Негізгі бөлім. 8

                                                 Жоспар

1 Кіріспе

2 Негізгі бөлім

2.1 Есірткі түсінігі

2.2 Қазақстанда есірткі нарығымен күрес шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез  келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда  есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын  есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн  қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.

     Қазiр  Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп  тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша  екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда  нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған  адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен  әйел адамдар екенi анықталып отыр. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық  жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан  қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ, нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң  айтуынша, есiрткi бизнесi тамырының  тереңге бойлауына одан түсетiн  қыруар ақша себеп болуда. Күнделiктi бұқаралық ақпарат құралдарынан есiрткi тасумен қолға түскен азаматтар  туралы. есiрткi пайдаланудың керi әсерi жайында ақпараттар берiлiп жатады. Бiрақ, өз басына түспеген соң басқамыз бұған көңiл аудармай, бей-жай  қараудамыз. Ақша табудың оңай жолын  тауып алғандар болса бұл кәсiбiн  тыяр емес.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1 Есірткі түсінігі

   

    Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.

    Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда  кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл   жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.

   Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының құзырына көшті.

   Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен. Сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдср арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде?

   Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай   топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы "тексерістер" болып өтеді. Топтық психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Бұзақылар арасына түсудің де себептері көп. Бұл отбасындағы кикілжің де, ата-аналардың, мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі де болуы мүмкін. Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп немесе көше кезіп уақыт өткізеді. Ал бұл болса адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің дәмін татқан "білгіш" қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің "қамын" ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады.

    Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да "қашып кетуді" ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.

   Нашақордың, мейлі ол тек марихуана шеккеннің өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің  миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.

   Марихуана шегушілердің басқалармен  қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды. Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде ауыртпалықты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп, есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді.

   Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:

- ата-ананың  баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;

- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;

- әкесі  мен шешесінің жиі жанжалдасуы;

-ата-ананың  бірі бала тумай тұрғанда

маскүнем  немесе нашақор болуы;

-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы   түсініспеушіліктің орын алуы;

- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі,

жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;

- достарының  арасында нашақорлардың бар болуы;

-өзінен  жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;

-алкоголь   мен   есірткіге    қол жеткізудін оңай болуы;

-әлеуметгік-экономикалық  жағдайының төмендігі.

   Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш пыстыр-майтын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет.

   Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жастарда баланызға аса көңіл аударыңыз, өйткені оның болашағы, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі.

   13-15 жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез келген уақытта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Бұларға барлық нашақор "жеңіл" есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын түсіндіру кажет. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұза-ды, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек. Бұл жастарда жасөспірімдер өтпелі кезеңде болғандықтан олардың немен әуестенетіндігіне, достарының кім екендігіне, достарының арасында есірткі мен алкоголь қолданатындардың бар-жоқтығына көңіл бөліп, мінез-құлқының өзгерістеріне назар аударған дұрыс.

    Енді 16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Сонымен қоса есірткі мен алкогольге салынып кеткендер де кездеседі. Оларды қалай анықтау керек? Жастардың тәлім-тәрбиесінде түрмеде отырған құрдастары мен таныстары үлкен әсер етеді. Ондай адамдар жастарды өз өмірінің "романтикасын" айтып қызықтырады, ұрлыққа, есірткіге баулиды. 16-18 жасарлармен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған "ежелгі санауы" өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Әдейі қорқыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметгік мәселелер жиі естілуі тиіс. Басты айтатыным, ата-ана өздеріңіз арақ ішіп, темекі тартып, есірткі қолданып ұрпағыңызға "өнеге" көрсетпеңіз. Әрбір бала ата-анасына ұқсауға тырысады, бұл әсіресе 14 жасқа дейінгі кезеңде айқын көрінеді. Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту және есірткі қолдану оларды ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекі тарту баланы ересек етпейтіндігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге есірткі колдану, оны сақтау немесе сату заңмен қудаланатынын жиі есіне салып отыру керектігін де естеріңізге сала кетейік. Жасөспіріммен алкоголь, темекі, есірткі және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені тиімді уақытта бастаған дұрыс. Оның барлық назары тек сізде болуы кажет, сонда ғана арада түсіністік болады.

  Жасөспірімнің есірткіге әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез келген нәрсе қанын қайнатып, жүйкесін тоздыратынды шығарады. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Сабақтан қалуды жиілетеді, пәндерден алатын бағалары төмендейді, білімі тайызданады. Үйге кеш оралып, түс ауғанша ұйықтауды көбейтеді. Көшеден келісімен екі-үш күн тамақ ішпеген адамдай суыған асты қомағайлықпен жей бастайды. Ал кей кезде тіпті тамаққа қарағысы да келмейді. Мұндай мінезді көбінесе наша шегетіндерден байқауға болады. Егер шегіп келген болса, онын киімі темекіден басқа, ерекше түтін иісін шығарады. Көздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады, қайта-қайта сұрауы да мүмкін. Жауабын ұзақ ойланып, сөйлесем біліп қояды деген оймен қорқынышқа бой ұсынады.

   Шеккенімді біліп қояды деп, ол оңаша қалуға тырысып бағады. Қасынан кетпей қойсаңыз өзін қоярға жер таппай тыпыршиды, тіпті ашулана бастайды. Егер наша іспеттес есірткі шегетіні ұзаққа созылған болса, жасөспірімдердің бет-әлпеті де өзгеріске ұшырай бастайды. Есірткіні ине арқылы қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған мүшелерін көрсетпеу мақсатымен істейді. Киімі мен пошымына немкұрайды қарайды. Шаштары өсіп, түсін жоғалтады, тістері сарғайып, қажетті минералдар жетіспегендіктен ұнталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз. Көз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан арақтың иісі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді. Бір нүктеге қарап ұзақ тұрып қалады, немесе жатып алады. Есірткі жоқ бола қалса тез ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тиген адамдай мұрнын тарта береді, көзі жасаурап жүреді. Еңсесі түсіп, екі иығы түсіп, мойынын ішке тартып, бүкірейіп жүре бастайды. Ұйыктап жатқанда денесін қарасаңыз ине шаншылған іздерді оңай табасыз. Қаржы сұрауы да орын алады. Өмірге деген қызығушылығы да жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған кездері суық терге батып, аяқ-қолы дірілдеп, бұратылып қалады. Оған қоса іші өтеді, тамақ ішсе де лоқсып, құсқысы келеді. Міне осындай белгілерді байқасаңыз сіз нашақорға кездескен болуыңыз әбден мүмкін. Мұндай жағдайда ең бастысы саспай, салмақтылықты жоғалтпау керек. Сіз тез арада дәрігер -наркологпен акылдасыңыз. Алғашқы кездесу тек сіз бен дәрігер арасында өткені жөн. Дәрігерге қандай себептермен келгеніңізді түсіндіресіз. Тек мәселенің мәні ашылғаннан кейін барып балаңызды дәрігерге алып келесіз.

  

2.2 Қазақстанда есірткі  нарығымен күрес  шаралары 

       "Еліміздің барлық ірі облыс орталықтарында қазір өзіндік дербес есірткі нарығы қалыптасқан, апиын мен героин сататын аймақтық және халықаралық тасымал желілері жұмыс істейді деген деректі қынжыла айтуға мәжбүрміз". Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК-нің халықаралық есірткі саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Исатай Советов атап көрсетті.

        Орталық Азия аймағының аумағында мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарын біріктірген тұрақты халықаралық есірткі сатушы желі қалыптасқаны "есірткі экспансиясының қаупін" арттыра түсуде". "Соның салдары іспетті нашақорлық эпидемиялық сипатқа көшті: жылдың басындағы жағдаймен еліміздегі кәмелеттік жасқа жетпеген, 15 пен 17 жас аралығындағы есірткіге тәуелділердің саны өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 есе, 14 жасқа дейінгілердің саны 5 есе өскен, бұл - тек ресми мәліметтер ғана". Іс жүзінде есірткіге тәуелділердің саны түрлі мәліметтерге сәйкес рессми саннан 3-10 есе артық.

       "Аймақтағы елдер оңтүстіктен қуатты қысымға ұшырауда". "Есірткі саудасымен күреске бағытталған кез-келген шара Ауғанстан проблемасы шешілмейінше тиімді болмайды. Өйткені, қазіргі жағдаймен елімізде таралу ауқымына қарай да, есірткі саудасына бой ұру деңгейіне қарай да Ауғанстаннан шыққан апиын тобына жататын есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық әрекеттер айрықша қатер төндіруде".

     Есірткі Астана мен Алматы қалаларында жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Астана қаласы нашақорлардың саны бойынша республикадағы төртiншi орында екен. Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 5 мыңға жуық жасөспiрiм есiрткi тұтынса, солардың iшiнде токсикомандармен қосқанда 137 бала Астанада тiркелген. Астанадағы нашақорларды емдейтiн диспансердiң бас дәрiгерi Ольга Комарованың айтуынша, барлығы қалада ресми мәлiмет бойынша 3 жарым мың адам тiркеуде тұр. Жыл сайын олар 10-12 пайызға өсiп отырады дейдi дәрiгер. Есiрткi заттарын пайдалану жолында ақша үшiн нашақорлар көптеген қылмыстық iстерге баруда. Сонымен қатар, гигиеналық тазалықтың сақталмауынан оңайдан жазыла қоймайтын түрлi ауруларды да сол нашақорлар таратуда. Әлеуметтiк құрамы бойынша iндетке шалдыққандардың 74 пайызын нашақорлар құрайтын көрiнедi.

     Дәрiгерлердiң  пiкiрiне сүйенсек, жасөспiрiмдердiң көбiсi героин және синтетикалық есiрткiнi көп  пайдаланады. Бұның аяғының не болары белгiлi... Яғни, мөлшерiн асырып тұтынған адам өлiмi, ерте жаста мүгедек болу немесе ұзақ уақыт бойы емделуге тура келедi.

     Нашақорлардың басым бөлiгi қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болар. Бiр-екi баласына барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп  жаман үйреткендiктен бе қаланың  баласы есiрткiге құмар болады. Олардың  ойы зерек, айналадағы түрлi ақпараттардан  хабардар. Сондықтан елiктеушiлiк  те басым болып келедi дейдi сарапшылар. Есiрткi қазақ жастарының iшiне дендеп енiп барады деуге болады. Қыз-ұл деп бөлмейтiн бұл зауал кең  тарап жатыр. Бұрынырақта есiрткiнiң  таралуы тек қалаларда кездессе, қазiр түкпiрдегi қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарға да жеттi. Мысалы Оңтүстiк  Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы ауылдарынан  қалаға келiп емделушiлер көп.

     Көп жастардың аузынан: «Бұл жай ғана шөп. Аздап басың айналады. Ертесiне басыңның ауырғаны болмаса, ешқандай тәуелдiлiк  жоқ» деген сөздердi жиi естимiн. Демек, олар бұны уақытша ермек деп түсiнедi. Оның артында не тұрғанын естiгенмен, мән бере қоймайды. Мамандардың мәлiмдеуiнше, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер күштiсiн - героиндi пайдаланады.

     Полиция өкiлдерi осы ауыр есiрткiнiң көбеюiнен  қауiптенiп отыр. Нарколог дәрiгерлердiң  мәлiмдеуiнше, бiр грамм героин 8 нашақорға  бiр мәрте егуге жетедi. Қазiргi таңда iрi қалаларда түрлi ойын-сауық  орындары жетерлiк. Ол жердi, әрине, жастар жайлайды. Iшкi iстер министрлiгi өкiлдерiнiң  айтуынша, есiрткi тарату қылмысы осындай  жерде басым. Полиция күшiмен Қазақстанда  мыңға жуық көңiл көтеру мекемелерi тексерiлген. Олардың бiразында есiрткi тұтынған адамдар анықталды. Бiрақ, заңдардағы олқылықтың кесiрiнен клуб иелерiн жауапқа тарта алмаймыз дейдi полиция өкiлдерi. Әкiмшiлiк кодекстiң 319-бабымен жауапқа тартуға болады. Бiрақ, онда осы басшылар нашақорлықтың  барлығын бiле тұра шара қолданбаса ғана жауапқа тартылады делiнген. Полиция  таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда  жыл сайын 20 тоннаға жуық әртүрлi есiрткi алынады. Ресми көрсеткiштердi тек он еселегенде ғана нашақорлар санының нақты көрсеткiшiн елестете аламыз, дейдi мамандар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 
 

      Қазіргі кезде заңсыз есірткі айналымының ғаламдық жүйесіне кіріккен Қазақстан Азиядан Европаға жүк тасымалдайтын бірден-бір қолайлы дәліздің рөлін атқаруда. Есірткінің ошағы-Ауғанстанда өндірілетін есірткінің

5-15 пайызы  әйгілі Жібек жолымен, яғни  қазақ даласы арқылы өтеді  екен.

Бұл- ауған  апиыны тасымалданатын әлемдегі ең негізгі  үш бағыттың бірі. БҰҰ-ның мәліметтері  бойынша 1 гектар жерге апиын еккен  ауғандық шаруалардың табысы 1 гектардан  жиналған бидайдан түсетін табыспен салыстырғанда бірнеше есеге  көп екен. Осыған орай, еліміздегі құқық  қорғау органдарының негізгі күші ірі  есірткісі жасаушылармен қылмыстық  топтарды құрықтауға жұмылдыруда. ІІМ- нің деректері бойынша соңғы  уақытта 9 қылмыстық топтың жолы кесілген. Биыл есірткі сатумен айналысқан 2 аса ірі ұйымдасқан қылмыстық  топ құрықталып, 1600-ден астам есірткіге  қарсы қылмыстар ашылған. Еліміздегі барлық құқық қорғау органдары бірігіп, заңсыз айналымнан 28 тоннаға жуық есірткі  түрлерін тәркілеген, бұл көрсеткіш  өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға  көп екен. Онымен қоса, 2008 жылы Қазақстандық Орталық Азиядағы бес елдің ішінен героиннің  үштен бір бөлігі тәркіленген. Бұл көрсеткіш есірткі нарығы мен транзиттік әлеуеті бізден он есе үлкен Ресейдегі көрсеткішпен теңесіп тұр.

       Соңғы жылдары Ауғанстан мен  Пәкістан аумағынан төнген қауіптің  ұлғаюына байланысты ел Үкіметі  нашақорлық пен есірткі бизнесіне  қарсы басты үш бағыттқа негізделген  іс- шараларды қолға алып отыр. Олар: бірінші бағыт-АҚШ, Германия, Ресей, Қытай және Орталық Азия  елдерінің арнайы қызметтерімен  бірлесіп ауған және Пәкістан  жерінен Қазақстанға бағыт алатын  есірткі жолын кесу үшін ынтымақтық  әрекеттер жүргізу, екіншісі-оңтүстіктегі  шекарада бақылауды және жедел  іс-қимыл жасауды күшейту. Үшінші  бағыт-еліміздің аумағында, әсіресе  Алматы, Шымкент, Қарағанды, Астана  қалаларында жедел іздестіру  іс-шараларын ұйымдастыру.

      Былай қарағанда тұрмыстық тұрпатынан  гөрі саяси сипаты басым болып  кеткен нәубеттен қауіп-қатер  мол. Біріншіден, есірткі саудасы  Қазақстан, Ресей және Беларусь  үштігінің біртұтас кедендік  одағын құруға кері әсерін  тигізіп отырғаны белгілі. Қазақстан  Үкіметі үш ел арасындағы келіссөздер  процесін жеделдетуді қалап отыр.

   Өйткені соңғы кездері еліміздегі  есірткінің шырмауына түскендердің  саны өсіп келе жатқаны алаңдатушылық  туғызуда. Сондықтанда ақ ұнтаққа  оп-оңай елітіп кететін жас  ұрпақпен тәрбие жұмысы күшейтілуде.

   Мектептерде жасөспірімдерді есірткі  ортасынан қорғайтын инспекторлар  институты дамып келеді. Екіншіден  жастар көп жиналатын ойын-сауық  орындарында бақылау іс-шаралары  күшейтіліп, есірткі тұтыну фактілері  анықталуда.

      ІІМ жасөспірімдерді түнгі сағат  22-ден таңғы 06-ға дейін көңіл  көтеретін мекемелерде жүрілуіне  шектеу қоятын заң жобасын  дайындады. Қазіргі кезде бұл  заңның жобасы Парламенттің қарауында  жатыр. Жасөспірімдерге арналған "комменданттық сағат" енгізу тәсілі Ресейдің бірқатар аймақтарында қабылданып, өзін-өзі ақтап шығыпты. Үшіншіден, оқушылар мен студенттер арасында нашақорлықты ушықтырмау үшін оқу орындарында қабылданар кезде қан құрамындағы есірткіні анықтайтын арнайы тестен өткізу ережесі бекітілген. Бұл жоғарыдағы нақты мысалдарды келтіріп отырған себебіміз, адам санасын түбегейлі улайтын қауіпті кеселден келер ұрпақ өкілдерінің бойларын аулық ұстауға бейімделуі керектігі.

       Жастар еліміздің ертеңгі жарқын  болашағы десек, олар болашаққа  саналы да салауатты, қажы-қайраты  мығым, дені де делі де сау  күйінде жетуі керек.

     Нашақорлық-бүкіл жұртшылық болып  күресетін, қоғамға да адамзатқа  да қауіпті кесел. 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысы
  2. Баландин А., Баландина Л., Джанибеков В. Самые опасные наркотики. — Изд. «Гроссмедиа», 2008
  3. Сердюкова Н. Б. Наркотики и наркомания. Ростов н/Д., 2000
  4. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25