Ортағасырлық философия

 

Ортағасырлық философия  
 
Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды.  
Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.)  
Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:  
Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.  
Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;  
Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;  
Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.


Ортағасырлық батысеуропалық философия [10 бет]

Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын — «сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды. 
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480—526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің үғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Қүдіретті Құдай, оның Үлы және Қасиетгі Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция. Боэцийдің айтуынша субстанция — бүл барша аорибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер субстанция — заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер —бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді. 
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есімімен байланысты (810—877). Эриугена өзінің «Табиғаттың бөлінісі туралы» деген жұмысында әлемдік үйлесімділік тура-лы идеясын негіздейді. Онда құдай

Тұлға психологиясы - адамтану ғылымдары жұйесіңде ерекше орынға ие. Бұл сала адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің калыттасуының психологиялық механизмдері мен зандынықтарын зерттейді. Сонымен бірге адамның кұрылымы мен адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселелерді де зерттейді. Анатомиялық-физиологиялық зандылықтармен үйлеспейтін болын шықты. тұлғаньщ сырткы ортамен өнімі болын табынатын психикалық үрдістердің өздері мінез-кұлықтың белсенді себепші факторы болатындығы көрсетілді. [1]

Тақырыбы; Тұлға  мәселесін теориялық тұрғыдан шолу  

 

Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.

Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады [1, 205 б].

Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.

Тұлға -   бұл   қоғамдық-тарихи   дамудың   өнімі.   Адамның   қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл   оның   тұлғасының   қалыптасуын   анықтайтын   жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік   тәжірибе   барысында     жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады.   Оқушылардың      тұлғасының   дамуы   -   механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.

Л.С.   Выготскийдің:   "баланың   психикасы   әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың   тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.

Әрбір жеке тұлға қасиеттер жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. “Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет соның бір көрінісі,”-деп анықтама беріледі [1, 207 б].

Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын “индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық – сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталаты анық.

Әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Ұжымдағы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше сипаттама беруге болады (Сурет 1). 

 

 

  

 

 

 

Адамның тұлғалық қасиеттері


 

 

тұлғаның жеке бастық және рухани қасиеттері

 

әлеуметтік қарым-қатынастық қасиеттері


 

 

-денсаулық

- адалдық

-қайырымдылық

-кішіпейілділік

-еңбексүйгіштік      т.б 

 

-белсенділік 

-жауапкершілік 

-ұстамдылық 

-жолдастыққа    

- беріктілік  

-ұжымшылдық


 

Ұжымда тұлғалық қасиеттері дамыған жеке тұлға 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Адамның  тұлғалық қасиеттері  

 

Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.

Рухани құндылықтар    құрамына   тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық (әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі мен ұлттық мәдениеттің жеке тұлға бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.   

         Құндылықтардың әлеуметтік-адамгершілік маңызы туралы идеялардың дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.Қ.Құнантаева, М.А.Құдайқұлов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов., Л.К.Керімов., Г.М.Храпченковтардың тарихи-педагогикалық ой-пікірлерімен тығыз байланысты [1, 210 б].

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін  қалыптастырудың жолдары соңғы жылдары қазақстандық педагог-ғалымдар: С.Қалиев, Ш.Майғаранова, А.А.Бейсенбаева, К.Оразбекова, Р.К. Төлеубекова, К.Оразбекова т.б. жеке тұлға туралы түсініктер мен адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындаудың методологиялық негіздерін қоғамдық тәрбиенің даму заңдылықтарына, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің кірігу заңдылықтарына негіздей отырып, бүкіладамзат баласының қолы жеткен рухани-мәдени байлықтарды еркін   меңгерген   азамат   тәрбиелеудің жолдарын   ашып   көрсете отырып, тұлғаның жеке бастық қасиетін жетілдіруді психологиялық аспектіде қарастырады.

Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.

Кеңес психологиясында адамды тұлға деп - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген [2, 53 б].

Сонымен қатар Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтегенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.

А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді.

Сонымен қатар тұлға - белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді [2, 56 б].

Қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің тұлға концепциясы болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен, қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, тұлға — тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар тұлғаның өзегін - өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі құрайды деп қарастырған.

Тұлға бағдар теориясының  аумағында да зерттелінеді (Д.Н. Узнадзе, 1966, А.С. Прангишвили, 1975 және т.б.). Авторлар түрлі иллюзияларды (елестерді) экперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиселі екендігін аныктайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.Н. Узнадзенің теориясына сәйкес, ішкі бағдар - адам үшін ерекшеленген "теориялық қажеттіліктің" әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етеді. Осы ғалымдардың пікірі бойынша. ішкі нұсқау - адамды таңдамалы белсенді іс-әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып тыбылады.

Л.И.Божович балалар тұғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді.

Л.И.Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады.

Бірінші кезеңде оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.

Л.И.Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбилеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда пайда болуы - тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді [3, 77 б].

Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және балалық шақ аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып - ересек адамның қалуы анықталған. Өйткені олардың қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін уайымдауының "берікті" қажеттілік жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата-аналардың, қолдауына талаптануының күшеюі - баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін мінез-құлқына түрткі болуы да көрсетілген.

Ал Қазақстанда тұлға  мәселесі Ж.И.Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкіртерінің, яғни Л.О. Сәрсенбаева, Р.Ш. Сабірова, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Өмірбекова, Г.Т. Бекмұратова және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда.

Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.

 

ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ  
Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады.  
Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.  
Субъект – белсенді, біртұтас адам.  
Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.  
Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.  
Адамның онтогенетикалық уақыты:  
- Жаңа туған нәресте – индивид;  
- Материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектке айналады;  
- Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;  
- Даму барысында адам даралықты иеленеді.

Психологияда тұлға ұғымы көпмәнге ие, себебі тұлға көріністері әр-түрлі, ол қарама-қарсы, не құпия мінез-қылықтар арқылы байқалуы ықтимал.  
И.С.Кон: Тұлға – нақты бір индивидті іс-әрекет субъектісі деп білдіреді, және қандай да бір әлеуметтік қасиеттердің, қарым-қатынастың еңбек арқылы дамыған қасиеті ретінде көрінеді.  
Немов – тұлға кто? (қасиеттер жиыны) ма, әлде что (индивид) ма?  
А.Н.Леонтьев: Тұлға индивидтің қарым-қатынас кезінде иеленген ерекше қасиеттері.  
А.Орлов: Тұлға – субъектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі, әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардан біртұтас қасиеттерді жинақтайды.  
Егер тұлға анықтамаларын жинақтап, саралайтын болсақ, онда ол индивидтің ортаға байланысты жетілген барлық қасиетттерінің жиынтығы.  
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.  
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиына. Алайда, әрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді.  
Психология ғылымы жеке адамды зерттеуде, көмек көрсетуде белгілі бір методологияға сүйенеді. Себебі, психология көпмәнді ғылым болғандықтан әр ғалым өзінің ғылыми позициясына байланысты тұлға құрылымына түсінік береді.  
Тұлға құрылымы биологиялық және әлеуметтік қатынастар арқылы қарастылырады, сондықтан психологияда тұлғаның эндопсихологиялық және экзопсихологиялық құрылымдардан жинақталған деген идея пайда болған. Эндопсихологиялық – тұлғаның ішкі механизмі (ойлау, есте сақтау т.б.); Экзопсихологиялық – адамның қатынастар жүйесі, әлеуметтік фактор (мотивация, сезім, білімі, қызығу т.б.).  
Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты құрайды.  
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді:  
1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар.  
2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар.  
3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез.  
Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.  
Мясищев, Мерлин, Ананьев бұл тізімге тұлғаның психофизиологиялық негізі ретінде темпераментті тіркейді.  
Айзенк бойынша тұлға мінез, темперамент, интеллект, адамның дене бітімінен құралған.  
Кеттел тұлғаны факторлы талдауды ұсына отырып, өз тұжырымдамасында тұлға құрылымын – 3 қасиеттер тобымен сипаттайды, ол темпераментті қасиеттер – қабілеттіліктер, өзгермелі қасиеттер, бағыттылық пен қызығушылықтарды біріктірген мотивациялы мінез-құлық.  
Петровский тұлғаның 3 құүрылым көмпонентін көрсетеді:  
1. интроиндивидті компонент – темперамент, мінез, қабілет.  
2. интероиндивид - өзара қатынас, өзара әрекеттестік нәтижесіндегі сапа, қасиеттер.  
3. метоиндивидті – субъектінің басқа индивид бойында жалғасуы (персонализация).  
Божович – бағыт-бағдара арқылы тұлға тұтас.  
А.Г.Ковалев – тұлға дамуы – жеке қасиеттерінің интеграциясы, ол темперамент, қабілет, бағыт-бағдар.  
 
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979)- кеңес психологы, 20жж Выготский және Луриямен бірлесе отырып, психиканың қалыптасуның тарихи-мадени тұжырымдамасын жасаған. Кейіннен психикалық құбылыстарды іс-әрекет тұрғысынан қарастырған. Сананың пайда болуы мен психиканың дамуы саласындағы зерттеулерде көп үлес қосқан. Іс-әрекет құрылымы ретінде мақсат, мотив, іс-әрекет жағдайын сипаттаған. Өмірінің соңғы жылдары тұлғаны мотивациялы-мағыналық иерархия жүйесінде қарастырған.  
А.Н.Леонтьев іс-әрекет психологиясының негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол жеке адам мен іс-әрекетті ажырамас симбиоз ретінде қарастыруды ұсынған.  
Іс-әрекет иерархиясы (Леонтьев бойынша): қажеттілік, түрткі, эмоция, мағына, мәннен құралады.  
Тек Леонтьев жеке адам блғанда ғана нәтиже болатынын, жеке адам іс-әрекетті, ал іс-әрекет жеке адамды дамытатынын тұжырымдаған.  
{Мотив = мақсат = процесс = нәтиже} = іс-әрекет.

 

 

 

 


Ортағасырлық философия