Ортағасырлық Иран

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

 

Тақырыбы: «Ортағасырлық Иран»

 

 

 

                                                   Орындаған: Қайрат Жадыра

                                                            Тексерген: Базарқұлова Бақытгүл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2012ж

Жоспар:

1. III-X ғғ Иранның саяси және әлеуметтік экономикалық дамуы

2. Сасадиндер дәуіріндегі Иранда феодалдық қатынастардың

     қалыптасуы                                                          

3. Араб халифатының құрамындағы Иран (VII-X ғғ)

4. Ирандағы әлеуметтік қатынастар (VII – X ғғ)

5. Ирандағы феодалдық қоғам (Xғ-XIV ғ ортасы)

6. Саманидтер және Газневидтер мемлекеті

7. Селжұқтар мемлекетіндегі білім

8. Ильхандардың моңғол династиясы

9. Иран кейінгі ортағасырлық кезеңде

10. Иран Тамерлан және Тимуридтердің билігінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

       III-X ғғ Иранның саяси және әлеуметтік экономикалық дамуы

Сасадиндер мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуынан бастап ежелгі тарих кезеңі аяқталып, феодалдыққа дейінгі және құлиеленушілік құрылыстың сарқыншағы сақталған Иранның ортағасырлық тарихы басталады. VII ғасырдың ортасына қарай жаулап алушылық соғыстардың нәтижесінде Иран «қырық жамау» болған әр түрлі ұлт пен ұлыстан құралған империя-Араб халифатының құрамына кірді. Иранның бұл бодандығы елдегі феодалдық қатынастардың жандануына тұсау салып, шаңырағы шайқала бастаған құлиеленушілік құрылыстың еңсесін қайта тіктеуіне жол қойды.

Сасадиндер дәуіріндегі  Иранда феодалдық қатынастардың                                                         қалыптасуы

Ортағасырдың басында  Иран аумағында парсы мемлекеті  өмір сүрді. Ежелгі Иран мәдениеті  Парсы провинциясында сақталып қалды. Аршакидтер тұсында, Парсы мемлекетін ұсақ княздіктер билеген кезде елдегі феодалдық қатынастарды дамыту жолға қойылды.

Сасанид мемлекеті, негізінен  парсылық мемлекет, сондай ақ парфяндық құлиеленушілік және ақсүйектік мемлекет болды. Еркін қауым өкілін қанау, оны басыбайлы шаруаға айналдыру III – V ғғ Ирандағы және көрші елдердегі феодалдық қатынастардың пайда болуының басты белгілерінің бірі. Жер салығы халық үшін аса ауыр жүк болды.

Сасанидтік держава әдеттегі сословиелік-касталық мемлекет болды. Халық басында үшке, кейін төртке бөлінді. Алғашқы үш сословиеге  жоғарғы тап өкілдері жатты, олар: әскерилер, дін басылар және шенеуніктер. Ал төртінші сословиеге шаруалар, қолөнершілер және саудагерлер жатты. Бір сословиеден екіншісіне өту мүмкін болмады.

Патша Сасанидтерден шығуы  керек дей тұрғанмен, мұрагерлікке байланысты қатаң тәртіп болған жоқ. Әдетте патша көзінің тірісінде таққа лайық деп тапқан мұрагерді өзі тағайындады. Кейде патша белгілі бір ақсүйектер тобының таңдауы арқылы тағайындалатын еді. Патша болудың бұлжымас бір ғана шарты болды, ол патшада дене кемістігінің болмауы еді. Патша билігі негізінен ештеңемен шектелмеді.

Жас Сасанидтер патшалығы  көп жағдайда Парфяндық державаның саясатын қолдады. Ардашир көптеген аумақты жаулап алғанымен, Армениямен шайқаста жеңіліс тапты. Содан кейін ол шығыстағы қуатты елдердің бірі Кушан державасынан көмек сұрады. Тарихи жазбаларға негізделсек, Ардашир І солтүстік шығыста Хорезмге дейінгі аумақты, шығысында Кабулге дейінгі аумақты бағындырған.

 

Араб халифатының  құрамындағы Иран (VII-X ғғ)

VII ғасырдың алғашқы жартысында  Жерорта теңізі және Батыс  Азия елдерінің тарихында маңызды  орын алған жаңа фактор-Араб мұсылмандық халифаты болды. Араб халифатының қол астында Иранның ерте феолдалдық қоғамдық дамуы жалғасты.

VII ғасырдың басында патриархалдық  құрылыстың құлап, әлеуметтік  жіктелу айқын байқала басталды. Иранды арабтардың жаулап алуы  елді ұзақ уақытқа созылған  Византиямен соғыстың зардаптарын,  әр түрлі класстар арасындағы  қайшылықтарды, ақсүйектер мен  басқа да қолында билігі бар  топтардың бір бірімен билік  үшін қырқысуын тежеді.

Арабтардың өзі де жаулап алынған Алдыңғы Азиядағы едәуір дамыған елдегі феодалдандыру үрдісіне тартылды. Араб халифатын Ирандағы ең басты көздеген мақсаты Жерорта  теңізіне шығатын сауда жолына қол  жеткізу болды.

Арабтар Иранға өздерімен  араб жазуымен қоса араб әдебиеті мен  ислам дінін де ала келді. Сол  тұста Батыс Азия және Солтүстік  Африка елдері үшін халықаралық тілге  айналған араб тілі Иран әдебиеті мен поэзиясында үстемдік құрды. Парсылардың өзі араб тілінде жазды.

Арабтардың жаулап алуының  ең басты салдары Иранда ислам  дінінің таралуы болды. Бастабында діннің таралуы баяу жүзеге асырылғанымен, VIII ғасырдың ортасынан бастап қарқынды тарала бастады. Ал ІХ ғасырда ислам Иран мен Хорасан тұрғындарының басым бөлігі ұстанатын дінге айналды. Ал Х ғасырда Иран халқы түгелімен ислам дінін ұстанатын болды.

Ирандағы әлеуметтік қатынастар (VII – X ғғ)

Сасанидтердің тұсында жандана  бастаған феодалдық қатынастар Аббасидтер дәуірінде де өз жалғасын тапты. Арабтардың жаулап алуы елдің жер қорын қайта  қарауды талап етті. Жердің көп  бөлігі-Сасанидтер мемлекетінің бұрынғы жерлері мұсылман қауымының ортақ иелігі болып есептелді. Шаруалар мемлекетке харадж салығын төлеуге тиіс болды. Сондай ақ Аббасидтік халифтерден шыққандарға арналған да жер иеліктері болды. Жер иеліктерін еркін түрде сатуға және мұраға қалдыруға болатын. Мемлекет әскерилерге ондағы шаруаларымен қоса біраз жер телімдерін бөліп берді. Сонымен қоса діни мақсаттарға байланысты бөлініп берілетін вакуфтік жер үлестері де болды.

Ірі жеке феодалдық жер  иелену процесінің әр түрлі категориялар бойынша өсуі Аббасидтер кезінде  де жалғасын тапты. Жер иеленушілер  көп болғанымен, басыбайлы шаруалар болмады. Феодалдық жалдау ақысы  ақшалай және азық түліктік болып  бөлінді.

Ирандағы ерте феодалдық  қоғамда араб және ирандық көшпенділер  арасында патриархалдық және құл иеленушілік құрылыс сақталды. Құл еңбегі мал шаруашылығында, бау бақша шаруашылығында, өлі жерлерді өңдеуде пайдаланылды. Қалаларда еркін қолөнершілер мен қатар, аснаф атты цехке біріккен құл-қолөнершілер де болды.

Жоғарыда айтылғандарға  негізделе отырып, Сасанидтік державаның құрылуы Қытайдағы Таң патшалығы  сынды ерте феодалдық қоғамдық қатынастарға негізделген орталықтандырылған империя  құруға деген талпыныс болды. Араб халифатының үстемдігі енді ғана әлсірей бастаған құл иеленушілік құрылысты қайта жандандырды.

IX-X ғғ Иранда феодалдық жер меншігінің формалары толық көрініс берген, құлдардың басым көпшілігі феодалдық тәуелді шаруаларға айналған және экономикасында құл еңбегінің маңызы төмендеген, дамыған феодалдық қоғам қалыптасты.

Ирандағы феодалдық  қоғам (Xғ-XIV ғ ортасы)

ІХ ғасырдың соңында құл  иеленушілік және патриархалдық  құрылыстың белгілері сақталған  Ирандағы ерте феодалдық қоғам феодалдық  жеке меншік айқын көрініс берген, феодалдық тәуелділік  дамыған  феодалдық қоғамға орын берді.

                   Саманидтер және Газневидтер мемлекеті

ІХ-Х ғғ Иран территориясында Араб халифатына номинальды түрде ғана бағынышты мұрагерлік эмираттар құрылды. Х ғ Иранның біраз бөлігі екі елмен бөлініп тұрды: батыста Буидтер және шығыста Саманидтер. Алайда Буидтер мемлекеті біртұтас ел бола алмады, елде әрдайым билік үшін талас тартыстар орын алды. Буидтер шииттерге жақтаушы болып, ирандық мемлекеттік дәстүрлерді қолдады. Орта Азиямен қоса Шығыс Иран Саманидтер мемлекетінің құрамына кірді.

Саманаидтер үйінің негізін  қалаушы Аббасидтердің тұсында-ақ ислам дінін қабылдап үлгерген Балха Саман болды. Ирандық дехкандармен аса жақын болған Саманидтер аса үлкен әлеуметтік қолдауға ие болды. Саманидтер мұсылмандардың сүннит тармағына кірді, өмірлерінің соңына дейін халифтің билігін мойындады. Осылайша Саманидтердің ел басқару ісінде екі қарама қайшы бағыт пайда болды. Бір жағынан олар көршілеріне ислам тарататын әдеттегі мұсылман билеушілер болса, енді бір жағынан исламға дейінгі салт дәстүрді жаңғыртқан да солар болды. Дәл осы Саманидтердің тұсында дари-парсы тілінің әдеби тілге айналуына кең жол ашылды.

Саманидтер мемлекеті  Х ғасырда Мәуреннахр, Хорезм, Хорасан, сондай ақ Сеистан мен Гурганды қосып  алды. Олардың Каспий жағалауын да басып алу ойлары жүзеге аспады.

Саманидтік билеуші әмір титулын иеленді, бұл атау да халифке  деген формальды тәуелділікті айқындап тұрды. Саманидтердің астанасы Бұхара қаласы мұсылман әлемінің ірі астаналарының  біріне айналды.

Саманидтер мемлекеті  барлық орталық билік астана Бұхараға шоғырланған орталықтандырылған мемлекет болды. Басты рөлді уәзірлер ойнады.

Саманидтер дәірі экономика  мен мәдениеттің гүлдену кезеңі болды. «Классикалық мектеп» географтарының шығысирандық облыстарды сипаттауы  - осының айқын дәлелі.

Саманидтердің билеушісі  Махмудтың өлімінен кейін әлсіреген  Иран оғыздардың билігіндегі Селжұқтардың боданына айналды.

                                          Селжұқтар мемлекетіндегі білім

ХІ ғ Иран түріктердің (оғыздар) боданына айналды. Олардың бір ордасы Газневидтердің қалың қолын талқандап, Иран жерінде Селжұқтар мемлекетін құрды.

Селжұқтар халифтердің ізбасары болып есептелді, алайда тек рухани билікті ғана сақтап қалды. Селжұқтар  1071 – 1081 жж Арменияны түгелімен, Шығыс Грузияны, Ширванды, византиялық Кіші Азияны, Сирия мен Палестинаны жаулап алды.Алп Арсланның ұлы әрі мұрагері Сұлтан Мелих шах Мәуреннахрдың Қараханидтерін де бағындырды.

Мелих шахтың тұсында Селжұқтар  айтарлықтай саяси басымдылыққа ие болды. Алайда мемлекеттің біртұтастығы сақталмады, династия мүшелеріне иеліктер бөлініп берілді, бірте бірте олар жеке сұлтандықтарға айналды: Керман, Сирия, Рум.

Ильхандардың  моңғол династиясы

1220-1256 жж Иранды моңғолдар басып алды. ХІІІ ғасырдан бастап күллі Еуразияны дүр сілкіндірген моңғол империясының Орта Азия мен Иранды жаулап алуы хорезмшах мемлекетінің әлсіреуімен тұспа тұс келді.

1219 жылдың күзімен 1220 жылдың көктемі аралығында моңғолдар Орта Азияны түгелімен жаулап алды. Батыс Азияны жаулауды аяқтау үшін моңғол ханы Мөңке өзінің інісі Хулагуды жібереді. Ол Иран жерінде өзіне және ұрпақтарына арнап «бесінші ұлысты» құрды. Хулагу мен оның ұрпақтары ильхан деген титулға ие болды. Бұл атау «тайпа ханы» деген мағынаны білдірді.

Хулагуидтік ильхандар мемлекеті  Ауғаныстанмен қосып Иран үстіртін, Мерв оазисін, Арабтық Ирак, Әзірбайжан, Арран мен Ширван, Армения мен Күрдстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Грузия, Армения және Кипр аралдық патшалығын жаулап алды.

Хулагуидтік ильхандар мемлекеті  моңғолдық ерте феодалдық көшпенді мемлекеттілік пен ирандық дамыған  феодалдық институттардың қарама қайшылыққа толы бірлестігі болды.

Иран кейінгі  ортағасырлық кезеңде

Аталмыш кезеңде жерге  деген феодалдық жеке меншік, феодалдық  иерархия, феодалдық меншік формасы дами түсті. Аталмыш кезең әсіресе моңғолдық Хулагуидтер мемлекетінен кейінгі феодалдық бытыраңқылықтың кең етек жайды.

Иран Тамерлан және Тимуридтердің билігінде

Орталық Азияда Әмір Темірдің мемлекетінің құрылуы үлкен жаулап алушылық соғыстарға алып келді. Темір  феодалдық бүліктер мен халық  қозғалыстарын басып жанши отырып қуатты мемлекет құруды көздеді. Ол сыртқы жаулап алушылық соғыстар жүргізгенде  ғана халықты жаңа жер және әскери олжамен қамтамасыз ете алатын еді. Сондықтан ол Алтын Орда мен Батыс Азияға жорықтар жасауды басты мақсат етіп қойды. Темір әскерлері Шыңғысханның жаулаған аумағына жете алмаса да, өздерінің аса қатыгездіктерімен ерекшеленді, сонымен қатар жаулаған жерлерінің бәрін талқандап отырды. Әмір Темірдің Шыңғысханнан айырмашылығы, онда нақты экономикалық жоспар болды. Ол еуропалық-азиялық керуен жолына бақылау орнатпақ болды. Ал Иран саяси географиялық орналасуы бойынша Темір жоспарының алғашқы нысанасы болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Агаджанов С.Г. Государство Сельджукидов и Средняя Азия в XI - XII вв. М., 1991.

2. Агаджанов С.Г. Аграрная терминология Средней Азии и Ирана. Ашхабад, №4, 1965.

3. Агаев С.Л. Иран в прошлом и настоящем. М., 1981.

4. Агибалова Е.В., Донской Г.М. История средних веков. Алма-Ата, 1971.

5. Акимкина Н. и Люксембург М.  Практикум по истории стран  зарубежного Востока. /Индия, Иран, Турция/ М., 1964.

6. Ближний и Средний Восток. (Сб. ст). М., 1968.

Ортағасырлық Иран