Оқудың маңызы мен мақсаты және

ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ МЕТОДИКАСЫ

Оқудың  маңызы мен мақсаты және

принциптері

    Бүгінгі  бөбек- ертеңгі азамат –қоғам  иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш  жол көрсетуші, бағыт беруші  –бастауыш мектеп мұғалімдері.  Ақ жүрек, балғын бөбектерге  білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты ұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі- бастауышта қаланады.

    Қайта  құру кезеңінде бөбектердің жеке  басын қалыптастыру ісін тиянақты  жолға қоюға баса назар аударылуда.

     Балалар  мектепте келген алғашқы күннен  бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың  тұрмыс –тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың  тұрмысы жақсара түсу үшін  іске асырылып жатқан сан алуан  жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.

    Осы  үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған  алғаш рет мектеп табалдырығын  аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбмелеу  және даму процестерін тығыз  ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді,  оларды білімнің бай қазынасын терең  меңгеруге,  қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы  тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:

  1. Идеалық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
  2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
  3. Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам  илігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
  4. Сүйікті Отанымыздың мейілінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.
  5. Программа көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру.
  6. Балалардың класс сайын  алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу.
  7. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер.т.б.) , балалардың сана-сезімін советтік патриотизм, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.
  8. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету.
  9. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқудың негізгі принциптері оны  өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған  мағұлматтарының шындық екенін дәлелдеу,  тәжірибиеден көрсету мақсаты көзделеді.

     Оқу  сабақтарының міндеті,  балалаларға дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

    Оқушыларды  саналы лқуға үйрету, білімді  саналы меңгерту, балалардың белсенділігін   арттыру- оқу сабақтарындағы ең  басты талап. Балалар бұл сабақтарда  оқығандарына жақсы  түсініп,  ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.  

 

Оқудың маңызы мен мақсаты және