Парламен депутатының мәртебесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Парламен депутатының мәртебесі
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.
Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Парламент депутаты – халықтың уәкiлеттi өкiлi. Парламент депутаттарына қойылатын талаптар
2.2. Парламент депутаты мәртебесiн конституциялық-құқықтық реттеу.
2.3. Парламент депутатының өкiлеттiктерi. Оларды жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады.1 Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады.
Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен, депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, Парламент таратылған, депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады.
Депутат Палатаның, оның органдарының отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспаса ол еңбек ақыдан, материалдық қаржылық және әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан айырылады. Бұл туралы Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Жарлығында айқындалған.
Парламент Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бірлескен отырысында қабылданған Казахстан Республикасы Парламентінің Регламенті Палаталардың бірлескен — отырыстарын өткізу шарты мен тәртібін, Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру механизмін белгілейді.1
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысымен ашылады және жабылады.
Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады. Кезекті сессияны Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады сонымен қатар жылына бір рет — қыркүйек айының бірінші жұмыс күнінен маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін өткізеді. Ал кезектен тыс сайлау Парламент өкілеттігін мерзімінен тоқтатқан кезден бастап екі ай ішінде өткізіледі.
2.1. Парламент депутаты
– халықтың уәкiлеттi өкiлi. Парламент
депутаттарына қойылатын
1. Парламент — Қазақстан
Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары
өкілді органы.
2. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
3. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
4. Парламенттің ұйымдастырылуы
мен қызметі, оның депутаттарының
құқықтық жағдайы конституциялық
заңмен белгіленеді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.
Республика Парламентiнiң депутаты
1. Парламент депутатының
өкілеттігі оны Республиканың
Орталық сайлау комиссиясы Парламент
депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады.
Парламенттің бірінші сессиясында оның
Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар
Қазақстан халқына мынадай ант береді:
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге,
Қазақстан Республикасының тұтастығы
мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы
мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген
депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен
атқаруға ант етемін". Антты Президент
қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі,
Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы
Соты судьяларының, экс-Президенттерінің
қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.
2. Парламент депутатының басқа өкілді
органның депутаты болуға, оқытушылық,
ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен
басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға,
кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық
ұйымның басшы органының немесе байқаушы
кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық
сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың
өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан
түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды
күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке
қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз
кеткен деп танылған жағдайларда және
Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда
тоқтатылады.
4. Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлаған депутаттарының
өкілеттігі оның шешімі бойынша мерзімінен
бұрын тоқтатылуы мүмкін.
5. Парламент Сенатының тағайындалған
депутаттарының өкілеттігі Республика
Президентінің шешімі бойынша мерзімінен
бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тиісінше облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың және Республика астанасының
барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін
депутаттар болып табылатын таңдаушылардың
бірлескен отырысында сайланған Парламент
Сенаты депутаттарының өкілеттігі осы
таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен
бұрын тоқтатылуы мүмкін.
6. Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты
тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды
күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын
жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
7. Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес
өзін сайлаған саяси партиядан шыққан
немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты
сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан
кезде өз мандатынан айырылады.
8. Парламент депутатының өкілеттігі осы
баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген
негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық
сайлау комиссиясы Парламент депутатының
өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің
басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды
және Парламенттің тиісті Палатасына
Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен
бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы
шешім қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы
негізінде Парламент Палатасы тиісті
Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады.
9. Парламент депутатының өкілеттігі осы
баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген
негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық
сайлау комиссиясы тиісті адамның Парламент
депутатының өкілеттігін жоғалтқаны жөніндегі
фактіні көрсетіп қаулы қабылдайды.
10. Парламент және Парламент Мәжілісі
депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент
немесе Парламент Мәжілісі таратылған
жағдайларда тоқтатылады.
2.2. Парламент депутаты мәртебесiн конституциялық-құқықтық реттеу;
1. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында оның Палаталарының бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант бередi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсiздiгiн нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзiме жүктелген депутаттың мәртебелi мiндетiн абыроймен атқаруға ант етемiн». Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.
2. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
4. Парламент Мәжiлiсiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкiлеттiгi оның шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
5. Парламент Сенатының
тағайындалған депутаттарының өкiлеттiгi
Республика Президентiнiң шешiмi бойынша
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Тиiсiнше
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
және Республика астанасының барлық мәслихаттары
атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып
табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында
сайланған Парламент Сенаты депутаттарының
өкiлеттiгi осы таңдаушылардың шешiмi бойынша
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
6. Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
7. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметiн тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
8. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғатын негiздердiң басталу фактiсiн көрсетiп қаулы қабылдайды және Парламенттiң тиiстi Палатасына Парламент депутатының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгiзу туралы шешiм қабылдайды.Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негiзiнде Парламент Палатасы тиiстi Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатады.
9. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиiстi адамның Парламент депутатының өкiлеттiгiн жоғалтқаны жөнiндегi фактiнi көрсетiп қаулы қабылдайды.
10. Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Депутатқа ешкiмнiң тиiспеу құқығы
1. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерде өзге, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
2.Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға,қамауға алуға немесе сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу үшiн Бас Прокурор Сенатқа не Мәжiлiске ұсыныс енгiзедi, оны Палаталар тиiстi Палатаның отырысында қарауға әзiрлеу үшiн Орталық сайлау комиссиясына жiбередi. Ұсыныс депутатқа айып тағудың, оны қамауға алуға санкция берудiң немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сотқа жiберудiң алдында енгiзiледi. Бас Прокурордың ұсынысы мен Орталық сайлау комиссиясының тұжырымы олар келiп түскен күннен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады және Палата тиiстiлауазымды тұлғалар мен органдардың қосымша ақпарат тапсыруын талап етуге хақылы. Палата дәлелдi шешiм қабылдап, оны Республиканың Бас Прокурорына және анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын Республика мемлекеттiк органының басшысына үш күн мерзiм iшiнде жiбередi. Депутат өзiне ешкiмнiң тиiспеу құқығы туралы мәселенi Палата қараған кезде қатысуға хақылы.
3.Депутатқа қатысты қылмыстық iстi анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын Республика мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғай алады және ол iс жүргiзу аяқталысымен қадағалауды жүзеге асыру үшiн Бас Прокурорға тапсырылуға тиiс.
4. Орталық сайлау комиссиясы iс бойынша шешiм қабылдаған тиiстi соттан iстi қарау нәтижелерi туралы ақпаратты сұратып алады және айыптау үкiмiшығарылған жағдайда тиiстi Палатаға депутаттық мандаттан айыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
2.3. Парламент депутатының өкiлеттiктерi. Оларды жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
Республика Парламентi депутатының өкiлеттiгi
1. Депутат Парламент сессиясында
және өзi құрамына кiретiн оның органдарының
отырыстарында қаралатын барлық мәселелер
бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
2. Парламент депутаты:
1) Парламент пен оның Палаталарының үйлестiрушi
және жұмыс органдарын сайлауға және оларға
сайлануға;
2) сессияның күн тәртiбi, талқыланатын
мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың
мәнi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер
енгiзуге;
3) Парламент Палаталары сайлайтын немесе
тағайындайтын не Парламент Палаталары
тағайындауға келiсiм беретiн лауазымды
тұлғалардың кандидатуралары жөнiнде
өз пiкiрiн айтуға;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен
және бөлек отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын
мәселелер бойынша Палаталар Бюросына
ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары
қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың
пленарлық отырыстарының қарауына енгiзуге;
5) Парламент пен оның Палаталары органдарының
отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;
6) Парламент Палаталарына есептi лауазымды
тұлғалардың есебiн немесе хабарламасын
Парламент сессиясында тыңдау туралы
ұсыныстар енгiзуге;
7) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық
сұрау салуға;
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға,
сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге
сауалдар беруге;
9) дауысқа салу себептерi бойынша өзiнiң
ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтама
беруге;
10) Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың,
басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер
енгiзуге;
11) Парламент депутаттарын азаматтардың
қоғамдық маңызы бар үндеулерiмен таныстыруға;
12) Парламент отырыстарының стенограммалары
мен хаттамаларындағы депутаттардың сөйлеген
сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;
13) осы Конституциялық заңға, Парламент пен оның Палаталарының регламентте
1.Депутат Парламенттiң және өзi құрамына сайланған оның органдарының жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте дауыс берудi депутаттың жеке өзi ғана жүзеге асырады.
2.Палатаның Төрағасы, не тиiсiнше депутат мүшесi болып табылатын органның басшысы регламентпен белгiленген мерзiмде депутатқа сессиялардың, орган отырыстарының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы, сондай-ақ олардың қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутатқа хабарлайды, оған осы мәселелер бойынша қажеттi материалдарды бередi.
3.Депутат мәжiлiске келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда бұл туралы Палатаның Төрағасына не тиiсiнше Парламент органының немесе оның Палатасының басшысына күнiбұрын хабарлайды.
4.Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға беруi депутатқа осы Конституциялық заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
5.Палаталар Бюроларының,
олардың тұрақты комитеттерiнiң,
Парламент комиссияларының және
оның Палаталарының құрамына
кiретiн депутат кез келген мәселелер мен
ұсыныстарды қарауға енгiзуге,мәселелердi
қарауға әзiрлеуге, олар бойынша шешiмдердiталқылап,
қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешiмдердiң
жүзеге асырылуын ұйымдастыруға,олардың
орындалуын бақылауға қатысуға хақылы.
6.Өзi құрамына кiретiн Парламент органының шешiмiмен келiспеген депутат Парламент сессиясында өз көзқарасын баяндауға немесе ол туралы төрағалық етушiге жазбаша түрде хабарлауға хақылы.
7.Палаталар Бюроларының, олардың тиiстi тұрақты комитеттерiнiң, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кiрмейтiн депутат аталған органдардың отырыстарына қатысып, ұсыныстар енгiзе алады,қаралатын мәселелердi талқылауға және кеңесшi дауыс құқығымен шешiмдердiқабылдауға қатыса алады. Депутат Палаталар Бюроларының,тұрақты комитетiнiң немесе комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда өз ұсыныстарын заң жобасына, қаулы жобасына түзетулер ретiнде енгiзе алады. Депутат енгiзген түзетулер Парламент сессиясында қаралады әрi оларды дауысқа салу өткiзiледi
Депутаттық өкiлеттiгiн жүзеге асыруының кепiлдiктерi
1. Депутаттық қызметiн атқаруына бөгет жасау мақсатымен депутатқа немесе оның жақын туыстарына қандай түрде болмасын ықпал жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2.Мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң,жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының,ұйымдардың депутат алдындағы өз мiндеттерiн орындамаған, оған көрiнеу жалған ақпарат берген,депутаттық қызметтiң кепiлдiктерiн бұзған лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуға тиiс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ елі бүгін әлем таныған, күш-қуаты тасыған, экономикасы қуатты, кемелденген мемлекетке айналды. Орта Азияны мекендеген қазақ халқы талай тарихи қиыншылықтарды басынан кешіргені ақиқат. Маңдайына солай жазды ма, көршілері жайсыз болды ма, әлде ара бірлігі мен ауыз бірлігінің осалдығы әсер етті ме, әйтеуір қазақ халқы бес ғасырдың құрбаны болды.
Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейінгі орнаған қазақ жеріндегі Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ тайпалары дербес жеке мемлекет болмаған еді. Тек Әбілқайыр хандығынан бөлінген Керей мен Жәнібек 1456-1458 жылдары Шу өзенінің бойында алғаш рет Қазақ хандығын құрды. Бұл Қазақ хандығы XVғасырдың 2 –жартысынан XVІІІ ғасырдың 1-жартысына дейін дербес, тәуелсіз ел ретінде өмір сүрді. Осы уақытта әйгілі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы» қазақ елінде қалыптасқан заңдар еді. Бұл заңдар өз уақытында қазақ халқының басын біріктіруде үлкен рөл атқарған еді.
Парламент депутаттарына зор мәртебе берілсе де, өз деңгейінде нақты халық сенімінен шығатын жұмыстардың атқарылмай отырғандығы да бар екені шындық. Өйткені бізде парламентаризм жас, әлі даму үстінде. Мемлекет ішіндегі халықтың әлеуметтік жағдайын, жұмыссыздық, білім, денсаулық саласындағы қордаланған мәселелерді, жастар мәселесін, тіл саясатын шешуде парламент негізгі роль атқаратыны даусыз. Себебі халықпен тығыз байланыстағы ең өкілетті орган парламент екені барша жұртқа мәлім. Соңғы уақытта парламент бұл мәселелерді атқарушы билік өкіметпен тығыз байланыс жасай отырып, оны шешудің жолдарын қарастырып келеді. Әрине, алға жылжушылық байқалуда, толық шешілмесе де, алдағы уақытта шешімін табар.
Депутат өз мәртебесін пайдалана отырып, халық ішінде болып, олардың талап-тілектерін, ұсыныстарын ескеруі керек. Сөйтіп, парламент депутаттары халық пен билік арасындағы көпір іспеттес деп айтуға болады. Сондықтан да депутаттыққа білімі жоғары, парасатты, адамгершілік қасиеттері мол, өз мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятын, халқымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, ділін құрметтейтін тұлғаның сайланғаны дұрыс болар еді. Кейде мұндай талаптарға сай келмейтін депутаттардың да сайланып кетіп жатқаны бар. Бұл - халықтың ренішін парламентке деген сенімін азайтып жіберетін факторлар. Әрине ондай депутаттар төбе көрсетіп қалатыны рас. Жалпы Қазақстан парламентінің бесінші шақырылымына дейін халыққа танымал тұлғалар депутаттыққа көп сайланды. Олар осы парламент мінберінен халықтың мұң-мұқтажын қорықпай, ашық айта отырып, ел сенімінен шыға білді. Осындай еңбегінің арқасында нағыз құрметті азаматтарға айналды. Айталық, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Бекболат Тілеуханов, Нұрлан Өнербаев, Нұртай Сабильянов, Сәт Тоқпақбаев сынды депутаттар өз мәртебелерін дұрыс пайдалана отырып, халықтың үмітін ақтай білді. Өздерінің азаматтық борыштарын халық алдында абыроймен атқара білді, шын азаматтық келбеттері танылды. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 16-бабында Парламенттің заңдар қабылдау жөніндегі құзыреті былай деп көрсетілген:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне;
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiнде;
7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк- аумақтық
құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.
Осыған қарап, парламент депутаттарының құзыретінің кең ауқымды екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Сондай-ақ парламент сессияларындағы талданған мәселелер ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі шынайы түрде жеткізіліп тұрады. Бұл мәселе әлі де күн тәртібінде тұр. Себебі парламенттегі қабылданып жатқан заңдар мен талқыланған мәселелер, өткір ұсыныстар халыққа тез арада жете бермейді. Халық әр депутаттың және олардың жалпы отырысындағы қарастырған мәселелерді, қабылдаған заңдарды шынайы түрде уақытында ақпарат алып тұруға хақылы. Бұл ақпаратты жеткізу жолға қойылған, бірақ өз деңгейінде толық жетпейтіні де рас. Алдағы уақытта депутаттардың жасап жатқан істерін нақты уақытында жеткізу дұрыс жолға қойылады деп сенемін. Өйткені депутаттардың ішінде ерекше белсенділік танытатындарды халық біліп отыруы тиіс. Сол арқылы депутаттар мен халық арасында жақсы қарым-қатынас орнап, шынында халық биліктің қайнар көзі екендігі дәлелдене түсер еді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының
Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының
1995жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық
Заңы;
2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Крнститутциясы
3. З.Ж. Кенжалиев. Қазақстан Республикасының Конституциясы және құқықтық саясат тұжырымдамасының iске асу кезеңдерi // Вестник КазНУ. Серия юрид. – 2003. - № 2.

- Парламент
- Парламент
- Парламентаризм
- Парламентаризм и разделение властей в современной России
- Парламентаризм: настоящее,прошлое, будущее
- Парламентарная, президентская республика
- Парламент Великобретании
- Парк Каркаралинский в Казахстане
- Парк культуры и отдыха
- Парковая архитектура Донбасса на примере города Макеевка
- Парковая скульптура
- Парк развлечений Диснейленд
- Парк развлечений Порт Авентура
- Парк самолетов в 20е годы