Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері

ЖОСПАР

 

 

  1.   Кіріспе
  2.   Негізгі бөлім

1. Менеджмент ұғымы, ғылыми менеджмент мектептері

2.  Педагогикалық менеджменттің  мақсаты мен міндеттері

3.  Кәсіптік білім беру  жүйесіндегі менеджменттің рөлі мен орны

  1.   Қорытынды
  2.   Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу жағдайында және қоғамның үш саласында – саяси, экономикалық және сыртқы қауіптен қорғану кезінде қолданылған.

Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалық көп адамдарды ұйымдастыру, басқару шеберлігін талап еткені белгілі.

Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.

ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым – Адам Смит.

ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын.

ІV кезең – ақпараттар кезеңі (1960 ж. – қазіргі уақытқа дейін).

Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған.

Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мән берген. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі болады деген: «Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар» - дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай басқару – надандық басқару болып саналады.

Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткерлердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуде қажетті жағдайлар жасауда өз көрінісін табатын «мемлекетті басқару өнеріне» баса назар аударды. Ол бұл мәселені өзінің саяси идеясына сай нақтылайды. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдпр мен әлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, яғни олардың мұң-мүддесін ескеру. Бұл мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі қоғамда, атап айтқанда, аса ірі әрі ауқымды экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан еліміз үшін өте маңызды.

Еліміз өркениетті ел қатарына жету үшін халықты азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ететін, кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқара білу өзекті мәселелердің ең бастысы екеніне сөз жоқ.

Қазақстанда менеджмент негіздеріне арналған оқу құралын ең бірінші 1992 жылы ағылшын ғалымдарының теориясын негізге ала отырып, Орал ауыл шаруашылығы институтының профессоры К.Ғ.Ахметов жазып шығарды. Осыдан кейін басқару академиясының профессоры К.Б.Бердалиевтің басшылығымен «Басқару негіздері» оқулығы баспадан шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менеджмент ұғымы, ғылыми менеджмент мектептері

 

Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектеп арқылы жүргізілген. Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің бірі өндірістің тиімділігі болды. Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының ыңғайлылығына, жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне, әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын шығындарға тікелей байланысты. Менеджменттің классикалық мектебінің өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.

Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің мінез-құлқының өзіне тән ерекшеліктері мен қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің концепциясын қарастыру сәтінде «Менеджмент ғылым ба?» - деген сұрақ туындайды.

Менеджментті ғылым ретінде қарастырып, ғылыми басқарудың негізін салған Ф.Тейлор (1856-1915 жж.) ғылыми басқару мектебінің дамуына жол ашты.

Өзінің «Управление фабрикой» (1903 ж.), «Принципы научного управления» (1911 ж.) деген еңбектерінде Ф.Тейлор еңбектің түрлерін сараптап, жұмысшылардың еңбегіне хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқылы еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. Сөйтіп Ф.Тейлор менеджмент саласында революцтя жасап, менеджменттің ғылыми мектебі пайда болды.

Басқарудың класикалық мектебінің енді бір түрі әкімшілік басқару мектебі болып саналады. Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған француз ғалымы А.Файоль (1841-1925 жж.) Ол менеджменттің қазіргі кездегі қолданылып жүрген мынадай функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау.

Классикалық мектептің негізгі белгісі өндірістің тиімділігін арттырудың ең қолайлы жолын іздеу болып табылады.Классикалық мектеп әлемдік басқару ғылымының алғашқы іргетасын қалады.

30-шы жылдары менеджмент  саласында адамдардың қарым-қатынасы  мектебі пайда болды.Оның негізін  қалағандар психологтар мен социологтар. Бұл жағдайда ең басты көңіл  аударатын мәселе, жұмысшының орындайтын  міндеті емес, оның өзінің жеке  басы, мінез-құлқы, көңіл-күйі болып табылады.

Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке басына қамқорлық, оның көңіл-күйі, демалысы, еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады. Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші ғалым Р.Оуэн болды. Басқа ғалымдармен бірге М.П.Фоллет те осы бағыттағы ғылымды дамыта отырып, басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.

Адамның жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру еңбек мотивациясына ықпал ететіндігін, мотивация теориясының құрылымынанықтаған А.Маслоу. Ол адамдарда кездесетін қажеттілік иерархиясын ашып көрсетті.

Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде математика мен компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруде мүмкіндік туды.

Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау, есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану кезеңі сандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.

ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде  жаңа бағыт- адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.

Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне: М. Фоллет, Э.Мэйо,    Д. Макгрегор, Р. Блейк және т.б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми таптардың рөлін анықтау, басқару тәжірбиесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М. Фоллет басқаруды «өзгелерді пайдаланып нәтижеге жету» деп анықтаған болса, ал Э.Мэйо еңбек тиімділіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе «бақытты жұмысшылар дегеніміз - тиімді жұмысшылар» деп тұжырымдады. Яғни осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.

Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруда жеке адамдардың мүмкінділіктеріне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсатын көздеді. Бастапқы өкілдері ретінде В. Герцберг, К. Арджерис, Л. Лайкерт. Олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымды қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.

Басқару ғылымы мектебі. Басқару теориясы мен тәжірбиесінің дамып жетілуінде қолданбалы және техникалық ғылым салаларының нәтижелері маңызды орын алады. Математика, статистика, кибернетика пәндері, сондай-ақ, операцияны зерттеу ғылымы басқару саласындағы міндеттер белгілеу және шешім қабылдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды іздестіріп табуға және оларды кеңінен қолдануға жағдай тудырда. Қорыта айтқанда, басқару ғылымының қалыптасып дамуында маңызды орын алатын басқару ғылыми мектебінің қосқан үлесін мына сипатта атап өтуге болады:

  • жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі  басқару проблемаларын түсінуді тереңдету;
  • күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға  жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.

 

 

Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері

 

Менеджмент  басқарудың    мақсатына  адамдардың    еңбек  белсенділігін  ынта-ықыласы    арқылы  көтеріп,  олардың  тиімді    жұмысының  негізінде   жетуді  ұйғарады.  Ғылымның  бұл  түрін  білу  барысында    басқарудың  мақсаттарын  қою  мен  дәлелдеу  үшін  нақты  білім  және    тәжірибелік  дағды  алуға  болады,  осы  мақсаттарға  жету    жолында  персоналдың   күш-қуатын  жинастыруға, ғылыми  дәлелденген  шешімдерді  қабылдауға, кадрлар  жұмысын  жүйелеуге, кәсіпорындарды  біртұтас  жүйе  түрінде  басқаруға  мүмкіндік  береді.

Әртүрлі  ғылымдар  секілді  менеджменттің  де   теориясы  болады,  онда  осы  пәнге  тән  қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар  және  өзінің   ізденіс  жолы  қамтылады.

Басқару  адамдардың  парасаттылық  нысаналы  іс-қызметінің  көмегімен    қоршаған  әлемді  бағындыру  және  тіртіпке  келтіру  жұмысынан  тұратындығы    бұрыннан  белгілі.

Менеджмент – басқарудың  маңызды  құрамдас  бөлігі, оның  пәні  басқару  үрдісіндегі    әлеуметтік  қатынастардан  тұрады. Сөйтіп, менеджменттің  ғылым  ретінде  айналысатын  пәні  басқару  үрдісінідегі    адамдардың  арасындағы  қалыптасатын  қатынастар.

Менеджментті  кәсіпкерлік  іс-қызметтің  түрі  деп   қарастыруға  да  болады. Осы  көзқарасқа  қарай  менеджментті  алдын-ала  белгіленген  экономикалық  нәтижеге  жету  үшін  адамдардың  күш-қуатын нысаналы    түрде  шоғырландыруды    ұйғаратын  іс-қызметтің    бір  түрі  деп  түсінген  дұрыс.

Әр салада  басқару    іс-қызметтің  жалпы  қағидаларымен  бірге  өзіне  тән  ерекшелігі  болады. Аграрлық  сфераны  алатын болсақ, онда  басқару  қатынастарының    ерекшелігі  ең  алдымен    оның  іс-жұмысының    көлеміне, сонымен  бірге  жұмыскерлердің    санына  қарай   әрбір  елдің  экономикасының  ірі  салаларының    бірі  болып  есептелетініне  байланысты. Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  іс-жұмысына  өздерінің  ықпалын  тигізетін    сыртқы  факторлардың  қатарына    жататындардың  бірін  көрсетпесек  те,  келесілерді  айтуға  болады: халықтың  төлем  қабілеті  бар  сұранысты, өндірістің, тауарды  сыртқа  шығарудың  және  оны  шеттен  әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының  демографияның  жиі  жағдайын. Сонымен  қатар, бұл  кәсіпорындардың  және  ұйымдардың  іс-қимылы  олардың  қолындағы  жердің, техниканың    малдың, материалдық  құралдардың  және  ақша  қаржысының  болуына  ғана  емес,  сонымен  бірге    оларда  ең  алдымен  жұмыс  істейтін    адамдардың  барлығына  байланысты.

Педагогикалық менеджмент − бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчествалық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:

  1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
  2. Оларға сенім білдіру;
  3. Олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.

Антропоцентрлік грек сөзі, аудармасы адам деген мағынаны білдіреді. Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамның творчествалық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегияның жаңа қызметімен жүзеге асыруда мынадай базалық негізде арқа сүйейді:

  • творчествалық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімнің сапасын арттыру;
  • қызметкердің жауапкершілік сезімін күшейту;
  • инженер - педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру;
  • оқушылар мен өндірістік оқыту шеберлердің еңбектерін дер кезінде бағалап, оның шығармашылық идеялары мен инновациялық іс-әрекеттеріне қолдау көрсету;
  • студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, оның оған жауапкершілігін арттыру.

Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны функцияланының мына төмендегі компоненттердің өзара үйлесімділігі:

    1. Жоспарлау;
    2. Ұйымдастыру;
    3. Реттеу;
    4. Бақылау;
    5. Есеп жүргізу;
    6. Талдау.

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ( шешімді қабылдау мен орындауда):

    • қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;
    • жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;
    • басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес  бағдарламалар  мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;
    • басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б..

 

 

Кәсіптік білім беру жүйесіндегі менеджменттің рөлі мен орны

 

Педагогикалық менеджмент адам қызметін ғылыми тұрғыда басқару принциптеріне сүйене отырып, объектінің білім беру аясындағы қызметі арқасында мына екі бағытты бірлікте ұстайды:

    1. Педагогтар мен студенттерді басқару;
    2. Оқу тәрбие процесін жетілдіру.

Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.

Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.

Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.

Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.

Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.

Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).

Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.

Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:

•    мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;

•    барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;

•    мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;

•    мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық  микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;

•    оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;

•    педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.

Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:

•    мектепке жалпы басшылық ету;

•    мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;

•    жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;

•    мектеп жұмысын жоспарлау;

•    оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;

•    ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;

•    мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;

•    оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;

•    мектеп кітапханасымен жұмыс;

•    мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;

•    мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;

•    мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;

•    мектеп асханасымен жұмыс;

•    демеуші мекемелермен байланыс орнату;

•    баланың денсаулығына қамқорлық жасау;

•    техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;

•    халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:

•    жалпы білім беруді жүзеге асыру;

•    оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;

•    мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;

•    сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;

•    пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;

•    сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;

•    оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;

•    оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;

•    оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;

•    пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;

•    кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;

•    зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;

•    еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;

•    оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.

Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:

Бақыланатын нысандар:

•    оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;

•    оқу кабинеттерінің жұмысы;

•    оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;

•    үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;

•    тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;

•    педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;

•    мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;

•    мектеп құжаттары;

•    педагогикалық оқу;

•    адамгершілік тәрбиесі;

•    дене тәрбиесі;

•    құқықтық тәрбие, т.б. тәрбие салалары;

•    техника қауіпсіздігі.

Мектеп басшысына қойылатын талаптар:

Басшының жеке тұлғасы маңызды рөл атқарады. Басшының жеке тұлғасы, оның жалпы ой-әрісі, кәсіби дайындығы, әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мектептің бет-бейнесін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының іс-әрекетін айқындайды.

Мектеп басшысының жеке тұлғасын қалыптастыруға керекті сапалар:

•    жоғары мәдениеттілік, адамгершілік жағынан таза болу;

•    терең, жалпы дайындығы, еліміздегі, шетелдердегі басты оқиғаларды білуі;

•    қазіргі педагогика мен психологияны терең білу;

•    педагогикалық шеберлік; талант;

•    ғылым мен мәдениеттен хабардар болуы;

•    биік, көркем талғам;

•    ұйымдастырушылық қабілет;

•    талап қою;

•    экономикалық дайындық;

•    болашаққа үмітпен қарауы;

•    балаларды жақсы көруі;

•    еңбексүйгіштікқ;

•    арнайы тәжірибе;

•    кәсіптік білім;

•    біліктілік.

Мектеп басшысы міндеттерді дұрыс бөліп, жұмыс істеуге жағдай жасап, нақты көмек беріп, тексеріп, басшылық етіп отырады. Ұжымның белсенділігін көтеріп, мектепті қажетті материалдармен, құралдармен жабдықтап, табандылық және талап қойғыштық танытады. Оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын қатар жүргізу мектептің жұмысындағы қиын мәселе.

Мектептегі педагогикалық кеңес. Біліктілікті көтеру жұмыстары педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңесті құру үшін мектепте кем дегенде үш мұғалім болу керек. Ол оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры (төрағасы), оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді.

Педагогикалық кеңесте екі түрлі мәселе қаралады: а) өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмысының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық және өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғы жұмыстың жоспары; ә) ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын және ғылыми зерттеулерді, озық тәжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нәтижелерін шығару және оған баға беру.

Егер педагогикалық кеңесте ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері қаралатын болса, онда педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі жоғары. Мұндай мектепте өндірістік мәселелер тез шешіледі.

Педагогикалық кеңеске әзірлену және өткізудің төрт кезеңі бар:

•    педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау;

•    нақты педагогикалық кеңеске алдын ала әзірлену;

•    педагогикалық кеңесті өткізу;

•    педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.

Педагогикалық кеңесті жоспарлау:

Әдетте бір оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі; әр тоқсанда бір рет және оқу жылының аяғында. Бесінші педагогикалық кеңестің 3 мәжілісі өткізіледі. 1) емтиханға жіберу; 2) емтихан қорытындысы; 3) мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.

Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, әдетте мектептің жылдың жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын және жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналады. Негізінен 3 мәселені қарауға болады: еңбекті ұйымдастыру, оқу және тәрбие жұмыстары.

Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері