата алады.  Парламенттi төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде таратуға болмайды [29].

  Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi және тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға: 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне; 2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;  
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге; 5) республикалық бюджетке; 6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне; 7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға; 8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге; 9) айналадағы ортаны қорғауға; 10)республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына; 11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормалардың белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.

   Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда әрі кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды [21].

Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі