Онтология. 3
Кіріспе
Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты болып
табылады. «Болмыс» ұғымының және болмыс
жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде
философияда ежелден бері және қазірде
де қызу пікірталас болып келеді, өйткені
ол дүниеге көзқарастық және методологиялық
басты проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті
көптеген философтар оны өздерінің философиялық
ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі
деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы,
яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың
төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің
арасында ымырасыз күрес жүріп келеді?
Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі
сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс
ұғымының философиялық мазмұнын ашып
көрсету қажет.
Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қақтығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертегі, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады.
«Болмыс» категориясын
философияға түңғыш енгізгендердің бірі
ертедегі грек философы Парменид болды.
Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер
қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес
жоқ» - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша,
«болмыс еместіні» тануға, білуге тіпті
болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе
алмайсың. Осыдан ой мен болмыстың өзара
қатынасы келіп шығады. «Ойлау мен болу
бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс
бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа
шығара отырып, болмысты өзгермейтін,
қозғалмайтын процесс деп қарады.
Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшыларды бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негіз деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. «Болмыс» ұғымының төңірегіндегі сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан пікірталастар әлі күнге толастаған емес. Сондықтан да адамзат баласының бүкіл ой-жүйесінің самғауы, дүниетанымының мәйестігі, әлемді рухани игерудің құдіретті құралы болып табылатын философия сіңіргісі келген әрбір адам ең әуелі болмыс ұғымының көңіл аударып, зейін қойғаны жөн.
Болмыс ұғымы туралы
Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік-әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады. Алайда қоршаған табиғи және әлеуметтік дүние бір қалпында тұрмайды, мезгіл-мезгіл адамдардың алдыда шешуін іздеуді талап ететін алуан түрлі қиын мәселелер қояды, нақты тіршіліктің күңгірт жақтарына үңілуге мәжбүр етеді, қалыптасқан әдет-дағдыдан ілгері өтіп, мүлде басқаша ойланып-толғануға итермелейді. Бұл орайда бұрын бұлжымас әрі шүбәсіз болып көрінетін тіршілік негіздерінің іргесі сөгіліп, ыдырап, күдік келтірілуі ерекше мәнге ие болады. Осындай өмір туғызған күдіктер мен толғаныстар адам санасына болмыс ұғымының қалыптасып, айқындалуына әкеледі. Мәселен, адамзат ақыл-ойының, қолөнерінің біздің дәуірдегі шырқау дамуының нәтижесінде, ядролық апат қаупінің туындауына байланысты миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келген адамзат қоғамының жер бетінде аман қалу-қалмау мәселесі баршамыздың алдымызда тұрғаны белгілі. Кейінгі кезде халықтар арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастыру барысында бұл қауіпті сейілтуге болатынына көз жеткізіп отырмыз. Немесе, жер құрылғының «алтыдан біріне» ие болып, әлемді аузына қаратқан, дүниеге күш-қуатымен, айбарымен аты мәлім болған «шынайы социализм құрылысын жүргізіп келген» КСРО мемлекетінің тарихи тұрғыдан алғанда «қас пен көздің арасындағы» ыдырауы, қоғамды бірбеткей емін-еркін билеп-төсеп басқарып келген Компартияның саяси тұғырдан таюы, бұрынғы одақ құрылымындағы республикалар негізінде ұлттық тәуелсіз жаңа мемлекеттердің тарих сахнасына келуі, экономикалық, саяси дағдарыстар, ұлтаралық кикілжіндер заманның сарыны жайлы әрбір адамды терең толғанып, көп ойлануға жетектегені белгілі. Міне, осының бәрі дүниенің болмысы деген ұғыммен астасып жатқан мәселелер.
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категориялардың бірі. Осы тұрғыдан қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі «дүниеде болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын тілінде «being» – «to be» деген етістіктен шыққан). Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар – олар көк – қызыл, ауыр – жеңіл, дымқыл – құрғақ, тағы сол сияқты шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни – болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай ешнәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама.
Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені «Ұлы сағым – Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүниені дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.
Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алғанда болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір суретінің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін – қамтиды. Басқаша айтқанда, болмыс бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін, реальді дүниенің (шынай дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. Әрине, болмыс туралы ой толғау дүние «бүгін бар», «сынды бар» және «осылай бар» деген қарапайым түйіндермен ғана шектелмейтіні түсінікті. Себебі, дәл осы арада әлгілерге қоса дүниенің «өткені мен ертеңі қандай?», «осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде де бар емес пе?» деген сияқты сұрақтар заңды түрде туындайды ғой. Осы сұрақтарға жауап қайтару барысында тарихта бірқатар философтар бұл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған, бола береді деп тұжырымдады. Енді біреулер дүние болды, бар және бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенің өмір сүруінің тұрақтылығы мен өткіншілігі туралы пікірлердің өзара қарама-қайшы қауышуына түрткі болды. Ал бұдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен әрбір жеке заттардың, жеке адам өмірінің өткіншілігінің арақатынасы қандай деген келесі сұрақ туындайды. Сөйтіп, болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.
Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсете керек.
Болмыс ұғымының тарихи
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.
Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғым келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі да Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол – жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
Парменидтің замандасы атақты көне грек философы Гераклит үшін ең маңызды нәрсе – дүниенің мәңгі қозғалыста екендігі. Ол дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге бет алып, бақсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Оның пікірінше, болмысқа қарама-қайшылықтар мен олардың өзара әрекеттесуі тән. Сондықтан болмыс өзгермелі. Болмыс пен болмыссыздық ажырамас бірлікте. Екеуі де тең өмір сүреді. Бірі екіншісін тудырады, бірі екіншісіне өтіп, өзгеріп, құбылып отырады. «Бәрі өткінші бәрі өзгермелі» деп үйретті ол.
Ендігі бір көне грек философы Левкипп пен оның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (біздің эрамызға дейін 460-370 жылдар шамасы) болса, бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттардың түп негізі – ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек-атом деп көрсетті. Барлық заттар мен құбылыстар атомдардан құралады. Олар бір-бірінен бостық (ешнәрсе жоқтық – пустота) арқылы ажыратылады. Бостық – бір жағынан, заттардың және құбылыстардың саналуандығының өмір сүруіне, екінші жағынан, олардың қозғалысқа түсуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, бұл дүниеде атом (болмыс) және бостық, еш нәрсе жоқтық (болмыссыздық) қана бар деген тұжырымға келді.
Антикалық дәуірдің ұлы философтарының бірі Платонның (біздің эрамызға дейін 427-347 жылдар) ойынша, болмыс дегеніміз – мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түп-негізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі өткінші, пайда болады, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінің күңгірт бейнесі ғана.
Діни дүниетаным үстемдік еткен ортағасырлық философияның өзегі – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да, кеңістіктен де тысқары тұр. Ол бүкіл әлемді, табиғатты, дамды жаратушы. Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа заман дәуірінде ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты философияда адамға, ғылым мен ақыл-ой жемістерін адам игілігіне пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық құдіретімен, ақыл-ой пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды (Ф. Бэкон, Р. Декарт). Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс – «абсолютты идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне бъективті идеализм тұрғысымен келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах болса шынайы болмыс – табиғат, ол табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі – адам деп есептеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс материалистік дүниетаным мен диалектиканы ұштастыра отырып, қоғам мен оның тарихын танып-білудің жаңа сипаттағы ғылыми методологиясын ұсынды. Олар философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа түсінік енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы объективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар, деп тұжырымдады олар.
XX ғасырда пайда болып, өріс алған алуан түрлі философиялық ағымдардың арасында (олар туралы алдыңғы тарауларда толық айтылған болатын) болмыс мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған экзистенциализм - өмір сүру философиясы болды. Оның түп қазығы, басты мәселесі – адам, оның осы заманғы шиеленіскен қайшылықтар мен тарихи-әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі.
Қысқаша тарихи шолу барысында байқанымыздай, болмыс ұғымы өте күрделі әрі сан қилы. Философиялық ой-өрістің тарихи қалыптасып дамуының әр дәуірінде бұл түсініктің мазмұны тереңдеп, жаңа қырлары ашылып отырған. Енді болмыс ұғымының философиялық мән-мағынасын қарастырып көрелік.
Сонымен, болмыс мәселесінің бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегімен топшыланады: не бар, не өмір сүреді? Дүние деген не? Ол қайда? Осында және басқа жердің бәрінде. Ол қашаннан және қалай бар? Қазір де бар, бұрын да болған және бола береді, ол түпкілікті. Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды? Олар шектеулі, ауыспалы, өткінші. Халқымыз ежелден-ақ:
«Қарап тұрсам дүние шолақ екен.
Бір-біріне адамдар қонақ екен.
Тіршілктің барында сыйласа біл.
Бұл дүниенің қызығы сол-ақ екен», -
деп пайымдаған
ғой. Бабаларымыз әр адам
«Былтыр құлын, биыл тай
Біреу кедей, біреу бай,
Диірменнің тасындай
Шыр айналған дүние-ай!» - деп түйіндейді.
Осыдан келіп тұтастық ретіндегі табиғат болмысының түпкілікті, тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші, көшпелі сипаты арасындағы қайшылықтардың өзара байланысы мен бірлігі шығады. Болмыс мәселесінің түбірі, оның күрделілігі, міне, осымен сипатталады. Басқаша айтқанда, дүние өмір сүру үрдісінде, болмысында біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым сөзімен айтқанда «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық ретіндегі дүниенін болмысын бүкіл дүниедегі бардың болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен дүниенің құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтастылық тән.
Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде адамның санасынан тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді. Әрине, бұл тұтастықтық өзі алуан түрлі көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортық бірлігін іздеуге тырысады. Сонымен бірге оған заттар мен рухани құбылыстар, табиғат пен қоғам арасында, өзі мен басқа адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар мен өзгешеліктердің бар екендігі өзінең-өзі белілі болады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстардың арасында ортақтық бар ма, оларды не біріктіреді деген сұрақ алға тартылғанда, философтардың жасаған қорытындысы мынау: табиғат заттары, рухани құбылыстар (ой, пікір, тағы басқалары), қоғам және табиғат, түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мыныған саяды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері де қилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды.
Табиғат дүниесі болған, бар және
бола береді: адам, қоғам пайда болғаннан
бері бар, бола де бермек дейміз. Олардың
бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін,
шектілігі мен өтпелілігін
Болмыс мәселесінің үшінші қыры – дүниеде бардың, өмір сүретінің бәрі – нақты ақиқат; бұл ақиқаттың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты бейнесін таба алады дегенге келіп саяды.
Болмыстың негізгі формалары
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
- табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;
- адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
- рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;
- әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған ортаның, қажетті алғышарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі. Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл осындай дайын күйінде болмаған, адамдар өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды. Ғылымда мұны «екінші табиғат» деп те атайды.
Бірінші табиғаттың ерекшелігі неде? Табиғат адам атаулы пайда болғанға дейін болды, өмір сүрді. Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Әлбетте, табиғатты, оның заттарын, процестерін, құбылыстарын, өзгеріске түсу және даму заңдылықтарын санасына қабылдап, ой елегінен өткізуші, айтушы – адамдар. Табиғаттың өзінен тәуелсіз, санасынан тысқары, дербес өмір сүретінін, оның өзінен көп бұрын пайда болғанын толық мойындап, сенімді тұжырым жасаған да – адамдар. Бұл тұжырымға олар бүкіл адамзаттық әлеуметтік-тарихи тәжірибе негізінде өмірлік фактілерді саралау, ғылыми-зерттеулер мен жүйелі дәлелдемелер нәтижесінде келді.
Сөйтіп, болмыстың негізгі әрі айрықша түрі есебіндегі төл табиғаттың, яғни бірінші табиғаттың басты ерекшелігі – оның адамнан бұрын пайда болып, адам санасынан үнемі тыс әрі одан мүлдем тәуелсіз өмір сүре алатындығы болып табылады. Табиғат тұтас алғанда кеңістік пен уақыт тұрғысынан шексіз – ол әрқашан және қайда болса да болған, бар және бола береді. Бұл табиғаттың жекелеген нақты заттарына, процестеріне, құбылыстары мен жайкүйлеріне тән емес, бірегей ерекшелік. Өйткені, олар нақты бір жерде өмір сүреді, бар болып табылады, екінші бір кезде олар жоқ, өмір сүрмейді: олар бірде бар, енді бірде жоқ, бір кезде пайда болады, тағы бір мезгілде дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатады. Жерге түскен ұрықтан немесе тамырдан ағаш көктеп шығады, толысып өседі, мезгіл жеткенде қурап калуы мүмкін, тағы басқалары. Демек, заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жайкүйлерінің болмысы өткінші, өшпелі. Олардың болмысы не болмыссыздығы ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Мәселен, әр адам дүниеге үлкен үміт, асқақ арманмен келеді. Қоғамдық қатынастарға араласып, тіршілік жасайды, өмірдің ащы-тұщысын татады, шама-шарқынша із қалдырады. Сөйтіп жүргенде қас-қағым сәттей болып бұл жарық дүниеден өтіп кеткенін білмей де қалады. Үлкендердің «сағым дүние, жалған дүние» деп ой толғап отыратындығы да сондықтан. Өйткені, заттың болмысы оның болмыссыздығына орын босатады. «Аумалы-төкпелі дүние» деген ұғым, бір жағынан, осыны білдірсе керек. Алайда мұның бәрі тұтасынан алғандағы табиғат болмысының тоқталуын білдірмейді. Жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, зат қиратылады, адам өледі, бірақ олар дүние болмысының тұтастығынан жоғалып кеткен жоқ, олар болмыстың басқаша материалдық жай-күйлеріне ауысып кетті. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінін тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
Табиғат – объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни «екінші табиғат» та пайда бола алмас еді.
Шынында да, бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі – адамның табиғат дүниесін өзгертуінің нәтижесі. «Екінші табиғат» қатаң түрде біріншісіне, шынайлы, төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы. Болмысының түрпаты жағынан адам жасаған заттар мен құбылыстар табиғат дүниесіне ұқсас, олардың ортақ қасиеттері мен даму, өзгеру заңдылықтары айтарлықтай жеткілікті. Дегенмен, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де бар. Сонда екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы неде? Ең әуелі, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеуі. Екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылды. Үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындайды. Яғни оның қоғамдық-әлеуметтік маңызы, атқарар міндеті, алар орны бар деген сөз. Айталық, бүгінгі өмірдің қай саласында болсын электронды аспаптар мен приборлар, түрлі қондырғылар мен машиналар еркін қолданылады. Оған тіпті бойымыз да, ойымыз да әбден үйренген. Олар табиғат қойнауынан алынып, адам қолымен өңделген түрлі металл, пласмасса, тағы басқалары материалдардан жасалған. Сонда оларды өмірге келтіру ғылыми жетістіктердің, ақыл-ойдың, білім мен тәжірибенің нәтижесі екеніне дау жоқ. Оларды пайдаланып, іске қосу да адамдардан үлкен білімді, қабілетті, материалдық мүмкіндіктерін талап етеді. Ал оларды қолданудың қажеттігі де өмір талабынан туған заңдылық. Сөйтіп, екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалады. Яғни, «екінші табиғат» болмысы – табиғат – рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Ол мәні жөнінен әлеуметтік-тарихи сипатқа ие, адамзат қоғамының құрамдас бөлігі, төл табиғат пен қоғамды жалғастырушы басты дәнекер. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен «екінші табиғаттың» үнемі үйлесін тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың көкейтесі жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады.
Адам болмысы екіге бөлінеді:
1) рухани болмыс - сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.
2) Әлеуметтік болмыс - екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
Материя ұғымының философиялық мәні
Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. «Материя» деген терминді қолданбаған бірде - бір философиялық мектеп немесе бірде - бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес. Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.
Өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне, ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.
Дүниенің бірлігі, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни-идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.
Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек философисында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алады. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізгі төрт заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы деген ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізгі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой-пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукрецкий Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы атомдардың санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты.
Қысқасы, ежелгі грек материалистерінің көзқарасы бойынша, күрделі заттардың бәрі қарапайым заттардан шыққан, солардың қосындысы, құрамасы. Күрделі заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Олар ыдырағанда алғашқы қарапайым заттардан ажырайды. Ал қарапайым заттар біртекті, тұрақты болады. Материя міне, осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл ғарыштың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығы шығатын тек ретінде қаралады. Сөйтіп, ежелгі материалистердің көзқарасында, тұтас алғанда, дүниенің материалдығы, оның мәңгілігі мен үздіксіз өзгермелі болуы, материяның санадан тәуелсіздігі сияқты бірсыпыра өте маңызды, әлі күнге мәні жоғалмайтын құнды пікірлер бар. Олар үшін әлем түрлі заттардың кездейсоқ қосындысы емес, ол біртұтас құбылыс. Алайда олардың философиялық ой-толғамы өз дәуірлерінің даму деңгейіне сәйкес қарапайым әрі шектеулі еді. Солай бола тұрса да, олар жасаған ілімнің кейбір негіздері XIX ғасырдың аяғында дейін материалист философтар мен жаратылыстанушы ғалымдардың ой жүйесінде үстем орын алып келді.
Жаңа дәуір философиясында (XVII – XVIII ғасырлар) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс ғалымдардының, әсіресе, математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материаны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ касиеттерімен байланытсуға бейімделді. Мәселен, И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады. Кейіннен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны пара-пар деген пікірге ауытқып кетті. Д.И. Менделеев 1889 жылы Санкт-Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса....» Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. «Жалпы алғанда материя дегеніміз, - деп жазды П. Гольбах, - біздің сезімімізге әсер ете алатынның бәрі...» Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғына дейінгі материалистік дүниетанымда материя ұғымы түсінуде метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырды.

- Онтология в философии
- Онтология и логика Гегеля
- Онтология как учение о бытие
- Онтология как учение о бытие.
- Онтология как учение о бытии
- Онтология как учение о бытии
- Онтология как учение о бытии. Сущность проблемы бытия, ее философский смысл
- Онтологическая природа права
- Онтологические корни агностицизма Иммануила Канта
- Онтологические принципы Аристотеля
- Онтология
- Онтология
- Онтология
- Онтология