Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер

Жоспар:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер
  2. Орта ғасырлық негізгі діни мәселе-Христиан діні
  3. Ислам дінің шығу тарихы

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушылық орта ғасырда антикалық уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.

Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жаратуы туралы догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.

Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бұдан келіп ортағасырлық ғылымның негізгі бір сипаты моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қорытындылар арқылы түсіндірілмей, олар моральдық және діни нәрселердің символы ретінде қарастырылды. Ай — шіркеудің символы, жел — рухтың, аруақтың образы тағы басқалар.

Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.

Универсализм — орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.

Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:

1. Барлық адам баласының  қызметі діни пайымдаулармен  түсіндіріледі, табиғатқа деген  көзқарас библия  концепцияларының цензурасынан өтті.

2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі  құдай арқылы болғандықтан, орта  ғасыр дүниенің картинасында  жаратылыстану дамитындай объективті  заңдар ашылмады.

Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашқы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.

Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.

Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар — Коперник, Кеплер, Галилей түрды.

Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі — дүниенің аяқталғанын шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.

Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.

Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер

VI–XII ғасырлардағы Қазақстан  территориясындағы халықтардың  арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын  алып отырды. Түркілердің зираттарынан  табылған заттар олардың ата  – бабалардың әруағына табыну  о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным –  отқа табыну. Оны археологиялық  зерттеулерден жерленген адамдардың  заттарымен, мініс аттарымен бірге  өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары  да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.

Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:

- Көкке түркі тәңірісі,

- Тәңірі қуат берген  соң,

- Тәңірі жарылқағандықтан.

Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).

Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .

Ислам діні – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты. Бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. 
            Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Орта ғасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеалогияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының дамуына, қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. 

Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Орта ғасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеалогияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының дамуына, қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді.

Буддизм діні – Түрік қағанатының ақсүйектер арасында танымал болған ерте ортағасырлық дін. Жетісудағы Суяб қаласының орнынан будда храмы, Шығыс Қазақстан өңірінен буддалық мола табылған (қимақ әйелі)

Қазақстан жерінде ерте орта ғасырда христиан, манихейлік діндер болғаны анықталып отыр. Бұл діндердің таралуы VI-IX ғасырларды қамтиды. Аргу-Талас (Тараз) пен Жетісудың 4 қаласында манихейлік дін кең тарағаны жайында VIII ғасырдағы «Қос негіздің қасиетті кітабында» айтылады. Тараз, Мерке, Мервте христиан шіркеулері болған. Қазақстан аумағындағы осындай діндерді ислам діні ығыстырған. IX-X ғасырларда қазақ жерін мекендеген халықтар арасында ислам діні кең тарай бастады. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта ғасырлық негізгі діни негізі-Христиан діні

Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі. Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай әке, құдай-бала, касиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мәселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алады.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті. Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректік католиктік, яғни православиелік деп аталды.

Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балгерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кең етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді.

Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.

Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.

XII—XIII ғасыр католик  шіркеуі мен папа өкіметінің  қоғамдық өмірге ықпалы барған  сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің  ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай ; индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.

Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.

Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді.

Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» — грамматика, риторика, арифметика, астрономия жәнемузыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға ) арналған арнайы мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

 

 

Ислам дінінің шығу тарихы

Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.

Қазақстандағы Ислам

Қазақстан жеріне және Орталық азия территориясына мұсылмандық идеялардың енуі б.з.д VII-VIIIғ. анықталады.

Қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінінің тарауы бірнеше ғасырға созылған үрдіс. Алғашында жана дін ооңтүстік аудандарға енді. Х ғ. Соңында жетісу мен Сырдарияның отырықшы халықтарының арасында тұрақталды.

Ислам дінінің жергілікті халықтар арасына енуі бейбіт жолмен жүрді және халықты қыспаққа алмады. Исламды түрлі ұлтатар мен түрлі тап өкілдері өз еркімен қабылдады.

Ислам дінінің ХVІІ ғ.б. таралуы моңғол шапқыншылығы әсерімен тежелді, бұл шапқыншылық Орта Азия мен Қазақстанға діндік тәстүрлі діндері бар жаңа халық топтарын (түрлі түркі) моңғол тайпалары( әкелді. Көптеген қалалар қиратылып, ғылыми –мәдени орталықтар тоналып, мешіт-медреселер күл-талқан болды.

Алайда, жергілікті мәдени-рухани дәстүрлер кейін қиыншылықтарда жеңіп, уақыт өте келе қайта жаңғырды. Моңғол басқыншылары ислам дінін қабылдап, түркі тіліне көшті.

Берке хан (1255-1266) тұсында Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауынан кейін ислам діні нық тұрды. Бұл үрдіс келесі хандармен (Тудеменгу, Өзбек) жалғасын тапты.

Ислам дінінің көшпенді ақсүйектер арасында кең тарауы, (оның) мұсылмандық дін ілімінің барша қоғам таптарында нық орныққанын білдірмейді. Қарапайым халық ата-бабаларынан қалған діни түсінігін ұзақ сақтады.

Ислам діні XVғ. Жәнібек және Керей сұлтандары негізін салған қазақ хандығының ресми діні болды. Қазақ халқының қалыптасуы кезінде исламның енуі хандар билігінің нығаюына және әртүрлі қазақ руларының бір этникалық топқа бірігуіне ықпал етті.

Қазақ хандығының халқы ханафиттік мазхабтын сүнниттік ислам бағытын ұстанмен қоғамдық және жеке өмірде тәңіршілдік және шаманизм элементтерін исламмен араластыра қолданған.

Аймақтағы ислам дінінің нығаюы пұтқа табынушылықты ығыстырмады. Діни синкритизм, яғни пұтқа табыну мен ислам дінінің үйлесімі қалыптасты.

Осылайша, қазақ даласында исламға дейінгі наным-сенім элементтерін қамтыған халықтық ислам кең дамыды.

Исламның негізін салушы

Исламның негізін салған Мұхаммад пайғамбар, дәлме-дәл – Айтулы, Даңқты(570-632) – шынайы тарихи тұлға. Исламның Қасиетті жазуы – Құранды Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен уағыздаушы қызметі туралы мәліметтердің жалғыз сенімді дереккөзі ретінде есептейді. Өмірбаяндық сипаттағы алғашқы жазба шығармалар тек VIII ғ. ортасында пайда болды.

Генеологияға сәйкес, исламның негізін салушы Мұхамед пайғамбар Арабия түбегінің ең үлкен саудалық және діни орталығы болып есептелінетін Меккеде билік еткен курайш сияқты семит тайпасының Хашим деген атақты бай, бірақ одан кейін кедейленген рудан пайда болды делінген. Мұхаммед өте ерте ата-анасынан айрылды: әкесі (Абдұлла) оның дүниеге келуіне дейін қайтыс болды, ал шешесі (Амина) Мұхамедке 6 жас болғанда дүниеден қайтты. Ол Аравияның көшпенді және отырықшы тайпалардың 360 құдайлары сақталынған Кааба ғибадатхананың сақтаушысы болған өзінің атасында 8 жасқа дейін тәрбиеленді, атасы қайтыс болған соң оны туған ағасы Әбу-Талиб өзіне алады, ол Мұхамедті түйекеш және керуенші өнеріне үйретеді. Біраз уақыттан кейін оған немере қарындас болған және керуен саудамен айналысқан Хадиджа бай жесір әйелге қызметке барады. Біраздан кейін Мұхамед оның іс басқарушысы болып тағайындалады, ал одан кейін 595 ж. оған 25 жас, ал Хадиджаға 40 жас болғанда олар үйленеді. Оларда 6 немесе 7 бала туыпты, бірақ олардың ішінен тек 4 тірі қалған. Алайда жоғарыда айталғанның барлығы Мұхамед пайғамбар өмірінің күрделі рухани ізденістермен қосталынған тек сыртқы арқауы болып табылады.

Исламның дәстүрі бойынша құрандық ашылуына дейін Мұхамед иудей де, христианин де болмай тұра, ханиф (бір Құдайды ізденумен байланысты болатын Авраамның пайда болуынан бастап келе жатқан құдайды ізденуші формасы) болды екен, яғни монотеисттік сенімді ұстанды. 610 ж. қарай Мұхамедке әртүрлі елестеулер келе бастайды, «расул» елшісі рамазан айының 27 күнінде болатын «құдыреттілік түнде» Мұхамедке оның әулиелік міндетін ашқанын мұсылмандық доктринасы сендіреді. Дәстүрге сәйкес елші ретінде Гавриил періштесі (Джибрил – мұсылмандық мифологияда аллаға жақын Израил, Исрафил, Микал сияқты төрт періштенің бірі, оның міндетіне пайғамбарларға Алланың тапсырмасын жеткізу және еркін ашу болған) болғаны делінген.

Алғашқы уақытта Мұхамед нағыз туыстары мен достарының ортасында құпия түрінде өз өсиетін таратты. Ол бірнеше он шақты мүшелерден жиналған алғашқы мұсылмандық қауымдастықты құрай алды, одан кейін Мұхамед өз дінінің өсиетін көпшілік алдында таратуға кірісті. Әбу Талиб руымен болған туыстық ұзақ уақыт бойы Мұхамедті қала басқарушылары жағынан қуалаудан қорғады. Бірақ қорғаушысы қайтыс болғаннан кейін Мұхамед рудан қуғындалып, ол Йасриб деген алқапқа (кейінірек «Пайғамбар қаласы» - Медина деп аталған) өзінің көптеген ізбасарларымен құпия түрде қоныс аударды. Медина Меккадан солтүстікке қарай 350 шақырымда орналасты. Ресми нұсқа бойынша бұл қоныс аудару – Хиджра – 622 ж. 15 немесе 16 шілдеде болған, яғни ежелгі араб күнтізбе бойынша Жаңа жыл басталған күні. 16 жылдан кейін бұл күн жаңа жыл басы деп жарияланды (яғни қоныс аударудың – хиджраның бірінші күннен бастап мұсылмандар өз жыл санауын бастайды).

Мединада Мұхамед алғашқы мешітті салды, пайғамбардың еркін жіберілгендерінің бірі болған ол күшті дауыспен күнделікті істермен және жұмыстармен бас көтере алмаған мұсылмандарды намазға шақыртты. Дәл сол кезде мұсылмандық рәсімдердің басқа да ережелері айқындалады, ал Мұхамедтің насихаттарында қауымдастық өмірінің, оның мүшелерінің ережелері – мұрагерліктің, мүлікті бөлудің, неке қиюдың ұстанымдары, талаптары айтыла бастайды.

Мединалық кезең көптеген соғыстармен және әскери операциялармен белгіленген болатын. 624 ж. Мединаға жақын Бадр құдықтары қасында болған шайқасты атап өту қажет. Бұл шайқаста мұсылман халқы тайпалық және туысқандық мүдделеріне қарамастан мұсылмандық бірлікті алғаш рет көрсете білді. Өз жауынан сан жағынан әлсірек болуына қарамастан, мекке тұрғындарын қуғанға ұшыратып, мұсылмандар сөзсіз жеңіске жетті. Одан кейін басталған соғыс Мекканың толық жеңіліске ұшыраумен аяқталды, ал 630 ж. қаңтарда Мұхамед Кааба қаласын жаулап алып, онда барлық пұтқа табынушылық құдайларды жойып тастап, оны жаңа діннің орталығына айналдырды. Алайда, Мұхамед Медина қаласында тұра берді, тек 632 ж. соңғы қоштасу қажылығын жасап, туған қаласына барып келеді.

Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер