Прокурорлық қадағалау

ПРОКУРАТУРА ҚАДАҒАЛАУ

Parent Category: Қазақша рефеттар, дипломдар

Category: Құқық  

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ПРОКУРАТУРАНЫҢ  ЖАЛПЫ ҚАДАҒАЛАУЫНЫҢ ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ ШЕГІ

1.1Қазақстан  Республикасының құқығындағы прокурор  функциясының негізгі бағыттары

1.2 Прокурордың  іс жүргізудегі құзыреті

1.2 Прокурордың  іс жүргізудегі функциясы

1.3 Прокурордың  кылмыстык істерді қосымша тергеу  үшін қайтаруының процессуальдык негіздемелері

II. ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2.1 Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері

2.2 Прокурордың алдын-ала тергеу және анықтау органдарындазаңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі

2.3 Алдын ала  тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру

2.4 Сот процесіндегі прокурордың сөз шеберлігі

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ПРОКУРОР ҚҰЗЫРЕТІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Кіріспе

Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін  және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура  дербестігін күшейтуді, оның қызметіне  қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды  табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.

Шын мәнінде, прокуратура  тапсырмаларды шешуде ерекшелік  күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот  саласында және мемлекеттік басқару  саласында заң бұзушылыққа қарсы  тұрады. Дамушы конституциялық билікті  бөлу қағидаларын әрбір билік  тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен  толықтыруды қарастырған.

Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан  әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес-деп  прокуратураның өкілеттілік көлемін  тарылтуға әрекеттер жасады.

Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы  қажет. Осы жоспарда оларға бақылау  қызметі тән, ал қадағалау міндетіне  өзінше өкілеттілік берілген-қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде- бір билік тармағына  бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.

Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға  беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.

Шын мәнінде бүгінгі  күнде прокуратура, мемлекеттің  Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану  тәжірибесін, шұғыл түрде заңды  тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын  алу шараларын орындауға мүмкіндік  беретін орган болып отыр.

Демократиялық және республикада өзекті реформалар шарттарында, қоғам өмірінің барлық жағын құқықтық жаңартуды реттеуде, Конституцияның жоғарлылығын қамтамассыз етуге  бағытталған және Қазақстан Республикасындағы  заңдардың бірлігіне және заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының жұмыстары маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы және Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, прокурорлық қызметтің ғұрыптық бағыттарынан басқа, бұрын Конституциялық Соттың құзіретіндегі заңдардың және басқа да құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау жаңа тапсырма ретінде прокуратура органына жүктелінді. Сондай- ақ Бас прокурорға заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығы берілді.

Құкыктық мемлекет кұруға бағыт алған Қазакстан  Республикасындагы құқыктық реформаны  жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің  ең басты әлеуметтік құндылықтарының  бірі - заңдылықты сактауға ерекше мән беріледі.

Осыған байланысты, әсіресе қылмыстық сот ісі жүргізу саласында еліміздегі заңдардың орындалуын әмбебаптық қадағалау органдарының бірегей орталыктандырылған жүйесі ретіндегі прокуратуралардың құзырын нығайту қажет.

Қазакстан Республикасының  Қылмыстык іс жүргізу кодексі  қылмыстык процестің міндеттерін  қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген болатын (ҚР ҚІЖК 8-бабының 1-бөлігі).

Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының ездерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмауменкол жеткізіледі.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.

Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады.

Мемлекеттік құрылымдар, бұқаралык ақпарат кұралдары, заңгерлік  коғамдастықтар мен азаматтар тарапынан заңдылық жағдайына баса назар аударылуы осы саладағы құқықтық,нигилизмнің етек алуына, жүртшылықтын құқыктық сана-сезімі деңгейінің төмендігіне, заңдылықтардағы кейбір карама-қайшылыктарға және кұқық колдану саласындағы толып жаткан құкық бұзушылық фактілеріне байланысты.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы «бәрі  де заң бойынша өмір сүретін шынайы құкықтық мемлекет құру..» және «..болашақ ұрпақтың алдында қазіргі біздің ұрпақтардың орасан зор жауапкершіліктері жатыр: олар өздерінің балалары үшін алаңдамай, көшелерде еркін жүріп және өздерінің мүліктері үшін алаңсыз бола алар ма екен» деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектеп міндеттердің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 48-бабында прокурор - өз құзыреті шегінде Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Жарлықтарын, өзге де нормативтік-кұқықтық актілердің дәл және бір-қалыпты қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің зандылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінін өкілі болуды, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда, тәртіп пеншекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам, деп анықтама берілген.

Осыған байланысты, заңдылыққа жоғары қадағалау жүргізетін ізге түсу органы бола отырып, прокурор өзінің өқлеттігін орындау кезінде ешкімге де тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады.

Сондыктан да қылмысты тергеу кезіндегі анықтау мен алдынала тергеу органдарының заңдарды орындауына прокурорлық қадағалау жүргізу мәселелерін зерттеу өзінің актуальдылығын ешқашанда жоғалтпайды.

Керісінше, заңдылыктардағы, қылмыстылық жағдайы мен динамикасындағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі, құқық қорғау органдарындағы кадрлық және құрылымдык елеулі өзгерістер қылмыстық іс жүргізетін органдар жүйесіндегі  прокуратураның рөлі мен алатын орны, олардың қадағалау қызметін жүргізудегі  функциясы, өкілеттігі мен әдістерін  қарастырады.

Бұл жұмыстың құрамдық бөлігі- адамдардың және азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің  мүдделерін, құқықтарын, бостандығын  сақтауға прокурорлық қадағалау  жасау.

Оның тиімділігі кең дәрежеде, жеке алғанда прокуратура  қызметкерлерінің құзіреті, республикада болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінуі және прокуратура жүйесініңнегізгі орындаушылары- аудандық, қалалық прокурорлардың өздерінің тапсырмаларын қаншалықты табысты орындауымен, берілген өкілеттіліктерін дер кезінде толық қолдануымен, заң бұзушылықтарды табандылықпен  жоюда және кінәлілерді жауаптылыққа тартумен тікелей байланысты.

Бүгінде заңдылық мемлекеттік құрылыстың құрамдық бөлігі, қоғамдағы әділдіктің кепілі, ал оны  қамтамассыз ету, саясаттың жоғарғы  дәрежесі. Осы саясаттың жетекшісінің бірі, Қазақстан Республикасында  заңдардың қолданылуын Жоғарғы  қадағалайтын, прокурорлық қадағалау  болуы тиіс.

Прокуратура органдары  өздеріне тиісті құқықтық құралдармен  және әдістермен тар ведомствалық бюрократиялық  кедергілерді жоюға, шаруашылықтың табысты қызметі үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге, заң қабылдаушылықты болдырмауға әр кезде ықпал жасауға міндетті.

Бұл шартта прокуратурадан Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 1995 жылғы "Қазақстан  Республикасының прокуратурасы  туралы" Заң күші бар Жарлығымен ұсынылған барлық мүмкіндіктерді қолдануды  талап етеді. Олар:

- лауазымды тұлғалардың өздерінің міндеттерін орындауда заңдылықты сақтау бойынша басты назарды белсенді қадағалауға жинақтау, ол кезде барлық прокурорлық өкілеттіліктері қолданылуы тиіс және заң бұзушылықты жою жайлы ұсыныстар қолдану, қажетті көмек беру, басқару органдарының ұйымдық жұмыстарына белсенді қатысуы;

- дер кезінде заң бұзушылықтың алдын алып және анықтап, міндетті түрде мемлекетке келген шығынды толықтыру;

- барлық мүдделі ведомствалармен келісілген әрекеттерді өңдеуде және жүзеге асыруда жалпы қадағалау және тергеу тәжірибесінің құжаттарын толық түрде қолдану;

- демократиялық және ашық жұмыс үйренуге, себебі, егерде бұрынғы бойынша басқару аппаратына барса, егер де прокуратура шаралары үлкен еңбек ұжымдарына сүйенбесе, жалпы бақылау жұмысы табыссыз болып қалады [1,].

