Қор биржасының мәні және биржалық сауда
КІРІСПЕ
Қазақстанда нарықтық қатынастардың
орнауы тек қана бұған дейін болған
басқарудың формалары мен әдістерінің
трансформациясы, тауар және қаржы
нарықтарының функцияларының өзгеруі,
экономиканың барлық саласының модернизациялануы
ғана емес, сонымен қатар әкімшілік
экономика тұсында қажет
Осы тақырыптың маңыздылығы – қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика. Құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.
Зерттеу жұмыстың мақсаты:
- Қор биржасының мәні мен міндеттерін айқындау;
- Қазақстан Республикасы қор биржасы даму ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстан Республикасы қор биржасының негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмыстың міндеті:
- Қор биржасының түсінігі мен дамуын анықтау;
- Қор биржасын құрушылар мен оның мүшелері, басқару органдары туралы ақпарат беру;
- Қазақстанда қор биржасының дамуын қарастыру;
- Қазақстан қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау;
Зерттеу жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының қор биржасы.
Жоспары экономика жағдайында
қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық
ведомстволардың шешімімен
Биржа дегеніміз бұл –
ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс
істейтін нарық, онда сұраныс пен
ұсыныстың негізінде ресми
Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:
- Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
- Қор биржасы;
- Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.
Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта – биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасалынатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Қор биржасы – бұл бағалы
қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін
қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін
ұйым. Қор биржасының толық мәні,
оның экономикадағы атқаратын
- қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
1. Қор биржасының мәні және биржалық сауда
1.1 Қор биржасының нарықтағы алаты
Биржалық сауда — әрқашан ұйымдастырылған нарықтың бір формасы, яғни ол нормативтік актілерде көрсетілген ережеге сай кызмет ететін нарық.
Жалпы нарық деген түсінік капиталға жеке меншік негізінде құрылған өндірістік қатынастардан туындайтын көптеген процестерді қамтиды. Алайда, биржалық іс-әрекет тұрғысынан қарағанда нарық деген ұғым сату, сатып алуға байланысты процестерден тұрады. Осы мағынада ұйымдастырылған нарық белгілі бір тәртіппен кез келген активтерді, яғни тауарларды, қызмет түрлерін, бағалы қағаздарды және т.б. активтерді сатып алу, сату қатынастарының жиынтығы.
Нарықта активтердің қай түрі айналысқа түсуіне байланысты оны ұйымдастыру ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Дегенмен, ұйымдасқан нарыққа тән бірсыпыра ерекшеліктер бар. Олар:
- сауда жүргізу, есеп айырысу және активтерді нарыққа түсірудің бекітілген ережелері болуы;
- нарықтың жұмысын басқаратын ұйымның болуы шарт;
- уақыт және кеңістік бойынша сұраныс пен ұсынысты шоғырландыру;
- мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар тарапынан нарықтың жұмысын реттеу керек.
Ұйымдастырылған нарық - басқаша айтқанда, реттелген нарық, бірақ бұл реттеу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тауарлардың немесе басқа да активтердің сатып алу-сату процестері әр түрлі деңгейде реттеліп отырылуы мүмкін. Сауданы ұйымдастыратын ұйым болуы қажет. Ол ұйым сауда ере- жесін жазып, оны бекітіп, нарыққа қатысушыларға жеткізіп, оның орындалуын қадағалап отырады. Сауда ережесі көп жылғы жұмыс тәжірибесінен қалыптасады. Егер белгілі бір нарықтың конъюнктурасының өзгерістерін қадагалап отыратын катысушылар болмаса (сатып алушылар, сатушылар) жаңа ұйымдасқан нарык болсын, не бұрыннан калыптасқан нарық болсын сауда жүрмей қалуы мүмкін.
Мемлекет нарықгы реттейтін екі түрлі - бір жағынан фискалдық іс тұрғысынан, яғни нарық жұмысынан салық алу, екінші жағынан кейбір активтер нарығын дамытуды ынталандыру мақсатымен саясат жүргізеді.
Айта кететін жайт, тарихи-ғылыми
тұрғыдан алғанда нарықты ұйымдасқан
жэне ұйымдаспаған деп екіге бөлу
өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін
маңызды болды. Ал дамыған елдерде
соңғы 50 жылда нарык эрқашан
Биржалық сауданың басқа сауда формаларынан ерекшелік- терін айтатын болсақ, ең алдымен, бұл атау осы сауданы жүзеге асыратын ұйымның атауынан - «биржа» сөзінен шыққан. Шын мәнінде биржалық сауда ұйымдастырылған сауда, себебі оны ұйымдастырған арнайы ұйым - биржа.
Биржалык сауда не капитал тобына
(мысалы, бағалы қағаздар, валюта), немесе
тауарлар тобына (мысалы, түсті металдар,
ауыл шаруашылығы тауарлары жэне
т.б.) жататын активтермен
Биржалық саудаға кез келген нарыққа қатысушылар биржа- дағы активтерді сатып алу-сатуға қагыса алады, бірақ сатып алу- сату тек биржалық делдалдар арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл биржалық сауданың басқа сауда түрлері мен формаларынан өзгешелігін білдіреді.
Биржалық сауда басқа сауда
формаларынан өзінің атауынан басқа
да бірсыпыра белгілермен
- биржалық сауда арнайы дайындалған орында жэне биржа белгілеген уақытта жүргізіледі;
- биржалық сауда биржаның өзі бекіткен ережеге сай жүр гізіледі. Оған қатысушылардың барлығы ереже талаптарын орындауға міндетті. Олай болмаған кезде айыппұл төлейді, немесе биржа мүшелігінен шығарылады;
- биржалық сауданың жариялылыгы, яғни биржалық са уда барлық биржа мүшелері қатысқанда ғана, не болмаса олардың келісімімен жүргізіледі;
- ашықтығы, яғни биржалық сауданың нәтижесі көпшілікке ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі;
- мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардын сауданы реттеуі, яғни биржа мемлекеттік заңдар мен нормативтік актілер негізінде өзі бекіткен ережеге сай іс-әрекетін жүргізеді;
- биржада сатылатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс жинақталып, шоғырланады. Себебі биржа сатып алушы мен сатушы кездесетін орын. Қорыта айтқанда, биржалык сауда сауданың басқа формаларымен ұксастығы да және айырмашылығы да бар ұйымдастырылған нарық.
Биржалық сауданы бір үлгіге салу, яғни стандарттау биржалық жаңа активтің - биржалық фьючерстік шарттың, яғни белгілі бір мерзімнен кейін келешекте биржалық тауармен қамтамасыз ету шартыньщ пайда болуына әкеп соқтырды. Осы активке сай биржалық сауданың жаңа механизмі - фьючерстік сауда пайда болды. Фьючерстік сауданың механизмі биржалық сауданың әмбебап құралы болып шықты.
1.2 Биржалық сауданың даму кезеңдері
«Биржа» деген сөздің екі түрлі этимологиясы (шығу тарихы) бар. Біріншіден, кейінгі латынның “bursa” сөзі әмиян деген ұғымды білдірсе, французша да, грекше де әмиян және студенттік шәкіртакы деген мағынаны білдіреді екен. Екіншіден, қазіргі Бельгияның Брюгге қаласындағы Вандер Бурзе деген дворяниннің үйінде үш әмиян салынған белгі ілінген. Сол үйдің алдындагы алаңда Еуропа қалаларынан келген саудагерлер сауда-саттык жүргізхен, эсіресе ақша айырбастаумен шұғылданған (ол үшін үйдің кожасы ақы алған). Сөйтіп алғашқы биржа 1406 жылы пайда болып, онда Еуропаның эр түрлі қалалары мен елдерінен тауар- лар айырбасталған. Ал қазіргі биржа - сауданың ұйымдасқан түрі, сұраныс пен ұсыныстың негізінде белгілі бір тәртіппен жэне еркін баға белгілеу принципіне сай стандартты биржалық активтерді сатып алу -сатуға биржалық саудагерлер кездесетін орын. Алғашында биржалық сауда өзіне сатуға түскен тауарға байланысты «дәстүрлі» қалыптасқан саудадан айырмашылығы болган жоқ. Биржалық сауданың тек сауда жүргізу әдісі басқа болады, яғни ол - ұйымдастырылган нарық. Қазіргі ұғымдағы биржалық тауар саудасының пайда болуының басты себебі мыналар.
Біріншіден, ірі өнеркәсіптің дамуы жэне оның шығарған ірі топтамалы үнемі, қайталанып отыратын тауарларын сагатын нарыктың қажеттігі.
Екіншіден, тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныстың ара- қагынасына байланысты қалыптасуынан.
Биржалык сауда тауар саудасы түрінде пайда болып, кейін басқа активтерді сататын, ең алдымен бағалы қағаздарды сататын сауда ұйымы болып дамыды. Қазіргі кезде биржалық сауда негізі- нен бағалы қағаздарды сататын орын (нарық).
Тауар саудасы формаларының бәсекелестігі XX ғасырда нақты тауар саудасын биржалық айналымнан ығыстырды. Себебі, сатып алушыға эр кезде нақты бір тауар қажет. Сонымен қатар, биржалық сауда биржалық тауарды үйлестіру жэне бір үлгіге салу бағытында дамыды. Онысыз сауда көлемін ұлғайту, биржалық мэміле санын арттыру мүмкін емес.
Биржалық сауданы бір үлгіге салу, яғни стандарттау биржалық жаңа активтің - биржалық фьючерстік шарттың, яғни белгілі бір мерзімнен кейін келешекте биржалық тауармен қамтамасыз ету шартыньщ пайда болуына әкеп соқтырды. Осы активке сай биржалық сауданың жаңа механизмі - фьючерстік сауда пайда болды. Фьючерстік сауданың механизмі биржалық сауданың әмбебап құралы болып шықты. Себебі, фьючерстік шартгың негізіне кез келген актив алынады, бірақ шартта оның нақты заттық сипаты, не болмаса сапалық сипаты көрсетілмейді. Оның тек белгілі бір сандық көрсеткіші, мысалы, активтің проценті немесе оның ин- дексі алынады.
Биржалық сауданың өрістеуі барысында бұп сауданың ме ханизмінде де, объектісінде де үлкен озгерістер пайда болды. Биржалық тауар саудасы XVI ғасырда пайда болып, XX ғасырдың екінші жартысында толығымен жойылды. XVI ғасырда пайда болған бағалы кағаздармен биржалықсауда қазіргі бағалы қағаздар нарығының шамамен алғанда тек жартысын қамтыды.
Ғылыми-техникалық революция биржа ісіне де енді. Оның негізі - электронды-есептегіш техника (ЭЕТ) жэне қазіргі бай ланыс құралдарының дамуы. Осыларды пайдалану нәтижесі әлемдегі елдердің биржалық нарығын біртұтас әлемдік биржалық нарыққа ұштастыру мүмкіндігін тудырды жэне оның тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Енді биржалық сауда сатушының биржалық залда көпшіліктің саудаға қатысуымен өтпейді. Сауда биржалық залда емес компьютерлік желі арқылы жүреді. Сатушы офистен шықпай-ақ, немесе өз үйінде отырып-ақ сауданың барысын біліп отырады. Биржа ісін компьюгерлендіру биржалык сауда мен биржадан тыс сауданың, сондай-ақ биржалық сатушы мен кез келген сатуға ұмтылушының арасындағы айырмашылықтарды жоюда.
Осыларға байланысты келешекке мынадай болжам жасауға болады. Нарықты одан әрі дамыту нәтижесінде XXI ғасырда бағалы қағаздармен сауда тауар саудасы сияқты биржадан тыс саудаға айналады. Ал биржалық сауда фьючерстік шартпен компьютерлік саудаға алмастырылады.
1.3 Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы
XX ғасырдың 90-жылдарының басында
Қазақстанда қор биржасының
Атап кететін жайт, Қазақстанда биржалық сауданың теория- лық жэне практикалық негізі болған жоқ. Дегенмен, патшалық Ресейдің биржа ісі бойынша 1917 жылға дейінгі, оған қоса КСРО- ның 20-жылдардағы биржаларының, сондай-ақ биржалардың әлемдік тәжірибесі болған.
1991 жылы Қазақстанда үш, атап
айтканда Алматы, Қостанай жэне
Қазақ кор биржалары құрылды.
1994 жылы желтоксанда Алматы жэне
Қазак кор биржалары бірігіп,
Орталык Азия кор биржасы деп
аталды. Ол 1995 жылдың 19 сәуірінде бірінші
рет сауда ұйымдастырды. 1995 жылдың
орта шенінде Қарағандыда,
Орталық Азия қор биржасынан басқа
мемлекеттік багалы қағаздармен
операцияларды Қазақстандық банкаралық
валюта биржасы валюта мэмілелерімен
катар жүргізді. Алайда, көптеген мамандардың
пікірінше, бағалы кағаздар нарығының
ақша-несие аясымен
Қор биржасы көбіне акционерлік меншік формасында ұйымдастырылады. Оның жарғылык қоры қүрылтайшылар арасында акцияларды орналастыру есебінен қүрылады. Қазақстан заңдарында қор биржасының жарғылық қорының ең аз шегі көрсетіледі. Қор биржасы коммерциялық емес ұйым, яғни оның мақсаты пайда табу емес, ол басқа да жұмыс түрлерімен айналыспайды. Оның мақсаты - бағалы қағаздармен сауда жасауға қолайлы және тиімді жағдай тудыру, бағалы кағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражатын салатын жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.
Қазақстан Республикасының Заңында «Биржа - кызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалык инфрақұрылымды аппараттық-техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект» деп жазылған.
Әлемде алғашқы тауар биржалары
XVI ғасырда Еуропаның сауда
Әдетте, көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мысалы, базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі биржа деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін, тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын алынған. Міне, осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізегін үйымдармен біріктіреді. Әйтсе де, әдетте саудадан биржапық сауданың ерекшеліктері бар:
- биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері немесе арнайы сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу- сатуға шарт жасалады;
- биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен топтамаларын сататын және сатып алатын сатушы делдалдар қатысады.
Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа - заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы.
Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты тауар түсетін орын ретінде, яғни онда тауарлар сатылатын жэне сатып алынатын биржа ретінде пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы мен сауда көлемінің жедел өсуіне байланысты бүкіл тауарлар козғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтижесінде, XX ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға ауысты. Дегенмен, тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі түрлі жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының конъюнктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т.б. іс-шаралар жүргізетін орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фыочерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастырды. Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор биржалары да, валюта биржалары да меңгерді. Нәтижесінде, бір жағынан әр түрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешіліктер жойылса, екінші жағынан барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде. Тауар биржасы қазіргі биржалардың алғашқы нұскасы. Оларда сатылатын активтер түріне (тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы жэне валюта биржасы бөлініп шықты.
Биржа дамуының болашағын айтатын
болсак, қазіргі кезде ғылыми-
Тарихи мәліметтер биржа ұғымы үнемі өзгеріп отыратын түсінік екенін аңғартады. Сондықтан казіргі кезде саудаға арнаулы орын - сауда залын дайындаудың қажеттілігі жойылып, биржаның көтерме сауда нарығы сияқты міндетті белгісі де өзгерді. Себебі, электрондық жүйе арқылы бұрынғыдай активтердің үлкен топтамасы емес, кез келген мөлшерін сатуға мүмкіндік туды. Айта кететін жайт, биржаның клиенттерін, яғни сатып алушы мен сатушыны бір-бірімен өзара кездестіретін биржалық делдалдар нарықтық қатынастардың негізі ретінде қазіргі уақытта да өз маңызын жойған жоқ. Алайда, автоматтық жүйе арқылы сатушы мен сатып алушыны іздестіру болашақта биржалық сауданың бүл негізін де керек қылмайтын сыңайы бар.
Келешекте жойылатынын болжауға болмайтын тек бір нәрсе ғана бар, ол - биржаның мәні. Себебі биржа сауданы үйымдастырушы, басқарушы жэне бакылаушы ұйым. Сайып келгенде, биржаның тарихи даму кезеңдерін төмендегідей қорытындылауға болады:
- XVI ғасырда биржа - импортталатын көтерме сауда орны.
- ХУІІ-ХІХ ғасырларда биржа - тауарлармен, бағалы қағаз- дармен, валютамен көпшілік ірі сауда ұйымдастыратын ұйым;
- XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысында биржа - бағалы қағаздармен және тауарларға фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік сауда жүргізетін ұйым;
- XX ғасырдың 70-80 жылдарында биржа - бағалы қағаздармен жэне фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік жэне электрондық сауда жүргізетін ұйым;
- XXI ғасырдың бас кезінде биржа - бағалы қагаздармен және фьючерстік шарттармен электрондык сауда жүргізетін ұйым;
- XXI ғасырдың орта шенінде биржа - компьютерлік жүйемен сауданы басқаратын ұйым.
2. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі
2.1. Қазақстанда қор биржасының дамуы
Жалпы алғанда, қор биржасы бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан Қазақстанда қор биржаларының қалыптасу негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау дұрыс емес. Қазақстандағы қор биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйысдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты заңнамалық база қажет екені белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларын дамыту мақсатында кейбір заңдар кеңес үкіметі кезінде де қабылданған болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек жоспарлы экономика тұсында қор биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені бұл тұста мемлекет барлығына өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді өзі шешті.
Енді осы бағалы қағаздар нарығы мен қор биржасының даму үрдісі және осы даму жолында қабылдаған заңнамаларға толығымен тоқталсақ.
Бағалы қағаздар нарығын
құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік
органдардың бағалы қағаздар айналысы
тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі
бір жағдай жасайтын заңдар шығару.
Сол заңдардың мемлекет мүддесі
мен халық керегін
Бағалы қағаздар туралы қазіргі
Қазақстан заңдары біраз
1917 жылы Қазан революциясына
дейін Қазақстан Ресей
Заң шығарудың келесі кезеңі
- экономиканы қайта құру идеясы
өндірісті қосымша
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жоғарыда айтылған Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
- 1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
- 1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жүмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
- 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Бағалы қағаздар туралы» Ереже шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі.
Содан кейiн елiмiзде алғашқы
акционерлiк қоғам КТК (Коммерцеский
телевизионный канал) тiркелдi. Ол өз
қызметiн және басқарылуын акция
үлесi арқылы iске асырып отырды. Осы
жылы елiмiзде бағалы қағаздар рыногында
алғашқы маманданған –
1994 жылдың 20 наурызындағы
Республика Президентінің «
Бұл жарлық 1991 жылғы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды.
1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан
Республикасының президентi “
Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын
дамытудың және оның құқықтық негіздерін
қалаудың қазіргі кезеңі басталды.
Осы кезде негізгі нормативтік-
1996 жылдың аяқталу кезінде
Қазақстан бағалы қағаздар
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы
қағаздар нарығы туралы» және
«Қазақстан Республикасында
1997 жылы жүргізілген тендердің
нәтижесінде Ұлттық банк пен
Қазакстан қор биржасының
2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан
Республикасы Президентінің «

- Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы
- Қорғасын
- Қорғасын Pb
- Қорғасын және оның қосындыларымен улану
- Қордардың есебі
- Қордардың есебі
- Қорек көздері пәніне кіріспе
- Қонақ үй классификациясы мен түрлері
- Қонақ үй кызметі
- Қонақ үй қызметі
- Қонақ үй қызыметінің арнаулы нарығы
- Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
- Қонақ үйлердің жіктемесі
- Қонақ үй туристік кешендер менеджменті