Мерзімді келісім шарт

МАЗМҰНЫ

I Бөлім

1.1. Мерзімді келісімшарттың мәні.

1.2. Мерзімді келісімшарттың жіктелімі. 

II Негізгі бөлім

2.1. Форвардтық және фьючерстік келісімшарттардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне салыстырма талдау.

2.2. «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ негізінде талдау. 

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Туынды  бағалы қағаздың мәнін тар және кең  мағынада қарастыруға болады.

      Туынды  бағалы қағаздың мәнін  тар мағынасында  – дифференциалды  табыс алу мақсаты бар, мерзімді келісімшартқа негізделген нарықтық механизм.

      Кең мағынасы нақты актив пен келісім шартқа негізделген, осы активтің бағасы, мөлшері және бағамының айырмашылықтары қолданылатын нарықтың құралдарын білдіреді. 

     «Бағалы қағаз нарығы» туралы заңға сәйкес туынды бағалы қағаз дегеніміз - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.

      Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер.

      Туынды  бағалы қағаздың негізгі ерекшеліктері:

  • туынды бағалы қағаз айналысының сыртқы формасы негізгі бағалы қағаздарға ұқсас болып келеді;
  • туынды бағалы қағаздардың өмір сүру кезеңі,  басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда шектеулі;
  • туынды бағалы қағаздардың бағасы (номиналдық құны) – базалық активке негізделеді;
  • басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда минималды инвестиция тартуда пайда алуға мүмкіндік береді.

   Туынды  бағалы қағазды эмиссиялаудың  мақсаты – кез келген базалық активтердің бағасының  ауытқуынан тек пайда табу ғана  емес, сонымен қатар бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіп – қатерден сақтандыру (хеджирлеу).

      Хеджирлеу – бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал  көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден қорғау.

      Дифференциалды  табыс алу мақсатын көздеген жағдайда, мерзімді келісімшарт туынды құрал  болып табылады.  

Мерзімді  келісімшарт екі топқа бөлінеді:

    ·   сатып алу – сату келісімшартына негізделген мерзімді келісімшарт;

    ·   айырбастау келісімшартына негізделген мерзімді келісімшарт. 

   Туынды  бағалы қағаз сипатындағы мерзімді келісімшарт пен негізгі бағалы қағаздың айырмашылықтары мына 1-кестеде  берілген. 
 
 
 

  1. кесте

    Туынды  бағалы қағаз сипатындағы  мерзімді келісімшарт пен негізгі бағалы қағаздың айырмашылықтары 

 
Белгілері
 
Бағалы  қағаз
Туынды  бағалы қағаз сипатындағы  мерзімді келісімшарт
Капитал түрі Нақты капиталдың өкілі. Жалған (фиктивті) капитал. Қозғалатын мүлік, жеке меншік Болашақ капиталдың өкілі капитал болып табылмайды. Жеке меншік мүлік болып табылмайды.
Келісімшарт (мәміле) түрі Эквивалентті  емес келісімшарт (мәміле) нысанында. Эквивалентті  келісімшарт (мәміле) нысанында
Стандартталған  Заңмен бекітілген деректемелерінің міндетті түрде болуы Толық немесе жартылай
Айналыс нысаны Талап ету құқығын  беру немесе кешіру. Тек қана құқық  беру. Активтің өзін (бағалы қағаз) беру Кері (қарама-қарсы) мәмілені жасау. Келісімшарт бойынша бір тараптың құқық пен міндетті беруі. Активтің өзін бермей-ақ құқықты беру
Құқық пен міндеттің тоқтатылу тәртібі  Бағалы қағаз  өтелген сәтте, бағалы қағаз бойынша  міндет тоқтатылады. Келісімшарт бойынша  тараптардың құқықтар мен міндеттерді  орындауы келісімшарттың тоқтатылуын  білдіреді немесе кері келісімшарт  жасалған кезде тоқтатылады
 
 

    Туынды  бағалы қағаз мынадай  белгілер бойынша  жіктелінеді:

    1. Келісім шарт нысанындағы бағалы қағаздар:
      • форвардтық келісім шарт;
      • фьючерстік келісім шарт;
      • опциондық келісім шарт;
      • своп  - келісім шарт.
    2. Кепілдік нысанындағы бағалы қағаздар:
    • варрант;
    • коносамент.
    1. Куәлік нысанындағы бағалы қағаздар:
    • ипотекалық  куәліктер;
    • депозитарлық қолхат;
    • банктік сертификат.
 

