Қозының анаэробты дизентериясы,тарихи деректер

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Кафедра___________________________________________________________

 

 

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ  ___________________________________________________

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ____________________

Тексерген: _____________________

 

 

 

Алматы 2012ж

 

                                             

                                                  Жоспар:

                   

                   1.Кіріспе

                   2.Негізгі бөлім

            2.1.Қозының анаэробты дизентериясы,тарихи деректер

            2.2.Індеттік ерекшеліктері,төзімділігі,дерттенуі

            2.3.Өтуі мен симптомдары,пат-анатомиялық  өзгерістер

            2.4.Иммунитет,емі,дауалау және күресу  шаралары

          2.5.Сиырдың жұғымтал плевропневмониясының анық.сы

2.6.Этиологиясы  мен дерттенуі

2.7.Дауалау және  күресу шаралары 

      3.Қорытынды

      4.Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Кіріспе

     Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады.

   Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары жэне сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлі- неді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буың- дарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушы- сының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне жэне ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.Іңдетке қарсы шаралар жалпы жэне арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық жэне ветеринариялық-санйтариялық ша-ралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Қозының анаэробтық дизентериясы

       Қозының анаэробытық дизентериясы  (Dysenteria neonatorum anaerobica,анаэробная дизентерия ягнят) - ішектің қанталап қабынуы мен дененің улануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жүқпалы ауру.

 

Тарихи деректер. Қозының қан аралас іші өтуінен жаппай қырылуына18 ғ бас кезінде Англиядағы қой өсірушілер назар аударды. Кейін бұл аурудың қой шаруашылығы дамыған басқа елдерде де етек алатындығы айқындалды.Оның қоздырушысын 1822 ж Деллинг пен Гайнер бөліп алып,  Lambdysentery bacillus  (ағылшынша: қозы дизентериясының бацилласы) деп атады.Бүл микроб 1892 ж. Уелч пен Неттон сипаттаған  Cl. perfringens  анаэробының бір түр тармағы еді.

Қоздырушысы-  Clostridium perfringens  - топырақ пен жануарлардың асқорыту жолдарында жиі кездесетін микроб. Ол бөліп шығатын токсиндікэлуеттігі бар заттар жануарларда энтертоксемия қоздырады. Микробтың 6типі (A, В, С, Д, Е жэне Ғ) белгілі. Оның үшеуі (В, С, Д) негізінен эртүрліжануарларды ауыртады. Ал адамға тэн А-типі сау малдың денесінде кездеседіде, эртүрлі жағдайда сиыр, жылқы, қой, шошқада геморрагиялық жэне өліеттену процестерінің себепкері болады. Ішектің қанталауы мен өліеттенуіне себеп болатын басқа типтері бұзау, құлын, қой, ешкі, шошқада өзара ұқсас жалпы энтеротоксемия деп аталатын ауру тудырады. Қозының анаэробтық дизен-териясы да осы топқа жатады, сондықтан бұл ауруды соңғы кезде «қозының анаэробтық энтеротоксемиясы» деп атай бастады.

    Қозының анаэробтық дизентериясының қоздырушысы аталған микробтың В-типі. Бүл ірі (4-6x1,5 мкм.) қозғалмайтын, грамоң спора түзетін анаэроб. Жануарлар денесінде жэне қан қосылған қоректік ортада қауашақ түзеді. Микроб жеке дара немесе қысқа тізбек түзіп орналасады. Китт-Тароцци ортасында, Хоттингер сорпасында жақсы өседі. Қан қосылған агарда дөңестеу келген, солғын жасыл түсті, гемолиз зонасы бар өсін түзеді.

Төзімділігі.Ауру қоздырушысының спорасы топырақта 4 жылға дейінсақталады. Қайнатқанда 5-9 мин, 90°С-та 30 мин. өледі. Вегатативтік түрі ,топырақта 10-35 күн, көңде 3-5 күн сақталады. Күйдіргіш натрийдің 10% ері-тіндісі, 10% күкірт карбол қоспасы, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 5%формальдегид ертіндісі 15-20 мин. аралығында өлтіреді.

