Қонақ үй индустриясының теориялық аспектілері
Кіріспе
Қонақ үй шаруашылығының дамуы
мен болашағы туралы айтпастан бұрын
“қонақ үй” сөзінің мағынасын
біліп алуымыз керек. Сонымен, қонақ
үй - жолаушылардың уақытша тұруына
арналған жай. Ертеде отырықшы қалалы
елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға
арнап жеке адамдар керуен сарайлар
ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін,
қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын,
көлік тұратын қора-жайлар болды.
Сарай иелері жолаушылардан төлемақы
алып тұрды. Дәстүрлі қазақ қоғамында
қалыптасқан қонақжайлық
Бірақ та қонақ үй сөзінің басқа да мағынасы бар: қонақ үй – өз үйінен шетте жүрген адамдарға ұсынылатын қызметтер жиынтығы, яғни түнейтін орын және тамақтандыру қызметтері ұсынлатын кәсіпорын.
Соңғы онжылдықта қонақжайлылық индустриясының дамуындағы ең маңыздыларының бірі, олар:
• қонақ үй және мейрамхана мамандықтарының дамыту;
• халықаралық қонақ үйлер мен мейрамхана желілерін дамыту;
• шағын кәсіпорындар желісін дамыту
• қонақжайлылық индустриясына жаңа компьютерлік технологияларды еңгізу;
Соңғы уақытта қонақ үйлер
мен мейрамханалармен қатар жаңа
мамандандырылған кәсіпорындар пайда
бола бастады. Яғни олар туристік нарықтың
белгілі бір сегменттеріне ғана
арналаған қызметтер мен
Қонақжайлылық кәсіпорындарын әрі қарай дамытуда ең мағызды тенденциялардың бірі ол қонақ үйдің халықаралық желісін дамыту. Және де олар жаңа қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын құруда және оны әрі қарай жетілдіруде маңызды рөл атқарады.
Қонақ үйдің халықаралық
желісін дамытудан басқа
1. Қонақ үй индустриясының теориялық аспектілері
1.1 Қонақ үй шаруашылығының даму тарихы
Бірінші қонақ үйлер (караван-сараи), б.э.д 2 мыңжылдықта көне шығыс өркениетінде пайда болған. Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим заманында таверналар мен хоспитеумдар – саяхаттаушы сатушыларға, әртістерге, қажылар мен мүсәпірлерге арналған ежелгі қонақ үйлер дами бастады.
Ғасырлар бойы қонақ үйлердің түрі өзгермеді. Ол екі қабатты үй мен аттарды ұстауға арналған қорадан тұрды, оның бірінші қабатында таверна орналасса, екінші қабатында – жатын бөлмелері орналасқан. Артынан осы қызметтер қатарына театрлық қойылымдар секілді жаңа қызметтер қосыла бастады. Сол кездері қонақ үй қожайындарынан саяхатшыларға арналған тұрмыстық қызмет түрлері ұсынылды. Мұндай қонақ үйлер сол кезге сәйкес келетін туристік кешеннің алғашқы түрлері болды.
Ерте орта ғасырда саяхаттау қауіпсіз бола бастайды, сондықтан да қонақ үй шаруашылығының жұмысы тоқтап қалады. Осы кезде саяхатшылардың көп бөлігі діни туризмге бағытталды. Әлемнің әр шетінен қасиетті жерлерге жан жақтан қажылар жинала бастайды. Олар түнейтін орын мен тамақты(2 күнге дейін тегін) шіркеулерден алатын. Қазіргі тілмен айтқанда орта ғасырдағы шіркеулер ең бірінші “қонақ үй желісінің” бастауы болды.
Қонақ үй шаруашылығының дамуындағы келесі маңызды кезеңдерінің бірі ол Еуропадағы үздіксіз пошталық және транспорт желісінің пайда болуымен байланысты болды. Пошталық трассаның жолында жолаушыларға арналған кәсіпорындар, яғни мотельдер орнасты. Ол кездері мотельдерде орналасу шарттары қазіргіден өзгеше болтын, мысалы, төсекте аяқ киіммен ұйықтауға, бәр төсекте 5 адамнан артық жатуға тыйым салынды.
Қазіргі мотельдерге қарағанда еуропалық мотельдер жергілікті халық үшін уақыт өткізетін жер, яғни, олар онда әр түрлі құмар ойындар(дартс, домино, бильярд) ойнау үшін арналған жер болатын.
“Қонақ үй” сөзі XVIIIғ. латын сөзінен шыққан. Басында қонақ үй деп көп бөлмелі ғимаратты айтатын болған және ол бөлмелерді айға, аптаға және 1 күнге де жалға берілген. Бұл мағынадағы терминді Францияда да қолданылған еді. Бұл термин АҚШ-қа дейін тарап, ондағы барлық таверналар қонақ үй деген атау алды және де олар мұндай атау оларға еуропалық(француздық) шик алып келеді деп ойлады.
Ал қонақ үйдің техникалық жаңартулар еңгізген ел, ол Америка Құрама Штаттары болды. Бқл елде қонақ үй шаруашылығы жақсы дамыды, өйткені ол елде әрдайым имиграттар болатын және олар уақытша тұраққа қажеттілігі болатын. Мұндай қажеттілік қонақ үй шаруашылығының дамуына әкелді.
Ал келесі себебі, ол Америкада
Еуропадағыдай аристократтық
Қазіргі бір адамдық және екі адамдық бөлмелер, есіктерінде құлыптары бар және жуынатын жері бар қонақ үйлер 1829 жылы АҚШ-та пайда болды. XIX ғасырдың ортасында жылу орнатылған қонақ үйлер пайда бола бастады. Ал алғашқы лифт пен бөлмелердегі ванна америкалық қонақ үйде орнатылған. Әлемдегі ең биік қонақ үйлердің (6 қабат) бірі де Америкада ашылды.
Ал бұл уақытта Еуропада
швецарлық Цезарь Ритц қонақ үй шаруашылығына
зор үлес қосып жатты. Қазірде
оның аты ең атақты қонақ үй желісінің
атауын алып жүр, бірақ та Ритцтің
өзі өмір бойы жалдамалы бастық болатын
және өзінің жеке қонақ үйі болмаған
еді. Ритцтің ең маңызды жаңартуларының
бірі ол қонақ үйлерде оркестрдің
пайда болуы еді. Ритцтің кезінде
қонақ үйлерде Штраустың
Статлердің көмегімен қонақ үй бөлмелерінде үлкен айна, телефон, канцелярлық қағаз, төсектің жоғарысында жарық пайда болды. Сонымен қатар ол қонақ үй жұмыскерлеріне бірдей форма дайыдауды ұсынды және де қонақ үй құрылысында көптеген жаңартулар еңгізді. “Қонақтың айтқаны әрқашанда дұрыс” дегенді де Статлер еңгізген болатын.
Статлер мен Ритцтің жұмысының
арқасында жоғары дәрежелі қонақ
үйлерге бару сәнге айналды. Мысалы,
Ритцтің «Savoy» қонақ үйінде жұмыс
істеген кезінде
XIXғ аяғында – XXғ
басында Еуропа мен Американың
ірі қалаларында қонақтардың
барлық қажеттіліктерін
Қазірде әлемде 300 мыңнан астам қонақ үйлер бар және олардың әрқайсысы әр түрлі, мысалы, 1 қабатты немесе 88 қабатты, судың үстінде немесе астында орналасқан қонақ үйлер, кішкентай( бірнеше бөлмесі ғана бар), үлкен (бірнеше мыңдаған бөлмелері бар), арзан(күніне 20-30 доллар), қымбат(күніне бірнеше мың доллар) және т.б. Қазіргі таңда көптеген қонақ үйлер салынуда, сондықтан да келушілер саны азаюа.
Глобальді компьютерлендіру қонақ үй шарушылығын да шетте қалдырмады, өйткені қазір барлық қонақ үйлерде барлық жүмысты компьютер арқылы бақылап отырады,мысалы, бөлмені жалдау үшін, бухгатерлік есептер, азық-түлік пен тұрмыстық заттарға тапсырыс беру секілді жұмыстар жасалады.
Соғыстан кейінгі кездерде қонақ үй желілері кең қолданыла бастады. Ең алғашқыларының бірі Hilton қонақ үйі болды. Оларға мұндай ұсынысты жасаған америкалық «Пан Америкэн» авиатранспорт компаниясы болды. Олар Латын Америкасына барған кезде өздері үйренген қонақ үй түрін таппады. Осының арқасында қонақ үй желілері пайда болды. Яғни олардың қызметтері мен стандарттары барлық елдерде бірдей болу керек болды.
Қазіргі уақытта әлемде ондаған халықаралық қонақ үйлер желісі жұмыс жасап жатыр. Олардың ішіндегі ең танымалдары Holiday Inn, Choice, Best Western, Marriott, Hilton, Sheraton, Hyatt және т.б.
Көптеген қонақ үй желілері қазіргі уақытта көбінесе франчайзинг келісімі бойынша басқарғанды жөн көреді.Желілер жергілікті капиталга сатылып,ал басқару мен көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру өздеріне қалады.
Қазіргі ең танымал қонақ
үйлердің бірі Дубайда орналасқан «Джумейра
Бич» ,әсіресе оның екінші корпусында
орналасқан - «Араб ғимараты» тура
Парсы шығанағында орналасқан.
Бұл қонақ үй әлемдегі ең
биік қонақ үйлердің бірі.Оның биіктігі
– 321м. Оның ішін көркемдеу үшін табиғатта
сирек кездесетін құрал-жабдықтар
қолданылды.Мысалы, еден мен қабырғасы
Бразилия мен Италиядан әкелінген
мрамормен қапталған.Төсек
Бұл қонақ үйде 170-180 шаршы метр көлемді 202 бөлме бар және бөлменің құны күніне 1800-18000 АҚШ долларын құрайды. Әрбір бөлмеде су ағыны орналасқан. Қонақ үй шаруашылығындағы мамандардың айтуынша «Араб ғимараты» соңғы 10 жылда ең керемет Бангкокте орналасқан «Oriental» қонақ үйінен де асып түседі деп жатыр.
Келесі ең қымбат қонақ үйлер қатарына кіретін атақты қонақ үйлердің бірі Рим қаласында 100 жыл бұрын салынған «Эксельсиор» қонақ үйі. Бұл қонақ үйде әлемдегі ең үлкен бөлме орналасқан, оның көлемі 1100 шаршы метрді құрайды, ал оның бағасы – 10000 АҚШ доллары. Бұл бөлмеде екі жатын бөлме, алты қонақтарға арналған қосымша бөлме, жұмыс істейтін кабинет, ас бөлмесі, үш жабық терраса, жаттығу бөлмесі, бассейн, сауна, кинозал және француз, италияндық, испандық, калифорниялық шарап қоймаларымен жабдықталған.
Бұл қонақ үйлер әлемнің ең үздік («Trophy hotel») қонақ үйлерінің қатарына кіреді. Бір бөлменің құрылысының құны - 1 млн АҚШ долларынан асады.
Ал басқа типтегі қонақтарға арналған «капсулды» (Capsule hotel) қонақ үйлер желісі ойлап табылған. Мұндай қонақ үйлер Жапонияда кең қолданылады. Мұнда көрсетілетін қызметтер белгілі бір ақша көлеміне есептелген. Қонақ үйдегі бөлмелердің көлемі – ені 1,2м, ал ұзындығы 2,2м. Ал бөлме ішінде теледидар, сағат және желдеткіш орналасқан. Мұндай қонақ үйде түнеген қонақ өз киімін сақтауға қойып, ал оның орнына ұйықтайтын киім мен сақтауға қойған киімдері салынған шкаф нөмірі бар түбіртек беріледі. Осы класстағы қонақ үйлердің ең қымбаты 40 АҚШ долларын құрайды, және мұнда соңғы автобустан немесе метродан қалып қойған еркектерді ғана қабылдайды (мұнда әйелдерді кіргізбейді). Ең қызығы бұл қонақ үй желісі тек қана Жапонияда ғана жақсы дамыған.
Дамыған елдер арасындағы сау өмір қалпын сақтау сәнге айналуы, әлемде экологиялық қонақ үйлердің пайда болуына әкеліп соқты. Осындай қонақ үйлердің бірі «Мицпе Хайамим» (аудармасы «теңізге көрініс») Израилде орналасқан. Мұндай қонақ үй салу дәрігер- гомеопат Эрик Яростың ойына келген. Ол үлкен жер сатып алып, сол жерде өзінің ойын іске асырады. Бұл жерге шулы өмірден, қалалық жерден шарашаған адамдар келеді және қонақ үйде сол қызметті атқарады.
Бұл жерде теледидар, жаңалықтар,
газет, ал радиодан судың, құстардың
ән салғанын немесе медитация үшін
әуен қояды. Қонақтар гүлден жасалған
майлардан, емдік ванналармен, фитококтейлдермен,
шөптермен емделеді. Осы емдік
шөптердің барлығы қонақ үй аумағында
өсіп жатқан шөптерден жасалады. Ал
азық – түлікті сатып алмай, өздерінің
фермаларында өсіріп, қолданады. Жеміс
–жидек те қонқ үй ауласында өседі.
Қонақтар оны әр уақытта жей алады.
Судың өзін олар өздерінің құдықтарынан
алады. Қонақтар фитнес залдарда, бассейнде,
солярииде,саунада көп уақыт
Әлемдегі көптеген әр түрлі қонақ үйлердің барлығын айтып шығу мүмкін емес. Мысалы, Боливияда тұздан жасалған қонақ үй, ал Швецияда әр қыста мұздан жаңа «Ice Hotel» салынады.
Ал Берлиндегі «Артемизия» қонақ үйіне еркектерді кіргізбейді ( қабырғадағы суреттерде де тек қана әйелдер салынған және сол суреттерді де әйелдер салған) және жұмысшыларда әйел адамдардан құралған.
Жақында Австрия, Блюмауда жаңа «Rogner Bad Blumau» қонақ үйі ашылды. Оның интерьерінде ешқандай тізу сызық жоқ. Мысалы, қисық айналар, әр түрлі түске боялған толқын секілді дәліздер мен қабырғалар.
Соңғы кездері жаңа «жаңа толқын» қонақ үй түрі танымал бола бастады. Өз интерьерінде минимализмнің жаңа концепциясын қолдана бастады. Бірақ та бұл арзаншылықты білдірмейді. Бұл қонақ үйдегі қызметтердің бағасы классикалық қонақ үйдегі қызметтердің бағасына сәйкес, ал кейде одан да асып түседі. «Жаңа толқын» қонақ үйлерінің бірі «Blakes» қонақ үйі 1981 жылы Лондон қаласында өзінің бірінші қонақтарын қабылдай бастады. Жаңа стильдің эталоны ретінде лондонның жаңа қонақ үйінің бірі болып «Hempel» саналады. Қонақ үйге кіргенде шағын бөлме орналасқан. Ол бөлме толығымен ақ түсті және ішінде жіңішке терракоталық құмыраларда орналасқан 81 ақ орхидея гүлінен басқа түк жоқ деп айтса да болады. Келесі бөлмесі болса Олимпиядалық жүзу бассейніне ұқсайтын үлкен ақ холл бар, ал холлдың арғы шетінде от жанып жатқан камин орналасқан. Осы қонақ үйде болған адамдар еске қалған әсерлерін шокпен салыстырады.
Қонақтардың көңілін аулау мақсатында қонақ үй қызметкерлері көптеген жаңа қызмет түрлерін ойлап табады, мысалы, иістендірілген орамалдар мен халаттар нмесе қонақтың келуіне қарсы жасалға ыстық ванна.
Сондықтан қазіргі күні кез келген адам әлемнің қай шетіне барса да, өзіне сәйкес келетін қонақ үй таба алады.
Жоғары сатыдағы қонақ үйлерде мүгедектерге, соқырларға, қарттарға, балаларға арналған арнайы қызмет түрлері міндетті түрде болуы тиіс.
Жоғары классты қонақ
үйлерде VIP (very important person) және CIP (commercial
important person) қонақтарға қалай қызмет
жасау туралы нұсқаулықтар болуы
керек. Бірінші категориядағы
VIP қонақтардың басқалардан
айырмашылығы- олар артық адамдарды
көруден қашады және сондықтан
да олар тамақты өз
- Қонақ үй шаруашылығы аумағынд
ағы маңызды түсініктер мен кла ссификациялары
Қонақ үй қызметтеріне деген мұқтаждық адамдар саяхаттап бастаған кезден басталды. Сұраныстан ұсыныс туады дегендей, сол кездері түнейтін орын мен тамақтану орындарымен қамтитын кәсіпорындар пайда бола бастады. Қазіргі кезде туризм әлемнің кейбір елдерінде басқа шаруашылыққа қарағанда басты орынды алады.
Қонақ үй бизнесіне қатысты ғылыми зерттеулер басталғаннан бері терминологияны құрауда ғалымдар бір келісімге келе алмай жүр. «Қонақжайлылық» , «қонақжайлылық индустриясы» , «қонақ үй», «қонақ үйлік қызметтер» сөздеріне аса мән беру керек. Кейбір авторлар ғылыми категорияға сәйкес келмейтін анықтамалар береді. Мысалы, Р.Браймердің айтуы бойынша, қонақжайлылық- кез келген қамқор қызмет көрсетудің құпиясы, ал Г.Пейдждің анықтамасы бойынша қонақжайлылық – адам үшін ең маңызды және басты нәрсе.
Басқа авторларға қарағанда
В.А. Квартальнов қонақжайлылық
«Қонақжайлылық индустриясының»
Жоғарыда айтылған анықтамаларға қарай отырып қонақ үй индустриясы дегеніміз сол жергілікті орынға демалу мақсатында, жеке қажеттіліктерімен келетін адамдарға белгілі бір төлемге ұсынылатын қызметтер кіретін экономикалық шаруашылықтың бір түрі.
Барлық анықтамалардың мағынасы бір (түнеуге арналған қызметтер үсынылатын ғимарат). Бірақ та қонақ үй тек қана түнеуден тұрмайды. Қонақтар қонақ үйге орналасуынан бұрын бөлмеге тапсырыс беруі керек (алдын ала тапсырыс беру қызметі); қонақ бөлмесіне орналасқаннан кейін оған бірнеше қызметтер жүйесін ұсыну керек (аз дегенде бөлмесін жинау керек);демалысын ұйымдастыру керек (күн тәртібін және емделуін); қонақты тамақтандыру керек (тамақтандыру қызметі). Қонақ үйлер классификациясына, дәрежесіне, бөлмесінің санына, ұсынылатын қызметтеріне қарамастан әр түрлі болады. Осыған орай қонақ үйдің анықтамасы осылай айтуға болады:
Қонақ үй – белгілі бөлмелер санынан тұратын, ұсынылатын қызметтер жүйесі мен бөлменің жабдықталуына қарай категорияларға бөлінетін орналасу орындары.
Қонақ үйді қонақжайлылық индустриясының ұйымы ретінде қарастыру үшін бірнеше белгіге бөлуге болады:
- Бөлмелер саны;
- Ұсынылатын қызметтер түріне;
- Сол елде қабылданған стандарттар бойынша белгіленген ұсынылатын қызметтеріне байланысты бөлінген категориялар мен класстарға байланысты;
Категориясы |
Дәрежесі |
Тобы |
1.Туристердің коллективтік |
1.1 қонақ үйлер мен туристердің аналогиялық орналасу орындары |
1.1.Қонақ үйлер 1.2.Аналогиялық ұйымдар – |
1.2 арнайы ұйымдар |
1.2.1.Сауықтыру орындары 1.2.2.Еңбек және демалыс 1.2.3.Қоғамдық көліктер 1.2.4.Ротель, ботель, флотель | |
1.3 коммерциялық және әлеуметтік орналасу орындары |
1.3.1.Туристік база 1.3.2.Бунгало 1.3.3.туристік ауылдар мен қонақ үйлер | |
2. Жеке оналасу орындары |
2.1. Жеке оналасу орындары |
2.1.1.жеке меншік үйлер 2.1.2.жанұялық үйлерде бөлмелерді жалдау 2.1.3.жеке үйлерде немесе 2.1.4.Туысқандарда немесе |
1-қосымша. Орналасу орындарының стандартты классификациясы
Қонақ үй кәсіпорындарын әр түрлі критерия бойынша классификациялауға болады. Солардың ішіндегі ең көп қолданылатыны келесілер:
- Жайлылығы;
- Сыйымдылығы;
- Функционалдық мағыналары;
- Орналасқан орны;
- Жұмыс істеу уақыты;
- Тамақтандыру қызметі;
- Қонақтардың келу ұзақтығы және т.б.
Қонақ үй жайлылығын бірнеше критерия бойынша біле аламыз:
- Бөлмелердің жағдайы мен құрылымы: бөлменің көлемі, бір адамдық бөлменің аумағы, көп бөлмелі, апартаменттердің аумағы, олардың коммуналдық жайлылығы;
- Инвентарь, жиһаздар мен санитарлы- гигиеналық жағдайда қолданылатын заттар;
- Тамақтану орындарының, ресторандардың болуы, олардың жұмыс істеу тәртібі, жағдайы және т.б.
- Қонақ үйге жету жолдары, ғимараттың жағдайы;
- Информациялық жабдықтау мен техникалық жабдықтау,соның ішінде телефон және спутник желілерінің болуы, теледидар, тоңазытқыш, мини барлар мен мини сейфтің болуы;
- Қосымша қызметтер көрсету мүмкіндіктері;
Ал енді қонақ үйлерді
классификациялау жүйесін
- “Жұлдыз” жүйесі (еуропалық). Мұнда қонақ үйлерді бірден беске дейінгі категорияға бөліп қарастырады. Бұл жүйе Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Қазақстан деген елдерде қолданылады.
- Әріптер жүйесі (А, В, С, Д). Грецияда қолданылады;
- ‘Тәждік’ жүйе. Ұлыбританияда кең қолданыс тапқан;
- Категориялық жүйе. Италия және Израилде қолданылады.
Қонақ үйлерді
- туристік класс – «*»;
- стандартты класс – «**»;
- жайлы класс – «***»;
- бірінші класс – «****»;
- люкс – «*****»;
Қонақ үйлерді классификациялауда
қонақ үй желілері деген түсінік
бар. Қонақ үй желілері дегеніміз
бір бірімен байланысқан және
бір тұтас ретінде
Олардың:
- басқару билігі біреу;
- белгілі бір желідегі барлық қонақ үйлерге таратылатын ортақ сату маркасы мен тауарды алға тарту концепциясы бір;
- әрбір сату маркасында тек қана жайлылық деңгейі ғана емес, сонымен қатар, бағыты, орналасу орны, қонақтардың орналасу уақыты, ғимараттың архитектурасы және де басқа критериялары сәйкес келуі керек.
Жайлылық деңгейі деген түсінікті классификациялау және категориялауда әр ел әр түрлі түсінеді. Әр елдегі мәдени –тарихи және ұлттық дәстүрлерге сәйкес пайда болған осы жағдайға байланысты әлемде бір қонақ үй классификациясын жасауға кедергі жасайды. Осы мәселені шешуде тағы бір қиындық туындайды, ол қазірде қонақ үйлер мен қатар тағы да түнеу орындары бар. Сондықтан да барлығын бірыңғай классификациялауға болмайды.
Сыйымдылығы бойынша қонақ
үй кәсіпорындары бір уақытта
бірнеше қонаққа ұсынылатын жатын
орындарының санымен
Жатын орын – бір адамның қолдануына арналған төсек орналасқан аумақ.
Номер – қонақ үйдің категориясына сәйкес жабдықталған бір немесе бірнеше жатын орыннан тұратын бөлме. Олар бір, екі және одан көп бөлмелі,бір орындық немесе бірнеше орындық болады. Сонымен қатар жайлылық деңгейі қарай бизнес классты, эконом классты номерлер, апартаменттер болады.
Бизнес классты номерлер жұмыс шаруасымен келген қонақтарға арналған. Номерде стандартты заттардан басқа жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған: телефон, факс, жұмыс үстелі, компьютер және т.б. болады.
Эконом классты номерлер өзінің шағын ғана жабдықталуымен ерекшеленеді және ол номердің бағасы да арзанырақ болады.
Апартаменттер (2-, 3-, 4- бөлмелі) ұзақ уақытқа орналасқан жанұяларға арналған. Бұл номерлерде жеке толық жабдықталған ас үйлері де бар. Осы секілді категориядағы люкс апартаменттер немесе сьюттар бар,жоғары деңгейде жабдықталған бөлмелер, бірақ онда ас үй болмайды.
Қонақ үйлерді сыйымдылығы бойынша классификациялау:
- кішкентай – 150 орынға дейін (100 номерден артық емес);
- орта – 150-400 орын (300 номерге дейін);
- үлкен – 400 орыннан астам (300 аса);
- мега-қонақ үйлер – 600 номерден астам.
- Қонақ үй кәсіпорындарының ұйымдастыру – құрылымдық сипаты
Қонак үйдің орналастыру
бөліміне нөмірлер, баспалдактар мен
лифтер кезекші персонал бөлмелері
кіреді және ол түрлі формада болып
онда бір немесе бірнеше коридорлар
болуы мүмкін. Нөмірлерге жалпы тұргын
бөлімнің 54-70 %, ол коридорларға 13 тен 22
% дейін көлемі келеді. Нөмірлер орын
санына бөлмелер санына көлеміне және
жабдықталуына қарай бөлінеді. Қонақ
үйлердің нөмірлерінің көпшілігі, дүние
жүзілік тәжірибе бойынша, бір орындық
және бір бөлмелік болып келеді.
Бөлме кеңістігі бірнеше
Қызмет етушілердің алыста болуы қызмет сапасын төмендетіп, колайсыздык тудырады, сондықтан қызмет етушілердің белмелері әр қабатта орналасқаны дұрыс. Нөмірлердегі тазалау үш түрде болады; күн сайынғы, тұрушының кетуінен кейінгі және толықтай тазалау. Тазалауды тұратын адамның рұқсатымен не ол жокта жасау керек. Нөмірлердегі қызмет етуішінің міндеттеріне бөлмелерді желдету, ыдыс жуу, тесек жинау, шаң сұрту, төсек жабдыктарын ауыстыру т.б. жатады.
Қонак үй әр түрлі инженерлік
жабдыктармен камтамасыз етілуі тиіс.
Оны жұмыс жағдайында ұстау керекті
технология мен қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік техникасы мен
Қонак үйлердегі қызмет түрлері үйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, Нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты.
Қызмет көрсету түріне қарай қызметкерлердің жұмысын анықтайды, белгілейді.
Негізгі кызмет түрі:
- әкімшілік басқару қызметі;
- қабылдау және орналастыру қызметі;
- нөмірлік қор қызметі;
- қоғамдық тамақтандыру;
- коммерциялық;
-инженерлік-техникалык;
- қосымша және көмекші қызмет.
Қонақ үй қызмет түрлері жоғарыдағы схемада түсінікті берілген Біз өзіміз білетін қонақ үй негізінде «Амбасадор» қонвқ үй қызметіне тоқталып отуді жөн көрдік.

- Қонақ үй, классификациясы
- Қонақ үй классификациясы мен түрлері
- Қонақ үй кызметі
- Қонақ үй қызметі
- Қонақ үй қызыметінің арнаулы нарығы
- Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
- Қонақ үйлердің жіктемесі
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қолөнер туралы
- «Қолөнер» үйірмесі нің бағдарламасы
- Қонақжайлылық маркетингінің кешенді қызметтері
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету
- Қонақ үйдегі мейрамхана