Найман
Наймандар [1]–
қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының
бірі.
Наймандардың пайда болу тарихы
Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе
ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын
тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер
(И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон,
В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов,Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта
олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман”
атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді.
“Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі
тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап
“сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман”
сөзі оларға көрші халықтардың берген
атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне
жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен
халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын
750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде,
“Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі.
Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ”
(“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай
бастаған деген топшылау бар. Кейіннен
моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің
негізгі атау орнына қолданыла бастауына
одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер
бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала
бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз”
аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.
Наймандар өзге мемлекетер құрамында
Сегіз оғыздар Түрік қағандығының шығыс
бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағандығыыдырағаннан
кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының,
кейіннен Солтүстік Қытайданауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы
кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар
сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзиньәулетінен (шүршіттер) жеңіліп,
Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс
болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың
2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті,
жетекші мемл. бірлестіктердің біріне
айналып, алыс-жақын елдермен дипломат.
қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті).
Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар
батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей,
меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр,
таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны
айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан[2] империясына
бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы
қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында
орнығып, Үгедей ханның
ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары
Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр,
Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғ-да
едәуір бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. Қалған
бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі
тайпалармен бірге Моғолстан жеріне ауды. 16 – 17 ғ-ларда кейбір
найман руларыАтбасар, Ырғыз аймақтарында
өмір сүрген. М.Шайбанимен[3] бірге Мауераннахрға ауған наймандар
Сырдарияның төм. ағысындағы Балық пен Мерв аралығы
өңірлерінің саяси-әлеум. өмірінде жүзден
аса жыл маңызды рөл атқарды. 1620 – 25 ж.
Хорезмдегі билік үшін болған тартыстан
кейін наймандар бас сауғалап бір тобы
қырғыздарға, бір бөлігі Еділ, Жайықтағы Ноғай ордасына, енді бірі Бұхар хандығына бағынды. М.Тынышбаевтың[4] айтуынша, 1680 ж. наймандардың
бір тобы Әулиеатадан Ташкентке дейін, Арыс пен Сырдария өңірін, Қаратау сілемдерін
қоныстана бастаған. “Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама”[5] жылдарында
наймандардың көпшілігі қырылып, қалғаны Самарқанд, Бұхар өңірлеріне ығысады.
1726 ж. наймандар Ресей шекарасына жақын келіп, Сәмеке
ханның қол астына өткен. Ол қайтыс болғаннан
кейін Абылайбилігіне
қарай бет бұрып, Алакөл, Зайсан,
Алтайға дейінгі алқапқа орын тебеді.
Олар қазақ халқының жоңғарларға қарсы
ұлт-азаттық күресіне белсене қатысты.
Қазақ қолы 1750 – 60 ж. Жетісу мен Алтайды
жоңғарлардан азат еткенде наймандар
Қара Ертіс, Бұқтырмаға дейінгі бұрынғы
ата мекенінің бір шетіне ие болып, сонда
түбегейлі орнығып қалды. Бұл қоныстану
1810 жылға дейін жалғасты. 1917 ж. Ресей үкіметі
жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай
империяларының құрамында 830 мыңдай наймандар
өмір сүрген.Наймандар Орт. Азияның өзбек,
қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтарының
құрамына енген.
Қазақ халқы құрамындағы наймандар
Қазақ халқының шежіре деректері бойынша
наймандар Орта
жүзге кіреді.Қазақ халқының құрамындағы
наймандардан: терістаңбалы (кейде елата), сарыжомарт (ергенекті найман), төлегетай
деген рулар бірлестіктері тарайды. Терістаңбалыдан: мәмбет, рысқұл; cарыжомарттан: балталы, бағаналы, көкжарлы, бура (Найман), қаратай; төлегетайдан: қаракерей, мұрын, төртуыл, матай, аталық (кейбір деректерде кенже), садыр. Келесі бір шежіре нұсқасында
наймандардан тоқпан, елата, өкіреш таратылады.
Елатадан: келбұға мен кетбұға; өкірештен: төлегетай және сүгіріш; төлегетайдан:
қаракерей, төртуыл, садыр, матай тарайды.
Сүгіріштен: ертекті, бағаналы, балталы;
ертектіден: көкжарлы, сарыжомарт, бура
рулары тарайды. Әр рудың өз рулық таңбасы
мен ұраны бар. наймандардың ортақ таңбасы
– Y (бақан), ұраны –Қаптағай[6].
Найман
Найман деген сөз туралы да әр
түрлі сөз бар. Профессор Березин
«найман деген сөз - мағол тілінше
сегіз деген сөз, сегіз ру ел болғандықтан
айтылған» дейді. Аристов «найман
деген Катуни өзенінің бір айрығы
еді, сол өзен атыменен қойылған»
дейді. Ескі заманда найман көп ел
болған, Шыңғыс хан тұсында Таң, Бұйрық
деген ағайынды екі хан билеп,
екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі
ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найманның
бір бөлегі күнбатысқа қашып барып,
осы күнгі мағол ішінде мағол
болып қалған наймандар - соның нәсілі.
Бұл найманның да көбі жер жүзіндегі
түрік нәсілдерінде бар. Орта жүздегі найман, біздің қазақтың ескі
сөзінше, Софы мырза дегеннің нәсілі. Оны
Баба мырза деген інісі өлтіргенде, Софы
мырзаның тоқалының жалғыз баласы Өкіреш
қазақ ішіне көшіпті. Осы сөз Әбілғазы
ханның сөзіне тура келеді. Себебі Әбілғазының
әкесі араб Мұхамедханды өлтіріп, «орнына
хан қоямын» деп Софы мырза Самарқандтан
Хысырау деген хан нәсілді біреуді алып
келгенде, араб Махмұд біліп Хысырауды
өлтіріп, Софы мырзаны өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі
Баба мырзаға бергенде, «мен ханға дұшпан
кісіні аға қылмаймын» деп өз ағасын өзі
өлтірді деп жазады. Орта жүздегі найманның бергі аталары туралы
жазылған Спасский, Аристов, Маевский
деген орыс жазушыларының сөзінде шатақ
қаталары көрінді. Біздің білуімізше,
орта жүздегі найман атасы - Софы мырза, оның баласы - Өкреш, оның үш баласы - Домбауыл, Сүгірше, Саржомарт. Домбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан
таңба басып терістаңбалы атанды. Сүгіршенің
баласы - Қытай,
оның баласы - Төлегетай, оның төрт баласы - Қаракерей, Матай, Садыр, Тортуыл. Қаракерейдің екі баласы - Байторы, Ерторы. Байторының баласы - Байыс жәке асырап алған Ақнайман. Ерторының баласы - Байсиық және асырап алған Қарамолда, Байыстың бәйбішеден төрт баласы
- Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахмедқұл, Сары.
Мәмбетқұл жас күнінде өкпешіл болып,
қыржиып отыра бергеннен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбанатанып, Ахмедқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан
екі баласы - Тума, Тоқбақ және тоқал асырап екі бала - Бошатчы, Байғана. Және Байыстың Мақта апай деген
бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп, Ержігіт,
Байжігіт деген екі бала тауып, Ержігіт
сартпен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт
мұнда қалған. Жоғарыдағы Сарының қатынының
атыМұрын екен,
Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды; жоғарғы Байсиықтың
төрт баласы - Жанғұлы, Меңлібай, Төбет, Ақбелбеу. Бұл төртеуіменен асыранды Қарамолда ыәсілі Семіз найман атанды. Жоғырғы Матайдың үш
баласы - Аталық, Кенже, Қаптағай - Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы Қызайатанды. Жоғарғы Сарыжомарттың
бәйбішеден - Қаратай және тоқалдың төрт баласы - Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз. Бұл төртеуі нағашысы Уақ ішіне кетіп, күні бүгін ергенекті уақ атанып кетті. Оның себебі, Саржомарттың
нәсілі Ергенек таңба салып, ергенекті найман атанып еді. Сол себептен бұлар Ергенекті атанды. Бірақ халықтың көбі оларды уақ деп кетті. Саржомарттың және
асыранды баласы - Бура және шешесіне еріп келген күңінен
туған - Балталы, Бағаналы және бір құлы -Көкжарлы.[7].
Тарихы
Найман туралы деректер оны әуелде
Хинганнан Қарпатқа дейін созылып
жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен
Орхон өзендері аралығында ежелден
көшіп жүрген тайпалар қатарында
таниды. Ол – сонау жыл санауымызға
дейінгі екінші ғасырлардан бастап
дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге
дейінгі байтақ аймақты жайлаған
Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың
бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында
«теле» деген атпен әйгеленген байырғы
киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының
кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша:
«Наймандар – көне жұрттардың бірі,
малы мен басы көп өскен халық».
Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды
Түрік қағанаты заманында дүниеге
келген ата жазуымызда Моңғолиядағы
қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының
дәлелдеуінше, «Байырқу», «сегіз оғұз»
тайпасы түрінде көрініс береді.
Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше,
«оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі
бір мағынасы тайпа дегенге келеді.
( «оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім).
Ал «найман» моңғолша сегіз деген
сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «найман
аймақ» ( «сегіз тайпа») деп Х ғасырда
моңғол тілдес қидандар атай бастаған
екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге
келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі
атау орнында қолданыла бастауына
одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер
бұл тайпа Х ғасырдан «найман»
деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға
дейінгі бұрынғы «сегіз» аты
да қосарлана байқалып келгенін де
ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен
Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ
өңірді қоластына бағындырып, наймандарға
да біраз уақыт билік жүргізген
Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті
тарихы туралы жазылған жылнамаларда
(Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен
ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола
және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей,
меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің
салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр,
таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны
айтылады.
Рәшид-ә-диннің «Жылнамалар жинағы»
мен «Моңғолдың құпия шежіресінің»
көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар
деп аталатын саласы мен Халқын гол
өзені алқабында қоңыраттар мекендеді.
Екінші мыңжылдықтың бас кезінде
осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта
(Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну,
дунхулардың бір сынығы болып табылатын
түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып
өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес,
кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған
тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай»
атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі
мен ықпал-әсері тым етене байқалатын.
Түрк тайпаларының қақ ортасында жатқан
осы жұрттардың соңыра моңғол тілді атанып
кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі
Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі
құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляйиясына
тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес.
