Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау. 3

Экологиялық жағдайлар күрделі түрде айқындала бастады және барлық елдер мен халықтардың ішкі және сыртқы саясатының мемлекеттік деңгейінде маңызды болды. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортамен әрекет етуінің оптималды стратегиясының проблемасы осы кезеңге тән. Антропогендік фактор, қоршаған ортаның техногенді ластануы, жаппай ізденістер және биосфера құрауыштарына: атмосфера, гидросфера, литосфераға  әсерді азайтудың инженерлік шешімдері өзекті болып табылады.

  Қазақстан Республикасы техникалық білімнің инженерлік экология саласында мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының бірі – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университеті (ҚазҰТУ).

  1993 жылы тау-кен факультетінің құрамындағы «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында жаңа мамандық дайындау 1703 – «Қолданбалы экология» енгізілді.

  Өнеркәсіптік экология бойынша инженерлерді  дайындап шығару және кафедраның құрылуына 1984 жылдан бері металлургиялық факультетте қаланған, т.ғ.д., профессор С.С.Нүркеевтің жетекшілігімен «Экология және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану» зертхана ұжымдарының  ғылыми потенциалы болды.

  Қиын қыстау жылдары зертхана ұжымының көпшілік құрамы жұмыс істеуін жалғастырды, олар ғылыми зерттеулерді орындай отырып,  Степногорск қаласындағы Целинный тау-кен химиялық комбинатында аралас алюмо-темір коагулянтын өндіру бойынша қондырғыларды құрып, өндіріске енгізілуін жүзеге асырды, олардың қатарына  Нүркеев С.С., Мусина Ү.Ш., Лойко З.К., Назмутдинова А., Бакаева Б., Журсумбаева М., Сариев Б.Е., Бабина Е. болды.      Ғылыми зертхананың жақсы жабдықталуы көптеген жылдарға оқу зертханалық практикумын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

  Кафедраның құрылуы С.С.Нүркеевтің жетекшілігімен Мусина Ү.Ш., Лапшина И.З., Телеш А.Д., Қазова Р.Ә., Суляева Н.Г.  қызметкерлерінің белсенді қатысуымен іске асырылды.

  «Өндірістік экология және қауіпсіздік» кафедрасы «Химиялық технология және полиграфия» факультетінің құрамында 1998 жылы өз бетімен бөлініп шықты. Кафедраға түлек шығаратын статус берілді. ҚазҰТУ-дың барлық мамандықтарының студенттеріне кафедра мына пәндер бойынша сабақ береді: «Экология», «Экология және тұрақты даму» және 050729 мамандығына «Экологиялық экспертиза» оқылады.

  Алғашқы инженер-экологтар техникалық университетті 1703 – «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша 1998 жылы бітірді. 2000 жылы кафедрада жаңа мамандық 1704 – «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау», 2007 жылы 050701 «Биотехнология» ашылды, 2006 жылы кафедра «Қолданбалы экология» атауына ауысты.  

  Кафедра өндірістің әртүрлі саласының жағдайларын қарастырады: тау-кен өндіру, түсті металлургия, химиялық технология, ядерлік технология және жарылғыш заттар, полиграфия, машина жасау, мұнай өнеркәсібі, химия және полимерлер технологиясы, яғни «Қолданбалы экология» кафедрасының жалпы университеттік мәні бар және кафедра оқытушылары барлық арнайы пәндер сабақтарын кең түрде жүргізеді: «Атмосфера ауасын ластаудан қорғау»,   «Шығарылатын газдарды тазалаудың технологиялық сұлбалары», «Табиғи және екіншілік ресурстарды кешенді пайдалану», «Өнеркәсіптік экология», «Геоэкология», «Табиғи және ақаба суларды тазарту технологиясы мен теориясы», «Қоршаған орта химиясы», «Табиғатты пайдалану экономикасы» және т.б.

  2001 жылы кафедра өнеркәсіп басқарушыларының, инженер-эколог-практиктердің экология саласында біліктіліктерін көтеру үшін ғылыми-әдістемелік орталығын ұйымдастырудың инициаторы болды. 

  Кафедраның дамуына көп үлес қосқан кафедра меңгерушісі Нүркеев Самат Сағиұлы – техника ғылымдарының докторы, Экология және тіршілік қауіпсіздігінің Халықаралық Академиясының академигі, тіршілік қауіпсіздігінің Қолданбалы экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақты дамудың Қазақстандық Академиясының Президенті.

   Профессор Нүркеевтің негізгі ғылыми зерттеулері күлшлакты қалдықтарды утильдеу технологиясын құруға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеуге арналған.

  200-ден астам ғылыми еңбектердің, монография мен оқулықтардың, сондай-ақ 30-дан астам өнертабыс пен патенттердің авторы. Ғылыми және техникалық пәндерден 40 жылдан астам сабақ беріп келеді, сондай-ақ экология, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, ресурс үнемдейтін, аз және қалдықсыз өндірістер, өнеркәсіптің қатты қалдықтарының рекуперациясы пәндерінен дәріс оқиды.

   2006-2007 жылдары  проф. С.С. Нүркеев ғылыми жетістіктері үшін Мемлекеттік стипендияға ие болды; «Жоғары Оқу Орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері.

  1998-2009 жылы аралығында кафедра қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс жасайтын 350 инженер-эколог шығарды. Кафедра түлектерінің арасында Қарашығанақта жұмыс жасайтын Нурғалиев Д., Төлеген М. – Шеврон Тексако компаниясының Норс-Бузачи Лимитед бөлімінде менеджер; Глазунов А., Гончарова И. – Қолданбалы экологияның қазақ агенттігінің қызметкерлері; Омарова С.И. - Алматы облысының экология басқармасының жетекші маманы, Ергужиева Г. – «Макатмұнай» зертхана меңрушісі, Ибраимова Л. – Стокгольмде эколог, Молдаганапов Ұ. – «Қазақ метрология институтының» техникалық қадағалау және метрология бойынша Комитеттің физико-химиялық өлшеулер зертханасының жоғары категория маманы, Унербекова М. – Сарканд ауданы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы, Рахмедин М. – «Қазақмыста» эколог, Кашкимбаева Г. – т.ғ.к., ҚР ҚОҚМ маманы, Жанбосынова М. – «Гелиоста» бас эколог, Сахиев Г. – ҚР ҚОҚМ маманы және т.б.  ерекше атап өтуге болады.

  2009 жылдың қыркүйек айынын бастап кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының докторы, профессор Ошақбаев Мэлс Тлеубердіұлы тағайындавлды.

 Студенттер жыл сайын ҚазҰТУ-дың студенттердің ғылыми-тәжірибиелік конференцияларға, республикалы экологиялық олимпиадалаға, халықаралық және мемлекеттік масштабтағы семинарларға қатысады.

  Кафедра түлектері іс жүзінде өндірістің барлық саласында: қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінде; ауа және су бассейндерін инженерлік қорғау салаларында инженер-эколог болып жұмыс істей алады; экологиялық экспертиза және экологиялық аудит жүргізе алады; жаңа экологиялық таза технологиялардың және тазарту қондырғыларының жобаларын талқылауға қатыса алады.

  Профессор М.Т.Ошакбаевтың негізгі ғылыми зерттеулері тыңайтқыштарды құрайтын-  N,P,S кешендерінде мұнай, фосфор өндірісітерінін қалдықтарын және Қаратаудың кондиционнды емес фосфориттерінің қайта өндеуге арналған.  

  М.Т.Ошақбаев 1982 ж. С.М.Киров атындағы КазМУ-дың химия мамандығы бойынша химия факультетін бітірді. А.Б.Бектурова атындағы ҚР БҒМ  Химиялық ғылымдар институтында 1983 жылдан бастап жұмыс істеді.  118-ден астам ғылыми еңбектері, монография мен патенттері бар.

                                         

   Студенттер Барт  А., Слюняева А., Вей-салидзе М., Калдыбаева  А. – .Эгб-06-1р; Ескараева М., Шумкова И. - Бжб(ЗОС)-06-1р. «Тұрақты даму және энерготиімділік» семинар-тренингі, ҚазҰТУ (жетекшілері Нүркеев С.С., Мусина Ү.Ш.)

                                                        Метеорология — жер атмосферасы, яғни ауа қабығы жайлы ілім. Ол физика заңдарының негізінде географиялық қабықтың бір бөлігін зерттейді. Сонымен, метеорология — атмосфераның құрамын, құрылысын, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процестер мен құбылыстарды зерттеп, оларды физикалық тұрғыдан түсіндіріп, атмосфералық жағдайларды болжау және мүмкіндігінше әсер ету. Міне осы мәселелер ме­теорологияның негізгі мақсаттары деп қарастыруға да болады. Метеорология грек сөзінен аударғанда: мета — тұстағы айнала, эора — кө­ру, логос — ілім деген мағнаны береді. Климатология — жер климаты, яғни белгілі бір географиялық орынға тән атмосфералық жағдайлар жиынтығы, жайлы ілім. Сондықтан, климат — жергілікті жердің физикалық-географиялық сипатының маңызды бір бөлігі. Себебі, ондағы қалып­тасқан су торының режимі, топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемі, жалпы ландшафттар келбеті ауа райы режиміне тікелей бағы­нышты. Жергілікті ауа райы мен климат халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылық салаларының мамандануына, өнеркәсіптің геогра­фиялық орналасуына, көлік торының таралуына үлкен әсерін тигізеді. Жалпы, климат жайлы негізгі түсініктер география маманына қажетті еке­ні түсінікті.

 

Атмосфера — Жер планетасын қоршаған газды немесе ауа қабығы. Ауа сығылмалы, сондықтан оның тығыздығы биіктікке қарай кеми­ді. Бірте-бірте ол ғарыштық кеңістікке, белгілі бір шекарасыз, ауысады. Яғни, атмосфера таралу биіктікті орта шамамен 20 мың км деп есеп­тейді. Атмосфера массасының жартысына жуығы — төменгі 5 км қабатында, 75 % массасы — төменгі 10 км, ал 90 % төменгі 20 км ауа қаба­тында шоғырланған.

 

Ауа райы — белгілі бір  сәттегі, белгілі бір географиялық жердегі төменгі атмосфераның жағдайы. Ол жағдайдың сандық және сапалық си­паттары бар. Сандық сипаттары метеорологиялық аспап-құралдармен өлшенеді де метеорологиялық элементтер деп аталады. Мысалы, оларға ауа температурасы, күн радиациясы, жауын-шашын мөлшері, жел жылдамдығы мен бағыты, ауа ылғалдылығы т.б. жатады. Ал сапа­лық сипаты көбінесе бақылаушымен көз мөлшермен анықталып, метеорологиялық құбылыстар деп атайды. Оларға, мысалы, бұрқасын, тұ­ман, көктайғақ, найзағай, үсік т.б. құбылыстарды жатқызуға болады. Ауа райын сапалы түрде зерттеу үшін тек төменгі атмосфераны емес, жо­ғарғы атмосфераны да толығымен зерттеген дұрыс. Ол үшін аэрологиялық, аэрономиялық, космостық зерттеулер қолданылады.

 

Климат — белгілі бір  географиялық жерге тән, көп жылдар бойы қалыптасқан ауа райы режимі. Географиялық жер деген ұғымға тек сол жердің координаталары, теңіз деңгейімен салыстырған биіктік емес, жер беті жамылғысының сипаты — жер бедері, топырақ жамылғысы т.б. жатады. Көп жылдар бойы қалыптасқан климаттың тұрақтылығы байқалады. Сондықтан климат жергілікті жердің физикалық-географиялық си­патының бірі болып келеді.

 

Метеорологияның зерттеу объектісі — Жердің ауа қабығы, ал зерттеу тәсілдері келесі:

 

а) бақылау — негізгі зерттеу тәсілі, яғни метеорологиялық элементтерді өлшеу және метеоқұбылыстарды анықтау. Бақылау арқылы тө­менгі атмосфера жағдайына сандық және сапалық баға беріледі;

 

ә) эксперимент — шектеулі мөлшерде ғана қолданылады, себебі табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды адам тәжірибе ретінде жүргізе алмайды. Бірақ кейбір құбылыстарға аздап әсер ете алады, мысалы, бұлттардан бұршақ жаудыру, тұманды сейілту, тайфун «шақы­ру» т.б.;

 

б) теориялық тәсіл — барлық ілімдерде кеңінен қолданылады, қойылған мақсатына қарай метеорологияда келесі түрлері қолданылады:

 

-       статистикалық талдау — көп жылдар бойы жүргізген бақылаулар мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін, немесе олардың ортақ мәнін анықтау үшін, әсіресе климатологияда көп қолданылатын тәсіл;

 

-       корреляция  тәсілі — көпжылдық метеорологиялық мәліметтер ретіндегі ауытқуларды немесе бірегейлікті сипаттайтын байланыс дәре­жесін қолдану;

 

-       эмпирикалық теңдеу тәсілі — метеоэлементтер немесе метеоқұбылыстар арасындағы байланыстарды теңдеулер арқылы, ал олардың коэффициенттері көп жылдық салыстырмалы бақылаулар нәтижесінде таңдалып, қолданылады;

 

-       физика-математикалық талдау — динамикалық (теориялық) метеорологияда атмосфералық процестердің дамуын дифференциалды теңдеулер арқылы сипаттап, түсіндіру;

 

-       модельдеу  — яғни атмосфералық процестердің даму нобайын компьютер арқылы құру;

 

в) картографиялық — метеорологиялық мәліметтер жиынтығын кеңістік және уақыт бойынша таралуын көрсету.

 

Қазіргі кездегі метеорология алдына көптеген маңызды да күрделі міндеттер қояды:

 

1) атмосфераның құрамы, құрылымы мен қасиеттерін жүйелі және жан-жақты түрде зерттеу, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процестер мен құбылыстарды анықтап, түсіңдіру;

 

2) халық шаруашылығының барлық салаларын керекті (сұранысы бойынша) метеорологиялық мәліметтер мен ақпараттармен уақытында қамтамасыз ету, әсіресе болжаулық ақпаратпен;

 

3) халық шаруашылығына қауіпті ауа райымен күресу жолдарын немесе алдын алу тәсілдерін анықтау.

 

Жалпы, метеорология адамзаттың ауа райына, климатқа тәуелділігін азайту жолдарын, оның қолданбалы сұраныстарын қамтамасыз ету­ге тырысады. Мысалы, ауыл шаруашылыққа қауіпті ауа райы жайлы ақпарат тұтынушыға алдын ала жеткізілсе, онда ауа райынан келетін шы­ғынды (зақымды) көп азайтуға мүмкіндік туады. Кейбір зиянды құбылыстар, мысалы, торнадо, қатты дауыл, өте төмен немесе жоғары ауа температурасы, көктайғақ, қатты боран, өте екпінді жел, сель жүру т.б. жайлы мәліметтер алдын ала халыққа жекізілсе, адам өміріне ауа райынан туған қауіп-қатер де азаяр еді. Бүгінгі ғылым мен техниканың жоғары дамып тұрған кезеңінің өзінде, ауа райынан дүние жүзінің түр­лі аймақтары зардап шегіп жатқанын естиміз. Мысалы, Батыс Еуропа ыстықтан қиналып жатса, тура сол мезгілде Оңтүстік-Шығыс Азия толас­сыз жауған жаңбырдан жапа шегіп жатады. Климаттың өзгерістерге ұшырауы, оның себебі мен заңдылықтары бүгін барлық климатологтарды алаңдатуда. Сондықтан жаратылыстанудың ішіндегі метеорология ілімі маңызды болып келеді. Метеорология зерттеу жүргізгенде көптеген фундаменталды физика, математика, химия, астрономия сияқты ілімдерге жүгінеді. Сонымен қатар географияның көптеген салалары — геоло­гия, гидрология, геоморфология, мұхиттану, ландшафттану т.б. сияқты метеорология және климатологиямен тығыз байланысты. Жалпы ме­теорологияның да қолдануы бойынша дербес салалары бар: агрометеорология ауыл шаруашылығына керекті зерттеулер жүргізеді, синоп­тикалық метеорология ауа райы болжауымен айналысады, динамикалық метеорология теориялық зерттеулер жасайды, аэрология төменгі 40 км ауа қабатын радиозондтар арқылы зерттейтін, аэрономия — 40 км ден жоғары атмосфераны геофизикалық ракеталармен зерттейтін са­лалары, актинометрия — күн радиациясын өлшеп, зерттейтін саласы. Сол сияқты, космостық, авиациялық, медициналық, тағы басқа ме­теорология салалары дамуда.

 

 

Метеорологиялық жүйе

 

Метеорологиялық бақылауларды метеоэлементтерді өлшеу және атмосфералық жағдайды бағалау деп білеміз. Бақылаулар арнайы ме­теорологиялық станцияларда өтеді. Дүние жүзі бойынша барлық метеорологиялық станциялар бір жүйені құрайды. Себебі, біріншіден, атмос­фералық процестер ешқандай «шекарасыз» дамиды, екіншіден, метеорологиялық ақпараттар барлық елдерге жедел және оңай жетуі керек.

 

Сондықтан метеорологиялық бақылауларға белгілі шарттар қойылады, олар сипаттамалы, үздіксіз, нақты, бірыңғай болуы қажет, сонда ға­на олар салыстырмалы бола алады. Ол үшін мынадай талап қойылады:

 

1. Бақылаулар дүние жүзі бойынша бір сәтте (синхронды) әрбір үш сағат сайын Гринвич уақытымен жүргізілуі қажет, яғни тәулігіне 8 рет жүргізіледі: сағат 00, 03, 06, 09, 12, 15, 18, 21-де.

 

2. Бақылаулар ұзақ уақыт және үздіксіз жүргізілуі қажет. Бұл шарт орта көп жылдық климаттық мәлімет алу үшін қажет.

 

3. Бақылаулар дүние жүзі бойынша бірыңғай аспап-құралдар мен бірдей тәсілдермен жасалуы қажет.

 

4. Метеостанция бақылаулары репрезентативті, яғни өлшенген мәліметтер неғұрлым үлкен территорияға сәйкес болу қажет.

 

Сипаттамалы бақылауға мысал келтірейік. Жел баққыш (флюгер) биік үйлер немесе қалың биік ағаштар арасында тұрса, жел жылдам­дығы кем көрсетіліп, ал бағыты ауытқуы мүмкін. Тағы бір мысал: қар жамылғысы қалыңдығын өлшейтін сызғыш-рейка төбенің ық жақ етегінде немесе дәл төбесінде тұрса, онда қар қалыңдығы көп жылдық орта нәтижеден артық не кем көрсетіледі де, сипаттамалылық сақталмайды.

 

Үздіксіз бақылау деп тәуліктегі 8 рет жүргізілетін бақылаулар үзбей қадағаланып жасалуы аталады. Мысалы, бір рет белгіленген уақытта ауа температурасы өлшенбей қалса, онда орта тәулік температурасы нақты болмайды, және өлшенбеген температураны қайтадан (уақыт өт­кен соң) өлшей алмаймыз. Сонымен бірге температурамен байланысты басқа (ылғалдылық, қанығу жетіспеушілігі т. б. 15 шақты) мәліметтер анықталмай қалады. Климаттық көрсеткіштерді анықтау үшін, климаттық ауытқуларды айқындау үшін бақылаулар неғұрлым ұзақ мерзім үздік­сіз жүргізілуі қажет.

 

Нақты бақылау деп бақылаушының аспап-құралдармен жүргізген өлшеулері жоғары дәлділікпен болуы және өзі көзімен көрген (яғни басқа біреудің айтуынан емес) анықтаған атмосфералық құбылыстарды айтамыз. Себебі нақты емес бақылаулар нәтижелері барлық метеоро­логиялық ақпаратқа үлкен нұқсан әкеледі.

 

Бақылаулар сонымен қоса бірыңғай болуы қажет. Атмосфералық процестерді зерттеу үшін метеорологиялық бақылауларды Жер шары­ның көптеген пункттерінде жүргізу қажет. Сондықтан метеостанциялар барлық дерлік мемлекеттерде ұйымдастырылған. Әр станцияның бақы­лаулар реті уақыт бойынша бірыңғай болуы зерттеу сапасына әсер етеді. Мысалы, метеостанция қала шетінде ашық жерде 30 жыл бұрын ашылды дерлік. 10 жылдан соң ол станция жан-жақтан биік үйлер, теректермен қоршалып қалды да, осы жағдайда тағы 10 жыл жұмыс істе­ді. Содан соң ол метеостанция қайтадан қаланың жаңа сыртына көшірілді. Бұл жағдайда соңғы 10 жылда жүргізілген кейбір бақылаулар нәти­желері (жел жылдамдығы, қар жамылғысы) бұрынғы мерзімге қарағанда төменделіп көрсетіледі. Ол төмендеуді желдің уақыт бойынша тербе­лісі деп қате тұжырымдауға болады. Бақылаулар бірыңғайлық қасиетін жоғалтады. Міне, сондықтан, бақылаулар салыстырмалық қасиеттен ешқашан айырылмау керек.

 

Бақылаушыға арналған метеостанцияларда арнайы ережелер, қағидалар болады, олар мұқият орындалып, ескеріліп отырылуы шарт.

 

Метеостанциялар жұмыс істеу бағдарламасы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді. Ал жұмыс істеу бағыты (саласы) бойынша негізгі және ар­найы деп бөлінеді.

 

1-ші дәрежедегі негізгі метеостанцияларда мына метеоэлементтер өлшенеді:

 

-       ауа  температурасы; 

 

-       атмосфералық қысым;

 

-       ауа  ылғалдылығы;

 

-       желдің бағыты мен жылдамдығы;

 

-       бұлттылық (аспанды бұлт торлау дәрежесі, бұлттар түрі, биіктігі және жылжу жылдамдығы мен бағыты);

 

-       жауын-шашын  мөлшері, түрі, қарқындылығы;

 

-       жер  бетінде пайда болатын шөгінді жауын-шашын (шық, қырау, қылау, көктайғақ) және тұман;

 

-       горизонталды  көріну қашықтығы (атмосфераның көмескіленуінен заттар пішіні көрінбей бастайтын қашықтық);

 

-       күн сәулесі түсу ұзақтығы;

 

-       топырақ бетінің және топырақтың бірнеше қабаттарындағы температура;

 

-       топырақ бетінің жағдайы;

 

-       қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы;

 

-       топырақ (немесе су) бетіндегі булану;

 

-       сонымен қоса атмосфералық құбылыстар тіркеледі.

 

Метеоөлшемдер өңделіп, талданады. Олар бойынша ғылыми-зерттеулік жұмыстар атқарылады. Мұндай станцияларды метеообсервато­риялар деп атайды.

 

2, 3-дәрежедегі станцияларда жұмыс қысқартылған бағдарламамен жүргізіледі, әрі бірнеше метеоэлементтер ғана өлшенеді.

3-ші дәрежелі станциялар көбінесе автоматикаланған және адам тұрақты қоныстанбаған аймақтарда орналасады.

 

Орналасқан ландшафт ерекшелігі бойынша метеостанциялар арнайы мамандандырылған болып бөлінеді, мысалы, таулық, батпақтық, мұздық, шөлдік т.б. Мұхит айдындарында атмосфера жағдайын «ауа райы кемелері» үздіксіз бақылап отырады. Метеостанцияларда атмосфе­раның ең төменгі жағдайы бақыланады. Ал 40 км биіктікке дейін шар-пилот (жел бақылайтын), радиозонд (температура, қысым, ылғалдылық өлшеуге) ұшырылады. Бұл бақылауларды аэрологиялық деп атайды. Одан жоғары атмосфера жағдайын метеорологиялық ракеталар мен спутниктер, геофизикалық ракеталар, аэрокосмостық тәсілдер арқылы зерттейді. Қазіргі кезде метеорологиялық аспаптарда соңғы ғылыми-тех­никалық жетістіктер кеңінен қолданылады: термо-, фотоэлементтер, жартылайөткізгіштер, радиобайланыс, радиолокация, аэрокосмостық ска­нерлеу, автоматикаланған бақылаулар т. б.

 

Бақылаулар нәтижелері телефон, телеграф, радио, спутниктік, Интернет байланыстары арқылы ауа райы қызмет ұйымдарына қолма қол жіберіледі. Онда олар синоптикалық карталар жасауға, жалпы ауа райы жайлы мәлімет жинауға, талдауға, болжауға қолданылады. Бақы­лаулар, жоғарыда айтылғандай, әрбір 3 сағатта жаңартылып отырылады. Мемлекеттік метеорологиялық станциялар жүйелері ХІХ ғасырда құ­рыла бастады. ХХ ғасырда олар Азия, Африка, Антарктида, Арктиканың адам аяғы баспаған жерге орын тебе бастайды. Кеңес Одағында ең үлкен метеорологиялық станциялар жүйесі жұмыс жасады, құрамында негізгі станциялардың саны 400-ден астам, аэрологиялық станциялар 200-ден астам (дүние жүзінде барлығы 1000-ға жуық) болды. Метеорологиялық бақылаулар гидрологиялық бақылаулармен бірге жүргізіліп (олар гидрологиялық станциялар мен бекеттерде), талданылады. Сондықтан қызмет орталықтарын гидрометеорологиялық орталық деп атайды. Олардың негізгі мақсаты — ғылыми-зерттеулік жұмыстармен қоса, халық шаруашылығын гидрометтік ақпаратпен қамтамасыз ету. Барлық метеостанциялар территория бойынша бір ортаға қарайды. Мысалы, Қазақстанда аудандық станциялар облыстыққа, олар мемлекеттік метеорологиялық орталыққа қарайды. Мемлекеттік орталықтар аймақтық (регионалды) орталыққа бағынады. Жер шарында барлығы 25 аймақ­тық орталықтар бар, олардың 3-і ТМД елдер территориясында: Москва, Новосибирск, Ташкент қалаларында орналасқан. Аймақтық метеоорта­лықтар әлемдік 3 орталыққа (Москва, Вашингтон, Мельбурнде орналасқан) қарайды. Жалпы Дүниежүзілік метеорологиялық жүйе БҰҰ қарама­ғында жұмыс атқарады.

 

Дүние жүзі бойынша метеорологиялық қызмет міндетін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) атқарады. Оның бірінші конгресі 1873 жылы өтіп, әрбір бес жылда жиналады. Секретариаты Женева қаласында орналасқан. Мемлекеттік метеорологиялық ұйымдар осы бүкіл әлем­дік ұйымға кіреді. Қазір құрамында 120-дан астам мемлекеттер бар. ДМҰ планета бойынша бақылаулар жүргізілуін, метеоақпараттардың тара­луын, ауа райы болжамдарының бірыңғай келісілген жобамен жасалып, уақытында таралуын қадағалайды. ДМҰ шешімімен 23-ші наурыз Ха­лықаралық метеорология күні деп аталады.

 

Метеорологиялық жүйенің жұмыс атқаруы келесі көп сатылы күрделі ақпараттық-есептегіш құрылымнан тұрады:

 

-       бақылаулық ақпарат алу, яғни олар планета бетіндегі метеостанциялар мен космостық құралдармен жасалады;

 

-       ақпараттарды жинау және хабарлау;

 

-       ақпараттарды өңдеу, яғни ол метеожүйенің төменгі сатысынан жоғары қарай жүргізіледі;

 

-       метеорологиялық ақпараттарды тұтынушыға жеткізу.

 

 

Метеорология және климатология даму тарихынан

 

Атмосфералық құбылыстарды бақылауға ежелгі кездерде Қытай, Үндістан, Жерорта теңізі маңында алғашқы қадамдар жасалған. Орта ға­сырларда да аса маңызды, күрделі атмосфералық құбылыстар тіркеліп отырылған. Бірақ онда ғылыми бақылаулардан алыстау, көбінесе құ­былыстардың табиғатын түсінбей, байқалған ақпараттар болды. Ал өлшеу жүргізетін аспап-құралдар болған жоқ. Мысалы, ежелгі Мысыр елін­де «Ніл өлшеуіш» деген, су деңгейін қадағалап отыратын құрал болған екен. Бірақ ол кезде көптеген процестер мен құбылыстар түсініксіз бо­лып, адам үрейін қашыратын. Біздің д.д. ІV ғасырда ежелгі грек ғұлама ғалымы Аристотель атмосфералық процестерді түсіндіру мақсатымен алғашқы «Метеорология» атты кітап жазған.

 

Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде — ХV, ХVІ ғасырларда жаңа ашылған жерлердің алғашқы климаттық сипаттамалары пайда бола­ды.

 

Қазіргі ғылыми метеорология ХVІІ ғасырдан басталады. Ол кезде физика ілімінің негізі қалана бастады. Ал метеорологияны атмосфера­лық физика деп түсінуге болады. Алғашқы аспаптарды Галиллей мен оның оқушылары жасады (термометрді 1597 жылы — Галиллей, баро­метрді 1643 жылы — Торричели). Сөйтіп, инструменталды бақылаулар жасауға мүмкіндік туды. ХVІІ ғасырдың аяғында — ХVІІІ ғасырдың ба­сында Еуропада алғашқы метеорологиялық бақылаулар жүргізіле бастайды. Бірақ олар ретсіз, жүйесіз жүргізіледі. ХVІІІ ғасырдың ортасында орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов (1711–1765) метеорология дамуына елеулі үлесін қосады, ол анемометр, теңіздік барометр ойлап шыға­рып, найзағай табиғатын түсіндіріп, ауа райы болжауының маңыздылығын дәлелдейді.

 

Ресейде ретті метеорологиялық бақылаулар жүргізу негізін I Петр қалайды. 1725 жылы Петербургте бақылаулар жүргізуін қадағалайтын Академия ашылады. 1849 жылы дүние жүзі бойынша алғашқы метеорологиялық ұйым — Бас геофизикалық обсерватория ашылады. М.А.Ры­качевтың ұйымдастыруымен Ресейде алғаш метеорологиялық күнбе күндік бюллетень шығарыла басталады. Бірте-бірте ұйым үлкейіп, ғылы­ми-зерттеулік институттар, обсерваториялар құрылады. Динамикалық, синоптикалық метеорология негіздері қаланады. 1930 жылы орыс ғалы­мы П.А.Молчанов радиозонд ашып, аэрологиялық бақылаулар жасауға мүмкіндік туғызады. Ресейлік ғалым-метеорологтар — Г.И.Вильд, А.И.Воейков, П.И.Броунов, Я.Д.Захаров, Б.П.Мультановский, Б.И.Срезневский т.б. әлемдік метеорология мен климатология дамуына үлкен еңбек сіңіреді.

 

ХХ ғасырдың басында норвегиялық Бьеркнес мектебінің ғалымдары ауа массалары, атмосфералық фронттар жайлы ғылыми теория енгі­зеді. Өз үлесін АҚШ ғалымы В.Феррель, неміс ғалымдары Г.Гельмгольц, В.Кеппен, австриялықтар Ю.Ханн, М.Маргулес, швециялық К.Рос­сби, ағылшындық В.Нэпир-Шоу т.б. сол сияқты көптеген ғалымдар қазіргі метеорология мен климатология негіздерін қалаушылар деуге бола­ды.

 

Кеңес Одағында метеорология ілімі одан әрі қарқынды дами бастайды. 1921 жылы В.И.Ленин «РСФСР метеорологиялық қызметінің ұйымдасуы жайлы» атты декретке қол қояды. 1929 жылы Халықтық Комиссарлар Кеңесі метеорологиялық және гидрологиялық қызметтің бірі­гіп, біртұтас гидрометеорологиялық қызмет құрылуы жайлы үкім шығарады. Ол қызмет үздіксіз, жүйелі бақылаулар жүргізіп, халық шаруашы­лығын керекті де маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды.

 

Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Армиясының жауға қарсы тұру, шабуыл жасау әрекеттері метеорологтардың үлесісіз болған жоқ. Олар­дың да еңбектері медальдар мен ордендермен белгіленді. Одан кейінгі кезеңдерде ғалымдар О.Д.Хвольсон, С.И.Савинов, Н.Н.Калитин, В.Н Оболенский, Л.С.Берг, А.А.Каминский метеорологияның түрлі қолданбалы салаларын дамытады.

 

Қазақстан территориясында алғашқы метеорологиялық бақылаулар 1855 жылы Семей және Қазалы қалаларында жүргізіле бастады. 1917 жылы метеостанциялар саны 49-ға, постылар саны 123-ке жетті. 1922 жылы Орынбор қаласында Облыстық метеорологиялық бюро ашы­лады, ол Бас физикалық обсерваторияға қарайды. 1931 жылы Қазақ гидрометеорологиялық комитеті болып құрылады. Оның негізінде Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің бірыңғай басқармасы 1933 жылы құрылды. Бұл қызметті бірінші басқарған Ораз Жандосов. Қазір Қазақстан­да 750-ге жуық негізгі метеостанциялар, агрометеорологиялық, гидрологиялық станциялар мен бекеттер жұмыс атқаруда. Бақылаулар нәтиже­лері Қазақ гидрометеорологиялық институтында жиналып, мониторинг құрылып, талданады.

 

Метеорология саласындағы жоғары білімді мамандарды

аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география факультеті «Метеорология» кафедрасы даярлайды. Ол кафедраның ірге тасын қа­лаушысы З.П.Коженкова, ал үлес қосқандар Т.А.Есеркепова, Ю.И.Ключников, Э.Н.Гашинская т.б.

 

 

Добавить комментарий 

Дүние жүзіндегі демографиялық жағдай

 

Жер шарында халықтардың саны тез өсіп жекелеген халық көп қоныстанған аймақтардың экологиялық жүйелеріне түсетін ауыртпалықты жоғарылатып отыр. Сондықтан, адамдар экологиясы қазіргі демографиялық жағдай және қалалардың тез өсуі қоршаған ортаға қандай ықпал жасайтынын жан-жақты зерттеп, қажетті ұсыныстар жасауы тиіс.

 

Демография деп халықтың құрам санының өсуін зерттейтін ғылым саласын айтады. Демографиялық зерттеулер халықтың санын қалай өсуде, орналасқан жерлері, құрамы (қоғамдық топтар, ұлты, тілі, жасы, жынысы, білімі, мәдениеті, мамандығы, т.б.), оның өзгеру себептері мен қорытындыларын, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерін қамтиды. Осындай зерттеулерге сүйеніп қоғамның өркендеуін, негізгі бағыттарын және уақытын анықтауға болады.

 

Қазіргі қалыптасқан демографиялық жағдай бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатуда. Өйткені біздің ғасырдың ортасында дүние жүзінде «демографиялық жарылу» деп аталатын құбылыс болды. Бұрын адамдар саны мың жылда екі пайызға көтерілсе, ХХ ғасырдың 60-80 жылдарының өзінде жыл сайын осы мөлшерде өсті.

 

Халық санының өсуі қазіргі таңда ғылыми-техниканың црогресс дәуірінде медицинаның жетістіктері табиғи сұрыпталуды шектеп, денсаулығында ақауы бар болып келген сәбилердің де өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бірақ, бұл көбінесе дамыған елдерге тән.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысымен жүргізген Р.Дюба, С.И.Брук және Вилькокс зерттеулерінен Дүние жүзі халқының санының өсу көрсеткішін көруге болады.

 

Кесте 2 - Дүние жүзі халқының санының өсу көрсеткіші

Жылдары 

Дүние жүзі халқының саны

 

(миллион) 

Халықтың екі есе өсуіне кеткен жылдар саны

 

Біздің дәуірге дейінгі 4500 ж. 

20 

2500

 

Біздің дәуірге дейінгі 2500 ж. 

40 

2000

 

Біздің дәуірге дейінгі 1000 ж. 

80 

1500

 

Біздің дәуірдің басында 

160 

1000

 

900 ші жыл 

320 

900

 

1700 ші жыл 

600 

800

 

1850-ші жыл 

1200 

150

 

1950 ші жыл 

2000 

100

 

1985 жыл 

5000 

35

 

 

 

 

Халықтың жыл сайын өсу мөлшері мұнан 1000 жыл бұрын пайыздың оннан бір бөлігіне де жетпейтін болса, ХХ ғасырдың екінші жартысында 1,7-2,0 пайызға жетті.

 

Әрине халықтың өсуі әлемнің әр түпкірінде бірдей болған жоқ. Батыс және Оңтүстік Европа елдерінде Австралия, Жаңа Зеландия мен Жапониядағы соңғы 40 жылда халық саны аз өссе Дания, Швеция, Ұлыбритания, Австрия, Белгия, Люксембург, Швейцария, Эстонияда халық саны өскен жоқ, ал кейбіреуінде кеміп кетті.

 

Дамыған елдердің халқы аз өскенмен планета тұрғындарының саны дамушы елдердің әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған мемлекеттердің халқы есебінен тез өсіп көбеюде. Жыл сайын халық саны 78-80 миллионға көбейіп, 2000 жылы 1 миллиардтан астам өссе оның 56 % Азияға, 25% Африкаға, 11% Оңтүстік Американың үлесіне келеді.

 

Екінші көңіл аударарлық мәселе – бұл халықтың құрамында қартайған кісілердің көбеюі. Палеолит және неолит дәуіріндегі қазбалардан орташа жас ұзақтығы 20-50 жас екені белгілі болған. Алғашқы қауымдық құрылыс қартсыз қауым болған. Ал қазіргі таңда жанұядағы балалар саны тым азайып барады. Және экономика мен ғылымның өркендеуіне, денсаулық орындарының жұмысы жақсаруына байланысты ересек адамдардың өлімі азая бастады. Қарт адамдардың үлесі өскен сайын жалпы халықтың да жасы ұлғая түседі.

 

XIV ғасырда Англияда адамдардың орташа жасы 17 жас болған – бұл «қара өлім» (чума) дәуірі еді. XVII-XIX ғасырда статистикалық мәліметтер бойынша бельгицтердің орташа жасы 32 жас, голландықтардікі – 34, ағылшындардікі – 33, неміс, шведтер – 33-35 жасты құрды.

 

1800 жылы АҚШ халқының орташа жасы 32, Ресейде (1897) – 31,4 жас болды.

 

1950 жылы жасы 65-тен асқан қарттардың үлесі 7,6 %, 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 28 % болса, 1980 жылы қарттардың үлесі 11,4% -ке дейін көбейіп балалардың үлесі 3%-ке дейін кеміді. Ұлыбритания мен Швецияда қазіргі кездің өзінде қарттардың үлесі 16,2%, балалардың үлесі 20% ғана.

 

Орта есеппен адамның ғұмыры дүние жүзінде 59 жыл болса, дамыған елдерде 70 жылға жетті. Қазақстанда қазіргі таңда ерлердің орташа жасы 59,8, әйелдердікі 71,3 жасты құрайды. Біздің мемлекетіміздің әр төртінші тұрғыны – бұл 16 – 29 жас аралығындағы – жас адам (бұл жастағылар 3490,6 мың, яғни халқымыздың 23,3% құрайды).

 

Әр мемлекет өз ерекшеліктерін ескеріп демографиялық саясат жүргізеді. Франция мен Шығыс Европа елдері сәбилердің көбірек болуын көздеп мемлекет тарапынан жаңа туған бала үшін ата-анасына жәрдем беріп, анасы 3 жыл бойы жұмыс істемей баласын бағуға ақылы демалыс алады. Біздің елімізде де қазір мемлекетіміздің тарапынан мұндай шаралар қолға алынуда. Қазақстан Республикасы жанұялар көп балалы болуға, адамдардың ғұмырын ұзартуға бағытталған саясатты қолдайды. Бізде әрбір 1000 адамға жыл сайын орта есеппен 16-17 адам қосылады, бұл дүние жүзіндегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Баланы үйде тәрбиелеуге 1,5 жыл бойы ақылы демалыспен мемлекеттік жәрдем көзделген.

 

Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттер баланың санын өсірмеуге тырысады. Бір жанұяда 1-2 артық бала болуына тыйым салынған.

 

Дамыған елдерде 1000 адамға есептегенде жыл сайын 6-7 кісі өлсе, дамушы елдерде 10-12 кісі өледі. Өкінішке орай, 80 жылдан бастап Қазақстанда да кісі өлімі көбейіп келеді. Қазір 1000 адамға есептегенде жыл сайын 10,8 адамға жетті. Әрине, кісі өлімінің көбеюі қарттардың үлес салмағының өсуіне байланысты екені шындық. Дегенмен, соңғы кезде орта жастағы адамдар көп өлетін болды. 1960 жылмен салыстырғанда 40 жасқа дейінгі кісілердің өлімі 19%-ға, 50 жасқа дейінгілердің өлімі 29%-ға көбейді. Мұның басты себебі жастар арасында маскүнемдікпен нашақорлықтың кең өріс жайуы. Егер соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57% , әйелдердің 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 55% үнемі арақ ішеді. Мектеп оқушыларының 29,5% нашақорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% себеп болып отыр. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әр үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетімдер екенін көреміз.

 

Б.Урланистің есебі бойынша ер адамдардың тең жартысы маскүнемдіктен қайтыс болады екен.

 

БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда (құжат Е/CONF -76/19) дүние жүзінің халқының саны 100-120 жылдан кейін 10,5-11 миллиардқа жетіп, онан әрі өспей тұрақтайтын көрінеді. Адамдардың орташа ғұмыры 78-79 жасқа жетеді. Бір жанұяда екі баладан болып, басқаша айтқанда бар халықтың орны толып отырады.

Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау. 3