Ирина Эланс
Нерв жуйесінің маңызы
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А) Нерв жуйесінің маңызы
Б) Нерв талшықтары оларға тән
қасиеттер
В) Синапс, құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы
С) Рефлекс және рефлекторлық доға
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Нерв жүйесінің маңызы
Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады. Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе.
Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы. Нерв ұлпасы.
Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:
1) Орталық нерв жүйесі.
2) Шеткі нерв жүйесі.
Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.
Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.
Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:
1) Соматикалық нерв жүйесі.
2) Вегетативтік нерв жүйесі.
Тірек – қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.
Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады. Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон жєне глиальдық немесе нейроглия жасушалары.
Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады. Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері – олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші жағынан, нерв жасушаларында электрлік оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Бірақ информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін нерв жасушалары (нейрондар) іске асырады. Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер — қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар клеткаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Қысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронныњ басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты( былайша айтқанда байланысты) түзеді
Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.
Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:
1) афференттік (сезімтал, қозуды орталық нерв жүйесіне қарай (ОНЖ) өткізеді);
2) эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне қарай өткізед);
3) қондырма (қосымша немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).
Нейрондарды тудыратын эффектілері бойынша да жіктеуге болады. Мысалы: қозғағыш (моторлық), секреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы т.б. Пішіндеріне қарай нейрондарды – пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз тәрізді, себет тәрізді, тригулярлық, бұта тәрізді т.б. деп те атайды.
Нерв талшықтары, оларға тән қасиеттер
Нерв талшықтарының яғни нерв жасушала өсінділерінің ең негізгі қасиеті — өздері арқылы қозу импульстерін өткізу (тарату) болып есептеледі. Біртекті нерв жасушаларынан шығатын нерв талшықтары шоғырланып ортақ нерв жүйесі шеңберінде өткізгіш жолдар деп аталады.
Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз (миелинсіз) деп екі топқа айырады. Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар сезім органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді. Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық нерв жүйесіне тән.
Миелин қабығы миелоциттердің (Шванн жасушаларының) осьтік цилиндрді бірнеше қайтара орауының нәтижесінде пайда болады. Орамдар бір-бірімен кіргісіп тығыз майлы қорап — миелин қабығы түзіледі. Ол талшықтың бойында әрбір 1-2 мм сайын үзіліс жасайды. Мұндай ашық аймақтыі Ранвье үзілістері деп атайды, олардың диаметрі 1 мкм шамасында.
Балдырсыз талшықтарда миелин қабығы болмайды, олар тек Шванн жасушалаларымен (невриллемамен) ғана қапталған. Нерв талшықтарындағы құрылымдық элементтердің де әрқайсысының өзіне тиісті қызметі бар.
Невтерден қозу өтудің заңдары. Нерв арқылы қозу өтуге (таралуға) тән бірнеше ерекшеліктер бар.
1. Нерв талшығы морфологиялық функциональдық зақымданбаған, сау болуы керек. Мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы деп атайды. Егер талшықты кесіп қиса немесе оның бір бөліміне жоғарғы не төменгі температурамен, я улы заттармен (мыс.тетродотоксинмен), анестетиктермен әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.
2. Екі бағытта өткізу, яғни нерв талшығы қозуды екі бағытта да өткізе алады. Бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде Бабухин дәлелдеген.
3. Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын шеткі нерв бағаны түрліше нерв талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік нерв талшықтары болады. Бірақ, єр нерв қозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір нерв өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі органдарға импульстер жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген нерв көкірек қуысындағы барлық органдарды, құрсақ қуысындағы көптеген органдарды жабдықтайды.
4. Нерв талшығыныњ салыстырмалы шаршамайтындығы. Егер нерв-ет препаратын ұзақ уақыт ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды. Бұл қасиетті 1883 жылды Введенский байқаған.
Синапс, құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы
«Синапс» ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон енгізді. Синапс құрылымында негізгі үш бөлімді айырады:1-пресинапстық звеноны немесе пресинапсты (көп жағдайда ол аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2- постсинапстық звеноны немесе пастсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін аймағы); 3- пресинапс пен постсинапс арасындағы болар — болмас (10-50 нм-дей болатын) синапстық саңылауды. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін байланыс түзетін аймағы көп жағдайда пресинапстық мембрана немесе мембрана деп те атайды.
Аксон талшылықтарының жасуша денесінде түзетін синапстарын қандай жасуша бөлімімен байланысуына қарай: аксоматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксональдық, одан басқа әр трлі нейрондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірмен байланыстыратың сомато-соматикалық және жасуша денесі мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.
Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң –электрлік синапстар, ең азы – аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Синапстың қай механизм арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңлаудың диаметрі айқындайды. Химиялық синапстарда оның шамасы 10-20 нм –дей. Пресинапстық тоқ саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де , субсинапстық мембранаға оның небєрі0,0001 бөлігі өтеді. Ал бұл мембраналоық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерісін өрбіте алмайды. Сол себептен де химиялық синапста қозудың берілуі химиялық заттардың (медиаторлардың) қатысуымен жүзеге асады. Медиаторлар пресинапстың артындағы кеңейген аксон терминаль бөлігінің ішінде болатын диаметрі 30-50 нм шамасындай көпіршіктерде орналасады. Нерв талшығының бойымен келген импульстің єсерінен пресинапс мембранасындағыкальций каналдарының өткізгіштігі жоғарлайды да, ішке қарай өтетін кальций иондарының ағыны күшейіп, көпіршікткр маңындағы олардың концентрациясы артады. Бұл концентрация тиісті шамаға жеткенде көпіршіктер пресинапстық мембранаға қарай жақындап, тіпті онымекнсіңісіп кетеді. Осы кезде олар жарылып, ішіндегі медиатор кванттары босайды (єр көпіршікте 1 квант, єр квантта бірнеше мың молекула болады). Химиялық зат – медиатор синапстық саңылауға түсіп, субсинапстық мембранадағы арнайы билок-липоидты молекулалардан туратын сезгіш рецепторлық туындымен өзара єрекеттеседі. Субсинапстық мембрананың ион өткізгіштігі өзгереді. Егер медиатор қозу тудырушы болса мембанада деполяризация жүреді. Қоздырушы постсинапстық потенциал пайда болады. Медиатор кванттарының мөлшері жеткілікті болған жағдайда қоздырушы постсинапстық потенциал таралатын єрекет потенциалына айналады.
Электрлік синапстардағы саңылау диаметрі 2- 4 нм-ден артпайды. Онымен қоса бұл саңылауларда диаметрі 1-2 нм-дей болатын белокты молекуладан тұратын, пресинапстық мембрана мен субсинпстық мембранаға бойлай еніп оларды өзара байланыстыратын көпіршелер – каналдар болады. Каналдар біраз бейорганикалық иондардың, кейбір майда молекулалардың бір жасушадан екіншілеріне өтуіне көмектеседі. Осындай синапстарда электрлік кедергі өте аз болады да, пресинапстық ток күші әлсіреместен постсинапстық жасушаға өтеді.
Химиялық сиапстарға тән болатын бірнеше функциональдық ерекшеліктер бар: 1. Олар арқылы қозу кешігіп өтеді (сиапстық кешігу), мысалы, жылықандыларда 0,2-0,5 мс. Ал электрлік синапстарда мұндай кешігу болмайды. 2. Химиялық синапс арқылы қозу тек бір бағытта өтеді, өйткені тиісті сигналды жеткізуге тиісті медиатор пресинапстық звенода ғана орналасады. Электрлік синапстарда қозу көбінесе екі бағытта да өте алады. 3. Химиялық синапстардағы медиаторлар өздерінің табиғатына, қызметіне қарай, постсинапстық (субсинапстық) мембранада қозу да, тежелу де тудыра алады. Электрлік синапстар арқылы тек қозу ғана өте алады, өйткені пресинапстардан нерв импульстері постсинапстық звеноға ылғи да деполяризация толқыны түрінде жетеді.
Адам мен жоғары сатылы сүтқоректілердің орталық нерв жүйесінде қоздырушы және тежеуші медиаторлар ролін атқаратын мына заттарды атауға болады: ацетилхолин, катехлораминдер (адреналин, норадреналин, дофамин), серотонин, нейтральды амин қышқылдары (глутамин, аспарагин), қышқыл амин қышқылдары (глицин, гамма-амин май қышқылы — ГАМҚ), полипептидтер (энкефалин,соматостатин), т.б. заттар.
Рефлекс және рефлекторлық доға
Рецепторлар тітіркенуіне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атайды. Рефлекторлық реакцияны кез келген сыртқы немесе ішкі ортаның өзгерісі туындатады. Рефлекс жасалуында қозу өтетін жол рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің кешені. Рефлекторлық доғаның негізгі бес звеносын ажыратады: рецептор; афференттік нервтік жол; рефлекторлық орталық; эфференттік нервтік жол; эффектор немесе жұмыс органы.
Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Рецептор – тітіркену энергиясын нерв импульс энергиясына айналдыратын сезімтал құрлым. Оларды негізгі 3 топқа бөледі: 1. эксерорецепторлар – тітіркендіруді сыртқы ортадан қабылдайды; 2. интеро- нмесе висцерорецепторлар — тітіркендіруді организмнің ішкі ортасынан қабылдайды; 3. проприорецепторлар – дененің кеңістіктегі қалпының өзгерісін қабылдайды.
Ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афферентік және эфферентік нейрондардан түзеледі, аталық нейрон болмайды. Бұларда бір ғана синапс байланыстырады жєне оны моносинапстық доға деп атайды. Бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық доғалар көп нейроннан түзеледі, яғни көптеген синапстық байланыстары болады. Сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды.
Тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атайды. Рефлекс уақыты тітіркендіргіш күшіне, синапстық байланыстар санына т.б. байланысты болады.
Рефлекстерді бірнеше топтарға жіктейді. Биологиялық маңызына қарай рефлекстерді қоректік, қорғану, жыныстық, бағдарлау т.б деп топтап атайды. Рецепция белгісіне қарай экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік деп бөледі. Орындалатын реакцияның сипатына қарап қозғалу, секреторлық, трофикалық, тамыр қозғағыш, висцеромоторлық т.б рефлекстерді айырады. Орталық нерв жүйесінің қай бөлімінің міндетті түрде қатысатындығына байланысты да рефлекстерді жіктейді: жұлын рефлекстер жұлын сегменттеріндегі нейрондар қатысуының нєтижесінде орындалады; бульбарлық рефлекстер — сопақша мидың; мезенцефальдық рефлекстер — ортаңғы мидың, диэнцефальдық рефлекстер — аралық мидың; кортикальдық рефлекстер — ми қыртысы нейрондардың міндетті түрде қатысуында орындалады.
Рефлекторлық доғаны тек салыстырмалы түрде доға ретінде қарастырады, себебі эффектор мен рефлекторлық орталық арасында кері байланыс жолы болады. Егер тура байланыс арқылы орталық нерв жүйесі эффекторрдың қызметін басқарса, кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мєлімет алады, эффектордың жауап реакциясын бағалайды жєне қателік кетсе єр уақыт үзіндісінде түзету ендіре алады.
Кіріспе
Жүйке жүйесі - адам мен
жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға
бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін
зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды.
Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер
арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі жануарлар
мен адам организмдегі органдар мен жүйелер
әрекетін біріктіретін және организмнің
тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз
қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы.
Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш
әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм
қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі
бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін
өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон).
Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі
өзгеріске ұшыраған.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А) Ми
Б) Ми бөлімдерінің қызметтері
В) Ми бөлімдері
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ми' ('дұрыс айтылуы — мый) —латын тілінен encephalon деп аталады. сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық,ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Ми
Адам миы
Ми бөлімдерінің қызметі
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы
болып табылады, олар рефлекстік және өткізгішт ікқызмет атқарады.
Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.
Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.
Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.
Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.
Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., алАнатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.
Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.
Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
Ми бөлімдері
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
сопақша ми;
мишық (артқы ми);
ортаңғы ми;
аралық ми;
алдыңғы ми сыңарлары.
Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашыл
ығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.
Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).
Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. I
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А) Психология ғылымының салалары
Б) Педагогикалық психология
В) Спорт психологиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Психология ғылымының салалары
Еңбек психологиясы - адамның
еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін,
еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың
психологиялық аспектілерін зерттейді
және психология ғылымының жеке салалары
болып табылатын бірнеше бөлімдерден
тұрады: инженерлік психологиясы, авиация
психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология
- адамға білім және тәрбие берудің психологиялық
заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың
ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын
қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын
меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы
өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді
мәселелерін қарастырады. Педагогикалық
психология келесі реттегі тармақтарға
бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың
психологиялық негіздерін, оқыту мен білім
берудің негізгі әдістемелік мәселелерін,
балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты
өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие
психологиясы - гуманистік және әлеуметтік
тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп,
оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының
психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді
қарастырады
Медициналық психология
- дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың
мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық
құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына
қатынасын зерттейтін
нейропсихологиядан; адамның психикалық
әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін
психофармакологиядан; адамның денсаулығы
мен оны нығайтуға арналған шараларды
жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін
айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның
психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін
патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары
бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін
зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін
клиникалық психологиядан.
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді
реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың
психологиялық мәселелерін зерттейді.
Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс
психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы
деп аталатын тармақтардан құралады, Сот
психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар,
сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу
тәрізді т.б. жайттардың психологиялық
астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы
қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды
әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету
психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру
не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің
жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер
кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар
мен олардың қарамағындағылар арасындағы
қатынастардың психологиялық жақтарын,
әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін
қалыптастыру, психологиялық насихаттың
және кері насихаттың тәсілдерін және
т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу әрекетіндегі
адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ
топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын
зерттейтін психология ғылымыны ң саласы. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы
негізгі міндеттері — спортшылардың спорттық
жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау
ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын
жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық
мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық
жарыстардың алдында спортсмендердің
психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру
және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз
ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс
барысында өзін-өзі билеп, басқара алатын
дәрежеге машықтандыру. Спорт психологиясы
— жарыс және жаттығу жағдайларында адам
нсихикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ
топтық өзара әрекеттестік заңдылықтарын
зерттейтін психология ғылымының бағыты.
Психологияның басқа да көптеген бағыттары
секілді спорт психологиясы XX ғасырдың
60 — 70-жылдарында қауырт дамыды; бастапқыда
бұл саладағы негізгі зерттеулер спортшылардың
қабілеттері мен мүмкіндіктерін, спорттық
жаттығулардың нәтижелілігін арттыру
амалдарын зерттеуге жұмылдырылады. Қазіргі
уақытта спорт психологиясы зерттейтін
мәселелер анағұрлым көбейді. Спорттың
әр түріне орай, жалпы, педагогикалық, жастық және әлеуметтік психологияның
жетістіктері ескеріле отырып арнаулы
жаттығу кешендерінің бағдарламалары
жасалуда. Олар спортшылардың физикалық,
сондай-ақ психикалық жаттыққандығын,
эмоциялық — еріктілік, этикалық, моральдық-адамгершілік және
ұжымдық дайындалғандығын кемелдендіруге
бағытталады.
Бұл зерттеулерде спортшылардың
арнаулы қабылдауларының, мысалы, уақытты
сезіну, аралық қашықтықты сезіну, қас
қағым сәттік оқиғаларды болжау, "допты
сезіну", "суды сезіну" секілді
қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен
әдістері анықталады. Бұған қоса байқағыштықты,
елестетуді, стратегиялық және тактикалық ойлауды, топтық
ойындарда үйлесімді өзара әрекеттестікті
жақсарту әдістеріне назар аударылады.
Бұл зерттеулер спортшылардың әр жастағы
қабілеттерін және оларды арнайы іріктеу
амалдарын анықтау, сондай-ақ жаттықтыру
салаларында одан әрі тереңдетіледі..
Соңғы жылдардағы зерттеулерде спортшының
өз жеңістеріне және жеңілістеріне көзқарасы
мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Командалар
құру олардағы тұлғалар аралық қарым-қатынастар,
олардың топтасқандығын және құндылық-бағдарлық
бірлігін нығайту проблемалары, жаттықтырушымен
немесе жаттықтырушылар ұжымымен, жанкүйерлермен ( бұлардың ішінде "спорт фанаттарымен")
қарым-қатынас, командалар аралық қарым-қатынастар
мәселелері әлеуметтік-психологиялық
зерттеулердің өз алдына бір бағыты болып
саралануда. Спорт психологиясының қазіргі
уақыттағы негізгі міндеттері спортшылардың
спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне
жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар
спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның
жалпы және психологиялық мәдениетін
көтеру болып табылады

- Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері
- Нервная система
- Нервная система
- Нервная система
- Нервная система
- Нервная система
- Нервная система
- Неразрывная связь национальной идеи и национально – духовных ценностей
- Неразъемное соединения
- Неразъемные соединения деталей
- Нераскрытая информация, в том числе секреты производства (ноу-хау) как интеллектуальные ресурсы
- Нерациональное использование лекарственных средств: ключевые моменты
- Нерациональное питание
- Нерациональное поведение в экономике