(Мұндай мысалды алыстан іздеудің қажеті
де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған
жарты ғасыр ішінде, қазақтың жартысына
жуығының орыс тілді болып шыға келгені
көз алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында
Ұлы Қидан (Лияу( мемлекеті ыдырап, қидандардың
біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп,
Қарақытай мемлекетін құрғаны белгілі
(1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға
сіңісіп кетті. Ал сол ғасырдың соңына
таман Онон, Керулен алқабын жайлаған
тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас
көсем бастаған қият тайпасы лау етіп
көтнріліп, «тарыдай шашыраған моңғолдың
басын қосып», аз уақытта-ақ маңындағы
елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне
айналды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы
Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс, Жеңгіз) деген
есімді еншілеген сол кездегі керейлердің
ханы Торы (Торғыл( екенін айтады. (Торыны
оған қытайлар берген «Уаң» яки, бір елдің
әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп
те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі,
әрі әкесі Есукейдің андасы болғаннан
кейін Торы бұл есімді «жақсы тілек», жарым
ырыс» қылып айтса айтқан шығар. Алайда
Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы
Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына
бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің
өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны
(Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп,
ақыры ол найман қарауылдарының қолынан
кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты Найман
мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары
тарихи жылнамаларда жан-жақты жазылып
қалған бір хикая.
Темүжиннің әкесі Есүкей батырдың
тұсында Найманелін Инанығ Білгі
қаған билеген еді. «Инанығ» - сенімді,
«білгі» - білгір, кемеңгер деген сөз.
Сол Инанығ білгінің заманында наймандар
Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың)
қармағынан құтылып, бостандығын алады.
Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі
баласы байбұқа (қосалқы аты –
Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) «үлкен
әмірші» (деген атақ берген, сол сөз
келе-келе Таянға айналған) мен бүйректің
таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу
арасындағы араздық ұлысты екіге
бөліп тынады. Тай хан үлкені болғандықтан,
әкесінің орнында жазық аймақты,
Бүйрек таулы өңірді мекендейді. Наймандар
мен шыңғыс хан әскерінің алғашқы
шайқасы 1199 жылы Алтай өңіріндегі Үліңгір
көлінің маңында өткен еді. Онда
Шыңғыс керей ханы Торының шақыруымен
одақтас ретінде көмекке келген.
Сол жолы Бүйрек хан ойсырай жеңіліп,
өзі Енесай қырғыздарына қашып құтылады.
Арада үш жыл өтпей жатып, олар
тағы да шайқас даласында бас қосқан.
Бірақ бұл жолы да Шыңғыс хан мен
Уаң ханның тізе қоса қимылдауы Бүйрек
ханның ойсырай жеңілуіне мәжбүр
етті. Ол басын әзер сауғалап, тағы да
қашып құтылды. Бұдан кейін Шыңғыс
ханның керейлермен жауласып, Торы
ханның (Уаң ханның) түбіне жеткенін
жаңа айттық. Оны өлтірген Бүйрік ханның
ағасы Тай ханның жасауылдары
болатын. Сол хабарға көзі анық жеткен
Тай бойын ашу-ыза кернеп: «Күншығыстағы
аз моңғол қыр көрсететінді шығарды.
Атасынан асыл жаралған Уаң ханды
алуан түрлі қырмен қорқытып, безендіріп,
өлімге душар етті. Сөйтіп олар бәрін
иеленіп, қаған болмақшы ғой, тегі? Күн
мен ай аспанды үнемі жарық
етіп тұру үшінжаратылған болар. Ал жерде
екі қаған бола алмайды. Ендншн сол
аз моңғолды байлап әкелейік», - дейді.
(«Моңғолдың құпия шежіресі»). Сонда
Тай ханның кіші шешесі Кербез: «Қайтпексің,
ол моңғолдар қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт
киімді емес пе? Әкеліп қайтесің. Аулап
жүргенің жөн ғой. Тек өңі түзу
қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды
жуындарап, мал сауғызса жетпей ме?» - дейді.
Тай хан маңайындағы әлі де моңғолдарға
бағына қоймаған меркіт, қатаған, дүрбет
тайпалары және бұрын талқандалғанкеррейлер
мен татарлардың біраз блігімен одақ құрып,
Шыңғыс ханға қарсы жорыққа қамданады.
Алайда бұл хабарды алысымен, Шыңғыс ертерек
қимылдап, одақтастар әскеріне тұтқиылдан
шабуыл жасап, оларды тас-талқан етеді.
Тай хан соғыста қаза тауып, оның ұлы Күшлік
аман қалған жұртын бастап, бұл кезде Алтайдың
түстігінде жүргенағасы Бүйрек ханға
келіп паналайды. Осыдан кейін бүкіл найман
елінің қонысы моңғолдың қоластына қараған.
«Құпия шежіреде» Тай ханның кіші шешесі
Кербез (Күрбесу) ханымды Шыңғыс хан алдына
әкелдіріп: «Сен моңғолды сасық депсің
ғой. Қандай екен», - деп өзіне тоқал етіп
алғандығы жазылады.
