Понятие и виды инновационных стратегий. 2
Раздел
2 - ФИНАНСОВЫЙ
РЫНОК
М.Ж.
Арзаева
Салықтық
жоспарлаудың теориялық
негіздері мен
нысандары
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.
Жалпы алғанда салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру.
Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.
Салықтық
жоспарлауға негіз болып
Салықтық жоспарлау жедел (оперативті), бақылау, жоспарлау тәрізді функцияларды атқарады.Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады (1-сызба).
Қарастыратын
мәселесінің маңыздылығына
Салықтық жоспарлаудың негізгі элементтері:
- кәсіпорынды тиімді басқару стратегиясын жасау және іске асыру;
- есеп саясаты;
- есеп беру мен бухгалтерлік есептің дұрыс жасалуы;
- салықтық жоспарлау сызбасы;
- салықтық күнтізбе;
- міндеттемелердің нақты орындалуы.
Әр деңгейдегі салық түсімдерінің бюджетке түсу сомасын жоспарлау және болжау барысында 3 маңызды белгі жіктеледі:
- салық төлеуші мен бюджет арасындағы өзара позитивті тұстарда бөлшектеп жіктеу;
- салық жүйесінің қаржы-шаруашылық қызметке әсер ету деңгейін білу мақсатында бюджет-салық қатынастары жүйесінде факторлық талдау жүргізу;
- салық төлеуші мен бюджет арасындағы экономикалық,қаржылық, салықтық қатынастардың пайда болу ықтималдығын алдын-ала бағалау.
Статистикалық
зерттеу жүргізген кезде
- Регрессивті және корреляциялық әдістер салық қызметінің жұмысын көрсететін өзгермелі шама тобының өзара байланыс орнату үшін қажет;
- Имитациялық әдіс маркетингтік ситуацияға әсер ететін өзгермелі шамалар жай аналитикалық шешімге келмеген кезде қолданылады.
- Көпжақты әдістер, бірінші кезекте факторлы және кластерлі анализ. Олар өзара көп, өзара байланысты өзгермелі шамалар негізіндегі шешімдерін шешу үшін пайдаланады.
1-сызба
Салықтық
жоспарлаудың құрылымы
- Шешім қабылдаудағы
статистиканың теориясымен
пайда болған әдістер оларға ойын теория әдісі, жалпы қызмет көрсету теориясы, стохастикалық бағдарламалау әдісі жатады. - Детерминирленген әдістер: сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау. Бұл әдістер статистик, анализдердің бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезеңде салықтық ғылым бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін жоспарлауға немесе болжауға арналған арнайы әдістер мен тәсілдерді жасаған жоқ, сондықтан да нақты тәжірибеде барлық ТМД елдерінде жалпы экономикаға тән белгілі тәсілдер қолданады. Олар мысалы баланстық әдіс, эксперттік бағалау әдісі, регрессивтік және корреляциялық әдістер, трендтік әдістер, имитациялық әдістер, эконометрикалық әдістер және т.б.
-
Баланстық немесе нормативтік
әдіс- бұл әдісте жоспарлау негізгі
болып ұлттық шоттарға
- Трендтік әдіс графикаға негізделеді. Яғни салық органдарының графикалық мүмкіндіктері жақсы компьютерлік техникалық базасының болуын талап етеді. Қазіргі кезеңде ҚР–ның салық комитеттерінің компьютерлік техникалық жабдықталуы толық көлемде емес, сондықтан да трендтік және одан да күрделі әдістер ірі мегаполистерде және экономикалық мүмкіндігі жоғары облыстық салық комитеттерінде ғана қолданылады. Трендтік әдіс белгілі бір салық бойынша оның түсімдерінің тарихи динамикасына байланысты жасалады.
-
Трендтік әдістің жалпы
Y(t)=f(х)+e
У- болжанушы салық
t- уақыт көлемі
f- функция
х-
болжанушы көрсеткішті
е- ауытқу
-
Эконометрикалық тәсіл-бұл
Құрылымдық экономикалық
Уt=βо+β1xt1+β2xt2+xt+Ut
Уt- модельденуші немесе болжанушы
Βо, β1,Β2- модель параметрі
xt1,xt2- анықтаушы айнымалылар
Құрылымдық экономикалық моделдер трендтік әдістерге қарағанда дәлірек болжаулар береді. Себебі мұнда бір ғана анықтаушы емес, бірнеше айнымалалар қолданылады. Салықтарды болжауда бұл әдістің нәтижелілігі салыққа әсер етуші факторлардың мүмкіндігінше көп түрін таңдап алу арқылы көрінеді.
R2-
параметрлердің дұрыс
DW-
Дарвин Уотсон көрсеткіші
-
сараптамалық бағалау әдісі -
бұл әдіске сай салықтың
Уақытша
тренд – анализделетін
- модельденетін ауыспалы уақыттық қатарлар анализі
- тренд функциясын көрсету үшін қажетті әдістерді таңдау және математикалық алғышартты қолыптастыру.
- трендтерді болжау
Уақытша трендті моделдеу үшін екі факторлы регрессия қолданылады;
Уақытша
трендтің сызықтық моделі келесідей
түрде болады:
Y=α+β+t+ε
t – уақыттың ауыспалы шамасы.
α – теңдеудің бос мүшесі
β – уақыт өсіне түзу сызықтық бұрышының тангенсі
ε – моделдің кездейсоқ мүшесі.
Қажетті түзу сызықты таңдау ең аз квадраттар әдісі арқылы жүзеге асады. Ең аз квадрат әдісі көмегімен α , β шамаларын анықтауға болады.
Микродеңгейде салық салуды оңтайландыру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Салықты жоспарлаудан үнемделген қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Ол үшін кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын нақтылауға, оның тіркеу орнын таңдап, ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Демек салықтық жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді.
Әдебиеттер
- Сергеев А.Ф.,Галкин А.Ф. и др. Налоговое планирование.Москва 2007.
- Сидорова Е.Ю. Налоговое планирование.Курс лекций.Москва,2006
В данной статье рассматриваются теоретические основы и классификация налогового планирования и их взаимосвязь.
In this article was given the theoretical bases and classification of the tax planning and their intercommunication.
А.Қ.
Шарипов
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану
кезіндегі
негізгі құралдар
есебінің ерекшеліктері
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында [1].
Еліміздегі
үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі
жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық
экономиканы ары қарай
Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы қолданыстағы негізгі құралдарға амортизацияның толық саласы есептелген болса, бұл жағдайда қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарының әсерін ескере қарау керек.
Ал негізгі бөлімінде негізгі құралдар есебін талдауға және негізгі құрал есебін жетілдіру жолдарына арнадық. Жетілдіру жолында негізгі құралдың жақсаруына жағдай жасайтын ұсыныстарды ұсындық.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құрал-жабдықтардың құны бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, және қалдық болады.
Бастапқы тарихи құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады [9].
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін [10].
Ағымды құн — бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату құны — бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың тараптардын негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық кұндылықтардың құны.
Негізгі
құралдардың нақты бар-жоғын
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау 16 ХКЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өңдірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады [2].
Әділ баға: нарыктағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде ад1л багасын өте аз деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын есіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Нарықтық экономика өрістеуіне байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді.
Негізгі құралдар есебі бойынша неғұрлым жиі қойылатын сұрақтар – бұлар негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша топтапстыру, жою құнын анықтау туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс, яғни ХҚЕС – на көшу кезінде осы мәселелердің қалай шешілетінін қарастырайық. Негізгі құралдардың анықтамасы екі стандартта да сай келеді, ал негізгі құралдарды сыныптар бойынша топтастырған кезде 16-ХБЕС-да: ғимараттар, беріліс құрылғылары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар топтарының жоқ екенін көріп отырмыз.
16-ХБЕС-ның 9-тармағында: «Осы стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құрал объектісін ненің құрайтынын нұсқамайды. Осыған байланысты ұйым тұрған нақты жағдайларға тану критерийлерін қолдану кәсіби тұжырымдауды талап етеді» делінген. Осы топтарды не істеу керек екенін шешу үшін бұл топтардың құнына ненің кіретінін еске түсіріп көрелік.
Ғимараттарға мақсаты еңбек құралдарын өзгертумен байланысты қандай да бір техникалық функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау болып табылатын инженерлік-құрылыс объектілері жатады. Инвентарлық объекті болып оны бір тұтасты құрайтын барлық қондырғыларымен бірге әрбір жеке ғимарат саналады. Мысалы, жылу станцияларына қызмет көрсететін ғимараттар ( түтіп құбырлары, жүктемені азайтушы қондырғылар кірме есік эстакадалары), темір жолдар, дамбалар, бөгендер, қоршаулар және т.б.
Беріліс құрылғыларына оның көмегімен электрлік, жылулық немесе механикалық энергия қозғалтқыш-машиналардан жұмысшы машиналарға беру, сондай-ақ сұйық және газ тектес заттарды бір инвентарлық объектіден басқасына беру жүргізілетін құрылғылар жатады, мысалы, электр берілісінің әуелік желілері, құбыр өткізгіштер және т.б. Электр желілері бойынша инвентарлық объектілер, мысалы, электр станциясының бөлу құрылғысынан қабылдайтын ішкі станциялардың бөлу құрылғыларына дейінгі желілері болып табылады. Инвентарлық объектінің құамына мыналар кіреді: әуе желілерінің тіректері мен іргетастары, өткізгіштер, ілінбелі изо-ляторлар, қорғаныстың барлық заттары, клеммалар және басқа бекіткіш материалда, сонда-ақ үлкен өзендерден барлық өту жолдары мен басқа заттар.
Өндірістік құрал-сайманға және керек-жарақтарға жұмыс кезінде өндірістік операцияларды жеңілдететін өндірістік мақсаттағы заттар еңбекті қорғауға ықпал ететін; сұйық және төгілгіш заттарды сақтауға арналған сыйымдылықтар; сауда шкафтары мен стеллаждары; инвентарлық ыдыстар; жұмыс машиналарын жатқызыла алмайтын техникалық заттар [19].
Негізгі
құралдардың осы тобында
- жиһаз және инженерлік жабдықтың құрылысы салынатын элементтері.
- офис жабдығы жаңа топтар болып табылмайды, олар 6-ҚБЕС бойынша «Шаруашылық құрал-саймандар» тобына кірген еді.
16-ХБЕС-да
көрсетілген «жиһаз және
Іс жүзінде активтің жою құны көбінесе елеусіз болады. Ондайда бұл фактіні есеп саясатында былайша көрсету қажет: «Активтің жою құнының елеусіз болуына байланысты амортизацияланатын құнды есептеу кезінде ескерілмейді және нөлге теңестіріледі»[3.
Егер кәсіпорын өзінің есеп саясаты ретінде әділ құны бойынша есепке алу әдісін таңдап алса, оларды танығаннан кейін негізгі құралдарды сарапшылар анықтау керек.
16-ХБЕС-ның
32-тармағында былай делінген «
Материалдық активтерді бағалау әдістемерін білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға болады: материалдық активтерді бағалау кезінде әдетте дәстүрлі үш тәсілі - нарықтық, шығындық және табыстық тәсілдері қолданылады. Нарықтық (салыстырмалы) тәсіл кезінде объекті құнын есептеуге өзінің тұтыныстық қасиеттері бойынша жақын объектілермен жасалған мәмілелердің бағасы негіздеме болады. Егер осындай меншікті сату бойынша статистика жеткілікті болса, онда осы әдісті пайдалану қажет.
Шығындық тәсіл кезінде құн көрсеткіші ретінде объектінің тұтыныстық қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни объектіні бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу немесе сатып алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық тәсіл бұрынғы қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту келешектерін айқындамайды. Бизнестің болашағы болмауы және оны дамытуға жұмсалған шығындарды нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкік. Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын бизнестен болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде ақша қаражаттарының ағынын дисконттау әдісінің қолданылуы да мумкін[21].
Көріп отырғанымыздай, үш тәсілден басқа олардың қандай жағдайларда пайдаланылатынын білу керек. Сондықтан мүлікті өз бетіңізше бағалауға тырыспай, ол үшін осы саладағы бағалаушы мамандарды тарту керек.
Бухгалтерлік стандарттар тұрғысынан қаржы есептілігінде жарамды және шаруашылық қызметінде пайдаланатын негізгі құралдардың баланстық құнының болмауын дұрыс деп санауға болмайды. Егер бухгалтерлік есеп реформаланға дейін мұндай жағайларға жол беріліп келген болса, бухгалтерлік есеп стандарттарын қабылдағаннан кейін нақты алғанда мұндай оқиғалар оларды тіпті қаралмаған.
Қаржы
есептілігінің халықаралық
Қолданыстағы
негізгі құралдарға амартизацияның
толық сомасы есептелген болса, бұл
жағдайды қаржы есептілігінің
Негізгі құралдардың пайдалы қызметінің мерзімін және жою құнын қажет болған жағдайда қайта қарауға болады
Сонымен, бухгалтерлік пайдалану мерзімі бастапқыда белгіленген пайдалы қызмет мерзімімен асатын негізгі құралдар объектілерінің жағдайына талдау жасай отырып бұл мерзімді ұлғайту жағына қарай қайта қарауға тиіс пайдалы қызмет мерзімінің қайта қаралуын маманның көмегі мен анықтауға болады негізгі құралдар объектілерін техникалық шолуды, әдетте, жылдық түгендеу жүргізілетін кезеңде жүзеге асырылуға болады.
Негізгі
құралдардың пайдалы қызметінің
мерзімі және жою құны дербес анықталады.
Амортизацияны негізгі
Жою құнын 0 ретінде анықтауға болатынын атап көрсету керек, өйткені көптеген жағдайларда ағаш немесе ескі- құсқы, сондай-ақ ескірген және тозған қосалқы бөлшектер, тараптар, жинақтаушы бөлшекте және тағы басқа түріндегі қалдықтарды сатып алушылардың табылуы немесе субъектінің шаруашылық қызметінде оның пайдаланылуы екіталай. Кез келген жағдайда субъектілер жою құнын нақты жағдайларды ескере отырып өзбетінше анықтау құқылы.
Толық тозған негізгі

- Понятие и виды иностранных инвестиций
- Понятие и виды иностранных инвестиций
- Понятие и виды интеллекта
- Понятие и виды инфляции. Особенности инфляции в России
- Понятие и виды информации. Единицы измерения информации
- Понятие и виды исключительных прав авторов произведений
- Понятие и виды исковой давности
- Понятие и виды инвестиционной деятельности. Субъекты и объекты инвестиционной деятельности и инвестиции
- Понятие и виды инвестиционных проектов
- Понятие и виды инвестиционных фондов
- Понятие и виды индексов
- Понятие и виды инноваций
- Понятие и виды инноваций
- Понятие и виды инновационных стратегий