Осы Кодексте реттелетін қатынастар
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодекс
салықты және бюджетке
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
1. Қазақстан
Республикасының салық
2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге
жүктелуге тиіс емес.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген
тәртіппен және жағдайларда белгіленеді,
енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін
жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының
басқа да заңнамалық актілерінің арасында
қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында
осы Кодекстің нормалары қолданылады.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда,
салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды
салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым
салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шартта осы Кодекстегіден
өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген
шарттың ережелері қолданылады.
3-бап.
Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының
қолданылуы
1. Қазақстан
Республикасының салық
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі
(ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңының 1-т. қараңыз).
2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін
белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық
төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын
жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды
қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен
толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілері ағымдағы жылдың
1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы
және олар қабылданған жылдан кейінгі
жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа
енгізілуі мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
1. Қазақстан
Республикасының салық заңнамасы салық
салу принциптеріне негізделеді. Салық
салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі,
айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің
біртұтастығы және Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының жариялылығы принциптері
жатады.
2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
ережелері осы Кодексте белгіленген салық
салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші
- салық міндеттемесін, салық
6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі
Қазақстан
Республикасының салықтары
7-бап. Салық салудың әділдігі принципі
1. Қазақстан
Республикасында салық салу
2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін
беруге тыйым салынады.
8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі
Қазақстан
Республикасының салық жүйесі
Қазақстан Республикасының
9-бап.
Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының
жариялылығы принципі
Салық салу
мәселелерін реттейтін
10-бап. Салық саясаты
Салық саясаты
- мемлекеттің қаржылық
11-бап.
Салық салу мәселелері
жөніндегі консультациялық
кеңес
1. Салық міндеттемелерін
орындау барысында туындауы
2. Консультациялық кеңестің құрамын және
ол туралы ережені Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Салық салу
мақсатына орай осы Кодексте
қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін
қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды,
ақпараттық массивтерді (деректерді),
жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы
ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының
билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін
қызметтер;
2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің
жекелеген санаттары үшін белгіленетін
және жекелеген салық түрлері мен жер
учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны
есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша
салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған
тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен
есеп айырысудың ерекше тәртібі;
3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық
бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар,
пайлық инвестициялық қорлардың пайлары
, ислам бағалы қағаздары ;
4) басқа да міндетті төлемдер – осы Кодексте
белгіленген мөлшерде және жағдайларда
жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда,
бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар
түріндегі міндетті ақша аударымдары;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген
- ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
5) бересі - салықтық тексеру нәтижелері
туралы хабарламада Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым
жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде
көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген,
есепке жазылған және мерзімінде төленбеген
салықтың және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің сомасы;
6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт
- борыштық бағалы қағаздардың номиналдық
құны мен бастапқы орналастырылу (купон
есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну
(купон есепке алынбаған) құны арасындағы
айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон
(бұдан әрі - купон) - шығарылым шарттарына
сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың
номиналдық құнының үстінен төлейтін
(төленуге жататын) сома;
9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы
- шығарылым шарттары бойынша купон төлеу
көзделетін борыштық бағалы қағаздардың
бастапқы орналастырылу (купон есепке
алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон
есепке алынбаған) құны мен номиналдық
құнының арасындағы айырма;
10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
Қазақстан Республикасының аумағында
жұмыс істейтін қор биржасының негізгі
сессиясында қалыптасқан және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік саласындағы
қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті
мемлекеттік органмең бірлесіп белгілейтін тәртіппен
айқындалған теңгенің шетел валютасына
орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ
теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында
жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық
жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
саласындағы қызметті реттеуді жүзеге
асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен
бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар
пайдаланыла отырып есептеледі;
РҚАО-ның ескертпесі!
10-1) тармақшамен толықтыру көзделген
- ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге)
қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері
- Қазақстан Республикасына, Қазақстан
Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға,
сондай-ақ заңды тұлғаларға;
қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық
сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясын
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар
- Қазақстан Республикасына және Қазақстан
Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі
және 2016.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР
2010.03.19 N 258-IV Заңының 2-т. қараңыз).
Осы Кодекстің мақсатына орай, Қазақстан
Республикасындағы табысы аз азаматтарды
қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған,
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын үкіметаралық келісім шеңберінде
осындай келісіммен айқындалған мақсаттарға
(міндеттерге) қол жеткізу үшін Қазақстанның
үкіметтік емес қоғамдық қорлары өтеусіз
негізде алған мүлік те грант деп танылады;
12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі
мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін,
сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден
және халықаралық ұйымдардан жіберілген
азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар,
техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық
құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де
заттар түрінде Қазақстан Республикасына
өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының
Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін
мүлік;
13) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін
тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында
өтеусіз негізде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға,
көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және
шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық,
өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім
және спорт шеберлігі деңгейін арттыру
үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау
түрінде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің
жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін
берілетін мүлік;
РҚАО-ның ескертпесі!
14) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген
- ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
14) дивидендтер - акциялар, оның ішінде
депозитарлық қолхаттардың базалық активтері
болып табылатын акциялар бойынша төленуге
жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы
пайларды сатып алған кезде олар бойынша
табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық
қордың пайлары бойынша төленуге жататын
табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары,
қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың
бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде
немесе жарғылық капиталды қатысушылар
салымдарының мөлшерін барабар азайту
жолымен не қатысушылардың (қатысушының)
үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен
азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшы,
қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесін
алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының
жарғылық капиталға салым ретінде енгізген
мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін
табыстар; исламдық қатысу сертификаттары
бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер,
қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара
байланысты тарапы заңды тұлғадан:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тәуелсіз тарапқа өткізілу
құны мен олардың акционерге, қатысушыға,
құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты
тарапына өткізілу құны арасындағы оң
айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тәуелсіз тараптан сатып
алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан,
құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты
тарапынан сатып алыну құны арасындағы
теріс айырма;
үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның
акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында
немесе олардың өзара байланысты тарапында
туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік
қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға
акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе
олардың өзара байланысты тарапы өтемей,
заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың
немесе міндеттемелердің құны;
осы Кодекстің 163-165-баптарында к
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе
теріс айырма салық салу объектілерін
түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте,
салық салу объектілерін түзету Қазақстан
Республикасының трансферттік баға белгілеу
туралы заңнамасында белгіленге
15) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік
нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерін,
ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар
интерьерлерін жобалау жөнінде көрсетілетін
қызметтер; көркемдік конструкциялау;
16) жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе)
оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне
енген үкімімен не қаулысымен ж
17) жеке тұлғаның жеке мүлкі - жеке тұлғаның
меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі
үлесі болып табылатын, кәсіпкерлік мақсаттарда
пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы
мүлкі;
18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан
Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда,
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе
заңды тұлғалар;
19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі
- филиал, өкілдік;
19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген,
сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе
сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның
ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына
сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты
немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға
сәйкес келетін алтын:
алтын монеталар үшін:
мұндай алтын монеталардың нумизматикалық
құндылығы жоқ;
алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының
1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе
одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге,
90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес).
Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың
біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық
құндылығы бар деп танылады:
1800 жылға дейін соғылған;
«пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп
алуды қамтамасыз ететін технология бойынша
соғылған;
шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды;
оның нарықтық бағасы монетадағы алтын
құнының 80 пайызынан асады.
Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын
монетаны өткізу күніне Лондон қымбат
бағалы металдар нарығы қауымдастығы
белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін
(бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге
белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық
бағамына көбейту жолымен айқындалады;
қалған алтын үшін:
мұндай алтын құйма және (немесе) пластина
нысанында жасалған;
мұндай алтынның тазалығы лигатуралық
массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең
немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге,
99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);
20) инжинирингтік қызметтер көрсету -
инженерлік-консультациялық қызметтер
көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық,
есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар,
жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін
дайындау, өндірісті ұйымдастыру және
басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар
әзірлеу;
20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау
сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
21) келісімшарттық қызмет - жер қойнауын
пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарттың ережелеріне
сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;
22) келісімшарттан тыс қызмет - жер қойнауын
пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарттың ережелерінде
тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;
23) консультациялық қызметтер көрсету
- басқарушылық, экономикалық, қаржылық,
инвестициялық мәселелерді, оның ішінде
стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды
басқару мәселелерін шешу мақсатында
проблемаларды және (немесе) тұлғаның
мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе)
бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер,
ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы
консультациялар беру жөнінде көрсетілетін
қызметтер;
24) қайырымдылық көмек - өтеусіз негізде:
жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету
мақсатында;
коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық
қызметін қолдау мақсатында;
әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарға аталған ұйымдардың
осы Кодекстің 135-бабының 2-
әлеуметтік салада осы Кодекстің 135-бабының 3-
25) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар
мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда,
жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен
қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына
үлестік қатысуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
26) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген
- ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
26) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында
тұратын және еңбек шарты (келісімшарт)
бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке
тұлға; мемлекеттік қызметші; мемлекеттік
қызметшілерді қоспағанда, акционерлік
қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;
осы Кодекстің 191-бабы 10-
27) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
сипаттамасын, баға стратегиясын және
жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса
алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер өндірісі мен айналысына үздік
экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі
шараларды айқындау мақсатында тауарлар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі
мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға,
жоспарлауға және болжамдауға байланысты
көрсетілетін қызметтер;
РҚАО-ның ескертпесі!
28) тармақшаны алып тастау көзделген -
ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
28) тармақшаның осы редакциясы 2014.01.01 дейін
ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес қолданыста
болады (тоқтатылған редакцияны ҚР Салық
кодексінің № 7 архивтағы нұсқасын қараңыз).
28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы
Қазақстан Республикасының трансферттік
баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес
айқындалатын жеке немесе заңды тұлға.
2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындайтын,
ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер
ретінде банктің жарғылық капиталына
қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы
холдингтің лауазымды тұлғаларының осындай
банкті басқару органына қатысуы олардың
өзара байланыстылығының бірден-бір негізі
болып табылатын тұлғалар өзара байланысты
тараптар деп танылмайды;
РҚАО-ның ескертпесі!
29) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген
- ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру
мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды
орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ
кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға
беру;
30) роялти - мыналар үшін:
пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік
құралымдарды қайта өңдеу процесінде
жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз
етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе
модельдерді, тауар таңбаларын немесе
басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін
пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы
үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде
бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары
бойынша жалға алынатын теңіз және әуе
кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу
жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану
құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны
үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді,
дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын
пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы
үшін төленетін төлем;
31) салық агенті - осы Кодекске сәйкес
төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу,
ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін
дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот
орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның
ішінде резидент емес заңды тұлға ;
32) салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ
өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген
сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы
хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы,
сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы
қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде
шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар
сомасы салық берешегіне қосылмайды;
33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген
салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі
барлық салық міндеттемелерін есептеу
кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан
Республикасының салық заңнамасы нормаларының
жиынтығы;
34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды
қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде
жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз
сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті
ақшалай төлемдер;
35) салық төлеуші - салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуші болып табылатын адам;
36) салық төлеушінің (салық агентінің)
жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің, міндетті
зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың
есептелген, есепке жазылған (азайтылған),
аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары
және қайтарылғандары ескерілген) сомасын,
сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың
сомасын есепке алуға арналған құжат,
оның ішінде электрондық нысандағы құжат;
37) салық төлеушінің электрондық құжаты
- белгіленген электрондық форматта берілген,
қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан
кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық
қолтаңбасымен куәландырылған электрондық
құжат;
38) салық төлеушінің электрондық цифрлық
қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба
құралдарымен жасалған және электрондық
құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге
тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін
растайтын электрондық цифрлық нышандардың
реттілігі;
39) сыйақы - мыналарға:
кредиттің (қарыздың, микрокредиттің)
алынған (берілген) сомасын, банктердің
ақша аударғаны үшін комиссияларды және
қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты
тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге
де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға,
микрокредитке) байланысты;
мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын,
лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара
байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға
төлемдерді қоспағанда, мүлікті қаржы
лизингіне беруге байланысты;
салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды
(депозитті) қабылдап алған тарап үшін
салымшы (депозитор), өзара байланысты
тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді
қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
сақтандыру сомасының мөлшерін, сондай-ақ
сақтандырушы үшін сақтанушы, өзара байланысты
тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді
қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен
байланысты;
борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт
не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу
құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан
алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы
төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы
қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты
тарап болып табылатын тұлғаға төлем түріндегі;
вексельде көрсетілген соманы, вексель
беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы,
өзара байланысты тарап болып табылмайтын
тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель
бойынша;
репо операциялары бойынша - репоны жабу
бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма
түріндегі;
исламдық жалдау сертификаттары бойынша
барлық төлемдер;
Осы тармақшаның мақсаттарында банктік
шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар
да сыйақы деп танылады;
40) туынды қаржы құралы - құны болашақта
осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге
асыруды көздейтін шарттың базалық активінің
шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда)
тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына
опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар
және басқа да туынды қаржы құралдары,
оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген
туынды қаржы құралдарының комбинациясын
білдіретіндер жатады.
Туынды қаржы құралдарының базалық активтері
тауарлар, тауарлардың стандартталған
партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстері
проценттік ставкалар және нарықтық құны
бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе
мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары
болуы мүмкін;
41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға;
жеке тұлға - Қазақстан Республикасының
азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ
адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының
немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес
құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға).
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған
компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік
құралым осы Кодекстің мақсатына орай
олар өздері құрылған шет мемлекеттің
заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па
- осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар
ретінде қарастырылады;
41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің
(салық агентінің) билік етуі шектелген
мүлкін өткізу саласындағы, Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған заңды
тұлға;
42) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық
органдарын және жергілікті атқарушы
органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды
жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде белгіленген өздерінің құзыреті
шегінде осы Кодекске сәйкес салық қызметі
органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары;
43) уәкілетті орган - салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің
түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты
жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
44) ұтыстар — салық төлеушілердің конкурстарда,
жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда,
лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық
бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын
қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын
заттай және ақшалай түрдегі табыстардың
кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында
және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік
пайда түріндегі табыстар;
45) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте
белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен
алмасу кезінде салық қызметі органдарымен
жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны
пайдалану және тану туралы келісімнің
негізінде салық қызметі органдарымен
электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын
салық төлеуші;
46) оператор - өнімді бөлу туралы келісім
(келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік
(консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану
бойынша операцияларды жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды
тұлға;
47) тауарлардың импорты - кеден одағының
кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылатын, тауарларды кеден одағының
кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды
кеден одағына мүше басқа мемлекеттің
аумағынан Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР
2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының
басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері
осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын
мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан
Республикасының азаматтық және басқа
да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер
осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан
Республикасы заңнамасының сол салаларында
пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту
енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 №
258-IV (2009.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі
және 2016.01.01 дейін қолданыста
болады), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N
297-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 №
467-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз)
Заңдарымен.
2-тарау.
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ
ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК
13-бап. Салық төлеушінің құқықтары
1. Салық төлеуші:
1) салық қызметі органдарынан қолданылып
жүрген салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан
Республикасының салық заңнамасындағы
өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды
толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер
алуға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің
өкілі арқылы немесе салық консультантының
қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда
салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
4) салық органында Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын,
салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының
бланкілерін және (немесе) электрондық
түрде салық есептіліктері мен өтініштерін
беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз
етілімді тегін алуға;
5) өтініш бойынша салық органында бұрын
өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін
алуға;
6) салық қызметі органдарына салықтық
бақылау нәтижелері бойынша салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі
түсіндірмелерді табыс етуге;
7) салық органы салықтық өтініш алған
кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей
салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті
зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және
аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу
және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау
бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі
туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте
белгіленген тәртіппен және мерзімде
мынадай:
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы
жарналары мен әлеуметтік аударымдар
бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы
жарналары мен әлеуметтік аударымдар
бойынша берешектің жоқ екендігі (бар
екендігі) туралы;
резидент еместің Қазақстан Республикасындағы
көздерден алынған табыстар мен ұсталынған
(төленген) салықтардың сомасы туралы
анықтама түрлерін алуға;
9) салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі
салық міндеттемесін орындау мақсатында
төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер
туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты
салық органына көрсетілген ақпарат үшін
өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс
күні ішінде алуға;
10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген
тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері
туралы хабарламаға және (немесе) салық
қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға
жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша
шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі
органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
11) салықтық құпияның сақталуын талап
етуге;
12) осы Кодекске сәйкес салық қызметі
органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді
тегін алуға;
13) салықтық тексеру жүргізу барысында
салық қызметі органдарының лауазымды
адамында туындаған сұрақтарды жазбаша
тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін
құжатты онымен келісуге;
14) берілуі Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының
трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін
өндіру мен олардың айналымын мемлекеттікреттеу туралы заңна
2. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында реттелетін қатынастарға
осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық
тәсілмен қатысуға құқылы.