Қанаттас отырған ірі көршілері
наймандар мен керейіттерді осылайша
жеңгеннен кейін бұл өңірде енді
Шыңғыс ханды тоқтата алатын күш
те қалмаған еді. Аз уақытта ол қазіргі
моңғол жеріне сәйкес келетін аймақты
түгел бағындырып алды., 1206 жылы киіз
туырлықты көшпелілер Онон жағасына
құрылтайға жиналып, «тоғыз сирақты
ақ ту көтеріп», Шыңғысты Моңғол империясының
ұлы ханы етіп көтерді. (Тарихшы И.Қабышұлы
сол империя құрылар қарсаңында
моңғолдар 200 мың, керейлер 600 мың, наймандар
800 мың болған екен деген дәйек
айтады). Осы құрылтайдан кейін
Шыңғыс хан Алтайдың күнгейінде әлі
де найманның атамекенін қайтарып алуды
ойлап жүрген Бүйрек ханға жорыққа
аттанады. Ол бұл кезде ештеңеден
хабарсыз Ұлық тау қойнауындағы Сақсу
өзенің бойында аз адаммен аң аулап,
сейіл құрып жүрген еді. Қас қылғандай
нөпір әскер дәл оның үстінен
түседі де, тұтқынға алынып, ата жауы
сол жерде оның басын қағады. Оған
паналап жүрген Күшлік аман қалған
елді ертіп Ертіске қарай қашады.
Алайда Шыңғыс хан наймандарға бұл
жерде де тыныштық бермейді. 1208 жылы
Ертіс жағасында наймандар мен
меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан
қылады. Одан кейін бұл тайпалар
Жетісуға қарай босады.
Күшлік хан Бесбалық, Тұрфай аймағы
арқылы айналып, бір кезде наймандарды
да билеген Қидан мемлекетінің Орта
Азияға келіп жаңғырған түрі Қарақытай
империясының астанасы Баласағұнға
жетеді. Бұл дәуірде Жоңғар тауынан
Иранға дейінгі аймақ осы Қарақытай
Гөрханына (ұлы ханына) қарайтын. Наймандардың
Таян сынды ханының баласы Күшлікті
Гөрхан сарайында ілтипатпен қарсы
алады. Жилугу Гөрхан оған қызын беріп,
жақын адамдарының бірі етеді. Бұл
шамада Қарақытай мемлекетінің әлсіреп,
бұған дейін оған бағынышты боп
келген Хорезм елінің елінің дәуірлей
бастаған да кезі еді. Шамасы Гөрхан Күшлік
төңірегіне жиналуға тиіс наймандарды
өз мүддесіне пайдалануды көздеген
де болуы керек. Әрі Күшліктің
де оған осы тектес уәде бергенін біз
Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағынан»,
Қытайдың «Жол қатынас тарихының
материалдары» атты еңбегінен ұшырастырамыз.
Күшлік хан Жилугуге: «Менің тайпам
көп, олар қазір Еміл, Қойлық, Бесбалық
жерлеріне келіп қоныстанып отыр.
Маған рұқсат берсеңіз, оларды жинап,
олардың күшін мен сіздерге көмек
беремін», - дейді. Гөрхан мұны мақұл
көріп, оған қару-жарақ, қаражат береді.
Әрине Таян ханның ұлы Күшлік хан
Түркістан аймағына келіпті деген
хабар осы маңға Шыңғыс ханның
қаһарынан ығысып келген наймандарға
қатты әсер етті. Олар тез арада
Күшлік ханның қоластына жиналып, жойқын
күшке айналды. Бұл жағдай енді Күшлікті
Гөрхан билігін тартып алу ниетіне
итермеледі. Және сол кезде талайдан
андысулы Мұхаммед Хорезмнің Гөрханға
қарсы шыққанын естуі мұң екен,
Күшлік те ойын жүзеге асырмақ боп
Қарақытай әміршісіне қарсы қымилды
бастап жіберді. Жасанған әскер қойсың
ба, Күшлік көп ұзамай-ақ өз қайын
атасының тағына отырды. Осылайша Шыңғыс
хан әскерінен күйреген (1204 жыл) Найман
мемлекетінің соңғы ханы арада сегіз жыл
өтпей жатып, Қарақытай империясының билігін
өз қолына алған. Тарихи деректерде наймандар
мен керейлердің несториан дінін (христиан
дініндегі бір ағым) ұстанғаны айтылады.
Күшлік хан Жилугудің қызы Күнкеге үйленгенннен
кейін несториан дінінен шығып, будда
дініне (пұтқа табынушылық) кіреді. Ол
кезде Қарақытай мемлекетіндегі жұрттың
дені мұсылман дінін ұстанатын болғандықтан,
Күшлік хан тарапынан олар «не несториан,
не будда дініне кірсін» деген зомбылық
талаптар да қойылып тұрған көрінеді.
Атамекенінен көтере қуып жіберген
найман ханы Күшліктің байтақ Түркістан
аймағында бұлайша дәуірлеп отырғанынан
Шыңғыс хан сірә хабарсыз емес-тін.
Тек ол бұл кезеңде Қытайды
жаулап алу жорықтарының басы-қасында
жүрді. Сол жорықтан қайтысымен, Шыңғыс
хан 1218 жылы Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы
Жебе ноян басқарған күшті әскерін
жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне
жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын
жариялады. Бұған дейін де өзіне
мұсылмандарды қарсы қойып алған
Күшлік шайқастарда шыңдалып келген
моңғол әскерлерінің екпініне төтеп
бере алмады. Тас-талқан болып жеңіліп,
Алтай тауларына қарай қашты.
Бірақ Жебе ноян оны қойммай қуалап
жүріп, ақыры Сарыкөл маңында
қолға түсіріп, өлтіріп тынады. Найман
елінің Шыңғыс ханға қарсы жиырма
жылдай уақытқа созылған қан кешті
күресі осылайша аяқталды. Найман мемлекетінің
күйреуі атамекендерінде қалың
отырған бұл елдің құрамына кірген
рулардың жан-жаққа кең ыдырап кетуіне,
басқа тайпалар арасына сіңуіне
әсер етті. Олардың біраз бөлігі
байырғы қоныстарына жақын Ертіс,
Алтай алқабында орнығып қалып,
Шыңғыс ханның баласы Үгедей ханның қол
астына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары
Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр,
Ырғыз алқабына орналасты, оңтүстікте
Орта Азия хандықтары жеріне дейін
жетті.
Бұл өңірде қоныстанған наймандар
ХV ғасырдың соңында Мұхаммед Шайбани
ханның ықпалында болды. 16 ғасырда
Марыға найманнан шыққан Қобыз би,
Жолым билер әмір жүргізді. Найман
Назар би Балхты биледі. Нұраталық
көшпелілерді найман Ахметәлі басқарды.
Шайбан тұқымы Бабаханның бір әскербасысы
найман Жанмұхаммед би болды. Шежіреші
Әбілғазы найман Сопырмырзаның 1604 жылы
оның әкесі Араб Мұхаммед ханды өлтіру
үшін қастандықұйымдастырушылардың бірі
болғанын тілге тиек етеді. Осы мысалдардан-ақ
наймандардың Орта Азия аймағында қабырғалы
күштердің бірі ретінде әрекет еткенін
байқау қиын емес. Бұл наймандар
біртін-біртін жергілікті халыққа сіңісіп,
өзбек, қарақалпақ қауымдастығының
бір тармағы болып кетті. Өзбектерде
қазақ-найман, қарақалпақта бағаналы,
терістаңбалы, қырғызда бүйе найман, күн
найман, мырза найман, жуанбұт найман
руларының кездесуі сол араласудың
бір нышаны.
Қазақ наймандары 1720 жылдардағы Жоңғар
шапқыншылығынан кейін Орталық
Қазақстандағы Тоқырауын алқабынан
Алтай мен Жоңғар тауларына дейінгі
аралыққа орналасты.. М.Тынышбайұлының
айтуынша, наймандардың 1810 жылы Қарқаралы
мен Шыңғыстайды тастап оңтүстікке
қарай сырғуы олардың соңғы қоныс
аударуы болған еді. Осы тарихшы
наймандардың саны 1917 жылдың қарсаңында
Бұқара мен Қытайдағы руластарын
қосқанда 830 мың адам төңірегінде
деп көрсетеді. Орта жүз елдері арасында
дәл наймандардағыдай мол таңбаны
кездестіре алмайсың. Олардың ірі
рулық бірлестігі ғана емес, кейде
жеке руларының өзі де дербес ұран-таңбаға
ие. Дәл осы ерекшеліктің өзінде
оның сонау бірінші мыңжылдықта
«сегіз-оғұз» деп көрініс берген
сипатының әсері болуы да ғажап
емес. «Сегіз тайпа» - демек, найман жұрты
осынша тайпадан құралған. Алайда ғылыми
деректерде олар туралы анық мәлімет жоқ.
Тарихи деректерге сүйенсек, «Найман»
- қазақ шежірелерінде айтылғандай
жеке адамның аты емес. Алайда халық
шығармашылығы оны түп бабаның
есімі етіп, өзін найманбыз дейтін
бар руды (олардың арасында баяғы
аласапыран замандарда басқа елдерден
келіп сіңіскен жұрттар бар болса
да) сол «шалдан» ғана тарқатып қояды.
Қария сөздер бойынша Найманның
кешігіп көрген Тоқпан деген ұлы
ер жеткен кезде Ұлы жүз Дулат
бидің қызы Ақсұлуға үйленген екен
дейді. Содан аз уақыт өтер-өтпесте
Найманның кемпірі мен ұлы
Тоқпан қатар қайтыс болады. Ақсұлу
өзі түскен шаңырақтың болашағын
ойлап, еліне барып, жақын сіңлілерінің
бірі Әлпешті сұрап әкеліп, атасына
қосады. Найман Қызейнемен алты айдай
ғұмыр кешіп көз жұмады. Екіқабат
қалған Әлпеш күн жетіп босанады.
Баланың атын Найманнан қалған белгі
ғой деп Белгібай қояды. Оның екінші
аты - Өкіреш. Найманның әулие келіні
Ақсұлу атасының жылын бергеннен
кейін Қызынейді Найманның ұлы
атасы делінетін Сарманаймен
бір туысқан Шумақ дегеннің немересі
Елтайға қосады. Оған атамның орнына
атам болды деп Ел ата деген
ат қояды. Қызыней одан Серкібай деген
ұл табады. Ақсұлу Белгібайды тәрбиелеп
өсіріп, он бес жасқа толғанда қайным
деп оған өзі тиеді. Одан Сүйінше,
Сүгірше деген екі ұл табады. Немере
сіңлісі Тоқсұлуды кейіннен әпкеме
қолқанат болсын деп бір сіңлісі
Қаракөзді Белгібайға қосады. Қаракөзден
Өтеген туады. Қазақ шежіресінде
бар Найман осы төртеуінен тарайды
да, тоғыз таңбалы найман аталады.
Наймандар, Керейттер және Жалайырлар
Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында —Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың
тарихының Қазақстан тарихына тікелей
қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің
бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында
жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде
мекендеген халықтар мен тайпалардан
басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды.
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың
орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен
Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз
тайпаның одағы») деген атаумен пайда
болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың
батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен
наймандар деп атайтын жерді алып жатты.
X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда,
жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген,
бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ
атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға
дейінгіОрталық Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде
«найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім,
цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін.
Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның
одағы» деген баламасы бар, яғни найман
деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті
кезінде монғол тілдес қидандардың бергені
күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың
бірінші жартысында Елюй Даши бастаған
қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты
аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап,
чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың
Ляо империясын қалпына келтірмекші болды.
Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған
кезде найман билеушілері оның әскерлерінің
қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.
X—XII ғасырдың басында наймандар
Ляо империясына вассалдық тәуелділікте
болып, оның батыс шетінде,
яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс
Монголия жерінде тұрған. Жетісуда
қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан
кейін наймандардың жерлері солардың
иеліктерімен көрші болды. Рашид
ад-Дин наймандар жөнінде бір
бөлігі «өте тау-тасты жерлерді»,
ал бір бөлігі жазира-жазықтарды
мекендеген көшпелілер дейді.
Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш
дегенде XI ғасырда найман тайпалары
Селенга мен Орхон өзендерінің
сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне
дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты
алып жатқан.
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер
XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың
христиан дінін қабылдауына байланысты
айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын,
Орхон өзенінің орта ағысы ауданын
және Онғын өзенінің аңғарын алып
жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл
қазіргі Монголия мен Алтайаумағында үстемдік еткен, монғолдар
да солардың қол астында болған. Жалайырлар Шыңғысхан империясының өрлеу
кезіне қарай Хилок және Селенга өзендерінің бойын,
дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.
Шаруашылық-экономикалық құрылысы
Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен
мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың
өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші
жерге жылына бірнеше рет көшіп жүруіне
тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы
мен мал санына байланысты болған. Қысқа
пішен қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону
қыстыгүні малдың азықты өзі тауып, өз
аяғынан жайыла алатындай етіп реттеліп
отырылды. Деректемелер жалайырлардың,
наймандар мен керейіттердің көшіп-қонуын
екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір
жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып
кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан,
жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын
бірлестіктер болып көшіп жүрген.Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты
көшіп-қонудың күрен әдісі жойылып, әскери
ұйымдык түрі ғана қолданылады. Наймандардың
басты байлығы үйірлі жылқы болды, жылқы
болмайынша далада шаруашылық жүргізу
мүмкін емес еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас
құралы, соғыста және қаумалап аң аулағанда
мінер аты болды. Көшпелілер оның етін
жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін пайдаланды.
Ірі қара да көлік ретінде пайдаланылды:
күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды
жекті. Қой малы еті, терісі мен жүні үшін
ұсталды. Бірақ наймандар, керейіттер,
жалайырлар бір ғана мал шаруашылығымен
тіршілік ете алмайтын еді, ейткені тамақ
жетіспеді. Бұл тапшылық алуан түрлі жабайы
аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып
отырды.
Мемлекеттің құрылуы
Орталық Азияның көшпелі
тайпаларының XII ғасыр бойында күш-қуатының
артуы олардың ең ірілерінде — наймандарда,
керейіттерде, жалайырларда — алдыңғы
феодалдық мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың
пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы
қауымдық құрылыстың институты болған
жоқ. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық
институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы
ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың
құрамында қандас туысқан адамдардың
болуы міндетті емес еді, оған хан руының
өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде
адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір
аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің
ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары
болып, олар ара-тұра болса да қорғалып
отырды. Шыңғысхан талқандаған
керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның
наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен
қақтығыста қаза тапқаны мәлім. Армян
авторы Степанос Епископ монғол сарайы жанындағы жоғары
лауазымды қайраткерлердің бірі жайында
айта келіп, былай дейді: «Бұл адам саны
ең көп және күшті джалакир (жалайыр) тайпасынан
болатын...». «Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен
он тармақтан тұрады, олардың әрқайсысы
жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды...».
Көрші халықтармен езара қатынастары
Деректемелер наймандар мен
керейіттердің көрші тайпалармен
соғыстары туралы мәліметтерге толы.
Рашид ад-Дин былай деп жазады:
«...Керейіттер көптеген тайпалармен, әсіресе
найман тайпаларымен көп жауласты...
Бұл кезде басқа тайпаларға қарағанда
олардың күші басым әрі құдіретті
болатын... керейіттердің Ван- ханымен
наймандар қырғыздардың аймағы бойынша және ұйғырлар
елі- мен шектесіп жатқан шел далаға дейін
үнемі қырқысып, жауласып жүрді». Рашид ад-Диннаймандардың қырғыздармен,
керейіттердің Цзинь мемлекетімен соғыстары
туралы мәліметгер келтіреді. Соғыс кезендері
көршілер- мен бейбіт қатынастар жағдайымен
алмасып та отырды. Қытай деректемелерінде
керейіттер мен наймандардың көшпелі
көршілерімен ғана емес, сонымен қатар
отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен
— Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр
иелігімен тығыз мәдени және саяси байла-
ныстар жасағаны туралы мәліметтер де
бар. Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші
тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан
бағытындағы христиан дінің, ұйғыр жазуын,
сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін
қабылдады. Керейіттердің танғұттармен
қатынастары да осы байланыстардың дәлелі
болып табылады. Мысалы, керейіттер ұлысының
билеушісі Ван-ханның інісі Қарабітай
(Керандай) бала кезінде танғұттарға тұтқынғы
а түсіп, кейін Танғұт мемлекетінде аймақ билеушісі
қызметіне дейін осксі Оның қыздарының
біреуі танғүттар билеушісінің әйелі
болған. Керейіттердіңтанғұттармен
және ұйғырлармен байланыстары болғанын
керейт билеушілерінің, атап айтқанда,
Ван-хан мен оның ұлы Сангуннің сәтсіздікке ұшыраған кезінде
танғұттар мен ұйғырлар жеріне барып паналағаны
рас тайды. «Юань-ши» қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымы
болған қандылар мен керейіттердің өзара
саяси және аумақтық байланыстарының
қалыптасқанын, бірқатар қаңлы шонжарларының
өкілдерінің керейіттср билеушісі Тоғұрыл
Ван-ханда қызмет атқарғаның көрсетеді.
«Бухуму... Оның ата-бабалары қаңлы тайпасының
ата-тегінен келе жатқан атақты адамдары.
Хайланьбо (Қайранбай — Бухумудың атасы)
керейіттердің Ван ханында кызмет еткен.
Ван-ханды (монғолдар) өлтірген кезде,
Хайланьбо бала-шағасын тастап, бірнеше
мың салт аттыларын ертіп, солтүстік-батысқа
қашты. Тайцзу (Шыңғысхан) елші жіберіп,
оны өзіне келуге (яғни бағынуға) шақырды.
Бірақ ол былай деп жауап қайырды: «Бұрын
мен де, марха батты тақсыр (Шыңғысхан) да Ван-ханға қызмет еткенбіз.
Қазір Ван-хап өлді, бірақ мен өзім қызмет
еткен адамға опасыздық жасай алмаймын»м.
В. В. Бартольдтің атап айтқанындай, қанлылар
мен қыпшақтар наймандардың ұлысында
да өмір сүрген. «Юань-шиде» наймандар
мен қаңлылардың шонжарлары арасында
тығыз туыстық байланыстар болғаны жөнінде
мы надай деректер келтіріледі: «Шаостар
(Чаос) наймандардан шыққан. Оның арғы
атасы Тайянь (Даян) наймандардың билеушісі
болған. Оның арғы атасы Цюйшулай (Күшлік)...
Бэдэинь (Боде) Шаостың ұлы... Бэдэинь қаңлы
тай пасынан шыққан нағашы әжесімен тұрды...».
Бұған наймандар мен қаңлылардың туыстығын
ертеректе VII ғасырдың екінші жартысында
ұйғыр саяхатшыларының да көрсеткенің
қосуға бола ды. Жол-жөнекей көргендері
мен есіткендерін айта келіп, олар Алтайда
Няньба-энь (наймандар) мен кан-ли (қаңлылар)
мекендейді деп хабарлайды.[1]
Найман хандығы
8-Маусым, 2011 | 884 рет
оқылған
Тарихқа Найман хандығы
деген атпен Х ғасырда мәлім
болған мемлекеттік бірлестік –
бабаларымыздың дербес ел болу жолындағы
жанқиярлық күрестерінің елеулі белестерінің
бірі. Бұл хандық құрылардан бұрын
оны құрушы ру-тайпалар әртүрлі кезеңдерден
өтті. Наймандардың арғы бабалары ІV-V ғасырларда
байырғы хұндардың ұрпақтары
болып табылатын Теле тайпалық одақтары
құрамында көшіп-қонып жүрді. Ал
VІІ ғасырда олар Қыпшақтардың байырғы
бабалары үстемдік жасаған Сір-Енда
(Сеянто) хандығына бағынды. Бұл хандық
күйреген соң VІІІ ғасыр басында
17 тайпаны біріктірген Байырқу
конфедерациясына кіріп, осында Сегіз
оғыздар бірлестігін түзеді. Байырқу
конфедерациясы – тарихымызда айтылмай
келе жатқан маңызды мәселенің бірі.Шындығында
да, Найман конфедерациясы VІІІ ғ. орта
кезінен бастап Ертістің жоғарғы
ағысы мен Орхон өзенінің аралығын
мекендеген түркітілдес «сегіз оғыз»
тайпалары мекендейтін аймақта
құрылды. Кейіннен бұл одаққа қосылған
тайпалар сандары көбейіп, он екіге
жетті. Атауы моңғолша болғанымен зерттеушілердің
көпшілігі Наймандарды түркітілдес
тайпалар ретінде сипаттайды. Расында
да, Наймандардың бабалары о бастан-ақ
түркітілдестер ортасында қалыптасты.
«Сегіз оғыздардың» батыс жағында
Ертістің орта және төменгі ағыстарын
Қаңлылар мен Қыпшақтар мекендесе,
солтүстігіндегі көршілері Енисей
қырғыздары болды. «Сегіз оғыздардың»
шығысында Керейлер көшіп-қонып
жүрді, ал оңтүстікте олар Орта Азияның
көптеген түркітілдес тайпаларымен
көрші болды.
Х ғасырдан бастап Қидандарға бағынған
наймандардың мемлекеттік бірлестігі
екі үлкен тайпалар бірлестігінен құралды.
Найман хандығын белгілі бір рудың өкілі
болып табылатын хан басқарды. Әрбір тайпаны
біріктірген ұлыстық бірлестіктер ондық
негізде әскери жүйемен сарбаздар жасағын
жасақтады. Мемлекеттегі іс Ұйғыр жазуымен
жүргізілді. Тарихи деректер олардың VІІІ-ІХ
ғасырларда-ақ айтарлықтай сауатты болғандарынан
хабардар етеді. Олар алғаш барлық түркітілдестер
тәрізді Орхон жазуын пайдаланса, ал кейіннен
Оғыз бірлестіктеріне Ұйғырлар үстемдігі
орнаған тұста көне Ұйғыр жазуын қолданатын
болды. Осы жазу мәселесіне байланысты
моңғолдардың әйгілі дерегі «Алтан-тобчида»
және көне қытай дерегі «Юан-шиде» мынадай
әңгіме айтылады: «Шыңғысхан Наймандарды
талқандаған тұста олардың ханы Таянның
бас уәзірі, қазынашысы және хатшысы Тататоңға
амалсыздан моңғолдар қолына тұтқынға
түсіп қалады. Шыңғысханның төңірегі одан
екі маңызды нәрсені үйренеді. Олар –
мемлекеттік маңызды құжаттарды мөрмен
бекітіп отыру және Ұйғыр жазуын оқып-білу».
1125 жылы Қидандар мемлекетін Чжурчжендердің
(Шүршіттердің бабаларының) талқандауы
Наймандардың тәуелсіздік алуларына жол
ашты.
Зерттеушілер тәуелсіз Найман мемлекетінің
құрылуын 1143 жылдан, яғни Инанш Білге ханның
билік жасаған жылдарынан бастайды. Әсіресе,
күшті Қидан мемлекетін құрған тарихи
тұлға Елюй Дашидің өлімі Наймандардың
тәуелсіз хандық құруларына жол ашты.
Басқа да бұрын Цзубу тайпалық одағында
болған Меркіт, Онқұт тайпалары тәрізді
Қидан империясының қиранды орнында жаңа
хандықтар, солардың қатарында Найман
және Керейт хандықтары еңсе көтерді.
Бұл екі туыстас хандықтарды географиялық
бекет Ханғай (Өтікен) таулары бөліп жатты.
Жаңа қалыптаса бастаған Найман хандығының
шығыстағы көршілері Керейттер болса,
ал оңтүстік-батыста олар Қарақытайлармен
шектесті. Солтүстіктегі Найман мемлекетінің
шекарасы Балқаш көліне дейін созылып,
Шу өзенін бойлай жалғасты.
Наймандар Инанш-Білге ханның тұсында
едәуір күшейді. Одан бұрын Наймандарды
кім билегені тарихқа белгісіз. Әбілғазы
осыған байланысты мынадай дерек береді:
«Найман тайпасы. Бұл көне тайпа; малшылық
бұларда кең ауқымды. Олардың бұрынғы
өткенін біз білмейміз, тек естігеніміз,
олардың Қар-Қыш деген патшасы болған.
Ол өлген соң інісі Инат (Инаншты айтып
отыр –Т.О.) биледі. Шыңғыс кезінде олардың
патшасы Таяң хан (кейбір деректерде –
Даян хан – Т.О.) еді; оның баласы – Күшлік.
Олардың тұрағы Моңғолияның Қарақорым
деп аталатын бөлігінде». Бізге белгілісі,
Х ғ. аяғында және ХІІІ ғ. басында Найман
хандығы екі бөлікке бөлініп, оларды Инанш
ханның екі ұлы Даян хан мен Бұйрық хан
басқарды.
Моңғолдарға бағынған Наймандардың бұдан
кейінгі тағдыры Шағатай ұлысымен байланысты
болды. 1223 жылдың басында Шыңғыс хан төрт
ұлына енші бөлгенде әлі де айтарлықтай
қуатты Найман тайпалық бірлігі Шағатайға
берілген аймақта қалып қойды. Алайда
Жошының ұлы Батудың батысқа бағытталған
жорығына қатысуға мәжбүр болған олар
біртіндеп Жошы ұлысының шығысын біріктіретін,
Жошының үлкен ұлы Ежен негіздеген Ақ
Орда аймағына ойысты. Осында Наймандар
болашақ Алты Алаш (Жалайыр, Алшын, Қоңырат,
Қаракесек (Арғын), Найман, Қыпшақ) қауымдастығын
ұйыстырушы белді тайпалардың біріне
айналды. Яғни тарихи деректерді баяндағанда
бұрынғы Наймандар мен кейінгі Алаш қауымдастығына
қосылған Найман рулары арасындағы тарихи
этникалық сабақтастықты теріске шығару
негізсіз. Кейінгі Наймандар – алғашқы
Наймандардың тікелей жалғасы.