Қонақ үйлердің жіктемесі

     Жоспар 
 

     Кіріспе

  1. Қонақ үйлердің жіктемесі.
  2. Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға ұсынылған қонақүйлердің стандартты жіктемесі АҚШ және Еуропа елдері мысалында.
  3. Әр түрлі категориядағы орналастыру орындарына қойылатын талаптар

    Қорытынды

    Қолданылған әдебиеттер 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе 

      Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің  жетекші факторы мен базасы болып  табылады. Бірақ біздің елімізде қонақ  үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.

      Қазіргі кезде әлемнің әр түрлі нүктелерінде қызметтер саласының феноменальді кеңеюіне айқын тенденция байқалуда. Сервистік қызмет – бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады.  Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді.

      Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл  ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ  үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта  өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу – шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша “қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда,  фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”.  

  1. Қонақ үйлердің жіктемесі
 

    Қонақ үйлерді олардың алуан түрлілігіне байланысты жіктеу қиын. Қонақ үйлердің негізгі жіктеу белгілері:

  1. Көлемі бойынша қонақ үйлер келесі топтарға бөлінеді:
    • 150 нөмірге дейінгілер;
    • 150-ден 300 нөмірге дейінгілер;
    • 300-ден 600 нөмірге дейінгілер;
    • 600 нөмірден астамдары.
  1. Мақсатты нарықтары бойынша қонақ үйлер былайша жіктеледі:
    • коммерциялық  қонақ үйлер;
    • әуежай маңындағы отельдер;
    • люкс-отельдер;
    • курорт отельдер;
    • жол бойындағы қонақ үй;
    • казино отель;
    • тұрақтану орны.
  1. Ұсынылатын қызметтердің деңгейі мен саны бойынша:
    • Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі – отельдер жоғары саяси және басқарушылық ортаның тұлғаларын сипаттайтын қонақтарды қабылдауға арналған;
    • Қызмет көрсетудің орташа деңгейі – демалушылардыың ең үлкен сегментіне арналған отельдер (150-200 нөмірлер);
    • Қызмет көрсетудің шектеулі деңгейі – табысы онша жоғары емес тұлғаларға арналған.
  1. Ғимарат нысаны мен ұсынылатын қызметтердің түрлері бойынша қонақүйлер келесідей түрлерге бөлінеді:
    • Флайтель – әуе қонақүйі. Жоғары сапалы қызметтерді көрсетуде зор көлемімен ерекшеленеді, ұшаққа арналған миниәуежайы немесе отырғызу алаңы бар;
    • Ботель – бұл шағын ғана суда орналасқан қонақүй, шағын көлемді кеме және қонақүй қызметтерінің аз ғана мөлшерін ұсынады;
    • Флотель – кемедегі үлкен қонақүйді сипаттайды және ботельден айырмашылығы мұнда қосымша кеңейтілген қызметтер көрсетіледі, көбінесе бұл спорт және демалыс қызметі;
    • Мотель – ең қажетті ғана қызметтерді көрсететін жол бойындағы шағын қонақүй;
    • Кемпинг – палатка немесе шағын коттедж сипатындағы қонақүй, онда қызметтердің шамалы саны ғана көрсетіледі;
    • Ротель – екі немесе үш бөлігі (отсек) бар вагон тәрізді қонақүй.
 
 
 
 
 
  1. Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға ұсынылған қонақ үйлердің стандартты жіктемесі АҚШ және Еуропа елдері мысалында
 

     Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға  ұсынылған қонақ үйлердің стандартты жіктемесі 1-кестеде көрсетілген.  

Категориялар Разрядтар Топтар
Орналасудың ұжымдық стандарттары 1.Қонақүйлер  мен оған ұқсас орналасу орындары 1.Қонақүйлер

2.Соған  ұқсас орындар

2.Арнайы  орындар 1.Сауықтыру  орындары

2.Еңбек  пен демалыс лагерьлері

3.Қоғамдық  көлік орындары

4.Конгресс-орталықтар

3.Басқа  да ұжымдық орындар 1.Демалуға арналған орындар

2.Кемпингке  арналған алаңдар

3.Басқа  да ұжымдық орындар

Орналастырудың  жеке дара орындары Орналасудың жеке дара орындары 1.Өзінің меншікті  орындары

2.Жанұялық  үйлердегі жалға алынатын бөлмелер

3.Жеке  тұлғалардан немесе агенттіктерден  жалға алынатын оырндар

4.Таныстармен  немесе туысқандарымен тегін  ұсынылатын орындар

5.Жеке  дара негіздегі басқа да орындар

     1-кесте.  Әлемдік саяхаттау ұйымымен қолданылуға  ұсынылған қонақүйлердің стандартты  жікемесі 

     Қонақүйлерді  сонымен қатар бағыныштылық белгісіне қарай тәуелсіз коммерциялық кәсіпорындар немесе белгілі бір артықшылықтарды ұсынатын қонақүй тізбегіне кіретіндер деп бөлуге болады.

      Қонақүйлер  қызметінің тәжірибесінде сонымен  қатар шартты жіктемені қолданады, оған сәйкес қонақүйлерді 2 түрге бөледі:

  • Тәуліктік құны 25 АҚШ долларныа дейін баратын бір орынды нөмір;
  • Тәуліктік құны 25 АҚШ долларынан асатын бір орынды нөмір.

     Жаңа  дизайнды, спутникті теледидармен, телефонмен жабдықталған екі орынды, орта деңгейлі қазақстандық қонақүйлердің  құны 90-120 АҚШ долларына дейін жетеді.

     Әр  түрлі елдерде қонақ үйлерді  жіктеудің әр түрлі жүйелері қолданылады, дегенмен айрықша таралғаны француздық бес жұлдызды жіктеме болып табылады.Бес  жұлдызды жіктемеге бағыттала отырып, Қазақстанда қонақүйлер «бес жұлдыз», «төрт жұлдыз», «үш жұлдыз», сияқты категорияларға жіктелген.

      1998 жылы Қазақстандық қонақүйлер  және мейрамханалрадың ассоциациясы (ККжМА) құрылды. Оның басты  міндеті – елімізде қонақүйлердің  дамыған нарығын құру. Ол Қазақстандық  туристік ассоциациясының, Қазақстандық қызмет көрсету институтының құрылтайшысы болып табылады және Қазақстанның ірі қонақүй компанияларын біріктіреді.

      Бизнес  нысанына байланысты қонақүйлер тәуелсіз, франчайзингтік, сонымен қатар басқаруға  деген контрактілерді қолданып, қонақүйлер жүйесіне бірігуі мүмкін. Қонақүй тізбектері – бұл контракт бойынша басқаруға негізделіп, жұымыс істейтін қонақ үйлердің бірлестігі.

     АҚШ-та 25 негізгі қонақ үй тізбектерін  шамамен номерлердің барлық қорларының 50%-дан астамы біріктіреді. Негізгі  жетекші компаниялары «Холидей Корпорейшн», «Бест Уэстинг».

      Қонақ үй тізбектерінің пайда болуы, ең алдымен басымды бәсекемен және төмен баға бойынша тапсырыс беру қажеттілігімен байланысты. Бұл тізбектер  өздерінің мақсаттарына жету үшін компьютерлік және ақпараттық қамсыздандырудың әр түрлі типтерін қолданады.

      Тәуелсіз  кәсіпорындардың келесідей белгілі  бір артықшылықтары бар:

  • Қайталанбайтындығы және бірегейлігі;
  • Нарықтық саясаттыжүргізген кездегі тұрақтылық;
  • Нарыққа қол жеткізу мүммкіндігі;
  • Қонақүй тізбектеріне қарағанда қайталанбастығы арқасында табыстылыққа жету мүмкіндіктері.

    Тәуелсіз  қонақүйлердің кемшіліктері:

  • Бірегей сипаттамалардың үлкен нарықтық сегменттің мүдделеріне сәйкес келмеуіне байланысты олардың кең спектрін құру мүмкіндігінің болмауы;
  • Өнімдерді стандарттау, қызмет көрсету және басқарушылық саясатүрдістерінің қиыншылығы;
  • Мамандарды дайындау және жалдау біршама қымбат;
  • Клиенттерге қызмет көрсету туралы ақпараттың шектеулілігі;
  • Бәсекеге түсу жағдайында тұралағыштығы және өмірге қабілетсіздігінің мүмкін болуы.

     Отельдердің халықаралық жіктемесі:

  1. Американдық. АҚШ-та ресми түрде укіметпен бекітілген қоанқүйлердің жіктемесі жоқ. Соған қарамастан тәжірибеде мұндай жіктеме ба. Осылайша, Американың Автомобильдік Ассоциациясы қоанқүйлерді «бриллианттарға» бөледі, ал іссапарларды ұйымдастыратын бизнес түрінің Ассоциациясы «жұлдыздар» жүйесі бойынша беске дейін бөледі. АҚШ, Канада, Мексика аумақтарында орналасқан 41 000 қонақүйдің ішінде «5 бриллиант» сапасыныың жоғары бағасын 2%-дан астамы иеленеді.
 
    1 жұлдызды  Негізгі жол жағынан ғимаратты қарапайым рәсімдеу. Отель айналасындағы учаскені қарапайым рәсімдеу. Негізгі холдың, яғни резервтеу орны мен тіркеу бағанасының көлемі жеткілікті. Холда демалыс орындарының саны шектеулі, қабырғадағы картиналар саны аз. Қонақтардың нөмірлері саланың қазіргі стандарттарына толық сәйкес келмеуі де мүмкін. Базалық қызмет көрсету.
    2 жұлдызды Негізгі жол  жағынан ғимаратты рәсімдеу сапасы орташа, отельайналасындағы учаске біршама  рәсімделген. Негізгі холдың, яғни нөмірлерді резервтеу орын мен бағанасының көлемі орташа. Холдағы демалыс орындары шектелген, еденде кілем төселген, үстелдерде қарапайым көркем заттар , біршама өсімдіктер бар. Нөмірлер жалпы саланың қазіргі стандарттарына сәйкес келеді. Қызмет көрсету біршама жақсы.
    3 жұлдызды Негізгі жол жағынан ғимаратты рәсімдеу өте жақсы. Отель айналасындағы ғимарат жақсы рәсімделген. Негізгі холдың, яғни резервтерді резервтеу орны ымен тіркеу бағанасының көлемі үлкен. Бірнеше орындарға топтастырылған демалысқа арналған орындар саны жеткілікті, еденде кілем төселген, көркемдік жағынан безендірілген әдемі армкадағы және жақсы сападағы көркем заттар, тірі өсімдіктер, жүкті тасымалдау үшін арбалар, әрбір қабатқа жауап беретінқызметкерлер үшін жеке оырн бар. Қоанқтардың нөмірлері осы сала бойынша қазіргі талаптарға толығымен сай. Отельде көрсетілетін қызмет түрі жоғары.
    4 жұлдызды Негізгі жол  жағынан ғимарат өте жақсы  рәсімделген, отель айналасындағы  учаске кәсіби түрде дайындаоған. Негізгі  холдың көлемі үлкен, онда тарихи құндылықтары бар атрибуттар бар: нөмірлерді резервтеу орны мен тіркеу бағаанлары үлкен көлемді және мрамордан немесе ағаштың құнды түрлерінен жасалған, Кең учаскеде бірнеше орындарда топтастырылған демалысқа арналған орындар саны жеткілікті, ағаштан жасалған немесе кілем төселген еден, қымбат шамдар, жоғары сапалы көркем суреттер,  тірі өсімдіктер саны көп, жайлы музыка, келушілер мен қайтатындарға арналған жеке орындар , әрбір қабатқа жауап беретін қызметкерлерге арналған жеке орындар.Қонақтарға арналған нөмірлер осы саладағы қазіргі стандарттарға толығымен сай және бірнеше қосымша жағдайлар жасалған.  Қызмет көрсету жоғары сапада жүргізіледі.
    5 жұлдызды Негізгі жол  жағынан ғимарат өте жақсы  рәсімделген, отель айналасындағы  учаске  кәсіби түрде рәсімделген, ағаштар мен архитектуралық көріністер өте көп. Негізгі холдың көлемі жағынан үлкен және онда тарихи құнды атрубуттары бар, нөмірлерді резервтеу орны және көлемді тіркеу бағаны, олар ағаштың қымбат түрінен немесе мрамордан жасалған, кең учаскеде бірнеше орындарда топтастырылған демалушыларға арналған орындар орын көп. Қымбат шамдар, жоғары сапалы  көркем суреттер, тірі өсімдіктер мен жаңа гілдер саны мол, жайлы музыка, келушілерге және қайтатандарға арналған жеке орындар, әрбәр қабатқа жауап беретін қызметкерге арналған жеке орындар, консьержді қызмет.

    2-кесте.  Американдық қонақ үйлердің жіктемесі 
     
     
     

     
  1. Еуропалық («жұлдызды») – бұл бүкіл әлемді кездесетін отельдер рейтингінің стандартты жүйесі (3-кесте).
 
    1 жұлдызды Әдетте, бұл  иеленушінің өзі басқаратын шағын  ағана қонақ үйлер. Көбінесе  бұл 2, 3 немесе 4 қабатты ыңғайлы ғимарат. Жиһаз бен ғимарат таза, бірақ тек базалық талаптарға сай келеді. Көбінесе мұндай орындарда мейрамхана болмайды, бірақ та арзан бағамен тамақ ішуге болатынасханалар болады. Қоанқтардың келуі уақытпен шектелуі мүмкін. Бұл ықзмаеттер саны аз шамада боалтын арзан қонақ үй (нөмірлерді күнделікті тазалау бұларда жүргізілмеуі де мүмкін). Бірақ нөмірлер бір типті.
    2 жұлдызды Әдетте, бұл  тұрақты сапалы қызметтер көрсететін репутациясы бар тәуелсіз және фирмалық қонақ үй құрылымдарының өкілдері. Нөмірде телефон мен телевизор болыд. Мұндай типтегі кейбір қонақ үйлер шектеулі мейрамханалық қызмет көрсетеді, бірақ нөмірлерде тамақөтану мен әрбір қабатқа жауап беретін қызметтері әдетте қарастырылмаған, аз бюджетті қонақ үй, мұнда қызмет көрсету жағы шамалы ғана,  оған қарамастан нөмірлер күнделікті тазаланып тұрады. Нөмірлер бір-екі типті.
    3 жұлдызды Бұл қонақ үйлердің орындары кең, нөмірлері ыңғайлы  және холдары жақсы безендірілген. Әрбір қабатқа жауап беретін  қызметері жүргізілмейді. Қоанқ үйде орташа көлемді мейрамхана бар. Нөмірге тамақ тапсырыс беру мүмкіндігі әр түрлі болуы мүмкін. Қызметкерлердің автоммобильдерді орналастыру бойынша қызметтері жиі ұсынылдаы, фитнесс-орталықтары мен бассейндері бар. Бұл қызметтер түрі стандартты, орташа класты қонақ үй нөмірлерінде күнделікті жинастыру, нөмірлерде интернетке шығу мүмкіндігі бар, теледидар, тоңазытқыш, үтік, қонақ үй аумағында тұрғындар үшін кір жуу қызметі көрсетіледі, бизнес-ортылығы бар. Бұл ықзмет түрлерінің кейбір түрлері көрсетілмеуі де мүмкін (мысалы, трансферт қызметі). Нөмірлердің типтері әр түрлі (бір орындық, екі бөлмелік, темекі тартатындар үшін, темекі тартпайтындар үшін және т.б.).
    4 жұлдызды Негізіненбұл  тіркеу және әрбір қабат үшін жауап  беретін қызметі бар кеңінен қамтылған тіркеу орны бар ірі қонақүйлер. Мұнда қызмет көрсету деңгейі орташадан жоғары, нөмірвлер жақсы рәсімделген және жақсы жиһаздары бар.  Қонақ үй мейрамханасында тамақ түрі негізгі бір түрмен ғана шектелмейді. Кейбір мұндай оырндар континентальді таңертеңгі ас немесе «бақытты сағатта» тамақтануды ұсынады. Біршама тәуліктер бойы мұнда нөмірге асқа тапсырыс беруге болады. Гараж қызметтері немесе қызметкерлермен автокөліктерді орналастыру бойынша қызметтер ұсынылады. Мұндай қонақ үйлерде консьерж қызметі, фитнес-орталықтар немесе  бір немесе бірнеше бассейн бар. Арнайы қызметтерді (SPAтәрізді, массаж, бірнеше барлар мен мейрамханалардың болуы, конференц-залдардың болуы) ұсынатын жоғары класты қонақ үйлер. Нөмірлерге деген бағалар мұндай қонақ үйлерде орташадан жоғарырақ.
    5 жұлдызды Бұл қызметтер  мен орналастырудың, сонымен қатар  жеке дара қызмететрді көрсететін жоғары деңгейлі қонақ үй. Мұндай деңгейлі қонақ үйлердің басқаларға қарағанда, көлемі үлкен, олар бизнестің ауқымында кеңейген кезде өте қажетті жайлы жағдай ұсынады. Қонақ үйлердің холдары өте кең, нөмірлерде жиһаз жаңа, олардың сапасы да жоғары. Нөмірлерді видеоқұралдар, джакузи, кітапхана, ванна және басқа да ыңғайлы құрылғылар орналасқан. Мұндай қонақ үйлерде үш алуан түрлі мейрамханаларға дейін болады. Нөмірлерді қызмет көрсету тәулік бойын жүргізіледі. Автокөліктер қызметкерлермен орналастырылады, гараждары бар. Класстары люкс. Қызметтердің кең түрімен, әсіресе эксклюзивті қызмет түрімен ерекшеленеді (мысалы жеке гольф-клубтың болуы, көп бөлмелі апартаменттер мен күтушілердің болуы, т.б.) Клиентке жеке дара түрде көңіл бөлінеді, нөмірлерге деген бағалар мұндай қонақ үйлерде біршама жоғары. Әдетте мұндай категорияға барлық әйгілі әлемдік қалалық және курорттықотельдері жатқызылады.

    3-кесте.  Еуропалық қонақ үйлердің жіктелуі. 

    
  1. Баға жіктемесі. Қонақ үйлер нөмірлердің құнына байланысты бөлінеді. Аталған жіктеме бойынша қонақ үйлер алты түрге бөлінеді.

    Қонақ үй бизнесі жыл сайын әлемнің  көптеген елдерінің экономикасында өз позициясын күшейтуде. Тайланд, Сингапур, Малайзия, Гонконг сияқты Оңтүстік Шығыс Азия елдері кіру туризмінің дамуына біршама назар аударуда.  

Бюджеттік (30-40 долл.) Үнемді (40-60 долл.) Орташа (60-100 долл.) Бірінші классты (100-200 долл.) Люкс (140-450 долл.) Апартаментті (65-150 долл.)
  Holiday Inn

Express

    Crown Plaza  
  Fairfield Inn Coutyard Inn Marriott Marriott

Marquis

Marriott

Suites

    Radisson Inn Radisson   Radisson
  Sheraton Inn Sheraton Inn Sheraton Sheraton

Grande

Sheraton

Suites

    Hilton Inn Hilton Hilton Towers Hilton Suites
      Hyatt Hyatt Regency

Hyatt Park

Hyatt

Suites

  Ramada Limited Ramada Inn Ramada Ramada Ramada Suites

    4-кесте.  Қонақ үй тізбектері тұтынушы  класстары бойынша қызмет етуі 
     
     
     
     
     
     
     
     

  1. Әр  түрлі категориядағы  орналастыру орындарына қойылатын талаптар
 

     Туристтерді орналастыру саяхат барысында оларға ұсынылатын қызметтер кешеніндегі орталық орынды алады және кез келген турдың ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңа орналастыру орындарының салынуы ттуристік бағыттың қызығушылығын жоғарылатады және туристер ағымын көбеюіне әсер етеді.

     Орналастйру орындырының ішіндегі ең маңыздысы  – қонақ үй болып табылады. Қонақ үй индустриясының экономикалық қызметі болып туристтердің қонақ үйлерде, кемпингтерде, мотель, үйлерді және т.б. жерлерде қысқа уақыт мерзімде тұруы.

     Қонақ үйлерге негізінен төмендегілер тән:

  1. Нөмірлердің болуы.
  2. Негізгі және қосымша қызметтердің ұсынылуы.
  3. Ұлттық стандарттар бойынша топтастырылуы.
 
Талаптар Категориялар
Жұлдызы жоқ * ** *** **** *****
1 2 3 4 5 6 7
1.Ғимарат  және оған тиесілі  аумақ.