Барлық прокурорлар  жағдайды терең білуге, экономиканы  оқуы, экономикалық реформаның құқықтық механизмін жақсы бағдарлауы қажет, әрбір ойланбаған, сауатсыз әрекет келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Көп жылдар бойына прокуратураны  күш шараларын қолдану үшін пайдаланған, ол кездерде экономикалық, қаржылық, құқықтық және ұйымдастырушылық жіктер әрекет етілуі қажет еді, кей жағдайларда  терең шаруашылық тапсырмаларды  шешу үшін де (транспорттың бос тұруымен күрес, өнімдерді-энергетикалық ресурстарды  мақсатсыз қолдану және т.б).

Заңдылықты қадағалаудың орнына прокуратура, бақылаушы, басқарушы  және шаруашылық органдарын жинастырып, Кеңестер Одағының коммунистік партиясының Орталық Комитетінің қаулыларының, ведомствалық және басқа да актілердің орындалуын қадағалауды жүзеге асырды. Қорыта келгенде, өзінің жалпы қадағалау міндетін орындай отыра, ол партия және мемлекеттік аппараттың ерекше еріктеу органының рөлін ойнады.

Әкімшілік-басқару  жүйесінің бұзылуы прокурорлық  қадағалауды ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру нышандарын және әдістерін  қайта қарау, қадағалау затын  нақты анықтау үлкен өзгерістерге ұшыратты.

Сол себепті, тиянақты талданған қалыптасқан жағдай арқылы Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы  туралы" Заң күші бар Жарлығында, бүгінгі күндегі шарттарға сәйкес жалпы бақылау жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері қарастырылып, өңделді.

Бұл жұмыстың мақсаты  мемлекеттік басқаруда, лауазымды  адамдардың және мемлекеттік органдардың  оларға жүктелген міндеттерін орындауда  заңдылық жауаптылығын жоғарлатуда, прокуратура  органдарының қадағалау қызметінің саласында және прокуратура органдарының жалпы қадағалау қызметінің саласында  сондай-ақ, мемлекетті басқару қызметінің саласында азаматтардың заңды мүдделерін және құқық кепілдіктерін нығайтуда  заңдылықты қамтамассыз ету бойынша  прокуратура органдарының орны және ролін ашудан тұрады.

Бұл мәселенің  босаңсымайтын актуальдылығы сонымен  бірге, оның қылмыстық сот ісін жүргізу міңдеттерін орындаумен, азаматтардың құқыктары мен заңды мүдделерін қорғаумен түсіндіріледі, атап айтатын болсак, прокурор белгіленген заң талаптары бойынша істі қосымша тергеуге кайтару жөніндегі өкілеттігін жүзеге асыра отырып, тергеудің толыктығына, жан-жактылығына, объективтілігіне, сондай-ақ ізге түсу органдарының қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қатан сакталуына кепілдік береді.

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда биліктің заңна-малық, атқарушылық және сот салалары, құқықтық жүйе, ұлттық заңнама базасы толығымен қалыптасты, құқық қорғау органдары қайта ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда жаңарудың  жаңа кезеңін прокуратура органы бастан кешуде. 2009 жылдың 24 тамыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің 
№858 Бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар кезеңіне құқықтық саясаттың Тұжырымдамасы бекітілді, онда елдің құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы болып прокуратура органы болып анықталды.

Тұжырымдама мемлекеттің  барлық дерлік қызмет салаларын қамтиды, алайда оның негізгі міндеті –  азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қам-тамасыз  ету және заманауи әлеуметтік саясатты іске асыру. Тұжырымдама құқық қорғау қызметінің қатынасы бойынша прокуратура  органдарының қадағалау қызметін күшейтуге  ерекше назар аударады. Сондықтан  біздің бар күшіміз прокурорлық  қадағалауды күшейтуге бағытталған  болатын және осы бағыт бойынша  заңнаманы алдағы уақытта жетілдіруге  арналды.

1995 жылдың 30 тамызындағы  республикалық референдумда қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясына  және 1995 жылдың 21 желтоқсандағы Қазақстан  Республикасының «Прокуратура туралы»  Заңына сәйкес, заңдардың біркелкі  және дәлме-дәл қолдануын прокурорлық  қадағалау мемлекеттік қыз-меттің  өзінше жеке саласы болып саналады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 83 бабы «Республика  Прокуратурасы төменгі прокурорларды  жоғарғы тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра  отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құ-райды. Ол өз өкілеттілігін  басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп беретінін» анықтады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының қағида есебімен Қазақстан Республикасының  «Прокуратура туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы  — Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Пре-зиденті  жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының  Президентіне ғана есеп беретін мемлекеттік  орган» екендігін айқындады.

Заңға сәйкес прокуратура  өзге де міндеттерді атқарады. Сайып  келгенде, прокуратура органына негізгі  әрі басты жүктелген міндет –  ол заңның қолданылуына қадағалауды  жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының  «Прокуратура туралы» Заңы прокуратура  туралы жалпы жағдайын береді, оның қызметінің ұстанымдарын қарастырады, прокурорлық қадағалауды жүзеге асырғанда араласуды болдырмауды  және прокурордың талаптарын орындау  міндетін жария етеді, Қазақстан  Республикасы прокуратурасының жүйесін  және құрылымын, сондай-ақ прокурорлардың өкілеттілігін анықтайды.

Ең бастысы, заңның, тарихи қалыптасқан прокурорлық қадағалаудың барлық салаларын сақтап қалуында, бұл өз кезегінде прокуратура  органдарының алдағы дамуына маңызды.

Заңда заңдардың орындалуына  прокурорлық қадағалауға регламент  белгіленген, азамат пен адамның  бостандығы мен құқығы сақталуына қадағалау  туралы жаңа бөлім енгізілген. Анықтау  және алдын ала тергеу, жедел іздестіру  қызметін жүзеге асыратын органдарға;  мәжбүр түріндегі сотпен шығарылған шараларды және жазаларды атқарушы органдар мен мекемелердің әкімшіліктері заңды орындауына прокурорлық қадағалауды, сотпен істерді қарастыруда прокурордың қатысуына регламент белгілейді. Осы сұрақтарды қарастыру барысында заң қадағалау затын, прокурорлардың өкілеттілігін анықтайды, прокурорлық іс әрекет ету шараларын және прокурорлық ықпал ету құжаттарын қарастыру тәртібін орнатады.

Прокурорлық қадағалау мәнін  қарастыра отырып, міндетті түрде  «прокуратура» және «прокурор» деген  түсініктерді анықтау керек. Прокуратура (прокуроро) сөзінің түсінігі латын  тілінен шыққан – қамтамасыз етемін, қамқорлық етемін және жол бермеймін  деген мағынаны білдіреді.

Осылайша, прокуратура –  сотта мемлекеттің мүдесін ұсынатын, айыптауды қолдайтын, қылмыстық  істерді қозғайтын өкілетті арнайы мемлекеттік орган. Прокуратураға  сонымен қатар, Республиканың аумағында  заңдардың, Қазақстан Республикасының  Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолдануына қадағалау міндеті жатады.

Прокурор – өзінің құзыретінің  аясында заңдардың, Қазақстан Республикасының  Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау  мен тергеудің, әкімшілік және орын-даушылық іс жүргізудің заң-дылығын жоғары қадағалауды  жүзеге асыратын, сотта мемлекет мүддесін білдіретін, сондай-ақ, заңмен белгіленген  жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық  қуғындауды жүзеге асыратын прокуратура  органының лауазымды тұлғасы.

Прокурорлық қадағалау –  демократияның, заңдылықтың, мемлекеттіліктің маңызды тұт-қаларының бірі болып  табылады.

1991 жылғы 6 желтоқсандағы  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының  бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі  мен тәуелсіздігін қамтамасыз  ету туралы» Қаулысымен Қазақстанның  Бас прокурорына бағынатын бірыңғай  прокуратура органдарының жүйесі  құрылды.

Заңдылықты қамтамасыз ету  органы ретінде прокуратураның қалыптасуы мен дамуын келесі кезең бойынша  бөлуге болады.

Бірінші кезең — егемендігімізді  жария еткен күннен бастап, 1995 жылдың тамыз айына дейін. Бұл кезеңде 1992 жылдың 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ҚР «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы  туралы» Заңы іске енгізілді, соған  сәйкес, прокуратура тек Жоғарғы  Кеңеске ғана есеп беретін, заңдардың  орындалуына жоғары қадағалайтын орган  ретінде айқындалды.

Екінші кезең – прокуратура тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі деп, 1995 жылдың тамыз айынан 2002 жылдың тамыз айына дейінгі уақытты белгілеуге болады. Бұл кезең нақты прокуратура органдарының ілгері реформалаумен есте қалады. Бұл жоғарыда аталғандай, 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1995 жылдың 21 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заңының күшін иемденген, Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығында өз орынын тапты.

Прокуратура дамуының Үшінші кезеңі 2002 жылдың тамыз айынан бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасуда. Сол кезеңде, 2002 жылдың 9 тамыз күні Елбасымен Қазақстан Республикасының «Прокурорлық қадағалау мәселелері бойынша Қазақ-стан Республикасының кейбір 
заңнамалық актілерге толық-тырулар мен өзгерістерді енгізу туралы» Заңына қол қойылған болатын. Заңға прокурордың құқық қорғау міндеттерін күшейтуге бағытталған, тұжырымдама түріндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы тапсырмалары Қазақ-стан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Рес-публикасының «Прокуратура туралы» Заңымен, және басқа да бірқатар нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы тапсырмалары жоғары қадағалауды жүзеге асырумен түйінделеді, олардың қатарына келесілерді қатыстыруға болады:

– Республиканың аумағында  заңдардың, Қазақстан Респуб-ликасының  Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық акті-лердің дәлме-дәл біркелкі қолданылуына қадағалау;

– жедел — іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығына қадағалау;

– әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау;

– Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіру;

– сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру;

– заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру;

– мемлекеттік-құқықтық статистикасын қалыптастыру.

Прокуратура қандай бағытта  жұмыс істемесін, оның басты да негізгі міндеті – азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау. Прокуратура ең алдымен, құқық қорғау органы. Адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы іспетті құндылықтарды Конституция негізінде қорғайтын мемлекеттік жоғары қадағалау органы ретінде айтылады.

 

Осы мәселеге Т. В. Аверьянова, Р. С. Белкин, В. П. Басков, В. И. Божьев. А Д. Бойков, С. В. Бородин, Л. А. Воскобитова, И. М. Гальперин, И. М. Гуткин, С. П. Ефимичев, Н. Г. Жогин, В. В. Зажицкий, В. К. Звирбуль, Л. Д. Калинкина, А. С. Каретников, Л. М. Корнеева, А. М. Ларин, В. 3. және басқа да процессуалист-ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектері арналды.

Дипломдық жұмысты  орындау кезінде А. Ф. Әубәкіров, А. Н. Акианов, С. К. Байбатыров, Ж. Н. Бәйішев, К. А. Бегалиев, P. М. Жамиева, А. А. Исаев, К. В. Ким, М. Ч. Коғамов, А. А. Касимов, М. С. Нәрікбаев, А. С. Нұрәлиева, М. С. Сапарғалиев, Б. А. Сембин, Б. X. Төлеубекова, К. X. Халиков, Р. Н. Юрченко сиякты және басқа даказакстандық ғылым өкілдерінің еңбектері зерттеліп, пайдаланылды.

Қылмыстық іс жүргізу  құкықтық қатынастары саласындағы  Қазақстан Республикасынын конституциялык және озге де заңдары, Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының нормативтік қаулылары зерттеліп және жүйелі түрде талданды.

Сонымен бірге  айта кететін бір жай, жарияланған  еңбектердің көбісі ресейлік заңдылыктарға  негізделген, ал казақстандық авторлардың осы бағыттағы ғылыми ізденістік еңбектері концептуальдык аспектілерге немесе қылмыстык іс жүргізудің ескірген заңнамаларына, не болмаса қолданысқа ие бола алмаған дау туғызатын дәлелдемелерге непзделген.

Қазақстан Республикасы қылмыстык іс жүргізу кодексінің нормаларын колдануға негізделген сот және тергеу практикасының сұраныстары прокурордың қылмыстык істерді қосымша тергеуге қайтару саласындағы ғылыми біліктілік пен түсініктердің аздығынан деп болжанса керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты прокурордың атқаратын қызметі мен оның құзыретін қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ұсынылатын әдебитттер тізімі      

Негізгі әдебиеттер

1.  Журсимбаев  С.К. Прокурорский надзор в  Казахстане.Алматы- ИК-НАS», 2004 ж

2. Басков  В.И. Прокурорский надзор: Учебник   для вузов. М., 1995

3. Нарикбаев  М.С., Утибаев Г.К., Алиев М.М. Прокурорский  надзор в Республике Казахстан.  Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер

  1. Акпарова Р.Н. Органы прокуратуры Республики  Казахстан. Алматы ,2000.
  2. Бактыбаев И.Ж. Констиуционный надзор прокуратуры Республики Казахстан. Алматы, 1997
  3. Алексеев А.И., Ястребов В.Г. Профессия-пркурор. М., 1998
  4. Вицин С. Прокуратура в правовом государстве. М., 1997
  5. Сапаргалиев Г.С. Место и роль  прокуратурыц в механизме государства Казахстан. Астана, 1999
  6. Сысалов  М.П. Оперативно- розыскная деятельность в Республике  Казахстан. Данекер: Алматы, 2002.
  7. Туякбаев Ж.А. Развитие  прокуратуры Казахстана в период государственно-правовой реформы. Алматы,1997
  8. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики  Казахстан. Алматы, 1998
  9. Прокурорский надзор в Российский  Федерации/ Под. Ред. А.А. Чувилева. М., 2000
  10. Прокурорский надзор в Российский  Федерации/ Под. Ред. Ю.Е. Винокурова  М., 2001
  11. Сухарев А.Я. Проблемы совершенствования  прокурорского надзора.М., 1997 
  12. Прокуратура правовом государстве. М., 1997

Анықтамалық әдебиеттер

  1. Кобзорев Ф.М.  Прововые  и организационные основы координации деятельности правоохранительных органов по борьбе с преступностью. М., 1999.
  2. Мыцыков А. Прокуратура. 2003
  3. Кубеев Е.К. Роль прокуратуры  в обеспечении прав  и свобод человека  и гажданина. Астана ,1999
  4. Тусупбеков Р.Т. Защитить права и свободы граждан// Каз. Правда. 2003. 28 февраль.
  5. Темирбулатов С.Г. Роль и место прокуратуры в системе обеспечения конституционной законности// Проблемы совершенствования  прокурорского надзора на современном этапе. Астана, 1999.
  6. Хитрин Ю.А. Проблемы совершенствования прокурорского надзора на современном этапе. Астана, 1999.
  7. Борчашвили И.Ш. Некоторые  вопросы повышения эффективности прокурорского надзора// Проблемы совершенствования прокурорского надзора на современном этапе. Астана, 1999.
  8. Чувилев А.А. Оперативно-розыскное право. НОРМА-ИНФРА-М., 1999

Нормативті әдебиеттер

  1. ҚР Коституциясы .1995 ж
  2. ҚР  Қылмыстық іс жүргізу кодексі.1997ж.
  3. ҚР Прокуратура туралы заңы .1995 ж
  4. ҚР Бас прокурорының   бұйрығы №113 2001 ж 8 қазан.
  5. ҚР Бас прокурорының  бұйрығы . Әкімшілік іс бойынша соттың актілерін қадағалау . 2001ж ,   №136

 


Прокурорлық қадағалау