Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау

ӘОЖ 371.13:37.018.8                                                                     Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           АЛЕНОВА САНДУҒАШ  ТАБЫНҚЫЗЫ

 

 

 

            Болашақ  педагогтарды  12 жылдық  мектептегі  тәрбие жұмысына

даярлаудың педагогикалық шарттары

 

 

 

 

6М010300 – «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

рефераты

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012 ж

 

Диссертациялық жұмыс  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің «Музыка-педагогикалық» факультеті, «педагогика және психология» кафедраларында орындалды.

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:                                                        

                                                        педагогика ғылымдарының докторы,                              профессор  Ш.М.Майгельдиева 

                                                                                 

Ресми оппонент:                                                         

  педагогика ғылымдарының докторы,

  профессор Қ.Болеев                                                                 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертация 2012 жылдың «_____» маусымында сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, №______ дәрісхана) қорғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ҒТК танысуға болады.

                                

 

КІРІСПЕ

 

  Жұмыстың жалпы  сипаттамасы

Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан  педагогика ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып,  болашақ педагогтардың  12 жылдық білім беруге       дайындығы және студенттердің    шеберлігінің қалыптасуына   әсері   анықталды. Сонымен қатар,  12 жылдық білім беруге    ЖОО−ңда  студенттерді  оқытудағы ерекшелігі әдістемелік тұрғыда     негізделді. 

Жұмыста студенттердің кәсіби іс−әрекетке әдістемелік    дайындаудағы 12 жылдық  білімнің        тұжырымдамасы   қарастырылып,  эксперимент арқылы зерттелді, яғни эксперименталды мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі  анықталды.   

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

         Бұл міндеттерді жүзеге асыру  еліміздегі мектептерде оқыту  процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

       Білім берудің  жаңа бағыттарының басты ерекшелігі  – оқытудың нәтижесін алдын-ала  болжап, оқушылардың қызығушылықтары  мен ізденімпаздығы негізінде  білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең  зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2012 жылғы 27 қаңтардағы «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» - деп көрсеткен .

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық  негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Білім беру саласындағы  инновациялық процестердің күрделілігі  мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен  әрекеттесу және жалпы орта білімді  ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың  шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән  берудің өзі еліміздегі өзгерістердің  маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі білім  берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік  бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

Көтеріліп отырған мәселенің  өзектілігі Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан-2030»  бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.

Демек, болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептегі тәрбие жұмыс жағдайларына бейімдеу мәселесі, кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы негізінде оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Осы жаңа білім беру парадигмасы  негізінде жеке тұлға бойындағы  ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі  және адами құндылықтар   өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.

Педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерді  талдау   барысында  зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б.), болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.) зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.

Болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыруына  дайындау кезеніңде   қазіргі  білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми–теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы т.б.

Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және 12 жылдық мектептің тәрбие тәжірибесін талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық: 12 жылдық мектеп жұмысына болашақ педагогтарды оқушылардың шығармашылығын, адамгершілік қасиеттерін, әлеуметтік қажеттілігін      қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігін айқындап,  оларды ЖОО-ң оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық мүмкіндіктері мен оны  дамытудың жүйелі ұйымдастырылмауын ескеріп, білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында  бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша  тәрбие технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: “Болашақ  педагогтарды  12 жылдық  мектептегі  тәрбие жұмысына даярлаудың педагогикалық шарттары” деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің нысаны – 12 жылдық  білім беретін мектептердегі тәрбие  үдерісі.

Зерттеу пәні – білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында болашақ педагогтарды  12 жылдық мектептегі тәрбие жұмыстарына дайындау.

Зерттеудің мақсаты –12 жылдық мектептегі тәрбие үдерісін ұйымдастыру   жағдайында болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік тәрбиенің мүмкіндіктері және шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау  және эксперимент түрінде дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Білім  берудің  жаңа  парадигмасы  мен  12 жылдық    білім  беру  жүйесін дамыту  тенденциялары аясында тәрбие  үдерісінің   теориялық-әдіснамалық  негіздерін айқындау.

2. Болашақ  педагогтарды  оқушылардың   адамгершілік  қасиеттерін, шығармашылық     қызығушылығын    қалыптастырудың мәні мен мазмұнын анықтап, “білім берудің жаңа парадигмасы”, “шығармашылық қызығушылық”, “креативтілік”, “инновациялық креативті білім беру”, “шығармашылық рефлексия”, «адами құндылықтар» ұғымдарына анықтама беру, жүйелеу.

3. 12 жылдық мектептегі     тәрбие үдерісін  ұйымдастыру     жағдайында болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.

4. 12 жылдық мектептің тәрбие  үдерісінде     Қызылорда  қаласының №6 мектептің эксперименталдық  сынып    оқушыларының  адамгершілік  қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын  қалыптастырудың педагогикалық  шарттарын анықтау.

5. 12 жылдық мектептегі оқушылардың  адамгерішілк қасиеттерін, шығармашылық  қызығушылығын қалыптастыруда жаңа тәрбие технологияларының мүмкіндіктерін көрсетіп, оны болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында  пайдаланудың мазмұндық сипатын көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ педагогтарды 12 жылдық мектептің тәрбие ісіне елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты дайындаса,  әсіресе оқушылардың шығармашылық қызығушылығына және тұлғаның адамгершілік қасиетіне мән берілсе   және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, тәрбиенің инновациялық үдерісі қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің жетекші  идеясы: ЖОО-ңда оқу-тәрбие үдерісінде 12 жылдық мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына мән беріліп,   теориялық  негізі, тәрбие технологиясының   құндылық бағдары өзегі ретінде танылуы –болашақ педагогтардың   кәсіби іс-әрекеті,  интеллектуалдық жетілуі,   жан-жақты дамуына   мүмкіндік туындайды.

Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің теориялық  және әдіснамалық негіздері:

Адами құндылықтар және жеке тұлғаның  шығармашылығының мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да  білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу кезеңі:

Бірінші кезеңде (2011ж.) қазіргі қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-педагогикалық, мәдени өзгерістерге байланысты   12 жылдық мектептің білім беру жүйесінің даму тенденциялары қарастырылып, зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы іргелі ғылыми зерттеулерді талдау және мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйін, жетістіктері мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері және ғылыми аппараты анықталып, педагогикалық тәжірибе бағдарламасы әзірленіп, оқу процесіне енгізілді.

Екінші кезеңде (2012ж.) зерттеудің ғылыми болжамы мен міндеттеріне сәйкес, 12 жылдық мектеп  оқушыларының адамгершілік қасиеттері, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды, шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық тұғырлары нақтыланып, педагогикалық шарттары анықталды, зерттеу базаларындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері кезең-кезеңмен жүйеленіп, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараланды. Жалпы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер өңделіп, диссертацияның мазмұнына енгізілді.

Зерттеу базасы: Қызылода қаласының № 6, 198 мектептері 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

1.Жеке тұлғаны  қалыптастырушы білім парадигмаларының  даму тенденциялары  теориялық-әдіснамалық  негіздерін анықтайтын бағдар  ретіндегі мәні ашып көрсетілді.

2. Қазіргі кезеңде 12 жылдық  білім  беруді дамытуда «білім берудің  жаңа парадигмасы», «шығармашылық  қызығушылық», «креативтілік», «инновациялық  креативті білім беру», «шығармашылық  рефлексия», «адамгершілік құндылық»  ұғымдарының мәні анықталып, оларға ғылыми анықтама берілді.

3. Тәрбиенің  қазіргі жаңашылдық  сипаты жағдайында 12 мектеп оқушыларының  адамгершілік қасиетін, шығармашылық  қызығушылығын қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып,  компоненттері мен өлшемдері,  көрсеткіштері анықталды.

4. 12 жылдық мектептің  тәрбие  жұмысына  болашақ педагогтарды  дайындаудың  педагогикалық шарттары  анықталды, тәжірибелік-эксперимент  жағдайында тиімділігі дәйектелді.  

 Зерттеудің практикалық мәнділігі:

▪ 12 жылдық мектептің  жаңашылдық сипатына сәйкес, болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда   ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісіне 12 жылдық  мектептің  теориялық-әдіснамалық материалдарын еңгізу  көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

▪ 12 жылдық мектептің  тәрбие жұмысында атқарылатын міндеттері, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, педагогикалық шарттарын ұсынылды. 

▪ Зерттеу нәтижелері 12 жылдық  білім беру жүйесінде, ғылыми-практикалық орталықтарда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары қызметінде пайдалану тиімді.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- 12  жылдық  мектепте   мұғалім мен оқушы  тәрбие үдерісінің  субъектілері  және тәрбие технологиясын    іске асырушы ретінде сипатталады.

- 12 жылдық мектеп оқушыларының  адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық  қызығушылығын қалыптастырудың  өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері  теориялық модельдің негізгі  сипаттамасымен айқындалады.

- Қазіргі кезеңде  ЖОО-нда білім, тәрбие берудің жаңашылдық сипатына байланысты болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік қасииеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға дайындау барысында, теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылып, жүйеленген сипаттамасы – оның педагогикалық шарттарын   құрайды.

Зерттеу нәтижелерін  сынақтан өткізу және ендіру.

Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде  2 халықаралық,    республикалық ғылыми-практикалық конференцияларының  басылымдарында   жарық көрумен жүзеге асты

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен,   қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.    Жұмыстың жалпы көлемі –101 бет , қолданылған деректер тізімі-  106 әдебиеттерден тұрады.

 

Негізгі бөлім

 

Бүгінде жаһандану заманында  жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр. Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеуде. Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқылануда.Мұндағы біздің басты ұстанымымыз-тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс .

       Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2012 жылғы 27 қаңтардағы «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» - деп көрсеткен.

 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:

  • Қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғар білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық мектептің негізгі мақсаты

  • Оқушының  зерттеушілік  және  шығармашылық  қабілетін  дамыту.

    Осындай мақсаттарды  қоя отырып,  Қазақстан Республикасының Білім және     Ғылым министрлігі 2003 жылдың 8-тамызында «12жылдық оқыту бойынша эксперименттің басталуы туралы»  №538 бұйрығын шығарды. Сол бұйрық негізінде Қызылорда  облыстық білім басқармасының 2003 жылдың 3 қыркүйек №203-нқ және  Қалалық білім бөлімінің 25.09.03ж. № 254-нқ  бұйрықтары шығарылып, онда 2003 жылдың  1-қыркүйегінен бастап 12 жылдық бағдарламамен оқытудың 1-эксперименталдық жұмыстары Қызылорда  қалысындағы №6,198  мектептерде жүргізілуде.

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым министрлігінің  2002 ж шілде  №24 бұйрығына  сәйкес  Республика мектептерінде  жалпы  білім  берудің құрылымы  мен  мазмұнын жетілдіру эксперименті  2003-2004 оқу жылында  басталып  ойдағыдай  жүргізілуде.

  Эксперимент сыныпта  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің 2004 жылы бекіткен базистік эксперименттік оқу жоспарымен 2,3,4  сыныптар  5  күндік  сабақ кестесімен, 35  минут  ұзақтықпен,   сенбі күні шығармашылықпен  жұмыстанады.

      Эксперимент  сыныптардың   кабинеттері 12 жылдық білімге көшу талабына сай жабдықталып, ойын бөлмелері, информатика пәні кабинеттері ұйымдастырылды.

      Жаңа стандарттың   бір ерекшелігі бастауыш сатыны  бітірген оқушының дайындық  деңгейіне   қойылатын  талаптарда көрініс  тапқан .

      Бұрынғы стандартта  оқушы өзі оқыған білім негіздерінің жалпы ережелерінен білім, білік, дағдыларды  түсініп,  талдай  білуі қажет десе, жаңа стандарт жобасында оқушының   өз пікірі мен көзқарасы қамтылып  және білім негіздерін  өмірмен, күнделікті іс-әрекетпен байланыстырып  өзі қорытынды шығаруға  ұмтылдыру. Базистік  жоспар  бойынша  2-4 сыныптарда 2 сағат  орыс  тілі, 1 сағат  шет тілі, 1 сағат  информатика   енгізілген

          12 жылдық  оқу материалдарына эксперимент  жасау мақсатында мұғалімдер «Оқу-әдістемелік кешенінің сапасын бағалау», «Байқау оқулығының сапасын бағалау», «Эксперименттік жұмыс нәтижелері және олардың жетістіктерін қамтамасыз ететін шарттар, мониторинг», «Мұғалімге арналған сауалнама» толтырылып отырылды.  Жаңа жүйеге   арналған оқулықтарды   «Атамұра», «Алматы», «Жазушы» баспалары  басып  шығарып, «Оқулық» орталығы  арқылы  Республика   мектептеріне  жеткізіліп отырылды. Оқулықтар оқушы  денсаулығына  зиянын  тигізбеу мақсатында   тоқсан –тоқсанға    бөлініп, блок   күйінде   шығарылған [6].

         Эксперимент   сынып  мұғалімдері түгел курстан   өткен, куәліктері бар. Олар  12 жылдық  білім беру проблемалары  республикалық  ғылыми-практикалық  орталығымен  үнемі  байланыста  болып, жарты жылдық  қорытынды  есептерін   және оқулықтарға өз пікірлерін  жіберіп отырады.

        27.07.2002  жылы  №839 қаулымен  Министрлік жанынан   белгілі педагог-ғалым А.Әбілқасымова  жетекшілік ететін  «Республикалық  Ғылыми- Практикалық   Орталық» 12 жылдық білім беру проблемаларын   сынақтан өткізуде  барлық білім мекемелерімен байланыста болып, бағдарлама, оқулықтармен  қамтамасыз  етіп, мұғалімдердің біліктілігін  арттыруға жұмыстанып отыр.  Ғылыми –практикалық орталығы 12 жылдық білім беруге  өтудің эксперименттік жұмыстарын  ұйымдастыруда әдістемелік көмек ретінде  республика  деңгейінде  бірнеше  семинар, конференциялар  өткізді.

         2003 жылдың  қыркүйегінен бастап «№6 орта  мектебі» мемлекеттік мекемесінде   бастауыш эксперимент сыныптары  ашылып оған мұғалімдер  Тұрақова  Рысбибі, Оспанова Түйме, Сахарбаева Марал тағайындалды. Бұл сыныптарда оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, бала бойындағы қасиеттерін дамыта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында, оқу процесінде оларға жан – жақты мүмкіндіктер жасалуда.  Осы жылдар ішінде алғашқы эксперимент сыныптары орта буынға өтіп, қазіргі таңда 5-6 сынып оқушылары, оларға сынып жетекшілері болып А.Кеңесбаева, Ж.Мадиевалар тағайындалып, еңбек етуде.

№6  орта  мектепте  жүргізіліп  жатқан  «12 жылдық  білім  беруге   көшу»  эксперименттік   жұмысына  қазақ  және  орыс  тілді  5  сынып  қатысады.  Экспериментке  270  оқушы   қамтылған,  оның  135 -сы  орыс  тілді   білім  алушылар. 

     Эксперимент  жүргізуші   мұғалімдер  өз  тәжірбелерін  бөлісу  мақсатында  «Оқыту  үрдісіндегі   инновациялық  технологиялар»,  «Оқыту  үрдісіндегі ойын  технологиялары»,  «12  жылдық  білімге көшудегі  негізгі мәселелер»  тақырыптарында  семинарлар  өткізді.

     Әрбір  тоқсан  аяғында  бақылау  жұмыстары   жүргізіліп,  басқа  сыныптармен   салыстырмалы  анализ  жасалады.  Сондай – ақ    ОМБЖИ  тарапынан  да   математика,  орыс  тілі,  әдебиет,  қазақ  тілі  пәндері  бойынша  бақылау   алынып  отырады.  Эксперименттік  сыныптарға  I санатты  мұғалімдер  Карышева Г.Ж.,  Трубшекова Е.Г.,  Бойко Г.В.  дәріс  береді  және  өз  кезегінде  ББЖ  КБАРИ  жанындағы  Республикалық  курстан  өз  білімдерін  де  жетілдіріп  отырады.

            Эксперименттік оқу кабинеттерін  талапқа сай жабдықтап, оқушылардың  динамикалық қозғалыс ойын кездерінде  еркін демалып қозғалуына мүмкіндік туғызатын  ойын бөлмесі жасақталды.

           Осыған  орай 12 жылдық мектеп бастауыш  сыныптарына арналған бағдарламаларда  бұрынғыға қарағанда бірқатар  ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктерді  эксперимент  барысында сынақтан  өтіп жатқан бастауыш сыныптардың базистік оқу жоспары, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының нұсқалары,  сыныптарға арналған оқу - әдістемелік кешендер, оқыту процесін ұйымдастыру түрлері, денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын қолдану тәсілдерінен көруге болады.   

          Жоғарыда айтылғандарды сараптай келе 12 жылдық білім беру – заман талабына сай білімді, мәдениетті, ой-өрісі дамыған ұрпақ тәрбиелеудің және де болашақ бастауының бірден бір жолы деп біле отыра, эксперимент сыныптарындағы оқу жүйесін зерттей келе байқағанымыз: эксперименттік оқу-әдістемелік кешен оқушының іздену қабілеті мен өз бетінше жұмыс жасау  деңгейін дамытуға арналған.Оқу әрекеті-баланың  дамуының  басты шарты, оқу үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділіктерін арттыру құралы.

          Эксперименттік  алаңда  жұмыс  жүргізе  отырып  байқағанымыз бұнда  бастауыш  сынып пен  орта буынның   бір-бірімен сабақтастығында. 12 жылдық  оқыту  бағдарламасының  өзінің  ерекшелігі және де баспалардан  шығарылған  оқулықтардың  өздері де белгілі бір жүйеде одан  әрі дамытылған. Мектепте жылма-жыл  орта  буынмен  біріктірілген  ашық облыстық, қалалық  семинарлар  өткізіліп  отыр. Ол семинарларда  әрдайым бастауыш  сыныптан  шыққан  5-інші сыныппен, бастауыш  4-сыныптармен  кіріктірілген  сабақтар өткізіліп тұрады. Бұл яғни  бастауыш сатымен орта буынның  сабақтастығы болып  табылмақ.

          12 жылдық  білім беруге көшу еліміздің  білім саясатындағы келелі  мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа  жеткізетін игіліктерге еліміздің  әр азаматы құзырлығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне,рухани санамыздың жаңаруына нәтижесінде тың идеялардың  тууына ықпал ететін парасатты орта қалптастыратын боламз. Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау