Педагогикалық сипаттама
Жоспар:
Кіріспе.......................
1. Салықтардың сипаттамасы
1.1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................6
1.2. Жанама және тікелей салыққа сипаттама.....................
Негізгі бөлім
2.Салық алу
2.1. Салық өндіруді ұйымдастыру...................
2.2. Салық жүйесі........................
3. Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасы және оның даму жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әері..........................
3.2. Салықтық реформалар және салық салу келешегі......................
ҚОРТЫНДЫ......................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Мемлекет салық саясатын нарықтың жағымсыз жағдайларын реттеуде кең түрде қолданады. Салықтар да салық жүйесі секілді нарықтық жағдайдағы экономиканы реттеуші күшті құрал болып саналады. Халық шаруашылығының тиімді қызмет жасауы салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылғанына тәуелді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тиімді осы заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып айқындалады.
Көптеген мемлекеттердің әлеметтік экономикалық даму жолдары мыналармен түсіндіріледі:
Мемлекеттік басқарудың жетістігі бюджеттік кездейсоқ, қиын мәселелерді шешулерге тәуелді. Себебі бұл жерде барлық уақытта басты құрал болып салық саналады.
Осыдан салық салу теориясы мен тәжірибесінің одан әрі жетістікке жеу мәселелерін салық қызметшісі және талдау жасаушы мамандары көңіл аударуда.
Салық реформасы өткенде болған салық жүйесінің қайта құрылуы бір уақытта салықты басқару жүйесінің бұрынғы механизмінің пайда болуы нәтижесінде болған. Салық қатынастарының толық және жеке өзгерістерін білдіреді яғни экономикалық жүйесін.
Курыстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасын оның дамуын, салық құрылымының реформалануын және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдарын қарастыру:
-Салық реформасының негізгі этаптары қаралады;
-Салық түрлері
-Салық құрылымының реформалануы;
Ақпараттық және құқықтық қамтамасыз ету ретінде курыстық жұмысқа Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызметін реттейтін заңды және нормативтік актілер, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің статистикалық материалдары қолданылады.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болыр табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс ( әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталған қағидат);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттелмеуді енгізді және А.Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасуға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) «деңгейлес теңдікке» жету – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) «сатылас теңдікті» сақтау –жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсз әрі күрделі болмауы керек.
3.Салықтардың анықтығы- алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің аз саны . жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптылығы. Салықтар экономиканың
6. Экономикалық қатынастар бойыншаосы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемесінің салыстырмалылығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және бнлгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтардың сипаттамасы
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық – ақшалай нысанды төленеді;
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық – ақшалай нысанды төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз- ақшаның мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық –баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақталығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығы жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасы таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
- Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.1
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1.Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбір салықты бекітуге және енгізуге құқық жоқ. Салық- бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады. Салық- осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді. Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
Біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
Екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
Үшіншіден, осы қабылданғанқұқықтық акт белгілі бір тәтіпке сәйкес жүргізіледі.
2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды. Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып норативті актілерді шығару табылады. Салықтың құқықтық негізі ретінде – мемлекет шығарған номативті акт қабылданады. Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады.
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады. Салықтық суверенитет (егемендік)-мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез-келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді. Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: «Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті»
5. Салық мәжбүрлеме сипатта болады.
Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
- Бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүр түрде;
- Екінші кезең, салықты төленген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүр түрде айырылып отырады;
- Үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
6. Салық төлеу арқылы ақшаның алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Бір жағынан алғанда, салықтарды салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізіде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек «Салық – салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсытәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды».Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді. Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтарыбар, атап айтқанда:
- Біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;
- Екіншіден, салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, одан салық төлеуші төлеуіне айырбасқа ешнәрсе ала аклмайды, ал алдымен салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңда іс — әрекеттер жасайды;
- Үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
- Төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс – шаралары қолданылады. Салық төлеуші алдымен ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жнерде тұлға алдымен өз еркімен төлейді.Төлемақы дегеніміз-мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.
Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар. Мәселен:
- Біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;
- Екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық- құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
- Үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады. 2
Мемлекеттік баж-уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:
- Мемлекет тарапынан берілетін қызметкер байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;
- Мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.
Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.Салықты ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл – қазыналық.Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі- түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттік бюджет саясаты жүзеге асырылады.
1.2. Жанама және тікелей салыққа сипаттама
Салықтардың анықтамасы , мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1) салық салу объектісіне байланысты;
2) қолданылуына қарай;
3) салық салу органына байланысты;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

- Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс
- Педагогикалық технологиялар
- Педагогикалық технологиялар
- Педагогикалық технологияларды
- Педагогикалық үдеріс. Сендіру және иландыру
- Педагогикалық шеберлік
- Педагогикалық шеберлік
- Педагогикалық құзырлылық
- Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері
- Педагогикалық оқу орындарында биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқытудың теориялық негіздері
- Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау
- Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы
- Педагогикалық сипаттама