Мүлік салығы бойынша бюджеттік есеп айырысу

    
 
 

                                           Жоспар

Кіріспе.....................................................................................................................3

1.Мүлік  салығын төлеушілер  және оның объектілері.................................5

2. Салық бойынша  жеңілдіктер.........................................................................8

3. Мүлік салығы бойынша  бюджеттік есеп  айырысу...................................9

  Қорытынды........................................................................................................13

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              Кіріспе.

       Қазақстан Республикасының нарық  экономикасына бағытталып негізделген  қатынастарға көшуіне, сондай-ақ  салық салу аясындағы мәселелердің  маңызды және әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық құқықтың рөлі өсе түсуде. Осыған орай бүгінде салықтық заңдарды жаңарту және салықтық реформаларды еліміздегі түбегейлі өзгерістерді ескере және есепке ала отырып жүргізу процестері жүзеге асырылуда. Соның айғағы ретінде елімізде тұңғыш рет қабылданған салық кодексін атауға болады. Бұл кодекстің біздің еліміз үшін, сондай-ақ бізбен қарым қатынасы бар елдер үшін де елеулі тарихи маңызы бар екені және салықтар мен салықтық құқық жөніндегі ілімге қосқан үлесі айтарлықтай екені сөзсіз. Еліміздкгі салық заңдарын жетілдіру мәселесі өркениетті елдер қолданатын, дүниежүзілік тәжірибе арқылы көрініс тапқан принциптер мен ғылыми жетістіктерді ұштастыра отырып жүргізілуде.

      Қазақстан Республикасындағы елеулі де маңызды саяси және әлеуметтік экономиаклық ахуалдарға қатысты мәселелердің бірі салық қатынастарын құқықпен реттеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің өмірден орын алудың басты себебі еліміздің нарықтық қатынастарғабағытталған даму жолына келуіне және мемлекет пен қоғам мүддесіне қажетті (тараптарды) қаражаттарды мемлекет тарапына жұмылдыру барысында пайданылатын салық механизмін жаңаша қалыптастыруға байланысты болып отыр. Сондықтан, жаңаша көрініс алып, қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының салықтық құқығы да еліміздің экономикалық-әлеуметтілік түрлендірілуіне, өндірісаясының тұрақтандырылуына және салық жүйесінің күшейтілуіне ат салыуда.

      Қаржылық, салықтық құқық нормаларын, олардың қолданылу жолдарын білу барлық саладағы заңгер-мамандар үшін өте қажет болуымен қатар, өкілді және атқарушы органдар, салық төлеуші заңды және жеке тұлғалар үшін де қажетті болып отыр.

      Салықтық құқық қаржылық құқықтың  ерекшеленген құқылық институты  ретінде танылады. Қазіргі заман талабына сай салықтық құықтың рөлінің күшейуі оны екі тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Оны құқылық институт және салықтық құқық ғылымы ретінде қарастыру оқып-білуді жеңілдетеді.

   Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар — бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жөне мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

   Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

      Салықтар қаржының бастапқы категориясы  болып табылады.

   Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды  жөне мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына өсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    

1.Мүлік   салығын төлеушілер  және  оның  объктілері.

Бұл  тарауда  заңды  тұлғалар  мен  жеке  кәсіпкерлердің және  жеке тұлғалардың  мүлік  салығын  бөлек-бөлек  қарастырамыз.

  Мүлік  салығы-Қазақстан  Республикасының аумағында меншік,шаруашылық жүргізу  немесе  оралымды  басқару құқығында салық  салу объектісі  бар  заңды  тұлғалар,жеке  кәсіпкерлер  және  жеке  тұлғалар  төлейтін салық  түрі.

  Мүлік  салығы  жергілікті  салық  болып  табылады.

  Мүлік   жылжитын және  жылжымайтын   болып  бөлінеді.

  Мүлік  салығын   төлеушілер:

1) Қазақстан  Республикасының  аумағында   меншік,шаруашылық  жүргізу  немесе  оралымды  басқару  құқығында   салық  салу   объектісі   бар  заңды  тұлғалар.

        2)Қазақстан Республикасының аумағында меншік       

    құқығында  салық  салу объектісі бар жеке    кәсіпкерлер.

  3)заңды тұлғаның  шешімі  бойынша оның  құрылымдық   бөлімшелері .

        4) Қазақстан Республикасының аумағында резиденті емес  заңды тұлғалар  Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан  салық салу   объектілері бойынша салық төлеушілер  болып табылады.

. Мүлікке  салықты төлеушілер болып мыналар  табылады:

      1.Меншік құқында басқару құқында  салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

      2 Меншік құқында салық салу  объектісі бар  жеке кәсіпкерлер;

      3. Меншік құқында салық салу  объектісі бар  жеке кәсіпкерлер;

Қ.Р-ң  резиденті емес тұлғалар Қ.Р-ң аумағында  орналасқан салық салу объектілері  бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Меншік  иесі салық салу объектілерін сенімгерлік  басқаруға немесе жалға берген кезде  салықты төлеуші болып меншік иесінің келісімі бойынша сенімгер басқарушы жалға алушы болуы  мүмкін.

Қаржылық  лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеушілер болып табылады.Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.

Салық салу объектісі болып мыналар  табылады:

        1.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

        2.Жеке  тұлғаларға меншік құқығымен  тиесілі және кәсіпкерлік қызметте  пайдаланылмайтын мынадай объектілер:

   2.1. Қ.Р-ң аумағындағы тұрғын үй  жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй жайлар.

   2.2 Қ.Р-ң аумағында аяқталмаған  құрылыс объектілері – қоныстану  немесе пайдалану кезінен бастап.

Бухгалтерлік  есептің деректері бойынша анықталатын  салық салу объектісінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектісілері бойынша салық базасы болып табылады.

Әрбір жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша Қ.Р-ң Үкіметі айқындайтын  уәкілетті орган белгілейтін  салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.

Бірнеше салық салу объектілері бойынша  салық төлеуші бір жеке тұлға  болып табылса, салық базасы әр объекті  бойынша жеке есептеледі.

ІІМыналар мулікке салынатын салыкты төлеушілер  болып табылмайды . 

1.Қ.  Р- ң  Укіметі белгілейтін  қажеттілік нормативтері  шегінде  салық   салу                            обьектілері  бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер .   

2.Салық   режимінің    екінші улгісі  бойынша  жузеге асырылатын     жер койнауын пайдаланушылар.                               

3. Мемлекеттік  мекемелер.

    4. Уәкілетті  органның қылмысттық  жазаларды атқару саласындағы  тузету мекемелерінің мемлекеттік   кәсіп орындары.

      Мүлік салығының ставкалары.

    1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі өндірістік

    Және  өндірістік емес қорларының құнына 0,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығы салынған еді.

    Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орташа жылдық құнынан мүлік салығын есептейді.Кейбір заңды тұлғаларға мүлік салығын төлеуде салық ставкалары бойынша жеңілдіктер қарастырылған,мұны төменде атап өтеміз.

    Ал  енді мүліктің орташа жылдық құнынан  есептелетін салық ставкаларына тоқталайық:

    ·біріншіден,заңды  тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық  салу объектілерінің орташа жылдық құнынан 1 пайыз;

    -екіншіден,  төменде аталған заңды тұлғалар  салық салу объектілерінің орташа  жылдық құнынан 0,1 пайыз ставка  бойынша мүлік салығын есептейді:

1) діни  бірлестіктерді қоспағанде, коммерциялық  емес ұйымдар;

2) әлеуметтік  салада қызметін жүзеге асыратын  ұйымдар;

3) негізгі  қызмет түрі кітапханалық қызмет  көрсету саласындағы жұмыстарды  орындау (қызмет көрсету) болып  табылатын ұйымдар;

4) ғылыми  кадрларды мемелекеттік аттестаттау  саласындағы функцияларды жүзеге  асыратын мемелекеттік кәсіпорындар;

5) мемелекеттік  меншікке жататын және мемлекетік  бюжеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын  су қоймаларының, су тораптарының  және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының обектілері бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыл  шаруашылығы тауарларын өндірушілер  –заңды тұлғалардың жерін суару  үшін пайдаланылатын су мелиорациялық  құрылыс объектілері бойынша  заңды тұлғалар.

22.11.2005 жылы № 89 Заңымен заңды тұлғалар  және жеке кәсіпкерлердің мүлік  салығына өзгерістер енгізілді,  ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап  қолданысқа енгізіледі:

· жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салық  салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 пайыз ставка бойынша;

· оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық  салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 пайыз ставка бойынша есептейді.

Салық жеңілдіктері берілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обектілерінен орташа жылдық құнынан 1 пайыз ставка бойынша мүлік салығын есептеледі және төленеді.

    Мына  аталғандар салық салу объектілеріне  жатпайды:

    1)жер;

    2)көлік құралдары;

    3)Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешімі  бойынша консервацияда тұрған  негізгі құралдар;

    4)жалпыға  ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға

      салынған жол құрылыстары:

    ·бұрылу белдеуі;

    ·жолдардың  кострукциялық элементтері;

    ·жол  жағдайы мен оны абаттандыру;

    ·көпірлер;

    ·өткерме  жолдар;

    ·виадуктар;

    ·жол  тарамдары;

    ·тоннельдер;

    ·қорғаныш галереялары; 

    ·жол  қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға  арналған құрылыстар мен құрылғылар;

    ·суды бұрып жіберетін және су өткізгіш құрылыстар;

    ·жол  бойындағы орман алаптары;

    ·желілік  өндірістік кешендер,үйлер мен ғимараттар,тұрғын үйлер;

    5)инвестициялық  салық преференцияларында белгіленген тәртіппен инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілетін негізгі құралдар;

    6)қайта  тұрғызылатын ғимараттар мен  құрылыстар түріндегі аяқталмаған  құрылыс объектілерінде монтаждауды  талап  ететін жабдықтар.

    Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

    Салық салу объектілерінің орташа жылдақ қалдық құны ағымдағы салық кезенінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың онүштен бірі ретінде анықталады.

    Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының салық салу объектілері бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесін негізге ала отырып анықталады. 

   2. Салық  бойынша жеңілдікткер.

    Мүлік  салығын  тү.өлеушілерге  бірнеше  салық  жеңілдіктері қарастырылған.Мәселен:

    1. жылы  24  сәуірдегі  «Салықтар  және бюджетке  төленетін басқа  да  міндетті  төлемдер туралы  Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  сәйкес  мүлік салығын  төлеуден босатылады:

 ·  кәсіпкерлік  қызметте пайдаланылмайтын  мүлік бойынша – коммерциялық емес  және бюджеттегі  ұйымдар;

 ·   өндірістік  мақсатта  және  әлеуметтік  салада  пайдаланылатын  мүлік  бойынша- Қазақ Республикасы  мүгедектерінің  ерік қоғамы,Қазақ  зағиптар  қоғамы,Қазақ  саңыр қоғамы,Ақыл-есі  дене  бітімінің кемістігі  бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен  олардың еңбек  ету  қабілетін қалпына 

келтіру орталығы, ААФЖЕҚ Орталық  комитеті,Ауғанстан  соғысы  ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы(кәсіпорындарынсыз);

 ·   Қазақ  Ұлттық  банкі  мен оның  бөлімшелері.

  2.Қазақстан   Республикасының  1999 жылы  16 шілдедегі   заңына  сәйкес,мүлік   салығын  төлеуден  босатылады:

  1)мемлекеттік   мекмелер және  кәсіпкерлік   қызметте  пайдаланылмайтын  мүлік бойынша  коммерциялық емес  ұйымдар;

  2)өндірістік  мақсатта  және  әлеуметтік салада  пайдаланылатын мүлік  бойынша-Қазақстан   Республикасы мүгедектектерінің  ерікті  қоғамы,Қазақ  зағиптары   қоғамы,Қазақ  мүгедектектерінің  ерікті  қоғамы,Қазақ  зағиптары  қоғамы,Қазақ  саңыраулар  қоғамы,Ақыл-есі мен  дене бітімінің кемістігі  бар  балалар мен  жасөспірімдерді  әлеуметтік  бейімдеу  мен  олардың  еңбек  ету  қабілетін  қалпына  келтіру  орталығы,сондай-ақ осы  қощғамдардың меншігі болып  табылатын  және  олвардың  қаражаты есебінен салынған  өндірістік  кәсіпорындар,Ауғанстан  соғысы ардагерлерінің Қазақ  Республикалық  ұйымы (кәсіпорыындарынсыз);

  2-1)қызметінің  негізгі түрі  ғылым және  кітапхана қызметін көрсету  cаласындаүғы жұмыстарды  орындау болып табылатын кәсіпорындар;

  2-2)ғылыми  кадрларды  мемлекеттік  аттестаттау   саласындағы  міндеттерді жүзеге  асыратын  мемлекеттік  кәсіпорын;

   2-3)қызметінің  негізгі  түрі  театр,ойын-сауық  және  концерттік  шараларды  жүзеге  асыру,тарихи-мәдени  құндылықтарды сақтау  жөнінде,балаларды,қарттар мен  мүгедектерді әлеуметтік  қорғау  және әлеуметтік  қамсыздандыру  саласында,спорт саласында қызметтер  көрсету  болып  табылатын  мемлекеттік  кәсіпорындар;

    3)Қазақстанның  Ұлттық  банкі  мен  оның  бөлімшелері;

     4)жалпы пайдаланудағы мемлекеттік  автомобиль  жолдарын  және  олардағы  жол  құрылыстарын жедел   басқаруға құқығы бар  ұйымдар;

     5)инвестициялар  жөніндегі   уәкілетті органмен  жасалған  келісім  шартқа  сәйкес  салық   төлеушілер  5  жылға  дейінгі кезеңге  мүлік  салығын  төлеуден  босатылуы  мүмкін;

  Егер  салық  салу  объектісі  бірнеше   тұлғаның ортақ  үлестік   меншігінде болса,онда  осы   тұлғалардың  әрқайсысы  салық   төлеуші  бюолып  саналады.

   Бірлескен ортақ  меншіктегі  салық  салу  объектілері бойынша  осы  салық  салу  объектілерінің  меншік  иелерінің бірі  олардың  арасындағы келісім  бойынша  салық  төлеуші  бола  алады.

      Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.

    Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады :

    .негізгі  құралдар(оның ішінде тұрғын үй  қорының құрамында тұрған объектілер);

    .материалдық  емес активтер.

    Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдарына сәйкес бухгалтерлік есепте белгіленген материалдық емес объектілер материалдық емес активтер болып табылады.

3. Мүлік салығы бойынша  бюджеттік есеп  айырысу

Салық  төлеушілер (ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндірушілер  үшін  арнаулы  салық  режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге  асыратын  заңды тұлғаларды  қоспағанда) салық объектілерінің орналасқан  жері  бойынша салық органдарына ағымдағы  төлемдер сомасының есеп-қисабын және  декларация табыс етуге міндетті.

  Мүлік   салығы  бойынша ағымдағы  төлемдер сомаларының есебі  есепті  салық  кезеңінің  15  ақпагынан  кешіктірілмей  табыс  етіледі.

   Жаңадан  құрылған  салық   төлеушілер  ағымдағы  төлемдер  сомасының  есебінен салық  органдарына  тіркеу  есебіне  қойылған айдан кейінгі  айдың 20-сынан кешіктірмей  табыс  етеді.

Жеке  кәсіпкерлер мүлік салығын салық  салу обьектісінің орташа жылдық құнына 0,5%-қ ставка б/ша есептейді.

Төменде аталған заңды тұлғалар салық  салу обьект/ң орташа жылдық құнына 0,1% ставка б/ша мүлік салығын есептейді:

    • діни бірлестіктерді қоспағанда заңды тұлғалар;
    • негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар;
    • ғылыми қорларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қор;
    • мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын су қоймаларының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері б/ша заңды тұлғалар;
    • ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер.

Оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объек/ң орташа жылдық құнына

0,5% ставка  б/ша есептейді.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлікке  салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік  салығы б/ша ағымдағы төлемдерді төлеуге  міндетті.Олар салық кезеңінің басындағы  бух/к есеп деректері б/ша белгіленген  салық салу объект/ң қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану  арқылы анықталады.Бюджетке салықты төлеу салық салу объек/ң орналасқан жері б/ша жүргізіледі.С/ң ағымдағы төлемдері/ң сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 20-сыншы ақпаннан 20-шы мамырдан,20-шы тамыздан, және 20-ы қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізіледі.

Мүлік салығын есептеу мен төлеу  үшін салық кезеңі болып күнтізбелік  жыл табылады.Мүлік салығы б/ша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15-ші ақпанынан кешіктірілмей  табыс етіледі.Декларация есепті жылдан кейінгі жыл/ң 31-ші наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.

Жеке  тұлғалардың салық салу об/і б/ша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмеген мерзімде салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеуші/ң  тұрғылықты жеріне қарамастан салық  салу объ/ң орналасқан жері б/ша салық органдары жүргізеді.

ІV.Кәсіпкерлік  қызметтің жекелеген түрлеріне  арналған АСР ойын бизнесі, боулинг  бильярд, лото ойындары саласында қызмет көрсететін заңи және жеке кәсіпкерлерге (соның ішінде заңи және жеке тұлғаларға қолданылады).

Қызметтің аталған түрлерінің субъектілері бюджетпен  тіркелген жиынтық салық, төлем  көзінен салынатын жеке табыс  салығы негізінде есеп айырысады.Корпорациялық (жеке) табыс салығы тіркелген жиынтық  салық мөлшерінің 30%, ҚҚС-ға салынатын  салық 70%-ын құрайды.Қалған салықтар мен басқа міндетті төлемдер (акциздерді қоса) жалпы белгіленген тәртіппен төленеді.Тіркелген жиынтық салықтың базалық ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін Қ.Р-ң Үкіметі салық салудың әрбір объектісі бойынша (ойын үстелі, ойын автоматы, тотализатор кассасы және т.б.) белгілейді.

АСР-мен  бірге салық төлеушілердің жекелеген  санаттарына салық салу ерекшеліктері  қарастырылған.Осындай ерекшеліктердің  арнаулы экономикалық аймақтардың  аумақтарында қызметін жүргізуге асыратын ұйымдарға салық салу болып табылады. 
 

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық  базасына тиісті салық ставкаларын  қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ауыл  шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды  тұлғалар үшін арнаулы салық режимінде  бюжетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртібінен кейінірек тоқталып өтеміз.

  Ортақ  үлестік меншіктегі салық салу  объектілері бойынша мүлік салығы  әрбір салық төлеушінің мүлік  құнындағы оның үлесіне барабар  есептеледі.

Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

  Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салықтың  ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық  төлеуші салық кезеңіндегі мынадай  мерзімнен кешіктірмей тең  үлестермен енгізеді:

          · 20 ақпанда;

     · 20 мамырда;

     · 20 тамызда;

     · 20 қарашада.

    Салық  төлеушінің құрылу   күнінен (салық  салу  объектілерін  пайдалануға  немесе  жалға   беру  күнінен)  кезекті  мерзім уәкілетті  органның  қылмыстық жазаларды  атқару  саласындағы  түзеу  мекемелерінің  мемлекеттік  кәсіпорындары  жаңадан  құрылған  салық  төлеушілер  мен   заңды  тұлғалар  бойынша  ағымдағы  төлемдерді  төлеудің  бірінші  мерзімі  болып  табылады.

      Ағымдағы  төлемдерді төлеудің  соңғы  мерзімінен кейін   құрылған  салық  төлеушілер  уәкілетті органның  қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары ағымдағы  төлемдерді   төлеудің  соңғы мерзімінен  кейін салық салу  объектілерін пайдалануға немесе  жалға берген кезінде  салық  сомасын  ағымдағы  салық  кезеңі  үшін  декларацияны  табыс  ету  мерзімі  басталғаннан кейі  он  күннен кешіктірмей   төлейді.

     Салық  кезеңі ішінде сатып   алынған  салық  салу  объектілері   бойынша  мүлік салығының ағымдағы  төлемдері салық  салу  объектісін  сатып  алу  кезіндегі  салық ставкасын қолдану арқылы  анықталады.Ағымдағы  төлемдер  сомасы тең үлестермен  20  ақпанда,20  мамырда,20 тамызда,20 қарашада төленеді,бұл ретте салық салу  объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім  ағымдағы төлемдерді  төлеудің  бірінші  мерзімі болып  табылады.

Мүлік салығы бойынша бюджеттік есеп айырысу