Қоғамдық ой пікірлер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Кафедра: «Саясаттану және құқық»       

         

Реферат

 

 

Тақырыбы: «Қоғамдық ой пікірлер»

 

 

 

\\

 

 

 

 

                                                                        Тексерген: Утеулиев С.Қ           

                                                                        Орындаған:Сапарова М.С             

                                                                        Тобы: Экология 142 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе:  Қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,3-5

1 Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі…………………………………….5-7

2 Қоғам және адам…………………………………………………………7-8

Қорытынды: Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді.........................8-11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану  ғылымының басты категориясы  болып табылады.

Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.

Көп уақытқа деqін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.

Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.

«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.

Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.

Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.

Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.

Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.

Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі  бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы  мен субординациясынан тұрады.

Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.

Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік  көзқараспен толықтырылады. Бұл  теория марксизмде айқын көрініс  тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге  жіктеледі. Олардың арақатынасы  себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен өзара тығыз  байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің  негізінде материалдық игіліктер  өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара  тығыз байланыста болады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына  жолдауында еліміздегі қазіргі қоғамдық – саяси жағдайларды сипаттай отырып былай деген: «Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз  одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік  құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру  жолымен жүре беретін боламыз. Бұл  – біз мақтануға құқылы және бәріміз  ұқыптылықпен сақтауға міндетті Қазақстандық «ноу-хау»»

Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі – аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.

Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?

Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.

Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.

Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.

Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі – мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

Қоғам- экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.

Саяси жүйе- елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.

Соныен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз- қоғамдағы қарым- қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген  саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси  жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы- жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері  қалыптасып жатады.

1) Формациялық саяси жүйелері- құл иелену, феодалдық, жуазиялық,  социалистік формацияларының саяси  жүйелері.

2) Авторитарлық саяси  жүйелер- тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси  жүйелер.

3) Демократиялық саяси  жүйелер- либерал- демократиялық,  залықтық- демократиялық, социал- демократиялық  т.б.

4) Прогрестік, реформаторлық,  консервативтік, реакцияшыл т.б.  саяси жүйелер. 

"Сені не толғандырады" деген  сұраққа қалай жауап берер  едіңіз? Мысалға, мені қоршаған  ортаның ластану мәселесі, көп  елдерде болып жатқан табиғи  апаттар, соғыстар, терроризм, байлық  пен кедейлік, яғни адамдардың  әлеуметтік жағдайының тым әр  түрлі болып бара жатқандығы, тағысын тағылар уайымдатады.  Сізді де сол сұрақтар мазалайтын  шығар деп ойлаймын. Сонда сіз  бен біз не істеуіміз керек?  Бар мәселені, әрине, жалғыз адам  шешпейді. Ал "көппен көрген ұлы  той" деп, әрқайсымыз басымызды  мойнымызға тығып отырсақ, онда жағдай ұшыққан үстіне ұшығары анық. Сонда не істемек керек? Қалай жүріп жол табамыз? Меніңше, әр адам өзіне тиесілі істі тыңғылықты орындап, өз басына жауап беретін болса, қоғам тек іскер, жауапкершілікті адамдардан құралса, көп мәселе өздігінен жойылушы еді. Бірақ кілең бір ойлы адамдарды қайдан табарсыз? Оны қойып, бес саусақ бірдей емес деп бір үйдің балаларын да алалап жатады. Ендігі жерде көпшілікті былай қойып, өзімнің жеке басым не бітірдім деп сұрасам, ауыз толтырып айтатын еш қызметім жоқ екен. Сондықтан тым құрығанда өз ойымды қалың жұртқа паш етейін, мүмкін біреулер келісер, кейбіреулер қарсы болар, бірақ не болса да бір толғаныс туса, жақсы ойлар су түбіндегі асыл тасқа ұқсап су бетіне шығар, көрінер деп үміттеніп, осы ой толғанысын тудырып отырмын. Сонда мен сізге терроризмге қарсы былай күресіңіз, ал зілзаладан былай сақтаныңыз деп сілтеу беруден аулақпын. Оны орындап жүрген неше түрлі қызмет орталықтары бізде жетерлік. Менің айтқым келетіні, бір адамның барша мәселеге қандай қатысы бар, оны шешуде қандай орын алады, немесе қандай орын алуға тиіс екендігін шешіп алғым келеді. Өйткені сол адам дегеніміз сіз бен біз. Сіз де, мен де күнделікті күйбең тіршілікпен өмірде болып жатқан жақсылық пен жамандықты, апаттарды, соғыстарды елеп ескермек түгілі, кейде тіпті білмей де қалатынымыз рас емес пе? Әрине біздер оның бәрін біле беруге тиіс те емеспіз. Бірақ, бұл Жер бетінде нендей құбылыс болса да, ол Жердің әр бір адамына қатысты деп ойлаймын. 

Жеке басым тек ана болғалы  ғана соңымыздағы ұрпаққа не қалдырамыз деп ойлана бастадым. Баланы дүниеге  әкелу, асырап сақтау, өсіру, тәрбиелеу  былай тұрсын, ол баланың да толыққанды тіршілік етуіне, өз ұрпағын тәрбиелеуіне жағдай жасауымыз да қажет емес пе? Ал қазіргі өмірге қарап кейде: "Ей адамзат, бүгінгі күннен басқа күніңді  ойламаймысың!" дегің келеді.

Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше  ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам — ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. 
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады. 
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады. 2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді. 
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) — адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

«Әлеуметтану» II том М.М.Тәжин. Алматы қазақ университеті 2005ж, 89-95 бет        

Ойшынова С.Е. Абай мұрасындағы  әлеуметтік құбылыстар // Білім жетілдіру  институтының  хабаршысы = Вестник ИПК.- Алматы: Қазақ  университеті. - 1998. - Б.60-64

М.Тәжин, Аяғанов Б «Әлеуметтану оқуылық». – Алматы Дәнекер 2000жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   


Қоғамдық ой пікірлер