      Індеттік ерекшеліктері.Дизентериямен қозылар туғаннан соң 3 аптаға дейінгі аралықта, көбінесе 5 күндік мерзімде ауырады. Энтеротоксемиямен бұзаулар (қоздырушысы В жэне С типтері) 1 айға дейін, торайлар (С-типті) - 5 күнге дейін, құлындар (В-типі) - 5 аптаға дейінгі аралықта ауырады.Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған төл мен микроб алып жүруші ересек жануарлар. Іштегі клостридиялар өсіп-өнеді де, оқтын-оқтын нәжіспен сыртқы ортаға бөлініп шығып, аурудың бір жерде тұрақты орын тебуін қамтамасыз етеді. Сыртқы ортадағы нысандар қоздырушының берілу факторы болып табылады.Ауру эдетте алиментарлық  жолмен  жүғады. Негізінен қой жаппай қоздаған кезде көктемде энзоотия ретінде өтеді. Бастапқыда бірер малда ғана байқалып, біртіндеп етек алып, 20-30 күн өткенде қозылардың жаппай іші өтеді. Ауру кең тарапып, асқынуына жас төлдің жауын-шашынды мезгілде су-ыққа шалдығуы, енесінің нашар азықтандырылуы, буаз кезінде дұрыс күтіл-меуі ықпал етеді. Дизентерияның байқалуы үшін оның қоздырушысының болуы жеткіліксіз. М икробтың зардаптылығының білінуіне қозының енесінің жатырында өсіп жетілуіне жэне туғаң соң организмге жайсыз эсер ететін факторлар себеп болады. Кейбір қой отарларында бүл ауру бірнеше жыл бойы байқалмай келіп, бірден бұрқ ете қапып, қозыларды зор шығынға ұшыратады.

Дерттенуі.Ішекке түскен ауру қоздырушысы күрт қаулап өсіп, көп мөлшерде улы заттар, негізінен бета-токсин бөліп шығарады. Олардың әсе-рінен ішекте өліеттену басталып, эпителий ойылып, жарақаттанады. Токсин лейкоциттерді зақымдап, олардың фагоциттік белсенділігін тежейді. Қанға өткен токсин басқа ағзалар мен ұлпапарға жетіп, организмнің жаппы улануы на экеп соқтырады.

Өтуі мен симптомдары.Жасырын кезеңі өте қысқа  6-12  сағат мөл-шерінде, кейде 2-3  күнге созылады. Дизентерия жіті жэне жітіден төмен түрде байқалады.Жіті өткенде жас қозы туғаннан соң бірінші күні-ақ аурудың клиникапық белгілері білініп үлгермей өліп кетеді.Жітіден төмен өткенде ауырған қозының іші өтеді, нэжісі бастапқыда сарғылт немесе жасыл түсті сүйық болады да, бара-бара қоюланып, қоңырқошқыл реңге еніп, қан араласады, газ көпіршіктері мен жапқақ байқалады.Қозы басын төмен салып, бүгжиіп тұрады немесе жатып қалады, жүні үрпиіп,іші қабысады. Құйрығы мен артқы саны нэжіске былғанады. Дененің ыстығыауру басталған кезде 41°С-қа көтеріліп, кейіннен күрт төмендейді. Біраз уақыт өткен соң қозының элі қүрып, өліп қапады.Кей жағдайда ауру созылмапы сипат апып, ауырған төлдің хапі жақсарып, жазыла бастағандай болады. Бірақ, ас қорыту жүйесіндегі эртүрлі асқынудың нәтижесінде ондай қозы көбінесе өлімге шалдығады.

   Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.  Анаэробтық дизентериядан өлген қозыда ұлтабар мен ішектің қантаиап қабынуы байқапады. Көбінесе ішектің өне бойы қызылқоңыр түсті, ішінде қоймалжың сүйық болады. Кейде ішектің кілегейлі қабығы өліеттеніп, ойылады. Ауру жіті өтқенде ішектің қан тамырларының қанға кернелгенін ғана байқауға болады, кей түстарында ғана қанға қантапаған телімдер үшырасады. Бауыр эдетте үлғайып, болбырап, қанға толы болады. Көк бауырда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Жүрек еті босап, ойдым-ойдым жэне жолақтанған қантапаулар кездеседі. Перикард қуысы кеңейіп, сарғыш түсті сүйыққа толып тұрады. Бүйректері болбырап, аздап үлғайып, қабығының асты қанталайды, қыртыстарының ара шегі өшкін тартады. Өкпе ұлғайып, қанға кернеліп, эсіресе ортаңғы бөлігі тығызданып, қызғылт-қара түске енеді.

     Балау.3-5 күндік төлдің энтеритке тэн белгілерімен ауруға шалдығып, зор шығынға үшырауы, өлексені сойғанда ішектің зақымдануы, жүрек етінің қантапап, жүрек қабының сүйыққа толы болуы анаэробтық дизентерияға күдік туғызады. Түпкілікті балау бактериологиялық жэне токсикологиялық зерттеудің нэтижесіне негізделеді. Зертханаға мүмкіндігінше тезірек ішектің ішіндегісін жеткізу қажет. Өйткені ондағы ауру қоздырушысы мен оның ток-сині тез жойылады. Ішектің ішіндегісінен жағынды даярлап, Грам әдісімен бояп, микроскоппен қарайды, қоректік ортада өсін апады. Қоздырушының өсіні өте улы болады. Оған,эсіресе, үй қояны аса сезімтал. Үй қоянына көк-430 тамыр ішіне 0,1 -0,5 мл өсінді жібергенде көбінесе 5-30 мин. ішінде өледі. Тері астына жібергенде үй қоянында, теңіз тышқанында және қозыда, инъекция жасалған орында кілкілдеген инфильтрат пайда болады. Зертханалық жануар- ларға аса уыттылығы жэне тері астында инфильтрат түзілуі микробтың В типін клостридиялардың басқа өкілдерінен ерекшелейді.Қозы дизентериясының қоздырушысы қан мен үлпершекті ішкі ағзалардан сирек жағдайларда ғана бөлініп алынады.Cl.  perfringeans  микробының В типінің жэне оның токсинін қозының ішегінен табу ауруды балауға негіз болады.Токсиннің эсері байқалған жағдайда ак тышқанға бейтараптау реакциясын қою арқылы оның қай типке жататындығын айқындайды. Реакция қою үшін токсиннің әр типіне қарсы телімді қан сарысуы пайдаланылады. Егер ішектің ішінде токсин байқалмаса, бөлініп алынған микроб өсінімен де бейтараптау реакциясын жүргізуге болады.Ауруды сальмонеллездең, колибақтериоздан, коқцидиоздаң ажырату қажет. Дизентерия кезінде кезігетін ішектің кілегейлі қабығындағы ойық жарақаттар аталған ауруларда байқалмайды. Ең бастысы бұл аурулардың телімді қоздырушылары арнаулы зерттеулер арқылы айқындалады.

   Емі.Ауырған қозыға анаэробтық дизентерия мен қойдың жұқпалы энте-ротоксемиясына қарсы бивалентті антитоксиндік қан сарысуын жібереді. Ем-нің нәтижесі аурудың ең бастапқы кезінде ғана дұрыс болады. Бұған қосымша синтомицинді ішке 0,1-0,2 г. дозада күніне 2-3 рет 3 күн бойы жемге қосып, норсульфазолды 1 кг. массасына 0,04-0,06 г. күніне 2-3 рет береді.Дибиомицин 30-50 мың ӘБ/кг дозасында бұлшық етке жібергенде жақсы нәтиже береді.

     Иммунитет.Ауырып жазылған қозыда белсенді иммунитет қалыптасады. Ауруға қарсы поливалентті концентрацияланған гидроокись аллюминийлі (бродзот, энтеротоксемия, қатерлі домбығу жэне қозының дизентериясына қарсы) вакцина жэне осыған тақылеттес анатоксин қолданылады. Енжар иммундеу үшін жэне емдік мақсатпен қозының дизентериясына қарсы анти-токсиндік қан сарысуы және қозының анаэробтық дизентериясы мен қойдың жүқпалы энтеротоксемиясына қарсы бивалентті қан сарсуы шығарылады.

   Дауалау және күресу шаралары.Аурудың алдын алу үшін буаз саулық-тарды дұрыс күтудің маңызы зор. Сондықтан қойдың рационының протеин,минеральді заттар жэне витаминдер жағынан кемістігі болмауын, жас төлге суық өтпеуін, астының сызсыз құрғақ болуын мүқият қадағалау қажет. Мал төлдететін қора-жайды жақсылап тазартып, дезинфекциялап, санитариялық-зоогигиеналық талаптарға сай ұстау керек.Ауру шыққан отарда ауырған қозыны енесімен бірге оқшаулап, емдейді.Мал қорасын көңнен тазартып, 10% хлорлы әкпен, 5% креолин эмульсиясымен дезинфекциялайды. Буаз саулықтарды туарынан бір ай бұрын бродзот,энтеротоксемия қатерлі домбығу жэне қозының дизентериясына қарсы поливалентті вакцинамен егеді. Егілген қойда иммунитет 10-12 күн өткенде қалыптасып, қайталап еккенде 4-5 ай сақталады. Уыз арқылы берілген антиденелер қозыны дизентериядан сақтайды. Егер саулықтар уақыттылы егілмеген болса, қозыларды аурудан сақтау үш ін оларға туа салысымен дауалы қ мақсатпен жұқпалы энтеротоксемия мен дизентерияға қарсы қан сарысуын жібереді. Қозылар жем жей бастаған кезде ұнтақ жемге 0,5-1% мөлшерде емдік премикс (окситетрациклин 30,0 г цинк бацитрацині 15,0 г, фуразолидон 15,0 г,жарма Ікг) қосып береді.

 

 

               Сиырдың жүғымтал плевропневмониясы

    Сиырдың  жүғымтал плевропневмониясы (мәлік, ала өкпе,  Pleuropne­umonia contagiosa bovum,повальное  воспаление легких крупного рогатого  скота) - өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит арқылы  ерекшеленетін аса жүғымтал ауру.

   Тарихи деректер.Ауруды алғаш рет Буржел (1765) сипаттады, ал оның жүқпалы екендігін Хаберст (1792) дәлелдеді. Виллемс (1850-1852) ауырған сиырдың өкпесіндегі сөлді сау сиырды иммундеу үшін пайдалануға болатындығын көрсетті. Қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Гу (1898) ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында мәлік дүниежүзінде кең тарады, ал қазір бұл ауру көптеген елде жойылдьі. Сөйтседе, Африка және Азия едерінде әлі де болса кезігеді, ал кейбір Европа елдерінде оқтын-оқтын байқалып қалады. Бүрынғы Кеңес Одағында ауру 1928 ж. жойылды деп есептеледі.

    Қоздырушысы -  Mycoplasma mycoides var. Mycoides

микроорганизмдердің жүйеленуі бойынша  Molicutes  класының  Mycoplasmatales  қатарына жатады. Аса полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады. Үлкендігі 0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді. Полиморфтылық және сүзілгіштік қасиеті мықты торша қабырғасы болмай,оның орнында үш қабатты цитоплазмалық мембрананың болуынан. Қоздырушы аурудың асқынған кезеңінде экссудат пен ішкі ағзалардан оңай бөлінеді, қан сарысуы мен ашытқы экстрактары қосылған Мартен сорпасында өседі. Микоплазмалар химиялық және физикалық әсерлерге төзімсіз. Күн сәулесінен немесе ауада кептіруден 5 сағ., 58°С температурада 1 сағ. ішінде өледі. Кәдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында қапысыз зарарсыздандырады. Сонымен қатар, микроб кейбір жағдайда ұзақ сақталады. Шіріген материалда 9 күн, суықта қатырылған өкпенің кесіндісінде жыл бойы тіршілігін жоймайды. Лиофильдік жағдайда кептірілген микоплазманың уыттылық қуаты 5 жылға жетеді.

                                 Індеттік ерекшеліктері. 

   Сиырдың  жүғымтал плевропневмониясымен  табиғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, қодас, бизон, енеке (зебу) ауырады. Қолдан қойға, ешкіге, түйеге, солтүстік бұғысына жұқтыруға болады.Ауру малдың сөлін тері астына жіберсе сол жердегі шелде жайылған флегмоналық қабыну байқалады. Маңындағы сөл безі зақымданып, организм тұтастай уланады. Жұқтырылған бұзау 15-17 күнде өледі. Егер материалды (сөлді) құйрықтың ұшындағы тері астына жіберсе, аздаған ғана орны шектелген реакция байқалады. Кейде өліеттеніп, малдың қүйрығы түсіп қалады, асқынып кетсе тіпті өлімге соқтырады. Жұқтырудың басқа жолдары (көк тамырға, кеңірдекке, өкпеге, жеммен бірге) мэлікке тэн құбылыстар бермейді.

     Плевра  ішіне жұқтыру өкпені зақымдамай  экссудативтік плеврит тудырады. Шово мен Нокар ауруды қолдан  жүқтыру үшін ауру сиыр мен  сау сиырдың түмсықтарын қап  арқылы қосарлап тұмшалап оң нәтижеге жеткен болатын.Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы ауырған мал. Әсіресе, созылмалы түрде ауырған мал аса қауіпті, өйгкені ондай жағдайда аурудың көзге түскен белгілері байқалмайды. Ауру ауырған мал мен сау малды бірге ұстағанда жұғады. Бұл үшін аз уақыт жанасудың өзі жеткілікті.

     Ауру  малдың денесінен қоздырушы танаудан  аққан сора, жөтелген кез- дегі  шашыраған сұйықтық, ара-тұра несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады. Аурудың берілуінің ең ықтимал мүмкіндігі респираторлық жолмен жүғуы. Жұқпалы плевропневмонияның микоплазмасы өкпенің беріштенген ошақтарында жылдан аса уақыт сақталады. Аурудың асқынуы микробтың сыртқы ортаға бөлінуіне себеп болады.

    Сиырдың  мэлікке бейімділігі эр өлкеде  эр түрлі болуы заңды қүбылыс. Ауру үзақ уақыт жайлаған аймақта жергілікті малдың оған төзімділігі жоғары болады. Ал сырттан әкелінген мал тез ауырады. Табындағы мал түгелдей ауырмайды, олардың бір бөлігінде ауру жүққан кезде тек қана ыстығы көтеріліп, серологиялық оң реакция байқалады да, өкпесі зақымданбайды.

    Жүқпалы  плевропневмония індеті баяу  өрбіп, бірнеше жылдарға созы- лады. Малдан малға жүғуы тығыз, нашар  желдетілетін қорада тезірек  өтеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ға жетеді.

                                   Дерттенуі.

     Мэліктің  қоздырушысы жануар денесіне  тыныс жолдары арқылы еніп, ұсақ  бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде қабыну процесін  тудырып, өкпедегі бөлікше аралық  дэнекер ұлпаны зақымдап, оны  домбықтырады. Сөл тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пнев- мония өрбіп, осы ауруға тэн өкпенің бауырлану процесінің эр түрлі ста- диялары байқалады.

    Қабыну, қан жэне сөл тамырларының  бітелуі нэтижесінде өкпенің  за- қымданған бөлігінің анемиялық  өліеттенуі байқалады. Бүл процесс кеуде аралық жэне бронхалық сөл түйіндерін жэне өкпе пердесі - плевраны қам- тиды. Одан кейін өліеттенген телімдердің айналасында дэнекер үлпадан құралған қабыршақ түзіледі де, секвестрлер пайда болады. Олардың ішінде ауру қоздырушысы ұзақ  уақыт сақталады да, қабыршақтың бүтіндігі бұзылса айналадағы cay ұлпаға өтіп, өкпенің сау бөліктерін қабынуға ұшыратады. Баяу гиигі сезімталдык, дсрі гің өрбуінде біршама маңызды рел атқарады.Жүқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа. созылып, толықтай жазыльш кешейді. Сөл тамырларының. қабынуы мен бііслуі экссудаттың сіңірілуіне бөгет жасайды. Қоздырушысының қанға түсуі бірқатар ішкі мүшелерді (бауыр, бүйрек, жүрек) дегенеративтік өзгерістерге ұшыратады.

                           Өтуі мен симптомдары. 

    Жасырын  кезеңі 2-4 апта, кейде  4-6айға созылады. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы жэне кэдімгідей емес  түрде өтеді.Аса жітіөткен кезде  өкпе мен оның пердесі күшті  зақымданып, зкссудативтік плеврит  пен пневмонияның белгілері білінеді. Тыныс алу қиындап, жөтел пайда болады. Денесінің ыстығы 41°С-тан асады. Ауырған мал жем- шөпке қарамайды, күйістен қалады, іші өтеді, 2-8 күн ішінде өледі.

   Ж ітіөткенде  ауру бастапқыда жөтелмен қатар  дененің қызуының аздап жоғарьілауы арқылы байқалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С-қа дейін көтеріліп, эдетте төмендемейді, кейде айнымаиы түрде байқалады. Ауырған мап козғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойынын созып,арқасын бүгіп, ауызын ашып түрады. Тынысы тарылып, қабырғаларының арасын, арқасын басқанда ауырсынады, жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу соғады. Сауын малдың сүті қайтады. Жөтел басында қүрғақ, қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бэсең, ылғалды болады. Перкуссия жасағанда дыбыс төмендеп, аускультация кезінде тыныс есгілмейді. Плевра зақымданса үйкелген дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса тамшының тамған дыбысы естіледі.

    Өкпенің  негізінен біреуі ғана, кейде  екі өкпе де қабынады. Сора танаудың екі тесігінен бірдей ағады,Кеуденің төменгі тұсы мен сирақтары домбығады. Іштің қатуы мен өтуі алма кезек байқапады. Ауырған мал 2-4 аптада өледі. Өлім көрсеткіші 70%-ға жетеді. Кейде процесс жітіден төмен, не созылмалы түрге ауысады. Әдетте ауырған мал толық сауықпайды.

     Жітіден  төменөткен аурудың барлық клиникаиық белгілері айқын байқалады. Ауырған мал сирек жөтеледі, іші өтіп, ыстығы көтеріледі.Созылмалыөткен кезде мал арықтайды, жөтеліп, оқтын-оқтын іші өтеді. Перкуссия мен аускультация арқылы өкпеде секвестр қуыстарын байқауға болады. Жөтелген кезде іріңді ірімтіктер шашырайды. Кейде төсінде, эукесінде, сирақтарында домбығу байқалады. Ауру бірнеше айға созылады, көбінесе ауырған мал өліп қалады, не пышаққа ілінеді.Аурудың  кәдімгідей еместүрінде мапдың аз уақыт ыстығы көтеріліп, селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды. Оқтын-оқтын жөтеліп қояды.

                  Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

   Өкпедегі  ңегізгі өзгерістер көкірек қуысында  байқалады. Әдетте олар бұл ауруға  тэн құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық  диагноз қою үшін толық негіз  бола алады. Көбенесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процесс соның артқы немесе ортаңғы бөлігінд е шоғырланады . Зақымдан ған телім бұдырайып тұрады,басып көргенде тығыз болады. Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың әр түрлі сатысында болады да, өкпенің ішінен дэнекер ұлпадан тұратык талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған талшықтар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары көзге түседі. Осының бэрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді.

    Аурудың  соңғы кезеңінде өкпенің өліеттенуінен  пайда болған секвестр- лер кезігеді. Олардың сыртын дэнекер ұлпалардан тұратын қабыршак қап- тайды.Плевраның зақымдануы жиі ұшырайды. Әдетте өкпе пердесі қалыңдап,оған фибринді жалқақ жабысып, аурудың кейінгі сатысында плевра қабықтары дәнекер ұлпалар арқылы бір-біріне жабысып қалады.'Көкірек қуысында фибрин іріміктері аралас экссудат болады. Көкірек қуысының сөл түйіндері ұлғайып, тіліп қарағанда түрі майлы ұлпаға ұқсайды, өліеттенген ұсақ телімдер кездеседі. Басқа ағзаларда эдетте өзгеріс болмайды. Кейбір жағдайда суланған немесе фибринді перикардит, ал бұзаулардын буыны суланған фибринді қабынуға ұшырайды, тері асты шелінде іркілдеген жалқақтар ұшырасады.

    Балау.Жұғымтал плевропневмонияға диагноз кою үшін індеттанулык.деректерді (сиыр ғана ауырады, індет баяу өрбиді),1 клиникалық белгілерін (пневмония, плеврит), патологиялық-анатомиялық өзгерістерді (өкпедегі,плеврадағы өзгеше зақымдар, секвестрлер) жэне зертханалық зерттёулердін нәтижесін (бұзауға қойылатын биосынама, бактериологиялық жэне сероло- гиялық тексерулер) негізге алады.Тірі кезінде балау қиыншылық тудыратындықтан бірнеше ауруға күдікті малды сояды. Бұл мақсатта биосынама жақсы нәтиже береді. Ол үшін аурудан cay шаруашылықтан әкелінген бұзаулардың тері астына өлген малдың өкпе сөлін немесе көкірек қуысындағы экссудатты жібереді.

    Бактериологиялық  зерттеуге плевраның экссудатын  немесе өкпенің зақымданған телімінің  сөлін пайдалануға болады. Аурудың  жіті өткен кезеңінде қоздырушыны  қаннан да бөліп алуға болады. Ауру жасырын түрде өтетін  жануарларды айқындау үшін серологиялық реакциялар: КБР, конглютинация реакциясы, боялған антигенмен пластинкадағы АР, ДПР, ҚГАР,ИФР. Ескеретін жэйт, мэлікке қарсы егілген мал 8 айға дейін КБР-да оң нәгиже береді.

    Ажыратып балау.  Мэлікті пастереллезден, туберкулезден, парагрипптен, эхинококкоздан, жұқпайтын крупозды пневмониядан, жарақатты перикардиттен ажырату керек.Пастереллез көкіректегі түрімен қатар ішектегі түрінде өтеді. Пастереллез кезінде өкпенің қабынуы қауырт, жіті өтеді. Түпкілікті балау бактериологиялық зерттеу арқылы айқындалады.

   Туберкулез  баяу өрбиді. Өкпеден басқа сирек  болса да желін, жыныс мү- шелері  зақымданады. Ажырату үшін туберкулин  сынамасы мен бактерио- логиялық  тексеру жүргізіледі.

   Парагрипп  негізінен жас төлде кездеседі, жіті өтіп, жасырын кезеңі өте қысқа (1-2 тэулік) болады. Айқындау үшін серологиялық және вирусологиялық зерттеу эдістері қолданылады.Эхинококкоз өкпені зақымдағанымен плевра таза болады. Эхинококкозға арналған аллергиялық сынама оң нәтиже береді.Жарақатты перикардит жекелеген жануарларда ғана байқалады. Төсін,жүрек түсын басқанда ауырсынады.          Сойғанда бөгде зат шығады, дүңгіршек қарын мен диафрагма бір-біріне жабысып қалады.

      Жүқпайтын крупозды пневмония эдетте жіті өтіп, малды жаппай қам- тымайды, өкпеде секвестрлер болмайды.

    Емі.Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі болғандықтан емдеуге тиым салынады.

   Иммунитет.  Мэлікпен ауырып жазылған жэне егілген малда иммунитет қалыптасады. Ерте заманнан бері бүл ауруға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру үшін эр түрлі әрекеттер жасалып келеді. Мысалы, африкалықтар пышақтың жүзін аурудан өлген малдың өкпесіне батырғаннан кейін сау малдың маңдай терісін тілу арқылы егу әдісін пайдаланған. Кейіннен белгиялық дәрігер Виллемс (1852) бұл эдіске ғылыми негіздеме жасады, ал JI.Пастер осы эдіспен егу үшін қолдан жүқтырылған бүзаудың тері асты шелінде іркілген сөлді пайдалануды үсынды. Кейіннен егу үшін қоздырушының қоректік ортада алынған таза өсінін қолдана бастады. Өлтірілген өсіннің иммундік қасиеті төмен, ал тірі өсін асқынған жағдайларға әкеп соғатын болғандықтан, тірі өсінді арнайы эдіспен дененің белгілі бір жерлеріне ғана (қүйрықтың ішкі жағындағы тері астына) егетін эдіс үсынылды. Осылай еккенде асқыну байқалмай, үзақ уақытқа (1-2 жыл) иммунитет қалыптасады.

     Қазіргі  уақытта шет елдерде тауық  эмбрионында өсірілген авиндёлген  вакцина қолданылады. Сонымен қатар, аттенуацияланған немесе табиғи  элсіреген штамдардан даярланған  вакциналар пайдаланылады. Оба мен  мәлікке қарсы ассоциацияланған вақцинаны қолдану тэжірибесі де оң нәтиже берді.

 

 

                    

                

 

                  

 

 

 

 

                                    Қорытынды

 

    Біздің елде жұғымтал плевропневмония жойылғандықтан негізгі назар көрші елдерден бұл аурудың экелуіне жол бермеуге аударылады. Күрестің нэтижесі уақБптылы дэл диагноз қоя білуге байланысты. Ауру шыға қалғанда карантин қойылып, барлық ауырған, күдікті, сонымен қатар, КБР беретін малдар сойылады. Етін пайдаланып,зақымданған үлпаның телімдері мен ішкі ағзалар жойылады. Тері кептіру ар- қылы зарарсыздандырылады. Қора жайды мүқият тазалап, 2% күйдіргіш на- трий, 10-20% хлорлы әкпен дезинфекцияланады. Көң биотермиялық жолмен зарарсыздандырылады.

    Сау  малдарды екі мэрте өсінді  вакцинамен егеді. Егер ауруға шапдыққан малдар аса құнды болмаса немесе саны шектеулі болса, оларды түгелдей сояды. Карантин екінші рет еккендегі реакция басылған соң, егер жаңадан ауырған мал болмаса, 3 ай өткенде алынады.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

 

                         ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.. Бияшев Қ.Б. және т.б.// Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 1999. -167 бет

2. Сайдулдин Т. // Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары/ Алматы, 2009. -518 бет.

3.Қасымов Е.И. // Індеттану және инфекциялық аурулармен кресс шара лары/ Алматы, 2009. -272 бет.

 

 

 

   


Қозының анаэробты дизентериясы,тарихи деректер