Мүктәріздес өсімдіктер

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. МҮКТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕР..........................................................................4

1.1. Көкек мүгі (жасыл мүк)...................................................................................4

1.2. Шымтезек мүгі..................................................................................................6

1.3. Жатаған ортотрихум (Orthotrіchum laevіgatum)..........................................10

 2. МҮКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.........................................................12

2.1. Риниофиттер бөлімі........................................................................................12

2.2. Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida............................................................14

2.3. Архегоний ......................................................................................................17

2.3.Мүктердiң маңызы..........................................................................................18

3. МҮКТЕРДІҢ РАДИАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ............................................19

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Мүктәрізділер (Bryophyta) –  жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің  құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.

Көпшілік түрлері көп  жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүктәрізділердің 3 класы (Marchantіopsіda, Bryopsіda, Anthocerotopsіda), 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 400-ге тарта түрі анықталған. Мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ден 60 см-ге дейін (Fontіnalіs) болады. Түсі – жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары арқылы жабысып бекиді.

Құрамында хлорофилі  бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт  бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады. Гаметангиялары екі түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс клеткалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады.

Жыныстық көбеюден пайда  болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары – спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.

Мүктәрізділердің табиғатта  судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады.

Сондай-ақ құрылысқа қажетті  престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек  кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

1. МҮКТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕР

 

1.1. Көкек мүгі (жасыл мүк)

 

Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден  кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар.

Мүктәрізділер (Bryophyta) –  жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің  құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік  және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер  құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты.

Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты. Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүктәрізділердің 3 класы (Marchantіopsіda, Bryopsіda, Anthocerotopsіda), 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 400-ге тарта түрі анықталған. Мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ден 60 см-ге дейін (Fontіnalіs) болады. Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи - Вryidae). Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі.

Жасыл мүктердің ең негізгі  өсетін жерлері, яғни олардың айқын  басым болып келетін (доминат) немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әрбір жердің (ортаның) өзіне тән түрлері болады.

Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда  құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өскінде, ал екіншілерінде – бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтануы айқын байқалмайды.

Жасыл мүктердің ең кең  таралған өкілдерінің біріне көкек  зығыры (политрих обыкновенный – Роiyirichит соттипе) жатады. Ол орманда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттерінде өседі.

          Жасыл мүк «көкек зығыры» деп  те аталады. Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының  жиектері зығыр талшығы тәрізді  жіңішке тілімделген. Жасыл мүк жапырағы, сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі жасыл мүктің сабағы мен жапырағы болады.

 Жапырақтары мен  сабағы болмасын түрлері де  кездеседі. Жасыл мүк топырақтың  бетін кілемдей тұтасып жауып  жататындықтан, басқа мүктерді  ығыстырады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпақта айналуына себепші болады. Жасыл мүк - екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік - көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40 cм. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек үлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.

Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіл, қоректенеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі.

Жасыл мүк жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жынысты көбеюі былай жүзеге асады. Аталық өсімдіктің ең ұшында аталық жыныс жасушалары болады. Аналық өсімдіктің ең ұшында аналық жыныс жасушалары жетіледі. Осы жыныс жасушалардың суда қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады.

Ұрықтанған жұмыртқажасушасынан  қауашақ (спорангий) жетіледі. Қауашақтың ішінде споралар дамиды. Спора - екі қабықшадан тұратын жасуша. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Пісіп жетілген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өліп, тармақталған жіп тәрізді жасыл балдырларға ұқсас өскінше пайда болады. Осы өскіншелердің бүршікшелерінің біреулерінен - аналық өсімдіктер, ал екіншілерінен аталық өсімдіктер жетіледі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір тармағы. Оларда ұлпалар  айқын білінеді. Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Тамыр, сабақ және жапырақ - өсімді мүшелер. Спорангий, гүл және жеміс - көбею мүшелері. Бұлардың барлығы көпжасушалы болып келеді.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің  дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі  кезеңдерден тұрады. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар - спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние  тармағына мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер, ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады.

Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі  сабақты және жапырақты болып  келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және жынысты  жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің  аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.

 

1.2. Шымтезек мүгі

 Бұл кластармағы  бір қатардан (Sphaqnidae), бір тұқымдастан (Sphaqnaceae) тұрады. Оған жалғыз сфагнум (Sphaqnum) туысы   жатады. Туысқа 300-ден астам түр жатады, оның 42-сі бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) территориясында кездеседі.

  Шымтезек мүктерінің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтан да оларды қатпаршақтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды.

Сабағының құрылысы күрделі  болмайды. Оның ортасын өткізгіштік  және артық қор заттарын жинау  қызыметін атқаратын өзек алып жатады. Өзектің клеткаларының қабықшасы  жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады.

Оның бірі арқаулық (мехникалық) қызымет атқаратын склеродермалар, ал екіншісі бойына су жинау қызыметін  атқаратын гиалодермалар. Гиалодермаларды  клеткалары үлкен, өлі клеткалар, олардың  қабықшаларының дөңгелек тесіктері болады, солардың көмегімен іргелес жатқан клеткалардың қуыстары бір – бірімен және сыртқы ортамен қарым – қатынаста болады.

Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік  ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін  ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады.

Ал құрғақшылық күндері  өлі жасушаларының іші ауаға  толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп  жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.

Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден  айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрлі болады:

ұзын, жіңішке, хлорофилл  дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;

ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл жасушаларда  фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық  заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссіз жасушаларының  қабырғаларында көптеген саңылаулары  бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.

Шымтезек мүгі, жасыл  мүк секілді жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Шымтезек мүгі - бірүйлі, қосжынысты өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық жыныс жасушалары сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында жетіледі. Олардың қасындағы жапырақтар қызғылттау түске боялған. Аналық жыныс жасушалары қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.

Аталық және аналық жыныс жасушалардың қосылуынан өсімдік ұрықтанады. Осы ұрықтанған жүмыртқа жасушадан кішілеу қауашақ жетіледі. Оның ішінде көптеген споралар түзіледі. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Споралар пісіп жетілген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Жерге түскен споралардан табақша тәрізді өскіншелер пайда болады. Осы өскіншелерде көптеген бүршіктер түзіледі, олардан келешекте шымтезек мүгі жетіледі.

Шымтезек мүгі ылғалы мол жерлерде өседі. Мүктің суды тез  сорып, басқа мүшелеріне қарқынды өткізуі топырақтың батпақтануын тездетеді. Сабақтың қураған бөлігі оттек жетіспегендіктен, жартылай ғана ыдырап (шіріп), шымтезек қабатын құрайды. Мүктен бөлінетін ағзалық қышқылдар бактериялардың өсуін тежеп, шымтезектің ыдырауын баяулатады.

Мүктер фотосинтез үдерісінің нәтижесінде ағзалық заттар түзеді және ауаға оттегін бөліп шығарады. Олар құнарсыз топырақтарда алғашқы өсімдіктердің бірі болып өсіп, топырақ түзуге қатысады.

Мүктер ұя салып, балапан  шығаратын құстардың қорегі және жауларынан тығылатын орны болып табылады.Мүктер басқа өсімдіктер секілді қурап, ұсақ ағзалардың көмегімен шіриді. Соның нәтижесінде құнарлылығы жоғары шымтезекті топырақ түзіледі. Мұндай топырақтарға жаңадан өсімдіктер өседі. Шымтезекті батпақтардан шымтезек өндіріп, оны отын ретінде кеңінен пайдаланады. Шымтезектен спирт, карбол қышқылы сияқты шикізаттар алынады.

Мүктер - тұщы су қоры. Батпақты жерлерде мүктер судың жиналуына  қатысады. Шымтезек мүгінің 350-ден астам  түрі бар. Ол - бір үйлі өсімдік. Өте  ылғалды жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те аталады. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады. Шымтезек мүгі жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюі споралар арқылы жүзеге асады.

Шымтезек - өте пайдалы  өсімдік. Одан шымтезек, шымтезектен спирт, карбол қышқылы, балауыз, парафин өндіріледі. Шымтезек батпақты жерде тұщы судың жиналуына себепкер болады. Шымтезек мүгі ғаламшардың құрлық бетінде 1 % аумақты алып жатыр. Ол - тек шымтезек көзі ғана емес, тұщы су қоймасы және аумақта судың орнығу тәртібін реттеуші. Жазғы және қысқы жауын-шашынды губкаша сіңіріп, батпақтағы су топыраққа, одан ағып шығып үлкен өзендердің көзіне айналады.

Түсі – жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа  ризоидтары арқылы жабысып бекиді. Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады.

Гаметангиялары екі  түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс клеткалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады. Жыныстық көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары – спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен таралады.

Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі. Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Ірі жапырақты пахифиссиденс (ағылш. pachyfissidens grandifrons) — тұқымдасына жататын өсімдік. Іле Алатауында (Түрген, Тескенсу өзенінің шатқалында), Жетісу (Жоңғар) Алатауында (Қаратал өзені) кездеседі. Су астындағы таста, өзендер мен жылғалардың жағасында өседі. Сабағының ұзындығы 10 (20) см, қызыл қоңыр түсті дамыған ризондтары бар сабағы жапырақ қолтығынан шоғырланып тармақталады. Жапырақшалары бір жерге жиылған, ұзындығы 3,4-3,9 мм, ені 0,6-0,7 мм, қандауыр пішінді, доғал. Өсінділері жапырақтың қынап бөлігінен кіші; жүйкесі жапырақ төбесіне жетпей аяқталады. Өте сирек кездесетіндіктен Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

 

1.3. Жатаған ортотрихум (Orthotrіchum laevіgatum)

 

Жатаған ортотрихум (Orthotrіchum laevіgatum) – ортотрихалар тұқымдасына  жататын мүк. Қазақстанда Іле  Алатауының Кетпен жотасында кездеседі. Шымы бос, үстіңгі қабаты қоңыр жасыл, асты қара қоңыр топырақта өседі. Сабағының биіктігі 1 – 4 см, жапырақтарының ұзындығы 3 мм, ені 0,8 – 1 мм, ұзынша қандауыр тәрізді. Қорапшасының пішіні ұзынша, дөңес, жұқа, сырты тегіс болады.

Жапырақты мүктің спорасы бар қауашағындағы тесіктің айналасындағы тісшелері (перистомдары) қарапайым; жұп тісшелері бар; кірпікшелері болмайды. Мүк қалпақшасының сыртын қалың папиллозды қылтандар жапқан. Спораларының мөлшері 15 – 20 мкм, қызыл қоңыр түсті. Бір үйлі өсімдік, споралары арқылы көбейеді. Маусым – тамыз айларында спорасы пісіп-жетіледі. Жатаған ортотрихум – өте сирек кездесетін мүк түрі, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Мүктер жер бетінің  барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз.

Мүкті ағаштардың сынып  түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «лотос» - ғылым) дейді.

Мүктәріздестер - аласа  болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің  биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге  дейін жетелі. Денесі жапырақ пен  сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді  қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі.

Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр  болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.

Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын улпалары нашар жетіген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасымалдануы өткізгіш үлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Мүктердің аса кең  тараған екі өкілін қарастырамыз. Олар: жасыл мүк (көкек мүгі) пен  шымтезек мүгі.

        2. МҮКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

2.1. Риниофиттер бөлімі

 

 

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің  көпшілігінің денесі органдарға, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. 

Архегонийдің түп жағынанда  жұмыртқа клеткасы жітіледі, ал оның мойны  жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде  жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері  да редууцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы және пестикті болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады.

  Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің, қор жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3п) есебінен жетіледі.

 Риниофиттер бөлімі – RHYNIOPHYTA. Риниофиттер бөліміне тек қазба түрінде ғана белгілі 2-3 туыс жатады. Олардың өмірлік циклында спорофиті басым болып келеді. Вегетативті денесі дихотомиялы бұтақтанған теломдардың системасынан тұрады. Теломның жер беті бөлігінің жалпы құрылысының өзіндік ерекшелігі болады. Бұл әлі өркенге жатпайды, өйткені теломның өстерінде жапырақтары болмайды.  Негзгі өсі айқын байқалады. Оның ортасын ксилема алып жатады, ал сыртын флоэма қоршап тұрады. Ксилемасы тұтас цилиндр тәрізді немесе сәулелі болып келеді. Ол трахеидтерден тұрады. Теломның шет жағы фотосинтездің қызметін атқарады. Эпидермисінде устьица аппараттары орналасады. Жер асты бөлігінің устьицасы болмайды. Нағыз тамырлары жоқ    оларды ризоидтары алмастырады.

    Ринофиттердің гаметофиттері табылмаған.

Классификациясы. Риниофиттер бөлімі екі кластан тұрады: риниопсидтер (Rhinyopsda) зостерофиллопсидтер.(Zosterophyllopsida). Негізгіөкілдерінің біріне риния (Khynia туысы) жатады.Оның биіктігі 20см, диаметрі 3мм болатын шөптесін өсімдік.

 Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай.  Құрылысы. Мүктәрзділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасын – спорофи мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайды бұларда гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясына дербес бүйірлік бұтақ ретінде  қарастырады.

 Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары қарайды. Ал ризоидтар дегініміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып  табылады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп аталынады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық  тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланысы болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды   алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері (размері) гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60см – ден аспайды.

 Мүктәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды.Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады.  Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де ағаштанған формалары болмайды.

Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көпшілігі Солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.

Мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы (антоцеротовые  или антоцеротопсиды) – (Anthocerotopsida), бауыр мүктер класы (поченочники или леченочные или) – Marschantiopsida или Hepaticopsida, нағыз мүктер класы (листостебельные) мхи, или мхи, или бриопсиды – Вryopsida или (Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтан да біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік.

 

2.2. Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida.

 

Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады.  Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің  құрылысының қарапайымдылығы, олардың  ерте пайда болғандығын көрсетеді.

   Бауыр мүктер класы екі кластан тұрады : маршанциялар кластары (Maqchantiidae), юнгерманиялар кластармағы (Junqermannidae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады : сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantiales),  ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады : метцгериялы қатары (Metzqeriales), гапломитриялықтары (Haplomitriales) және юнгерманиалар қатары (Junqermanniales).

  Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция. Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12см болатын дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған.

Жоғарғы эпидермистің ауа  келіп тұратын тесігі устьицасы  болады. Бұл төрт  қатар болып  орналасқан арнайы клеткалармен қоршалған, үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицалардың астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түсті қабықшалар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады.

Жоғарғы эпидермистің астында  ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы хронпластары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхималық  клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофилдері жоқ паренхималық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршанциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.

   Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар тіректер (подставки) пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктер тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаны жоғарғы жағындағы антериальды қуыстың ішіне антеридийлері еніп жатады.

Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тірсекті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасының (үйіндісінің) ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.

     Вегетативті  көбеюі, линза формалы, түсі жасыл  болып келетін өнім бүршіктері (выводковые почки) арқылы жүзеге  асады. 

Олар талломның үстінде  болатын ерекше кәрзіңкелердің ішінде, олардың түбінде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.

     Маршанциялардың  түрлері табиғатта кең таралған. Олар көп жағдайда ылғалы мол  жерлерден : көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады.

 Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады.  Көптеген түрлері Солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлерінде, өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді.

 Гаметофиті тік  сабақтың өстен (каулидий) тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді  өсінділер (филлидий) жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ  және сабақ деп айтуға болады.

Сабақтың  төменгі  жағынан көптеген ризоидтары пайда  болады. Бүйірінен бұтақтанады. Өстің  ұзындыққа өсуі үстіңгі пирамидальды клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде  жүзеге асады. Монопиальды немесе симподиальды болуы мен байланысты жыныстық көбею органдары және спороганы  гаметофиттің жоғарғы жағында немесе бүйірлік бұтақшаларында орналасады.

Нағыз мүктер класы үш кластармағынан тұрады: андреев мүктері  кластармағы (андреевые или андреиды- Andreaeidae), шымтезек мүктері кластармағы (сорагновые или сфагниды  Sphaqnidae), жасыл мүктер кластармағы (бриевые или брииды - Вryidae). Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.

 

2.3. Архегоний

 

Архегоний (гр. 'arche' — басталу, gone — пайда болу) — мүк, қырыққұлақ тәрізді плаун және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің (кейде бұларды архегонийлі өсімдіктер деп атайды) аналық тұқым клеткасы; мүктердің сушырмауықтардың, қырықбуындардың, қырыққұлақтардың және жалаңаштұқымдылардың көп жасушалы аналық жыныс мүшесі.

Мүктәріздес өсімдіктер