3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында көзделген өзге де
құқықтары бар.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту
енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
14-бап. Салық төлеушінің міндеттері
1. Салық төлеуші:
1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін
уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының Қазақстан Республикасының
салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды
жою туралы заңды талаптарын орындауға,
сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін
атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі
жасамауға;
3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары
лауазымды адамдарының салық салу объектісі
және (немесе) салық салуға байланысты
объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне
жол беруге;
4) Қазақстан Республикасының трансферттік
баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген
ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға
және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген
тәртібін сақтауға;
6) дара кәсіпкердің (осы Кодекстің 43-бабында белгіленг
7) акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді
және магистральды құбырлармен өткізілетін
акцизделетін тауарларды қоспағанда)
кеден одағы шеңберінде Қазақстан Республикасының
шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының
Үкiметi айқындайтын өткізу пункттерінде
ғана өткізуді қамтамасыз етуге және уәкілетті
орган белгілеген тәртіппен осындай акцизделетін
тауарларды алдағы уақытта алатыны туралы
салық органдарына хабарлауға міндетті.
2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген
өзге де міндеттерді орындайды.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс
енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 №
297-IV (2011.07.01 бастап
қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
15-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Салық агентінің,
егер осы Кодексте өзгеше
2. Салық агенті сондай-ақ:
1) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес
төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс
және уақтылы есептеуге;
2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға
және оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен
және мерзімдерде бюджетке аударуға;
3) салық төлеушілерге төленген табыстардың,
сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған
салық сомасының есебін жүргізуге, оның
ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке
жүргізуге;
4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша
салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде
белгіленген тәртіппен салық есептілігін
табыс етуге міндетті.
3. Салық агенті осы Кодексте көзделген
өзге де міндеттерді орындайды.
16-бап.
Салық төлеушінің (салық
агентінің) құқықтарын
қамтамасыз ету және
қорғау
1. Салық төлеушіге
(салық агентіне) оның құқықтары
мен заңды мүдделерінің қорғалуына
кепілдік беріледі.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің)
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге де заңнамалық
актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге
асырылады.
17-бап.
Осы Кодексте реттелетін
салықтық қатынастарда
өкілдік ету
1. Егер осы
тармақта өзгеше көзделмесе, салық
төлеуші (салық агенті) Қазақстан
Республикасының салық
Осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес
салық органының шешімімен қосылған құн
салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған
салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші
болып табылмаған кезеңде осындай салық
төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық
есептілігін табыс еткен жағдайда осы
тармақтың ережесі қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі
органдарымен, Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында реттелетін қатынастарға
өзге де қатысушылармен қатынастарда
өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген
жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің
(салық агентінің) уәкілетті өкілі болып
танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) - жеке
тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің
уәкілетті өкілі нотариаттық куәландырылған
сенімхат немесе Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай
салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық
куәландырылғанға теңестірілген сенімхат
негізінде әрекет етеді, онда өкіл өкілеттіктерінің
нақты тізбесі көрсетіледі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) —
заңды тұлғаның не заңды тұлғаның құрылымдық
бөлімшесінің уәкілетті өкілі мұндай
салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай
құжаттары және (немесе) оның Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес берілген сенімхаты негізінде
әрекет етеді, онда өкіл өкілеттіктерінің
нақты тізбесі көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
реттелетін қатынастарға салық төлеушінің
(салық агентінің) жеке өзінің қатысуы
оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол
сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні
(салық агентін) көрсетілген қатынастарға
жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
5. Салық төлеуші (салық агенті) өкілінің
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің
(салық агентінің) қатысуына байланысты
жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі)
салық төлеушінің (салық агентінің) аталған
өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген
құжаттардың негізінде берген өкілеттіктері
шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі)
болып танылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту
енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N
297-IV (2010.07.01 бастап
қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
17-1-бап.
Өнімді бөлу туралы
келісім (келісімшарт)
негізінде жер қойнауын
пайдалану бойынша
операцияларды жүзеге
асыру кезінде салық
қатынастарына оператор
арқылы қатысу
1. Өнімді бөлу
туралы келісім (келісімшарт)
шеңберінде жай серіктестік (
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен
реттелетін қатынастардағы оператордың
өкілеттігі, осы Кодекске қайшы келмейтін
бөлігінде өнімді бөлу туралы келісімге
(келісімшартқа) сәйкес айқындалады.
3. Осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының
2) тармақшасына сәйкес салық міндеттемелерін
орындаған кезде, оператор осы Кодексте
салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін
көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге
ие болады, сондай-ақ оған осы Кодексте
салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін
көзделген салық әкімшілігін жүргізудің
тәртібі қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
реттелетін қатынастарда жер қойнауын
пайдаланушылардың қатысуына байланысты
осы жер қойнауын пайдаланушылардың атынан
және (немесе) тапсырмасы бойынша жасалған
оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі)
осындай жер қойнауын пайдаланушылардың
және олардың атынан және (немесе) олардың
тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың
іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Ескерту. 2-тарау 17-1-баппен
толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
3-тарау.
САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
ОРГАНДАРЫ. КЕДЕН
ОРГАНДАРЫ.
САЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ
БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН
ӨЗАРА
ІС-ҚИМЫЛЫ
18-бап.
Салық қызметі
органдарының міндеттері
мен
құрылымы
1. Салық қызметі
органдарының міндеттері:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің түсу толықтығы
мен уақтылығын қамтамасыз ету;
2) міндетті
зейнетақы жарналарын (бұдан
әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің,
ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына
аударудың және әлеуметтік
аударымдарды (бұдан
әрі - әлеуметтік аударымдар) есептеудің
және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын
қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының салық саясатын
іске асыруға қатысу;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
сақталуын
қамтамасыз ету болып табылады.
РҚАО-ның
ескертпесі!
2-тармаққа
өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Салық қызметі органдары уәкілетті
орган мен салық органдарынан тұрады.
3. Салық органдарына уәкілетті органның
облыстар, Астана және Алматы қалалары
бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы
аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері,
сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық
аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық
аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың
аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған
салық қызметі органына сатылы тұрғыда
тікелей бағынады және жергілікті атқарушы
органдарға жатпайды.
5. Уәкілетті орган салық органдарына
басшылықты жүзеге асырады.
6. Салық қызметі органдарының рәмізі
болады. Салық қызметі органдары рәмізінің
сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін
уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту.
18-бапқа өзгерту енгізілді -
ҚР 2009.11.16 N
200-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
19-бап. Салық қызметі органдарының құқықтары
1. Салық қызметі
органдары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтік
құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде
әзірлеуге және бекітуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелер бойынша халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
4) салық төлеуші (салық агенті, оператор)
осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді
және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған
жағдайда, банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге
де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік
шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес
банктік құпия болып табылатын мәліметтер
қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі
мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін
көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда,
салық төлеушіден (салық агенті, оператордан)
бастапқы есепке алу құжаттарының деректері,
бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық
салу объектілері және (немесе) салық салуға
байланысты объектілер туралы ақпарат
қамтылған бухгалтерлік және салық есептерін
автоматтандыруға арналған бағдарламалық
қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық
жүйенің деректерін көруге қол жеткізу
құқығын беруді талап етуге;
5) салық төлеушіден (салық агентінен,
оператордан) салықты және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді есептеудің
дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және
аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы
жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың
және әлеуметтік аударымдарды есептеу
мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын
растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық
агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша
жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің, оператордың)
қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент
- салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың)
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде
орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық
есептілігін қоса алғанда, егер осындай
тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалықакті
6) салықтық тексеру барысында Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінде айқындалған тәртіппен
салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан)
әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны
туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды
жүргізуге;
7) нұсқама негізінде объектінің тұрған
жеріне қарамастан, салық салу объектісі
және (немесе) салық салуға байланысты
объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге,
салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың)
мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу
жүргізуге;
8) банктерден және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан
осы Кодекстің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында
табыс етілуі көзделген мәліметтерді
алуға;
9) банктерден және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан
коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді
жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен
салық салу объектілерін және салық салуға
байланысты объектілерді жанама әдіспен
айқындауға;
11) салықтық тексерулерге мамандарды
тартуға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
2. Салық қызметі органдары Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде
жүктелген міндеттерді іске асыруды осы
Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық
тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
3. Салық қызметі органдарының Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де құқықтары бар.
Ескерту.
19-бапқа өзгерту енгізілді -
ҚР 2009.11.16 N
200-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2011.03.25 N
421-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері
1. Салық қызметі
органдары:
1) салық төлеушінің (салық агентінің)
құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3) салық төлеушінің (оператордың) - салық
міндеттемесін, салық агентінің (оператордың)
салықтарды есептеу, ұстау және аудару
жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген
тәртіппен орындауына салықтық бақылауды,
сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің
толықтығы мен төлеудің уақтылылығын,
міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің,
ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды
жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін
және (немесе) салық салуға байланысты
объектілерді есепке алуды, есептелген,
есепке жазылған және төленген салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, есептелген, ұсталған және
аударылған міндетті зейнетақы жарналарын,
есептелген және төленген әлеуметтік
аударымдарды есепке алуды жүргізуге;
5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің
туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде
түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер
беруге;
6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы
салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының
салық заңнамасындағы өзгерістер туралы
ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру
тәртібін түсіндіруге;
7) салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер
көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің
белгіленген нысандарының бланкілерін
және (немесе) электрондық түрдегі салық
есептіліктері мен салықтық өтініштерді
табыс етуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз
етілімді тегін беруге;
8) нұсқама бойынша салықтық тексеруді
жүргізуге;
9) өз құзыреті шегінде салықтың, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер
мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын,
есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың
есептелген салық сомасынан асып кетуін
есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды,
осы Кодексте белгіленген тәртіппен және
мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;
10) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық
құпияны сақтауға;
11) осы Кодексте көзделген мерзімде және
жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті
зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару
және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша
міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық
төлеушіге (салық агентіне, операторға)
хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгіленген
жағдайларда оның көшірмесін беруге;
12) салық төлеушінің (салық агентінің,
оператордың) салықтық өтініші бойынша
осы Кодексте белгіленген тәртіппен және
мерзімде мынадай:
салық берешегінің, міндетті зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар
бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
салық берешегінің, міндетті зейнетақы
жарналары және әлеуметтік аударымдар
бойынша берешектің жоқ екендігі (бар
екендігі) туралы;
резидент еместің Қазақстан Республикасындағы
көздерден алған табыстарының және ұсталған
(төленген) салықтардың сомасы туралы
анықтама түрлерін беруге;
13) осы Кодексте белгіленген тәртіппен
салық есептілігін және салықтық өтініштерді
қабылдауға;
14) салық төлеушіден (салық агентінен,
оператордан) Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын
жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде
осы талаптардың орындалуын бақылауға;
15) салық төлеушінің (салық агентінің)
салықтық өтінішін алған кезден бастап
екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке
шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ
міндетті зейнетақы жарналарын аудару
және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша
міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен
есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірме
беруге;
16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына
өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс
күні ішінде өз құзыреті шегінде салық
төлеушіге (салық агентіне) салықты және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, бюджетке төленуге жататын
өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі
төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер
туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, бюджетке төленуге жататын
өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік
аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы
жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат
беруге;
17) салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеу фактісін
растайтын құжаттардың немесе құжаттар
көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын
қамтамасыз етуге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органға салық
қызметі органдарының ақпараттық жүйесіне
қолжетімділігін беруге;
19) электрондық салық төлеушіге өзінің
жеке шотын көру қолжетімділігін беруге;
20) салық төлеушінің талап етуі бойынша
- салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті
зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар
бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі,
салық агентінің талап етуі бойынша салықты
есептеу және аудару бойынша міндеттің
орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды
жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген
тәртіппен түзетулер енгізуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік
қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне
сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
22) бұқаралық ақпарат құралдарында осы
Кодексте белгіленген тәртіппен және
жағдайларда салық берешегі бар салық
төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ
әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды
күшіне енген сот үкімінің не қаулысының
негізінде жалған кәсіпорындар болып
танылған салық төлеушілердің тізімдерін
жариялауға;
23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті
есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану
және өткізу тәртібінің сақталуын, оның
Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен
жергілікті атқарушы органдардың салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы
және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі
қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
25) салық міндеттемесінің орындалуын
қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға
және салық төлеушінің (салық агентінің,
оператордың) салық берешегін осы Кодекске
сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
26) салық төлеушінің (салық агентінің,
оператордың) салықтық тексеру нәтижелері
туралы хабарламаға шағымын және (немесе)
салық қызметінің жоғары тұрған органының
хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері
бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ
салық қызметі органдары лауазымды адамдарының
іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын
осы Кодексте белгіленген тәртіппен және
мерзімдерде қарауға;
27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық
туралы кодексінде белгіленген тәртіппен
әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.
2. Салықтық тексеру барысында салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуден қасақана жалтару
фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін
көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері
анықталған кезде, салық қызметі органдары
Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес
іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті
құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне
жататын материалдарды жібереді.
3. Салық қызметі органдары Қазақстан
Республикасының салық
заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді
орындайды.
Ескерту.
20-бапқа өзгерту енгізілді -
ҚР 2009.11.16 N
200-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңдарымен.
21-бап. Мүдделер қақтығысы
Салық қызметі
органдары лауазымды адамының
жақын туысы (ата-анасы,
22-бап.
Кеден органдарының
салықтар алу жөніндегі
өкілеттігі
Кеден органдары
осы кодекске, кеден одағының
кеден заңнамасына және (немесе)
Қазақстан Республикасының
Ескерту.
22-бапқа өзгерту енгізілді -
ҚР 2010.06.30 N
297-IV (2010.07.01
бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
23-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі
1. Кенттердің, ауылдардың
(селолардың), ауылдық (селолық) округтердің
әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) салық
төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік
құралы салықтарын, жер салығын жинауды
ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген
салықты жинау қатаң есептілік құжаты
болып табылатын квитанция негізінде
жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті
орган белгілейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген
салықты жинауды ұйымдастыру кезінде
әкімдер:
1) салық органдарынан салықтың сомасы
туралы хабарламаны алған күннен бастап
бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген
хабарламаны салық төлеушіге - жеке тұлғаға
тапсыруды;
2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген
кезде салық төлеушіге - жеке тұлғаға осындай
төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;
3) банкке немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға
ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық
күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей,
салық сомасын кейіннен бюджет есебіне
жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз
етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген және
тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста
болатын он еселенген айлық есептік көрсеткіштен
кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк
немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған
кезде ақша өткізу үш операциялық күнде
бір рет жүзеге асырылады;
4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын
және сақталуын;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
және мерзімдерде салық органына квитанцияларды
пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын
банкке немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру
туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту.
23-бапқа өзгерту енгізілді -
ҚР 2009.11.16 N
200-IV (2010.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.

- Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
- Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
- Ось мировой истории и осевое время в исторической концепции К. Ясперса
- ОСЭР - характеристика, основные показатели
- Осязание глухих
- Отаман Іван Сірко
- Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
- О сущности цивилизационного подхода к истории
- Осциллографическая электронно-лучевая трубка Передающие телевизионные трубки
- Осциллографические измерения
- Осциллятор OSC и MACD
- Осы Заң білім беру
- Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар