Мердігерлік шарт
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Реферат
тақырыбы:
Мердігерлік шарт
Астана 2013ж
Жоспар:
- Кіріспе
1.1 Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.2 Мердігерлік шартының түсінігі.
1.3 Мердігерлік шартының элементтері.
1.4 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Кіріспе
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.
1.1 Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.2 Мердігерлік шартының түсінігі.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.
1.3 Мердігерлік шартының элементтері.
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.
Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу, тек заттың тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты кейбiр өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа келтiруге және оны күтiп ұстауға бағытталған.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгiленедi, бiрақ төлеудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiрнеше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекiтiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкiн. Мердiгер тұрақты сметаны көбейтудi талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бiр жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды анықтау мүмкiн болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердiң құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi талап ету құқығына иеленедi. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердiгердiң шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелiгi, оны қарастырған жағдайда мердiгер өзi шығындарының көлемiн оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамалас сметаны) елеулi өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау керектiгi анықталғасын немесе материалдарға, үшiншi тұлғалардың қызметтерiнiң бағалары өссе, осындай қажеттiлiк болуы мүмкiн. Бағаны елеулi өсiруге көбейтуге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады.* Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
Мердiгерлiк шарттың мерзiмдерi мердiгердiң және тапсырысшының олардың шарт бойынша мiндеттерiн атқаруға байла-нысты қызметiнiң (iс әрекеттерiнiң) уақыттық өлшемдерiн анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгiлi мерзiмге мердiгерге материалдарды және жабдықтарды беруге мiндеттi. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзiмдерiнде болады, себебi мердiгерлiк шарттарының ақырында орындалуы сол мерзiмдерге тiкелей тәуелдi болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бiтуi тиiс уақыт кезеңi мердiгерлiк шартының жалпы мерзiмiн құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшiн қарастырылған ақырғы мерзiмдер де бекiтiледi (ҚР АК 628 бабы 1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi – аралық мерзiмдер де көзделуi мүмкiн.
Аралық мерзiмдер екi жақты қызмет атқарады. Бiрiншi жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердiгердiң қызметiнiң бiрдей етiп бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Екiншi жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етедi. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгiленген мерзiмiнде аяқтау мүмкiн еместiгi айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. Егер мердiгерлiк шартта мердiгер бастапқы мерзiмiн бұзса, оны орындауға уақытылы кiрiспесе де осы нәтиже орын алады.
1.4 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.
Мердiгер:
1) тапсырысшы берген
2) оның жұмысты атқару
әдiсi туралы нұсқаулармен
3) орындалатын жұмыс
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.
Егер мердiгер белгiленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшiлiктерiн тиiстi қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған ретте ғана жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиiстi бағаламауда мердiгердiң кiнәсi болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердiгердiң материалынан орындалса, мердiгерлiк шартында тапсырысшының кепiлдiгi көбiрек болады, себебi материалдарды қамтамасыз еткен мердiгер олардың сапасы үшiн кiнәсi барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Мердiгер тапсырысшы берген мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi және мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүлiктiң жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Бұл жауапкершiлiк мердiгерлiк шартының орындауына арналған мүлiкке ғана емес мердiгердiң иелiгiне түскен басқа да мүлiкке де қатысты болады. Мысал қылып мердiгерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшiн бөлiнiп берiлген бөлмелердi, жөндеу кезiнде оны алып кету қажеттiлiгi болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлiктi айтуға болады. Осындай мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етудiң өлшемi болып, әдетте орын алатын меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық ұқыптылығы келедi, бiрақ жұмыстарды орындау үшiн арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердiгердiң кәсiби субъект ретiнде қараушылық дәрежесi жоғары болуы керек екенiн танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлiк сақтауды қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданбаса, мердiгер кiнәлi болып табылады.
Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған едi. Оны кiрiстiру мердiгердiң тиымды шаруашылық жүргiзуiн қолдайды, себебi онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзiнiң құнын азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетiн баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуi орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.
Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, шарттың нысанасын пайдалану немесе өзгеше iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi. Осы мiндеттi қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетi тағы шартты да көрсетiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттарда пайдалану тиiстi ақпаратсыз мүмкiн болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердiгердiң осы жөнiндегi мiндетi шартта бекiтiлмей-ақ берiлуге тиiс болады. (ҚР АК 637-б.). Осындай ақпараттарда белгiлi технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсiнiктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердiгердiң ақпарат беру бойынша мiндетi мердiгерлiк нәтижесiнiң ерекшелiгiне, жасалған бұйым арнайы күтiмдi талап ететiнiне және т.б. себептерге байланысты болып келедi.
2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi барлары реттелген. Мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi: 1) тұрмыстық мердiгерлiк; 2) құрылыс мердiгерлiгi; 3) жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк; 4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк. Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Тұрмыстық мердiгерлiк. Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.
Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген нысандағы құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегi және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзiм, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткiзген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген заттың зауыттық нөмiрi және өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегi нормаларға сәйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзiмдерi туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Және жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.
Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 644-бабына сәйкес мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетiн ақы туралы, қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы-рысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн жұмысты орындайтын кәсiпорынның қызметi туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс iстеу режимi көрсетiлген маңдайшасы керек. Жеке кәсiпкер өзiнiң тiркелген органы туралы ақпаратты, көрсетiлетiн қызметтiң мiндеттi талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлерi, ерекшелiктерi, бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсiпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктiлерде, орынға барып жұмыс iстейтiн бригадалармен қызмет көрсету жүргiзген кезде де ұсынылуға тиiс.
Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кәсiпорынның бөлмесiнде тұтынушыға керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орналасуға тиiс. Оның тiзiмi Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5-пунктiнде берiлген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға лицензия, тұты-нушыға ұсынылатын мердiгердiң және өзге бұйымдардың (фур-нитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердiгер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi тиiс.
Тапсырысшының тұтынушы ретiндегi құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат берумен қатар мердiгерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтердi қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етiледi. Бiр жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының мiндеттiлiгiне әкелмеуi керек.
Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мәлiмдеме жасау сәтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен тапсырысшының әрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келедi.
Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына және мiндеттi талап етiлген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағдайларда жұмыс мердiгердiң материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мердiгер жұмысты шартта қарастырылған мерзiмде бiтiруге тиiс. Тапсырысты орындау мерзiмi азаматтық құқықтағы мерзiмдердi есептеудiң жалпы ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Мерзiм жұмыстың орындалып бiту уақытымен және жұмысты орындауға кiрiсу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмысты бөлiп-бөлiп орындау қарастырылса, онда шартта әр орындалатын бөлiктiң мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.

- Мердігерлік шарты
- Мердігерлік шарты
- Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
- Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
- Мережа Internet
- Мережа технологій FDDI
- Мережевий і транспортний рівень. Взаємодія між ними
- Меоты - древние предки адыгов
- М.Е. Портер и его вклад в менеджмент
- Мераб Константинович Мамардашвили
- Мераб Константинович Мамардашвили - как я понимаю философию
- Мера информации. Подходы к определению меры количества информации
- Мерв
- Мергарет Мид и ее научный вклад в возрастную психологию