Найман тайпалары

     Найман  тайпалары

     Барақ сұлтанның билігіне мойынсұнған негізгі тайна наймандар болды. Бұдан бұрын айтылғанындай, Барақ сұлтан мекендеген негізгі аудан Сарысу озенініц бойындағы жер. Сонымен бірге, Н. Неплюевтің Сыртқы істер алқасына хабарлауына қарагапда (1745 жылғы қазан), Барак сұлтанпың паймандары Қалдан-Церенге бағьтнатыи «жоңғарлармен шектес жүреді». Ал Қалдап-Цереп, сақмар қазағы Мансұр Асановтыц хабарлауыиа сәйкес, оз әскерімен бірге Ямышев бекіиісінен алты күидік жерде «Шах өзені басталатыи Қамал-Табап тауыида тұр...» Демек, Барақ сүлтанның паймандары Ертістің оң жағасыида көшіп жүрген. Мұны наймандардың Семей бекінісіпе сауда жасауға келіп жүргепі жәтте 1764 жылғы қазан айында Найман тайпасының Төртұл руыиан (қараңыз: 3-кесте) 3000 шаңырақтың жоңғар жеріне көшін барып, сопда орналасқаны..., яғни Шығыс Қазақстанның шет аймағына орпаласқаиы дәлелдейді. Барақ сұлтанның қарамағында наймандардан басқа Арғыи тайпасы Атығай руыиың кейбір қауымдары болған. Әбілмәмбет ханның ұлдарының бірі Әбілпейіз сұлтаниың қарамағындағы Найман тайпасының Қаракерей руы Қаратал алқабында (Жетісу М. М.) көшіп жүрген. Бұл ру Іле өзенінде қытайлармеи сауда жасаған.

Орта  жүз хандарының бірі Күшік ханның қарамағындағы Найман тайиасыныц көптеген руы жоңғарлармен шектес (Қазақстанның шығысында, Ертіс бойында) көшіп жүрген. Мұндағы наймандардың саны құжатта (1745 жылғы қазан) былай көрсетілген: «3 он мыңшаңырағы бар пайман халқы ұлы мәртебелі сізге ант беріп, құран сүйді». Ағылшын көпесі Гоктің жазбасыида (1742 жылғы маусым) Қонақай батыр (ақсақал) басқаратын Найман руының Елек бойында, «нақ елек тұзы шығарылатын жерге жақын маңайда...» көшіп жүретіні айтылған. Қонақай батырға бағынышты Найман болысы туралы басқа бір құжатта да айтылады. Әбілмәмбет ханның ұлы Әбілпейіз сұлтан наймандар арасында беделді адам болды.

Негізінен Қаратал өзенінің бойында сол аттас алқапта көшіп жүретін саны коп әрі ықпалды Қаракерей руы әлгі сұлтанның қарамағында болды. Жоңғарларды талқандаған кезде Оңтүстік-Шығыс Қазақстан шегіне басып кірген қытайлар қаракерейлерге көрші болған еді. Қаракерейлер қытайлармен жанжалға бармай, олармен Іле өзенінде сауда жасасты. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы кейбір құжаттарда Орта жүз қазақтарының орыс әкімшілігіне адал болып, «қытайлар жағына онша ықылас білдірмейді» делінген. Алайда халықтар арасындағы жатсынушылық та жиіжиі болып тұрған құбылыс. Мысалы, 1764 жылғы тамыз айында Абылай сұлтанға барғаи М. Арапөвтың жазбаларына қарағанда, Найман тайпасы Төртұл руының 3000 шаңырағы қыстау үшін «жөцғар жеріне» (Ертістің оң жағасы, оны бұрыи жоңғарлар басып алып, кейіннен қуып шығарылған М. М.) көшіп кеткен де, бұл Абылай сұлтан ды ренжіткен. Капитан Андреевтің «Суреттемесінде...» жазылғанындай, наймандар Ертісті бойлай Семей бекіиісінен төмен қарай мына жерлерге орналасқан: 2-Наймаішың Қаракерейлері (Қаракерей руы М. М.) Тоқымбет, Ақымбет, Сыбан, Мұрын, Байжігіт, Қыржы, Байғана, Бегімбет, Ақсеміз, Болатшы, Тұзақшы, Төртуыл, Садыр жәие Қожамбет болып боліпеді. Қоныстары Шыңғыстауда. 4-Матай (Матай руы М. М.) Кешке, Шошқа, Бәкі, Самай, Қожанқұл, Қарауыл, Жасық, Қаптағай, КидіЕменалы, Қайнар, Қуантай жәие Тентек үрпақтарына болінеді.

Қоныстары Шыңғыстаудың арғы тау-тастары жағында, Бестамақ және Қызайелі алқаптарында, ал алыстағы Тентек, Құнантай рулары өз ақсақалдарымен бірге Ертіс бойында, тура Төменгі жартастағы Барашков станицасы тұсында көшіи жүреді. 5-Бура-Найман (найман тайпасының Бура руы М. М.)Таздар, Алтыбай, Жағатай, Қөңдыбай, Дүрбеуіл, Байғозы ұрпақтарыиа боліпеді. Қоттыстары Семей бекінісінен Ертіс озені бойымеи томен қарай, Долонский форпостысыиаи бастап аралдар мен жайылмаларда. 6-Терістаңбалы болысы (Терістацбалы руы М. М.) Қонақ, Шелек, Ақтағыс, Шүрейіт, Қожагелді ұрпақтарына бөлінгеп. Тура Долонский форпостысыпыц тұсыпда, Ертіс өзені бөйында коптіп жүреді. Петропавл бекінісіиеп Преснегорьков бекінісіне дейінгі Горькая шебі төңірегінде небәрі бір-ақ Найман болысы мекендеді: 4-Садыр (Садыр руы М. М.) Тоң, ІІІүйе, Сарыжетім, Малатай-Қарлығаш және Жаршы ұрпақтарына бөлінеді. Қоныстары Бұқан, Құқан өзендері маңында, сондайақ Сарысу өзені мен Нұра озеніпің бас жағына да шығады.

Г. Волконскийдің наймандар туралы мәліметтеріпде мынадай деректер бар: «Найман руының алты атасында 35000-дай шаңырақ бар. Барлық уақыттағы қоныстары Ертіс өзенінің бөйымен Қожаи-Қайнақ бекіиісі тұсында және Тарбағатай тауларында, қытай шекарасы жағында. Бағаналы найман руының бір атасында 9000-дай шаңырақ бар. Жазғы жайлаулары Есіл өзеиіиің бас жағы, қыстаулары Торғай өзеиі, Ақкөл, Жыланшық өзенінің сағасы маңайында. Бағаналы найман руыпың он екі атасыпда 6000-дай шаңырақ бар. Жазғы жайлаулары Торғай, Есіл озендерінің бас жағында, ұлытау, Кішітау мацыпда және Мұрын тарағай, Сандық Кескен алқабында. Қыстыгүні Қарөзек өзенінің Сырдарияға ағатын бойындағы Қарақұмнан Қарабадал Қармақшы зиратының маңып, Қуаңға қараған Ақшабел жазығында және Сырдария үйінділеріпе дейіп қыстайды. Найман руыпың төрт атасыида 4000-дай шаңырақ бар. Олар иегізіиен Бұхарада қоныстангап».

Найман  хандығы

Тарихқа Найман хандығы деген атпен Х ғасырда мәлім болған мемлекеттік бірлестік – бабаларымыздың дербес ел болу жолындағы жанқиярлық күрестерінің елеулі белестерінің бірі. Бұл хандық құрылардан бұрын оны құрушы ру-тайпалар әртүрлі кезеңдерден өтті. Наймандардың арғы бабалары ІV-V ғасырларда байырғы хұндардың ұрпақтары болып табылатын Теле тайпалық одақтары құрамында көшіп-қонып жүрді. Ал VІІ ғасырда олар Қыпшақтардың байырғы бабалары үстемдік жасаған Сір-Енда (Сеянто) хандығына бағынды. Бұл хандық күйреген соң VІІІ ғасыр басында 17 тайпаны біріктірген Байырқу конфедерациясына кіріп, осында Сегіз оғыздар бірлестігін түзеді. Байырқу конфедерациясы – тарихымызда айтылмай келе жатқан маңызды мәселенің бірі.

  Шындығында да, Найман конфедерациясы VІІІ ғ. орта кезінен бастап Ертістің жоғарғы ағысы мен Орхон өзенінің аралығын мекендеген түркітілдес «сегіз оғыз» тайпалары мекендейтін аймақта құрылды. Кейіннен бұл одаққа қосылған тайпалар сандары көбейіп, он екіге жетті. Атауы моңғолша болғанымен зерттеушілердің көпшілігі Наймандарды түркітілдес тайпалар ретінде сипаттайды. Расында да, Наймандардың бабалары о бастан-ақ түркітілдестер ортасында қалыптасты. «Сегіз оғыздардың» батыс жағында Ертістің орта және төменгі ағыстарын Қаңлылар мен Қыпшақтар мекендесе, солтүстігіндегі көршілері Енисей қырғыздары болды. «Сегіз оғыздардың» шығысында Керейлер көшіп-қонып жүрді, ал оңтүстікте олар Орта Азияның көптеген түркітілдес тайпаларымен көрші болды.

  Х ғасырдан бастап Қидандарға бағынған наймандардың мемлекеттік бірлестігі екі үлкен тайпалар бірлестігінен құралды. Найман хандығын белгілі бір рудың өкілі болып табылатын хан басқарды. Әрбір тайпаны біріктірген ұлыстық бірлестіктер ондық негізде әскери жүйемен сарбаздар жасағын жасақтады. Мемлекеттегі іс Ұйғыр жазуымен жүргізілді. Тарихи деректер олардың VІІІ-ІХ ғасырларда-ақ айтарлықтай сауатты болғандарынан хабардар етеді. Олар алғаш барлық түркітілдестер тәрізді Орхон жазуын пайдаланса, ал кейіннен Оғыз бірлестіктеріне Ұйғырлар үстемдігі орнаған тұста көне Ұйғыр жазуын қолданатын болды. Осы жазу мәселесіне байланысты моңғолдардың әйгілі дерегі «Алтан-тобчида» және көне қытай дерегі «Юан-шиде» мынадай әңгіме айтылады: «Шыңғысхан Наймандарды талқандаған тұста олардың ханы Таянның бас уәзірі, қазынашысы және хатшысы Тататоңға амалсыздан моңғолдар қолына тұтқынға түсіп қалады. Шыңғысханның төңірегі одан екі маңызды нәрсені үйренеді. Олар – мемлекеттік маңызды құжаттарды мөрмен бекітіп отыру және Ұйғыр жазуын оқып-білу».

1125 жылы Қидандар мемлекетін Чжурчжендердіңүршіттердің бабаларының) талқандауы Наймандардың тәуелсіздік алуларына жол ашты.

  Зерттеушілер тәуелсіз Найман мемлекетінің құрылуын 1143 жылдан, яғни Инанш Білге ханның билік жасаған жылдарынан бастайды. Әсіресе, күшті Қидан мемлекетін құрған тарихи тұлға Елюй Дашидің өлімі Наймандардың тәуелсіз хандық құруларына жол ашты. Басқа да бұрын Цзубу тайпалық одағында болған Меркіт, Онқұт тайпалары тәрізді Қидан империясының қиранды орнында жаңа хандықтар, солардың қатарында Найман және Керейт хандықтары еңсе көтерді. Бұл екі туыстас хандықтарды географиялық бекет Ханғай (Өтікен) таулары бөліп жатты. Жаңа қалыптаса бастаған Найман хандығының шығыстағы көршілері Керейттер болса, ал оңтүстік-батыста олар Қарақытайлармен шектесті. Солтүстіктегі Найман мемлекетінің шекарасы Балқаш көліне дейін созылып, Шу өзенін бойлай жалғасты.

  Наймандар Инанш-Білге ханның тұсында едәуір күшейді. Одан бұрын Наймандарды кім билегені тарихқа белгісіз. Әбілғазы осыған байланысты мынадай дерек береді: «Найман тайпасы. Бұл көне тайпа; малшылық бұларда кең ауқымды. Олардың бұрынғы өткенін біз білмейміз, тек естігеніміз, олардың Қар-Қыш деген патшасы болған. Ол өлген соң інісі Инат (Инаншты айтып отыр –Т.О.) биледі. Шыңғыс кезінде олардың патшасы Таяң хан (кейбір деректерде – Даян хан – Т.О.) еді; оның баласы – Күшлік. Олардың тұрағы Моңғолияның Қарақорым деп аталатын бөлігінде». Бізге белгілісі, Х ғ. аяғында және ХІІІ ғ. басында Найман хандығы екі бөлікке бөлініп, оларды Инанш ханның екі ұлы Даян хан мен Бұйрық хан басқарды.

Найман тайпалары