Педагогикалық қарым қатынас психологиясы. 2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Жоғары оқу педагогикасы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Атырау, 2012-13 ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Жалпы және халықтық педагогика кафедрасы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәннің аты: Педагогика
Мамандық: 6М010300 - Педагогика және психология
Кредит саны: 3
Атырау, 2012
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігін жариялағаннан
Бұл оқу құралы университет магистранттарының «Педагогика» курсы бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға, сонымен қатар мамандықтары педагогикалық мамандыққа жатпайтындарды кәсіби-педагогикалық даярлаудың бөлінбес бөлігі ретіндегі өзіндік білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған.
Қазіргі мамандарға қойылатын жоғары кәсіби талаптар жоғары оқу орындарында оқытуды түпкілікті тактикалық, тсратегиялық тұрғыдан өзгертуді талап етуде. Бүгінгі таңда жоғары білім тек жаңа білімді игеру процесін ғана емес, адамның қабілетін дамытуды, жаңа иедяларды туындатуды, кәсіби және әлеуметтік рөлдерді белсенді орындауды ашып көрсетеді.
2. Оқу жоспарынан үзінді
Оқу түрі |
Мамандық |
курс |
Семестр |
кредит |
лек |
прак. |
МОӨЖ |
МӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
күндізгі |
6М010300 - Педагогика және психология |
1 |
1,2 |
3 |
30 |
15 |
45 |
60 |
150
|
емтихан |
3. ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТІ МЕН ПОСТРЕКВИЗИТІ
Пререквизиттері:
«Педагогика» пәнін үйренуде теориялық негізі болып мына пәндер саналады: «Педагогика», «Тәрбие теориясының әдістемесі», «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика».
Білім беру жүйесіндегі қазіргі кезде қалыптасқан жағдай педагогтың білім беру іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңа көзқарасты қажет етеді. Жоғарғы деңгейде игерілген психологиялық-педагогикалық білімдер негізінде қалыптасқан педагог шеберлігінің маңызы зор.
Постреквизиттері:
Ұстаз дайындайтын мамандықтарда оқитын пәндер. «Педагогика және әдәстемесі», «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Этнопедагогиканың әдістемесі».
4. ОҚУ
ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
- Оқытушы туралы мәліметтер:
Қаражігітова Р.Қ. - Жалпы және халықтық педагогика кафедрасының профессоры, х.ғ.к. № 1 бас оқу корпусында, 2-қабатта орналасқан, № 201 аудитория.
- Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы «Педагогика» оқу курсы.
Кредит саны - 3
Өткізу орны: № 1 бас оқу корпусында, сабақ кестесі бойынша.
1.3. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: Пәннің негізгі жұмыс объектісі-тұтас педагогикалық процесте, болашақ мұғалім кәсіби қызметінің көзқарасын қалыптастыру;
- мұғалімнің кәсіби қызметі стратегиясын анықтауда тәрбиенің мақсатына жекеше бағыт бағдар көрсету;
Педагогика пәнінің мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің
теориялық және
практикалық іс-әрекетін ұйымдаструда
оқыту мен тәрбиелеуде
Педагогика пәні бағдарламасының мазмұны. Қоғамдағы білім берудегі әлеуметтік-экономиялық өзгерістер, әлемдік практикамен байланысы. Бастауыш сыныптағы, жоғары сыныптағы оқушылардың ерекшеліктері. Оқушылар дамуындағы педагогтың ролі. Қазақстан Республикасындағы педагогты дайындау ісі қоғам қажеттілігіне бағытталған болуы және оқытушының жеке басының жоғары азаматтығын, әлеуметтік, белсенділігін бала сүйіспеншілігінің, жанының тазалығын, мәдениеттілігінің дәрежелі маман иесі екендігін, ғылыми педагогикалық ойлаудың, өз білімін үнемі көтеру үшін, үнемі жұмыс істеу қажеттігі. Педагогика курсының мазмұны. Оқу әдебиеттері. Педагогика курсы бойынша жұмыс әдістері.
Педагогика пәні әдіснамалық негіздері. Педагогика пәні жайлы ұғым. Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдігі міндеттері. Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
1.4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
№ |
Жұмыс түрі |
Тапсырманың мақсаты мен міндеттері |
Ұсынылатын әдебиеттері |
Орындау мерзімі |
Балл |
Бақылау түрі |
Тапсырма уақыты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Ағымдық сабақтарға дайындалу |
1.Бағдарлама материалдарын меңгеру. 2.Теориялық білімді бекіту. 3.Оқу және анықтама
әдебиеттермен жұмыс жасауға да |
Лекцияға ұсынылған әдебиеттер |
Тақырып бойынша сабақ материал-дары |
10 |
Ауызша сұрау |
|
2 |
Лекцияға қатысу |
1.Лекция сабақтарына дайындалу. |
Силлабус материалдары |
Семестр бойына |
10 |
Ағымдық бақылау |
|
3 |
Тестілеу |
1.жалпы және халықтық педагогика кафедрасы ұсынған материалдар негізінде тест тапсырмаларын орындау. |
Тақырып бойынша сабақ материалдары, Лекция конспектілері. |
1 сағат |
30 |
Аралық бақылау |
7-апта 13-апта |
4 |
Үй тапсырма Сын орындау |
1.Теориялық білімді бекіту. 2.Өздік жұмыстың тәжірибесін алу. |
1.Лекция ұсынылған әдебиеттер. Силлабус материалдары |
1 сағат |
10 |
Реферат қорғау |
Семестр бойында |
5 |
Емтихан |
Пән материалдарын меңгеруін тексеру |
1.Лекция конспектісі. 2.Лекцияға ұсынылған әдебиеттер. 3.Силлабус материалдары |
1 күн |
40 |
Қорытынды бақылау |
1.5. Курсқа қойылатын талаптар:
- Магистрант пәннің негізгі түсініктерін игеруі керек.
- Магистранттарға жүйелі де тиянақты білім беру.
- Сабақтың оқытуды әртүрлі әдістері мен түрлерін үйлесімді пайдалану.
- Дәріс және семинар сабақтарында әртүрлі ақпарат түріндегі техникалық құралдар (кітап, кадоскоп, диапроектор т. б).
- Лекцияда курс тақырыптарының қысқаша мазмұнын ашу.
- Бақылау сұрақтары магистранттың білімін тексеруге және дайындығын бағалауға беріледі.
Бұл сұрақтар жаттығулар, сауалнама, есептер, қорытынды бақылау формаларында болады.
1.6. Магистранттарға қойылатын талаптар:
- Магистрант лекция курсында берілген тақырыптарды толық меңгеру керек.
- Магистрант берілген тақырыптарды уақытында орындап тапсыруы керек.
- Жазылған конспекті және қосымша әдебиеттер бойынша жауап беру.
- Оқыған материалдар бойынша өз ойының болуы және оны түсінікті етіп жеткізу.
- Магистранттың бекітілген уақытқа сәйкес лекция және семинар сабақтарына толық қатысы.
- Магистрант дәлелсіз сабаққа қатыспаса, өткен тақырып бойынша қосымша жауап беріп, реферат, бақылау жұмыстарын жазу арқылы сабаққа қатыспаған күндерін өтеу.
- Қосымша материалды жинақтау арқылы курс тақырыптарына қатысты ғылыми мақалалар (баяндама, реферат) дайындау.
- Бақылау формасы. Ағымдық семинар сабақтарында магистрантты бағалау формасы лекция тақырыптарын меңгеру, ауызша жауап беру, коллоквиумдық сұрақтар кою, сауалнамалар жүргізу, аттестациялық тапсырмаларды және ауызша сұрау тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылды.
1.7. Қорытынды бағалау әрбір тапсырмаға тиісінше балл қою, барлық балл санын жыл аяғында жүргізілген сауалнама қорытындысына қосу арқылы жүзеге асырылды және төмендегі көрсеткіштерімен бағаланады:
Рейтинг шкаласы
Бақылау түрлері |
Балдар |
Аралық бақылау №1 |
25 |
Аралық бақылау №2 |
35 |
Қортынды емтихан |
40 |
Барлығы: |
100 |
90-100 % “5 ” (өте жақсы)
Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы - 3 кредит (135 сағат)
№ |
Тақырыптың атауы |
Дәріс |
|||
Сем. |
МОӨЖ |
МӨЖ | |||
1 |
Жоғары
мектеп педагогикасының жалпы |
1 |
1 |
2 | |
2 |
Жоғары мектеп педагогикасының пәні, міндеттері мен әдістері. |
1 |
1 |
1 |
2 |
3 |
Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі. |
1 |
3 |
2 | |
4 |
Педагогика ғылым ретінде. |
1 |
1 |
1 |
2 |
5 |
Педагогика ғылымы мен оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. |
1 |
2 |
2 | |
6 |
Жоғары білім педагогикасы. |
1 |
1 |
1 |
2 |
7 |
Педагогика ғылымының әдіснамасы. |
1 |
1 |
1 |
2 |
8 |
Жоғары оқу орындарындағы оқытушының жеке және педагогикалық іс-әрекеті. |
1 |
2 |
2 | |
9 |
Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы. |
1 |
1 |
3 |
2 |
10 |
Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар. |
1 |
1 |
1 |
2 |
11 |
Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі. |
1 |
1 |
2 | |
12 |
Кәсіптік зерттеу мәдениеті педагогтың өзін-өзі шығармашылық дамытуының негізі ретінде. |
1 |
1 |
1 |
2 |
13 |
Жоғарғы мектептегі оқыту теориясы. (Дидактика). |
1 |
2 |
2 | |
14 |
Кәсіби оқыту процесінің мәні. |
1 |
1 |
1 |
2 |
15 |
Жоғарғы мектептегі оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздері. |
1 |
2 |
2 | |
16 |
Білім беру мазмұны. |
1 |
1 |
1 |
2 |
17 |
Жоғары мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру. |
1 |
2 |
2 | |
18 |
Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері. |
1 |
2 |
2 | |
19 |
Болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың белсенді әдістері мен түрлері. |
1 |
2 |
2 | |
20 |
Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстары. |
1 |
1 |
1 |
2 |
21 |
Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде. |
1 |
3 |
2 | |
22 |
Эдвайзерлік жұмыс. |
1 |
1 |
2 | |
23 |
Жоғары мектептегі жаңа білімдендіру технологиясы. |
1 |
2 |
2 | |
24 |
Жоғары мектептегі
педагогикалық жобалауды |
1 |
1 |
1 |
2 |
25 |
Жоғары мектептегі жаңа білімдендіру технологиясы. |
1 |
1 |
1 |
2 |
26 |
Жоғары мектептегі
педагогикалық жобалауды |
1 |
1 |
2 | |
27 |
Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру. |
1 |
1 |
1 |
2 |
28 |
Кредиттік технология
жағдайындағы білімдендіру процесінің
субъектілерінің әріптестігі |
1 |
1 |
1 |
2 |
29 |
Оқу-әдістемелік
материалдарды құрастыру |
1 |
2 |
2 | |
30 |
Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдстыру. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикалық бағалауды ұйымдастыру. |
1 |
1 |
1 |
2 |
Барлығы |
30 |
15 |
45 |
60 | |
Барлығы сағат |
150 |
||||
5. ДӘРІС САБАҚТАРЫ
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-
Жоғары мектеп педагогикасының пәні, міндеттері мен әдістері.
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
2. Педагогиканың философиялық негіздемесі
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дəріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік – өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мəні оның субъектті сипатта болуына тəуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды. Сырттай дүние əр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына жəне т.б.себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар əр адамның өзін-өзі кемелдендіру əрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тəрбие, білім беру.
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім құндылығы мен қажеттілігі əр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тəрбие материалын игеруде оқушыға толық еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мəнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.
Неотомизм - орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған əдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дəлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.
Ғылыми білімдердің адамдар
өміріне жан-жақты, берік енуін
мойындаудан, неотомистер ортағасырлық
Ф.Аквинский идеяларын осы
Адам – екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан жəне рухани дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мəңгі өмір берген Алла тартуы.
Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тəуелділігін (рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір мəнінің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша оқу жəне тəрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет.
XIX-XX ғ.ғ. тоғысында химия, биология жəне т.б. жаратылыстану ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа – позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пəндері мен оларда қолданылатын əдістерді əсіре дəріптеп, сандық зерттелген дəйектерді ғана дұрыс та дəлелді деп таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, əлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мəнді ғылымдар – бұл математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа сиыспайтын ертегі.
Неопозитивизм мəндік тұрғыдан өз негізі
позитивизмді қолдай отырып, қазіргі
заман ұғымдары мен терминдерін
пайдалануымен осы дəуір
Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- «тəжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, əсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, əлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тəрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы «тəжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-əрекеттік тəжірибесінде болатынын уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жəне т.б.) инабаттылық тəрбиесі мəселелерін де осы жекеленген тəжірибе тұрғысынан қарастыруды дəріптейді. Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл – тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.
Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет.
Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы. Жалпы ғылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тəжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дəстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық технологиялар жөнінде алдағы дəрісбаяндарда сөз болады.
РҚ-ның жоғары кәсіби білім білім беру жүйесі
Қоғамда болып жатқан өзгерістердің жоғары білім беретін оқу орындарына әсері оның оқу үрдісіне ізгілік және демократиялық бағыттарды ендіруді қажет етеді.
Жоғары педагогикалық оқу
Қазіргі заманғы білімнің көкейкесті міндеттерін іске асыруда шешуші рөл реформаны, білім жүйесінің динамикалық және прогрессивті дамуын толығымен жасауды, оқу тәрбие жұмыстарын, оның өзіндік ерекшелігімен, жоғары тиімділігі педагогикалық технологияны объективті түрде, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттауды қамтамасыз ететін дидактикалық ғылымға жүктелген.
Тәуелсіз Қазақстандағы жоғары
білім жүйесін проефссор З.А.
І саты (1991-1994 ж.ж.). Жоғары білім - заңнамалық негіздерінің қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылы қабылданды. Осы заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ ҚР-да тұрақты шетелдіктердің құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР-ның жоғары білім стандарты 1994 ж. бекітілді. Мұнда бакалавр және магистр жоғары білім алудың академиялық құрылымы көрсетілген.
ІІ саты (1995-1998 ж.ж.). Жоғары білім жүйесінің мазмұнын жаңарту яғни, модернизациялау.

- Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы
- Педагогикалық құзырлылық
- Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері
- Педагогикалық оқу орындарында биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқытудың теориялық негіздері
- Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау
- Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- Педагогикалық қабілет
- Педагогикалық қарым
- Педагогикалық қарым қатнас
- Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері
- Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
- Педагогикалық қарым-қатынас негіздері
- Педагогикалық қарым қатынас психологиясы