Қоғамдағы негізгі өндіріс факторлары


Мазмұны

 

Кіріспе ...................................................................................................................

 

1 Қауіпсіздік ережесі..........................................................................................

    1.1   Компьютерлік техника қауіпсіздік ережелері……………………………

    1.2  Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар……………………………………………………………………......

    1.3  Дербес компьютермен жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:……………………………………………………

    1.4   Апаттық жағдайда техника қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын           талаптар:……………………………………………………………………...

    1.5   Дербес компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережелері талаптары:………………………………………..

    1.6   Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар:……………………...

 

2 Негізгі бөлім..........................................................................................................

 

     2.1 Халықаралық еңбек бөлінісі.........................................................................

2.1.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы мен ақиқаты және елдердің          өзара байланысының өсуі..................................................................................

     2.2 Халықаралық еңбек ұйымы.....................................................................

2.3 Халықаралық экономикалық қарым – қатынастардағы рыноктық   механизм...............................................................................................................

2.4 Еңбек рыногының мәні және құрылымы.....................................................

2.5 Қазақстандағы Еңбек рыногы......................................................................

     2.6 Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.................

     2.7 Халықаралық еңбек құқығы мен ҚР еңбек құқығы...................................

 

 Қорытынды.............................................................................................................

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Кіріспе

    Экономистер  еңбек нарығының альтернативті  жағдайының үш формасын ерекшелейді:  жұмыспен қамту, жұмыссыздық және енжарлық. Жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұрғындарды жіктеу еңбекті Халықаралық ұйымдастыру қабылдаған жіктеуге байланысты жүргізіледі. Жылына бір рет орташа жылдық есептеу бойынша жасалынатын еңбек ресурстарының балансы еңбек ресурстарының құрылымын сипаттайды.

   Қазақстанда 1994 жылдан бастап еңбекті Халықаралық  ұйымдастырудың нұсқауы бойынша  келесі көрсеткіштер енгізілген: тауар мен қызмет өндірісін  жұмыс күшімен қамтамасыз ететін  экономикалық белсенді тұрғындар.  Экономикалық белсенді тұрғындар  жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздарды қамтиды. Экономикалық енжар тұрғындар – бұл еңбекке қабілетті жастағы оқушылар, үй шаруашылығындағы әйелдер және әртүрлі себептермен жұмыс істемейтін еңбекке қабілетті тұлғалар.

   Өз бетінше  жұмыспен қамтылған тұлғалар – өз бетінше немесе серіктермен және тұрақты негізде жалдамалы жұмысшыларды жалдамайтын тұлғалар.

   Жұмыссыздарға  еңбекті Халықаралық ұйымдастыру  стандартына сай 16 жастағы және  одан үлкен азаматтар:

    • жұмысы болмаса;
    • жұмыс іздеумен айналысса;
    • жұмысқа түсуге дайын болса жатады.

   Ұлттық статистикалық  агенттілігінің зерттеушілерінің  бағалауы бойынша 1999 жылы жұмыссыздықтың  ресми деңгейі 4,1 % -ды құрады, бірақ  «еңбек ресурстарының балансының  болжамына сүйенсек, елдің экономикалық  белсенді тұрғындарының 11 %-ы жұмыссыз болады».

   Толық жұмыспен  қамту кезіндегі жұмыссыздық  деңгейіне анық анықтама беру  қиын және оның бірнеше альтернативті   концепциялары бар. Біреулері  жұмыссыздықтың табиғи деңгейін  бағаның өсуінен пайда болған  жалақы мен инфляция тұрақты немесе мүмкін деңгейде тұруы арқылы есептейді.

   Біршама уақыттан  бері жұмыссыздықтың табиғи деңгейін  жұмыссыздық пайызы тұрақты болатын  деңгейі ретінде анықталады.

  Келесілері жұмыссыздқтың  табиғи деңгейі бос тұрған  жұмыс орындары саны мен жұмыссыздар  саны тең болған деңгейі ретінде анықтайды. Үшіншілері жұмыссыздықтың табиғи деңгейін фрикциалық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың қосыныдысы ретінде анықтайды.

   Табиғи жұмыссыздық  деңгейі жасырын жұмыссыздықты  есепке алмаса төмендейді, оған  ақысыз демалысқа шыққан және толық емес жұмыспен қамтылған тұлғалар жатады.

 

1 Қауіпсіздік ережесі

   1.1 Компьютерлік  техника қауіпсіздік ережелері

      Компьютерлік  техника  кабинетінде  жұмыс   жасау  кезінде  техника   қауіпсіздігін  сақтау  студенттер  мен  оқытушылардың  негізгі  міндеттері болып  табылады.

  Аталған   міндеттерді орындауда  студент  төмендегідей:

    1. жалпы;
    2. дербес компьютерде жұмыс  жасау  алдындағы;
    3. жұмыс  жасау  кезіндегі ;
    4. апаттық  жағдайдағы;
    5. жұмыс  соңындағы  талаптар мен  ережелерді  білуге  тиіс.
    1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар  төмендегіше:

- Компьютерді  токқа   қосатын  сымдарға, қос  тілді   розеткілерге,  штеккерлерге  тиісуге   және  жабдықтарды  оқытушылардың   рұқсатынсыз  жылжытуға  тиым  салынады.

- Оқытушылардың   рұқсатынсыз сыныптан  шығуға  және  кіруге  болмайды.

- Дербес компютерді  су  қолмен  және  су  киіммен   жұмыс істеуге  болмайды.

- Дербес  компьютердің  жанына  портфельдер, сумкалар,  кітаптар  қоюға  тиым  салынады.Үстелде   қалам  мен  дәптер  ғана  болуға  тиіс

- Компьютерлік  сыныпта   жүгіруге, ойнауға, жанындағы   құрбыларын  алаңдатуға, бөгде   жұмыстармен  шұғылдануға   тиым  салынады.

      1.3 Дербес  компьютермен  жұмыс   жасау алдындағы  қауіпсіздік   ережесінің талаптары:

    - Дербес  компьютерді іске  қосу  кезінде  оның  сыртқы  қорабының  дұрыс  жұмыс  жасап  тұрғандығына   және  сымдардың  қатесіз  жалғанғандығына  көз  жеткізу  керек.

     Студенттердің  дербес  компьютермен  жұмыс   жасау кезіндегі   техника   қауіпсіздігінің  ережесіне қойылатын талаптар:

   - ЭВМ – мен  жұмыс  кезінде  көзді   экраннан  60-70 см  қашықтыққа  ұстау   керек.

   -  Сыныпқа   кірушілермен  орнынан тұрмай  амандасуға  болады.

   - Электр  тогымен   зақымданған  жағдайда  алғашқы   дәрігерлік  көмек көрсету  тәсілдерін, өрт  сөндіру  құралдары  жұмыс  істеуді  және   өрт сөндіру  тәсілдерін  білу  қажет.

 

 

 

    


 

 

    

       1-сурет                                    2-сурет                                  3-сурет

   1.4 Апаттық   жағдайда  техника  қауіпсіздігі   ережелеріне  қойылатын  талаптар:

- Жұмыс  жасап   отырған  кезде  дербес  компьютерден  ақау  табылса немесе  күйік   иісі  шықса , өзгеше  дыбыс   пайда  болса, онда  машинамен   жұмыс  тоқтатып, мұғалімге   хабарлау  керек.

- Өрт  сөндіруге  көмек  көрсету  қажет.

- Электр  тогымен   зақымданған  адамға алғашқы   көмек  көрсетуді  білу  керек.

- Компьютерлік  сыныпта   өртті  сумен  сөндіруге   болмайтындығын  білуің  қажет.  Оған  құм  және  тағы  басқа   өрт  сөндіргіш  құрал   жабдықтарын  пайдалануға  болады.

- Электр  тогының   әсерімен  зақымданған  адамды  су  қолмен  ұстауға  болмайтындығын  білу  қажет.Оны  әртүрлі   материалдарды  ( электр тогы  сымынан  басқа)   пайдалану   арқылы  босатып  алуға  болады.

    1.5 Дербес  компьютерде  жұмысты  аяқтаған  кездегі  техника  қауіпсіздігі ережелері  талаптары:

    - Оқытушылардың   нұсқауы  бойынша  аппаратты   өшіру.

    -  Жұмыс   орнын ретке келтіру .

    - Электр  тогымен   зақымданған  жағдайда алғашқы   дәрігерлік көмек көрсету.

Студент компьютермен  жұмыс  жасау   барысында  электр  тогымен  зақымданған  жағдайдағы  алғашқы  дәрігерлік  көмек  көрсетудің төмендегі  берілген  әрекеттеріне  назар  аудару:

  • Токты  өшіру ( щиттағы ( қалқанды) батырманы басу арқылы) .
  • Зақымданушыны ток  әсерінен ( сымнан) босату.
  • Дәрігер  шақыру.
  • Зақымданушыны  қарап  шығып, оның  алған  жарақатына байланысты

көмек  көрсеу.

 Күйген жағдайда:

    - ауырғанда  сездірмейтін  дәрілер (анальгин, валерион)  беру  керек.