  

КЕЛІСІМ ШАРТ  НЫСАНЫНДАҒЫ  ТУЫНДЫ БАҒАЛЫҚАҒАЗДАР

    Мерзімді  келісімшарттың жіктелімі

    1-сурет. Мерзімді келісімшарттың жіктелімі   

         Форвардтық келісім  шарт – болашақта орындалатын  нақты мерзімнен кейін активті  сату - сатып алу келісім шарты. Бұл  келісім шарттың  міндетті түрде орындалуы тиісті тұрақты  мәмілені білдіреді.

      Форвард (алдын – ала) – мәмілені жасағаннан кейін екі күн ішінде шұғыл түрде жасалатын есеп айырысу нысаны.  Форвардтық операцияларды бағаның және валюталар бағамындағы өзгерістерден туындайтын мүмкін болатын зияндардың алдын алу мақсатында жүзеге асырады.

         Форвардтық  келісім  шарттың бағасы, әдетте мәмле жасалған кезде бекітіледі.

      Форвардтық  келісімшарттың негізгі айырмашылығы – жасалатын  келісімшарттардың  кез келген көрсеткішін (бағасын, мерзімін, мөлшерін, есеп айырысу нысанын және жеткізілуін) келісімшартқа қатысушы тараптың сұранысы (қалауы) бойынша өзгерту мүмкіндігі бар.

      Бұл келісімшарттың кемшілігі  – бір  тараптың келісімшартты орындаудан бас тартқан жағдайда, бұл келісімшарт бойынша құқықтар мен міндеттерді алдын ала жою (өтеу) қиынға соғады. Кері мәмілені жасауға болатын еді, бірақ форвардтық келісімшартта кері мәміле жасалмайды.

      Форвардтық  келісім шарттың негізгі екі  түрі бар: валюталық форвард және пайыздық форвард.

      Форвардтық  келісім шарт ірі банктер арасында жасалады. 

Фьючерстік  келісім шарт - белгiленген нысандағы  стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.

      Фьючерстік  және форвардтық келісімшарт тұрақты  мәміле болып табылатын мерзімді келісімшартты білдіреді. Форвардтық келісімшартқа қарағанда фьючерстік келісімшарттың бағасынан басқа көрсеткіштері келісімшарт тараптарының қалауына және еркіне байланыссыз алдын ала белгіленген, яғни бұл келісімшарт толығымен стандартталған. Бұл келісімшарт тек қана биржалық сауда саттық кезінде жасалады. Фьючерстік келісімшарттың орындалуына биржаның өзі, яғни нақтырақ айтатын болсақ, биржалық сауда – саттыққа қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымы «клирингтік ұйым» кепілдік береді.

      Сатып алушының шартымен  фьючерстік келісімшартты  жасау  – келісімшартты «сатып алуды» білдіреді, ал сатушының шартымен – келісімшартты «сатуды» білдіреді. Келісімшарт бойынша міндетті қабылдау «ашық позицияны» білдіреді. Кері келісімшарт  жасау арқылы фьючерстік келісімшарт бойынша міндеттің орындалмауы «жабық позицияны» білдіреді. «Ашық позиция» кезінде келісімшарттың иесі бастапқы маржаны немесе жарнаны төлейді.

      Фьючерстік  келісімшарт екі топқа бөлінеді: тауарлы және қаржылық.

      Фьючерстік  келісімшарттың түрлері мына 2-суретте берілген.  

  

  1. сурет. Фьючерстік келісімшарттың жіктелімі

       Биржадағы тауарлар топтамасына байланысты тауарлы фьючерстік келісімшарттың мынадай түрлері бар:

    • ауылшаруашылық шикізаттар мен жартылай фабрикаттар – мал, ет, ұрық, тұқым, өсімдік майы және т.б.;
    • орман және кесілген материалдар:
    • түсті және қымбат бағалы металдар – алюминий, күміс, свинец, цинк, никель, қорғасын, алтын, платина, палладий:
    • мұнайгаз шикізаты – мұнай, газ, бензин, мазут және т.б.

    70-жылдың басына дейін тауарлы фьючерс – фьючерстік келісімшарттың негізгі түрі болып табылады. 1972 жылдан бастап қаржылық фьючерстер пайда болды.

Қазақстан қор биржасында бірнеше  фьючерстік келісімшарт  қолданылады: 

           Қазақстандық теңгемен көрсетілген АҚШ долларына фьючерстің бағасы

Сауда саттық уақыты 10:30 – 17:00 ALT

Сауда саттықтың  басты методы              Ашық метод

 

Лоттың мөлшері                                        Белгіленбеген

                                                                    Бастапқы активтің стандарттық  мөлшері  1000

                                                                    АҚШ доллары

 

Баға мөлшері                                              Бір АҚШ долларына шаққанда

 
 

Еуромен көрсетілген АҚШ  долларына фьючерстің бағасы

Сауда саттық уақыты 10:30 – 17:00 ALT

Сауда саттықтың  басты методы              Ашық метод

 

Лоттың мөлшері                                        Белгіленбеген

                                                                    Бастапқы активтің стандарттық  мөлшері  1000

                                                                    АҚШ доллары

 

Баға мөлшері                                              Қазақстандық теңгеге шаққандағы бір  шетелдік                         

                                                                     валюта (үтірден кейін екінші сан)

 
 

ҚР  халықаралық құнды қағаздардың табысына келетін фьючерс

Сауда саттық уақыты 10:30 – 17:00 ALT

Сауда саттықтың  басты методы              Ашық метод

 

                                                                    Белгіленбеген

Лоттың мөлшері                                        Бастапқы активтің стандарттық мөлшері 1000

                                                                    АҚШ доллары

 

Баға мөлшері                                             Құнды қағаздардың табыстылығы  – үтірден кейін 

                                                                    төртінші сан

    Қаржылық  фьючерстің мынадай  түрлері бар:

· валюталық фьючерсқандай да бір конвертацияланатын валютаны сату – сатып алумен байланысты фьючерстік келісімшартты білдіреді. Бұл келісімшарт валюталық форвардқа ұқсас болып келеді, бірақ өзіндік мынадай айырмашылығы бар: келісімшартты жасау орны, стнадартизация деңгейі (толық) және кепілдендіру механизмі (маржалық алымдар механизмі);

· қор фьючерсіакцияның жекелеген түрлерін сату – сатып алумен байланысты фьючерстік келісімшарт;

· пайыздық фьючерс – пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне (қысқа мерзімді фьючерс)және ұзақ мерзімді облигацияны сату сатып алумен байланысты (ұзақ мерзімді фьючерс) фьючерстік келісімшарт;

· индекстік фьючерсқор нарығындағы индекс мәнінің өзгеруімен байланысты фьючерстік келісімшарт.

Талдау  бөлімі 

     Кестеде туынды қаржы құралдар операцияларының  үш жылдағы динамикасы берілген: Валюталық  своп; Пайыздық Своп; Спот; Опцион; Форвард  келісімшарттары; Бағалы қағаздағы Своп.

     2009 жыл бойынша хеджирлеудің тиiмсiз бөлiгi 730 миллион теңге пайданы құраса, 2008 жыл бойынша тиiмсiз хеджирлеу бөлiгiнің шығыны 186 миллионды теңгені құраған, ал 2007 жылда нөл.

     2009 жылдың 31 желтоқсанындағы жай күйi  бойынша, iске аспаған табыстардың жиынтық сомасы, кросс - валюталық своптарға жататын кешiктiрiлген резервтегі хеджирлеу 975 миллион теңгені құраса, 2008 жыл iске аспаған шығындардың ортақ сомасы 11, 034 миллионды теңге құрады, 2007 жыл бойынша нөл.

     2009 жылдың 31 желтоқсанындағы жай күйi бойынша, iске аспаған шығындардың жиынтық сомасы пайыздық свопқа жататын кешіктірілген резервтегі хеджирлеу 2,144 миллион теңгені құраса, 2008 жыл 2,363 миллион теңгені құраған, 2007 жыл нөл.

     Конверсиондық операциялар нәтижесiнде тiптi барлық қатысушылар өз мәмiлелеріне жағдай жасап, валюталық тәуекелдерiн сақтандыруға  валюталық курстың динамикасына қолайлы қосымша пайда алады. Құбылмалы валюта бағам валюталардың фьючерс баға белгiлеулерiнiң шарттарындағы түбегейлi және жиi болжамсыз өзгерiстерге ұшыраған, валюта құнының дұрыс болжануы есебін қиындатады.

 

Конверсионды операцияға мысал

(форвардтық келісімшарт)

 

Импортерға  керегі                               1000 000 АҚШ долл.

Спот курсы 15.11.2009 USD/KZT        146,81       147,32

Пайыздық ставка  1 айға:            доллар бойынша – 5,99 %

                                             теңге бойынша – 8,50 %

Банк 15күнгі спот курсы бойынша несие алады    27 531 000 тенге

 

Несие бойынша пайыз

195 011 теңге 1 айға

 

Қарыздық  сома 27 726 011 теңге

 

Депозит бойынша пайыздар 4992 доллар

 
 

Конверсионды операцияның (форвард келісімшарты)  мысалын қарайық:

     Мысалға, Қазақстандық импортерға 1 айдан кейін 15.12.2009ға американдық экспортердың орнатқан өнiмi үшiн 1 000 000 долларлар  төлеуi керек болады. Импортер доллар құнының жоғарылауынан сескеніп, ол           «Казкоммерцбанк» АҚмен форвард келісімшартын жасау арқылы сақтануға бел буады. Банк 1 ай өтеу мерзiммен қазақстандық теңгені доллар құнының бағасына катировка жасайды. Форвард негiзiнде сатудың жанында банкте қарыз пайда болады, Осыған байланысты банк доллардың қысқа позициясының орнын толтырады. Бұдан ашық позицияға ұқсас тәуекел пайда болады. Банк бұл тәуекелден сақтанғысы келедi. Сақтандыру екi түрлі варианттың көмегiмен жүзеге асырылады: пайыздық немесе валюталық мәміле бойынша немесе форвардтық мәмiленiң банк аралық валюталық нарықтағы мәмiлелер комбинациялары арқылы.

     Форвард курсiне өйткенi проценттi жалакидiң  ықпалдарында болады, онда проценттi және валюталық мәмiлелердi комбинациямен  атап айтқанда банк форвард курсi сақтандырудың бiрiншi вариантымен негiзге алауға есептеу үшiн сол үшiн:

     1 айға пайыздық мөлшерлеме: доллар  бойынша - 5,99 %;  теңге бойынша  - 8, 50 %

     Банк  теңгеге несие алады, теңдей 27 531 000 теңге спот құны бойынша сатыуға 1 000 000 доллар

Несие бойынша пайыздар 1 айға = 27 531 000*0, 085*30/360 = 195 011 теңге.

     Қарыздық  өтемді төлеу үшін банк 27 726 011 теңге  төлеуі керек.

     Бұдан әрi банк валюталық позицияны жабу үшiн доллар сатып алады. 1 ай көлемінде  банкке доллар қажет емес (олар қашан  импортерға шарт қойғанша), ол оларды банк аралық валюта нарығына апарып, бiр  айлық мерзiмге жылына 2,76% пайызбен тарқатады.

     1 айға = 1 000 000*0,0599*30/360 = 4992доллар депозит бойынша пайыздар. Банк демек 1 ай арқылы 27 726 011 теңге төлейдi және 1 004 992 доллар алады.

     Бұдан соң банк өзіне валюталық жамылғы ретінде варианттардың бiрінен тәуекел таңдайды: немесе кiшi форвард құны бойынша пайыздық және валюталық мәмiлелердi комбинациясын. Банк форвардтық мәмiленi шешу арқылы банк аралық валюталық нарықтағы клиент мәмiлесiн курстардың айырмашылығында ойнап орнын толтыруға бел байлайды.

Форвардтық келісімшарт

       Банк аралық валюталық нарықта USD/KZT форвардтың құны 146,81 құрады. (қосымша ) Банк аралық мәмiленi аяқтау арқылы, банк  сақтандырудан пайда алады.

     Сонымен, банк бұл операцияларды жүргізуде  теңдей пайда табады

     147 320 000-146 810 000 = 510 000 теңге.

     Форвард келісімшарттарын қолдануда своп мәмiлесi бiрге жүреді.

Сонымен қатар, свопта форвард келiсiмшарты сияқты, валюталық тәуекелдерді сақтандыруға болады, нәтижесінде экономикалық ортадағы қолайсыз өзгерiстердiң мүмкiн шығындарын азайтып, екiншiден қосымша табыстар алуға, өзiне пайызды тәуекел қабылдай отырып, өлшемдi пайданы күтуге мүмкiндiк бередi.

 

Форвард пен фьючерстік келісімшарттың айырмашылығы мына 2-кестеде берілген.

Форвард пен фьючерстік келісімшарттың айырмашылығы

2-кесте 

Фьючерстік  келісімшарт Форвардтық  келісімшарт
Сауда – саттық  биржада жүргізіледі Форвардтық  мәміле – ол банкаралық мәміле, яғни биржадан тыс мәміле
Фьючерстік  келісімшарт стандартталған Келісімшарттың  талаптары екі жақты мәміледе келіседі
Мәмілеге  екі жақ қатыспайды, оның орындалуына есеп айырысу (клирингтік) палатасы кепілдік береді Екі жақ –  сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле жасасады
Фьючерстік  нарықта мәмілені жою жеткізіп берумен  немесе кері мәмілеге келумен жүзеге асырылады  Форвардтық  нарықта мәмілені жою тек қолма – қол ақша төлеумен жүзеге асырылады. Кері мәміле болмайды
Фьючерстік  нарықта сауда ашық келісіммен аукционда  жүргізіліп, биржа ережелерімен реттеледі Форвардтық  нарықта сауда шарт негізінде  реттеледі
Фьючерстік  шарт биржада тіркеледі Форвардтық  нарықта қауіптің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Олардың деңгейі клиенттің несиелік рейтингіне байланысты

      Опцион – бұл келсімшарт, осыған сәйкес бiр тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң) белгiлi бiр санын осы шартта келiсiлген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

      Активті сатып алуға құқық беретін  опционды «опционды сатып алу» немесе «опцион колл» немесе «колл» деп  атайды.

      Активті сатуға құқық беретін опционды «опционды  сату» және «опцион пут» немесе «пут»  деп атайды.

      Опцион  биржалық және биржалық емес болып  жіктелінеді.  

     Своп (айырбас) - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын туынды бағалы қағаз.

      Тұрақты баға бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға – свопты сатып  алушы тұлға. 

      Өзгермелі бағам бойынша төлеуге міндетті тұлға свопты сатушы болып табылады.

      Своп  операциясы банкте іске асырылады. Своп мерзімді мәміле болып табылады. Фьючерстік келісім шартқа қарағанда своптың  айырмашылығы мынады: биржада айналыста  болмайды және биржалық келісім шарт болып табылмайды.

      Своп  операциясын пайдаланудың бірнеше  мақсаты бар: тәуекелді төмендету, соның ішінде валюталық; төлемдердің  тұрақтылығын қамтамасыз ету; бағалы қағаз  портфельін басқарумен байланысты шығынды  азайту; валюталық қаржылық арбитраж, яғни әр түрлі валютаның пайыздық мөлшерлеме арасындағы айырмадан тәуекелсіз пайда алу; пайыздық мөлшерлемеге және бағамға жасалған болжам негізінде спекулятивті пайда алу; салық салумен байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті шығындар алу «свопинг».

      Своп  – келісімшарт жасалатын базистік активтің түріне байланысты своптың мынадай түрлері бар: пайыздық, тауарлы, индекстік және т.б.

      Кейінгі кезде нарықта пайда болған своптың  жаңа түрі – опциондық своп немесе свопцион. Свопционмен келісімшарт жасақан кезде, своп келісімшартының номиналы, тіркелген пайыздық мөлшері, своптың өзінің және опционның мерзімі бекітіледі.

      КЕПІЛДІК  НЫСАНЫНДАҒЫ ТУЫНДЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

      Варрант – иесіне, тіркелген баға бойынша, бекітілген мерзім ішінде, қандай –  да бір компанияның акция (немес облигация) мөлшерін сатып алуға  құқық беретін екінші ретті бағалы қағаз.

      Варранттың  базалық активіне акция (немесе облигация) жатады. Варранттың құндылығы мынада: дифференциалды табыс алу мүмкіндігінде. Бұл бағалы қағаздың өмір сүру  мерзімі 10-20 жылды құрайды немесе мерзімі шектелмеген болады.

        Коносамент – жүкті тасымалдауға, тиеуге және алуға құқық беруді  куәландыратын халықаралық қатынастарда  қолданылатын, стандартты формадағы  құжат. 

      Коносаментке  міндетті  түрде  сақтандыру полисі тіркеледі. Коносаментпен қоса  жүкті тасымалдауға, сақтауға, оның сақтығына, кеден процедурасынан өтуге қажетті әр түрлі қосымша құжаттар болуы мүмкін.

   Коносаментте  көрсетілген мәліметтерді өзгертуге  мүмкін болмайтын құжат болып  табылады.

          КУӘЛІК  НЫСАНЫНДАҒЫ ТУЫНДЫ  БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАР

      Ипотекалық  куәліктер -  базалық активі  жылжымайтын  мүлік болып табылатын туынды бағалы  қағаз.

      Қазақстанда мұндай бағалы қағадарды Қазақстан  Ипотекалық компаниясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондай – ақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.

      Депозитарлық  қолхат – депозиттер банкте сақталған  шетел компанияларының акцияларына  шығарылған туынды бағалы қағаз.

      Мұндай  бағалы қағаз сертификат немесе құжатсыз формада айналысқа шығарылады.

      Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық  қолхат кеңінен қолданылады:

  1. АДР – американдық депозитарлық қолхат, яғни тек америка қор нарығына айнылысқа жіберілген.
  2. ГДР – ғаламдық депозитарлық қолхат, онымен Еуропа қор нарығында  және өзге елдерде операцияларды жүзеге асыруға болады.

      Банктік сертификат. Құжатты нысанда, атаулы немесе  мәлімдеуші негізде  шығарылатын  банктік салым бойынша келісім  шартты білдіреді. Бұл бағалы қағаздың түрін тек қана коммерциялық банктердің эмиссиялауға құқығы бар. Экономикалық табиғаты жағынан, банктік сертификат пайыздық табысы бар қарыздық бағалы қағазға  ұқсас  болып келеді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Мерзімді келісім шарт