Негізгі бөлім. 9
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу
1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы 4-7
1.2 Париждегі Июль көтерілісі 8-10
1.3 Германиядағы революция 11-14
1.4 Австрия империясындағы революция 15-18
2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен
қорытындылары
2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары 19-23
2.2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы 24
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
1848—1849 жылдарда Францияда,
бытыраңқы Германия мен Италии
мемлекеттерінде және Австрия
империясында революциялар
Егер Германиядағы және Италиядағы
революцияның түпкі негізінде жаңа
нарықтарды игеру тұрса, Австрия
империясындағы революциялардың басты
себептері капитализмнің
Тақырыптың өзектілігі. Бір мезгілдің шамасында бірденнен бақандай төрт мемлекеттің аумағында болған революциялық дүмпулердің себебі неде? деген сұрақ көптеген тарихшыларды ойлантқаны анық. Осы революциялар нендей жағдайға әкелді?
Қазіргі таңда біздер әртүрлі революциялардың куәсі болып жатырмыз. Әрине ушыққан жағдай кез келген халықты бас көтеруге итермелеп, өздерінің талаптарын жоғарыдағыларға жеткізудің осы бір жолын таңдауға мәжбүр етеді. Біздер «барқыттық», «қызғалдақтар» (Чехословакия, Грузия, Украина, Қырғызстан және т.б.) революцияларының сонау Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциядан айырмашылықтары көп екенін түсінгенімен олардың себептерінде кейбір жағдайлардың ортақтығын да байқаймыз. Сол себепті де революциялық төңкерістердің қыр-сырын ашуға осы таңдап алған тақырыбымыз мол септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: тақырыпты толығымен қамтып, бұл мәселені танып білу. Сонымен қатар бұл тақырыпты тек қана революцияның басталуынан бастамай, осы революцияға себеп болған жағдайларды да түсіну әрі осы елдердегі революцияның ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар кіреді:
- революция қарсаңындағы үш елдегі ахуалға тоқталу;
- революцияның туу себептерін айқындау;
- революция дем берген идеяларды саралау;
- революцияның барысын зерделеу;
- революцияның қол жеткізген жетістіктерін пайымдау.
1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу себептері
1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы
XIX ғасырдың 40-жылдары Франция
өнеркәсіптік дамуы күшті
А) жұмысшы табы мен буржуазияның арасындағы жауығудың күшеюі;
Б) Июль монархиясына екі таптың да қарсы болуы. Өндірістік буржуазия қаржылық аристократияның саяси монополиялық билігіне қарсыласа бастады. Жұмысшылар болса кедейшіліктен шаршап-шалдыққан болатын.
Астықтың шықпай қалуы және әлемдік сауда мен өнеркәсіп дағдарысы 1847 жылы біріге түсіп, істі ушықтырып ақырында революцияға әкелді.
XVIII ғасырдағы француз
революциясының басты міндеті
феодализмге қарсы күрес
Капитализм дамыған сайын ірі өнеркәсіптің өсуімен бірге өнеркәсіптік буржуазия байи түсті. Бірақ саяси өкімет билігі король басқарған ат төбеліндей банкирлер тобының, темір жол және шахта иелерінің қолында болды. Өнеркәсіп буржуазиясы, яғни фабриканттар мен мануфактура иелері сайлау правосын өз пайдасына өзгертуді талап етті және олар республиканы жақтады.
Жұмысшылар саяси правоға ие болғысы келді, бұлар да республиканы жақтады. Бірақ олар, буржуазияға қарағанда, республиканы басқаша түсінді. Жұмысшылар еңбекшілердің хал-жағдайын түпкілікті жақсартуды қамтамасыз ете алатын республиканы жақтайтынын мәлімдеді. Бұл буржуазияны үрейлендіріп қауіптендіре бастады, сөйтіп, революцияның бас кезінде-ақ буржуазия мен жұмысшылар арасындағы өте-мөте шиеленіскен қайшылық бар екені айқындалды. Бұл қайшылық барған сайын күшейе түсті.
1845—1847 жылдары егін шықпай
қалуына және бүкіл Европаға
жайылған, әсіресе Ирландия мен
Францияда өршіген картоп
1847 жылы дүниежүзінің
көптеген капиталистік елдерін,
Революцияның басталуы. Революция
оқиғалары мына бағытта өрістеген
еді. 1847 жылғы өнеркәсіп дағдарысы
жағдайындағы және отаршыл әскерлердің
Алжирдағы жеңісі жайындағы айқай-шуды
пайдаланып, өнеркәсіп буржуазиясы
үкіметке сайлау правосына реформа
жасаттыруға, сайлаушылар үшін мөлшері
жоғары сайлау цензін (жылына 200 франк
тікелей салық) азайттыруға бел
байлады. Жиналыстар өткізілді, мұнда
буржуазия қайраткерлері
1848 жылы 22 февраль
күні үлкен жиналыс
өткізілмекші болды. Жиналыс
Буржуазияның қайраткерлері үйлерінде отырып қала берді, ал жұмысшылар, қолөнершілер және студенттер жиналыс өткізілмекші болған үйге барды. Талқандаудан аман қалған астыртын әрекет жасайтын революцияшыл республикалық қоғамдар мен социалистік қоғамдар жұртты көтеріліс жасауға шақырды. Кейбір жерлерде баррикадалар құрыла бастады. «Жасасын реформа!»— деген дауыстар естілді. Халық бұқарасы көшеге шықты.
24 февральға қараған түні,
жұмысшылардың демонстрациясын
үкімет әскерлері атқылағаннан
кейін, көтеріліс жаппай сипат
алып, өрши түсті. Сол түні
Луи Филипп монархиясын құлату
және Уақытша үкіметтің құрылуы.
24 февраль күні таңертең Париждегі
казармалар, барлық қару-жарақ қоймалары
көтерілісшілердің қолында
Жұмысшылардың ерлігі арқасында Франциядағы буржуазиялық Июль монархиясы құлатылды. Алайда буржуазия жұмысшыларға қарағанда жақсы ұйымдасқан еді, ол ұлт гвардиясының батальондарына сүйенді, сондықтан үкіметті буржуазия құрды,
Бурбон сарайына келген буржуазияның қайраткерлері (Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін) Уақытша үкімет құрылғанын мәлімдеді. Бұқараның талап етуі бойынша, Уақытша үкімет құрамына 1834 жылғы Лион көтерілісіне қатысқан жұмысшы Альбер, сондай-ақ әрі журналист, әрі тарихшы Луи Блан енгізілді. Луи Блан езін өтірік социалиспін деп атады, іс жүзінде ол жеке меншікті жақтады, буржуазияны қолдады, жұмысшыларды сатып кетті. Өнеркәсіпшілердің мүдделерін қорғаған ақын әрі тарихшы Ламартин үкіметтегі басшы орынға ие болды. Ол сыртқы істер министрі болып алды.
25 февральда жұмысшылардың
орасан үлкен
Уақытша үкімет еркектер үшін жалпыға бірдей сайлау правосын енгізді және отарлардағы құлдықты жойды. Республика, монархиямен салыстырып қарағанда, бір қадам ілгері басқандық еді, өйткені парламенттік құрылыс кезінде әсіресе республика жағдайында, бұқара арасында түсінік жұмысын жүргізуге, олардың саяси ұйымының жұмыс істеуіне біраз мүмкіндіктер туады. Бірақ капиталистік езгі буржуазиялық республика кезінде де өте ауыр болып қала береді.
Уақытша үкімет үйінің алдындағы
алаңға қаруланған халық тағы да қайтадан
қаптап шықты. Қолында мылтығы бар
бір жұмысшы халықтың атынан уақытша
үкіметтен «еңбек етуге праволылықты»,
демек кімде-кім жұмыс істегісі
келсе, оның жұмыс алуға праволы
екенін тануды талап етті. Сол күндердегі
бір үндеу хатта былай
Жұмысшылардың қысым жасауымен
Уақытша үкімет марттың бас кезінде
жұмыс күнін бір сағатқа
Уақытша үкімет «еңбек ету
правосын» қабылдамақшы болып келісті,
бірақ мұны өзінің үстіне төніп тұрған
қауіптен құтылу үшін ғана істеді. Уақытша
үкімет «еңбек ету правосын» жүзеге
асыруды сылтау етіп, жұмысшыларға
қарсы шабуылға шықпақшы болды. «Еңбек
ету правосы» идеясын ақсату үшін
үкімет кемтарларға қарасу ісін баскаратын
қоғамдық жұмыстар министрлігіне ұлттық
мастерскойлар ұйымдастыруды
Сөйтіп, буржуазия жұмысшыларға қарсы шаруаларды айдап салды. Франциядағы халықтың басым көпшілігі болған шаруалар Құрылтай жиналысының сайлауы кезінде өздерінің дауыстарын буржуазияға берді. «Енді азамат соғысы болмай қоймайды»2,— деді Бланки.
Огюст Бланки (1805—1881) — ер жүрек, батыл революционер, француз буржуазиясы оның жарты өмірін түрмеде өткізді. Сот процестерінің бірінде 56 жастағы Бланкиден: «Түрмеде отырғаныңа 25 жыл, сонда да өзіңнің бұрынғы идеяңды сақтадың ба?» — деп сұрады одан. Бланки тайсалмастан былай деп жауап берді: «Түп-түгел сақтадым». — «Сол идеяларды ғана емес, сонымен бірге жеңіске жетуді де тіледіңіз бе?» — деп сұрады одан. «Иә, тіпті ақырғы демім біткенше», — деп жауап берді Бланки. Дегенмен ержүрек революционер Бланки жұмысшылардың экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы күресінің маңызын жете бағаламады, коммунизмге революционерлердің азғантай тобының ұйымдастырған қастандық жасауымен жетуге болады деп есептеді. Өкіметті басып алып, барлық адамдардың білімге қолын жеткізсе, коммунизм өзінен-өзі-ақ орнайды деп ойлады ол.
Бланки Уақытша үкіметтің реакцияшыл саясатына қарсы күрес жүргізу мәселесін алға қойды. 1848 жылғы майда ол тұтқынға алынды, сөйтіп, революцияның соңғы күндеріне дейін оған қатыса алмады.
1.2 Париждегі Июль көтерілісі
Июнь күндері Үкімет
Орыс революционері Александр
Герцен мыналарды көрді: «23-і күні
сағат 4 кезінде мен Сенаның жағасымен
Hotel lie Ville-ге қарай келе жаттым: дүкендер
жабылып жатыр, түстері суық Ұлт
гвардияшыларының колонналары әр жаққа
қарай ағылып кетіп жатыр... қара
бұлттар аспанды торлап алған, сіркіреп
жаңбыр жауды... Қара бұлттың ар жағынан
найзағай жарқ етті. Күн жиілете
қатты күркірей бастады, осының бәрімен
қабаттаса шіркеудің
Өзеннің арғы жағындағы үлкенді-кішілі көшелердің бәрінде баррикадалар құрылып жатыр. Мен түсі суық тас тасыған адамдарды, оларға көмектесіп жүрген балалар мен әйелдерді көріп тұрмын... Дабыл үні әлі де тынған жоқ»3.
Лезде 600-ге жуық баррикада құрылып қалды — баррикадалар әуелі астананың шет жақтарында құрылса, кейіннен астананың тең жартысындай жерін алды.
Құрылтай жиналысы өкімет билігін әскери диктатор генерал Кавеньяктің қолына тапсырды, ол өзінің қаталдығымен аты шыққан адам еді. Ол Алжирда француздардың жаулап алуына қарсы күрескен арабтардың тұтас тайпаларын түгелдей қырып жіберген.
Париждегі қызыл тулар
желбіреген баррикадаларға тек ұлттық
мастерскойлардың жұмысшылары ғана
шығып қойған жоқ. Бұлармен қол ұстаса
Париж пролетариатының басқа
отрядтары да — механикалық мастерскойлардың
жұмысшылары, темір жол жұмысшылары
да — ұрысқа шықты. Сент-Антуанның
маңындағы ұрыста әсіресе ағаш шеберлері
ерекше ерлік көрсетті. Әйелдер мен
балалар оқ құюға көмектесті, жараланғандардың
жарасын таңды, жауынгерлерге ас
пен су әкеліп беріп тұрды. Көтерілістің
барысында жұмысшылар асқан ерлік,
тамаша бір ауыздылық көрсетті, жаудың
езін таң қалдырып, әскери тәжірибелерінің
молдығын байқатты. Ұлттық мастерскойлардың
жұмысшылары өздерінің осы
Тек жеке кварталдарда ғана
құпия революциялық қоғамдарға қатысқан
жұмысшылар күреске асқан ерлікпен,
шеберлікпен басшылық етті. Көшелердің
бірінде баррикаданы
25 июньге қарай, генерал
Кавеньяк жағы басым екендігі
көріне бастады. Күшті
Июнь күндері... «қазіргі қоғам бөлініп отырған екі таптың арасындағы бірінші ұлы ұрыс болды. Мұның өзі буржуазиялық құрылысты сақтап қалу немесе оны жою жолындағы күрес болды».
1848 жылғы бұл күресте
буржуазия жеңіп шықты. Табан
тіресе ерлікпен қарсылық
Европадағы 1848 жылғы революцияны өз көзімен көрген Герцен мынадай қорытындыға келді: «Франциядағы және Европаның басқа державаларындағы мемлекеттік форма өзінің ішкі ұғымында бостандықпен де, теңдікпен де, туысқандықпен де сыйыспайды...»
Жұмысшылар жеңілгеннен кейін, буржуазия мен помещиктер тек Францияда ғана емес, сонымен қатар Германия мен Италияда да және басқа елдерде де халық бұқарасына қарсы шабуылға көшті.
1848 жылғы буржуазиялық
революция жұмысшылардың
Франциядағы 1848 жылғы революцияға
буржуазия контрреволюциялық
Францияда буржуазия революцияшыл жұмысшыларды қатал қуғынға ұшыратты. I Наполеонның немересі Луи-Наполеон 1848 жылы Франция республикасының президенті болып сайланды. 1851 жылы ол әскердің көмегімен жұмысшылардың, ұсақ буржуазияның, ал кейбір жерлерде шаруалардың қарсыласуын басып, сонан соң келесі 1852 жылы өзін III Наполеон деген атпен Францияның императоры етіп жариялады (бонапартшылар I Наполеонның жастай өлген баласын II Наполеон деп атаған). Жұмысшылар мен шаруаларды басып-жаншуды күшейту үшін буржуазия империяны қолдады.
III Наполеон билеп тұрған
кезде (1852—1870, Екінші империя
кезінде) өнеркәсіп пен сауда
тез дамыды. Сондай-ақ онда толып
жатқан ұсақ кәсіпорындармен
бірге, әсіресе солтүстік пен
Эльзаста ірі тоқыма
Францияда буржуазиялық қанаушы мемлекеттік машинасы: армия, полиция, буржуазиялық сот едәуір күшейе түсті. Пролетариат пен буржуазия өз ара күрестің салдарынан әлсіреген кезде, өкімет билігін қолына алған III Наполеон жұмысшылар мен шаруалардың хал-жағдайын жақсартамын деп жалған уәделермен алдады, бірақ іс жүзінде буржуазияның айтқанын орындады, соның үстемдігін нығайтты.
Алайда, 1864 жылы жұмысшылар қозғалысының қысымымен III Наполеон стачкаларға тыйым салған заңды жойды. Бұл заң XVIII ғасырдағы француз революциясы кезінен бері-ақ қолданылып келген.
III Наполеон өкіметті қолына
алуға үміттеніп жүрген
Ақыр аяғында... ұлт мастерскойларынан барлық үйленбеген жұмысшыларды айдап шығуға немесе оларды армияға алуға бұйырған декрет шықты.
Не аштан өлу, не күреске шығу — жұмысшылардың бұдан басқа амалы қалмады. Сөйтіп, олар орасан зор көтеріліспен жауап берді — бұл осы замандағы қоғамды екіге бөлген екі таптың арасындағы тұңғыш ұлы шайқас еді. Бұл — буржуазиялық, құрылысты сақтап калатын немесе жойып жіберетін күрес болды...
Көсемсіз, қимыл жасаудың жалпы жоспарынсыз, қаражатсыз, көпшілігі қару-жараққа мұқтаж жұмысшылардың бес күн бойы тұтас армия мен қарулы мобильдерді, Париждің ұлт гвардиясын және провинциядан келген ұлт гвардияшыларын бөгеп, тойтарыс берген теңдесі жоқ керемет ерлігі, тапқырлығы жұрттың бәріне белгілі болды. Буржуазия өзінің өлерден зәресі ұшып қорыққаны үшін күрескерлерді жан түршігерлік қаталдықпен жазалағаны әлемге әйгілі...
1.3 Германиядағы революция
Феодалдық сарқыншақтар Германияда капитализм дамуына кедергі болды. Германияда XIX ғасырдың орта кезіне қарай феодализмнің сарқыншақтары көп сақталып қалса да, орта ғасырлық Германия мен қайта бас көтеріп келе жатқан капитализм заманындағы Германияның айырмашылығы зор болды. Германия, «Қасиетті Рим империясы» тұсындағы 360 мемлекеттен емес, енді 38 мемлекеттен құралды. Пруссияда, Саксонияда және басқа мемлекеттерде фабрикалық өнеркәсіп дами бастады. Алайда Германияның бөлшектенуі онын. дамуына бөгет болды және мұның өзі капитализмнің дамуына ең басты кедергі болып саналады. Сол кездегі айтқан сияқты, Германияны денеге қан тарамайтындай етіп, қол-аяғын арқанмен қатты матап тастаған адаммен салыстыруға болушы еді. Германиядағы буржуазиялық революцияның басты міндеті — Германияны біріктіру болды. Германияда бытыраңқылықтан феодализмнің басқа да сарқыншақтары, мысалы шаруалардың помещиктерге міндеткерлігі, дворяндардың билеп-төстеуі әлі де өте көп еді. Аграрлық реформаның нәтижесінде неміс мемлекеттерінің көпшілігінде крепостниктік право жойылды. Алайда шаруалар көп жылдар бойы ақы төлеп, өз жерлерінің тек бір бөлігін ғана сатып ала алды.
Егер өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығының дамуы жағынан
Германия Францияны бірінші буржуазиялық
революция кезеңінде едәуір дәрежеде
қуып жеткенімен, неміс буржуазиясы
саяси жағынан XVIII ғасырдағы француз
буржуазиясынан анағұрлым артта
қалды. XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі
француз буржуазиясындай емес, Германиядағы
XIX ғасырдағы буржуазия
Неміс буржуазиясы 1834 жылы Герман
одағының (Австрияны қоспағанда) мемлекеттері
арасындағы таможня шекараларын
жойдыртты, ал бұл бір тұтас ішкі
ұлттық рынок құруға жеткізді. Бірақ
Германияның бытыраңқылығы, чиновниктердің,
полицияның, соттардың қатал зорлық-
Артта қалған Германияда жағдай былай болды: капиталистік дамуға жол ашу үшін буржуазиялық революция керек болды, ал буржуазия революциядан қорқып, помещиктердің алдында құрдай жорғалады.
Революция қарсаңында. Революция
дауылының төніп келе жатқаны
көптеген оқиғалардан айқын
1845—1846 жылдары картоп
ауруының салдарынан және егін
шықпай қалғандықтан азық-
1847 жылы өнеркәсіптік
дағдарыс басталды. Фабрикалар жұмысын
тоқтата бастады. Францияда
Пруссияда революцияның басталуы.
1848 жылғы мартта Берлинде айбынды
демонстрациялар болды. Тақтың мирасқоры
принц Вильгельм жиналған халықты
атқылау жанында бұйрық берді. Бұған
жауап ретінде көшелерде
1848—1849 жж. революцияның негізгі
мақсаты: Германияда елді
Король IV Фридрих Вильгельм «Сүйікті берлиндіктерге» деген үндеу таратты, онда ол күресті тоқтатуын өтінді және қан төгістің бәрі де екі солдаттың мылтығы «өзінен-өзі атылып кетуінен» болып отыр деп сендірмекші болды. Бірақ бұл жалған үндеу жұртқа әсер етпеді, ақырында король астанадан әскерді шығарып әкетуге мәжбүр болды. Баррикададағы ұрыстарда оққа ұшып өлгендерді король сарайының жанынан алып өткенде, бұл өлімнің айыпкері болған король, халықтың талап етуі бойынша, балконға шықты. Король сұры қашып, қорқып, қалшылдап, өзінің әскерлерінің қолынан қаза тапқан жұмысшылардың табыты алдында бас киімін алуға мәжбүр болды.
Берлинде 1848 жылғы марттағы ұрыстарда жұмысшылар мен қолөнершілер жеңіп шықты. Бірақ, февральдағы Париж жұмысшылары сияқты, Берлинде бұлар да ұйымдаспағандықтан, жұмысшылардың жеңісін буржуазия пайдаланып кетті. Король мннистрлікті тағайындады, оны ірі фабриканттар басқарды және Ұлт жиналысының сайлау мерзімі белгіленді. Неміс буржуазиясы революция басталысымен-ақ помещиктер мен корольды қолдай бастады.
Буржуазиялық жаңа министрліктер ескі чиновниктердің бірін де орнынан алмады, ескі пруссиялық полиция мен армияға да тимеді, корольды қорғай бастады.
Берлин жұмысшылары жиналыста
еңбек министрлігін ұйымдастыруды,
оған жұмысшылардың өкілдерін
Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған революциясы түрткі болды деп алдында айттық. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Король мен князьдар уақытты ұту үшін Майндағы Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай жиналысын шақыруға келісім берді.
1848 жылы майда Берлинде
ашылған пруссиялық Ұлттық
1848 жылдың көктемінде
Пруссияның көп жерлерінде

- Негізгі бөлім
- Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері
- Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері
- Негізгі геотектоникалық болжамдар
- Негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебі
- Негізгі және қосымша аппараттарды таңдау
- Негізгі капитал
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім