Менеджмент түсінігі. 4

I.Менеджмент термині (ағыл. «management») басқа тілге дәл аударылмайды. Ағылшын тілді елдерде ол өте кең мағынада, әртүрлі түрде қолданылады, бірақ та әрқашан шаруашылық әрекетін басқару ұғымына жақын болады.Менеджменттің негізін ұйым қалайды. Ол оның пайда болуын ескертіп отыратын себеп болып табылады.Сондықтан да, менеджмент ұғымын түсінбес бұрын ұйым дегеніміз не және неліктен ол басқаруды талап ететіндігі жайында білуіміз керек.Ұйым дегеніміз – көздеген ортақ мақсатқа жету жолындағы әрекеттерді үйлестіретін адамдар тобы.Топ мына талаптарға сай болуы тиіс:

-Өзін топ мүшесі санайтын топ мүшесінің саны 2 адамнан кем болмауы тиіс;

-Барлық ұйым мүшелеріне ортақ мақсаттардың болуы;

-Ортақ мақсаттарға жету жолында бірге жұмыс жасайтын топ мүшелерінің болуы.

Ұйымдар ресми және бейресми болып 2-ге бөлінеді.Ресми ұйымдар-ресми  тіркелген және заң жүзінде, орнатылған регламенттер бойынша әрекет ететін ұйымдар.Бейресми ұйымдар-адамдар бір-бірімен  тұрақты байланыс орнатқан, бірақ заңнан бөлек қызмет атқаратын ұйымдар. Ұйым өзінің көздеген мақсаттарына жету үшін олардың бөлімшелерінің міндеттері еңбекті көлденең бөлу арқылы ұйымдастырылуы керек, сондықтан да басқару ұйым үшін ең маңызды әрекет болып табылады.Сондай-ақ, ұйым басқарушы тағайындап, олардың міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтаулары қажет.

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ

Менеджмент  басқарудың мақсатына  адамдардың    еңбек  белсенділігін  ынта-ықыласы    арқылы  көтеріп,  олардың  тиімді    жұмысының негізінде   жетуді  ұйғарады.  Ғылымның  бұл түрін білу  барысында    басқарудың  мақсаттарын қою мен дәлелдеу  үшін  нақты білім және    тәжірибелік дағды алуға болады,  осы мақсаттарға жету    жолында тұлғаның   күш-қуатын  жинастыруға, ғылыми  дәлелденген шешімдерді  қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды  біртұтас  жүйе  түрінде басқаруға мүмкіндік береді. [1]

Әртүрлі  ғылымдар  секілді  менеджменттің  де   теориясы  болады,  онда  осы  пәнге  тән  қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар  және  өзінің   ізденіс  жолы  қамтылады.

Басқару  адамдардың  парасаттылық,  жүйелі  іс-қызметінің  көмегімен    қоршаған  әлемді  бағындыру  және  тәртіпке  келтіру  жұмысынан  тұратындығы    бұрыннан  белгілі. Менеджмент – басқарудың  маңызды  құрамдас  бөлігі, оның  пәні  басқару  үрдісіндегі    әлеуметтік  қатынастардан  тұрады. Сөйтіп, менеджменттің  ғылым  ретінде  айналысатын  пәні - басқару  үрдісіндегі    адамдардың  арасындағы  қалыптасатын  қатынастар.

Менеджментті  кәсіпкерлік  іс-қызметтің  түрі деп   қарастыруға да  болады.Осы  көзқарасқа  қарай  менеджментті  алдын-ала  белгіленген  экономикалық  нәтижеге  жету  үшін  адамдардың  күш-қуатын нысаналы    түрде  шоғырландыруды    ұйғаратын  іс-қызметтің    бір  түрі  деп  түсінген  дұрыс.

Әр салада  басқару    іс-қызметінің  жалпы  қағидаларымен  бірге  өзіне  тән  ерекшелігі  болады. Мысалы, туризм саласы әлемде мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі 3 орында.Сондықтан да, әлем елдерінің көпшілігі туризмді басқару саласына аса мән беріп отыр.Туризм сферасын басқарудың ерекшелігі туристерден түсетін пайда болып табылады.Сонымен  қатар, бұл  туристік ұйымдардың  іс-қимылы туристік нысандардың, яғни орналастыру орындары, тамақтандыру кәсіпорындары, көлік қызметі мен ойын-сауық объектілерінің және де осы саладағы еңбек ететін қызметкерлердің іс-әрекетімен тығыз байланысты. 

Менеджмент  стратегиялық  және  тактикалық    мақсаттарға  оңтайлы  жетуде  әрбір  кәсіпорындардың  және  олардың  персоналдарын  нысаналы  және   келісімді  жұмыспен  қамтамасыз  ететін  басқару  іс-қызметінің  ерекше  түрінен тұрады. Ал, басқару  үрдісі - белгілі мақсатқа  жетуге  бағытталған, дәйекті  түрдегі  істің  жиынтығының  көрінісі.[1]

Менеджмент  макро  және  микроэкономиканың  негізгі  қағидаларына  негізделеді.  Бірақ, бұл  бірыңғай  экономикалық   пән  болып  табылмайды. Оның  ғылым  болып  құрылуында  айтарлықтай  рөлді  психология, педагогика, социология, кибернетика  және  математика  атқарады. Сонымен  қатар, менеджменттің  өзі  маркетингті, коммерциялық  іс-қызметті  және  басқару  іс жұмысын  жүргізумен байланысты басқа қолданбалы пәндерді    зерттеуге  негіз  болып табылады.

             

              МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  НЕГІЗГІ  КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Басқару  мен  менеджментте  бірдей  категориялар  пайдаланылады,  бұларға жататын ұғымдар мынадай – «басқарудың  объектісі  мен  субъектісі», «олардың  арасындағы  тура  және  кері  байланыс», «басқару  жүйесі», «қоршаған орта».

Менеджмент  пен  басқарудың  негізгі  категорияларын    кәсіпорындар  мен  ұйымдар  деңгейінде  қарастырғанда, олардың  іс-жұмысының  ерекшелігін  және  шаруашылық  субъектілердің    іс-қимылдарының  жалпы  міндеттерін  ескерген  жөн.

Басқару  объектісі – бұл  басқарылатындардың  барлығы, яғни  сала, кәсіпорын, бөлімшелер  және  т.б.  Менеджментте  басқару  объектісі  ретінде  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  өздерінің  іс-қызметтерін  үйлестіретін    және  бағытталатын  адамдар  тобы  қарастырылады.  Басқару  субъектісі – бұл  басқарушылардың  барлығы,  яғни  саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің  басқару  аппараты.

Басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  арасында  тура  және  кері  байланыс  болады.  Тура  байланыс – бұл  басқару  объектісіне   субъектіден түсетін   әмір (команда). Кері  байланыс – бұл  басқару  субъектісіне  объектіден әмірдің  орындалғаны  және  оның    жағдайы  туралы  түсетін  ақпарат.

Басқару  объектісі  мен  субъектісінің  жиынтығы   тура  және  кері  байланыстармен   бірге  басқару  жүйесін  құрайды.

Басқару  жүйесінде  басқару  объектісін  басқарылылатын  жүйелілік, ал  субъектісін  – басқаратын  жүйелілік  деп  жиі  айтады. Басқару жүйесін бірқатар  жалпы шарттары    сипаттайды.  Ең  алдымен басқарылатын  жүйеліліктің   басқарушы жүйеліліктің    ықпалымен өзінің  параметрін (немесе  қасиетін)  өзгертетін  қасиеті  болып табылады.Бұл  орайда  басқарудың  тиімділігі    үшін  критерийлер  мен  көрсеткіштер  қажет,  олардың  ішінде  басқару  объектісі    іс-қызметінің    маңызды параметрі   неғұрлым  толық көрсетілген(1 сурет). [1]

 

 

 

 

 



 

 


 

 

                                                Қоршаған орта


 

 

 

1 сурет –  Басқарудың  негізгі  категорияларының  өзара  байланысы

 

Басқару  субъектісі  объектіге  берілген  мақсатқа  сәйкес  ықпалын  жүргізеді. Бұл  үшін  басқарылатын  жүйе  бөлігі  басқару  объектісіне  көрсетілген  ықпалынан  кейін  оның    жағдайы  қандай  екенін  анық  білуі  керек.

Мақсатқа  анық  бет  бұру  үшін  басқару  субъектісіне  объектіге  ықпал  көрсетілгенше  және  көрсетілгеннен  кейінгі    жағдайлары  бойынша  ақпарат    түсіп  отыруы  қажет,  басқаша  айтқанда  басқару  жүйесінде    тура  және  кері  байланыс  айқын  түрде  ұйымдастырылуы  керек.  Сонымен  ақырында,  басқарудың  қайсы  бір  экономикалық    жүйесі  болса  да, онда    белгілі  материалдық,  еңбек, қаржы  және  басқа  ресурстар    болуы  керек.

Әрбір  кәсіпорын  қоршаған  ортамен    өзара  әрекетте  болады.  Қоршаған  орта – бұл  осы  кәсіпорынды   қоршағанның  барлығы: жеткізушілер  мен сатып алушылар, бәсекелестік  ұйымдар, мәдениет, саяси  ахуал  және  т.б.   Қоршаған  орта  қай  ұйым  болса  да,  оған  кадрларды,  еңбек  қаруын, шикізатты, материалдарды  және  қуат  таситындарды  бере  отырып,  белсенді  әсерін  көрсетеді. Өз  кезегінде  кәсіпорын    қоршаған  ортаға  тауарлар   мен  қызметті  өңдіргенде   және  өткізгенде   өзінің  ықпалын  тигізеді.

             БАСҚАРУДАҒЫ  ӘДІСТЕМЕЛІК  ТӘСІЛДЕР

Әдістемелік  тәсіл  менеджментке  қатысты  басқарудың мақсатына  жетуге  бағытталған  іс-қызметті  танып  білудің  белгілі  жолын  және  әдістерін  пайдаланғанды  ұйғарады.  Менеджментте неғұрлым  көп  тараған  үрдістік  тәсіл, яғни    басқару  ұйымының   мақсатына  жетуге  бағытталған   және  басқару  функциясының  үзілмес  өзара  байланысына  негізделген  іс-қызмет  ретінде  қарастырылады.Көптеген  авторлар  басқару    функциясының  әртүрлі  санын  ұсынады.Негізгі жиыны  келесі  функциялардан  тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.

Тұрақтандырусыз  жағдай   орын  алғанда  және  сыртқы  ортада  қатал  өзгерістер  болғанда  басқаруда  ахуалды тәсіл    іс  жүзінде қолданылады.  Ахуалды тәсілді  басқарудың   әртүрлі  әдістерін таңдағанда  жағдайға  қарай  анықтағанды  ұйғарады. Ұйымды  немесе  қоршаған  ортаны  алсақ  та, оларда  көптеген  факторлар  болғандықтан, ұйымды  басқарудың бірегей   өте жақсы әдісі болмайды.

Ахуалды  тәсіл  басқару  теориясына  үлкен  үлес  қосты, өйткені  онда  орын  алып  отырған    жағдайға  қарай  басқару  ісіне орайлас ғылыми    қағидаларды  пайдалану  туралы   нақты  ұсыныстар  бар.

Ахуалды  тәсілдің  негізін   ұйымның іс-қимылына  ықпалын  тигізетін  негізгі    ішкі  және  сыртқы  факторларды   анықтау  құрайды. 

Жүйелік тәсіл басшылардың ұйымды өзара  тәуелді адам, құрылым,  міндет және технология сияқты элементтердің жиынтығынан тұратындығы  және олардың  сыртқы ортаның өзгермелі жағдайында әртүрлі мақсатқа  жетуге  болатындығы түрінде қарастырғанды ұйғарады.

Жүйелі  тәсіл – бұл басқару объектісін  жүйе  ретінде  зерттеуге  негізделген    ғылыми  танып  білу  және   әлеуметтік  тәжірибе  әдістемелерінің  бағыты.Бұл  тәсіл  басқару  объектісінің  жағдайына  және  серпінділігіне  ықпалын  тигізетін  барлық  негізгі факторларды ескере  отырып  жүргізетін  кешенді  зерттеуге  негізделген.[2]

Басқарудағы  жүйелі  тәсілдің  маңызды  бір  белгісі  жүйелі  талдау,  ол  күрделі  басқару  шешімді   дайындауда  және  дәлелдеуде  пайдаланылатын   әдістемелік құралдардың жиынтығынан тұратындығын көрсетеді.Жүйелі  талдау  декомпозиция  жүйесіне  негізделген,  яғни  оны  құрайтын  элементтерге  бөлуді, олардың  әрқайсысын  және    өзара  байланысын  зерттеуді, осы  элементтердің  түгелдей    жүйенің  жай  жағдайына    және  іс-қимылына  көрсететін  ықпалын  анықтауды  қажет етеді. Жүйелі  тәсілді  және  талдауды  пайдаланудың  сферасын  кеңейту  бағдарламалы – мақсатты  басқаруды  таратумен  байланысты, ал  оның  мәні  мақсатты  айқын  анықтаудан,  қойылған  мақсатқа  оңтайлы   жетудің  бағдарламасын жасаудан, оны  жүзеге  асыру  үшін   қажетті  ресурстарды  бөлуден  және  бағдарламаны  орындау  жұмысына    басшылық  ететін  ұйымдарды   қалыптастырудан  тұрады.

Бағдарламалы-мақсатты  басқару    түпкілікті  мақсатты  ашып, айқын  қоюдан  басталады.Мақсат  әдеттегінше  ойдағы  тосатын  ахуалды  көрсетеді, бірақ  басқару  жүйесі  белгілі  бір   уақыт  кезеңінен  кейін алдын-ала  бекітіліп  берілген  ахуалдан  және  онымен  осы  тосатын  ахуалды  бірінен  бірі  алыстататын  бірқатар  проблемаларды  шешкеннен  кейін  оған  өтуі  керек.

Сөйтіп, жалпыланған  үлгісі(моделі)  мақсатты  қою стратегиясынан  жасала  бастайды.Ал оның  біту  кезеңі  шешімнің  балама  варианттарын   қарастырумен және шешімнің қорытынды  вариантын  таңдап  алумен  аяқталады. Осыдан  кейін  шешім  қабылданады, бағдарламаны  жасау  кезеңі  басталады.Бұл  кезеңде  стратегиялық мақсатқа жету өз алдына мақсаттың  2  түріне бөлінеді.Әрбір кезеңнің  міндеті және  оны  шешудің  басымдылықтары  бөлініп  көрсетіледі  және  оларды  ресурстармен (материалдық, еңбек, қаржы)басқару  ісі  атқарылады. Бұл  орайда  әрбір  кезеңдегі   жұмыстың  орындалуы  негізгі  нәтижемен, көлеммен  және  уақытпен  айқын  анықталады.[2]

Бағдарламаны  жасау  стратегиясында  өте  маңызды  болып  табылатын  басты  мақсат - бағытын  сақтай  отырып, аралық кезеңдердің және шешімдердің  сабақтастығын, тұрақты өнімді өткізудің түпкілікті нәтижесін тигізетін олардың ықпалын ашып көрсету және талдау арқылы істі  қамтамасыз ету.

Қабылданған  бағдарлама  орындалуға  беріледі. Бірақ  оны  жүзеге  асыру  үрдісінде, басқаруда  және  қоршаған  ортада  өзгерістер  тууы  мүмкін, бағдарламаны  қабылдаған  уақытта  бұлар  мүмкін  болмаған (немесе  есепке  алынбаған).

Бақылаудың  нәтижесі  бойынша  талдау  жасалынады, оны  жасаған  уақытта   алынған  нәтижелер  бағдарламаның  негізгі  мақсатымен салыстырылады, ауытқушылық  болған  жағдайда  оның  себебі    анықталады.

Біздің  елде  барлық  деңгейдегі  бағдарламалы-мақсатты  басқару  бойынша    мәнді  тәжірибе  жинақталған. Бірақ, бағдарламаның  кейбіреуі  толық  күйде  және өз  уақытында жүзеге  аспаған.Бағдарлама  тапсырмасының  орындалмау  себептерінің  ішінде  бақылаудың  ойдағыдай  ұйымдастырылмағанын, жауапкершіліктің  төмен  дәрежеде  болуын  және  бағдарламаны  жүзеге  асыруға   қатысатындарды  тиісті   ынталандырудың    болмауын атап  көрсетуге болады.

Жүйелі  тәсіл  мен  бағдарламалы-мақсатты  басқару менеджмент  әдістемелігінің іргелі қағидасы ретінде басқарудың заңдылығымен,  принциптерімен, функцияларымен  және  әдісімен  тығыз  өзара  байланыста  болады.

            БАСҚАРУДЫҢ  ЗАҢДЫЛЫҒЫ  МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Басқаратын  және  басқарарылатын  жүйелердің  басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  салыстырмалық  заңдылығы    басқару  сферасының  басқару  объектісінің  талабына  сәйкес  екенін  көрсетеді.

Егер  жалпы  заңдылық  басқаруға  тұтас  түрде  тән  болса,  ал  жеке  заңдылық  басқарудың  бөлек  жақтарын    және  жүйесін    сипаттайды. Жеке  заңдылыққа   басқару  функцияларының өзгеру заңдылығын, басқару  сатыларының санын оңтайлау заңдылығын, басқару функцияларын   шоғырландыру    заңдылығын  және  бақылаудың  өрістелу  заңдылығын  жатқызуға  болады.

Басқару  функциялардың    өзгеру  заңдылығы    басқарудың   әртүрлі иерархиялық сатыларында  белгілі  бір    функциялардың  артқанын      және  келесі  кейбіреулерінің    азайғанын  көрсетеді. 

Басқару  сатыларының  санын  оңтайлау  заңдылығы   басқарудың  артық  буындарын    қысқартуды  ұйғарды.  Бұл  оның  дереулігін  және  икемділігін  көтереді.

Басқару  функцияларын  шоғырландыру  заңдылығы    басқарудың  әрбір сатысы    функцияның    көбірек  шоғырланғанына  ұмтылады.Яғни, басқару  персоналдың   сандарының  өсуіне  және  өсіруіне  бұл  заңдылықты    барлық  елдерде  байқалатын  бюрократтық  аппарат  санының  өсуі  туралы  деректер  көрнекі  суреттейді.

Бақылаудың өрістелу заңдылығы бағынғандардың саны мен олардың    мүмкіншілігінше  тиімді  басқару  іс-қызметін, іс-әрекетін  басшы  жағынан    бақылау  арасындағы  тәуелділікті көрсетеді.Бұл басшының қол астында  7-10  бағынған  адамдар  болса да  оңтайлы деп есептелінеді.

Басқарудың  жалпы және  жеке  заңдылықтары объективті сипатта  болады және адамдардың  басқаруы  іс-қызметтер үрдісінде  жүзеге  асады.

Басқарудың  принциптері – басқаруды  ұйымдастыруға  және    оның  құрылымына, жүйесіне  қойылатын  негізгі  талаптарды анықтайтын  басшылықтың  ережесі.  Басқарудың  заңдылығы  сияқты  оның  принциптері  де  жеке  және  жалпы  болып екіге  бөлінеді.

Басқарудың  жалпы  принциптері  әмбебап сипатта  болатындығымен  және  басқарудың  барлық  сферасы  мен  халық  шаруашылығының   барлық салаларына  ықпалын  тигізетіндігімен сипатталады.

Басқарудың  жалпы  принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық,  құзыреттілік,  тәртіптілік, ынталандыру, иерархия жатады.

Мақсаттылық  принципі  басқарудың  бағдарламалы-мақсаттық  мәнімен анықталады  және  әрбір  кәсіпорын мен  оның  бөлімшелерінің алдына  айқын мақсатты қойғандығын  ұйғарады.Бұл  орайда  мақсат  нақты жетуге  болатын  және  деректі  анықталған  шекті  болуы  керек, сонда  ғана  бұл  оның  орындауға   персоналдың  күшін  жұмылдырады  және  оның  жұмысына  дұрыс  мағына  береді.

Мақсаттылық  принцип  мақсаттарды  қоюды ғана  емес, сонымен  қатар  олардың  қажетті  ресурстармен  аралық  қатынасына    қатысты болғанын  ұйғарады.Бұл орайда, мақсаттардың  оларға  жетуге қажетті  басты   ресурстармен  байланысын    қамтамасыз ету ғана  емес, осы  мақсаттарға  жетуге  кедергі  жасайтын  ең  әлсіз  буынға  назарды  аударған  жөн.

Басқарудың  жоспарлау  принципі де бағдарламалы-мақсатты  басқарумен  байланысты  және  іс-қимылдың  бағдарламасын   жасауды, оны  жүзеге  асыруды  алдын-ала  қарастырады.

Құзыреттілік  принцип  пен  жердің  басқару  объектісі   бойынша  білімнің   болуынан немесе  ең  жоқ  дегенде  шешім    қабылдаған  уақытта    маманның  құзыретті консультациясын  дұрыс  ұғыну  қабылетінен  көрінеді.  Құзыреттілік  принцип   басқарудың  функциялары   бойынша  еңбектің    жатық  бөлінісімен  байланысты.

Басқарудың  ажырамайтын принципі - тәртіптілік, бұл басқарудың  қандай  жүйесі  қай сатыда    болса да  сақталуы  керек. Тәртіптілік    басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды  және  басқа  директивтік  құжаттарды  сөзсіз  орындағанды  ұйғарады.

Ынталандыру  принципі  ең  алдымен материалдық  және  моралдық  стимулдарды    пайдаланудың  негізінде  еңбекті  іс-жұмысқа  сылтауратуды  ұйғарады. Материалдық ынталандыру   жұмыскерлердің  еңбек  нәтижесіне  қарасты жеке экономикалық  мүдделігіне  негізделсе, ол моральдық  негізінен    жұмыскерлерге  психологиялық  әсер  көрсетуден тұрады.

Иерархия  принципі  басқару  еңбектің  тік  бөлінісін  көрсетеді, яғни  басқару сатыларының  бөлінуін  және    басқарудағы  төменгі сатылардың    жоғарыдағыларға бағынғандығын көрсетеді.

 

II.Туризм(фр. “саяхат”, “сапар”)- әлемнің көптеген елдерінде кең тараған, бос уақытта саяхаттауға арналған,   белсенді демалыстың бір түрі.

Қазіргі таңда туризм-туристердің демалыстарын ұйымдастыратын және де тұтынушыларға  әртүрлі қызмет түрлерін ұсынатын, әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындарды біріктіретін үлкен бір сала.

Туризм  индустриясына қонақ үйлер, тамақтандыру орындары, саяхат және экскурсия бюролары, туристік агенттіктер, көлік кәсіпорындары, экскурсиялық фирмалар, мұражай бизнесі, сондай-ақ киносервис, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. жатады.Осы аталғандардың бәрі туризм мен демалысты ұйымдастыруға қатысады.

Туризм  индустриясы мынадай негізгі  функцияларды атқарады:

  • Адамды әрекет түрлері мен қалыптасқан жағдайларды қарсы қоя отырып, босаңсу сезімінен алып шығу;
  • Демалушыларға көңіл көтеру мүмкіншілігін ұсыну.Мұнда жергілікті жермен, оның тұрғындарымен танысу және де спорттық, басқа да іс-шараларға қатысу;
  • Тұлғаны қалыптастыру мен танымдық көкжиегін, шығармашылық және ұйымдастырушылық әрекет етуін кеңейтуді ұсыну.

Туристік  ұйымның қызметі оның ішкі және сыртқы ортадағы шарттарының өзгеруіне  де байланысты болады.Басқарудың ұйымдық  құрылымы бұл өзгерістерге тепе-тең  түрде әсер етеді және де мүмкіндіктер мен ресурстарға қатысты тиімді болады.

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы деп  кәсіпорынды басқару функцияларын орындайтын бірліктер мен бөлімдердің  тығыз қатынастарының формалары  мен құрамы түсіндіріледі.Бөлім - бұл  өзімен-өзі ұйымдастырылған, орындалатын  функциялардың ортақ түрлерімен біріктірілген  адамдардың өзіндік  ұйымы немесе тобы.Әрбір деңгейде бөлімдердің саны мамандандырудың  тиімді талаптарымен анықталады.

Басқарудың  ұйымдастырылған жүйесімен жобалау  мынадай анықтамаларды қарастырады:

  • Функцияның құрамы мен мазмұны;
  • Функцияны орталықтандыру деңгейі,  сонымен бірге басқару деңгейінің саны;
  • Әрбір деңгейдің сызықтық және функционалдық  бөлімдерінің саны;
  • Барлық деңгейлердің әрбір бөлімдерінің функциялары;
  • Бөлімдер арасындағы бағыныштылық.

