Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі



Қазақстан Республикасы  Білім  және  Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

Менеджмент кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық менеджмент пәні

 

Реферат

Тақырыбы: Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ГМУ-31 тобының студенті

Абилмажинова И.Д.

                     Тексерген: Әбенов Е.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2011

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе………………………………………………………………………..3

 

1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі…….……………………..4

1.1 Ақпарат туралы түсінік…………………………….……………………4

1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу…5

1.3 Ақпараттық жүйе………………………………………………………...7

 

2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат……………………...9

2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау……………………………………………………………….9

2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары……………………………………………………………………11

 

Қорытынды………………………………………………………………….14

 

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы – индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:

қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру;

жалпы ішкі өнімде ақпараттық коммуникациялар, өнімдер мен қызметтер бөлігін өсіру;

мыналарды қамтамасыз  ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік:

а) адамдардың тиімді ақпараттық өз-ара іс-қимылы;

б) әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі;

в) ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.

Цифрлық технологияларды қабылдамау, оларды әлсіз дамыту болашақтағы ақпараттық қоғамның басымдығы және экономикалық өсуі үшін бүкіл әлемдік жарыста жеңілгенін білдіреді. Нақтылығы бүкіл әлемде ақпараттық кеңістікті шектеуді құра отырып, өндірісті, білімді және адамдардың  өмірін түбірімен өзгертеді.

Ақпарат – басқару процесінің негізі болып саналады. Басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері ақпаратты өңдеуге байланысты.

Басшының және басқару аппаратының ұйымдық практикалық қызметі де көбінесе ақпараттық сипатта болады, өйткені олар шешім қабылдау үшін ақпараттар алады, және қабылдаған шешімдер жайлы ақпарат тарады.

Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.

Ақпараттық жүйе – бұл кәсіпорынды басқарған қажетті ақпараттардың барлық түрі. Кең мағынада ақпараттық жүйе – бұл қажетті және дәлме дәл ақпараттарды басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі ақпараттарды қамтамасыз ету құралы.

Бүгін Қазақстанда бірыңғай емес, көп өлшемнің негізінде қалыптасқан ақпараттық кеңістігі әртүрлі мүгедектер үшін оларды ақпаратқа бір текті емес қол жеткізуін бірдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленеді.

Ақпараттық теңсіздік аумақтар, ірі, орта және ұсақ елді мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Ірі қалаларда ғылыми –білімдік әлеуетін әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерінің мүмкіндіктері бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды.

Ақпараттық кеңістікті дамыту қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан индустриалдан кейінгі - ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі.

 

1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі

1.1 Ақпарат туралы түсінік

Ақпарат – «информация» термині латын тілінен енген – түсіндіру, баяндау, мәлімет деректер беру деген ұғымдарды білдіреді. Басқару ісінде ақпарат ұғымы сақтауға, таратуға және түрлендіруге тиісті деректер ұғымын береді.

Басқару процесі тұрғысынан қарастырғанда ақпаратта еңбек құралы, басқарылатын, басқаратын жүйелер және сыртқы орта туралы деректер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ұғымда ақпарат басқару процесінің негізі шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ретінде орын алады. Басқару процесі шешімін біршама дәйектілігі түрінде жүзеге асады, ал оның тиімділігін аралық және ақырғы нәтижелер туралы ақпарат негізінде анықтауға болады.

Сонымен басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері  ақпараттарды өңдеуге байланысты. Басшының және басқару аппаратының ұйымдық практикалық қызметі де көбінесе ақпараттық сипат алады. Ақпаратсыз басқару мақсатын анықтау жағдайын бағалау, проблеманы тұжырымдау, шешім қабылдау және оның орындалуын бақылау мүмкін емес.

Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда ақпарат рөлі арта түседі. Басқару құрылымын, олар атқаратын қызметінің құрамы мен мазмұнын түбегейлі өзгерту ақпарат тасқынының жеткізілуіне, оның мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау-экономикалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді. Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми-техникалық, коммерциялық және демографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға байланысты.

Кез келген ұйымның даму стратегиясын қалыптастыру және әзірлеу кезінде басшы мақсаттар мен міндеттер қоюы, әрекетерді жоспарлауы керек, көрсеткіштердің әрбір топтарында қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыстардың орындалуын бағалаудың критерияларын анықтау және мынадай сұрақтаға жауап беруі қажет:

 көзделген қаржылық нәтижелерге жете отырып, біздің иелеріміз бен акционерлеріміздің алдында біз қандай болуымыз тиіс;

 өзінің болашығын елестетуді іске асыру үшін, біздің тұтынушыларымыздың алдында біз қандай болуымыз тиіс;

 біздің тұтынушыларымызды қанағаттандыру үшін, қандай бизнес-үдерістерде жетістіктерге жеткізуіміз тиіс;

 өзіміздің болашағымызды елестетуді іске асыру үшін қандай өзгеру және жетілдіру қабілеттілігімізді біз қалай қолдауымыз қажет?

Осындай қатынас басшыларға ұзақ мерзімді нәтижелерге жетуге бағытталған стратегияларды өндіруге ұйымның барлық бөлімшелерінің күш-жігерін шоғырландыру мүмкіндігін береді. Бұл ретте көрсеткіштердің барлық төрт топтарының мақсаттары ұзақ мерзімді қаржылық нәтижелермен байланысты болады. Бөлімшелердің, командалар мен қызметкерлердің міндеттері ұйымның стратегиялық міндеттерімен сәйкес келеді.  Ресурстарды, стратегиялық бастамалар мен жылдық бюджеттерді бөлу стратегияларға бағынышты, ал  қорытындыларды талдау жөніндегі мәжіліс нақты кері байланысты орнату және стратегияны іске асыру барысы туралы нақты ағымдағы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Мақсатқа жету үшін, ұйымның барлық жұмыскерлері бір үйлесімді организм сияқты әрекет етуі қажет. Оған, тұлғаны құрметтеуге және мотивацияға негізделген, адамның табиғатына, білім мен ақпаратқа бағытталған менеджменттің сапасын арттыра отырып жетуге болады.

Үдерісті дұрыс басқаруда олардың артынан тұрақты бақылау және деректерді үнемі талдауды талап етеді. Барлық деңгейдегі басқару үдерісінде барлығы, кім өкілетті оған араласады, негізгі факты шешуде іскерлікті қабылдау, үдеріске араласуға болама екен, егер де керек болса, онда кімге. Үдеріске оған араласатын адамдар да араласуы мүмкін.

Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономи калық және ғылыми-техникалық процесс.

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде «электрондық үкіметті» қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.

 

1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу

Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы әр түрлі кезеңдер мен сатылардағы ақпарат рөлі, оны пайдалану нышаны мен сипаты, параметрлері ықпал етеді.

Мұндай сипаттамаларға жататыны:

1.            басқару процесінде пайдаланатын ақпараттардың саны мен сапасы. Ақпараттың барлық түрін саны мен сапасы бойынша мұқият бағалау мүмкін емес. Мұндай бағалау көп жағдайда ақпараттардың тіркелу әдістеріне, әр түрлі тасымалдаушылардың қолданылуына т.б. тәуелді.

Кейде басқару аппаратындағы қызметкерлерге ақпаратар шамадан тыс көп келеді, яғни ақпарат молшылығы пайда болады. Мұның өзі шешім қабылдауды қиындатады. Кейде керісінше – басқару аппаратының қызметкерлеріне қажетті ақпараттар жетіспейді де, ақпарат «тапшылығы» пайда болады, мұндайда ақпарат жеткіліксіздігі жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.

2.            ақпараттың толықсыздығы, мұның өзі басқару үшін қажетті және алынған ақпараттардың ара қатынасы бойынша анықталады. Қажетті ақпарат саны, оны жинауға және таратуға кететін уақыт шығынына байланысты. Ақпараттар сапасын бағалау үшін мынадай сипаттамаларды пайдаланады: дұрыстығы мен дәлдігі, толықтығы, өзектілігі, құндылығы және пайдалылығы.

3.            ақпараттың дұрыстығы мен дәлдігі басқару ісін ақпараттармен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Кез келген нақты деректер шынайы оқиғаның анықтылығын көрсетеді. Ақпараттар неғұрлым дұрыс болса, тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.

4.            ақпараттың өзектілігі – басқару ісін ақпараттармен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Ақпараттарды дер кезінде алмасу жөніндегі айшықты сөзді біз А.И.Бергтің жазғандарынан кезедстірдік. Ол бйлай дейді: «... ақпаратты аз шамада шарапқа теңеуге болады, ол көп тұрған сайын сапасы мен хош иісі жақсара түседі».

5.            ақпараттардың құндылығы, пайдалылығы басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Бұл сипаттама салыстырмалы түрде, өйткені ақпараттың құндылығы оны қабылдайтын субъектілерге байланысты. Міне, сондықтан да ақпараттардың құндылығын қатаң бағалауға немесе өлшеуге болмайды. Дегенмен де, басқару практикасында әрбір басшы шешім шығаруды ойластыра отырып, алынған деректерді бағалайды. Егер басшыға жұмысына кедергі жасайтын тиімсіз ақпараттар тым жиі келетін болса, онда ол басқару процесіндегі ақпаратпен қамтамасыз етілуді теріс бағалайды.

6.            ақпарат тығыздығы – бұл оның саны. Тиісті өңдеу техникалары болмағанда ақпарат тығыздығының төмендігі басқару процесінде қол жұмыстары көлемін ұлғайтып, ақпараттарды сақтау және іздестіру процестерін күрделендіреді, соның әсерінен өндірістік басқару еңбегі кемиді. Ақпараттың өте тығыз болуы, оны пайдалану үшін арнайы техникалық құралдарды қажет етеді.

Ақпараттардың тығыздығы, оны таратушыда тіркелуіне ғана емес, тіркелу белгілеріне, тіліне де байланысты. Іс құжаттарында терминдердің үйлестірілуінің, құжаттарды толтыру тәтібінің үлкен рөлі бар.

7.            тиімді пайдалану мүмкіндігіне қарай ақпараттарды пайдалы, жалған және артық деп бөледі.

Ақпарат алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады: 
— ақпаратты жіберуші идеяны қорытушы немесе ақпаратті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады; 
— символдар көмегімен кодталған ақпараттың өзін хабарлау; 
— канал, ақпаратты беру құралы; 
— алушы. бұл ақпаратты қажет ететін адам. 
       Ақпаратты алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұларлың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жакка да түсінікті болуын қарастыру. Ақпарат алу кезеңдері мынадай:

а) идеяның пайда болуы;     ә) кодтау және канал таңдау;

б) беру;                                  в) декодтау.

Ақпарат алмасу процесінің кезеңдерін қарастырайық ақпарат алмасу идеяны тұжырымдаудан немесе ақпаратті тандаудан басталады. Бұл кезеңде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыкка алу қажет екендігін шешеді де, мұнда ол көптеген факторларды ескереді. Мәселен, басшы жұмыс нәтижесін бағалау туралы ақпарат алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты есте сақтауы тиіс: идеянын мәнісі сол, өзінің қарамағындағыларға олардың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты ақпаратты хабарлау, әрі олардың жұмыс нәтижесін қалайша жақсартуға болатындығы жөнінде кеңес беру.

Ақпаратты жөнелтуші кодтауға аайдаланатын, символ типіне үйлесетін каналды тандай білуі тиіс. Каналдарға берілген сөздер мен жазылған материалдар, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары, компьютер желілері, электроникалар, пошталар, бейнетаспалар мен бейнеконференциялар жатады. Хабарды беру тек бір каналмен шектелмеуі тиіс. Көп жағдайда екі және одан да көп коммуникациялық құралдар пайдаланылады. 
      Үшінші кезеңде женелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін ақпаратті береді. Жөнелтуші хабарды жібергеннен кейін алушы оны декодтайды. Декодтау – бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.

Басшы мынаны ескеруі қажет: олардын басқа орындардар алған ақпараты дәл болмауы және алмасу барысында әр түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Осыған орай кері байланысты жолға қою қажет.

 

1.3 Ақпараттық жүйе

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес: «ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе».

Елімізде қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы Ережесі мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрлар қызметшiлерi туралы толық ақпараттың дұрыстығын, шапшаңдығын және толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттiк органдардың ақпараттық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында құрылған автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң жүзеге асу механизмiн айқындайды.

Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай:

1) мемлекеттік;

2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай:

1) жалпыға ортақ қолжетімді;

2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.

Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады.

Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.

Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.

Ақпараттық жүйе – бұл кәсіпорынды басқарған қажетті ақпараттардың барлық түрі. Кең мағынада ақпараттық жүйе – бұл қажетті және дәлме дәл ақпараттарды басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі ақпараттарды қамтамасыз ету құралы.

Ақпараттық жүйені қалыптастырған кезде басқарушы неғұрлым жалпы айқындаушыларды және сапалық сипаттамаларды басшылыққы алуы тиіс.

Кәсіпорынды дамытудың және техникалық жарақтандырудың кез келген сатысында ақпараттық жүйені ұйымдастырған кездегі маңызды айқындаманың бірі – шығыс құжаттары болып саналады. Шығыс құжаттары – бұл ақпараттарды өңдеудің және қалыптастырудың аяқталу сатысы, мұның өзі тиісті басқару командасын ойластыру үшін қажет.

Ақпараттық жүйені ұйымдастырған кезде қамтамасыз етілуге тиісті ең маңызды сипаттамаларға мыналар жатады:

1.            дұрыстығы. Басқаруға пайдаланылатын кез келген шығыс құжаттарының ақпараттары өндірістің дамуының нақты көрсеткіштеріне дәлме дәл сәйкес келуі тиіс. Ақпараттардың бұрмалануы дұрыс шешім қабылдауға, нәтижесінде бар мүмкіндіктің толық пайдалануына әсер етеді.

2.            түсініктілігі. Ақпараттар басқарушы адамның шешім қабылдауына қиындық келтірмеуі тиіс.

3.            бірмағыналылығы. Шығыс құжаттарының ақпараттарында әр түрлі түсінік болмауы тиіс.

2 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық саясат

2.1 Қазақстанда ақпараттық технологияларды жетілдіру және оны мемлекеттік қолдау

Ақпараттық технологиялар әлемдегі сияқты Қазақстан Республикасында да бәсекеге қабілеттіліктің мәселелерін шешуде басты факторлардың бірі болып отыр. Осы рыноктың дамуы тұрақты экономикалық дамудың және өнеркәсіп пен басқарудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ете отырып еліміз үшін шешуші болып отыр.

Ақпараттық технологиялар (AT) саласындағы негiзгi мiндет ашық жүйелердiң тұжырымдамасы негiзiнде әлемдiк қоғамдастық іске асыратын ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымның бiр бөлiгi (Global Information Infrastructure - GІІ) ретiнде ҰАИ-ды (ұлттық ақпараттық инфрақұрылым) бiртiндеп дамыту, сондай-ақ бағдарламалық өнiмдердi және софт-технологияларды дамытуды ынталандыру болып табылады.

АТ-ны дамыту кезiнде компьютер жабдықтарына бағаның төмендетiлуiне орай негiзгi пайда компьютер жабдығының өндiрiсiнде емес, пайдаланушылар шығындарының тұрақты өсiмi болатын - бағдарламалық құралдар, қызметтер мен консультациялар секторында шоғырланатынын ескеру қажет.

АТ саласындағы қызметтерге ғаламдық сұраным 1997 жылы 327 млрд. AҚШ долларына тең болса, 2008 жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына жеттi. Қазақстанда қолдануға болатын АТ секторы экономиканың аса маңызды салаларында нығаюы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда осы саланың өнiмi импорттың маңызды бөлiгi болып қала беруi мүмкiн. Бұдан басқа, тұтас алғанда ұлттық экономика салаларында сапалы өзгерiстердiң қозғаушысы бола отырып, АТ елдiң телекоммуникацияларын дамытуда айқындаушы рөл атқарады.

АТ саласындағы мемлекеттiк саясат:

ҰАИ-ды дамытуға ықпал ететiн ашық және тұрақты нормативтiк-құқықтық базалар мен стандарттарды жасауға;

халықтың, шаруашылық субъектiлерiнiң, қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының, ҰАИ-ға жан-жақты қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

мемлекеттiк органдар порталдарын жасауды, мемлекеттiк деректер базасы мен құжат айналымы рәсiмдерiн қоса алғанда, «электрондық үкiметтi» әзiрлеп, енгiзуге;

ақпараттандырудың мемлекеттiк құралдары мен жүйелерiн стандарттауға, сәйкестендiруге және сертификаттауға;

iшкi және сыртқы әлемдiк нарықтардың жаңа мүмкiндiктерiн барынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сауда-саттықты толық ауқымда енгiзуге жәрдемдесуге;

мемлекеттiк сатып алу саласында электрондық аукциондар мен тендерлер тетiгiн енгiзуге;

халықтың бiлiм деңгейiн электрондық оқу мекемелерi мен кiтапханаларды құруды қолдау есебiнен көтеруге;

бағдарламалық құралдар мен софт-технологиялардың ұлттық индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауға бағытталуы тиiс.

Қазіргі уақытта республикамызда 3018 бірлік бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) жұмыс атқарады. Олардың құрылымы келесі түрде бөлінген: жалпы санының 91%-ын газеттер (1873) мен журналдар (877) құрайды, 8,5%-ы - электронды БАҚ (63 телеарна, 42 радиокомпания, 146 кәбілді теледидар және 6 спутниктік хабар тарату операторы) және 0,5% - ақпараттық агенттіктер (11). Баспа басылымдары арасында ең көп үлесін қоғамдық-саяси (36%), ақпараттық (32%), ғылыми-талдамалық (27%) бағыттағы басылымдар алады. Мемлекеттік емес БАҚ сегменті республиканың ақпараттық нарығында басым болды, оның үлесі 85% құрайды. Соңғы жылдары ақпараттық өрістің маңызды тақырыптық саралауы өтті, ірі медиа-компаниялар құрылды және жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасында 2005 жылы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007–2009 жылдарға арналған бағдарламасы, 2007 жылы «Ақпараттандыру туралы» Заңы қабылданған. 2010 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қаулысы шықты. Сонымен қатар елімізде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесi туралы ережесі заң күшіне ие.

Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер көрсету жағдайы келесі деректермен сипатталады:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетуде (басшылар блогы, электрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивті сұраулар және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге көшіру жүзеге асырылуда;

2) «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы құрылады, оның шеңберінде 20 ІТ-жоба өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген;

3) «электрондық үкімет» веб-порталында жеке және заңды тұлғалар үшін 1700 аса ақпараттық қызмет, іске асырылған 22 электрондық қызмет, 37 сервис ұсынылады;

4) жергілікті атқарушы органдарды Бірыңғай көліктік ортаға, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне және Мемлекеттік органдардың куәландыратын орталығына қосылу жүргізілді;

5) жергілікті атқарушы органдардың басшыларына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтардың электрондық өтініштерінің жүйесі құрылды, сондай-ақ пилоттық жобасы шеңберінде Павлодар облысының базасында бес әлеуметтік маңызы бар электрондық қызметтер енгізілді;

6) «электрондық үкімет» аясында көрсетілетін қызметтерге on-line режимінде қолма-қол емес төлем жүйесін автоматтандыру үшін «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі құрылды. Қазіргі уақытта салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 120 түрін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің порталы арқылы төлеуге болады;

7) халықтың компьютерлік сауаттылығы шамамен 20% құрайды.

Инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде:

1) «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ жанынан «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (ІТ-Университеті) құрылды, мемлекеттік лицензия алынды, жоғары кәсіби оқытушылар штаты қабылданды, бағдарламалау бойынша білім берудегі әлемдік көшбасшы Carnegie Mellon (Питтсбург, АҚШ) университетімен лицензиялық келісім жасалды;

2) мемлекеттік тапсырыс негізінде бакалавриаттың 1 курсында 4 мамандық бойынша ағылшын тілінде американдық Carnegie Mellon университетінің бағдарламалары бойынша 300 студент оқиды, сондай-ақ 2010 - 2011 оқу жылына 300 грант бөлу жоспарланды;

3) Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғары оқу орындары арасынан ІТ-Университеті үшін қосымша шетелдік серіктестердің іріктеу жүргізілуде;

4) мамандырылған ІТ-колледждерді ашу мәселесі пысықталуда.

 

2.2 Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытудың

негізгі проблемалары

Ақпараттық кеңістікті дамытудың негізгі проблемалары:

отандық ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;

медиялық инфрақұрылымның технологиялық артта қалуы, атап айтқанда отандық телерадио хабарын таратуды және оның тақырыптық саралауын одан әрі дамыту үшін кедергі ретіндегі радиожиілік спектрінің шектелуі;

цифрлық телерадио хабарын таратудың болмауы;

Интернет желісінде қазақстандық сегменттің жеткіліксіз дамуы;

қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын автоматтандырылған режимде орталықтандырылған мемлекеттік есепке алудың болмауы;

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау және сақталу үшін жағдайлардың жетіспеушілігі;

қоғамның отандық ғылыми-техникалық, классикалық, көркемдік, балалар және жасөспірімдер әдебиеттерімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

қазақстандық кітап нарығында шетелдік (ресейлік) кітаптардың үстемдігі.

Бүгін Қазақстанда бірыңғай емес, көп өлшемнің негізінде қалыптасқан ақпараттық кеңістігі әртүрлі мүгедектер үшін оларды ақпаратқа бір текті емес қол жеткізуін бірдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленеді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тең емес мүмкіндігін білдіретін «ақпараттық теңсіздікті» жою туралы, оның ішінде:

азаматтардың компьютерлік және басқа цифрлық, коммуникациялық техниканы тең емес иелену;

азаматтардың Интернет ресурстарына тең емес қол жеткізу;

компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын азаматтардың тең емес иелену мәселелері тұр.

Электрондық қызметтер көрсетуді дамытуды тежейтін негізгі проблемалар:

1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерінің, ақпараттық жүйелері мен ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы;

2) электронды түрде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуі;

3) түрлі әлеуметтік топтардың инфокоммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - ИКТ) пайдалану мүмкіндіктерінің тең болмауы болып табылады.

Ақпараттық теңсіздік аумақтар, ірі, орта және ұсақ елді мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Ірі қалаларда ғылыми –білімдік әлеуетін әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерінің мүмкіндіктері бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды.

Қазақстан жағдайды жақсартуда тұрақты прогресті көрсететінін атап өту қажет. Бұл туралы БҰҰ жүргізілген 2005 жылғы электрондық үкіметке жаhандық дайындық туралы есебінің деректерінде айтылған. Электрондық үкіметке елдің және оның қоғамының дайындық деңгейін бағалайтын бүкіл дүние жүзілік 179 елдердің рейтингінде Қазақстан 65 орынды алады. 2005 жылы Қазақстанның рейтингі 2004 жылмен салыстырғанда 4 позицияға жақсарды, 2003 жылға қарағанда  14 тармаққа жоғары.

Менеджмент саласы басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі