Несиенің мәні мен функциялары

Несиенің мәні мен функциялары.

Жоспар:

  1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
  2. Несиенің құрлымы.
  3. Несиенің формалары мен түрлері.
  4. Несиенің фукциялары
  5. Қарыз пайызының экономикалық мәні
  6. Несиелік ресурстар және оардың қалыптасу көздері

№1. Несиенің мәні және қажеттілігі.

Өндіріс, ұдайы өндіріс  процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазаларымен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үсестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Ұдайы өндіріс фазаларының  бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.

Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсірі тауарлық шаруашылығы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнгн ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске қатынастардың тек бірінші жағы- алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Деме, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

Несие құннының беллгіленіп  үлгерген қызметіне байланысты болатын  қалыптастары білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қалыптастырушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік өатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.

Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиклік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өңдірістің белгілі бір мағынасы бар.

Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді,  мысалы капиталдың шоғырланумен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән : 1- үлестіру пропорцияны белгідейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2- ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.

Айырбастың үлестіруден  айырмашылығы,  біріншіден ол индивидуумға үлестіру кезенде алған бөлігін  айырбастағысы келетін белгілі  бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз бдеп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі.Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама- қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс фркторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.

Несие айырбас сатысында  пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің  формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге  тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылыды. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу- сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу –сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезенде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезенде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. «Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керсінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.

Осылайша екі жақты полярлы  қарама-қайшылықтың жанды процесі  енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде  тауарды өзінен шеттетеді, бірақ  оның бағасын бастапқыда тек идеалды  түрде ғана белгілейді. Ол тауарды  өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі». Несие ақшаның тқлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу- сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмлесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.

Айырбастың екі контрагентінің бірігей келісімі ретінде алынған  сатып алу – сату мәмлесі олардың  арасында кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. «А» тауарды «В»- ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтас алғандағы сатып алу- сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекеленген көріністерінде кездесоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасындағы ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.

Сатып алу- сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы  жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің  қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. «Біз жай тауар туралы, тап осындай тауар туралы, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшалай формада» . Қарыз кезінде «ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып кетуі арасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйтекені оны бір тарап қана береді».

Сатып алу- сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: «А» тауарды «В»-ға сатады. Бұл мәміленің нәтежесінде тауар меншік «А»-дан «В»-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: «А» «В»- ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтежесінде құн «А»-дан тауар «В»-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісне меншіктің оны пайдалануымен сәйкес кетуін ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу- сату мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөліктенеді. Сатып алу- сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінеде олар оны аяқтайды. Сатып алу- сату мәмлесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу- сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін аңықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді, Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.

Несиені экономикалық категория  ретінде қарыз мәмілесі  негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өдірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болыт табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларызна тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі жіне жалпылама мәнге ие болады.

Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастаы бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.

Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені женуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміме типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде, натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан- қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.

Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы  құбылыстарының барлық жиынтығының  ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезендерге, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болады.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық- заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланызстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгңсіз, олар өзар байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.

Бұл жағдайды былайша түсіндіруге  болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің  макроэкономикалық орта параметріне  анағұрлым бейімделуін оның жұмыс  және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қатыстыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда –бізашина өндірісін техникалық- экономикалық категория, ал екінші жағдайда – экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық- заңдылық белгілері жағына тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің  белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдыңда техникалық және құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретідегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдыңда экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.

Несие теориясы оны техникалық- заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық- экономикалық категория ретінде  қарастырады. Несиені оның формалды- заңдылық белгілері жағынан оқып- білудің несиелік мәмілені тек меншіктің  қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық- заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.

Осылайша, несие- өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категоря екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категория- жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.

Тауардың пайда болуы екі  жағдайда қаттар жүреді. Біріншіден, тауар  тек натуралды формасы жәні құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құнды өзінің екі жақты  сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.

Тауардың бір тауар иесінен  басқаға ауысуы нарықта айырбас  арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшіг маңызы зор. Онық пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түзуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама –қарсы тұған айырбас сферасынан іздеу қажет.

Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатыныстың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мындай пікірін атап өту артық болмайды: «бірте- бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналасатын адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәңмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен, жәңменкерлермен, жалпы саудаман бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізітін адам үшін алған тауарлардың төмен мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген менім пайда болады.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әдісте де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шыруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несиені әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына  жатады.

«Өндірістік қатынастар өз жиынтығында  қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзінен тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды».

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген  тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.

Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі  бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір- біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тірізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналасының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өңдірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінеян  бөліп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі  қажет. Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алудан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарды сату шартты олардың өндіріс шартымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрізн пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығында сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын  мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.»

Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және ол өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.

Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілеген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді: ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай өаражаттардың тауарға айналуы жұреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдыһары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысумен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өңдірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналамы болып табылады. Капиталдың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы – бұл капиталдардың айналымы. Өңдірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.

Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға  айналуы, сонымен қатар олардың  үнемі шеңбер қозғалысы, капиталдардың  шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес: әрбір нақты  жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшеленеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдардының да қозғалысына байланысы байқауға болады.

Негізгі капиталдардың қозғалысы  процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар  формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеліп соғады. Бұл кәсіпорын олардың тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизімдерді алу ұшін жеткілікті белгілі бір соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады.

Алайда негізгі капиталдар құнының  бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизімдердің жаңа партиясы жекеленген бөліктерімен, детальдармен емес толығымен алынаады. Амортизациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы, жинақталған амортизациялық қаражат есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе оларды алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойында ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді.

Негізгі капиталдар құнының қозғалысының  бір қалыпсыздығы, капиталдық шеңбер айналымы мен айналымының және олардың  ұзақтығынан болады. Нәтежесінде  бір кәсіпорындарда еркін ақшалай  қаражаттар пайда болса, басқаларында (әрә бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың жеткіліксіздігі пайда болады.

Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осынды,ай көрінісі туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының  ұзақтығы тым әр түрлі. Уақыт бойынша  ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар айналысының уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауары- материалдық құндылықтады бір реттік әкелумен және басқа формалармен байланысты болуы мүмкін. Қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірі орының оларды тұтыну орнынан көп жағдайда алыс орналасуынан, сонымен бірге, тауарды өткізу нарығынан бұл алшақтық едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.

Тауарлай және ақшалай формалар ие өндірістік капиталдық шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтежесі ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама- қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болады.

Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі болады.

Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына  да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің – «С», “V” және «М» - өнімдері болуына мүмкін.

Мысалы, жалпы экономика көлемінде  өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс  құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: аморциялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған  және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайды “V” –да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақыт ша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі неси еге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа, «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.

Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін толыө түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Деме тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымда несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.

Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір  шарттар қажет. Олар кем дегенде  екеу: 1-несиелік мәмілеге қатылсушылар- кредитор және қарыз алушы экономикалық байланыстардан келіп шығатын мәндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербесс субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2-несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасауы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер  сонында өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге өзара мүмкіндікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.

Несиелік қатынастардың  субъектілері өзара мүдделерге негізделген  экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүце ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы  кқбінесе объктіні тереңдей тану дәрежесін ішкі, тұрақты, қайталанып отырытын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

2.Несиенің  құрылымы.

Несиенің мәнін ашу- бұл несиені экономикалық қатынастардың  біртұтас жүйенің элементі ретінде  көрсететін, оның мәнді анықтылығын  білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.

Несиенің құрылымы белгілі  бір мәнге айналған жіне несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық таладау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның суъектілері болып табылатын элеметтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы таур өндірісі мен тауар айналысы негізінеде жүреді.

Сатып алу- сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың  ақшалай эквивалентін әр түрлі әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Бір тауар иеленуші қолма- қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаны өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарлы сатып алады. Сатушы – қарыз беруші, ал сатып алушы – борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.

Бастапқы кредитор мен  қарыз алушы қарапайым қатынастарда боады. Мүліктік теңсіздіктің тереңдетуіне байланысты артық өнімді бар рулық  қауымдастық мүшелер кредитор ретінде көріне алатын болады. Өсімқор – саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Ұазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өткен. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдық шаруашылық жүргізу субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайды шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсетеді өзгеше банкирлік үйлер болады.

Кредитор- несиелік мәміленің қарызды ұсынушфы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъктілерінен алынған ресурстар бол алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық кредитор – банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебіне де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражат есебінен де бере алады.

Несиенің мәні мен функциялары