Атау  жазылған тақтайша:

  • Орналастыру орнының аты жазылған
  • Жарықтандырылған немесе жарқылдайтын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қонақтар  кіретін жер
  • Қызметкерлер есігінен бөлек
  • Көліктен есікке дейін жаңбырдан қорғау үшін жабық болуы
  • Қонақ үйден мейрамханаға (кафе, бар)
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Техникалық жарақталуы

Апаттық жарықталуы және энергиямен қамтамасыз ету:

  • Апаттық жарықталуы (аккумулятор, қолшамдар)
  • 24 сағаттан кем емес уақытқа жарықпен қамтамасыз ететін стационарлы генератор
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сумен қамтамасыз ету:
  • Ыстық, суық
  • Апаттық жағдайға, профилактикалық жұмыстарға резервті ГВС жүйесінен
  • Ішуге жарамды болуы үшін өңдеу құрылғысы
  • Нөмірде құтыдағы судың болуы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық  орындарда ауаны  кондиционерлеу, күні бойы        
Ішкі  радиохабар, лифтті қоса        
Ғимаратта лифтінің болуы
  • 5 қабаттан аса
  • 4 қабаттан аса
  • 3 қабаттан аса
  • 2 қабаттан аса
  • 1 қабаттан аса
  • Қызметтік, жүктік
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Күту  уақыты
  • 45 секундтан артық емес
  • 30 секундтан артық емес
  • Күні бойғы лифт қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Нөмірден  телефондық байланыс
  • Ішкі (қонақ үй ішінде ғана) немесе қызмет көрсетуші персоналды шақыру батырмасы нөмірлердің 100%-да
  • Ішкі нөмірлердің 100%-да
  • Ішкі және қалалық, нөмірлердің 100%-да
  • Ішкі, қалалық, қалааралық, халықаралық, нөмірлердің 100%-да
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұжымдық қолдану телефоны: қоғамдық орындарда (вестибюлде), кабинетте
  • Қалалық, қалааралық
  • Қалалық, қалааралық, халықаралық
  • Нөмірде телоефон болмаған жағдайда бір қабатта бірдер артық қалалық телефон
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    5-кесте.  Әр түрлі категориялар бойынша қонақ үй ғимаратының жарақталу

     Нөмірлік  қор дегеніміз – бір нөмірде болатын міндетті жиһаздар мен жабдықтардың жиынтығы. Орын дегеніміз – бір адам пайдаланатын және соған ғана арналған төсек орны бар жер.  

Талаптар Категориялар
Жұлдызы жоқ * ** *** **** *****
Бір орынды, екіорынды нөмірлерде орын кем емес:
  • 60
  • 80
  • 100
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көп бөлмелі  номірлер немесе қосылған бөлмелер      
   
Көп бөлмелі  нөмірлер        
 
Нөмір ауданы қонаққа еркін жүріп тұруына  және құрылғылар мен жиһаздарды толық пайдалануы керек          
Номір ауданы (санузел, лоджия, балкон аумағын  санамағанда), м2, аз емес:

бірбөлмелі             бірбөлмелі

бірорынды             екіорынды

9                                 12

10                               14

12                               15

14                               16

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қонақтардың көп бөлігін қабылдауға арналған нөмірлер:
  • 6 м2 – жыл бойы қызмет етеді
  • 4,5 м2 кем емес – маусымдық орналастыруға арналған
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
Нөмірдегі санузел (қолжуғыш, ванна, душ):
  • 25 аз емес
  • 50 аз емес
  • нөмірлер
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    6-кесте.  Нөмірлік қор 

     Техникалық жарақтануы – қонақ үйдің қауіпсіздігін, сонымен қатар туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жиынтығы. Қонақ үйдің техникалық жарақталуы 7-кестеде көрсетілген.

Талаптар Категориялар
Жұлдызы жоқ * ** *** **** *****
Ішкі  сақтандырғышы бар есіктер мен  құлыптар  
Қорғаныс  дабылы, дәліздегі бейнебақылау немесе бақылаудың электронды түрлері        
Дыбыс өткізбеу
  • 35 дБ
  • Жоғары, 35 дБ-ге дейін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жылу
Желдеткіш
Салқындатқыш      
   
Температураны жеке реттеуге арналған термостат        
Қонақ үйлердің жіктемесі