Персоналды бағалау
2010
жылғы 14 маусымдағы
№ 02-01-02/106 бұйрығымен
Орталық
мемлекеттік органдар
мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті
атқарушы органдары
персоналды басқару
бойынша қызметінің
тиімділігін бағалау
әдістемесі
1.
Жалпы ережелер
1. Осы орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарындағы персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.
3. Персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) жүзеге асырылады.
Агенттікке қатысты персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен іске асырылады.
Агенттікте орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптама комиссиясының кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы құрылады (бұдан әрі – Жұмыс тобы). Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
Жұмыс тобы барлық дереккөздерден алынатын мәліметтерді олардың дұрыстығын анықтау мақсатымен талдайды. Талдау барысында Агенттік жүргізген тексерістердің нәтижелері қолданылуы мүмкін.
4. Персоналды басқаруды бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге сәйкес (бұдан әрі – Кесте) есеп беру (күнтізбелік) жылының қорытындылары бойынша жыл сайын іске асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Агенттіктің Әдістеменің 1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша дайындаған бағалау нәтижелері туралы қорытындылары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынылады.
6. Персоналды басқаруды бағалау белгілеріне мыналар жатады:
1) персоналды іріктеу;
2) персоналды оқыту және дамыту;
3) мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы;
4) персоналды уәждеу;
5) сыбайлас жемқорлық деңгейі.
7. Бағалауға арналған ақпарат көздеріне мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында алынған мемлекеттік органдардың есеп берулері, статистикалық көрсеткіштер, мәліметтер жатады.
8.
Ақпарат Агенттікке мемлекеттік органдармен
орталық мемлекеттік орган аппаратымен,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
әкімдерінің аппараттарымен қағаз және
электронды жеткізгіштерде Кестеге сәйкес
жыл сайын ұсынылады.
2.
Персоналды басқаруды
бағалауды жүргізу тәртібі
2.1.
«Персоналды іріктеу»
өлшемі бойынша бағалау
9. «Персоналды іріктеу» өлшемі бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша іске асырылады:
1) бағаланатын мемлекеттік орган штатының жасақталуы;
2) мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі;
3) мемлекеттік орган кадрларының ауысуы.
10. Бағалау жүргізу барысында Агенттік Төрағасының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 02-01-02/32 бұйрығына сәйкес мемлекеттік органдар ұсынатын кадрлар жағдайының мониторингі бойынша келесі есеп берулердің мәліметтері есепке алынады: мемлекеттік қызметшілердің саны туралы; мемлекеттік органда өткізілген конкурстардың нәтижелері туралы; кадр резерві, аттестациялау және ауыстыру тәртібімен келісу бойынша.
Аталған есеп берулерді мемлекеттік органдар Агенттікке тоқсан сайын қағаз және электронды жеткізгіштерде есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін ұсынады.
11. Мемлекеттік органдар Агенттікке, Агенттік Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне Әдістеменің 2 Қосымшасына сәйкес форма бойынша талдау есептерін ұсынады.
Талдау есебінде мыналар туралы мәліметтер көрсетіледі:
есеп беру жылының әр тоқсанының қорытындылары бойынша штаттың жасақталуы туралы;
мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының тиісті лауазымдар үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
білім бағдарының сәйкес келмеуінің себептері және сәйкессіздікті жою шаралары туралы;
кадрлардың ауысуы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің теріс негіздер бойынша жұмыстан шығарылуы, сондай-ақ, аталған мемлекеттік органда бір жылдан кем жұмыс істеген қызметшілер туралы;
кадрлардың ауысуы, соның ішінде мемлекеттік органның басшылығы ауысқаннан кейін ұлғаю себептері және оны болдырмау шаралары туралы.
12.
«Мемлекеттік орган штатының жинақталуы»
көрсеткіші бойынша бағалау есеп беру
жылының әр тоқсаны ішінде төрт индикатор
бойынша анықталады:
1) жыл басындағы бос орындардағы қызметкерлердің жалпы саны;
2) тоқсандық көрсеткіштің сомасы ретінде анықталатын жыл ішіде босатылған мемлекет қызметкерлерінің жалпы саны;
3) төрт тоқсандық көрсеткіштің сомасы ретінде анықталатын жыл ішінде қабылданған қызметкерлердің жалпы саны;
4)
штат саны
13.
Мемлекеттік орган штатының жасақталуы
(бұдан әрі – жасақталу %) және қабылданған
мемлекеттік қызметшілердің орташа көрсеткіші
(бұдан әрі – қабылданғандар %) бойынша
алынған нәтижелер салыстырылады және
бағалау келесі формула бойынша есептеледі:
ЖБ = [
1 – 5*( ШЖОК - ҚМҚОК) /
ШС ]
* 10
ЖБ – мемлекеттік органның жасақталуының бағасы;
ШЖОК – мемлекеттік орган штатының жасақталуының орташа көрсеткіші;
ҚМҚОК – есеп беру жылының тиісті тоқсанындағы қабылданған мемлекеттік қызметшілердің орташа көрсеткіші;
ШС – мемлекеттік қызметшілердің штат бойынша саны;
1 – көрсеткіштің оң мәні;
10
– ең жоғарғы бал.
14.
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды
ауыстыру үшін өткізілген конкурстың
нәтижелері бойынша және/немесе әкімшілік
мемлекеттік қызметтің кадр қорында тұрған
үміткерлер қарастырылғанда мемлекеттік
орган штатының толық жинақталуы үшін
мемлекеттік қызметшілер қабылданбаған
және/немесе жеткіліксіз қабылданған
жағдайда мемлекеттік органның бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарды ауыстыру бойынша
жұмысы келесі формула бойынша есептеледі:
БӘМЛА
= [
1 – (БЛЖУҚ / БЛС) / 270]
* 10
БӘМЛА – бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды ауыстыру;
БЛЖУҚ – бір жыл ішіндегі бос лауазымдар бойынша жұмыс уақытының қоры;
БЛС – жыл бойы 1 күннен аса бос болған лауазымдардың саны;
270 – бір жыл ішіндегі жұмыс күндерінің орташа саны;
1 – көрсеткіштің оң мәні;
10
– ең жоғарғы бал.
15. «Мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау мемлекеттік органның Әдістеменің 3 Қосымшасына сәйкес, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін тоқсан сайын Агенттікке ұсынатын мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес келуі жөніндегі есебінің негізінде іске асырылады.
Мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары – мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен функцияларынан туындайтын бағыттар.
Бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
ББҚНБС = БТСББС * 10
НС
ББҚНБС – «білім бағдарының мемлекеттік орган қызметнің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;
БТСББС – есеп беру жылының тиісті тоқсанында атқаратын лауазымдарға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білімі бар мемлекеттік қызметшілердің саны
НС
– мемлекеттік органның
мемлекеттік қызметшілерінің
нақты саны.
16.
Білім бағдарлары мемлекеттік орган қызметінің
негізгі бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік
қызметшілердің бір жыл ішіндегі орташа
көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:
ББҚНБСОК=ББҚНБС 1т + ББҚНБС 2т + ББҚНБС 3т + ББҚНБС 4т
4
ББҚНБСОК – білім бағдарлары мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік қызметшілердің орташа көрсеткіші;
ББҚНБС 1т – есеп беру жыының бірінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;
ББҚНБС 2т – есеп беру жыының екінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;
ББҚНБС 3т – есеп беру жылының үшінші тоқсанындағы «білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау;
ББҚНБС
4т – есеп беру жыының
төртінші тоқсанындағы
«білім бағдарларының
мемлекеттік орган қызметінің
негізгі бағыттарына
сәйкес келуі» көрсеткіші
бойынша бағалау.
17. «Мемлекеттік орган кадрларының ауысуы» көрсеткіші бойынша бағалау жүргізу барысында Агенттіктің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 02-01-02/32 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылған мемлекеттік органның саны туралы есеп берудегі келесі мәліметтер ескеріледі:
теріс уәж бойынша қызметтен босатылғандардың саны;
аттестацияның теріс нәтижелері бойынша қызметтен босатылғандардың саны;
тәртіптік жаза салдарынан қызметтен босатылғандардың саны;
басқа мемлекеттік органға әкімшілік тең мәнді немесе төмен лауазымға ауысумен байланысты қызметтен босатылғандардың саны;
мемлекеттік емес құрылымға кетумен байланысты қызметтен босатылғандардың саны;
басқа себептер бойынша қызметтен босатылғандардың саны.
Есеп
беру жылының әрбір тоқсанындағы
«мемлекеттік орган кадрларының
ауысуы» көрсеткіші бойынша бағалау
келесі формула бойынша есептеледі:
КА = ЕЖБМҚС * 10
НС
КА – есеп беру жылының тиісті тоқсанында мемлекеттік орган кадрларының ауысуы;
ЕЖБМҚС – есеп беру жылының тиісті тоқсанында қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
НС
– мемлекеттік органның
нақты саны.
18.
«Персоналды іріктеу» белгісі бойынша
жалпы бағалау келесі формула бойынша
есептеледі:
ПІЖБ = ЖБ + БӘМҚО+ББҚНБС + КА
4
ПІЖБ – «персоналды іріктеу» белгісі бойынша жалпы бағалау;
ЖБ – «мемлекеттік органның жинақталуы» көрсеткіші бойынша бағалау (балмен);
БӘМҚО – Бос орындардағы әкімшілік мемелекеттік қызметкерлердің орналасуын бағалау
ББҚНБС – «мемлекеттік қызметшілердің білім бағдарларының мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуі» көрсеткіші бойынша бағалау (балмен);
КА
– «мемлекеттік орган
кадрларының ауысуы»
көрсеткіші бойынша
бағалау (балмен).
Балдар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
9 балдан 10 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды іріктеу бойынша тиімді қызметі»;
7 балдан 8,9 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды іріктеу бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 6,9 балға дейін – «мемлекеттік
органның персоналды іріктеу бойынша
тиімсіз қызметі».
2.2.
«Персоналды оқыту және
дамыту» өлшемі бойынша
бағалау
19 «Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау шеңберінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны, оқытылған курстардың мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкестігі, мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру мүмкіндігімен және ұсынылған оқумен қанағаттану деңгейі айқындалады.
20. «Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау:
1) орталық мемлекеттік органдардың Әдістеменің 4 Қосымшасына сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың Әдістеменің 5 Қосымшасына сәйкес Агенттікке ұсынатын ақпараттары;
2) мемлекеттік органдардың Әдістеменің 6 Қосымшасына сәйкес Агенттікке ұсынатын мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және/немесе олардың біліктілігін арттыру оқыту курстарын бағалау бойынша сұрау қағаздары негізінде жүргізіледі.
21. «Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру индексі;
2) мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаларға арналған қайта даярлау индексі;
3) басшылық лауазымына тағайындалған тұлғаларға арналған қайта даярлау индексі;
4) оқытылған курстардың мемлекеттік қызметші қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келу индексі;
5) мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру мүмкіндігімен қанағаттану индексі;
6) мемлекеттік қызметшілердің оқыту және оны ұйымдастыру барысымен қанағаттану индексі.
22.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
арттыру индексі келесі формула бойынша
есептеледі:
Iба
= (B – C – D)/А*10
А – есеп беру мерзімінде біліктілігін арттыруға тиісті мемлекеттік қызметшілердің саны;
B – біліктілікті арттыруды белгіленген мерзімде өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
C – біліктілікті арттыруды белгіленген мерзімнен кеш өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
D – есеп беру мерзімінде біліктілікті арттыруы тиісті, бірақ оны өтпеген, D = А – В – С формуласы бойынша есептелетін мемлекеттік қызметшілердің саны
Iба
– біліктілікті арттыру
индексі.
Есептеу мәліметтері Әдістеменің 7 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
23.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған
тұлғаларды қайта даярлау индексі келесі
формула бойынша есептеледі:
Iаққд = (B – C – D)/А*10
А – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің саны;
B – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, қайта даярлау курсын мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап үш ай ішінде өткен тұлғалардың саны;
C – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, қайта даярлау курсын мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктіріп өткен тұлғалардың саны;
D – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, бірақ есеп беру мерзімінде қайта даярлаудан өтпеген, D = А – В – С формуласы бойынша есептелетін тұлғалардың саны;
Iаққд
– мемлекеттік қызметке
алғаш рет қабылданған
тұлғаларды қайта даярлау
индексі.
Есептеу мәліметтері Әдістеменің 8 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
24.
Басшылық лауазымына тағайындалған тұлғаларды
қайта даярлау индексі келесі формула
бойынша есептеледі:
Iблтқд = (B – C – D)/А*10
А – басшылық лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің саны;
B – басшылық лауазымына тағайындалған, қайта даярлау курсын тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде өткен тұлғалардың саны;
C – басшылық лауазымына тағайындалған, қайта даярлау курсын тағайындалған күннен бастап үш айдан кешіктіріп өткен тұлғалардың саны;
D – басшылық лауазымына тағайындалған, бірақ есеп беру мерзімінде қайта даярлауды өтпеген, D = А – В – С формуласы бойынша есептелетін тұлғалардың саны;
Iблтқд
– басшылық лауазымына
тағайындалған тұлғаларды
қайта даярлау индексі.
Есептеу мәліметтері Әдістеменің 9 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
25. Мемлекеттік органдардың «персоналды оқыту және дамыту» белгісі бойынша жұмысын бағалау барысында Агенттік Әдістеменің 6 Қосымшасына сәйкес сауалнама қағазының нысаны бойынша мемлекеттік қызметшілермен анонимдік сұрау жүргізеді. Агенттіктің мөрі басылған сауалнама қағаздарын Агенттік мемлекеттік органдарға таратады.
Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері оқуды өткен мемлекеттік қызметшілердің арасында анонимдік сауалнамалық сұрау жүргізуді қамтамасыз етеді. Сұрауға Агенттіктің өкілдері қатысады.
26. Мемлекеттік қызметшілердің оқыту барысында алған білімдері мен машықтарын қолдануын талдау, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің персоналды оқыту және дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге қатысты жұмысы туралы мәліметтер алу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту сапасын анықтау мақсатында оқытудың мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес келу, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен қанағаттану, оқыту және оны ұйымдастыру барысымен қанағаттану индекстері Әдістеменің 10 Қосымшасына сәйкес айқындалады.
Оқытудың
мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі
бағыттарына сәйкес келу индексі келесі
формула бойынша есептеледі:
Iоқнбс
= B/А*10
А – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазын толтырған тұлғалардың саны;
В – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазының 1 сұрағына берілген оң жауаптардың саны;
Iоқнбс
– оқытудың мемлекеттік
қызметші қызметінің
негізгі бағыттарына
сәйкес келу индексі.
Мемлекеттік
қызметшілердің біліктілікті арттыру
мүмкіндігімен қанағаттану
Iбамқ
= C/А*10
А – Әдістеменің 6 Қосымшасында келтірілген сауалнама қағазын толтырған тұлғалардың саны;
С – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазының 2 сұрағына берілген оң жауаптардың саны;
Iбамқ
– мемлекеттік қызметшілердің
біліктілікті арттыру
мүмкіндігімен қанағаттану
индексі.
Тұлғалардың
оқыту және оны ұйымдастыру барысымен
қанағаттану индексі келесі формула
бойынша есептеледі:
Iобқ
= D/А*10
А – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазын толтырған тұлғалардың саны;
С – Әдістеменің 6 Қосымшасында көрсетілген сауалнама қағазының 3 сұрағына берілген оң жауаптардың саны;
Iобқ
– тұлғалардың оқыту
және оны ұйымдастыру
барысымен қанағаттану
индексі
Есептеу
мәліметтері Әдістеменің 10 Қосымшасына
сәйкес толтырылады.
27.
«Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі
бойынша жалпы бағалау Әдістеменің 7-10
Қосымшаларында көрсетілген индекстердің
алынған мәндерін қосу арқылы келесі формула
бойынша есептеледі:
ПОДБ = Iба + Iаққд + Iблтқд + Iоқнбс + Iбамқ + Iобқ
6
ПОДБ – «персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша бағалау;
Iба –біліктілікті арттыру индексі;
Iаққд – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғаларды қайта даярлау индексі;
Iблтқд – басшылық лауазымына тағайындалған тұлғаларды қайта даярлау индексі;
Iоқнбс – оқытудың мемлекеттік қызметші жұмысының негізгі бағыттарына сәйкес келу индексі;
Iбамқ – қызметшілердің біліктілікті арттыру мүмкіндігімен қанағаттану индексі;
Iобқ
– тұлғалардың оқыту
және оны ұйымдастыру
барысымен қанағаттану
индексі.
«Персоналды оқыту және дамыту» өлшемі бойынша жалпы бағалау мәліметтері Әдістеменің 11 Қосымшасына сәйкес толтырылады.
Алынған балдар мемлекеттік орган қызметі тиімділігінің келесі бағаларына сәйкес келеді:
9 балдан 10 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды оқыту және дамыту бойынша тиімді қызметі»;
7 балдан 8,9 балға дейін – «мемлекеттік органның персоналды оқыту және дамыту бойынша қызметінің жеткілікті түрде тиімді болмауы»;
0
балдан 6,9 балға дейін – «мемлекеттік
органның персоналды оқыту және дамыту
бойынша тиімсіз қызметі».
2.3.
«Мемлекеттік қызметшілердің
этикалық нормаларды
сақтауы» өлшемі бойынша
бағалау
28. «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы» өлшемі бойынша бағалау мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) бұзу санының көрсеткіші бойынша анықталады.

- Персоналды баскару
- Персоналды баскарудын нег багыттары
- Персоналды басқару
- Персоналды басқару
- Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы
- Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы
- Персоналды басқару жапония
- Персия
- Персмотренный МСФО 1
- Персона демиурга в античной философии
- Персонажи периода дворцовых переворотов
- Персонажи телевизионной рекламы
- Персонал баскару
- Персонал в условиях кризиса