Мүгедектер
Кіріспе
Адамзаттың қолынан құрып бара жатқан экологияның және дәрігерлердің білместігінің әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек балалардың келуі жиілеп кетті.Мемлекеттің байлығы – дені сау ұрпақ.Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 миллион адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен.Алайда тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып жатқандай.
Мүгедек...Не деген ауыр сөз десеңізші.Өкінішке орай, соңғы жылдары «пәленшенің баласының екі көзі соқыр екен, мылқау, саңырау болып туылыпты» деген сөздерді жиі еститін болдық.Жарық дүниенің есігін мүгедек күйінде ашқан сәбилердің келешек тағдыры қалай қалыптасатынын ойлаудың өзі жанды ауыртады.[1]
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әлеуметтік проблемалардың ең өзекті мәселесі – мүмкіндігі шектеулі жандар проблемасы.Сондықтан да ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы болып: мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қоғамдағы олардың рөлі, дұрыс әлеуметтенуі,жалпы мүгедектердің жағдайын барша қауымға түсіндіру болып отыр.
Тақырыптың мақсаты: Республикадығы мүмкіндігі шектеулі азаматтар проблемасын шешу жолдарын табу; Қоғамның мүгедектерге деген көзқарасын өзгерту;Жетілдіру мәселесін қарау.Жобаның негізгі обьектісі – мүгедектер деп қарастырып отырмыз.
Міндеті: 1.Қоғамдығы мүгедектер рөлін анықтау, қазіргі уақыттағы мүгедектердің тұлғалық дамуындағы маңыздылығын түсіндіру;
2.Мүгедектер да басқа сау адамдар сияқты өмір сүре алатындығын дәлелдеу.
Жобаның құрылымы және көлемі: жоба 28- беттен, кіріспе, 3-тараудан, қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 4 кесте, 2 суреттен тұрады.
1 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұғымына сипаттама
1.1 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар түсінігі
Әр елде, әр заманда мүмкіндігі шектеулі азаматтар болған ғой. Кей елдер оларды қоғам көзіне шыққан сүйелдей көрсе, кейбірі қоғамның қарапайым мүшесіндей қарап, қамқорлығын аямайды.Біздің мемлекет осылардың алғашқы тобына жатады.Неге дейсіз ғой? Өйткені біздің қоғамның санасы көздері нашар көретін, құлақтары кем еститін, тірек-қозғалу аппаратының функциялары бұзылған жандарды өзімен бірдей адам деп есептемейді. Олар оқи алмайды, жұмыс істеуге жарамсыз. Оларға аяушылықпен қарап, мүсәпір санайды. Біздің ойымызға «олар да біз секілді жаратқанның құлы ғой, олардың да біз секілді олардың да өмір сүруге құқығы бар ғой» деген ой кіріп те шықпайды.
Бүгінде олардың негізгі проблемалары – жоғарғы білім алу және жұмыссыздық.Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 500 000-ға жуық адам бар екен.Соның 40 мыңы Алматы қаласында тұрады.Бұл адамдардың көбінің жоғарғы білімі жоқ, жұмыссыз үйде отыр. Бизнес пен өнердің орталығы саналатын Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алып, жұмыс істеуіне ешқандай жағдай жасалмаған соң, басқа қалалар мен аймақтар туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.Мысалы, Алматыдағы жоғарғы оқу орындарынан арбада отырған немесе құлағы естімейтін студенттерді көргеніңіз бар ма? Жоқ.Тек көздері нашар көретін бірен-саран студенттер ҚазҰУ, ҚазҰП Университетінде білім алуда. Басқа мүмкіндігі шектеулі жастардың оқып жүргенін байқамадық. Бұл олардың білімге деген ұмтылысы, оқуға деген талпынысы жоқ деген сөз емес. Олардың арасында небір дарынды, небір таланттылар жеткілікті. Он екі мүшесі шаң қаптырып кететін дарындалар бар. Сонда ойлайсың да, мектепті бітірген жастың оқуға қақысы бар да, арнайы мектепті бітірген жастардың оқуға қақысы жоқ па? Барлық Қазақстан азаматтарының құқы бірдей емес пе еді?!
Мүгедектер санының ұдайы өсуі, бір жағынан олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық қабілеттілігіне тәуелсіз олардың әрбіреуіне көңіл бөлудің артуынан, екінші жағынан демократиялық азаматтық қоғамға тән. Мұның бәрі әлеуметтік-реабилитациялық қызметтің маңыздылығын алдын-ала анықтайды.
Мүгедектердің құқығы туралы Декларациямен келісе отырып (БҰҰ, 1975ж.), мүгедек – бұл туа біткен немесе жүре пайда болған оның физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктерінің жетіспеушілігіне қарай қалыпты жеке және әлеуметтік өмір сүрудің қажеттілігін толықтай немесе жарым-жартылай өз бетімен қамтамасыз ете алмайтын кез-келген тұлға.
1989 жылы БҰҰ Заң күшіне енген балалардың құқығы туралы Конвенцияның тақырыбын қабылдады. Мұнда толыққанды және лайықты өмір сүруінде, дамуында ауытқулары бар балалардың құқығы бекітілген.[10]
БҰҰ, сондай-ақ ақыл-ойы кем тұлғалардың құқығы туралы Декларация қабылдады. Мұнда медициналық қызмет көрсетуге, білім алуға, еңбекке қабілеттілігін қайтадан қалпына келтіруге құқықтары бекітілген. Өзінің мүмкіндігіне қарай қандайда бір пайдалы іспен еңбек ету немесе қажырлану құқығы басым айтылған. Мұнымен материалдық қамтамасыз етілуі және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейі байланысты.Балалардың мүгедектігі олардың тіршілік әрекетін елеулі түрде шектейді, олардың дамуы мен өсуінің бұзылу салдары әлеуметтік бейімделмеуге әкеп соғады.2005жылы «2006, 2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы» қабылданған болатын.Осы бағдарлама аясында жұмыс істейтін және оқитын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адам өзіне көмекші алу құқығына ие болды. Бірақ он бес мың тенгеге кім көмекші бола қояды дейсіз? Көмекші болған адам ерте келген адам ерте келіп, оны жұмысқа апаруы, жұмыстан алып келуі керек. Оның жүріп, тұруына көмектесуі қажет. Осындай тиын тебенге кім өмір сүре алады? Егер адам көзі көрмейтін, немесе жүре алмайтын болса, онда ол құжаттарды қайдан, қалай жинайды? Жасаған жақсылықты да жөнімен жасаған абзал ғой.
Еліміздегі
тірек -қозғалу аппаратының функциясы
бұзылған жандардың халі тіптен мүшкіл.
Оларға оқып, жұмыс істемек түгілі, жүріп
тұруға жағдай жасалмаған. Еліміздегі
ең ірі қала Алматыда санаулы орындардан
басқа жерлерде халықаралық стандарттарға
сай пантус жоқ. Арнайы пантустар тек әуежайда,
«Рамстор» сауда үйінде, «мегаорталықтарда»
ғана бар. Қаланың айтулы ошақтары мен
айтулы орындарында бірде бір пантус кездеспейді.
Тіпті қаладағы ең үлкен өнер ордасы Республика
сарайының өзінде мүгедектер арбасы жүретін
жол жоқ. Сонда арбада отырған ақыл, есі
сау, көкірек көзі ояу азаматтардың түрлі
өнер мерекелерін көруге ,театрға барып
қойылым тамашалауға құқы жоқ па? Ал басқа
жерлерде салынған пантустар мен тіректер
орысша айтқанда, «для галочки» жасалған
дүниелер. Сондай пантустардың бірі Бостандық
аудандық әкімдігі ғимаратының кіре берісінде
жасалған.Ол өте тік, белгіленген өлшемдерге
салынбаған. Мұндай пантуспен арбадағы
жан түгілі, он екі мүшесі сау адам жүре
алмайды.Мүмкіндігі шектеулі адамдардың
оқуға түсерде осындай кедергілерге кездессе,
жұмысқа тұрарда кездесетін қиыншылықтар
бастан асады. Мысалы, былтырғы жылы мүмкіндігі
шектеулі он екі жас жоғарғы оқу орнын
бітірген.Олар қалай есікті қағып, талай
табалдырықты тоздырса да, жұмысқа тұра
алмады.Сол бұрынғы студент, бүгінгі жас
мамандар жылға жуық жұмыссыз жүрді.Мүгедектердi
әлеуметтiк қорғау шараларының бiрi - ағзаның
бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне
өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне
қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын
толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық
iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ
мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне
мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары
мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын
қамтамасыз ететiн оңалту болып табылабды.2006
жылы «Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы»
Заңға негізделген өзгертулерге сәйкес,
егер жұмыс берушінің қол астындағы жұмысшылары
33 адамнан асса, соның 3 пайызын мүмкіндігі
шектеулі адамдар құрауы керек делінген.ал
іс жүзінде аталған заң жүзеге аспай отыр.Қалталы
азаматтар мен атқамінер ағаларымыз қоларбада
отырған және құлағы нашар еститін, көзі
нашар көретін жандар қарамағында істесе,
фирманың имиджіне зиян келеді деп қарайды-мыс.Жұмыс
іздеп келген адам қанша білімді, қанша
зейінді болса да, оның денесінде кемістігінен
бастарын ала қашады.Ал тірек-қозғалу
аппаратының функциялары бұзылған адамдар
жұмыс істейтін болса, құрығанда отыратын
арбаларын өздері сатып алатын жағдайға
келер еді.Ал қоларба үш немесе алты жыл
сайын ауыстырылуы керек.Ал шетелдерге
«мүгедек» деп ақыл есінде кемістігі бар
жандарды айтады.Бізде денесінде кемістігі
бар болса, ол мүгедек, ол ешнәрсеге жарамсыз.
Бұл түсінікті өзгерту керек. Сондықтан
жұмыс берушілердің құлағына алтын сырға,
мүмкіндігі шектеулі жанның да Қазақстан
азаматы екенін, оның құқығы басқа адамдармен
тең екенін естен шығармаған жөн. [2]
2 Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жай-күйі және олардың негізгі проблемаларын талдау.
2.1 Қазақстандағы мүгедектерді қолдау саясаты
Мүгедектердi
әлеуметтiк қолдау мен қорғауға,
олардың экономикалық, саяси және
басқа да құқықтары мен бостандықтарын
iске асыруда тең
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстанда да әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Экономикалық өсу анағұрлым белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге алғышарттар жасады. Мүгедектерді оңалтудың 2002–2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін қайта құру қамтамасыз етілді, стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желісі ұлғайды, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың көлемін көбейіп, сапасын арттырылды, мүгедектердің инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделді. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту пробелмаларын тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау үшін жаңа бағдарлама әзірленді. [3]
Республикада
барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың
мүгедек, соның
iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа
толмаған мүгедек бала,
бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа
да мүгедектер тұрады. Бұл
цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша
көбеюi денi сау халықтың
өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың
еңбек ресурстарының саны мен сапасының
құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға
келтiредi.[ 7]
1-кесте. Алғашқы мүгедектіктің 10 000 адамға шаққандағы серпінді көрсеткіші
| Көрсеткіштер | жылдар | ||
| 2004 | 2005 | 2006 | |
| Алғаш рет мүгедек деп танылғандар (барлығы) | 46 727 | 44658 | 42825 |
| Оның
ішінде:
балалар арасында ересектер арасында |
7734 |
7081 |
7017 |
| 38993 | 37577 | 35808 | |
| Алғашқы мүгедектіктің серпінді көрсеткіші (мүгедектердің барлық санаттары үшін) | 31,2 | 29,9 | 28,4 |
| Оның
ішінде:
балалар арасында ересектер арасында |
17,4 |
16,5 |
15,0 |
| 36,9 | 35,0 | 34,4 | |
| Ескертпе: Статистикалық жинақ 2004 жыл | |||
Алғаш
рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында
бiрiншi орында қан
айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк
- 18,6 пайыз, екiншi орында
зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз,
үшiншi орында психиканың
бұзылуынан 12,1 пайыз және төртiншi орында
- барлық орын алған
жарақаттардан 11,9 пайыз.2000-2006 жж. мүгедектер
арасында 2 топ мүгедектердің үлесі басым
болды -60%, 1 топ - 11%, 3 топ -29%. 2006 жылы барлығы
151191 дадам қайта күәландырылды, бұл ретте
ішінара оңалту көрсеткіші 8,7%-ды құрады,
мүгедектік тобыныңауырлау көрсеткіші-7,0%,
толығымен оңалту көрсеткіші – 5,0% болды.
Мүгедектердің жас құрылымында еңбек
етуге жаоамды жастағы адамдар басым (мүгедектердің
жалпы санының шамамен 70%-ы).
1-сурет.
Мүгедектің топ бойынша
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылар. Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бiрiктiру қажет.[9]
Мүгедек
балаларды оқыту мен тәрбиелеу
үшiн арнайы жағдайлар қажет. Республикада
көзi нашар көретiн балаларға
қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп
бар. Бұл оқу орындары
аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы
жабдықтауды қажет етедi. 2001 жылы алғаш
рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi есту қабiлетi нашар балалар
оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын
сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда
оқитын есту қабiлетi нашар балалар үшiн
тым мардымсыз. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде
оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың
психологиялық-медициналық-
Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды. Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70 интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471 мүгедекке қызмет көрсетедi. 28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж. 2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен, 5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi. Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бiрқатар ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бiр де бiр ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға: мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне тәуелдi. Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгiзу мақсатында жұмыс iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде. 2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек кресло-қораптар алды. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi. Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп бекiтуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты, электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды, аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердің естуiн түзеу және коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон аппараттары) тұрады. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының мүгедектердің тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiне көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 26 бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бұл бiрiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты. Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бiрқатар баптар құрғақ сөз күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн жазалар анықталмаған.Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөнiндегi проблемаларды шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың тәртiбi мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн. Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бiрiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс. [8]
2.2.Қазіргі кездегі мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету үрдістері
Еліміздегі мүгедектер мен мүмкіндігі шектелген адамдар мемлекет тарапынан арнайы көмекті қажет етеді, себебі олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық мүмкіндіктері олардың қоғамда дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды. Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда мүгедектерді оңалту мәселесі қолға алынды.400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшілігінің кемістігі туа біткен. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау деңгейі азайғанымен, әлі де жоғары күйінде қалып отыр.[6]
1998
жылдың бірінші қаңтарына
2-кесте.
Бірінші рет мүгедектік
| Көрсеткіштер | жылдар | |||
| 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
| Бірінші
рет мүгедек болып |
46,1 | 40,8 | 42,8 | 42,8 |
| 1000 адамға шаққандағы мүгедектер саны | 3,5 | 3,1 | 3,3 | 3,3 |
| Алғашқы
мүгедектік топтар бойынша, мың адам
- І топ мүгедектер саны - ІІ топ мүгедектер саны -ІІІ топ мүгедектер саны |
5,9 33,1 16,1 |
4,9 27,5 17,3 |
4,8 25,3 16,0 |
4,6 23,8 12,4 |
| Алғашқы
мүгедектік жынысы бойынша бөлу, мың адам
әйелдер ерлер |
22,5 32,6 |
20,5 29,1 |
18,9 27,2 |
- - |
| Ескертпе: Статистикалық жинақ 2006 | ||||
Берілген
сандар мүгедектер санының ары қарай
өсуі халықтың дені сау өсімінің әлеуметтік
қауіпті төмендеуге, елдің еңбек
ресурстарының өсуіне әкеліп соғуы
мүмкін.Мүгедектің еңбекке жарамды халық
ішінде дамуы әлеуметтік-экономикалық,
медициналық-демографиялық және экологиялық
факторлар өсуіне әсер етеді, еңбекті
қорғаудың төмен деңгейі, сонымен бірге
медициналық қызметтің жоғары құны мен
төмен сапасы өз үлесін тигізуде.[4]
Сурет 2 - Мүгедектіктің негізгі себептері
Мүгедектің негізгі себептері – 18,6 %-ы қанайналым органдарының ауруына байланысты, екінші жаман сапалы пайда болулар – 14,1%, үшіншіден психикалық шалдығулар 12,1%, төртінші әртүрлі жарақаттар – 11,9%-ды құрайды, мамандық жарақаттары мен еңбек салдарынан сырқауға ұшырау мүгедектіктің ел бойынша 1,3%-себебі болып табылады. [5]
Қазақстандағы мүгедектердің жалпы санынан 13%-ын 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар құрайды.
Республикада қазіргі 49,1 мың мүгедек-балалар тұрады, олар 16 жасқа дейінгілер және 58,8 мыңы жастайынан мүгедектер.
Мүгедектіктіктің
балалардың арасында күрт өсуі елдегі
экологиялық жағдайдың
Президенттің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың едәуір арттырылуы жүргізілді:
І топтағы мүгедектерге -3АЕК (2895 теңгеге);
ІІ топтағы мүгедектерге -2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге);
ІІІ топтағы мүгедектерге -2 АЕК-ке (1930 теңгеге ); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 АЕК-ке (2895 теңгеге). Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50%-ға арттырылды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 15 АЕК дейін арттырылды және 30 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді. Қазақстандағы категориялары бойынша мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемін 3-кестеден көруге болады. [
3-кесте Мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемі
| Мүгедектік категориялары | Топ | 2007 жылдағы мөлшері | 2008 жылдағы мөлшері | Өсуі (теңге) | ||
| Күнкөріс деңгей | теңгемен | Күнкөріс деңгей | теңгемен | |||
| Жалпы сырқаттан,сонымен бірге әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарындағылардың төтенше жағдайдан қызметін атқаруғу байланысты мүгедек болғандар | 1 | 1,36 | 12051 | 1,36 | 14301 | 2250 |
| 2 | 1,06 | 9393 | 1,06 | 11146 | 1753 | |
| 3 | 0,74 | 6558 | 0,74 | 7782 | 1224 | |
| 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 1,00 | 8861 | 1,0 | 10515 | 1654 | |
| Жедел әскери қызмет өтушілер ішінен мүгедектер, ядролық объектілерде қатерді жою кезінде мүгедек болған тұлғалар,төтенше экологиялық жағдайларда мүгедек болғандар | 1 | 1,61 | 14267 | 1,61 | 16930 | 2663 |
| 2 | 1,30 | 11520 | 1,30 | 13670 | 2150 | |
| 3 | 1,00 | 8861 | 1,00 | 10515 | 1654 | |
| Жастайынан мүгедектер | 1 | 1,36 | 12051 | 1,36 | 14301 | 2250 |
| 2 | 1,11 | 9836 | 1,11 | 11672 | 1836 | |
| 3 | 0,87 | 771 | 0,87 | 9149 | 1439 | |
| Әскери қызметкерлер ішінен мүгедектер жаралану, контузия, сырқат алу әсерінен мүгедек болу және ішкі істер органдарында қызмет бабында мүгедек болғандар | 1 | 2,09 | 18520 | 2,09 | 21977 | 3457 |
| 2 | 1,49 | 13203 | 1,49 | 15668 | 2465 | |
| 3 | 1,00 | 8861 | 1,00 | 10515 | 1654 | |
| Ескертпе: Статистикалық жинақ 2007 | ||||||
Мемлекеттік
жәрдемақылардан бөлек
4-кесте. Қазақстандағы топтары бойынша мүгедектер мен жұмыс істейтін мүгедектердің үлесі
| Барлығы | І-топ | ІІ-топ | ІІІ-топ | ||
| Бірінші
рет мүгедек болып танылғандар, |
4820 | 4581 | 23842 | 12397 | |
| Алғашқы мүгедектігі жұмыс істейтіндер үлесі % | 21,2 | 14,5 | 21,3 | 23,7 | |
| Қайта мүгедек болып танылғандар | 130771 | 6552 | 76860 | 47359 | |
| Қайта мүгедек болып танылғандар ішінде жұмыс істейтіндер үлесі % | 3,7 | 06 | 09 | 8,6 | |
| Жалпы мүгедектер санындағы жұмыс істейтіндер үлесі % | 7,9 | 6,3 | 5,8 | 11,7 | |
| Ескертпе: Статистикалық жинақ 2007 | |||||
Қазақстандағы
мүгедектер тап болатын проблемалардың
ішінде, келесі негізгі топтарға бөлуге
болады: жұмыспен қамтылудағы қиындықтар,
мүгедектерді қамту сферасындағы дискриминациялау;
білім алудағы шектеулер және әлеуметтік-мәдени
қажеттіліктерін қанағаттандырудағы
шектеулер; мүгедектерді реабилитациялауда
денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын
төмендегі мен жеткіліксіз көлемі; мүгедектерді
тұрғын үйлерге қол жеткізе алмады; елдің
қоғамдық-саяси өміріне қатысудың әлсіздігі.

- Мүгедектердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
- Мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек корсететің бөлімшелер туралы Ережені бекіту туралы
- Мүктәріздес өсімдіктер
- Мүк тірізділер бөлімі. Плаун тәрізділер бөлімі
- Мүлік есепшінің қызметі мен міндеттері
- Мүлікке салынатын салықтар
- Мүлік салығы бойынша бюджеттік есеп айырысу
- Муҳољирати байналхалќї
- Мучные блюда
- Мучные вредители и борьба с ними
- Мучные изделья
- Мучные кондитерские изделия
- Мучные кондитерские изделия
- Мучные кондитерские изделия