    - Күйген  жерге  арнайы  май  жағу керек.

    - Зақымданған жерге  суық су құю.

    - Алдын- ала   жараланған, микробтар  түспес  үшін мөлдір жұқа  қағазбен (целофанмен) орау.

Есінен  танып  қалған  жағдайда:

   - Зақымданушыны   жауырынмен  тегіс жерге  жатқызып,  басын  бір  жағына  қаратып  , қырымен орналастыру  керек.

Тыныс  алысы  тоқтаған  жағдайда:

  - ауызды  ашып  тілдің  орналасу  жағдайын  тексеру   керек,  егер  тіл  күрмеліп  қалған  болса,  оны  қолмен  дұрыс  қалпына келтіру қажет.

  - Дем   алыс  жағдайына  келгенге  дейін,  қолдан  демалдыру ( ауызбен, ауызға)  немесе  дәрігер   келгенге  дейін,  жаттығулар жасау.

    1.6 Шаршаған  жағдайда  қолданылатын  жаттығулар:

   - Студент компьютермен   жұмыс  жасай отырып шаршаған  жағдайда  төмендегі келтірілген   жаттығуларды  пайдалану  қажет.

-  Шаршаған  кездегі  көздің  қарау  бағытын өзгерту ( ауыстыру ) алысқа, жақынға,  оңға, солға, жоғары,  төмен  қарау.Сағат  тілінің  бағытымен  керісінше  көзді  айналдыру  қозғалыс  жасау.Көзді  қолмен жауып  1-1,5 минут отыру.

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет. Көз  жаттығулары

 

  1. Негізгі бөлім

   

2.1 Еңбек өнімділігі

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.  

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары менөндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімніңқандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. 
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

        ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестентыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндайкөрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді. 
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. 
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалғаншығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі. 
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. 
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жекекөрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары

Бұның көп тараған  формалары:

  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
  • еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал  шығындар

 

Материал  қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық  шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

  • ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
  • аралас бағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x)

 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар; 
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
  • 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
  • 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
  • 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
  • 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру

Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімніңконструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.

Басқаруда еңбекпен өндірістіңұйымдастырылуын жетілдіру

Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу

Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері

Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер  түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету

Адам факторы

Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы


 

 

Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. 
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. 
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады. 
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарлардыбіздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған.

 

                               2.2   Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.

Марксистік  теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.

Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.

  • Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капиталжатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
  • Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып

табылады. Жеке адамның  біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.

  • Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.
  • Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне,коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнестіұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.

Өндіріс факторларын  топтастырудың айырмашылықтары  неде?

Біріншіден, марксистік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Осылай. өндіріс процесінің алғашқы нёгізінен бастап, қоғамның таптык. күрамы калыптасады және таптардың «өділеттік» үшін күресінің болу мүмкіндігі долелденеді. Ал маржиналистер факторларды өндірістің жүруіне кажет тек жалпы техникалық- экономикалық элементгер деп карайды.

Екіншіден, маржиналистер капитал деп енбек құралдары мен заттарын түсінеді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді. Егер әңгіме өндірістегі өзгеше табиғат жағдайлары туралы болса, олардың ерекшелігі рента арқылы есепке алынуы керек. Олардың түжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның басқа саласы айналысуы керек.

Үшіншіден, маржиналистер  кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс  факторы деп таныса, марксистер оны  жоққа шығарады. Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі — қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзкарастың қолданылуы.Өндіріс факторлары қоғамның даму процесіыде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайлы.Постиндустриалық қоғамда өндіріс факторы деп информациялық және экологиялық факторлар аталады. Осы екі фактордың пайда болуы, осы замандағы ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты. Ал ғылымның өзі жекедара фактор болып отыр, ойткені өндірістің тиімділігіне, жоғарғы квалификациялы жұмысшы күшін дайындауға, адам капиталының потенциалдық мүмкіндігін жоғарылатуға, оның әсері шешуші болып отыр. Бүгінгі өндірісте өндірістің экологиялық факторының маңызы өсіп келеді. Бүл фактор кейбір технологияның қоршаған ортаға зиянды болғандығынан, соның қызметіне кедергі туғызады, басқаша жағдайда ол экономикалық өсудің дем берушісі рөлін атқарады. Факторларды талдауға қорытынды жасай келе мына жағдайды тағы айта кетейік: өндіріс процесіне барлық факторларды жұмылдырғанда ғана өндіріс болуы мүмкін. Белгілі бір затты, қызметті өндіру үшін факторлардың белгілі тобы қажет. Ал өндіріс факторларының бастылары жер, және капитал және кәсіпкерлік. Олар әрекеттерін бір-бірімен байланысып және бірін-бірі толықтыра отырып атқарады. Есте болатын жәй: факторлардың бірінің орнын бірі басып кызмет ете алатын қасиеті болады. Бұл қасиеттің негізінде, бір жақтан, қажеттіліктердің ерекшелігі мен мүліктің конструктивтік өзгешелігі, бірақ, басым түрде, ресурстардың шектелуі жатса, екінші жақтан, оларды пайдаланудын тиімділігі жатады. Кәсіпкер тапшы және қымбат өндіріс факторын неғұрлым аз пайдаланатын технологияны тандайды. Демек, бос жердің тапшылығы үйлерді көп қабатты, биік қылып салуға әкеліп соқты. Кәсіпкер өндіріс шығындарын төмендету қажет екенін мой- ындай отырып, өндіріс факторларының әрқилы комбинациясын пайдалануға мәжбүр болады. Топтастыру қандай болса да, түбінде өндіріс факторлары өнім шығаруға пайдаланылады. Айтайық, өте жабайы өндірісте бір фактор бір өнім жасауға қолданылсын.

Q - өнім, A — өндіріс  факторы. F – функция

 

 

Бұл жағдайда өнім бір  фактордың функциясы болып табыла ды. Шындығында өндіріс процесі күрделі  болады, оньщ корытын дысы (енім) көп факторларды қолданудың нөтижесі болып табы лады. Бұнда әрқилы ситуациялар кездесуі мүмкін, оларды төртке бөлейік:

  • фактор қолданылмайды;
  • оның мүмкіндігінің бір бөлігі қолданылады;
  • өнімнің үйлесімді оптималды санын өндіруге қолданылады;
  • өнімнің тым көп санын өндіруге қолданылады.

Факторларды өнім өндіруге қолданудың шексіз көп вариантын  график арқылы керсетуге бодады.

Фирмалардың практикалық іс-қимылында факторларды әр түрлі комбинацияда пайдалануда шексіз көп варианттар болады деп жорамал жасалады. Ғылыми-техникалық прогресс және техникалық төңкерістер жаңа (бірінің орнына бірі жүре алатын) А, факторлар және жаңа Q, өнім пайда болуына әкеліп соғады. Сөйтіп, А, фактордың көмегімен Q, өнім өндіруге мүмкіндік туады. Осы Q өнімнің шамасы фактордьщ мөлшерін өтеуге керексіз болып қалған қосымша өнімді етеуге жеткілікті болады. Осы қосымша қосалқы Q, өнімді қосымша өнім деп атайық. Осының өндірілуі өндірісті қосымша өсіруге көмектесе алады. Қорытынды мынау: өндіріс факторын жақсы пайдалану, осы өндіріс көлемінің одан әрі көбеюінің шарты, ұлғаймалы ұдайы өндірістің шарты болып табылады. Сөйтіп өндіріс факторларының қосылуының нәтижесінде еңбек өнімдері, материалдық игіліктердің жиынтығы жасалады. Алынған өнімнің шамасының (массасының), оны өндіруге жұмсалған еңбекке сандық қатынасы, еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігінің көрсеткішінің түрі мынадай болады:

Еңбек өнімділігі = Q/T,

бұнда Q — жасалған өнімнің  саны натуралдық немесе ақша көрсеткіші арқылы есептелген; Т — еңбек  шығындары (мысалы, адам/сағат), немесе осы өндірістегі жұмыскерлердің саны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мен АСУ 09-1 тобының студенті Асан Наргиза «Өндірістік экономика және басқару негіздері» пәнінен «Халықаралық еңбекті ұйымдыстыру» тақырыбында курстық жұмыс жаздым. Қазіргі еліміздің дамуына байланысты жұмыссыздықты азайту мақсатында елді жұмыспен қамтамасыз ету барысында елімізде көптеген кәсіпорындар (өндірістік орындар) салынып жатыр. Осы жұмыссыздықты азайту үшін біздің Президентіміз Н. Назарбаев республикада жұмыссыздар санын одан әрі де қысқарта түсу үшін  мемлекет органдарға күш салуды тапсырды. Бірақ нарықты экономикада толық жұмыссыздық болуы мүмкін емес. Себебі толық жұмыссыздықтың болмауы, ол яғни мемлекетте 100 пайыз адамдар жұмыспен қамтылуы керек. Біздің қолымыздан келетіні, ол тек қана жұмыссыздық мөлшерін азайту.

   Курстық жұмысты жасау барысында жетекшілік еткен Уксукпаева Айда апайға шексіз алғысымды білдіремін.

Қоғамдағы негізгі өндіріс факторлары