Педагогикалық технологиялар. 2

Педагогикалық технологиялар

   Біліміне  қарай саралап  оқыту

   Оқытудық  барлық түрі, әсіресе бағдарламалық  оқыту саралап оқытуға мүмкіндік  береді. Саралап оқытуды қолданған  мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап  оқытудық мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.

   Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу  іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдасауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады.

   Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, омда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.

   Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар.

   Мектеп  жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.

   Қозғалыс  іскерлігі дұрыс қалыптаспаған  оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай  алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.

   Кейбір  оқушылардың кеңістік туралы түсініктері  дұрыс дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан  кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады.

   Есте  сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен  де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым  тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және "тіректі" қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады.

   Дисграфия - дыбысты әріппен жазғанда танымау, сөздерді ңүрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады.

   Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай  шыққан балаларда байқалады. Жалпы  дамудың жеткіліксіздігі де баланың  оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн төртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет.

   Әр түрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.

   Жекелеп оқыту үшін сыньшта 20-30 оқушы болса, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі. Саралау тәсілдері:

   •  тапсырманың мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей, бірақ жақсы оңитын оқушыларға тапсырманы орындау уақыты қысқартылады;

   •  тапсырма мазмұны бір, бірақ жақсы  оқитын оқушыларға көп, күрделі тапсырмалар  беріледі;

   •  тапсырма барлық сыныпқа бірдей беріледі, бірақ үлгерімі нашар оқушыларға тапсырманы орындауды жеңілдету  үшін көмекші материалдар;

   • сабақтың бір кезеңінде мазмұны әр түрлі, күрделілік деңгейі де әр түрлі тапсырмалар жақсы, орташа және нашар оқушыларға беріледі;

   •  тапсырманың бірнеше варианттарын оқушылар таңдайды. Бұл тәсіл көбіне материалды бекіту кезінде қолданылады.

   Математика  сабағында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: "Бірінші күні бақшаға 8 қатар алма ағашын отырғызды. Әрбір қатарда 6 алма ағаштары бар. 2 күні тағы да 4 қатарға 12 алма ағашын отырғызды. 2 күнде барлығы қанша алма ағашы отырғызылды?" Жақсы оқитын оқушылар белгіленген уақытта осы есепті, осыған ұқсас есепті шығарып немесе құрастырады. 2-топ өздеріне белгілі тәсілмен шығарады. 3-топ (үлгерімі өте нашар) есепті тірек сызба, мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы шығарады.

   Тәжірибеде  есепті шығару үшін мынадай саралау тәсілдері сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті:

   •  өздік жұмыстың бір вариантын  жеңілдету және әрбір топқа күрделілігі 3 деңгейлі тапсырмалар беру;

   •  есептерді оқушылардың деңгейіне  қарай беру; Математика сабағында  жақсы оқитын оқушылар тапсырманы тез орындап, бос отырады. Тәжірибелі мұғалімдер оларға күрделі, қосымша тапсырмалар жазылған карточкалар әзірлеп әкеледі.

   Саралап оқытуды қолданып, мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды  орындатып, жақсы оңитындарды тез  қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім, бұл уақытша шара, саралау тәсілі тапсырма орындауға үйренгенше қолданылатынын оқушыларға түсіндіріледі.

   Сонымен саралап оқыту барлық балаларды  сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта  саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын, орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беруі арқылы іске асады. 

   Топтық  оқыту

   Өзін-өзі  оқыту - оқушы белгілі бір өздік  жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

   Өзара оқыту (жұптың оқыту) - оқушылар тұрақты  жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта  жұмыс істейді де, қандай да бір  мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін  бағалайды.

   Топтьщ  бір тақырыппен жұмыс істеуі - топ ішіндегі оқыту. Оқушылар топтарға бірігіп, топішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқылап, өзінің іс-әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді.

   Топтардың бір-бірін оқытуы - әртүрлі мәселені шешіп, іс-әрекет жасап жатқан топтар теоретиктер және эксперимент жасаушылар уақытша бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды.

   Мұғалім рөліндегі оқушы - бір немесе екі  оқушы бүкіл сыныпты оқытады.

   Топтарды  құру тәсілдері:

   •  формалды біріктіру - 2 партада отырған 4 оқушыны немесе бір қатарда отырған оқушыларды бір топқа біріктіру;

   •  оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтын, тез құрылуына  себепші болады;

   •  оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді;

   •  сынып немесе мұғалім алдымен белгілі бір өлшемдер бойынша болашақ топтың жетекшілерін таңдап, жетекші топтарға жеке оқушыларды қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына шақыратын оқушының есімін атайды, ол келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды. Топтардың саны бірдей болуы керек:

   •  мұғалім өз тобына балалар қабылдайтын  оқушыларды белгілейді, содан соң  жасақталған топтарда жаңа топ жетекшілері  слйланады.

   •  мұғалім немесе оқушы тақырыптың негізгі сұрақтарының тіиімін тақтаға жазады. Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма таңдаған тоіща кіреді. Егер топ үлкен болса, оларды шағын топтарға бөледі. Жасақталған топтың көшбасшысы сайланады.

   •  алдымен топтың жетекшісі сайланады, олар топтағы жұмыс үшін тапсырманы анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі топтардың ңүрамынакіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың болуына байланысты.

   •  бір тақырып бойынша жан-жақты  білім алу. Мысалы "тарих", "техника", "тәжірибе", "есеп", "ойын", "қиын мәселе". Оқушылар өздерінің нақты оқу мүмкіндіктеріне сай іс-әрекет түрлерін таңдап, топтарға бірігеді.

   Топтық  жұмысты оқушылардың өздерінің  ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені, іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады. Мұғалім  топтық жұмыстың уақытын, білімдік өнімді тапсыру формасын береді. Топ эксперимент өткізуге керекті жабдықтарды тауып, кітапханаға, экскурсияға барады. Мұндай форма топтық жұмысқа әзірлігі жақсы сыныптарға қолданылады.

   Топтарды  кезең бойынша құру. Алдымен 3-5 оқушы  тақырыпты оқып, мәселені шешіп, жақсы бағаларын алған соң топтарға бірігіп, сабақ кезінде басқа оқушылардан бөлек жұмыс істейді. Қалған оқушылармен мұғалім өз жоспарымен оқу жұмысын атқарады. Оқыту барысында топ саны көбейіп, белгілі бір өлшем бойынша шағын топтарға бөлінеді. Басқа оқушылар топқа кіргенше жұмыс осылай жүре береді. Мұндай форма оқушылардың топтық жұмысқа ауысуын ынталандырады.

   Топтардағы  жұмыс істеу технологиясы

   Топ негізінен  өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала  тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері:

   •  сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу;

   •  "ой майданы" әдісі арқылы қойылған мәселені көп болып шешу;

   •  алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды оқуы;

   •  оқушыларды басқа топтармен өзара  әрекетке әзірлеу -оларға қойылатын  сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарыы әзірлеу, топтың сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы;

   •  ұзақ уақыт шығармашылық тапсырма орындау - объектіні зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма орындау және басқалары;

   •  семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ оқушыларын әзірлеу.

   Топ жұмысында  іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау тәсілдері әр түрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмей айтқаны тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әр түрлі әдістерді қолданып, жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соқында топта рефлексия арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі бақылау.

   Білім беруді ақпараттандыру

   Білім беруді ақпараттандырудық мәні:

   білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттың-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.

   Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде  ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

   ХХғасырдық  соқында өндірістік дамыған елдерде  ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін  шығыннан асып түсуде.

   Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін  жаңа технллогиялардың, электрондық  құралдардық пайда болуына себепші  болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі құрал -қағаз, пленка да бар.

   Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.

   Білім беруді ақпараттандырудық теориялық  негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.

   Ақпарат беретін технологиялар білім  саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек  болып отыр.

   Оқушының  білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.

   Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.

   "Визуалдық  білім" термині пайда болып,  бейне, модель, шартты белгілердің  үлес салмағы оқытуда көбейіп,  үйреншікті метіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс  істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз -ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдық екінші жартысында педагогикада "медиа-білім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттың өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттың технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.

   Ақпарат беретін технологиялар оқу процесіне  енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық құралдармен жұмыс  істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Мектеп және жоғары оқу орнын бітірушінің моделіндегі басты бөліктердің бірі - ақпараттық мәдениет. Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш бөліктен тұрады: техникалық құралдар, бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар. Техникалық құралдар: компьютер, принтер, модем, сканер, теле және бейне аппараттар, ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін құралдар. Технологияның екіншісі - компьютердегі жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшінші — оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер. Олар арқылы мәліметтер банкісі, гипермәтіндер жүйесі жинақталды. Оқытатын жүйенің кең таралғандары: іскерлік пен дағдыға жаттьщтыру, білімді қалыптастыратындар, проблемалық оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар. Күрделі бағдарлама: интеллектуалдық оқыту жүйелері. Ерекшелігі: оқушыларды диагностикалап, модель жасап, соған сай білім алатын жеке бағдарлама беруі.

   Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалық процестің мәнді жағы - мұғалім  мен оқушы іс-әрекетін өзгертуде. Оқушы алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Мұғалімнің де көп жұмыстан қолы босайды. Ол оқушыларды жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму бағытын бақылап отырады. Электрондық техника әзірге оқыту үшін көмекші құрал, ол дәстүрлі оқыту жүйесін толық жояды деп айту қиын.

   Білім беруді ақпараттандыруға әсер етуші  факторлар

   •    ашық ақпараттык коғам жағдайында білім  берудің мәнін философиялық түсіну деңгейі

   •    білім беруді акпараттандыру саласындағы  мемлекеттік саясат

   •    ашық ақпараттык қоғам жағдайындағы білім беру мәні

   •    педагогикалык теория мен білім  беру тәжірибесінің деңгейі

   Дамыған елдерде ақпаратқа тәуелділіктің  артуы және ақпаратты өңдеу, тасымалдау құралдарын пайдалану тиімділігі, дамудеңгейі 80-жылдардың соңында жаңа "ұлттық ақпараттың қор" ұғымының пайда болуына әкелді.

   Ақпараттық  қор дегеніміз - түрлі құжат түрінде  берілген ғылыми-техникалық ақпаратболып табылады. Ақпараттық қор интеллектуалдық қордық бір бөлігі.Адамзаттың білімін ұжымдық, көпшілік түрге айналдырады және көпшілік шығармашылықтың факторы болып табылады. Тұлғалық білім қазіргі кезде адамның интеллектуалдық қарым-қатынасы негізінде ақпараттан туындайды және субъективтік категория болып табылады.

   Ақпараттың  қорды игеру процесі тиімді және білімді орталықтандыру негізі болып  табылады.

   Ақпараттық  қор — қоғам қызметінің жаңа функционалдық  категориясы және маңызды компоненті.

   Ақпараттық  сауаттылық - қоғамды ақпараттандырудық, ақпараттың қоғамда өмір сүруге жаңа ұрпақты даярлаудық алғышарты мен маңызды факторы болып табылады.

   Ақпарат - ең жоғары құндылық, ал адамдардық ақпараттың сауаттылығы - олардың еңбек әрекеттілігін  анықтайтын фактор. Бұл қоғамда білім  беру жүйесіне талаптар өзгереді, білім берудің статусы көтеріледі.

   Білім беру стандарттарындағы информатика  және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

   АКТ оқыту  мақсаты

   •  бағдарламалау дағдыларын дамыту;

   •  мәтіндік редактор, электрондық кесте  басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету;

   •  желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге  үйрету, т.б.;

   •  желі көмегімен қарым-қатынас жасауға  үйрету.

   Оқытушы

   •  оқыту мақсатындағы программалық құралдар жасақтау технологиясын меңгеруі тиіс;

   •  оқу ақпаратын бере, құрылымдай білуі  тиіс;

   • білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас тәсілдерін жобалай, білім алушының оқу-танымдық қызметі нәтижелерін автоматты түрде бағалаудық жаңа әдістемелерін таба білуі тиіс.

   Электрондық оқулықтарды құрастырудық педагогикалық  технологиясы

   •  Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандырудық кең көлемді құралдары;

   •  Пәндік білім мен оны игеру  тәсілдері аумағында ғалымдар мен  педагогтардың жетістіктерін жинақтау мен сақтауға мүмкіндік беретін  ашық дамушы әдістемелік жүйе;

   •  Оқытудық дидактикалық принциптеріне  сүйеніп оқушылар мен студенттердің  жеке потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға  бағытталған оқушылар қызметін ізгілендіру  құралдары;

   •  Өз білімін жетілдіру және өзін көрсету  тәсілдерін, педагогикалық ақпарат қорын, дидактикалық қорды жинақтау және жаңартуға мүмкіндік беретін мұғалімдер мен оқытушылар қызметін ізгілендіру құралдары;

   •  Білім беру процесі субъектілерінің  өзара қарым-қатынас жағдайында мұғалім және оқытушының басқарушы  ретінде мақсаттан нәтижеге бағытталған оқыту процесін автоматтандырудың қашықтан оқыту формалары.

   Мақсаттық бағытталған:

   Электрондық оқулық модулінің мақсаттық бағытталуы оның білім беру стандарты мен  оқу бағдарламасына сай екендігін  анықтайды. Электрондық оқулықтың  ерекшелігі - ақпараттық-оқыту ортасы көлемді. Оқулықта энциклопедиялық бағыттағы бағдарламадан тыс ақпараттар берілуі мүмкін.

   Ғылыми

   Ғылымилық принципі жүзеге асыру модульдерді  құрастыру процесінде оқушыларды ғылыми білім жүйесімен таныстыруға  бағытталған. Бұл әлемнің объективті сипатын, пәндерді зерттеу негізі болып табылады. Сондықтан модульде жеке "Глоссарий", "Ұғымдар", "Заңдылықтар", "Категориялар" деп бөліп көрсеткен жөн.

   Жүйелілік

   Жүйелік принципі оқу элементтерінің арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар сипатында ашылады. Жүйеліліктің негізгі сипаты - оның бүтіндігі, реттілігі, салыстырмалы тұрақтылығы.

   Көрнекілік

   Көпжылғы  тәжірибе мен арнайы педагогикалық-психологиялық  зертгеулер көрсеткендей, оқытудық тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің қатысу деңгейіне байланысты. Материал неғұрлым қызғылықты болса, солғұрльш тез қабылданады. Бұл заңдылық Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Л.В.Занков үлестерін қосқан дидактиканың көрнекілік принципінде сипатталған.

   Қазақстан Республикасында оқыту процесін автоматтандырушы әлектрондық оқулықтар тарала бастады. Электрондық оқулықтар - интерактивті әдістерге негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым-қатынасының автоматтандырылған оқыту процесі.

   Қазіргі кезде білім берудің барлық деңгейінде 93 электрондық оқулық, оның 22-і мектеп оқушылары үшін 17 пөннен жасақталды.

   Ашықтығы. Мобильдіғі. Икемдігі.

   Ашықтық, мобильділік және икемділік принципі модульді құрастыруда материалды жаңартуға, жаңа информациямен толықтырып отыруға  мүмкіндік береді. Оқыту процесінің қайшылықтарын жеңуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.

   Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті

   Гипермәтін - компьютер көмегімен сызықтық және параллель сілтемелер қолданылатын мәтіндердің жиынтығы.

   Электрондық оқулықта гипермәтін құрылымдандырылған мәліметтер қорын (білім, ақпарат), терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммаларды сипаттайды.

   Гипермәтінмен жұмыс, бір жағынан - оқу танымдылығын арттыру болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығының құрамдас бөлігі болып табылатын студенттерді танымдылық біліктіліктермен қаруландыру.

   Иерархиялық

   Иерархиялық принцип зерттелетін пәнді қалыптастыруда категорияландыру процесін жеделдетуші  объект туралы ақпаратты функционалдьщ-жүйелік ұйымдастыру.

   Көрнекілік

   Көрнекілік (визуальды) принципі гипермәтінде иллюстрациялық материалды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бір жағынан мәтінді "жандандырса", екінші жағынан білім алушыларды танымал адамдардық бейнесуреттермен, қалалардың карталарымен, мұражай материалдарымен таныстырады. 

   Дистанциялық  оқыту (алыстан білім  беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардық оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.

   Оған  әр түрлі субъектілер қатысады:

   Дистанциялық  мұғалім, тікелей білім беретін  мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші  немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т.б.

   Дистанциялық  оқытуға тән нерсе жоғары мотивация  және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.

   Оқушылар  еңбек тәртібін саңтап, техникалық және басқа проблемаларды шеше алатындай, жазба және сызу жұмыстарын жүргізе алатындай болу керек.

   Синхрондық  сыныптарда бір бағдарламалармен жұмыс  істейді. Асинхрондық сыныптарда оқушылар кез келген уақытта келіп жұмыс  істейді. Соңғы түрінде тәжірибелі оқушылар тәжірибесі аз оқушыларға көмектеседі.

   Дистанциялық  сабақ элементтері:

   Оқу материалы. Мұғалім оқытудық диалогтың түрі басталғанға дейін оқушылардың  барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқу материалымен қамтамасыз етеді. Оқушыға керекті материалдар мынадай тәсілдермен беріледі. 
 

   •  СВ-КОМ немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета "қағаз" құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.

   •  файлмен электрондық почта арқылы жіберіледі.

   •  дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.

   •  веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.

   •  оқушыға бір немесе бірнеше электрондық  кітапханада жұмыс істеуге мүмкіндік  жасалады.

   Диагностикалық  материал. Дистанциялық оқытушы мен  оқушы электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.

   Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, суреттерді, сызбаларды, т.б. көрсетеді. Интернет желісі бойынша экскурсия жүреді. Оқушылар бір-біріне көрнекіліктерін көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер көру үшін серверге салып қояды. Осы процестерді алыстан мұғалім басқарады.

   Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы  электрондық конференция, бейнеконференция кезінде оқушыларға сұрақтар береді.

Педагогикалық технологиялар. 2