 

              БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1.Басқарудың сызықтық-ұйымдастырушылық  құрылымы.Барлық өкілеттіліктермен жұмыс жасайтын, өзіне бағынышты жұмысшыларды жекеменшік басқаруды жүзеге асыратын басқару және кәсіпорын бөлімшелерінде басқарушы болуымен  сипатталады.Жоғарыдан төмен берілетін оның шешімдері барлық оның қоластындағы бөлімдерге міндетті болып табылады.Басқарушының өзі де жоғары  басшыға бағынышты болады.Осымен-ақ бұл жүйенің басшыларының иерархиясы құрылады.Басқарудың сызықтық-ұйымдастырушылық  құрылымы басқару объектісіне тікелей әсер етуін қарастырады және толықтай дерлік бірыңғай бастаудың принципін жүзеге асырады(Қосымша1). Сондай-ақ, басқару бөлімдерінің жүйесі кәсіпорын бөлімдерінің жүйесімен сәйкес болады.

Басқарудың сызықтық құрылымын  келесі құндылықтар ерекшелейді:

  • Ұйымдық құрылымның қарапайымдылығы;
  • Сызықтық басқарушының жұмыстың қорытындысына толық жауап беруі.

Барлық  саладағы(бухгалтерия, өндіріс, т.б.) ерекше құзыреттіліктерге ие болуға тиісті, басқарушыларға қойылатын қатал талаптар бұл құрылымның жетіспеушілігі болып саналады.Ғылыми-техникалық прогресс пен күнделікті тығыз қарым-қатынастарды күрделендіру шарттарында бұл талаптарды жүзеге асыру қиын болады.[3, 6]

2.Басқарудың функционалдық-ұйымдық  құрылымы.Әрбір басқару ұйымы басқару қызметінің жеке түріне мамандырылады(Қосымша2).

Басқарудың  функционалдық-ұйымдық құрылымының  артықшылығы міндеттер деңгейінің артуы мен  басқарудың функционалды мамандандырылған жолымен қабылданған  басқару шешімдерінің сапасы болып  табылады.Бұл құрылымның жетіспеушілігіне  әртүрлі бөлімшелердегі екіжақты бағынышты  орындаушылардың функционалдық  басқаруларындағы басқару дуализмдері жатады.Нәтижесінде басқарудың негізгі принципі бұзылады және қызметкерлердің моральдық жағдайына теріс әсерін тигізеді.[3,7 ]

3.Басқарудың сызықты-функционалды  ұйымдық құрылымы.Сызықты және функционалды құрылымның синтезін ұсынады.Сызықты басқарушы анықталған функционалды мәселелер мен сұрақтар бойынша кәсіби кеңесші рөлінде шығып, аталған ұяшықтарды(бюро, топ, жеке мамандар) құрастыру мүмкіндігіне ие болады.Бұндай ұйымдық құрылымдарды әзірлеу мен құру  құрылымға кіретін артықшылықтарды пайдалану ниетінен туындаған.

Бұл құрылымның негізігі құндылықтарына мыналар жатады:

  • Сызықты басқарушының басқару командасының негізін көтеру(ақылдастар тарту есебінен);
  • Қабылданған шешімдерге басқарушының толық жауапкершілік алуы.

Құрылымның  кемшіліктері болып мыналар табылады:

  • Әзірлемелердің мерзімдерінің өсуі және ақылдастармен кеңескен түрде басқару шешімдерін қабылдау мүмкіндігі;
  • Талқылау процесі кезіндегі мәселелерді шешу мен әзірлемелерді дайындау барысындағы ақылдастардың ой-пікірлерінің бір жерден шықпаушылығынан қиындықтардың пайда болу мүмкіндігі.[3, 8]

4.Басқарудың дивизиялық-ұйымдық  құрылымы.Әдетте бұл құрылымды үйлестірілген,бірақ орталықсыздандырылған немесе “Фирма ішіндегі фирма” деп атайды(Қосымша3).Бұл құрылым негізінде шешім қабылдаудағы өз таңдауы болуында және әрекеттің немесе өнімнің анықталған түріне мамандандырылған бірнеше өндірісте жұмыс жасайды.Олар өздерінің жұмыстарын үйлестіретін жоғары органға бағынады.Ұйымдық құрылымның бұндай формасы кіріс көзіне бағытталады.

Бұл ұйымдық  құрылымның артықшылықтары болып мыналар  саналады:

  • Кіріс көзіне бағытталу-табыс өнімі;
  • Қабылданған шешімдер мен олардың негіздерінің еріктілігін көтеруші мамандандырылған фирмалар негізінде орталықсыздандыру;
  • Фирманың бірыңғай саясатын жүргізу позициясы, сондай-ақ, нарықтағы саясат, қызметкерді дамыту саясаты, жарнама компаниясымен жұмыс өткізу, фирманың имиджін қалыптастыру қызметі болып табылатын үйлестірілген басқару.

Басқарудың  нағыз құрылымының бұл түрінің  кемшілігі болып иерархия сатысының  көп мөлшерін қамтамасыз ететін қиындығы саналады.[3, 8]

5.Басқарудың ұйымдық  қалпының құрылымы.Әзірлемелер мен енгізулер дайындайтын объектілердің жиі өзгерістері, өндірістің жақсы техникалық жабдықталынуы, мамандар мен шығармашылық қызметкерлерінің жоғары деңгейлі классификациясы, тәжірибелі өндіріс базасы мен сериялық өндірістің дамуының болуын сипаттайтын өндірістік ғылымдардың шарттарында неғұрлым әрекет етеді(Қосымша4).Инновациялық процестердің белсенділігі кезінде басқа салаларда, әсіресе туристік бизнесте сәтті түрде қолданылуы мүмкін.

Бұл құрылым  болып жатқан өзгерістерге өте тез  бейімделіп отырады.Ол жобаланған және функционалдық ұйымдық құрылымдардың  қорытындысын ұсынады.Бұндай құрылымның құрылуы нақты жобамен жүзеге асырылады(жаңа қызметтер, транспорттың жаңа түрі, жаңа маршрут).

Бұл құрылымда  барлық жұмыстардың кешенін орындайтын ұжым құратын жоба жетекшісін сайлайды(идея ойлаудан бастап өнімді іске асыруға дейін).Ұжым әдетте функционалды бөлімшелердің өкілдерінен тұрады.

Бұл құрылымның артықшылықтарына мыналар жатады:

  • Қызметкерді пайдаланудағы тиімділіктің жоғарылауы;
  • Ұйымдық құрылымның икемділігі, тез қайта құрылу мен өнеркәсіптің бәсеке қабілеттілігінің арту мүмкіншілігі;
  • Әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдауда құзыреттілігінің артуы.

Осы құрылымның кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға  болады:

  • Басқарудағы дуализм, яғни жобаның жетекшісіне бағынғандық сияқты, функционалдық бөлімшенің басшысына да бағыну;
  • Уақытша топтарда келіспеушілік жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі.[3, 9]

 

III. Қонақ үй өнеркәсібіндегі басқару процесі мен жұмыс атқарушылық  ресторан, қонақ үй немесе өзге де қонақ үй саласындағы өнеркәсіп орындарының ұйымдастырушылық құрылымының шеңберінде жүзеге асады. Құрылым - бұл қонақ үй кәсіпорынындағы қызметкерлер мен жұмысшылар арасындағы өзара қарым-қатынас моделі. Құрылым кәсіпорынның әрекеті жоспарланып, ұйымдастырылып, бағытталып және бақыланатын бұйрықтар мен жарлықтар схемасын анықтайды.Құрылым кәсіпорынды жұмыстың орындалуы мен ұйымдастырушылық процеске қажет базамен қамтамасыз етеді.Мыналар құрылымның мақсаты болып табылады: 
-Еңбек бөлінісі; 
-Міндеттер мен тапсырмаларды анықтау;

-Орны мен  өзара қатынасын анықтау;

-Өзара байланыс  каналдарын анықтау.

Біздің заманымызға дейін әлемдік  қонақ үй кәсіпорынында метрдотель мен бас аспаз сияқты  екі маңызды басқару міндетіне шоғырланған еуропалық классикалық модель басым болды.Метрдотель отель қызметкерлерінің жұмысы тиісті деңгейде, яғни тез және отель саясатына тән негізде жүзеге асырылуын және қонақтар мен отель қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты бақылады.Ал, бас аспаз болса отельдегі ұсынылатын тағамдарды таңдау мен дайындау процесін басқарды және ас үй қожайыны саналды.Осындай ұйымдық құрылым кезіндегі тамақ өнеркәсібінің қызметін бейнелейді.

Менеджмент түсінігі. 4